Инфоурок Всеобщая история КонспектыҚазақстан тарихы. "Айша-бибі кесенесі"

Қазақстан тарихы. "Айша-бибі кесенесі"

Скачать материал

Сыныбы:7

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақ:№8

Пән мұғалімі:Ниеткалиева Г.М.

Сабақтың тақырыбы:Айша-бибі кесенесі

Жалпы мақсаты: Кесене тарихын меңгереді.

Оқу нәтижесі:Кесененің жалпы тарихын,салыну себептерін,құрылыс ерекшеліктерін түсінеді.

Түйінді идея: Өз бетінше жұмыс жасап үйрену. Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту.Бір-біріне топтық жұмыста қолдау көрсету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,оқыту формасы:сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдер:шумақ әдісі,Жигсо немесе зигзаг әдісі

Барлық оқушыларды сабаққа тарту формасы:жеке, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс:география,сурет

Үйрену барысын бағалау:формативті,жиынтық (критериалды бағалау)

Негізгі дереккөздер,құрал-жабдықтар: Ғаламтор материалдары,интерактивті тақта

                                     

                                      

                                    Сабақтың жоспары:

I.Кіріспе бөлім. (8 минут)

1.Шумақ әдісі

2.Бағалау парақтарын тарату,критерилерімен таныстыру

II.Тұсаукесер бөлімі(5мин )

4.Бейне жазба көрсету және тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар қою (https://www.youtube.com/watch?v=VWZxk1S5hAI)

 Тапсырмаларын түсіндіру  (2минут)

5.Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру.

III.Негізгі бөлім(25 мин)

6.Жаңа сабақты өздері оқып меңгеру.

«Жигсо» немесе «Зигзаг»әдісі

1 кезең:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Тақырып бойынша тақырыптың актуалдылығы

2 кезең:топтарға бөлу («жанұяға»-1,2,3,4).

3 кезең:жанұяның әр мүшесіне тапсырма беріледі:сабақ соңында әр жанұя мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек,сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек,себебі ол өз ұяластарына оқығанын жеткізе алмаса,оқушы мәтінді толық меңгере алмай қалады

4 кезең:сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1,2+2+2+2+,3+3+3+3,4+4+4+4)

5 кезең:мәтіннен өзіне берілген үзіндіні оқып,сараптау тобында талқылау,күрделі жерлерін мұқият түсініп,осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады

6 кезең: «Жанұя» тобына барып,сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Талқылап,тақырыпты мұқият түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.

7 кезең:топтардың презентациясы 

Топтарды үш шапалақ ынталандыру арқылы бағалау

Топбасшылар жанұя мүшелерін бағалау парақтарына бағалайды.

 

 

V.Қорытынды бөлім (5 мин)

8.Өзін-өзі бағалау

9.Жиынтық бағалау

10.Үйге тапсырма беру

                                              Сабақтың барысы:

I.Кіріспе бөлім

Шумақ әдісі:Үй тапсырмасы бойынша бір шумақ жіпті лақтыру арқылы бір-біріне сұрақ қою.Сұрақ үлгілері:

1.Бабаджа Хатун кесенесі қай қалада орналасқан?

2.Аңыз бойынша Бабаджа-қатын дегеніміз кім?

3.Бұл сәулет өнері қай ғасырдың туындысы?

Бағалау: жетон арқылы бір-бірін бағалау

II.Тұсаукесер бөлімі

4.Бейне жазба көрсету және тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар қою (https://www.youtube.com/watch?v=VWZxk1S5hAI)

Сұрақ үлгілері:

1.Айша-бибі дегеніміз кім?

2.Айша-бибі кесенесі туралы не білеміз?

3.Кесене қай қалада орналасқан?

Жетон арқылы бір-бірін бағалау

 Тапсырмаларды түсіндіру

5.Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру

III.Негізгі бөлім

1 кезең:Сабақтың тақырыбы: Айша-бибі кесенесі

2 кезең:топтарға бөлу («жанұяға»-1,2,3,4).Топ басшысын сайлау

3 кезең: Мәтіндерді оқушыларғы тарату.

Жанұяның бірінші нөмерлі мүшесіне берілетін мәтін:

 

Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

Айша бибі кесенесі  — ХІ-XII ғасырлардағы  сәулет өнерінің  көрнекті ескерткіші.  Жамбыл облысыЖамбыл ауданындаАйша  бибі ауылында  орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы  басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.

 

 

 

Жанұяның екінші нөмерлі мүшесіне берілетін мәтін:

 

Құрылысы

Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған.  Текше беттерінің  қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы  жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым  блок болып  келеді.  Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті  жұқа кірпішпен  өрілген  белдеу арқылы  әсемделген.  Айшы  бибі  кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсызплиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі   жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған.  Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен  қиюласып,  кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық  шешім тапқан.  Кесене  құрылысынан  Темір  дәуіріндегі  сәулет  өнерінде  үлкен  орын  алған  порталды-тақталы  дәстүр  айқын  аңғарылады.

 

Жанұяның үшінші нөмерлі мүшесіне берілетін мәтін:

 

Аңыз

Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі   мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.  Айша  бибі тарихтан  белгілі  Қараханның  әйелі.  Күмбезді  сол  Қарахан  ( Әулие ата )  салдырған.  Бірақ кесенені салған  сәулетші  туралы  нақты  дерек  жоқ.

 

Жанұяның төртінші нөмерлі мүшесіне берілетін мәтін:

 

Қалпына келтіру

“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары  2001-2004  жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшінТүркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді   қиын жұмыстар атқарылды.  Сондай-ақ  электр  жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни  осылайша  кесене қайта  қалпына  келтірілді.  Айша бибі кесенесі республикалық  маңызы  бар  тарих  және  мәдениет ескерткіштерінің  тізіміне  енгізіліп,  мемлекет  қорғауына  алынған.

 

 4 кезең:сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1,2+2+2+2+,3+3+3+3,4+4+4+4)

5 кезең:мәтіннен өзіне берілген үзіндіні оқып,сараптау тобында талқылау,күрделі жерлерін мұқият түсініп,осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады

6 кезең: «Жанұя» тобына барып,сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Талқылап,тақырыпты мұқият түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.

7 кезең:топтардың презентациясы 

Топтарды үш шапалақ ынталандыру арқылы бағалау

Топбасшылар жанұя мүшелерін бағалау парақтарына бағалайды

Бағалау

V.Қорытынды бөлім

8.Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша жетон көтеру

9.Жиынтық бағалау.Бағалау парағын толтыру 

10. «2 жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын стикерге түсіріп,жабыстырады

 

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасына жауап берді

1 сұраққа жауап- 1 балл

2 сұраққа жауап-2 бал

3 сұраққа жауап- 3 балл

Бейне баян бойынша сұрақтарға жауап берді

1 сұраққа жауап- 1 балл

2 сұраққа жауап- 2 бал

3 сұраққа жауап- 3 балл

Тапсырманы орындауы

Жигсо әдісі

Айша-бибі кесенесі бөлімін меңгерді- 1 балл

Кесененің құрылысы бөлімін меңгерді- 2 балл

Аңыз бөлімін меңгерді-3 балл

Қалпына келтіру бөлімін меңгерді-4 балл

 

Баға

 

10-8 ұпай «5»

6-4 ұпай «4»

3-1 ұпай «3»

0-ұпай «2»

 

                                       

Үйге тапсырма беру. Таратылған мәтінді оқу,қосымша ғаламтордан іздену, Тақырып бойынша тапсырмалар құрастырып келу.Келесі тақырыпқа шолу Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан тарихы. "Айша-бибі кесенесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныбы:7

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақ:№8

Пән мұғалімі:Ниеткалиева Г.М.

Сабақтың тақырыбы:Айша-бибі кесенесі

Жалпы мақсаты: Кесене тарихын меңгереді.

Оқу нәтижесі:Кесененің жалпы тарихын,салыну себептерін,құрылыс ерекшеліктерін түсінеді.

Түйінді идея: Өз бетінше жұмыс жасап үйрену. Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту.Бір-біріне топтық жұмыста қолдау көрсету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,оқыту формасы:сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдер:шумақ әдісі,Жигсо немесе зигзаг әдісі

Барлық оқушыларды сабаққа тарту формасы:жеке, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс:география,сурет

Үйрену барысын бағалау:формативті,жиынтық (критериалды бағалау)

Негізгі дереккөздер,құрал-жабдықтар: Ғаламтор материалдары,интерактивті тақта

                                     

 

                                       

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2015 6185
    • DOCX 61.5 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ниеткалиева Гульшат Мирамкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6298
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе