Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақстан табиғаты. Баянауыл – ұлттық табиғи саябағы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақстан табиғаты. Баянауыл – ұлттық табиғи саябағы.

библиотека
материалов

БЕКІТЕМІН

Директордың өндірістік-оқу жөніндегі

орынбасары Клименко О. П.____________

«___»____________20___ ж

Сабақ жоспары/План урока

қазақ тілі / казахский язык.

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока

Қазақстан табиғаты. Баянауыл – ұлттық табиғи саябағы.

Сабақтың мақсаты/ Цель урока

Білімділік/ Образовательная

Сөздік қорларын байыту; пікірлесу және талқылау арқылы қойылған мәселерді анықтап, түсінуге үйрету; мәтін арқылы оқушылардың Қазақстан табиғаты, яғни әсем жерлері туралы білімдерін толықтыру

Дамытушылық /Развивающая

Оқушылардың білгенін, түсінгенін, ойын арқылы қазақ тілінде жеткізе алуға дағдыландыру; сөздік қорларын сабақ барысында ғана емес, басқа да жағдайларда қолдана алуларын дамыту.

Тәрбиелік /Воспитательная

Табиғатты сүйіп, аялауға, сол арқылы қазақстандық патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.

Әдістемелік/Методическая

Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.

Болашақнәтиженіболжау/ Описание ожидаемого результата

жаңа сөздерді меңгеру, мәтінмен жұмыс жасау, ойларын жеткізу, жеңіске келу.

Білім/Знания

Қазақстан табиғаты туралы ақпарат алу.

Икемділік/ Умения

Берілген мәтінмен жұмыс жасай білу, ойларын жеткізу.

Дағды /Навыки

Білген білімдерін тек сабақта ғана емес, сонымен қатар өмірде де қолдану.

Сабақтың түрлері/ Тип урока

Саяхат сабағы.

Әдіс- тәсілдер/ Методы

сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература

сөздіктер, қосымша ақпарат

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / Оборудование, наглядные пособия

Мәтіндер,тапсырмалар, бейнеоролик, презентация.

Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи

Жағрафия, дүниетану.



Сабақ барысы / Ход урока

Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушыіс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / оборудование, наглядные пособия

Уақыт/ время

1

Ұйымдастыру-мақсаттықкезеңі / организационно-целевой этап

Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілерін өзіме қарату, психологиялық жағдай туғызу

-көңілдерің қалай? Бір-бірімізге қарап, күлімсірейік.

Сабаққа дайындалып, мұғалімді, қонақтарды қарсы алады.

2

2

Операция-танымдық кезеңі / операционно-познавательный этап

Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, ауа райы туралы әңгімелесу:

  • Сәлеметсіздер ме;

  • сыныпта кім кезекші, кім жоқ екендігін білу?

  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, күздің айларын еске түсіріңдер. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары күздің айларын еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.


3

А. Үйтапсырмасынтексеру /

Этап проверки домашнего задания

Үй тапсырмасын қайталап, жауап беріңіздер:

1.жаңа сөздерді ауызша тексеру;

2. ережені қайталау;

3. интерактивті тақта арқылы достықтың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау

Ал «Менің досым» атты мәтінді кім айта алады? 2 оқушыдан сұрау.

Әр оқушы үй жұмысын қайталап, жауап береді.

тақта

5

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению нового материала






Қызығушылықты ояту сатысы

1.Біз бүгін саяхатқа барамыз, біздің мақсатымыз - соңғы аялдамаға жетіп, Павлодар облысындағы ең керемет, әдемі жері – ол қандай екендігін білу?

Тобымызды үшке бөлдік.

1-топ «Білімпаздар»;

2-топ «Еңбекқорлар»

3-топ «Жұлдыздар»

2. «Ассоциацияларын» айтады: бейне роликті көргеннен кейінгі өздерінің ойларын ортаға салып бөліседі, сабақтың тақырыбына шығады, мақсаттарын айтады.

Сабақта біз проблемалық жағдай туғызып, оны шешуіміз керекпіз:

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Осы жағдайға сабақтың соңында қайтадан тоқталамыз.

Бұл сабақ саяхат болғанымен, топқа бөлінгендіктен, сайыссыз болмайды. Сондықтан сайысымызды бастайық.

Сайстың басталуы: біздің саяхатымыз төрт аялдамадан тұрады:

1- аялдама – «Жаңа сөздер аялдамасы»

2- аялдама – « Мәтіндер»

3- аялдама - «Мақал-мәтелдер»

4 – аялдама – «Жасырын конверті»

5 – аялдама – « Жеңіс аялдамасы »

Ең бірінші жұмысты аяқтап, толық жауап беретін топқа кеспекше (бочонок) беріледі, сабақтың соңында оларды санаймыз:

20 КЕСПЕКШЕ – «5»;

15 КЕСПЕКШЕ – «4»;

10 КЕСПЕКШЕ – «3».

Бірақ, топтағы әр оқушы жұмыс істеу керек, егер кейбір оқушылар сабаққа қатыспай отырса, оның бағасы төмендетіледі.

Егер топ толық жауап беретін болса, оларға үш кеспекше беріледі, жауабы толық емес топ – екі немесе бір кеспекшеге ие болады. Барлықтарына түсінікті ме?

Егер түсінікті болса, бастайық.

1- аялдама – «Жаңа сөздер аялдамасы»

Осы аялдамадан ары қарай бару үшін жаңа сөздерді өту керекпіз. Оқимыз, қайталаймыз, түсіндіреміз, дәптерге жазамыз.

Сөздікпен жұмыс:

Жанға жайлы – удобно для души

Дертке дауа – лекарство от болезней

Сауықтыру орны – оздоровительное место

Көрме – выставка

Қарағайлы орман – сосновый лес

Қасиеттері – качество, свойство

Емдік суы – лечебная вода

Маңайында – вокруг

Терек – тополь

Ойпат- низменность

Тораңғы тұқымдас тоғайлар – туранговые леса из сизолистного тополя

Саябақ, қорық - заповедник

Тапсырма: 4 сөз тіркес пен 2 сөйлем құрастыру.

Жарайсыңдар, қай топ кеспекшеге ие болды?

2- аялдама – «Мәтіндер» аялдамасы, осында әр топқа мәтін беріледі

Қазақстанның табиғаты.

1-топқа - І бөлім

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі әрі әдемі. Астана мен Көкшетау қалаларының арасында Бурабай көлі жатыр. Бурабай ауасының жанға жайлы, дертке дауа екендігін адамдар ежелден-ақ байқаған. Бурабайдағы алғашқы санаторий 1910 жылы ашылды. Сауықтыру орны бейнеленген фотосурет 1938 жылы Нью-Йоркте өткен бүкіл дүниежүзілік көрмеге қойылған. Сол кезден бастап, «Қазақстанның Швейцариясын» әлем таныды.

Көкшетаудың өңірі асқақ тауларымен, қалың орман-тоғай, ондағы үлкен-кішілі көлдерімен, түрлі жабайы хайуанаттарымен белгілі. Әсіресе Бурабай, Оқжетпес тауларының сұлулығын айтып жеткізу қиын. Бурабай көлдің нақ ортасында тағы бір жартас тұр, ол - Жұмбақ тас. Қандай керемет десеңізші!? Оқжетпес, Бурабай, Жұмбақтас жерлерін Сәкен Сейфуллин «Көкшетау моншақтары» деп атап өлең жырлаған.

Сұрақтары:

  1. Қазақстанның табиғаты қандай?

  2. Бурабай көлі қайда жатыр?

  3. Қай кезден бастап «Қазақстанның Швейцариясын» әлем таныды?

  4. Бурабайда қандай таулар бар?

  5. Бурабай туралы өлеңді кім жазды?

Кесте: схема бойынша сөздерді жазу



түбір

көптік жалғау

тәуелдік

септік жалғау

тау

лар

ы

мен

қала

лар

ы

ның



2-топқа - ІІ бөлім

Қазақстанның шығыс өлкелері Алтай, Тарбағатай тауларына, Зайсан мен Алакөл көлдеріне тіреледі. Олар да өз ерекшеліктерімен белгілі.

Алакөл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан көл. Ол XII – XIX ғасырда Гурге-нор (монғолша көпір-көл) кейін Алактагол, Алатеңіз, Алакта деп аталған. Батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 104 км, ең кең ені 52 км. Жағалауының ұзындығы 384 км. Суы өте кермек(жесткая). Алакөлге 15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды. Олардың бастылары: Ұрыжар, Қатынсу, Емелқұйса, Жаманты.

Алакөлдің жағалауы саз балшық, құмды топырақ, ұсақ құмнан тұрады. Алакөлдің емдік суы сырқат жанды аз уақытта аяғынан тұрғызып жіберген.


Сұрақтары:

  1. Қазақстанның шығыс өлкелері қайда тіреледі?

  2. Алакөл қайда орналасқан?

  3. Ол бұрын қалай аталған?

  4. Алакөлге қанша және қандай өзендер құяды?

  5. Алакөлдің суы қандай?

Кесте: схема бойынша сөздерді жазу



түбір

көптік жалғау

тәуелдік

септік жалғау

тау

лар

ы

на

облыс

тар

ы

ның




3-топқа - ІІІ бөлім

Тау аралығындағы кең алқапты алып жатқан ойпаттағы көл – Зайсан. Ол Алтай мен Сауыр-Тарбағатай аралығындағы шұңқырда орналасқан ағынды көл. Оған бірнеше кішігірім өзендер келіп құяды. Көлдің өзінен бір ғана Ертіс өзені ағып шығады. Зайсан – тұщы көл, суынан балық ауланады. Көлдің атына байланысты халықта мынадай аңыз бар: бір қатты жұт, ашаршылық болған жылы жоңғарлар, ойраттар осы көлдің балығын аулап, аштықтан аман қалған екен. Соның құрметтеріне көлді Заасингор деп, яғни Жақсы көл деп атап кеткен екен. Зайсан көлінің маңайында терек, тораңғы тұқымдасына жататын сирек кездесетін тоғайлар бар.

Осынау тамаша жерлеріміздің табиғатын сақтау үшін мемлекеттік қорғауындағы Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 13 мемлекеттік зоология және ботаника қорықшылары құрылған.

Сұрақтары:

  1. Зайсан – бұл не?

  2. Ол қайда орналасқан?

  3. Ол бұрын қалай аталған?

  4. Көлде нелер көп?

  5. Осынау тамаша жерлердің табиғатын сақтау үшін мемлекет не жасады, не құрды?

Кесте: схема бойынша сөздерді жазу



түбір

Көптік

жалғау

тәуелдік

септік жалғау

құрмет

тер

і

не

жер

лер

іміз

дің





Тапсырма:

  1. мәтінді оқу, аудару;

  2. сұрақтарға жауап беру;

  3. кестені толтыру.


Жарайсыңдар, кімдер кеспекшеге ие болды?

Сергіту сәті.

Оқушылар мұғалімді тыңдайды, өз ойларын жеткізеді, «Ассоциацияларын» айтады: бейне роликті көргеннен кейін өздерінің ойларын ортаға салып бөліседі, сабақтың тақырыбына шығады, мақсаттарын айтады, үш топқа бөлінеді, әр аялдамадан тапсырмаларды орындап, өтеді.

Әр аялдамадан өтіп, кеспекшелерін алады.

сөздіктер



бейнеролик

презентация

тапсырмалар



40



































































































































































































































































































3







В. Жаңа білімді меңгеру / Этап усвоения новых знаний


3- аялдама - «Мақал-мәтелдер»

Біз барлығымыз мақал-мәтелдерді білеміз, мектепте оқып жүргенде өттік, сондықтан...

Тапсырма:

осы сайыста тақтада мақал-мәтел жазылған, оларды аяқтау керек. Ол үшін тірек сөздер берілген. Әр топ өздеріне нөмерлі екі кеспекшені таң-дайды.


  1. Ер- елдің  көркі,

орман-тоғай жердің көркі.

  1. Бір тал кессен, он тал ек

  2. Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады

  3. Қорадамалыңболсын, көшедеталыңболсын.

  4. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер. 


  1. Тау кезеңсіз болмас, 

Өлке өзенсіз болмас.


Тірек сөздер: ер, орман-тоғай, бір, он, шөптен, көптен, малың, талың, қаз, қарға, тау, өлке.


Жарайсыңдар, кімдер кеспекшеге ие болды?

4 – аялдама – «Жасырын конверті»

Тапсырма:

Әр санда алфавит бойынша әріп жасырынып тұр, оларды тауып, жазып, ата-бабамыз айтқан нақыл сөзді табамыз.

10.8.23 – 15.1.11.37.18.1, 24.26 –

1.16.25.37.18, 17.1.16 –

3.1.13.16.37.15.

«Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық.»

Тапсырманы орындайды, өзіне ұнаған екі мақалды дәптерлеріне жазып алады.



































Жасырынған әріпті тауып, ата-бабамыз айтқан нақыл сөзді табу, дәптерлеріңе жазып алу.











тапсырмалар,

сөздіктер,

үлестірмелер.



Тақта











































10







































10









Г. Жаңа білімді бекіту / Этап закрепления новых знаний


Ал енді барлық аялдамаларды өтіп « Жеңіс аялдамасына »келдік.

Біздің мақсатымыз бойынша, біз соңғы аялдамаға жеттік, енді осы бейне роликке көңіл аударыңыз.

Ролик – Баянауыл ұлттық табиғи саябағы.



Баянауыл - ұлттық табиғи саябағында нелер бар?

Жауап: таулар, ағаштар, орман, сауықтыру орын, қарағайлы орман, емдік су, құстар, сирек кездесетін аңдар.


Роликті қарап, Павлодар облысындағы ең керемет, әдемі жердің атауын тауып, айту, сұраққа жауап беру.

ролик

8



















3

Рефлексивті бағалау кезеңі / рефлексивно-оценочный этап

Сонымен, бүгінгі сабақта біз саяхат-сайыс өткіздік, қандай жұмыс орындадық, нені білдік және қандай бағаға ие болдық? Кеспекшілерді санаймыз – бағалаймыз.


Көрініс өткізу: мақсаты: табиғатты сақтау, қорғау керек

Оқушылар өз ойларын, білгендерін айтады, әңгімелейді, көрініс тамашалайды, баға алады.

Көрініс

тақта





5









А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации

Үй тапсырмасын жазып алыңдар:

  1. жаңа сөздерді жаттау;

  2. «Мен табиғатты аялаймын» атты эссе жазу.


Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса, сұрайды.

тақта





2

Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Енді осы нақыл сөз туралы не айтуға болады?

Өз ойларын жеткізеді.

2




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

    Сабақтың мақсаты: сөздік қорларын байыту; пікірлесу және талқылау арқылы қойылған мәселерді анықтап, түсінуге үйрету; мәтін арқылы оқушылардың Қазақстан табиғаты, яғни әсем жерлері туралы білімдерін толықтыру; оқушылардың білгенін, түсінгенін, ойын арқылы  қазақ тілінде жеткізе алуға дағдыландыру; сөздік қорларын сабақ барысында ғана емес, басқа да жағдайларда қолдана алуларын дамыту; табиғатты сүйіп, аялауға, сол арқылы қазақстандық патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.

   Сабақ барысында топты үшке бөлу. Сабақта проблемалық жағдай туғызып, оны шешуіміз керекпіз:

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. - мұны сабақтың басында айту және сабақтың соңында қайталап дәлелдеу, түсіндіру.

 

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2053
Номер материала 502822
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх