Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Тесты / Қазақстан тарихы, тест, 6-сынып

Қазақстан тарихы, тест, 6-сынып

  • История

Документы в архиве:

Название документа Тест 6-сынып.doc

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазақстан тарихы 6 сынып

1-нұсқа

1. Адам тарихы 4 археологиялық дәуірге бөлінеді. Қандай дәуір бұл кезеңге кірмейді?

А) Тас дәуірі

В) Қола дәуірі

С) Темір дәуірі

Д) Ортағасырлар

Е) Таулы және далалы кеңістіктерді игеру дәуірі

2. Адамзат дамуының «епті адамнан» кейінгі келесі даму кезеңі?

А) Дриопитек

В) Неандерталь

С) Австролопитек

Д) Тік жүретін адам

Е) Есті адам

3. Неандерталь адамы қайдан табылды?

А) Ява аралынан

В) Франциядан

С) Германиядан

Д) Қытайдан

Е) Кениядан

4. Ежелгі тас дәуірі?

А) Неолит

В) Энеолит

С) Мустьер

Д) Палеолит

Е) Мезолит

5. Қазақстан территориясынан табылған алғашқы адамдардың іздері қай дәуірге жатады?

А) Темір дәуіріне

В) Қола дәуіріне

С) Жаңа тас дәуіріне

Д) Орта тас дәуіріне

Е) Ежелгі тас дәуіріне

6. Ерте палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы?

А) Рулық қауым

В) Матриархат

С) Алғашқы қауымдық топ

Д) Патриархат

Е) Үлкен қауым

7. Үшкір тас құралдар қай кезеңде жасалды?

А) Ерте палеолитте

В) Орта палеолитте

С) Кейінгі палеолитте

Д) Мезолитте

Е) Неолитте

8. Төменгі палеолитте адамдар тасты жару үшін қандай материал қолданды және тасты мұндай жолмен өңдеу қалай аталады?

А) Қола

В) Темір

С) Жануар сүйегі

Д) Жұмыр тас

Е) Қалайы

9. Орта палеолит дәуірі қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 40-12 мың жылдық

В) Б.з.б. 140-40 мың жылдық

С) Б.з.б. 12-5 мың жылдық

Д) Б.з.б. 800-140 мың жылдық

Е) Б.з.б. 5-3 мың жылдық

10. Кроманьон адамы қайдан табылды?

А) Германиядан

В) Ява аралынан

С) Кениядан

Д) Қытайдан

Е) Франциядан

11. Аңшылықпен қай кезден бастап аздаған адам топтары мен жеке аңшылар айналыса бастады?

А) Мұз дәуірінен

В) Садақ пен жебенің пайда болуы

С) Неолит кезеңінен

Д) Кремниймен сынланған, сүйектен жасалған қанжарлар шыққан кезден

Е) Металл өңдеудің басталуынан

12. Адам еңбегі табиғатта мол өнім алуға пайдаланған кезең қалай аталады?

А) Палеолит төңкерісі

В) Неолит төңкерісі

С) Техникалық төңкеріс

Д) Еңбек төңкерісі

Е) Өндірістік төңкеріс

13. Тас дәуірінің ескерткіші- Жағабұлақ Қазақстанның қай өңірінен табылды?

А) Батыс Қазақстан

В) Оңтүстік

С) СОлтүстік

Д) Орталық

Е) Шығыс

14. Алғашқы мықты қарым-қатынас орнаған қауым?

А) Жолдастық

В) Әкелік

С) Аналық

Д) Жекжаттық

Е) Аталық

15. Тарихта тас дәуірін алмастырған дәуір?

А) Алтын

В) Мыс

С) Қола

Д) Темір

Е) Күміс

16. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар?

А) Қаңлы

В) Үйсін

С) Андроновтық тайпалар

Д) Ғұн

Е) түрік

17. Андронов мәдениетінің тайпалары қандай өрнек пайдаланды?

А) Нүктелік

В) Гүлді

С) Аңдық стиль

Д) Геометриялық

Е) Дөңгелек қалып

18. Б.з.б. 18-8 ғғ. Андронов тайпаларының тұрағы не болды?

А) Үңгірлер

В) Киіз үйлер

С) Жертөрелер

Д) Қазақы үйлер

Е) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс

19. Андроновтықтардың діни түсініктерінде:

А) Жануарлар әлеміне табыну

В) Қайтысболған руластарына табыну

С) Аспан шаңырақтарына табыну

Д) Жерге табыну

Е) Митра құдайына табыну орын алды

20. Мына тайпалардың қайсысы «Азиялық скифтер» атына ие болды?

А) Қаңлылар

В) Сақтар

С) Монғолдар

Д) Түріктер

Е) Үйсіндер

21. Сақтарда мінуге және жүк артуға пайдаланылған жануар?

А) Түйе

В) Сиыр

С) Жылқы

Д) Ешкі

Е) Қой

22. Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы-

А) Хан

В) Патша

С) Шаньюй

Д) Гуньмо

Е) Шах

23. Қаңлылардың астанасы жазбаша деректерде қалай аталады?

А) Көкмардан

В) Мардан-күйік

С) Чигучин

Д) Қызыл Аңғар

Е) Битянь

24. Еуропаны «дүр сілкіндірген» ғұндардың атақты патшасы?

А) Алпамыс

В) Анақарыс

С) Аттика

Д) Атлант

Е) Атилла

25. 3-5 ғғ. Ғұндардың өнерінде қай стиль дамыды?

А) Аңдық стиль

В) Полихромдық стиль

С) Гүлдік стиль

Д) Тазарту техникасы

Е) Безендіру











Қазақстан тарихы 6 сынып
2 – нұсқа

1.Адамзаттың өткенін заттай тарихи мұралар арқылы зерттейтін ғылым

А) Тарих

В) Палеонтология

С) Археология

Д) Этнография

Е) Геофизика

2. Епті адам қайдан табылды?

А) Франциядан

В) Германиядан

С) Қытайдан

Д) Ява аралынан

Е) Кениядан

3. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог?

А) Ақышев

В) Грязнов

С) Алпысбаев

Д) Марғұлан

Е) Андрианов

4.Адам алғашқы құралдарды неден жасады?

А) Тастан

В) Сүйектен

С) Қоладан

Д) Темірден

Е) Ағаштан

5.Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең?

А) Қола дәуірі

В) Тас дәуірі

С) Мұз дәуірі

Д) Темір дәуірі

Е) Алтын дәуірі

6. Палеолит дәуірінде адамдар үйірі (алғашқы қауымдық құрылым) қандай қызмет атқарды?

А) Қоладан еңбек құралдарын жасау

В) Темірден еңбек құралдарын жасау

С) Қыштан заттар жасау

Д) Садақ пен жебені пайдалану

Е) Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау, терімшілікпен айналысу

7. Чопплинг қай кезеңде жасалған?

А) Ерте палеолитте

В) Орта палеолитте

С) Кейінгі палеолитте

Д) Мезолитте

Е) Неолитте

8. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 50-40 мың жылдық

В) Б.з.б. 10-2 мың жылдық

С) Б.з.б. 40-12 мың жылдық

Д) Б.з.б. 10-5 мың жылдық

Е) Б.з.б. 15-5 мың жылдық

9. Ежелгі адамдардың ұйымы – рулық қауым қай дәуірде қалыптасты?

А) Кейінгі палеолит

В) Неолит

С) Ерте палеолит

Д) Орта палеолит

Е) Қола дәуірінде

10. 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес құрал?

А) Садақ

В) Болас

С) Гарпун

Д) Бумеранг

Е) Найза

11. Микролит дайындау қай кезеңде меңгерілді?

А) Ерте палеолит

В) Орта палеолит

С) Кейінгі палеолит

Д) Мезолит

Е) Неолит

12. Неолит дәуірінде шаруашылықтың қай түрі (типі) болды?

А) Өндіруші

В) Тұтынушы

С) Натуралды

Д) Комплексті

Е) Иеленуші

13. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып не есептеледі?

А) Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі

В) Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі

С) Сауданың егіншіліктен бөлінуі

Д) Сауданың қолөнерден бөлінуі

Е) Өнердің қолөнерден бөлінуі

14. Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз?

А) Тасмола

В)Беғазы-дәндібай

С) Нұра

Д) Атасу

Е) Келтемір

15. Андроновтықтар «бойтұмар» есебінде пайдаланған заттар?

А) Білезіктер

В) Алқалар

С) Моншақтар

Д) Аңдардың азу тістері

Е) Жүзіктер

16. Қола дәуіріндегі ежелгі дәстүрлер мен білімді сақтаушылар?

А) Ру көсемдері

В) Абыздар

С) Ру ақсақалдары

Д) Жауынгерлер

Е) Қауымдастар

17. Орта және кейінгі андронов кезеніңде мәйітті:

А) Аяқ-қолын

В) Өртеп

С) Отырған күйінде

Д) Тік күйінде

Е) Басын шығысқа қаратып жерледі

18. Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табылады?

А) Сырға мен алқа

В) Семсерлер

С) Қанжарлар

Д) Қапсырмалар

Е) Айналар

19. Иран жазбалары сақтарды:

А) «Дала скифтері»

В) «Азиялық скифтер»

С) «Күймелер»

Д) «Көшпелілер»

Е) «Жүйрік атты турлар» деп атайды

20. Жартылай және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты:

А) Мүйізді ірі қараша

В) Қой

С) Түйе

Д) Жылқы

Е) Ешкі саны азайды

21. Сақ далалары арқылы Ұлы Жібек жолының «лазурит» тармағы өтті.

Памирде өндірілетін лазурит қай елдерге шығарылды?

А) Қытай мен Қашқарияға

В) Иран мен Месопотамияға

С) Еуропаға

Д) Азия арқылы Тибетке

Е) Рим империясына

22. Апассиак сақтардың астанасы?

А) Арқайым

В) Александрия Эсхата

С) Шырық- Рабат

Д) Бәбіш – молда

Е) Баланды

23. Үйсіндер жайлы деректерді қай ежелгі тарихшы қалдырды?

А) Геродот

В) Сыма-Цянь

С) Стробон

Д) Плиний

Е) Птоломей

24. Ғұн әскерінің негізін кімдер құрады?

А) Жаяу әскер

В) Садақшылар

С) Атты әскер

Д) Арбалы әскер

Е) Жалдамалылар

25. Сарматтардың негізгі шаруашылық түрін атаңыз:

А) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

В) Көшпелі мал шаруашылығы

С) Егіншілік пен мал шаруашылығы

Д) Отырықшы мал шаруашылығы

Е) Аңшылық пен балық аулау











Қазақстан тарихы 6 сынып

3- нұсқа

1.Жер бетіндегі ең ежелгі адамды тарихта қалай атайды?

А) Тік жүретін адам

В) Саналы адам

С) Қазіргі заман адамы

Д) Епті адам

Е) Аңшы адам

2. «Палеолит» және «Неолит» атаулары неге байланысты шықты?

А) Үңгірге

В) Табиғатқа

С) Еңбекке

Д) Әшекей- бұйымға

Е) Тас құралдарына

3. Алғашқы қауым адамдарының бірігу себептері:

А) Бірлесіп қорғану және аң аулау

В) Бірлесіп жер жырту

С) Қару жасау

Д) Отбасын сақтау

Е) Бірлесіп еңбек құралдарын жасау

4. Ежелгі тас дәуіріндегі қарудың кең тараған түрі?

А) Қырғыш

В) Кескіш

С) Қол шапқы

Д) Балта

Е) Тескіш

5. Кейінгі палеолит адамының атауы:

А) Синантроп

В) Кроманьон

С) Неандерталь

Д) Питекантроп

Е) Епті адам

6. Мезолит дәуірі қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 140-40 мың жылдық

В) Б.з.б. 12-5 мың жылдық

С) Б.з.б. 5-3 мың жылдық

Д) Б.з.б. 40-12 мың жылдық

Е) Б.з.б. 800-140 мың жылдық

7. Неолит дәуіріндегі керамика бұйымдарына қандай өрнектер тән болды?

А) Өсімдіктік

В) Геометриялық

С) Аңдық

Д) Нүктелік

Е) Өрнектер салынбады

8. Дән үккіштер қай кезеңде жасалды?

А) Мезолитте

В) Орта палеолитте

С) Ерте ралеолите

Д) Неолитте

Е) Кейінгі палеолите

9. Қола дәуірі:

А) Б.з.б. 140-40 мың жылдық

В) Б.з.б. 80-40 мың жылдық

С) Б.з.б. 2-1 мың жылдық

Д) Б.з.б. 30-10 мың жылдық

Е) Б.з.б. 5-3 мың жылдық

10. Көшпелі мал шаруашылығы дамыды:

А) Қола дәуірінде

В) Мезолитте

С) Неолитте

Д) Ерте палеолитте

Е) Орта палеолитте

11. Андроновтықтардың егіншілігі қалай аталды?

А) Теселі егіншілік

В) Жыртпалы егіншілік

С) Отырықшы егіншілік

Д) Суармалы егіншілік

Е) Маусымдық егіншілік

12. Андроновтықтарда түрлі аурулар мен бақытсыздықтан сақтайтын қасиеті бар деген сеніммен денеге тағып жүретін зат?

А) Сырға

В) Алқа

С) Білезік

Д) Бойтұмар

Е) Белгі

13 Андроновтықтардың тұрғын үйлері қалай аталады?

А) Жер үй

В) Киіз үй

С) Ағаш үй

Д) Лашық

Е) Шатыр

14. Сақтар туралы алғашқы жазба деректер қай тарихшының еңбегінде бар?

А) Сыма-Цянның

В) Геродоттың

С) Мұхаммед Хайдардың

Д) Ибн Фадланның

Е) Махмұд Қашқаридың

15. Хаомаварга сақтарының тұрған жерін анықтаңыз:

А) Орал өзені бойында

В) Мұрғап аңғарында

С) Сырдария өзені бойында

Д) Ертіс өзені бойында

Е) есіл өзені бойында

16. Сақ қоғамында тайпалар одағы басында кім тұрды?

А) Абыз

В) Әмір

С) Ру басы

Д) Тайпа көсемі

Е) Бек

17.Көшпелі үйсіндердің тұрғын үйі:

А) Қыш үй

В) Киіз үй

С) Ағаш үй

Д) Тас үй

Е) Саман үй

18. Қаңлы тайпаларында билік әкеден балаға қалған жоқ:

А) Мұрагерлік

В) Адаттық

С) Сенімдік

Д) Даналық

Е) Борыштық

19. Еуропа елдеріне жорықта ғұндарды кім басқарды?

А) Тұман

В) Мөде

С) Чжи-чжи

Д) Еділ

Е) Скунха

20. Ғұн тайпаларының билеушісінің лауазымы:
А) Шаньюй

В) Гуньмо

С) Қаған

Д) Патша

Е) Жабғу деп аталды

21. Ғұн қоғамында қанша ру болды?

А) 25

В) 24

С) 17

Д) 19

Е) 30

22. Ғұн қоғамында халық жиналысы жылына неше рет шақырылды?

А) 1 рет

В) 2 рет

С) 3 рет

Д) 4 рет

Е) 5 рет

23. 3-5 ғғ. зергерлік өнерде қандай металл көп қолданылды?

А) Алтын

В) Темір

С) Қола

Д) Күміс

Е) мыс

24. Сармат тайпалар одағына қай тайпалар енді?

А) Савроматтар, роксоландар, үйсіндер

В) Роксаландар,аландар, сирактар

С) Сирактар, аорстар, ғұндар

Д) Ғұндар, апасияктар, роксоландар

Е) Сирактар, қаңлылар, аорстар

25. Б.з.б. 3 ғ. «сармат» деген атау белгілі болды:

А) Қытай жылнамаларында

В) Парсы ескерткіштерінде

С) Көне деректерде

Д) Иран жазбаларында

Е) Қазақ шежірелерінде













Қазақстан тарихы 6 сынып

4-нұсқа

1.Адамның шыққан Отаны:

А) Азия

В) Еуропа

С) Африка

Д) Австралия

Е) Америка

2. Синантроп қайдан табылды?

А) Ява аралынан

В) Франциядан

С) Қытайдан

Д) Кениядан

Е) Германиядан

3. Ерте палеолит дәуірінде Қазақстанда адамдардың мекендегендігін растайтын дәлед

А) Пышақ

В) Адам тұрақтары

С) Адам қалдықтары

Д) Жебелер

Е) Бумерангтар

4. Ежелгі адамдар ұйымы – тобыр қай дәуірде қалыптасты?

А) Қола дәуірінде

В) Орта палеолитте

С) Кейінгі палеолитте

Д) Ерте палеолитте

Е) Неолитте

5. Палеолит тұрақтарының негізгі тас құралдары?

А) Тікенек құралдар

В) Кескіш құралдар

С) Лақтырғыш құралдар

Д) Шапқыш құралдар

Е) Қырғыштар

6. Франциядағы Кроманьон үңгірінде алғаш рет:

А) Есті адамның

В) Тік жүретін

С) Неандерталь

Д) Австралопитек

Е) Епті адамның қалдықтары табылды

7. Бумеранг қай ғасырға жатады?

А) Мезолит

В) Неолит

С) Жоғарғы палеолит

Д) Төменгі палеолит

Е) Темір ғасыры

8. Тас өңдеудің әдістері қай дәуірде жоғарғы дәрежеге жетті?

А) Соңғы палеолит

В) Энеолит

С) Неолит

Д) Орта палеолит

Е) Мезолит

9. Ежелгі адамдардың ұйымы-аталық ру қай дәуірде қалыптасты?

А) Қола дәуірінде

В) Палеолитте

С) Ерте палеолитте

Д) Кейінгі палеолитте

Е) Орта палеолитте

10. Қандай мал түрін ірі қара деп атаймыз?

А) Ешкі

В) Түйе

С) Қой

Д) Сиыр

Е) Жылқы

11.Жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы:

А) Солтүстік

В) Оңтүстік

С) Батыс

Д) Оңтүстік-батыс

Е) Шығыс

12. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталды?

А) Ғұндар

В) Үйсіндер

С) Қаңлылар

Д) Сақтар

Е) Түркілер

13. Сақ қоғамынан табылған әшекейлер мен бұйымдар ... жатады

А) Геометриялық стильге

В) Өсімдік стиліне

С) Аңдық стильге

Д) Аралас стильге

Е) Аморфтік стильге

14. Сақтар өздерінің сақ мифологиясын немен байланыстырады?

А) Желмен

В) Күн және отпен

С) Дауылмен

Д) Найзағаймен

Е) Вулканмен

15. Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі қорғаныс құрылысы бар бөлік?

А) Цитадель

В) Титан

С) Цемент

Д) Цилиндр

Е) цирк

16. Үйсін мемлекеті қанша бөлікке бөлінді?

А) 2

В) 4

С) 5

Д) 7

Е) 3

17. Қаңлы тайпалар одағында неге табыну кең тарады?

А) Күнге

В) Аспанға

С) Ата-баба аруағына

Д) Үй жануарларына

Е) Атқа

18. Қай тайпаның жылжуы Ұлы қоныс аударуға бастама болды?

А) Сақтар

В) Ғұндар

С) Андроновтар

Д) Түріктер

Е) Наймандар

19. Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып қашан екіге бөлінді?

А) Б.з.б. 30 ж.

В) Б.з.б. 35 ж.

С) Б.з.б. 45 ж.

Д) Б.з.б. 55 ж.

Е) Б.з.б. 65 ж.

20. Ежелгі Қазақстан даласының батысында өмір сүрген тайпа:

А) Ғұндар

В) Қаңлылар

С) Үйсіндер

Д) Сақтар

Е) Сарматтар

21. Сақтардың билеушілерінен кімдерді білесіз?

А) Мөде

В) Томирис

С) Шөже

Д) Атилла

Е) Дарий

22. Сақтарда ... бейнесі бар заттар тұмар мен бойтұмар рөлін атқарды

А) Күн

В) Ай

С) Қалқандар

Д) Пұт

Е) Аң

23.Үйсіндердің астанасы Чигучин қай жерде орналасқан?

А) Шу өзенінің алабында

В) Талас өзенінің алабында

С) Ыстықкөл жағасында

Д) Іле алқабында

Е) Қытай шекарасы маңында

24. Қаңлылар жерлері арқылы өтетіндіктен бақылау жүргізген сауда жолы:

А) Дала жолы

В) Су жолы

С) Нефрит жолы

Д) Лазурит жолы

Е) Ұлы Жібек жолы

25. Сарматтар қабірдің үстіне топырақтан не үйетін?

А) Таушық

В) Орда

С) Тау

Д) Төмпешік

Е) Оба

















Тест жауаптары

1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа 4-нұсқа


1. Е 1. С 1. Д 1. С
2. Д 2. Е 2. Е 2. С

3. С 3. С 3. А 3. В

4. Д 4. А 4. С 4. Д

5. Е 5. В 5. В 5. Д

6. С 6. Е 6. В 6. А

7. А 7. А 7. В 7. А

8. Д 8. С 8. Д 8. С

9. В 9. А 9. С 9. А

10. Е 10. Д 10. А 10. Д

11. В 11. Е 11. А 11. С

12. В 12. А 12. Д 12. Д

13. А 13. А 13. А 13. С

14. С 14. В 14. В 14. В

15. С 15. Д 15. В 15. А

16. С 16. В 16. Д 16. Е

17. Д 17. А 17. В 17. С

18. С 18. А 18. А 18. В

19. В 19. Е 19. Д 19. Д

20. В 20. А 20. А 20. Е

21. А 21. В 21. В 21. В

22. Д 22. С 22. С 22. Е

23. Е 23. В 23. А 23. С

24. Е 24. С 24. В 24. Е

25. В 25. В 25 С 25. Е




























Краткое описание документа:

Салеметсіз  бе құрметті редакция! Мен Изгалиева Эльмира Зинуллиевна Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі   сіздерге Ежелгі  Қазақстан тарихы пәнінен тест материалдарын жіберіп отырмын. Бұл тест алтыншы сынып оқушыларына арналған тест. Бұл тест төрт нұсқадан  құралған. Әр нұсқада жиырма бес сұрақтан берілген. Сонымен қоса тесттің жауаптары да қоса беріріп отыр. Бұл тест емтиханға әзірленген тест. Сонымен қатар бұл тест материалдарын қорытынды тест ретінде жылдың соңында оқушыларды тексеруге пайдалануға болады. Емтихан материалы ретінде де пайдалануға болады.

Автор
Дата добавления 11.06.2015
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров21678
Номер материала 563257
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

19 дней назад
мен сізге 21 сұрақтардан дедім
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх