Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ»

«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ»

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ»

атты 2014-2015 оқу жылының «Білім күні » және

Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан - 2050» Стратегиясына арналған сабақ жоспары

5Ә сынып

 

 

 

                                   Дайындаған:

                                       Султангазина Г.Б.

 

 

 

 

Павлодар қ., 2014ж.

 

«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ»

атты 2014-2015 оқу жылының «Білім күні » және

Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан - 2050» Стратегиясына арналған сабақ жоспары

Мақсаты:

1) Оқушылар мен ата- аналарды  Білім күні және 30 тамыз- Конституция күнімен құттықтау. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған  «Қазақстан - 2050»  стратегиясымен таныстыра отырып, бұл жолдаудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру ; Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екендігін және «Қазақстан  - 2050» стратегиясын қабылдаудың  еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін оқушылар санасына сіңіру; Ата Заңымыз жайлы тереңірек ақпарат беру.

2) Еліміздің Ата Заңы туралы білімдерін жетілдіру  және  Қазақстан-2050 стратегиясы бойынша білімдерін толықтыру.

3) Оқушылардың бойында  Отанымызға, Ата Заңымызға  деген құрмет сезімін ояту,  елжандылық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының рәміздері, слайд,

Сабақ түрі: аралас сабақ (сұхбаттасу, пікірсайыс )

 

Барысы

Жоспар

1)     «Қазақстан - 2050» стратегиясы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты  туралы түсінік.

2)    Жаңа жоспардың жеті бағыты.

3)     «Мәңгілік Қазақстан» жобасы

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқу жылының басталуымен құттықтау. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Кіріспе. Тұңғыш президентіміз – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  жолдаған «Қазақстан- 2050» стратегиясына тоқталмастан бұрын  тәуелсіздік жайында, Ата Заңымыз жайында сөз қозғағымыз келіп отыр.Ешкімге бағынбайтын, тәуелсіз ел болу – әлемдегі кез-келген ұлттың басты мақсаты, асыл арманы. Осы арманға қол жеткізу бірақ та, кез-келгеннің пешенесіне жазыла бермейтін бақыт. Жер шарында 2 мыңнан астам ұлт пен этнос болса, соның 250-дейінің ғана мемлекеті бар. Қаншама жұрт тәуелсіздік үшін алысты, арпалысты, әлі де жанталасып жатыр. Қазақтың тарихы да тәуелсіздік жолындағы күреске толы. Ұлы тұран даласында қанша соғыс болса, соның бәрі тәуелсіздік үшін болды. Қазақтың азаттық жолындағы арпалыс, күресі 1991 жылмен түйінделеді. Сондықтан, 1991 жыл біз үшін қастерлі кезең. Осыдан 22 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 22 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын еді. Міне, осы 22 жылдың ішінде ұланғайыр жетістіктерге жетуімізге Ата Заңымыз, 1997 жылы елбасымыз жолдаған «Қазақстан- 2030» стратегиясының маңызы зор болды.         

Мемлекеттіліктің қалыптасуы үшін жасалған бұл стратегия ендігі асулардан қиындықсыз өтуі үшін жаңа бағыт-бағдар, жаңа жоспар керек екені сөзсіз. Сондықтан  «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдаудың маңызы зор болмақ. «2050 жыл - жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде. Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында отыруы тиістігін қадап айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, дамушы елдер арасында дәл осы басты  орынға бәсекелестік қатал болмақ.                                                                                    Енді сіздерге елбасымыз жолдаған жаңа жоспардың жеті бағытын назарларыңызға ұсынамыз:

1.Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2.    Кәсіпкерлікті қолдау

3.    Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

4.    Білім және кәсіби машық

5.    Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6.    Дәйекті және болжамды сыртқы саясат

7.    Жаңа қазақстандық патриотизм       

Енді жаңа стратегияның ең маңызды дегеніне  көз жүгіртетін болсақ, олар:

1)      Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

2)           ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

3)           Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары

(әрқайсысына жеке тоқталып, мәнін ашылады.)

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?    (оқушылардан жауап алынады)
           Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
          Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.
          Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
          Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.
Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
           Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады.

Мұғалім:-Қалай ойлайсыздар, қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға  жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
        Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
           Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
          Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
          Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Ал енді оқушылар, сіздерге  тапсырма. «Мен президент болсам, халыққа жолдауым...» деген сұраққа жауап ретінде өз ойларыңды ортаға салыңдар .(3-4 оқушы)

 (оқушылар өз ойларын жинақтағанша ата-аналардан жауап алынады.)

 

Бекіту кезеңі

-         Жолдаудан  өздеріңе не түйдіңдер немесе жолдауда қамтылмаған мәселе бар ма?

-         «Мәңгілік ел» ұғымы сендер үшін не білдіреді?

-         Дамыған 30 елдің қатарына қосылуымызға қазіргі таңда не жетіспейді?

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті оқушылар, сіздерді 2013-2014 оқу жылының алғашқы сабағы маңызды мағлұмат, жағымды әсер қалдырды деген үміттемін.                                                                                           Алдымен, алдыңғы толқын – ата-аналар! Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді деген ойдамын. Ал оқушыларға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің сіздерге беретін біліміміз тек сендер үшін. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш! Жаңа оқу жылында сіздерге тек биіктерден көрінулеріңзіге тілектеспін. Осымен «Білім күніне» арналған тәрбие сабағымыз өз мәресіне жетті.

 (әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты бұл материалды сынып жеткешілері өзіндік тәсілдерімен өткізеді)

Соңы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1) Оқушылар мен ата- аналарды  Білім күні және 30 тамыз- Конституция күнімен құттықтау. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған  «Қазақстан - 2050»  стратегиясымен таныстыра отырып, бұл жолдаудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру ; Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екендігін және «Қазақстан  - 2050» стратегиясын қабылдаудың  еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін оқушылар санасына сіңіру; Ата Заңымыз жайлы тереңірек ақпарат беру.

2) Еліміздің Ата Заңы туралы білімдерін жетілдіру  және  Қазақстан-2050 стратегиясы бойынша білімдерін толықтыру.

 

3) Оқушылардың бойында  Отанымызға, Ата Заңымызға  деген құрмет сезімін ояту,  елжандылық рухта тәрбиелеу. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2015 2258
    • DOCX 29.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султангазина Галия Бекеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султангазина Галия Бекеновна
    Султангазина Галия Бекеновна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39848
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 773 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 825 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек