Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы 8 класс

17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы 8 класс


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

8 А сынып Қазақстан тарихы 26.10.2015жыл


Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;

Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;

Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, топтастыру, интерактивті тақта

Көрнекілік: карта, сызба, слайд

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.

Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?

Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.

Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.

сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.

Шаруашылық пен сауданың дамуы.

Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.

Кіші жүзде хан билігін жою.

1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».

1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.


І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.


Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.


ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.

А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.

Жобаның аты

Шыққан жылы

Авторлары

Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері

Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары

Мына салалардағы жаңа тәртіп:

экономика

сауда

денсаулық сақтау

білім беру

дін

Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:

Жобаның аты

Шыққан жылы

Авторлары

Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.


Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.

Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:

Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.

Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды?

1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?

Үйге тапсырма: § 17 Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы тақырыбын оқып, картамен жұмыс жасау.



Тексерген:

ДОТІЖО: Ж.Жумадиллаев


Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров249
Номер материала ДВ-305390
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх