Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Қазақстан - туристік индустриядағы ұлттық жарнаманың маңызы" конференция сабақ

"Қазақстан - туристік индустриядағы ұлттық жарнаманың маңызы" конференция сабақ


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2ad395fd.gif

Мақтарал ауданы білім бөлімінің

М. Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Қазақстан - туристік индустриядағы ұлттық

жарнаманың маңызы


Сабақтың түрі:

Конференция сабақ


hello_html_m6e4d58fd.png

hello_html_m6051a26b.png




1A9F0C28.jpg










География пәні мұғалімі: Абутаев Г.



Қазақстан - туристік индустриядағы ұлттық

жарнаманың маңызы


Н.Назарбаевтың соңғы жолдауында Индустриялық-иновациялық жобаларды дамытуды соның ішінде инфрақұрылымды дамыту үшін тапсырыс берілді.

Бірінші Оңтүстік өңіріндегі энергия тапшылығы проблемаларын шешу үшін үстіміздегі жылы құны 2,3 доллар тұратын Балқаш ЖЭС-нің құрылысын салуды тапсырды.

Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстанда тікелей шетел инвестициялардың ағынын әртараптандыру болып табылады.Оларды перспективалы салаларға,мысалы,туризм саласына бағыттау қажет.

Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10% дейіні тиесілі. Бізде 1% жетпейді.

Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет,олар аз емес.

Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік тау шаңғысы курортарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс.Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығындады деп есептейді.Бұл мемлекет үшін өте шешімді.

Үкіметке осы ғажайып аймақты,сондай-ақ,Алматы облысындағы Бурабай курорты аймағын дамытуды тапсырды.


Мақсаты:Жалпы туризмнің пайда болған тарихымен танысып,заманға сай өзгеруіне,туризм индустриясының экономикаға тигізетін әсерін зерттеп,туристік жарнаманың әлеуметтік қызметін анықтап,қазақ елінің ұлттық мәдени мұрасының құндылықтарын,табиғат әсемдігін таныту үшін шетелдерге таныстырудың бірден-бір көзі ұлттық жарнама екенін,жарнама ұғымына түсінік бере отырып,оның туристік кәсіпорындарындағы өзекті мәселелердің бірі екенін сипаттау.

Ғылыми болжам:Осы таңда Қазақстанның туризм индустриясына дұрыс көзқараспен қарау,көне ескерткіштерді,діни орталықтарды,ұлттық салт-дәстүрді,әсем,шипалы табиғатын экологиялық тұрғыда таза мәдени орындарға айналған жерлерді аялап қорғауды ұлттық жарнама арқылы насихаттау және туристік фирмаларда жарнаманың атқаратын рөлін,келешекте туризмнің шетелдермен бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетудің маңызы зор.Туризм біздің елдің саясаттық,әлеуметтік,экономикалық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін факторлардың бірі.

Жаңалық:

Еліміздің экономикасы үшін жаңа ғасырда адамзат алдында туризмнің ерекше орын алуы міндетті.Қазақстанда бұл саланы дамытуға қолайлы көп жағдайлар бар,сонымен қатар,елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясын негізгі ала отырып, 10 жыл ішінде бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде мақсат қойғанын,2003 жылы қабылданған «Мәдени мұраә бағдарламасының жетістіктерін туризмде қолдана отырып,оны жарнамалардың ұлттық нақышталған жаңа түрлері арқылы әйлігендіру.Ол ұлттық нақыштағы этножарнамалар.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Жалпы туризм қазақстарға жат дүние емес, өйткені біздің ата-бабаларымыз көшпенді халық болғандықтан,біздің барлық салт-дәстүріміздің элементтері туризмде бар.Мысалы: көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлер,тұрмыстық бұйымдар бүгінгі таңда туризмде қолданылатын құрал-жабдықтарға ұқсас.

Саясаттық фирмаларда жарнама-маркетингтік стратегияларды тарадуда маңызды рөл атқарады.Саясатты жарнамасыз елестету мүмкін емес.Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайда әсер етуді көрсетеді.

Саясат біздің еліміздің саясаттық,әлеуметтік,экономикалық,

экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Қазіргі кезде Қазақстан туризмі талап етілетін халықаралық стандарттардан кейін қалуда.Бұл кейін қалудың себептері:

1)әлеуметтік экономикалық және саясаттық инфрақұрылымның әлсіздігі;

2)Шетелдің инвестициялар аңындарының көбеюіне жағдай жасалмауы;

3)Мамандардың жетіспеуі,мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесінің тиімсіздігі;

4)Туризм индустриясында мемлекеттің қазіргі бақталастықта туризмнің құқықтық,ұйымдастырушылық,инновациялық және экономикалық негіздерінің жетілмеуі.

Осы мәселелердің көптеген бөлімдері ғылыми-теориялық және тәжірбиелік шешімдерді талап етеді.Қазақстанда жарнама туралы ғылымның тарихы тым алысқа кетпейді.Ғылыми жобада ең алдымен жарнама дегеннің пайда болуы,функциялары, түрлері,тарихы туралы және осы мәлелердің көптеген бөлімдері ғылыми-теориялық және тәжірибелік шешімдерді талап етеді.Қазақстанда жарнама туралы ғылымның тарихы тым алысқа кетпейді.Ғылыми жобада ең алдымен жарнама дегеннің пайда болуы,функциялары,түрлері,тарихы туралы және Қазақстан Республикасындағы туристік саяхат пен туристік ұлыттық жарнама жөнінде зерттеулер жазылды.Қазақстандағы нарықтық экономика мен жарнама бір уақытта пайда болды деуге болады.Жарнама-өмірдің аса маңызды саласы.Жарнама-ақпарат береді,үйретеді,сауда көзі,пайда көзі.Жарнама-қазақтың табиғи тілдік ортасын кеңейтіп,нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат арнасы.Жарнамалар ең алдымен сауда тарапына қызмет жасап,сауда мекемелері мен базарларда пайда болды.Бүгін жарнама өз жұмысын жан-жақты жетілдірген сала болып қалыптасты деуге болады.

Қазіргі өмір талабын сай халықаралық туризм мен мемлекетімізге деген туристік сұынысты ұлттық жарнама ретінде әйгілеп,күн сайын өсіре түсуге болады.Келешек жас ұрпақты осы бағытта даярлаудың маңызы зор.

Жарнама туралы танымдық мәліметтерді төменгідей іріктеуге болады.

Жарнаманың негізгі функциялары:

-тауар немесе марка туралы ақпарат беру-жарнама тұтынушыға шешім қабылдауға көмектесетін қажетті мәліметтер береді;

-үгіттеу-жарнама белгілі бір жазулар мен суреттер арқылы басқа тауарларды алуға үгіттейді;

-еске алу-жарнама марка атын,оның пайдалы тұстарын,бағасын әрдайым еске алып отырады.

Жарнаманың қызметі:

-жаңа әдіс пен идеяның танылуына жағдай жасайды;

-тауарды жаңаша таныстыру,қызмет көрсетуді таныстыру;

-жеңілдіктер мен пайдалы ұсыныстар жайлы хабарлау;

-тауардың сапасын көрсету.т.б.

Жарнаманың түрлері:

-тауарлық;

-беделді.

Тауарлық жарнаманың негізгі мақсаты-туристік азық-түлікке сұранысты қалыптастыру және ынталандыру.Осындай жарнама потенциалды клиенттерді өнімнің сапасына қызықтырады және оны сатуға ақпараттар жасайды.

Беделді жарнама өзімен бірге жарнаманың құндылығын бәсекелестерінен фирманың тиімді екенін көрсетеді,яғни белсенді және әлеуетті клинеттерге тартымды беделімен туристік жеке шаруашылықтардың сенімін және оларға ұсынылатын ұсыныстарды құру.Бұл жерде беделді жарнамаларды жолдау уағыздар бойынша үйлесуі керек.Жарнамаға шығындар өзінің экономикалық табиғаты бойынша ағымдық жұмсау болып табылады.

Қазақстанда туризнің жылдам даму жолдары ұсынылды: Қазақстан Республикасында туристік бизнесті мемлекеттік басқару,туризм

индустриясында маркетингтік қызметті жетілдіру және Қазақстанның туристік фирмаларының жарнамалық қызметін жақсарту.Осы мақсатта жазылған ғылыми жоба жалпы туризмдегі жарнама маркетингтік жұмыстарын болашақта туристік фирмаларда ұсыныс ретінде туризмнің этножарнама мәселелеріне тереңірек көңіл аудару керек.Сондай-ақ,ішкі туризмді дамыту мәселелерін жандандыру және түрлендіру іс-әрекеттерін кеңінен қолға алған жағдайда фирма деңгейі көтерілетіні сөзсіз.

Менің зерттеуімде:туризм индустриясын дамытуда ұлттық жарнаманың маңызы өщте зор; әртүрлі жарнамалар арқылы Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін шетелдерге паш ету.

Алға қойылған мақсаттарды шешу әдістері мен жолдары.

Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті,ал бұл,бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады.Екінші кезекте,шоптуризм еліміздің бюджетіне кері әсер етеді.

Бүкіл өркениетті дүние негізі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуды, себебі,туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып ады.Сондықтан,

Қазақстанға шетелдік туристер ағымын көбейту қажет.Осы мәселеге жан-жақты кешінді түрде қарауымыз қажет.Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін,көлік құралдарының, кадрлік қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты туризмді дамытуға қайта бағдарлама жасау қажет.Туризм дамыуына байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп,оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс.

Осы мәселеде,туризм жүйесін дамытуға арналған келесі критерийлер мен қызметтерді ұсынуды дұрыс деп есептейміз.

1.Мемлекет және үкімет тарапынан туризмнің дамуына көмек және демеу көрсетуді қамтамасыз ету.

2.Осы мақсаттарға жету үшін заңда көрсетілген нормативті құқықтық базаны нығайту және тапсырманың орындалуын қатаң қадағалау.

3.Аталған саланы ең жоғары дәрежеде қаржыландыру және материалдық-техникалық базаны көтеру.

4.Туризмге инвестиция ағымын көбейту үшін қаржы-несиелік жүйені күшейту.

5.Туристік инфрақұрылымдарды халықаралық стандарттар дәрежесіне көтеру.

Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Бұл 30 – дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс – жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем аруын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің өркендеуі үшін « жұмыс істейді». Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады ( көліктік фактор).

Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.

Адамдарды әр түрліаурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады.

« Қазақстан – 2030 » бағдарламасындағы басты міндеттерің бірі – халықтың денсаулығын сақтау. Ол – қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек ете алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғайи алады.

Халықтың демалысын ұйымдастыру. Дем алу – адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол – адамдардың өздерінің қызметі ( туризм, саяхаттар, санаториялық – курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұны бәрі жалпы түсінікке – рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты – еңбек ету процесінде ( оқудың да! ) жұмсалған күшті ( физикалық эмоциялық ) қалпына келтіру.

Рекреция рухани дүниені байытып, адамның көзқарасын кеңейтеді.

Рекреция үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) « өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2) рекрециялық ресурс және; 3) рекрециялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңіп турады.

Рекрециялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді. Рекрецияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.

1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер ( « Бурабай», « Шарын каньоны», « Қатонқарағай») ұйымдаст

4CC53794.jpg

6B592619.jpg



Рекрециялық ресурстардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған ( Сарыағаш, Алма – Арасан, Шучье және т.б ). Су тоғандары ( Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай ) жомылу – жағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған ( Солтүстік және Батыс Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай ). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекрециялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар – рекрециялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары ( С.Р Ердәулетов және т.б. ). Қазақстан бойынша ең ірілері – Солтүстік Тянь – Шань, Көкшетау, Алтай.

Еліміздің солтүстігі – тұңғыш ұлттық парк пен курорттың отаны. Ол қазір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Шучье – Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16 – ы балаларға арналған. Мұнда сумен ( минералдық және көл суы ), балшықпен және қарағайлы орманның таза ауасымен емдейді.

Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы – халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

920EF1C8.jpg


Қортынды.Жоғарыдағы тұжырымды ескере отырып,мынадай қортындыға келдім: Қазақстан туризмінің дамуы,оның жеке индустрия болып қалыптасуы туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыты-ұлттық жарнаманы талап етеді.

Елге шетелдік туристердің келулерін арттырудың құралы-ұлттық жарнама болып табылады.

Туризмнің дамуында жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз етуде негізгі бағыттар:

-үлкен халықаралық және отандық туристік көрмелер өткізу және ұйымдастыруға қатысу;

-Қазақстан бейнесін туризмге қолайлы ел ретінде көрсету мақсатымен отандық және шетелдік баспаларда жарнама компанияларын өткізу;

-жекеменшік ақпараттық жалпылама қаржыны және туризм жарнамасын дамыту құралдарын(туристік карта,атластар,сұлбалар,жол көрсеткіштер,т.б.) дайындайтын меншікті баспаларды ұйымдастыру,оларды баламалы шетелдік туристік баспалармен қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту мәселелерін,туризм рыногы дамуының құрылымын,тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерттемейінше,сондай-ақ,саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша,мүмкін болмайды.

Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынандай негізгі бағыттары белгіленеді:

-Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.

-Туризм инфрақұрылымын дамыту.

-Маркетинг стратегиясын әзірлеу.

-Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру.

-Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

-Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету.

-Труистік қызметті дамытуда негізгі рөлді ұлттық жарнамаға беру.



Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

hello_html_m6e4d58fd.png


Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

hello_html_64a3957c.png


Арыстанбаб

hello_html_m6e1608ec.png

Арыстанбаб

Арыстан баб

hello_html_m6051a26b.pnghello_html_m32501959.png14AC51EF.jpg1A9F0C28.jpg3FA1F0A1.jpg

F89560D5.jpg

1D2E944.jpg

2CBA06FB.jpg


4CF9ABBB.jpg


17E83E77.jpg




Краткое описание документа:

Жалпы туризмнің пайда болған тарихымен танысып,заманға сай өзгеруіне,туризм индустриясының экономикаға тигізетін әсерін зерттеп,туристік жарнаманың әлеуметтік қызметін анықтап,қазақ елінің ұлттық мәдени мұрасының құндылықтарын,табиғат әсемдігін таныту үшін шетелдерге таныстырудың бірден-бір көзі ұлттық жарнама екенін,жарнама ұғымына түсінік бере отырып,оның туристік кәсіпорындарындағы өзекті мәселелердің бірі екенін сипатта

Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік тау шаңғысы курортарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс.

Бурабай курорты аймағын дамытуды тапсырды

Автор
Дата добавления 11.04.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров634
Номер материала 480602
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх