Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл

библиотека
материалов

Фанфары


1-дауыс. Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін байтақ өлке - менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!


2-дауыс. Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз-Қазақстан көркем жер!


1-дауыс. Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанатыжарасқан! Біротбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай кү нұрына таласқан!


2-дауыс. Қазақстан – бүгін міне достық туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!


1-дауыс. Бүгін міне еңбек пенен ерліке, байлық пен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірліке білек қосылып,жүрекке жүрек тіл қатты,ағайында адамдай ұғысқан көңіл тым қатты!


2-дауыс. Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

(АӘД пәні мұғалімі шығып Гимнге тіктейді .)

Қ Р ГИМНІ орындалады .

(Жүргізушілер шығады)


1 – жүр:

Қуан халқым қуанатын күн бүгін

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық , шаттанайық , тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін тойлайық


2 – жүр :

Қазақ бүгін тәуелсіз ел , біл мұны

Ақиқатқа айналғандай шындығы

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып

Атар таңға айқара ашып түндігін


1 – жүр: Құрметті Қазақстандықтар !


2 – жүр : Қадірлі Отандастар !


1 – жүр: Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз !


2 – жүр : Еліміздің егемендік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты , бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп , серпін ала келді . Ол – баршамыз бейбіт өмірде , еркіндікті аңсаған ақ ниет , ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі .


1 – жүр: Осы ұлан асыр тойымызға арналған салтанатты кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер !


2 – жүр : Хор «Туған жер»

1 – жүр: Дирежер : Чистякова Наталья Викторовна


2 – жүр : Жеке дауыста Айдарова Райхан . Әжібекова Салтанат


1 – жүр:

Қазақстан – қасиетті гүл бағым

Бақытыңды шаттығыңды жырладым

Тәуелсіздік таңы болсын баянды

Саған ғана кеудемдегі нұр жанды


2 – жүр :

Армандарға ақыр жеттім ел болдық та егемен

Ойда жоқта түскен жоқ қой ел төбеден

Тарихы сол күрескердің тартуы ол

Аруақ қолдап , әділ шындық жебеген

( Жандарбеков Бағдат баяндама оқиды)


1 – жүр : Атыңнан айналайын егемен ел ,

Тәуелсіз күнің туды , кенеле бер

Мерейің құтты болсын Қазақстан !

Ғасырлар тойы болшы келе берер


2 – жүр : Мерекең құтты болсын егемен ел ,

Терезең барлық елмен тең ерен ел

Бабалар мәңгі бақи арман еткен

Теңдікті , бостандықты иеленгендер !


1 – жүр : Бүгінгі тәуелсіздік күнімен құттықтау үшін және осы мерекеге өз үлестерін қосқан ұстаздарымызды марапаттау үшін мектебіміздің директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына сөз береміз

Ән : «Туған ел» орындайтын Бермағанбетов Асылбек . Наренбаев Бисен


2 – жүр : Мерейім нұрлана бер азат күнім

Көрейін бақытымның азаттығын

Таңымды тамылжытқан бостандықта

Танылды бар әлемге қазақ бүгін

Келесі құттықтау сөзді Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі Асқар Қуаныш Алшынбекұлына береміз

«Қазақ биі» : орындайтын ұстаздар тобы


1 жүр:

Өсер ұлдың қай сәтте бірлік болмақ қалауы

Лаула , лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы


2 жүр : Қанша жыл , қанша ғасыр өтсе де ұмтылмайтын оқиғалар болады . Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында . Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі . 1986 жылғы желтоқсан - тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген тарихи оқиға . Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытты . Сол жастардың бірі - біздің мектебіміздің ұстазы .

Келесі сөзді Желтоқсан оқиғасының куәгері Досанова Жазираға береміз .



1 – жүр :

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қаралы жылдардай боп қарауытып

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым


2 жүр : Халқымыздың тәуелсіздігі , егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы .

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы халық жүрегінде мәңгі сақталады . Сол желтоқсан батырлары - Ләззат Асанова , Қайрат Рысқұлбеков , Елбол Сыпатаевтарды , тағы басқа қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды орындарыңызды 1 минут үнсіздікпен тұрып еске алайық .

Ән : «Сарыарқа» орындайтын Айтбаева Замира


1 – жүр :

Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті

Еркін жүріп көксемеген кеңдікті

Міне , бүгін тәуелсіздік алдық біз

Жалғастырып баба жолын елдікті .

Келесі құттықтау сөз кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепов Тағанбай ағайға беріледі.

Оқушылардың орындауында «---------------------» биі


2 жүр : 1991 жыл

25-қазан. «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Заң жүзінде бекітілді.

Декларация Республиканың тең құқылы шарт негізінде алғаш рет Қаз КСР-нің Егемендік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік – құқықты нормалар бекітті.


1 – жүр : Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Көркем сөз «Қазақстан» Оралбаева Гүлнар


2 жүр : 1991 жыл, 1-желтоқсан.

Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті.Қазақ КСР-нің Президенті болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп, өз басшысын сайлады.


1 – жүр : Атқарған Елбасының ордалы іс –

Адамзат қоғамына қолғабысы .

Аталар барлық тілде Нұрсұлтан деп

Осынау Орта Азия жолбарысы

Ән : «Не разлучние друзья» орындайтын оқушылардың вокал тобы


2 – жүр : 10-желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Нұрсылтан Назарбаев біздің

мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы Заңға қол қойды.Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.


1 – жүр : Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты

Қазақстан бет алды мәңгілікке !

Ән : «Астана» орындайтын Айбекова Салтанат


2 – жүр : 16-желтоқсан.Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.Бұл Заңды көп күтен-ді.Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.


1 – жүр : Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл , көк майсалы , көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып , тәу еткен жер

өлең «Отаным» орындайтын Қарақұл Айбек

Оқушылардың орындауында «---------------------» биі



2 – жүр : 1992 жылдың 4 маусымы-Қазақстан тарихында ұмытылмас күн. Бұл күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық,сабырлылық және амандық белгісі байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік, ізгілік белгісі алтын түсті таңдап алынды.


1 – жүр : Шарықта , шарла көкті көк Байрағым ,

Арманым , Азаттығым , көпке айғағым

Мен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым .

Ән : «Туған жер» орындайтын Қарақұлова Гүлзада


2 – жүр : 1993 жыл 28-қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылданды. Алғашқы демократиялық Қонституцияның қабылдануы-Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық.


1 – жүр : Бақтың құсы әр адамға қонып бір ,

О , Тәңірім , бізді баққа жолықтыр ..

Бүгін міне , Тәуелсіздік ағайын ,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр !

Ән : «Қазақ қыздары» орындайтын Ревшенова Ақтолқын

Оқушылардың орындауында «---------------------» биі


2 – жүр : 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы! Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.


1 – жүр : Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы – Астана қаласы! Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс – құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенің, Астана!


2 – жүр : Кеткенін талай басқаға кегім,

Тастарға жазып тастаған едім.

Жарқырап нұрың тұрсың ба жайнап,

Бекзада, дегдар-Астанам менің!


1 – жүр : Аспаған елім, таспаған елім,

Тарихын қайта бастаған елім.

Жұмыр Жер,кенет,жүзік боп кетсе,

Гауһардай жанған-Астанам менің.

Ән : Астана орындайтын Айдарова Райхан


2 – жүр :Еліміздің егемендік алуы , халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты , бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп , серпін ала келді . Ол – баршамыз бейбіт өмірде , еркіндікті аңсаған ақ ниет , ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі .


1 – жүр : Кең даласы , кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз еркін жанбыз азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз

Өмірді алға бастырамыз , өрлейміз !

Ән : «Ағатайым» орындайтын Мақсет Парасат


2 – жүр : Міне бүгін тәуелсіздігімзге 20 жыл .Біз ұлы жолға, арманды сапарға аттандық.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамызда-бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.


1 – жүр : Байлық пен құтқа тегенең толып

Төртеуің түгел – төбеден қонып

Айнала ұшқан алты қаз құсап

Алты Алаш елім егемен болып

«Латын Америка» биі орындайтын ұстаздар тобы


2 – жүр : Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөлеп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүниежүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз. Бұл – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы болатын.


1– жүр : Қызғалдағы қатар өсіп иренмен

Елдің шеті мамыражай күйге енген

Ей қастерлі Ұлы далам аман бол

Әр сүйемі қан мен сүтке иленген

Ән «Жастар ГИМНІ» орындайтын Айбекова Салтанат , Айдарова Райхан


2 – жүр : Қазақстан дейтін менің бар елім ,

Жатыр алып жарты дүние әлемін !

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман


1– жүр : Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным ,

Көк туымды қалайша құлатармын

Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар ,

Бәріміз баласындай бір атаның .

1- 2 жүр : Елімізді бақ – береке , ырыс болсын

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын

Халқымның ахуалы дұрыс болсын

Еліміз әрқашанда тыныш болсын ! деп бүгінгі Қазақстан Республикасының Егемендігіне 20 жыл толу мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты салтанатты кешімізді аяқтаймыз .



Краткое описание документа:

1-дауыс.Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін байтақ өлке - менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

 

2-дауыс. Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз-Қазақстан көркем жер!

 

1-дауыс. Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанатыжарасқан! Біротбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай кү нұрына таласқан!

 

2-дауыс. Қазақстан – бүгін міне достық туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

 

1-дауыс. Бүгін міне еңбек пенен ерліке, байлық пен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірліке білек қосылып,жүрекке жүрек тіл қатты,ағайында адамдай ұғысқан көңіл тым қатты!

 

 

2-дауыс. Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында! 

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров502
Номер материала 384388
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх