Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақстан тарихы пәнінің сабақ талдаулары 10 класс

Қазақстан тарихы пәнінің сабақ талдаулары 10 класс

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

«Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлексивтік есебі.


Сыныппен амандасып, сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, яғни ұйымдастырған соң сабақты хабарлап, оқушыларды топқа бөлдім. Сыныпта 13 оқушы бар. Осы сабақты өтерде Блум таксономиясын қолданып топтық жұмыс жасауды көздедім, себебі жеті модуль бойынша жұмыс істеуде маңыздысы оқушыларға үйрету емес, оларды жұмыс жасауға жетелеу.

Ұйымдастыру бөлімінде алғашқы сабағым болғандықтан топты бөлгенде қиыншылықпен бөлдім. Көп уақытым кетті. Сыныпты әрі қарай жұмыс жасау үшін үш топқа бөлдім оқушыларды 4 оқушыдан 3 топқа «Қанталапай» ойыны арқылы әр түрлі асықтамен топқа бөлдім. Топта оқушылардың міндеттерін (лидер ,хатшы,хабарлаушы ,тәлімгер) айтып өттім. Содан кейін оқушыларға интерактивті тақта арқылы «Мен кіммін?» психологиялық тренинг өткіздім, тренингтен кейін оқушылар өздерінің кім екенін жақсы сезініп, біріге отырып топтың ережесін құрды, оны «Алтын ереже» деп атады. Ережеде : ауызбіршілік , адамгершілік, әдептілік , тиянақтылық, жауапкершілік, бірін-бірі сыйлау, тыңдау, уақытты үнемді пайдалану сияқты ережелер қамтылды.

Оқушылар өздерінің топ болып шығарған ереже бойынша берілген тапсырманы берілген уақыт шамасында дәл аяқтау керек екенін ескертілді, барлығы өз міндеттерімен танысты.

hello_html_500fa21.jpghello_html_3ab81fe7.jpghello_html_m313a344d.jpg

Қызығушылықты ояту бөлімінде «Сабаққа ынтасы төмен» оқушылармен не істеу керек деп шештім? «Сабаққа ынтасы төмен» оқушылардың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып жауапкершілікті сезіну,ынтасын арттыру және өз-өзіне сенімді болатындай жағдай жасауға басты назар аудардым. Курсқа дейінгі сабақтарымда бұларға еш тоқталмай –ақ сабақты тек жалпылама түсіндіретін едім,ондай сабақтан нәтиже де сондай болатын.

Өткен тақырып бойынша топтарға берілген тапсырма:

1 топқа- темір дәуірінің жазба деректері,

2 топқа - сақ тайпаларының ескерткіштері,

3 топқа - сақ тайпаларының бөлінуі туралы венн диаграммасын, кластер, семантикалық карта құруға тапсырма бердім. Тапсырманы оқушылар әуелі түсінбей қайта-қайта сұрай берді. Оқушыларға қайтадан түсіндіруге тура келді. Себебі бұл тапсырмаға 5 минут бердім, бірақ оқушылар түсінбегендіктен тапсырманы 10 минут орындады. Содан кейін қарсы топтар бір-біріне диалогтық оқыту бойынша бір-біріне 2 сұрақ дайындаттым оқушылар дайындаған сұрақтарын бір-біріне қойып жауаптарын берді. Диалогтық оқытудың нәтижесі жұппен, топпен жұмыс жасап тақырыпты бірлесіп талқылайды, бір-бірінің пікірін тыңдайды.Сол арқылы тақырыпты жақсы меңгеруге көмектеседі. Сондықтан сабақта диалогтік оқытудың тиімділігін айтқым келеді. Орындалған тапсырманы асықтар арқылы бағаладым.

Мағынаны тану бөлімі бойынша жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндіріп мәтінмен жұмыс жасауға тапсырма бердім.

1 топқа - Сақтардың қоғамдық құрылысын түсіндіріңіз?

2 топқа - Сақ тайпаларының шаруашылығы қалай дамыды?

3 топқа - Қолөнер мен зергерлік,бейнелеу өнері қалай дамыды? деп үйге берілетін «Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша оқушыларға топпен постер, тірек сызба құруға тапсырма бердім. Бұл тапсырмаға 10 минут бердім. Бұл тапсырманы кейбір топтар шапшаңдықпен орындап шықты. Берілген тапсырманы уақытында тез әрі нақты жауап берген оқушылар Дана, Диана, Назерке, Нұрдаулер, Әсел, сияқты оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Тақтада берілген кесте түрінде критерилері ашық журнал бойынша әуелі өзін,сосын бірін-бірі бағалады, бұл бағалауда оқушылар өздерін жоғары бағалады. Соңында осы бағалаудан соң өзім тиісті бағасын қойып өттім.

Осыдан кейін келесі сабағымда бағалаудың басқа түрін қолдануды жөн көрдім. Себебі оқушылар өздерін жоғары бағалағандықтан.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға сергіту ойынын ойнатып алдым. Оқушылар сергіту ойынының ұнағанын айтты. Себебі сергіту ойыны оқушылардың шаршағандарын сергітіп көңлдерінің көтерілген айтты. Сергіту сәтінен кейін «Терминдер сөйлейді.» яғни тақырыптық терминдер жазылған парақшалар беремін деп жоспарлаған болатынмын, тапсырманы көп алғандықтан уақыт жетпей қалды. Сабақта сәтсіз болғаны оқушылардың бұрын бұндай жылдамдықта жұмыс жасап үйренбеуі, әзірге бір жүйеге түспеуі, яғни уақыттың жетпей қалуына әкелді, уақыттың тығыз болуы, тапсырмалардың күрделі болуы, яғни нашар үлгеретін оқушыларға сай тапсырманың болмауынан екенін көрдім. Осыларды талдай келе сабағымның құрылымын, тапсырма деңгейіне назар аударуды жөн көрдім, алдағы сабақтарымда тапсырманы аз алуды жоспарладым.

Оқушылар осы өткізген сабақта тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алды,

әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына білді, өз ойларын еркін жеткізуге ұмтылды, кластастарымен қарым-қатынастарын қалыптастырып, өздерінің қабілеттерін дамыта алды, сонымен қатар өзін-өзі бағалауға үйреніп, өзінің жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алуға үйренді.








































«Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлексивті есебі.


Оқушылармен амандасқаннан кейін, сыныпта бүгін кезекші кім, сабақта кім жоқтығын тексердім. Содан кейін оқушылардан көңіл-күйлерінің қандай екенін постерге смайликтер жапсыру арқылы білдім, яғни осы көңіл күй арқылы олардың сабақты қабылдауға ниеттерін білгеннен кейін, «Сәтті күн » психологиялық тренинг өткіздім. Тренинг кезінде оқушылар бір-біріне жақсы сәттілік тіледі яғни олар бір-біріне тілеген жақсы тілектері олардың көңіл күйлерінің көтерілгенін байқадым. Содан кейін тайпалар арқылы топқа бөлдім. Ұсынылған қағаз қиындыларындағы сақ,ғұн,қаңлы суреттері арқылы топтастырдым.

Жүйеге келтіру,топтық жұмыс - ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, білімге деген ынтасын арттырады.Тақырып бойынша алған білімдерін нығайтады, білік дағдысын дамытады. Жауапкершілікті сезінуге, топпен жұмыс жасауға, топтық ережелерді сақтауға, құрбыларының тапсырмалары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Өткен тарауды ой қозғау стратегиясы бойынша блокқа бөліп.

«Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары» тақырыбына ассоциация құрғыздым.

Сақ Үйсін

hello_html_ma72c864.gifhello_html_6bb26e4f.gifhello_html_m523f34db.gif


hello_html_m6abc0d79.gifhello_html_6cb0077f.gif

Қаңлы Ғұн

Осы ассоциация құру арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылды.

Бұл тапсырмада оқушыларды бірін-біріне бағалаттым. Бұл жерде оқушылар арасында келіспеушілік, яғни пікірталас туындады, орташа және өте жақсы оқитын оқушылардың жауаптарын салыстырғанда үлкен айырмашылықтар байқалды. Бір топта отырған (Ақмарал, Абзал, Мұратбек атты оқушылар сабақты нашар оқитын болғандықтан осылар сабаққа көп қатыспай өздерімен өздері отырды.

Орташа нәтиже көрсетушілер түсіндіргенді дұрыс тыңдамай, тіпті олардың жауабын жоққа шығаруға талпынды. Қысқаша айтқанда, олар өз әрекеттерін жоспарлай алмады, ойларын жетілдіру керек екенін түсінбей сұрақтарға қызбалықпен жауап берді. Келесі сабақта осы оқушыларға өз деңгейіндегі тапсырма беруді ұйғардым. Бағалау кезінде де осы аталған оқушылар дұрыс бағаламады. Осыдан соң мен бағалаудың басқа түрі «Бағдаршам» бағалауын пайдаландым.

Яғни: Жасыл түс: тақырыпты толық меңгерген.

Сарғыш түс: жартылай әліде толықтыру қажет етеді.

Қызыл түс: тоқтап тұр, көмек қажет ететін оқушылар.

Бағдаршам арқылы бағалауымда байқағаным оқушылардың алға қарай ұмтылымы мен қызығушылығы арта түсті. Сабақ барысында әр оқушының айтқан пікірі мен үшін өте құнды. Құндылығын сезіну, қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «үш шапалақ» тәсілінде тиімді пайдаландым. Жетістігін қолдау оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыра түсті.

Келесі кезеңде жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспарын түсіндіріп, жоба технологиясы элементін қолданып оқушыларға түсіндіру арқылы тапсырма бердім.

Топтарға мәтінді оқуды ұсынып, әр топқа тірек сызба, сәйкестендіру тесті, тірек

конспекті арқылы ауызша түсіндіреді, оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізіп, картадан түрік тектес халықтардың алып жатқан аумағын көрсетеді. Қазіргі түркі тектес ұлттардың алты тобын және онда мекендеген ұлттарды сәйкестендіреді.

. Топтарға берілген тапсырма:

1-топқа:Ежелгі ру – тайпалардың қалыптасуы.

2-топқа:Ерте орта ғасырдағы халықтық қалыптасудағы тарихи кезеңдері.

3-топқа:Түркі тілдес халықтардың ата – бабаларының, қазіргі түркі тектес халықтардың алып жатқан аумағы. Бұл тапсырмада оқушыларға өздерін топтық бағалау арқылы бағалаттым.

hello_html_38677b0b.png


Интерактивті тақта арқылы «Данышпан» сергіту сәтін өткіздім.

hello_html_m45180b2a.png

Бір күні данышпанның даналығын көре алмаушы адам, көбелекті ұстап алып данышпанға келеді. Менің қолымдағы тірі зат па, әлде өлі зат па? – деп сұрйды данышпаннан.Сонда данышпан оған байыппен қарап тұрып, былай деп жауап қайтарған: Оқушылар данышпанның не деп айтқанын өздерінің ойларымен жеткізеді.

Сергіту сәтінен кейін әр топқа бір-біріне қоятын екі сұрақтан дайындатамын. Әр топ бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын береді. Жауаптар толық болмаса қалған топ жауапты толықтырады.

Интерактивті тақта арқылы ру тайпалардың суреттерімен жұмыс жасаттым. Бұл тапсырмада оқушылар көрсетілген суретті тірек - сызбалар арқылы қазақ халқының қалыптасуына жалпы шолу жасап бекітті.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың өздеріне «Бағдаршам» арқылы өз-өздерін бағалаттым.

hello_html_m1571828e.jpghello_html_m31386b17.jpg






































Мәтінмен жұмыс жасайды., талқылайды, пікір алмасады. Әңгімелейді, зерттейді. Акт пайдаланады.






















Мен өз тарапынымнан алдын-ала дайындалған слайдтардан тапсырмалар бердім. Қайталау тапсырмалары көмегімен тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін оқушылар қол көтеріп ережелерін айтып, тақтаға жапсырды. Мысалы: уақытты үнемді пайдаланамыз, барлығымыз оқыту үшін жауаптымыз, бір-бірімізді тыңдаймыз, бір ғана адам сөйлейді, өз ойларымызбен бөлісеміз, тақырыптан ауытқитын сұрақтар қоймаймыз,топ басшысы міндетті түрде есептеу жүргізетін болды деп келісім жасалды. Осыдан соң оқушылармен сергіту сәтін «Балықтар » ойыны (балықтардың суретіне қарап атын табу) өткіздім. Келесі орындаған тапсырманы оқушылар белсенді жүргізді, олар бір-біріне көмектесіп, берілген кестенің дұрыс топтастырылуын тексеріп, алдарындағы бағалау парағына + таңбасын қойып отырды. Мысалы: Әр топ өз жануарларына жан бітіру үшін біз оларды тыныс алдыруымыз керек деп өздеріне орындауға тапсырма бердім.
Қосмекенділердің басым көпшілігі (көл бақа, құрбақа және басқалар) өкпемен тыныс алады,міне осыдан соң бірінші топ оларда тыныс алуға тері де қатысады,себебі қосмекенділердің өкпесі нашар дамыған деп өз жауаптарын дәлелдеп өтті. Өкпесі сырттан келетін ауамен жанасу бетінің аумағы шағын болғандықтан, газ алмасуды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды деген толықтыруды екінші топ оқушылары айтып толықтыру енгізді, яғни бұрынғы сабақтарда болса дұрыс емес мен дұрыстаймын десе қазір олардың бір- біріне қарым- қатынасы өзгерді.Сондықтан қосымша газ алмасу – тері арқылы жүреді, қосмекенділердің жұп өкпесі сопақша пішінді, сондай-ақ қапшық тәрізді деп менде толықтыру жасадым. Келесі тапсырма ол әр топта семантикалық кесте толтыру болды. Ондағы сұрақтар балықтардың көбеюі, қоректенуі, тыныс алуы деп берілді.. Бұл сабағым сәтті өтті деймін, өйткені оқушылардың белсене қатысқаны орташа оқушының мысалға мекен ету ортасы деп пікірін айтқанының өзі оның биологиялық тілде сөйлегенін табыс деп есептедім.Тақырыпты анықтау мақсатында жеке бөліктерде бөлінген картинаны тұтасқа біріктіріп, жинақтау. Егер сіздер картинаны дұрыстап жинасаңыздар, сабақтың бүгінгі тақырыбын табасыздар деп оларды сабақ соңында бірлесуге шақырдым. Себебі ынтымақтастық сабақ басында ғана емес, сабақ соңындада болуы керек. Ең маңыздысы менің прогресс жасауым яғни оқушының ойын, нені түсінгенін, нені түсінбегенін сырттай бақылап, одан қорытынды шығарып аты-үсті бағаламай, қажет жерінде марапаттап отырдым. Сабақтағы басты мақсатым ол оқушы қызығатындай мағыналы да, мазмұнды ету еді, бағалаудың да бірнеше түрін бір сабақта қамту тиімді, себебі бағаламас бұрын сараптама жасаймын. Алдағы уақытта әріптестерімді жеті модульдің әр сабақта кем дегенде 3-4 қолдансақ нұр үстіне нұр болар еді.



















































« »

В.В.Давыдов, В.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншідін, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»- дейді. Өзім сабақты алдымен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым, яғни алдымен амандасып болған соң оқушылардан көңіл-күйлерін стикерлерде көрсетуді сұрадым.Осыдан соң үй тапсырмасын тексеру мақсатында жалпы сұрақтар беріп, кері байланысты орнаттым, яғни әрбір жауап берген оқушыға жетон беріп отырдым. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға биологиялық ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені биологияны оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытудың мәні зор екенін көрсетеді.
Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін артырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі, мысалы мен оқушы нені меңгереді?-деген сұрақтар арқылы нақты мақсатымды белгілеп, жоспарлап алдым.
Оқушыларға нақты қызмет тәжірибесін меңгертіп, оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретуді көздедім.
Сонымен қатар мысалы жануарлардың инстинкті күшік, мысықтың адаспай үйге оралуы, Павловтың итке жасаған тәжірибесін талдай отырып,оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік беру, олардың іс әрекетіне негізделген оқу көлемін басқару. Менің келесі сабақтарға қойған талабым, уақытты үнемдеуге үйрету, оқушылар үшін психологиялық жағдайды жағымды ету, сабақ барысында дұрыс шешім қабылдап, оқушылардан аса жауапкершілікті талап ету. Сабақ нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйрету. Сонымен биология сабағындағы білім берудегі жаңа модульдің ерекше екендігіне көз жеткіздім, себебі сабағым тартымды да, тиімді болды.
























«» тақырыбындағы сабақ талдауы


Топтасып тіршілік етудің түрлері инстинкт туралы түсінік пен ұғым беріп, топтасып тіршілік ететін жануарлар тобындағы еңбек бөлінісінің мәнін, топтық мінез- қылық туралы білімнің практикалық пайдасын көрсету деп сабақ мақсатымен оқушыларды таныстырып,олардан қандай нәтиже күтетініммен толық таныстырып өттім. Білгенге маржан айдарыментөмендегідей орта деңгейдегі сұрақтар арқылы сабақты бастадым.

Жем тапса, бөлісіп жейді

Мойнын бұрмай-ақ алды артын көре алады

Өз жұмыртқасын басқа кұстың ұясына салады

Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар

Әнші құс,осы сұратардың жауабы бойынша өздерін бағалады.

Оқушылар сабаққа қызығушылық танытты. Топпен де, жұппен де қызу жұмыс жасады. Сурет бойынша жұмыста диалог әнгіме құрастырып рөлде ойнап көрсетті. Сұраққа барлық оқушылар жауап берді. Топпен жұмыс жүргізген оқушыларға ұнады.

Жануарлардың мінез-қылығы оның құрылысындағы қандай мүшелермен байланысты?

Жүйке жүйесі жануардың мінез-қылығын реттейтінін нақтылы мысалмен сызбанұсқа бойынша дәлелде(нейрон туралы мағлұматты еске ал).

«Ақылды құмырсқалар» видеоролигін қарап,топтардың талдаулары тыңдалды. Үш топ оқушылары өз топтарымен бірлесіп тапсырмаларды орындайды, жауап –тарын негіздеп, дәлелдейді. Осы тапсырмалар ішінде ең ерекше болғаны «Топтасып ұшқан торғайға, күйкентай да бата алмас» мақалының мазмұнына талқылауды дұрыс түсініп, атйқан сөздері көңілге қонымды болды, сұрақ қою арқылы оқушыларды сөйлеуге ынталандырамыз, білімге құштарлығын дамытамыз. «Жануарлардың мінез-қылығы» тақырбын өткенде оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үлестірдім. Мәтінді оқып өзге топқа әңгімелеп беру керек болды.Топтық жұмыс үстінді екі жақты идеялармен ой бөлісіп отырды. Топ мүшелері суретпен, өз сөзімен әңгімелеп берді. Осы тапсырманы орындау кезінде топтар өзара бірін-бірі толықтырып отырды. Әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды. Әңгімелесу мен ой елегін өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекетін тереңдетеді және шоғырландырады. Оқу барысында Мерсердің сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтағанын сабақ барысында біліп, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39-б (Мерсер,2000) мен өз сабағымда осы айтылғандардың бәрін қамтыдым.Оқушылардан сабақ барысында белсенділік танылып тұрды. Қорыта келгенде, барлық жаңа технологиялардың алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болды.






























Бір топта отырған (Ақмарал, Абзал, Мұратбек атты оқушылар сабақты нашар оқитын болғандықтан осылар сабаққа көп қатыспай өздерімен өздері отырды.



































Осы жаңаша жұмыстың нәтижелі болатынын практика жүзінде зерттеп, талдап, жүргізіп шешімге келдім

Осындай жұмыстар нәтижесінде көздеген мақсатыма жеттім.








«Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлективті есебі.


Оқушылармен амандастым. Кезекшіден сыныпта бүгін сабақта кім жоқтығын тексердім.Содан кейін оқушылардан көңіл-күйлерінің қандай екенін сұрадым, олар көңіл күйлерінің смайликтер жапсыру арқылы постерде көрсетті, яғни осы көңіл күй арқылы олардың сабақты қабылдауға ниеттерін білдім. «Сәтті күн » психологиялық тренинг өткіздім. Оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі.

Ұсынылған қағаз қиындыларын алып сақ,ғұн,қаңлы тайпалар арқылы топтарға бөлдім. Жүйеге келтіру,топтық жұмыс - ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, білімге деген ынтасын арттырады.

Тақырып бойынша алған білімдерін нығайтады, білік дағдысын дамытады.

Жауапкершілікті сезінуге, топпен жұмыс жасауға, топтық ережелерді сақтауға, құрбыларының тапсырмалары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Мен өз тарапынымнан алдын-ала дайындалған слайдтардан тапсырмалар бердім. Тарауды ой қозғау стратегиясы бойынша блокқа бөліп, қайталау тапсырмалары көмегімен тақырып бойынша алған білімдерін оқушылар қол көтеріп айтып жауаптарын берді. Осыдан соң оқушылармен сергіту сәтін «Денені шынықтыру » ойынын өткіздім. Келесі орындаған тапсырманы оқушылар белсенді жүргізді, олар бір-біріне көмектесіп, берілген кестенің дұрыс топтастырылуын тексеріп, алдарындағы бағалау парағын толтырып отырды.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Қолданатын кез келген нысанның артында баланың дамуы, оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.

( Александер 2001)

Оқыту үшін бағалау – білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі. ( нұсқаулық 57 бет) . Бұдан білім алуды бағалайтын жалғыз мұғалім емес, оқушылардың да негізгі рөл атқаратындығын байқауға болады. Осы мақсатта сабақтарымда мен оқушыларды жеке бағалауды жетондар, ал бірін-бірі « екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды ұсындым. Бұл кезде өзгенің жетістігін бағалап, түзету мақсатында ұсыныс айтуға бағытталды. Тақырыпты қандай дәрежеде меңгергендігін бағалауды бағдаршам түстерін пайдаландым. Жасыл: тақырыпты толық меңгерген. Сарғыш: жартылай әліде толықтыру қажет етеді. Қызыл: тоқтап тұр, көмек қажет ететін оқушылар.

Бағдаршам арқылы бағалауымда байқағаным оқушылардың алға қарай ұмтылымы мен қызығушылығы арта түсті. Сабақ барысында әр оқушының айтқан пікірі мен үшін өте құнды. Құндылығын сезіну, қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «үш қол шапалақ» тәсілінде тиімді пайдаландым. Жетістігін қолдау өзіне деген сенімділігін артыра түсіреді.

hello_html_25a8fbfb.pnghello_html_38677b0b.png

Оқушылардың өзін-өзі бағалауларында артық бағалаулар болып жатты. Өздеріне неліктен бұлай бағалауына себептерін сұрадым , кейіннен шынайы бағалауға тырысты. Сабақта дұрыс отыра алмайтын, қозғалысы көп оқушылар болды .Осы кедергіні жою негізінде бағалау критериіне тәртібі бөлімін енгізуге тура келді. Бұл кезде оқушылар тәртіптерін дұрыстауға, өзін-өзі реттеуге көшті. Топтық бағалауда тек өзіне ғана емес көршілес топтарды бағалауды үйренді. Бір-бірлерінің сындарын көтеріп, келесі жұмыстарды жоюға тырысты.

Кері байланыс жасау- оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе екенін ұқтым. Сондықтан әр сабақтың соңын нені үйренгендерін, сұрақтарын және ұсыныстарын жазып отырды. Бұл ақпарат оқушының ақпаратты қаншалықты игергенін білу үшін және де қай жағынан дамыту керектігін анықтауға көп мүмкіндігін берді. Сонымен қатар смайлик арқылы көңіл-күйлерін көрсетті. Бағалау жүйелеріне жаңа формалар еңгізе отырып, біршама өзгерістер байқалды.

  • Оқушыларда оқуға деген қызығушылығы мен құлшынысы артты.

  • Шынайы түрде өзін және сыныптасын бағалауды үйренді.

  • Кері байланыс арқылы өзін қалай жетілдіруге болатынын түсінді.

  • Үнсіз оқушылар ашылды.

  • Қиын оқушылар реттелді.

Бұндай бағалау оқушыларды қалыптастыратын, оларды өмірге икемдейтін, бағыт беретін, сыни көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді деп білемін.






























Мысалы: Әр топ өз жануарларына жан бітіру үшін біз оларды тыныс алдыруымыз керек деп өздеріне орындауға тапсырма бердім.
Қосмекенділердің басым көпшілігі (көл бақа, құрбақа және басқалар) өкпемен тыныс алады,міне осыдан соң бірінші топ оларда тыныс алуға тері де қатысады,себебі қосмекенділердің өкпесі нашар дамыған деп өз жауаптарын дәлелдеп өтті. Өкпесі сырттан келетін ауамен жанасу бетінің аумағы шағын болғандықтан, газ алмасуды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды деген толықтыруды екінші топ оқушылары айтып толықтыру енгізді, яғни бұрынғы сабақтарда болса дұрыс емес мен дұрыстаймын десе қазір олардың бір- біріне қарым- қатынасы өзгерді.Сондықтан қосымша газ алмасу – тері арқылы жүреді, қосмекенділердің жұп өкпесі сопақша пішінді, сондай-ақ қапшық тәрізді деп менде толықтыру жасадым. Келесі тапсырма ол әр топта семантикалық кесте толтыру болды. Ондағы сұрақтар балықтардың көбеюі, қоректенуі, тыныс алуы деп берілді. Бұл жерде де оқушылар арасында келіспеушілік, яғни пікірталас туындады, ол «Қалам столдың ортасында» ол орташа және өте жақсы оқитын оқушылардың жауаптарын салыстырғанда үлкен айырмашылықтар байқалды. Орташа нәтиже көрсетушілер түсіндіргенді дұрыс тыңдамай, тіпті олардың жауабын жоққа шығаруға талпынды. Қысқаша айтқанда, олар өз әрекеттерін жоспарлай алмады, ойларын жетілдіру керек екенін түсінбей сұрақтарға қызбалықпен жауап берді. Осыдан соң мен барлық тапсырмаларды талдай келе сыни ойлауды құруды қабылдап және бағалай білу керек екенін, қиындық туғанда «Болжам кестесін» пайдалануды ұсындым. Бұл сабағым сәтті өтті деймін, өйткені оқушылардың белсене қатысқаны орташа оқушының мысалға мекен ету ортасы деп пікірін айтқанының өзі оның биологиялық тілде сөйлегенін табыс деп есептедім.Тақырыпты анықтау мақсатында жеке бөліктерде бөлінген картинаны тұтасқа біріктіріп, жинақтау. Егер сіздер картинаны дұрыстап жинасаңыздар, сабақтың бүгінгі тақырыбын табасыздар деп оларды сабақ соңында бірлесуге шақырдым. Себебі ынтымақтастық сабақ басында ғана емес, сабақ соңындада болуы керек. Ең маңыздысы менің прогресс жасауым яғни оқушының ойын, нені түсінгенін, нені түсінбегенін сырттай бақылап, одан қорытынды шығарып аты-үсті бағаламай, қажет жерінде марапаттап отырдым. Сабақтағы басты мақсатым ол оқушы қызығатындай мағыналы да, мазмұнды ету еді, бағалаудың да бірнеше түрін бір сабақта қамту тиімді, себебі бағаламас бұрын сараптама жасаймын. Алдағы уақытта әріптестерімді жеті модульдің әр сабақта кем дегенде 3-4 қолдансақ нұр үстіне нұр болар еді.



















































« »

В.В.Давыдов, В.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншідін, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»- дейді. Өзім сабақты алдымен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым, яғни алдымен амандасып болған соң оқушылардан көңіл-күйлерін стикерлерде көрсетуді сұрадым.Осыдан соң үй тапсырмасын тексеру мақсатында жалпы сұрақтар беріп, кері байланысты орнаттым, яғни әрбір жауап берген оқушыға жетон беріп отырдым. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға биологиялық ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені биологияны оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытудың мәні зор екенін көрсетеді.
Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін артырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі, мысалы мен оқушы нені меңгереді?-деген сұрақтар арқылы нақты мақсатымды белгілеп, жоспарлап алдым.
Оқушыларға нақты қызмет тәжірибесін меңгертіп, оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретуді көздедім.
Сонымен қатар мысалы жануарлардың инстинкті күшік, мысықтың адаспай үйге оралуы, Павловтың итке жасаған тәжірибесін талдай отырып,оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік беру, олардың іс әрекетіне негізделген оқу көлемін басқару. Менің келесі сабақтарға қойған талабым, уақытты үнемдеуге үйрету, оқушылар үшін психологиялық жағдайды жағымды ету, сабақ барысында дұрыс шешім қабылдап, оқушылардан аса жауапкершілікті талап ету. Сабақ нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйрету. Сонымен биология сабағындағы білім берудегі жаңа модульдің ерекше екендігіне көз жеткіздім, себебі сабағым тартымды да, тиімді болды.
























«» тақырыбындағы сабақ талдауы


Топтасып тіршілік етудің түрлері инстинкт туралы түсінік пен ұғым беріп, топтасып тіршілік ететін жануарлар тобындағы еңбек бөлінісінің мәнін, топтық мінез- қылық туралы білімнің практикалық пайдасын көрсету деп сабақ мақсатымен оқушыларды таныстырып,олардан қандай нәтиже күтетініммен толық таныстырып өттім. Білгенге маржан айдарыментөмендегідей орта деңгейдегі сұрақтар арқылы сабақты бастадым.

Жем тапса, бөлісіп жейді

Мойнын бұрмай-ақ алды артын көре алады

Өз жұмыртқасын басқа кұстың ұясына салады

Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар

Әнші құс,осы сұратардың жауабы бойынша өздерін бағалады.

Оқушылар сабаққа қызығушылық танытты. Топпен де, жұппен де қызу жұмыс жасады. Сурет бойынша жұмыста диалог әнгіме құрастырып рөлде ойнап көрсетті. Сұраққа барлық оқушылар жауап берді. Топпен жұмыс жүргізген оқушыларға ұнады.

Жануарлардың мінез-қылығы оның құрылысындағы қандай мүшелермен байланысты?

Жүйке жүйесі жануардың мінез-қылығын реттейтінін нақтылы мысалмен сызбанұсқа бойынша дәлелде(нейрон туралы мағлұматты еске ал).

«Ақылды құмырсқалар» видеоролигін қарап,топтардың талдаулары тыңдалды. Үш топ оқушылары өз топтарымен бірлесіп тапсырмаларды орындайды, жауап –тарын негіздеп, дәлелдейді. Осы тапсырмалар ішінде ең ерекше болғаны «Топтасып ұшқан торғайға, күйкентай да бата алмас» мақалының мазмұнына талқылауды дұрыс түсініп, атйқан сөздері көңілге қонымды болды, сұрақ қою арқылы оқушыларды сөйлеуге ынталандырамыз, білімге құштарлығын дамытамыз. «Жануарлардың мінез-қылығы» тақырбын өткенде оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үлестірдім. Мәтінді оқып өзге топқа әңгімелеп беру керек болды.Топтық жұмыс үстінді екі жақты идеялармен ой бөлісіп отырды. Топ мүшелері суретпен, өз сөзімен әңгімелеп берді. Осы тапсырманы орындау кезінде топтар өзара бірін-бірі толықтырып отырды. Әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды. Әңгімелесу мен ой елегін өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекетін тереңдетеді және шоғырландырады. Оқу барысында Мерсердің сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтағанын сабақ барысында біліп, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39-б (Мерсер,2000) мен өз сабағымда осы айтылғандардың бәрін қамтыдым.Оқушылардан сабақ барысында белсенділік танылып тұрды. Қорыта келгенде, барлық жаңа технологиялардың алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болды.



Краткое описание документа:

Оқушылармен амандасқаннан кейін, сыныпта бүгін кезекші кім, сабақта кім жоқтығын тексердім. Содан кейін оқушылардан көңіл-күйлерінің қандай екенін постерге смайликтер жапсыру арқылы білдім, яғни осы көңіл күй арқылы олардың сабақты қабылдауға ниеттерін білгеннен кейін, «Сәтті күн » психологиялық тренинг өткіздім. Тренинг кезінде оқушылар бір-біріне жақсы сәттілік тіледі яғни олар бір-біріне тілеген жақсы тілектері олардың көңіл күйлерінің көтерілгенін байқадым. Содан кейін тайпалар арқылы топқа бөлдім. Ұсынылған қағаз қиындыларындағы  сақ,ғұн,қаңлы суреттері арқылы топтастырдым.

 Жүйеге келтіру,топтық жұмыс - ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, білімге деген ынтасын арттырады.Тақырып бойынша алған білімдерін нығайтады,  білік дағдысын дамытады. Жауапкершілікті сезінуге, топпен жұмыс жасауға, топтық ережелерді сақтауға, құрбыларының  тапсырмалары арқылы  логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Өткен тарауды ой қозғау стратегиясы бойынша блокқа бөліп.

 

«Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары» тақырыбына ассоциация  құрғыздым. 

Автор
Дата добавления 05.03.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1386
Номер материала 422502
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх