Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздер ( 3 rkfcc )
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздер ( 3 rkfcc )

библиотека
материалов

10.01.2015

Тақырыбы: "Ұлттық рәміздер

Мақсаты:

Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, гимнін қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, гимні, слайд,буклеттер.


Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық

- Балалар бір-бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар.
( оқушылар өз тілектерін айтады)

2.Топқа бөлу ( Санау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді)

ІІ Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу.

Мұғалім:

-Мемлекеттік рәміздер деген не?

- Мемлекеттік рәміздер  мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің Отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.


-Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздеріне нелер жатады?

-Гимн,ту,елтаңба.


1-топ: Гимн туралы білгендерін ортаға салады.

Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш бар, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

Оқушылар тік тұрып,әнұран орындалады.


2-топ: Ту туралы айтады.

1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт туына тағзым етті.

Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.


3-топ: Елтаңбаны жайлы айтады.

Авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.

Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.

Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

4-топ: Конституция туралы айтады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы  Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.


ІІІ Жалғастырып көр.

а) Әрбір адамға Отан керек.Өйткені...

ә) Менің Отанымы тілегім...


IV Сұрақтарға жауап беру.


1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

1986 жылы 16 желтоқсан


2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991жылы 16желтоқсан


3.Ұлттық рәміздер қашан қабылданды?

1992 жылы 4 маусым


4.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді?

1993жылы


5.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы?

Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов


6.Қазақстан Республикамыздың туының авторы?

Ш.Ниязбеков


7. Қазақстан Республикамыздың гимннің авторы?

Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов

Әні: Ш.Қалдаяқов


8. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды?

1997м


9.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?

Тоқтар Әубакіров


10.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр?

9-шы орында


11. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес?

Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай


12. Қазақтың үш биін ата?

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.


13. Ақ күрішті аймақ? Қызылорда


14. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау


15. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар?

14облыс, 85қала



V «Кім жылдам» ойыны.
Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі?

Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
1.Отан- елдің анасы
Ел-(ердің анасы)


2.Туған жердей жер болмас,
( Туған елдей ел болмас).

3.Отанды сүю-(отбасынан басталады)

4.Отан оттан да (ыстық)

5.Пәлен жерде алтын бар 
( Өз жеріңдей қайда бар)

6.Отансыз адам-( ормансыз бұлбұл)

7.Отан үшін күрес
( Ерге тиген үлес)

8.Ел іші- (алтын бесік)
Мақал- мәтелді көп айтқан топ жеңімпаз атанады.


VI Рәміздерім-мақтанышым ( Өлең оқу)

Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!



Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!



Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.


Кең далада жүремін,

Бауырында ойнап,күлемін.

Мен жерімді сүйемін,

Ол үшін отқа түсемін.



Көгілдір туым желбіре,

Биіктерде қалықтап.

Туым үшін мақтанам,

Әнұраным шарықтап.



Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.


VІI Постер қорғау.

Мұғалім:
- Балалар, мысалы сендерге шет елден қонақтар келді. Сендер сол қонаққа біздің елімізді сурет салу арқылы қалай таныстырар едіңдер? 

Оқушылар топпен шет елден келген қонаққа қалай таныстыратындарын суретке салады. 1 спикер қорғап шығады.


VІІI Қорытындылау.

-Сонымен қорыта келгенде өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін.


Ақшұқыр мектеп-лицейі








Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Ұлттық рәміздер













Өткізген:Ескуелді Тойжан









2014-2015


hello_html_m554b1c4f.gifC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0692.jpgC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0683.jpgC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0689.jpgC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0696.jpgC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0688_001.jpgC:\Users\артем\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0691.jpg

Краткое описание документа:

Мақсаты:

  Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, гимнін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, гимні, слайд,буклеттер.

 

Барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық

- Балалар  бір-бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар.
( оқушылар өз тілектерін айтады)

2.Топқа бөлу ( Санау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді)

ІІ  Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу.

Мұғалім:

   -Мемлекеттік рәміздер деген не?

   - Мемлекеттік рәміздер  мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің Отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

 

-Қазақстан Республикасының ұлттық  рәміздеріне нелер жатады?

-Гимн,ту,елтаңба.

 

1-топ: Гимн туралы білгендерін ортаға салады.

 Әні: Шәмші Қалдаяқов
 Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш бар, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

Оқушылар тік тұрып,әнұран орындалады.

 

2-топ: Ту туралы айтады.

    1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт туына тағзым етті.

Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

 

3-топ: Елтаңбаны  жайлы айтады.

 

 Авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.   

   Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
     Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.

    Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

4-топ: Конституция туралы айтады.

   
Қазақстан Республикасының Конституциясы  Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

   Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

 

ІІІ  Жалғастырып көр.

а) Әрбір адамға Отан керек.Өйткені...

ә) Менің Отанымы тілегім...

 

IV Сұрақтарға жауап беру.

 

1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

1986 жылы  16 желтоқсан

 

2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991жылы 16желтоқсан

 

 

Автор
Дата добавления 26.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров396
Номер материала 411337
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх