Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақстан тарихы "Тарихи деректермен жұмыс жасау әдістері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақстан тарихы "Тарихи деректермен жұмыс жасау әдістері"

библиотека
материалов

Тарихи деректермен жұмыс жасау әдістері

Тарихи құжаттарды пайдаланудың маңызы неде? Тарихи құжаттар – өткеннің тікелей ескерткіші және осы негізде сендірерлік және дәлелдерлік қасиетке ие. Құжат заманның ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді, өткеннің жарқын бейнелерін жасауға, оқушылардың қиялын дамытуға жағдай жасауға көмектеседі, бөлек оқиғаларды жаңғырту мүмкіндігін азайтады. Құжат тарихи білімнің дерегі ретінде мазмұнын талдауды, одан алынған мағлұматтарды қорытындылауды, белгілі бір баға беруді талап етеді. Құжаттармен жұмыс жасау ойлауға, пайымдауға, ақпарат алуға үйретеді.

Құжаттар маңызды деректерді, түсініктерді, қоғамдық дамудың заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі, оқушылардың пікірін қалыптастырады. Деректі материалдарды пайдалану оқушылардың ойлауын күшейтеді, өткен мен қазіргі заманның оқиғаларын қарастыруда анализ бен синтезге үйретеді. Құжаттарды өзбетіндік талдау оқушыларды қарапайым зерттеу жұмысының дағдыларымен жарақтандырады, тарихи деректерді сыни тұрғыдан талдау әдістеріне үйретеді. Ақпаратпен жұмыс істеуді анық ұйымдастыру үшін тарихты оқытудың әрбір кезеңінде іскерлік жүйесін анықтау қажет болады. Бұл үшін міндетті минимумы және тарихи білімнің оқу бағдарламаларының талаптарын ескеру керек.

Тарихи құжаттармен жұмыс істеудің негізгі дағды және іскерліктерін жүйелеуге 5-6 және 7-8 сынып оқушыларының білімдері және икемділіктері дәрежесін сипаттау үшін міндетті минимум, сонымен қатар негізгі мектеп түлегінің қалаған деңгейі кіреді. Жүйе оны жарақтауды қолына алған мұғалімнің қалауымен толықтай түзетілуі (күрделенуі немесе жеңілдетілуі) мүмкін. Бастысы, сабақтастық, жүйелілік және дамудың негізгі принциптері сақталса болғаны. Мысалы, егер де 5-ші сыныптың түлегі тарихи құжаттарды қолданып оқиға (тұлға) туралы әңгіме құрай білу керек болса, онда 6-шы сынып түлегі бірнеше тарихи құжаттарды пайдаланып толық әңгіме құрауы керек. Егер де сабақтастық принципі сақталса және негізгі дағды мен іскерлік құру жұмысы жүйе бойынша жүрсе, онда 7-ші сынып түлегі тарихи құжатты тарихи оқиға контекстінде талдай алады, сонымен қатар тарихи құжатты өзінің пікірін дәлелдеуде де пайдалана білетін болады. Сегізінші сынып оқушысы қажетті ақпаратты іздеу жұмысын жүргізе алатын және бір немесе бірнеше тарихи құжат материалдарына сүйене отырып өзінің жеке пірікін айта алады. Негізгі мектеп түлектеріне тән іскерлік пен дағды «қалаған деңгейінде» көрініс табады. Іскерлік қабілеттерді дамыту сабақтастық және оқу барысының барлық кезеңдерінде жүйе бойынша жұмыс жасаған жағдайда ғана мүмкін болмақ.

5-6 сынып оқушыларына сипаттама берудің міндетті минимумы. Тарихи құжаттан қарапайым мағлұмат алу

5.1 Құжат типін анықтай білу;

5.2 Тарихи құжаттың жазылу уақытын немесе тарихи кезеңді анықтай білу;

5.3 Авторын (егер мүмкін болса) немесе жорамалданып отырған автордың қандай әлеуметтік топқа жататындығын анықтай білу;

5.4 Бірнеше тарихи құжатты хронологиялық ретпен орналастыра білу;

5.5 Тарихи құжатпен мұғалімнің жеке сұрақтары бойынша жұмыс жасай білу;

5.6 Құжатқа қатысты нақты сұрақтар құрай білу;

5.7 Тарихи құжаттың мазмұнын айту білу;

5.8 Тарихи құжатты пайдалана отырып оқиға (тұлға) туралы қарапайым әңгіме құра білу;

6.1 Ойға алған жоспар бойынша тарихи құжатты талдай білу;

6.2 Бірнеше тарихи құжатты пайдалана отырып толық әңгіме құрастыра білу;

7-8-9 сынып оқушыларына сипаттама берудің міндетті минимумы. Жұмыстың біршама кең талданған сипаты.

7.1 Біршама кең талданған сипаттағы тарихи құжатқа сұрақ құрай білу;

7.2 Ойға алған жоспар бойынша (жоспардың біршама жоғары деңгейі) тарихи құжатты талдай білу;

7.3 Тарихи оқиға контекстінде тарихи құжатты талдай білу;

7.4 Тарихи құжатты белгілі бір тарихи деректі, оқиғаны, өзінің пікіні дәлелдеу үшін пайдалана білу;

8.1 Бір немесе бірнеше тарихи құжатта қажетті ақпаратты іздеу жұмысын жүргізе білу;

8.2 Бір немесе бірнеше тарихи құжат материалына сүйене отырып өзінің пікірін құра білу;

Негізгі мектептің 9 сынып түлегінен күтілетінн деңгей:

9.1 Бірнеше тарихи құжаттан оқу тапсырман өзбетінше шешу үшін қажетті материалды ала білу;

9.2 Басқа да тарихи деректердің көмегімен тарихи құжат құра білу;

9.3 Белгілі бір оқиғаға қатысты түрлі көзқарастар көрініс табатын тарихи құжат дайындау білу;

9.4 Тарихи құжатта көрініс тапқан оқиғалар мен деректердің себеп-салдарлы байланысын анықтай білу;

9.5 Бірнеше тарихи құжаттан қажетті ақпаратты ала білу, оны қорытындылап және талдай білу;

9.6 Бірнеше тарихи құжатты талдау барысында алынған ақпаратты еркін пайдалана білу;

Сабақта қазір не істейтін анық түсінген жағдайда (нақты мақсат бар, ол әрекет ететін жол анық) ғана оқушы өзін жайлы сезінеді. Болашақ жетістік мектепте тарих сабағын оқудың барлық кезеңінде оқу логикасы өзгермейтін алғашқы «қалыпты» тақырыптарын оқығанда қалыптасады. Бұл соғыстың, нақты бір шайқастың (ұрыс), тарихи тұлғаның, көтірілістің, жорықтың (экспедицияның), реформаның және т.б. сипаттамасы секілді тақырыптар. Бұл жұмыста пән бойынша әдістемелік оқулықтан табуға болатын оқушыларға арналған жаднамалар көмектеседі. Оларды сабақ басталар алдында партаға жайып қойып, сабақ басталғаннан қолдануға болады.

Жоспар құра білуге үйретудегі келесі қадам – қадам сайын бірге зерттеу жоспарын құру. Бұл үшін сұрақтар тізімі жасалады, олар мәселені (тақырып) зерттеу қисыны бойынша сап түзейді. Осыдан кейін, тақырыпты зерттеудің нақты жоспары құрылған сәттен салыстыру үшін кез келген деректен алынған немесе бұған дейінгі жылдардағы оқушылар мен мұғалімдер құрған осыған ұқсас тақырыпты зерттеу жоспары ұсынылады.

Мысалы, «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы» сабағында 7 сынып оқушылары келесідей зерттеу жоспарын құрады:

1. Тәуке қашан дүниеге келді? Оның ата-анасы кімдер болды?

2. Балалық шағы қалай өтті?

3. Шыққан тегі мен әлеуметтік дәрежесі қандай?

4. Мінез-құлқы қандай? Оның қалыптасуына не әсер етті?

5. Хан сайлануы.

6. «Жеті жарғы».

7. Елдің дамуына ол қалай әсер етті?

8. Тәукеге деген менің көзқарасым.

Салыстыру үшін оқушыларға тарихи тұлға Қасым ханды сипаттау жаднамасының үлгісі ұсынылады.

1. Тұлғаның мінез-құлқы қалыптасқан жағдайды анықтау.

2. Мінез-құлық ерекшеліктерін айқындау, халқы мен елінің алдында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін оған көмектескен тұлғалық қасиеттерін анықтау.

3. Тұлға қатысты өзінің көзқарасын білдіру.

4. Тұлғаның елінің тарихындағы ролін, оның кейінгі жағдайға ықпал етуіне баға беру.

Оқушыларға сұрақ қойылады: «Олардың жоспары мұғалім ұсынғаннан несімен ерекшеленеді?». Жоспар тек қана сауалнама түрінде ғана емес, сонымен қатар зерттеу жұмысына алгоритм беретін хабарламалық пікір түрінде де болуына баса назар аударылады. Оқушылардың қандай да болмасын тарихи оқиға, мәселе, тұлға және т.б. қатысты зерттеу жұмыстарының жоспарының бөлімін алға қоя білу қабілетін жылдамдату маңызды. Бұл құжаттарды талдаудың уақытын қысқартады, осыдан кейін мәнжазба, баяндама және т.с.с. жазуды қолға алуда сенімді болуға жетелейді.

Тарихи және қоғамдық білімнің дерек қоры өте әртүрлі болып келеді, алайда мектеп тәжірибесінде жазба деректер аса сұранысқа ие. Мұндай деректерді зерттеу көп деңгейлі болуы керек: уақытын, авторы мен оның саяси бағдарын, ұсынылған құбылыстың шынайылын анықтаудан бастап, салыстыру, жинақтау, түсіндіруге дейін барады. Оқушылардың деректермен жұмыс жасау дағдысы сапасын басқару үшін мұғалімге ең алдымен қалыптастыру керек болатын әрекет тәсілдерін таңдап алу керек болады. Әдетте келесілері бөліп көрсетіледі:

1) Дерек мәтінін мұқият оқып шығу;

2) Оның басты мәнін анықтау;

3) Негізгі түсініктері, деректері, атаулары, мезгілдерін анықтау;

4) Айтылып отырған құбылысты нақтылау мақсатында мәтінді талдау;

5) Автор аргументациясын талдау;

6) Мәтінге өзінің сұрақтарын даярлау;

7) Мәтіннің мазмұнын оқушылардың алған білімдерімен, сонымен қатар басқа да дерек көздерімен салыстыру;

8) Шыққан қорытындыны, себеп-салдарлы байланысты, өзіндік қорытынды мен пайымдаулардың логикалық тізбегін тұжырымдау;

9) Хабарлама, сұраққа жауап, сызба, кесте, мәнжазба және т.б. түріндегі құжаттың талдауымен таныстыру.

Осыдан кейін оны құрудың күрделілік деңгейіне байланысты құжаттармен жұмыс жасаудың басты әдістері тұрады.

Біріншіден, бұл құжатты оқу материалын мұғалімнің баяндау процесінде пайдалану – оның мазмұндауы немесе үзінді келтіруі.

Екіншіден, бұл оқытушының мәнін, терминдерді, мазмұнын түсіндіре отырып түсінік беру арқылы оқуы. Жұмыстың бұл кезеңіне оқушылар да ат салыса бастайды.

Келесі кезеңі мұғалім қойған сұрақтар жүйесі негізінде деректі топтық талдау болуы мүмкін. жауаптар тыңдалып, оқушылар және мұғалімнің өзінің айтуымен анықталып өтіледі. Жоғарыда айтылған әдістердің бәрі оқушылардың деректі материалмен – өзбетінділікпен жұмыс жасаудың одан да жоғары деңгейіне көшуі үшін біршама жақсы негіз болады.

Зерттеу жұмысының кезеңдерін, түрлерін және әдістерін байланыстыратын толық алгоритм.


Кезеңнің атауы

Анатитикалық жұмыс түрлері

Әдіс-тәсілдері

І. Дайындық жұмыстары

Деректі алдын ала жалпы шолу

Құжат типін анықтау, болжанып отырған мазмұнын ұғуға дайындау мақсатында оның тақырыбына ойша шолу жасау.

Деректің қандай авторға тән екендігін қарастыру (отандық немесе шетелдік ғалым, жазушы, тоғышар және т.б.)

Пайдалану аясы мен пайда болған уақытын анықтау үшін құжаттың қайдан шыққандығы туралы мәліметтерді талдау (бар болған жағдайда)

ІІ. Құжатқа талдау жасау

Құжат терминологиясын анықтау, түсініктемелік аппаратпен жұмыс жасау.

Себептерін, тарихи жағдай мен жазба дерегінің пайда болу уақытын анықтау.

Деректе келтірілген фактілер мен оқиғаларды талдау.

Құжатта аталған тұлғаларға сапалы мінездеме беру.

Сөздіктермен және энциклопедиялармен жұмыс жасау.

Түсініктерді айқындауда маңызды ерекшеліктерді анықтау.

Мағынасына жағын терминдерді іріктеу.

Түсініктердің қолданылу және пайда болуының хронологиялық шегін ерекше бөліп көрсету.

Қарастырылып отырған терминдердің мазмұнына сәйкес келетін тарихтан және қоғамдық өмірден алынған оқиғалар және деректерді бекіту.

Аталған деректің пайда болуына себепші болған тарихи жағдайды анықтау.

Құжаттың пайда болуының тарихи кеңістігіне сипаттама беру.

Хронологиямен жұмыс – құжатта көрсетілген күнін анықтау, оларды жыл санау жүйесіне келтіру; тарихи уақытты өмірдің түрлі салаларының белгілі деректері, оқиғалары, құбылыстары, биографиялық сипаттағы мағлұматтар бойынша анықтау.

Деректің шынайылығын анықтау (соғыс, реформа, революция, бүлік, конференция және т.б.).

Оқиғаға түрткі болған себептерді анықтау.

Тарихи процесте аталған фактінің орнын анықтау (басқа құбылыстар тізбегіндегі оның ролі).

Деректің маңызын анықтау (оның әсер етуі, ықпалы, берген сабағының нәтижесі).

Дерек мәтінінде оған көрсететін есімдер, фамилиялар немесе қосымша нұсқауларды анықтау.

Дерек мазмұнына кірген биографиялық мәліметтер, тұлғалардың атқаратын міндеттерін анықтау.

Кейіпкерлердің көзқарастарын, ой-пікірлерін ерекше атап көрсету (саяси, діни және т.б.).

Аталған тұлға қандай қоғамдық күштің көзқарасын қорғағандығын анықтау.

Тұлға қызметіне баға беру.

ІІІ. Дерек мазмұнын меңгеру және оның зерттеу қорытындысын тұжырымдау.

Құжаттың басты сұрақтарын бөліп көрсету.

Деректің жайын анықтау.

Құжат зерттеуімен таныстыру

Мәтінді оның негізгі жайын көрсететін мазмұнды бөліктерге бөлу.

Екінші деңгейлі, аса маңызды емес материалды бөліп көрсету.

Сараптап алынған материалды топтау.

Деректе мазмұндалған ой-пікір, көзқарастардың шынайылығын анықтау.

Оларды басқа да белгілі жайлармен салыстыру.

Құжаттың мазмұнын пайдалану мүмкіндігі мен жаңашылдығын алдағы тарихи және қоғамдық тәжірибеде бөліп көрсету.

Талдау материалдарын конспект түрінде тұжырымдау.

Дерек күйі және шынайы тарихи шындық арасындағы арақатынасты анықтау және құжатты хабарлама, ғылыми мақала, мәнжазба түрінде қолдануда нақты сын пікір дайындау.


Алайда жазба деректермен жұмыс жасау мұнымен аяқталмайды, оны тәжірибе және танымдық тапсырмалар орындау арқылы жалғастыруға болады. Құжат мәтініне шығармашылық-ізденімпаздық тапсырмаларды саралап, құрастыра отырып оқушылар жұмысының мынаған бағытталуына ұмтылу керек:

1)Терминдер мен түсініктерді анықтау немесе тарихи мәтін мазмұнын қазіргі заман тіліне аудару және көнерген сөздердің мәнін түсіндіру;

2)Тарихи және қоғамдық құбылыстың зерттеу дерегіне сүйене отырып өзінің немесе мәтінде кездесетін дәлелдердің, нақты мысалдардың көмегімен сипаттау;

3)Зерттеу нысанын мәтінде көрсетілген аса маңызды белгілері, байланыстары және өзара тәуелділіктерін анықтай отырып сипаттау;

4)Құжатта келтірілген пайымдауларды басқа белгілі оқып кеткен жайлармен байланыстыру;

5)Жазба дерек мазмұнының тарихилығын, пайда болуының негізін және өзектілігін анықтау;

6)Мәтін авторының көзқарасын көрсететін мәтінде кездесетін бағалау пайымдарын, сонымен қатар қате пікірлер мен дәлсіздіктерді анықтау.

7)Талданып отырған мәтінде немесе бірнеше дерек негізінде бірнеше тарихи, қоғамдық құбылыстарды салыстыру;

8)Түрлі көзқарастарды қатар алып қарастыру, басқаша көзқарастарға қатысты өзінің контраргументтері мен дәлелдерін келтіру;

9)Оқылып кеткен мәтіннің қорытындылары бойынша қорытынды шығару;

10)Мәтіндік ақпаратты шартты-графикалық – сызбалар, кестелер, белгілерге өзгерту. Танымдық тапсырмаларды біршама сапалы орындау үшін оқушыларға сәйкесінше жаднамаларды пайдалану ұсынылады.

Барлық түрлі тарихи деректердің арасында тарихи құжаттардың аса үлкен маңызға ие екендігі анық. Олар көненің тікелей ескерткіші болып табылады, және соның негізінде сендірерлік және дәлелдерлік күшке ие. Құжат заманның ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді, өткен кезеңнің жарқын бейнесін құруға, мектеп оқушыларының қиялдарының дамуына жағдай жасауға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кадиркулова А.Н. Тарихты оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал) -Ақтөбе, 2010

  2. Студеникин М.Т. Методика предподавания истории в школе. -Москва: Владос,2000.

  3. Тұрсын Х. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі.-Алматы:Дарын, 2004.

  4. Взяемский Е.Е., Стрелова О.Ю. Методика предподавания истории в школе. Практическое пособие для учителей. –М.,1999.

  5. Вяземский Е.Е. Теория и методика предподавания истории. –М., 2003.



Краткое описание документа:

   Тарихи құжаттарды пайдаланудың маңызы неде? Тарихи құжаттар – өткеннің тікелей ескерткіші және осы негізде сендірерлік және дәлелдерлік қасиетке ие. Құжат заманның ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді, өткеннің жарқын бейнелерін жасауға, оқушылардың қиялын дамытуға жағдай жасауға көмектеседі, бөлек оқиғаларды жаңғырту мүмкіндігін азайтады. Құжат тарихи білімнің дерегі ретінде мазмұнын талдауды, одан алынған мағлұматтарды қорытындылауды, белгілі бір баға беруді талап етеді. Құжаттармен жұмыс жасау ойлауға, пайымдауға, ақпарат алуға үйретеді. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай беріледі.

Автор
Дата добавления 27.01.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров787
Номер материала 342220
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх