Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / "Қазақстанда этностық топтардың қалыптасуы"

"Қазақстанда этностық топтардың қалыптасуы"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы Сабақтың тақырыбы:
XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көп...
Орыстар Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар...
Мария Рекина – “Дударай” әнінің авторы
Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың...
Василий Марченко украиндық диқан
Татарлар Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлау...
Белорустар Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Ка...
Немістер Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатар...
Поляктар Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Ол...
Адольф Янушкевич
Бронислав Залесский суретші
Густав Зелинский ақын, жазушы
Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы Қазақстан аумағына XIX ғасырдың ая...
1 из 14

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы Сабақтың тақырыбы:
Описание слайда:

Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы Сабақтың тақырыбы:

№ слайда 2 XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көп
Описание слайда:

XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады.

№ слайда 3 Орыстар Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар
Описание слайда:

Орыстар Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекімістер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді. Қазақстанға қоныс аударылған орыс шаруалары шекарадағы әскерлерді, сондай-ақ Колыванов-Воскресенск зауыттарында, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді. Шаруаларды қазақ өлкесіне кеңінен тарту үшін патша үкіметі еркін отарлау әдісін де, күш қолдана отырып, еріксіз жер аудару тәсілін де қолданды. Кейде орыс шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқан қашқындардың есебінен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Бұқтырма өзенінің аңғарына, Алтай тауының адам аяғы жете бермейтін биік қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтымақ бұзушы секта жікшілдері қашып кете беретін. Сібір әкімшілігі қашқындардың поселкелерін жою және Бұқтырма аңғарына қашудың жолын кесу үшін қанша күш-жігер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды. Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қазақтар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.

№ слайда 4 Мария Рекина – “Дударай” әнінің авторы
Описание слайда:

Мария Рекина – “Дударай” әнінің авторы

№ слайда 5 Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың
Описание слайда:

Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді. Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды. Қазақ даласындағы белгілі украиндық диқандардың бірі Ақмола облысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосының шаруасы Василий Марченко еді. 1913 жылы Романовтар әулеті билігінің 300 жылдығын атап өту құрметіне ең үлгілі шаруашылық үшін белгіленген арнайы сыйлықтардың бірін осы В. Марченко жеңіп алған болатын. Ол егістік топырағының құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудің он танапты әдісін енгізді: «Сельский вестник», «Хлебороб» журналдарын үзбей оқып тұрды. Сол кездегі ең жаңа ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланды. Үй жануарларының тұқымын асылдандырумен де айналысты. Патша үкіметінің шаруалардың қоныс аударуына қаншалықты отарландырушы сипат беруге тырысқанына қарамастан, украиндықтар мен жергілікті қазақтардың арасында достық, тіпті туыстық қарым-қатынастар қалыптаса түсті. Мәселен, 1905 жылы Киевте болған шеруге қатысқаны үшін Ақмола облысының Ақмола уезіне жер аударылған Афанасий Латутаны Жоламан деген қазақ өкіл бала етіп асырап алып, оған Жақып Жоламанов деген есім берген. Жақып қазақ тілін меңгеріп алып және өз бетінше ізденіп, исламның негізін де үйреніп, мұсылман дінін қабылдаған. 1916 жылы қазақтардың ұлтазаттық көтерілісі кезінде ол Қорғалжындағы көтерілісшілердің танымал басшыларының бірі болды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 86,7 мың украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайызға жуық еді. Украиындықтардың негізгі топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бірқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей қазақтары қатарында әскери қызмет етті.

№ слайда 6 Василий Марченко украиндық диқан
Описание слайда:

Василий Марченко украиндық диқан

№ слайда 7 Татарлар Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлау
Описание слайда:

Татарлар Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII—XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды. Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшілігі өздерінің жеке хатшылары етіп Орынборға таяу жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар көпестер Ресей мен казақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты өздерінің белсенділігін күшейте түсті. Қазақтардың тілін, әдет-ғұрып және салт-санасын жақсы білгендіктен де татарлар сауда-саттық саласында делдалдық рөл атқарды. Татар көпестерінің қазақ даласындағы ықпалы мен беделі бірте-бірте күшейе түсті. Татарлардың ауқымды бір тобын Қазақстан аумағына Еділ бойы губернияларыиың помещиктері жер аудартып жіберді. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналасқан жерлерінде татар слободкалары пайда болды. Бұл халықтың өкілдері қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын жәдидтік мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықыласпен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттері мен журналдарын көбінесе татар көпестері қаржыландырып тұрды. Кейінірек патша үкіметі исламның қазақ даласында күшейіп бара жатқанынан қауіптеніп, сауатты және іскер татарлардың қызметінен бас тарта бастады. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3 пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қазақтар, 2 пайызы көпестер болды.

№ слайда 8 Белорустар Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Ка
Описание слайда:

Белорустар Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтеріліс қатыгездікпен басылғаннан кейін келді. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбір топтары Қазақстанның солтүстік аймағын қоныс етіп, орналасып қалған еді. XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның солтүстігіне төңкерісшіл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейінірек белорус социал-демократтары да осы өңірден бір-ақ шықты. Белорус социал-демократтар ұйымының белсенді мүшесі П. Румянцев өзінің жер аударылған мерзімін Ақмола облысында өткізді. Кейін Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде көптеген белорус Қазақстанның селолық жерлеріне қоныс аударды. Белорустардың негізгі кәсібі егіншілік болды.

№ слайда 9 Немістер Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатар
Описание слайда:

Немістер Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінін басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт,Д. Риддер, К.Ф. Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапъе де Колонг, Г.Э. Штранд- ман, Г.И. Глазенап және басқалары еді. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесінің генерал-губернаторы М.А. фон Таубе де неміс ұлтынан еді. Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау-кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Немістер негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Немістер сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты. Немістердің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Олардың арасында өзін-өзі басқару дәстүрі күшті сақталған еді. Немістердің елді мекенінде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбек сүйгіштігі және адалдығымен ерекше көзге түсті. Өздерінің ұлттық тілін, дінін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын, дәстүрлерін берік сақтауға тырысты. Немістер өздері қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістердің 85 пайызын шаруалар құрады. 1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді

№ слайда 10 Поляктар Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Ол
Описание слайда:

Поляктар Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайық және Сібір қазақтарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын. Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831,1863- 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктардың таңдаулы тобы — дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды. Мәселен, Адам Янушкевин қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды. Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктардың көпшілігі қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді

№ слайда 11 Адольф Янушкевич
Описание слайда:

Адольф Янушкевич

№ слайда 12 Бронислав Залесский суретші
Описание слайда:

Бронислав Залесский суретші

№ слайда 13 Густав Зелинский ақын, жазушы
Описание слайда:

Густав Зелинский ақын, жазушы

№ слайда 14 Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы Қазақстан аумағына XIX ғасырдың ая
Описание слайда:

Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті. Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкілдері болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жетті. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. Ресейдің еуропалық бөлігіндегі еврейлердің кәсіп түрлерін таңдауына шек қойылуы және еврейлерді қырып-жою оқиғалары олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуір арта түсуіне жеткізді. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысының Павлодар уезіндегі Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Болгарка селосының негізін қалады. Қостанай қаласының төңірегінде қоныстанған болгарлар шығырмен суаратын бау-бақша өсірді. Олар егістік жерді жергілікті халықтан жалға алды. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бір тобы (375 адам) да өмір сүрді. 1897 жылы өткен Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрікмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік, т.б. ұлт өкілдері тұрған

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров115
Номер материала ДБ-043310
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх