Инфоурок Другое СтатьиҚазақстанда білім беруді реформалау не үшін қажет?

Қазақстанда білім беруді реформалау не үшін қажет?

Скачать материал

Қазақстанда білім беруді реформалау не үшін қажет?

Қазақстанда білім беру жүйесін өзгерту қажет. Елбасымыз өз жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет», - деп айқын көрсетті.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылған. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап - оның сапасын арттыру.

Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыратын, өзін – өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс адамгершілікті – жауапты дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

(Қ Р 2015 жылына дейін білімді дамыту тұжырымдамасы).

12 жылдық жалпы білім беруге көшу мұғалім мен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылықты, қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу. Олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.

ИФМ журналынан алынған мына бір мәлімет маған ерекше ой тастады. Соны келтірейін.

Әлемнің 31 елінен 15 жас шамасындағы 26500 оқушы математикалық дайындық деңгейін халықаралық бақылау нәтижелері бойынша Ресей 22 орынды иеленген, ал Қазақстандық оқушылардың да математикалық білім деңгейі мақтанарлық емес. Қазақстандық оқушылырдаң 47.5 % ғана ұсынылған тапсырмалардың 50% сәл-пәл ғана асырып орындай алады. Ең өкініштісі біздің оқушыларымыз математикадан алған білімдерін практикалық қолдануды талап ететін күнделікті өмірдегі түрлі мәлелерге қолдана алмаған. Сондай-ақ бұл мәселелерді математикалық контекстке аударуды, оларды математикалық жолмен шешуді білмеген. Нәтижелерді талдай алмаған. Олар тек қабылдағанын қайта жағыртуды және үлгі бойынша қайталау деңгейіндегі есептерді ғана шығара білген. Біздің елімізде 350-ден артық мамандық түрлері бар екен. Соның 80%-нан астамы инженерлік, ауыл шаруашылық мамандарын құрайды. Ал математиканы мектеп қабырғасынан меңгермеген адамнан дүмше маман шығары еш күмән туғызбайды. Шала маман бәсекеге түссе, алатын өнім бере алмайды, ғылым мен техника, экономика дамуы кенжелейді, нәтижеде еліміздің өркениет көшіне ілесе алмай қалуы ғажап емес. Дегенмен, бүгінгі күні экономикамыз өрлеп, өндіріс ошақтары жанданып, тамырларына қан жүгіре бастаған кезде терең сапалы білімді мамандар ауадай қажет деп санаймыз, бұл өмір, уақыт талабы деп түсінеміз.


Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті, салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі оған төтеп бере алған жоқ. Ал Қазақстанда, керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы ілгері қарай басып келеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында, «Білім берудің құқықтық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұл ретте білім беру мекемелерін жан басына қарай қаржыландыру, білім беру қызметі саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары заңнамалық қамтылулары шарт. Білім берудің кепілдендірілген кредиттері жүйесін дамыту үшін құқықтық шарттарды қалыптастыру маңызды. «Білім беру туралы» заңда осындай өзгерістер қамтылатын болады», — деген болатын.

Давоста өткен форумға қатысушылардың бағалауынша, Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда, Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде үштен екіге артқан. Қазақстан жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып жоғары білім берудегі "бакалавр – магистр –философия докторы" үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті.

Өз мектебімде реформалау не үшін қажет?

Кембридждік курстың бірінші бетпе бет кезеңінен кейін мен осы уақытқа дейінгі іс тәжірибеме ой көзбен қарап, Абай атамыз айтпақшы, «Жақсы адам болам десең күніне бір мәрте өзіңнің іс әрекетіңе есеп бер»- деуі қайта қайта есіме түсті. Бұрынғы өткізген сабақтарымның жоспары мен қазіргі кездегі екеуі екі дүние. Бұрын тек өз идеямды ғана жоспарлап келген сияқтымын. Оқушы қажеттіліктері, олардың дамуы мүлдем тыс қалған. Енді бәрі өзгерді, өзгертпеймін деу мүлде қате екеніне көзім жүз пайызға жетті. Оқушыларыма есепті ,мәселені өздері шеше алатындай қолайлы орта жасауым керек екені, яғни өз ойларын толыққанды жеткізе алатындай, ақыл ойларының деңгейлері жоғары, дәлелдей алатын, әркімнің жеке қөзқарасы бар саналы азамат болуын қалайтыным айқын. Сондықтан мұғалімдер осы курс бағдарламасындағы оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін меңгеруі қажетті деймін. Бағдарлама мақсаттарымен танысқаннан кейін «Мен сабақ беретін гимназия және мен заман талабына сай өзгере аламыз ба?» деген сұрақтар мені толғандырды. Дегенмен, мен қызмет ететін мектеп ұжымы әлі де дәстүрлі оқыту дәстүрінен, ал оқушылар ҰБТ-ға байланысты механикалық жаттап оқу үрдісінен шыға алмауда. Сондықтан мектебімдегі өзгерісті дәстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға алмастыру маңыздылығы, яғни, оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту мақсаттары, сабақты табыс критерийлеріне негіздеп және жеке жеті модульді ықпалдастыра отырып жоспарлаудан бастау керектігі байқалады. Тәжірибе негізінде менің мектебіме өзгеруге және сабақтағы оқушылардың білім сапасын арттыру керек екендігі, пәнге қызығушылығын ояту мақсаттарына, табыс критерийлеріне негіздеп жоспарлаудан бастауы керектігі анықталды.

Тәжірибе кезінде құрған командама, және сол команда арқылы мектебімнің мұғалімдеріне жаңа әдіс тәсілдердің артықшылықтарын жеткізуге тырыстым. Басқа мектептер сияқты менің мектебімде жаңалыққа құмар, бір жағынан гимназия болғандықтан және аудандағы тірек мектеп, сондықтан әркез оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін іздейді. Өзгеріс енгізу біраз қиыншылықтармен келетіні белгілі, біздің топтада өте көп қиыншылықтар болды. Кембридж университетінің тәжірибесімен, әлемдік деңгейдегі оқытудың озық әдіс тәсілдерін меңгеріп, мектепті дамыту бағдарламасына ықпал ете отырып, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, сенімді еркін сыни пікір қөзқарасы жүйелі дамыған сандық технологияларды қолдана білетін әріптестерім тезірек көбейсе және оқушы қалыптастыруға еңбек етуге әріптестерім ерінбей даярланса деймін. Жалпы мұғалімдерімізге өзгеру қажеттілігі керек екенін, өзгеріссіз қалсақ қалайда болсын қауіпті екеніне көздерін жеткізуге жұмыс жасадық. Қорыта келгенде :Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен - мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. С.Бич


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстанда білім беруді реформалау не үшін қажет?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 574 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2016 2524
    • DOCX 16.7 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Гульмира Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25503
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой