Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Нурлыбаев М.Н.Статья (1).docx

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


Нурлыбаев Мирдос Нурланович


Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы КАТУ



Азаматтық қоғам дегеніміз - өзін - өзі ұйымдастыру мен өзін - өзі реттеудің түрлі формаларына негізделген, көпшілік және жеке мүдделердің тиімді үйлесімдігі көрініс тапқан қоғам. Сондай – ақ бұл – жоғарғы құндылық ретінде адамның құқы мен бостандығы танылатын қоғам.

Азаматтық қоғам демократиялы мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қоғамның даму деңгейі – демократия даму деңгейінің айнасы. [1,32]

Біздің пайымдауымызша, азаматтық қоғам мына жағдайлар болған кездерде ғана табысты дами алады: біріншіден, экономикалық негіздер – меншік түрінің алуандығы, орта таптың табысы және мемлекеттік бюджет пен жеке коммерциялық сектордың (демеушілердің) қаржылары қайта бөлінгенде; екіншіден, әлеуметтік негіз – орта тап қалыптасқанда; үшіншіден, саяси негіздер – демократия институттары тамр жайғанда; төртіншіден, заңдық негіздер – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға бағытталған заңдар қабылдағанда; бесіншіден, ұйымдастырушылық негіздер – «үшінші сектор» деп аталатын үкіметтік емес ұйымдар жеткілікті болғанда, және ең соңғысы,идеологиялық негіздер – либералды құндылықтар, әлеуметтік экономика мен толеранттылықтың теориялары жасалғанда. [2,44]

Тағы бір айта кететін жәйт – азаматтық қоғам мемлекетте (саяси жүйе ретінде) қарсы тұрмайды, керісінше оны толықтырып, биліктің тең құқылы әріптесі болуға ұмтылады. Ол спецификациялық функцияларды – жеке және кейбір ортақ мүдделерді қорғау қызметін атқарады. Бұдан шығатын қорытынды – Германияның «Берлинполис» сараптама орталығының жетекшісі Даниэль Детлинг атап көрсеткендей, азаматтық қоғамның идеясы – конфронтацияда емес, мемлекет пен қоғамарасындағы тепе – теңдікті іздеуде.

Азаматтық қоғам пайда болуымен дамуының міндеті шартты азаматтардың жеке меншік негізіндегі экономакалық - әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады.

Еліміздегі экономикалық еркіндіктің деңгейі өңірде ең жоғарғысы болып отыр. Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде алғашқы болып нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Республиканың барлық әлемдік рейтінгі іс жүзінде жылма– жыл жақсарып келеді. Бәсекелестікті ынталандыру мен экономика субъектілерінің тең құқығын қамтамасыз ету Қазақстанның көптеген әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Азаматтық қоғам орнықтырудағы маңызды мәселелердің бірі саны жағынан көп және ықпалды орта тап қалыптастыру болып табылады. Орта тап демократияға төменгі және жоғарғы жік өкілдеріне қарағанда анағұрлым мүдделі, өйткені, олар көп жағдайда білімдарлықтарымен, сана – сезімдерінің жетілгендігімен, саяси көзқарастарының айқындығымен және белсенділігімен ерекшеленеді. Дамыған батыс елдерінде орта тап шамамен бүкіл халықтың үштен екісін құрайды. Қоғамдағы экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететіндер де солар. Міне, сондықтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та орта таптың негізін құрайтын шағын және орта бизнес тиімді қолдау көрсету үстінде. [3,11]

Конститутцияда қазақстан Республикасының демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені, басты құндылықтар адамның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатыны атап көрсетілген. (1-бап). Идеологиялық және саяси көпқырлылық танылады (5-бап). Мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады әрі тең дәрежеде қорғалады (6-бап). [4,4]

Қазіргі қолданымтағы Конститутция 1999 жылға дейін жергілікті атқарушы органдар жетекшілерін – барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындап қоюды қарастырып келген еді. Мұндай ережені сақтау мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелеріне қайшы еместін. Соған қарамастан, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында 1999 жылы Конститутцияға өзгеріс еңгізу туралы бастама көтеріп, ол Парламент тарапынан қолдау тапқан болатын. Өзгеріс аудан, облыстық бағыныстағы қала мен ауылдық округтер әкімдерінің тағайындап қойылуын, сондай –ақ сайланбалығын қарастырады.

Одан кейінгі жылдары атқарушы билік басшыларының сайланбалылығы институтын нығайтуға бағытталған нақты қадамдар жасалды. Мәселен, Президент жарлықтарына сәйкес 28 ауылдық әкімшілік – аумуқтуқ бірлік және төрт ауданның әкіміне экспериментальді сайлау өткізілді. Алдағы қазан айының 20-сында 49 ауданның, 10 облыстық маңыздағы қаланың әкімі сайлап қойылды. Бұл – орта деңгейдегі әкімшілік – аумақтық бірліктер санының 60 пайызын құрайды деген сөз. [5,81]

Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының аясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін - өзі басқару туралы» заң жобасының дайындалғанына ерекше назар аудара кеткен жөн. Аталған заң қабылданған жағдайда азаматтық қоғам саласы айтарлықтай нығаяды. Өйткені, жергілікті өзін -өзі басқару оның аса тиімді құрамдастарының бірі болып табылады.

Қазақстандықьардың құқықтары мен бостандықтары Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында нақты айқындалған. Ал ол өз кезегінде Тұжырымдамада көрініс тауып отыр.

Азаматтық қоғам сегменттерінің бірі болып табылатын көптеген діни бірлестіктердің қызметі еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға маңызды рөл атқараы. Қазіргі кезде Қазақстанда сенім –нанымның нақты еркіндігі қамтамасыз етіліп отыр, діни теңдік саясаты бірізділікпен жүргізіліп келеді. Егер 1989 жылы елімізде шамамен 700 діни бірлестіктер тіркелсе, бүгінде 46 конфессияға жататын 3 мыңнан астам қауымдастық жұмыс істейді. Олардың көпшілігі құрамы жағынан көп ұлтты.

Халықтардың өзара құрметі мен түсіністігін нығайтуға шақыратын конфессияаралық үнқатысудың негізі ретінде толеранттылық идеясын Елбасы Нұрсұлтан Нзарбаев қашанда алдыңғы кезекке шақырады. Елімізде Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексей ІІ мен Рим Папасы Йоанн Павел ІІ – нің сапарлары, адамзат тарихында тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізілуі Қазақстанның әлемдікдеңгейлегі беделінің өлшеусіз өскенінің нақты көріністері болды. [6,34]

Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының азаматтық қоғамның өзге институттарынан бір ерекшелігі – ол өзінің жылнамасын жазуды сонау ХХ ғасырдың басында бастады. Былтыр елімізде кәсіподақтар қозғалысының пайда болғанының 100 жылдығы аталып өткені де естен шыға қоймаса керек.

Сонымен қатар, 1995 жылы қабылданған Конституция, жаңа Азаматтық кодекс, қоғамдық бірлестіктер туралы, ұжымдық еңбек таластары мен ереуілдер туралы заңдар мен басқа да нормативтік – құқықтық актілер кәсіподақтарды өз қызметінің әдіс – тәсілдерін өзгертуге мәжбүрледі. Кәсіподақтар қызметінің өзінің қоғамға ықпалын бекемдеудегі нақты мысалы олардың 1995 және 1999 жылдардағы Парламент пен мәслихаттар сайлауларына қатысуы болды. [7,2]

Азаматтық қоғам қалыптастыру үшін оның институттарын жетілдіру және азаматтарды құқықтық мәдениетін жоғарлату керек болды, елімізде осы міндеттерге сай біршама шаралар атқарылғанын көруге болады.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нысанбаев.Ә. Адам және ашық қоғам. А, 1998

  2. Искакова.Г. Гражданскоеобщество как условие реализации прав человека. Саясат. №11, 2004. 43-44 бб

  3. Матюхин.А. Гражданское общество а Казахстане. Политико-правовой анализ. Мысль. 1993. №12. 9-12 стр

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 2006, 47б.

  5. Аюпова.З.К. Правовая система и гражданское общество в РК: грани взаимодействия и взаимовлияние. Саясат, 2001ж. №10-11. 81-84 стр.

  6. Мамытов.Б. Перспективы формирование гражданской культуры. «Фемида» 2002г. №6. 30-41 стр.

  7. Самат Муса. Азаматтық қоғам.Оны дамыту еліміздегі демократиялық үдерістерді жандандыруға оң ықпал етіп, осы бағыттағы күндылықтардың бағасын арттыра түседі. «Егемен Қазақстан», 2006, 29 қыркүйек, 3 б.



Краткое описание документа:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

 

Нурлыбаев Мирдос Нурланович

 

Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы КАТУ

 

 

Азаматтық қоғам дегеніміз - өзін - өзі ұйымдастыру мен өзін - өзі реттеудің түрлі формаларына негізделген, көпшілік және жеке мүдделердің  тиімді үйлесімдігі көрініс тапқан қоғам. Сондай – ақ бұл – жоғарғы құндылық ретінде адамның құқы мен бостандығы танылатын қоғам.

Азаматтық қоғам  демократиялы мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қоғамның даму деңгейі – демократия даму деңгейінің айнасы. [1,32]

Біздің пайымдауымызша, азаматтық қоғам мына жағдайлар болған кездерде ғана табысты дами алады: біріншіден, экономикалық негіздер – меншік түрінің алуандығы, орта таптың табысы және мемлекеттік бюджет пен жеке коммерциялық сектордың (демеушілердің) қаржылары қайта бөлінгенде; екіншіден, әлеуметтік негіз – орта тап қалыптасқанда; үшіншіден, саяси негіздер – демократия институттары тамр жайғанда; төртіншіден, заңдық негіздер – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға бағытталған заңдар қабылдағанда; бесіншіден, ұйымдастырушылық негіздер – «үшінші сектор» деп аталатын үкіметтік емес ұйымдар жеткілікті болғанда, және ең соңғысы,идеологиялық негіздер – либералды құндылықтар, әлеуметтік экономика мен толеранттылықтың теориялары жасалғанда. [2,44]

Тағы бір айта кететін жәйт – азаматтық қоғам мемлекетте (саяси жүйе ретінде) қарсы тұрмайды, керісінше оны толықтырып, биліктің тең құқылы әріптесі болуға ұмтылады. Ол спецификациялық функцияларды – жеке және кейбір ортақ мүдделерді қорғау қызметін атқарады. Бұдан шығатын қорытынды – Германияның «Берлинполис» сараптама орталығының жетекшісі Даниэль Детлинг атап көрсеткендей, азаматтық қоғамның идеясы – конфронтацияда емес, мемлекет пен қоғамарасындағы тепе – теңдікті іздеуде.

Азаматтық қоғам пайда болуымен дамуының міндеті шартты азаматтардың жеке меншік негізіндегі экономакалық - әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады.

Еліміздегі экономикалық еркіндіктің деңгейі өңірде ең жоғарғысы болып отыр. Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде алғашқы болып нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Республиканың барлық әлемдік рейтінгі іс жүзінде жылма– жыл жақсарып келеді.  Бәсекелестікті ынталандыру мен экономика субъектілерінің тең құқығын қамтамасыз ету Қазақстанның көптеген әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Азаматтық қоғам орнықтырудағы маңызды мәселелердің бірі саны жағынан көп және ықпалды орта тап қалыптастыру болып табылады. Орта тап демократияға төменгі және жоғарғы жік өкілдеріне қарағанда анағұрлым мүдделі, өйткені, олар көп жағдайда білімдарлықтарымен, сана – сезімдерінің жетілгендігімен, саяси көзқарастарының айқындығымен және белсенділігімен ерекшеленеді. Дамыған батыс елдерінде орта тап шамамен бүкіл халықтың үштен екісін құрайды. Қоғамдағы экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететіндер де солар. Міне,  сондықтан  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та орта таптың негізін құрайтын шағын және орта бизнес тиімді қолдау көрсету үстінде. [3,11]

Конститутцияда қазақстан Республикасының демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені, басты құндылықтар адамның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатыны атап көрсетілген. (1-бап). Идеологиялық және саяси көпқырлылық танылады (5-бап). Мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады әрі тең дәрежеде қорғалады (6-бап). [4,4]

Қазіргі қолданымтағы Конститутция 1999 жылға дейін жергілікті атқарушы органдар жетекшілерін – барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындап қоюды қарастырып келген еді. Мұндай ережені сақтау мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелеріне қайшы еместін. Соған қарамастан, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында 1999 жылы Конститутцияға өзгеріс еңгізу туралы бастама көтеріп, ол Парламент тарапынан қолдау тапқан болатын. Өзгеріс аудан, облыстық бағыныстағы қала мен ауылдық округтер әкімдерінің тағайындап қойылуын, сондай –ақ сайланбалығын қарастырады.

Одан кейінгі жылдары атқарушы билік басшыларының сайланбалылығы институтын нығайтуға бағытталған нақты қадамдар жасалды. Мәселен, Президент жарлықтарына сәйкес 28 ауылдық әкімшілік – аумуқтуқ бірлік және төрт ауданның әкіміне экспериментальді сайлау өткізілді. Алдағы қазан айының 20-сында 49 ауданның, 10 облыстық маңыздағы қаланың әкімі сайлап қойылды. Бұл – орта деңгейдегі әкімшілік – аумақтық бірліктер санының 60 пайызын құрайды деген сөз. [5,81]

Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының аясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін - өзі басқару туралы» заң жобасының дайындалғанына ерекше назар аудара кеткен жөн. Аталған заң қабылданған жағдайда азаматтық қоғам саласы айтарлықтай нығаяды. Өйткені, жергілікті өзін -өзі басқару оның аса тиімді құрамдастарының бірі болып табылады.

Қазақстандықьардың құқықтары мен бостандықтары Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында нақты айқындалған. Ал ол өз кезегінде Тұжырымдамада көрініс тауып отыр.

Азаматтық қоғам сегменттерінің бірі болып табылатын көптеген діни бірлестіктердің қызметі еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға маңызды рөл атқараы. Қазіргі кезде Қазақстанда сенім –нанымның нақты еркіндігі қамтамасыз етіліп отыр, діни теңдік саясаты бірізділікпен жүргізіліп келеді. Егер 1989 жылы елімізде шамамен 700 діни бірлестіктер тіркелсе, бүгінде 46 конфессияға жататын 3 мыңнан астам қауымдастық жұмыс істейді. Олардың көпшілігі құрамы жағынан көп ұлтты.

Халықтардың өзара құрметі мен түсіністігін нығайтуға шақыратын конфессияаралық үнқатысудың негізі ретінде толеранттылық идеясын Елбасы Нұрсұлтан Нзарбаев қашанда алдыңғы кезекке шақырады. Елімізде Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексей ІІ мен Рим Папасы Йоанн Павел ІІ – нің сапарлары, адамзат тарихында тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізілуі Қазақстанның әлемдікдеңгейлегі беделінің өлшеусіз өскенінің нақты көріністері болды. [6,34]

Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының азаматтық қоғамның өзге институттарынан бір ерекшелігі – ол өзінің жылнамасын жазуды сонау ХХ ғасырдың басында бастады. Былтыр елімізде кәсіподақтар қозғалысының пайда болғанының 100 жылдығы аталып өткені де естен шыға қоймаса керек.

Сонымен қатар, 1995 жылы қабылданған Конституция, жаңа Азаматтық кодекс, қоғамдық бірлестіктер туралы, ұжымдық еңбек таластары мен ереуілдер туралы заңдар мен басқа да нормативтік – құқықтық актілер кәсіподақтарды өз қызметінің әдіс – тәсілдерін өзгертуге мәжбүрледі. Кәсіподақтар қызметінің өзінің қоғамға ықпалын бекемдеудегі нақты мысалы олардың 1995 және 1999 жылдардағы Парламент пен мәслихаттар сайлауларына қатысуы болды. [7,2]

Азаматтық қоғам қалыптастыру үшін оның институттарын жетілдіру және азаматтарды құқықтық мәдениетін жоғарлату керек болды, елімізде осы міндеттерге сай біршама шаралар атқарылғанын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1       Нысанбаев.Ә. Адам және ашық қоғам. А, 1998

2       Искакова.Г. Гражданскоеобщество как условие реализации прав человека. Саясат. №11, 2004. 43-44 бб

3       Матюхин.А. Гражданское общество а Казахстане. Политико-правовой анализ. Мысль. 1993. №12. 9-12 стр

4       ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы, Алматы 2006, 47б.

5       Аюпова.З.К. Правовая система и гражданское общество в РК: грани взаимодействия и взаимовлияние. Саясат, 2001ж. №10-11. 81-84 стр.

6       Мамытов.Б. Перспективы формирование гражданской культуры. «Фемида» 2002г. №6. 30-41 стр.

7       Самат Муса. Азаматтыққоғам.Оныдамытуеліміздегідемократиялықүдерістердіжандандыруғаоңықпалетіп, осы бағыттағыкүндылықтардыңбағасынарттыратүседі. «ЕгеменҚазақстан», 2006, 29 қыркүйек, 3 б.

 

 

 

Автор
Дата добавления 21.01.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров520
Номер материала 324277
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх