Инфоурок / История / Научные работы / Қазақстандағы сақ мәдениетінің зерттелуі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақстандағы сақ мәдениетінің зерттелуі

библиотека
материалов




Мазмұны



Кіріспе.................................................................................................................3-9


І-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері..............................................10


1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...........................10-16


1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер........................................17-30


II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері..............................31


2.1 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...31-35


2.2 Түгіскен және Ұйғарақ ескерткіштері...............................................36-45


III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері....................46


3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі......46-52


3.2 Берел , Шілікті және Майәмір типтес ескерткіштер.......................53-67


ІҮ-тарау.Орталық Қазақстан сақ ескерткіштері........................................68


4.1 Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..68-75


4.2 Тасмола мәдениеті.................................................................................76-93


Қорытынды...................................................................................................94-97


Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі........................................98-100













Кіріспе



Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазіргі тандағы Қазақстанның археолгоия ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі-тарихи мұраларымызды обьективті тұрғыда зерделей отырып, ғылыми айналымға енгізуде екендігі сөзсіз.Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып-білуде маңызды орын алатынын ескерсек, бұл ретте археолог-ғалымдарымызға жүктелген міндеттер жеңіл болмасы анық.Еліміз егемендік алған жылдардан бастап тарихымыздың көптеген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Осы негізде археологиялық ізденістер де жаңдана түсіп, отандық ғалым-археологтардың өз міндеттерін нағыз кәсіби дәрежеде атқарып, сүбелі үлес қосып отырғаның айта кеткен орынды. Дегенмен де, аймақтық ерекшеліктерге байланысты басы ашылмаған мәселелер өз шешімін күтуде. Сондай маңызды тақырыптардың бірі- Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы бойынша құрылған «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.

Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Олар Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, Ә.Х.Марғұлан., М.Қ.Қадырбаев сынды ғалымдар, аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда. Жаңа материалдарды шоғырлану үрдісі жүріп жатыр, оларды жүйелеу, талдау жаңа еңбектер шығаруда. Қазіргі кезде археологтар жаңа құрал-жабдықтарды пайдалана отырып ескерткіштердің ашылмаған тұстарын тереңірек зерттеуде [35, 303].

Бұл өңірлердің ескерткіштері, жерлеу ғұрыптары, материалдық заттары, шаруашылығы қазіргі кезде айтарлықтай зерттелген, сондықтан қорымдарды зерттеуде өзекті мәселелердің бірі ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу болып табылады. Бұл мәселемен қазіргі таңда Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология және Этнография Институты және тағыда басқа ғылыми мекемелер айналысуда.Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің өзінде әлі де құңды жаңалықтар өз ашылуын күтуде [39, 140-142].

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мен өзімнің магистрлік диссертациямды жазу барысында археологиялық деректерді қолдандым. Оның ішінде белгілі археолог ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Атап айтсақ: К.А.Ақышев, А.Н.Бернштам, М.Қ Қадырбаев, С.П.Толстов, М.П.Грязнов, С.С.Черников және т.б. ғалымдар.Сонымен бірге қазіргі кездегі жарияланып жүрген ғылыми журналдар мен оқулықтарды пайдаландым.

1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырысымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс-әрекеті жайлы да жазып кетеді [17, 210-215].

К.А.Ақышев өзінің- «Курган Иссык» (1978), «Искусство и идеология саков» (1984 ) Жетісудің көне тарихының көптеген қалтарыс тұстары ашылып, сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбесі ғылыми айналымға енгізілді.Әсіресе «Есік» қорғанынан алтын адамның табылуы еліміздің тарихында әлемдік маңызы бар оқиға болды.Бұл қорғаннан табылған жәдігерлер сақтардың мәдениетің, өңерін, шаруашылығын т.б. факторларды зерттеуде басты құралы болды.Жетісудің ерте темір дәуірі мәдениетің зерттеуге қосқан үлесі өз алдына маңызды мәселе болып табылатыны осыдан анық көрінсе керек, сонымен бірге сақ тайпаларының дүниетанымы, рухани мәдениеті мен әскери-теократиялық идеологиясын жоғары дәрежеде сипаттап берді [ 8,15-18].

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу тарихын негізінен төрт географиалық аймаққа бөліп қарастырдым.

Алғашқысы Жетісу өңірі. Бұл өңір жайлы ең алғаш рет Ш.Ш.Уалиханов, пен Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып кетеді [ 17, 210-215].

Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштерін зерттеу ХХ ғасырдың 30 – жылдарынан бастап Қазақстан жерінде бірқатар археологиялық экспедициялар жұмыстары жүргізіле басталады. Сақ тайпаларының отырықшы мәдениеті мен мәдени дәстүрлерінің ерекшілігі мен өзгешеліктерін анықтау мақсатында КСРО ҒА Қазақ филиалын ұйымдастырған. А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығың ашып көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарларындағы Кеңқол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді. Жетісудың ерте көшпенділерін зерттеуге Қ.А.Ақышев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, Н.И.Копылов, А.Г.Максимова, Б.Н.Нұрмұхамбетов сияқты ғалымдардың да үлесі болды. 1954 жылдан бастап Тарих, Археология, Этнография институты Қапшағай ГЭС – нің салынуына байланысты Қ.А.Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл кезеннің басты ерекшілігі, ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудың көне тарихын көптеген қалтарыс тұстары ашылып сақ дәуірінің Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезеңдерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады, ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбегі ғылыми айналымға енгізілді [9, 2-4 ].

Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жалғасын тауып жатты, оның ішінде К.М.Байпақов, Б.Н.Нұрмұхамбетов, Ф.П.Григорьев, Ю.А.Мотов, З.С.Самашев сынды т.б ғалымдарды атап өтуге болады. Бұл өңірдің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу деңгейі жеткілікті емес, сондықтан келешекте атқарылатын археологиялық деректердің негізінде көне тарихымыз жүйелі түрде зерттеледі деп ойлаймын.

Екінші аймақ – бұл Шығыс Қазақстан өңірі, бұл өңірді зерттеу ХҮІІІ ғасырдың басынан басталады. Оған Д.Г.Мессершмидт, Г.Ф.Миллер, И.Г.Гмелин сияқты ірі ғалымдарды атап өтуге болады. Ең алғашты археологиялық қазба жұмыстар В.В.Радловтың есімімен байланысты, ол осы өңірді зерттей келе ежелгі ескерткіштерді алғашқы кесте түрінде кезендеуді ұсынды. 1911жылы В.А.Адрианов Бұқтырма аймағындағы қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірінің ерте темір дәуірінің көшпенділерінің мәдениеттерінің кезендері аңықталды. Ал 1935 жылдан бастап Ертіс пен Тарбағатай аумақтарын С.С.Черников зерттеді, ол негізінен осы өңірдегі ескерткіштердің хронологиясымен айналысты. С.С.Черников Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ мәдениеттерің үш кезеңге бөліп қарастырады. С.С.Черниковтан кейін Ертіс аңғарында археологиялық зерттеулерді Ф.Х.Арслановтың басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы жалғастырды, (1960-70 жылдары). Бұл өңірдің сақ ескерткіштерінің қорытынды жұмыстары М.Қ.Қадырбаевтің – «Қазақ ССР тарихы» тарауында жазылды [12, 45-47 ].

Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, оған К.М.Байпақов, З.С.Самашев, А.С.Ермолаева, Шілікті экспедициясының басшысы Ә.Т.Ташкенұлы сияқты ғалымдар айналысып жүр.

Үшінші аймақ- Оңтүстік Қазақстан өңірі болып табылады. Бұл өңірдің ескерткіштерін зерттеу мәселесі XIX ғасырдың басында басталды. Бұл зерттеулер ежелгі антикалық деректер мен, орта ғасырлық саяхатшылар мен, географтардың арнайы хаттарында айтылады. 1946 жылдан бастап КСРО Ғ.А. Хорезм экспедициясы Оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы аймақта көптеген ескерткіштер жиынтығы табылады, оның ішінде ең ірілерінің бірі Шырық-Рабат қаласын атауға болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірін зерттеген ғалымдар қатарына Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс, С.П.Толстов, Т.А.Жданко және т.б. ғалымдарды айтуға болады. 1957-60 жылдары Шырық-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды сияқты ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа қорымдар ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 56, 125-129 ].

1960-63 жылдары Түгіскен үстіртінде Оңтүстік және Солтүстік Түгіскен қорғандары ашылды. Жалпы Оңтүстік өңірде Сыр бойы мен Арал маңындағы ескерткіштері қазіргі кезде өте аз зерттелуде. Осыған байланысты болашақта бұл өңірдің ерте темір дәуірінің ескерткіштері өз деңгейінде зерттеледі деген сенімдемін.

Төртінші аймақ бұл- Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстанды зерттеуін шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңі Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының Ұлытаудағы ескерткіштерді зерттеуден басталады. Бұл өңірлерді алғаш Ә.Х.Марғұлан зерттеді. 1950 жылдардың басында Ә.Х.Марғұлан «мұртты» обаларға діни ғұрыптық құрылыстар деген анықтама берді және сонымен бірге ескерткіштердің орналасу аймағын көрсетті. Одан кейін Орталық Қазақстанның ескерткіштерін М.Қ.Қадырбаев зерттеп, жалғастырды. Жалпы алғанда бірінші кезеңнің негізгі жетістіктері Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің мерзімдемесі мен кезеңдемесі жасалды, және көптеген қорымдардың ашылуының негізінде, Орталық Қазақстанның сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мәліметтер жиналды.

Екінші кезең. 1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясының құрамындағы ерте темір дәуірінің жеке отрядын М.Қ.Қадырбаев басқарды. Ол 1959-63 жылдары Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Шідерті өзенінің бойындағы Тасмола 1-2, 3-5-6, Қарамұрын 1-2 Нұрмамбет-1 сияқты қорымдарды ашты. 1967-68 жылдары солтүстік-шығыс Балқаш өңірінде көптеген қорымдар ашылып, зерттелді. Бұл кезеңнің басты нәтижесі Орталық Қазақстан өңірі бойынша көптеген ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылымда Тасмола мәдениеті ашылды.

Үшінші кезең. Бұл кезеңнің бас кезінде (1970-1980 жж. ) аймақтың ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеу ісі саябырлады тек жекелеген ескерткіштер, оның ішінде бірнеше «мұртты» обалар ғана зерттелді. 1980 жылдардың аяғында Археология институтының Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге бағытталған А.З.Бейсенов басқаруындағы жеке экспедиция (қазіргі «Сарыарқа» экспедициясы) өз жұмысын бастады. Экспедиция жұмысы Баянауыл ауданы жеріндегі бүлінген обаларды зерттеуден бастады. Ал, 1990 жылдардың соңында Қарағанды облысының аумағындағы ескерткіштерді зерттеуге кірісті. Осы жұмыстардың барысында Баянауыл, Қарқаралы өңірлерінен б.з.б. 7-1 ғасырлар кезенің ондаған ескерткіштері зерттелді.1990-шы жылдардағы үзілістен соң, 1998 жылы зерттеулердің жаңа, қазіргі кезеңі басталды. 1998-2007 жылдары алынған жаңа деректік материалдар Орталық Қазақстан ерте темір дәуіріндегі мәдениеті жайлы түсінікті біршама толықтыра түсті. Осы ретте ерте темір дәуірі қоныстарының табылуын айрықша атап өтуге болады.

Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір дәуірінің қорғандарынан көптеген көне материалдық заттар тауып, дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда.Мәселен Қ.А.Ақышевтің «Есік обасы» мен З.С.Самащевтің «Берел обасынан» сақтардың құнды заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан. Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К.А.Ақышев еңбектерінде б.з.б. VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Мен курстық жұмысымды жазу барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін басшылыққа алдым.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Алға қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдап, көрсету үшін археология ғылымының методологиялық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Атап айтқанда археологиялық деректерді обьективтілік тұрғыдан қарастыру, салыстырып талдау принціпі қолданылды.Қазақстандағы және Кеңес өкіметі кезіндегі жиналған археологиялық деректерді, дерек көзі ретінде сынау, яғни алғышарттарын, сақталу формалары мен ерекшеліктерін көрсету, олардағы мәліметтерді сыннан өткізу арқылы археологиялық деректердің бейнелену дәрежесін, ақпараттардың шынайлық деңгейімен толықтығын анықтау сияқты теориялық-методологиялық қағидаларға, ғылыми зерттеудің обьективтілік, жалпы ғылыми принціптеріне, арнайы және нақты ғылыми таным заңдылықтары мен методтарына негізделген.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстын тақырыбы «Қазақстандағы сақ мәдениеттерінің зерттелуі» болғандықтан, ерте темір дәуірі ескерткіштерінің соңғы зерттеулеріндегі мәліметтердегі жаңа ашылып жатқан ғылыми жаңалықтарды жатқызамыз.Оған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша тіркелген, бүліну жағдайында тұрған археологиялық ескерткіштерді қайта жаңғырту мәселесімен айналысуда.

Ә.Х.Марғұлан атындағы археология және этнология институтының З.С.Самашев бастаған археологиялық экспедициясы 1998 жылдан бері тоң басқан Берел обаларынан молекулярлық биология,генетика, архитектура, топырақтану және өзге ғылым салалары жетістіктерін пайдалана отырып, көне мен қазіргі популяцияның өзара сабақтастығы мәселелерін шешу жолында қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.Бір қорымды пән аралық тұрғыдан толық зерттеуді мақсат тұтқан, бұл топтын әр сала бойынша кейбір жұмыс қорытындылары жарияланып та жатыр.

Ә.Т.Төлеубаев басшылық ететін Қаз МУ-дың археологиялық экспедициясы 2003 жылы атақты Шілікті обаларының бірін қазып, ел тарихында ірі ашылым жасады. Қорымдағы № 2 обалар тізбегінің оңтүстігіндегі б.з.б. 690-644 жылға жататын «елбасылардың» бірі жерленген. № 1 оба (Бәйгетөбе) күрделі архитектуралық құрылысты ( бөренелерден айқастырыла салынған жерлеу камерасы, тас құрылым мен саз топырақ пен шымнан тұратын үстінгі үйінді ) және аң стильндегі әр түрлі әшекйлердің молдап табылуымен ерекше.Тағы бір айта кететін жайт, ерте темір дәуірінің обалары мен қорғандары айтарлықтай зерттелген, енді осы дәуірдің қоңыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет болып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі танда жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициялардың қорытынды мәліметтеріне және Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

  • Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.

  • Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.

  • Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

  • Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуірін зерттеген ғалымдардың еңбектерін, алға тарта отыра, осы кезеңнің зерттеу деңгейін анықтау.

Зерттеу жұмысының территориялық шеңбері. Қазақстанның ерте темір дәуірі кезеңнің территориясын бірнеше аймақтарға бөліп қарастыруға болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірі (Түгіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері), Жетісу өңірі (Есік пен Бесшатыр қорымдары), және Шығыс Қазақстан өңірлерін (Шілікті, Берел) Орталық Қазақстан өңірі (Тасмола мәдениеті ) қамтиды.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстандағы ерте темір дәуірі мәдениеттерінің хронологиялары әрқалай. Жетісу өңіріндегі Есік обасы б.з.б. ІҮ ғасырдың аяғы мен ІІІ ғасырға сай келеді, Бесшатыр обасы б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Түгіскен б.з.б.ІХ-Ү ғғ, Ұйғарақ б.з.б. ҮІ ғ.Шығыс Қазақстан өңіріндегі Шілікті б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ, Берел б.з.б. Ү-ІХ ғғ.Орталық Қазақстан өңіріндегі Тасмола мәдениеті б.з.б ҮІІ-І ғғ. Жалпы Қазақстандағы ерте темір дәуірінің хронологиясы б.з.б. ІХ-І ғғ қамтиды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.



І-Тарау Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштері


Жетісу өңіріндегі сақ мәдениеттерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жетісу өңірі ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің хронологиялық диапазонның кендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени-шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да аңық көрініс береді. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеу мен топтау мәдени-тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму денгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегендігін ескергеннің өзінде әлі де талай ғылыми құнды жаналықтар өз ашылуын күтуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласындағы көне ескерткіштерге, табылған олжаларға Ресей ғалымдары тарапынан қызығушылық арта түсті. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты осы өлкенің тарихына түпкілікті ден қойыла басталды. Жетісу жерін зерттеудің алғашқы кезені 1862 жылғы орыстын ірі ғалымдарынын бірі В.В.Радловтын зерттеулерімен тікелей байланысты, ол Қапал елді-мекенінің жанынан үш обаны қазды және кездейсоқ олжалардың жиналуы арқылы жетісуды мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер жинайды. Ал 1879 жылы жетісу өлкесінің алғашқы археологиялық картасы жасалды. Табылған обалар мен қорғандарды сипаттау жұмыстары мен Н.А.Абрамов және М.В.Флоринский В.В.Бартольд сияқты ғалымдар айналысты. Осы зерттелген қазба жұмыстардың нәтижелері 1896 жылы Н.Лыкошиннің «археологическое изучение Туркестана до образование Туркестанского кружка любителей археологий» атты еңбегінде жинақталды. Жүйелі түрде зерттеулер мен табылған олжаларды салыстыра талдау жұмыстары А.Н.Бернштамның есімімен байланысты. 1936-1952 жылдары Кеңкөл, Қарғалы, Берікқара қорымдарын да және Шу каналы бойында зерттеулер жүргізген, ол алғаш рет жетісу ескерткіштерінің тарихи-археологиялық кезендемесін ұсынды. Исседондардың сақ тайпалық бірлестігінің құрамына енгендігін айта келе, қола дәуірінен бастап мәдениетті жергілікті халықтың жасағандығын дәлелдеуге тырысты [17, 210-215 ].

Жетісудағы сақ археологиясының дамуындағы келесі үлкен кезен 1954-1961 жылдарды қамтиды.1954 жылы тарих, археология және этнография институты болашақта Қапшағай СЭС-нің су астында қалатын аймақты зерттеу мақсатында К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Алғашқы бір маусымнын өзінде-ақ экспедиция сақтар дәуірі обаларының үлкен тобын тапты. 1957 жылы жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерін бастайды. Сақ ескерткіштерін, ортағасырлық қола мәдениетің зерттеу, оның негізгі міндеттеріне айналды [4, 142-145].

1960 жылдары жетісудағы сақтар ескерткіштерін зерттеу жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылды. Іле алқабы сақтарының мәдениетіне арналған монографияда К.А.Ақышев сақтар мәдениетінің шығу сауалдарын қарастырып, жебе ұштарын хронологиялық жағынан топтастырса Г.А.Кушаев жетісу мәдениетін кезендестіру маңызы бар данықты оқиға «Есік» обасының ашылуы болды, одан табылған олжалар сақтар мәдениетінің, олардың мифологиясын, өңері мен жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге тың серпін берді. Алайда жемісті де қарқынды жүргізген жетісудың ерте темір дәуірі заттай мәдениетін зерттеу, топтау, жүйелеу, тарихи талдау жұмыстары соңғы жылдары өз жалғасын таппай қалды. Соңғы жиырма жылдар ішінде Жетісу көшпелілері жайлы мәлімет тек қазба жұмыстарынан алынған мәліметтер арқылы толықтыруда [5, 154-156 ].

Б. з. б. I мың жылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақ тайпаларының үлкен бір тобының таралып орналасқан орталығы болды, бұлар, болжамдардың бірі бойынша, тиграхауда-сақ Арал маңында массагеттермен сәйкестіріледі.

Обалы қорымдардың және петроглифтердің топографиясы мен олардың өте-мөте көптігі Қазақстан территориясының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін ежелгі заманда адамдардың түгел мекендегенін дәлелдейді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Қаратал, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Қеген және басқа өзендердің аңғарларында тастан және топырақтан үйілген көптеген обалар шоғырланған. Олардың дені жүздеген үйінділері бар молалы аландар болып келеді. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) 300 обадан, Берікқара қорымы (Та-лас өзені) — 500 үйіндіден түрады. Қетпен-Төбе (Солтүстік Қырғызстан) аңғарында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптас-қан осындай және басқа да ірі-ірі обалы қорымдарында түрлі уақыттың жерлеу орындары бар.

Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары деп аталатын обалардың кептігі жөнінен Орта Азия мен Қазақстанның басқа да аудандарында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келері жок. Осындай археологиялық керіністі керіп, А. Н. Бернштам «патша сақтары мен усундер» нақ осы Жетісуды мекендеді деген қорытындыға келді.

Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пира-мидаларында» Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ең ежелгі, жер үстіндегі ағаш архитектураның өте сирек кездесетін ескерткіштері- бөренелерден түрғызылған ірі-ірі жерлеу құрылыстары табылды. Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі үлкен қорымның құрамына кіретін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен таң қалдырады.

Берікқара қорымының (Талас езенінің аңғары) үлкен обаларының жер үйінділерінде әр түрлі дөңгелек, төрт бұрышты, тізбе, комета тәрізді етіп тастан салған жанама құрылыстары бар. Олар сақ тайпаларының сол кезеңдегі діни және әлемнің шығуы туралы ұғымдарын керсетеді.

Регионның ежелгі тұрғындарының шаруашылық, тұрмыс салттары туралы бағалы мәліметтер кіші обаларда - саны жағынан ру-тайпа ақсүйектерінің обаларынан бірнеше есе асып түсетін қатардағы қауым мүшелерінің қабір ескерткіштерінде - сақталған.

Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, кұрбандық ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ат-тұрман заттары едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, исседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.

Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.

Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған.

Қазақстанның әр өлкесінің, соның ішінде жетісудың сақ дәуірінің ескерткіштерін тіркеу, сипаттау және картаға түсіру жұмыстарын кешенді түрде, жаңа денгейде жүргізу керектігі туындауда. Сақтар өмір сүрген уақытта адамнын қоршаған ортадан жекеленіп бөлініп шығуына байланысты «Жаңа дүниетаным» қалыптасты. Ірі обалар тек ғана адамды жерлеу орны емес, сонымен қатар әр уақыт желісінде ғұрыптық рәсімдер орындалған күрделі жерлеу-ғұрыптық кешен екендігі көрсеткен, үш топтан ғана тұрмағандығы қазіргі таңда мойындалмаған құбылыс. Сонымен бірге Бернштамнын Қарғалы шаманның жерлеуін ашуы бұл кезенде діни әдет-ғұрыптарды атқарушылардың-абыз, шамандардың болғандығын айғақтайды. Сондықтан да осы көзқарастар тұрғысынан тізбекте орналасқан обаларды жан-жақты, толық түрде зерттеу арқылы ғылыми түйіндер жасауға болады [ 22, 47-49 ].

Б.з.б. мыңжылдықта жетісу мен оңтүстік қазақстан-болжамдардың бірі бойынша Тиграхауда - сақтарға баланатын сақ тайпаларының қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өңері жетістіктерінің бірегей синтезі.

Оба қорымдарымен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенің көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендерімен басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен Жуантөбе қорымы Іле өзенінің сол жақ жағалауы-300 обадан, Берікқара қорымы талас өзені 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен- төбе алқабында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісумен оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әртүрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан [23, 110-131 ].

Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ жетісуда мекендеген деген қорытындыға келген .

Б.з.б Ү ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ перамидаларынан бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азиямен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал [6, 140-141 ].

Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуін өз алдына үш кезеңге бөліп қарастырамыз:

Бірінші кезеңде, өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Қазақстан территориясында бірқатар археологиялық экспедициялар зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Соның ішінде Материалдық мәдениет тарихы институты (КСРО ҒА ММТИ) мен Ғылым академиясының Қазақ филиалы ұйымдастырған А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.Н.Бернштам Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудің отырықшы мәдениетің және көшпелі тайпаларының мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін анықтай отырып, көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамығандығын анықтап, ескерткіштердің даму кезеңдемесін ұсынды (Бернштам А.Н. 1949). Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығын ашып, көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарындағы Кеңкол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді.

Ал екінші кезеңде, Жетісудің ерте көшпелілер археологиясын зерттеуге К.А.Акишев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, И.И.Копылов, А.Г.Максимова, Б.Н.Нұрмұханбетов сияқты ғалымдар сүбелі үлес қосты. 1954 жылдан бастап Тарих, археология, этнография институты Қапшағай СЭС-нің құрылыс жұмыстарына байланысты К.А.Ақышевтың басшылығымен Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Соның нәтижесінде Жетісудің сақ-үйсін ескерткіштерін алғаш рет ашып талдаған К.А.Ақышев пен Г.А.Кушаев 1954,1957-1960 жылдары Іле аңғарында жүргізген зерттеулері негізінде сақ-үйсін қоғамы, шаруашылығы және діни наным-сенімдерінің әр тарихи кезеңіндегі дамуын ғылыми еңбек етіп жазды.

Бұл кезеңнің басты ерекшелігі сонда, ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудің көне тарихының көптеген қалтарыс тұстары ашылып, сақ дәуірі ескерткіштері зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескертікштердің тізбесі ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе, «Есік» қорғанынан Алтын адамның табылуы еліміздің тарихында әлемдік маңызы бар оқиға болды.Бұл қорғаннан табылған жәдігерлер сақтардың мәдениетің, өңерін, шаруашылығын т.б. факторларды зерттеуде басты құрал болып табылды. К.А.Ақышевтың Жетісудің ерте темір дәуірі мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі өз алдына маңызды мәселе болып табылатыны осыдан анық көрінсе керек.Ал келесі бір үлкен еңбегінде сақ тайпаларының дүниетанымын, рухани мәдениеті мен әскери-теократиялық идеологиясын жоғары дәрежеде сипаттап берді.

Б.з.д. ҮІІ ғ сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейінен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген обалар мен қоңыстардың орындары қалған. Олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Бұл сөзімізге дәләл келтіретін болсақ 1980-1990 жылдардағы «Қазпроектреставрация» институты Алматы қаласымен оған жақын территориядағы археология ескерткіштерің табу мен зерттеу бойынша жұмыстар атқарды.Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жатқан қорған қабірлер тіркелді. Бұл Үлкен-Алматы өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Бұл қорғандардың топтары Ұлжан-1, және Ұлжан-2 деп аталады.Рысқұлов көшесінде тағыда сол жақ жағалаудағы диаметірі 25-30 м, биіктігі 2-3 м болатын 3 қорған бар, оларды Шаңырақ деп атайды. Топтарға бұл атауларды кейінгі зерттеушілер осы территориядағы шағын аудандардың атауы бойынша берген.

2003-2006 жылдары ҚР БҒМ Археология Институты қала және қала төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Шаңырақ және Ұлжан-2 обаларына археологиялық қазбалар жүргізілді. Шаңырақ обалары құрылыс зонасында қалып қойған, бұл жердегі 3 қорған қазылды. Ұлжан-2 тобы Үлкен Алматы өзенінің оң жақ жағалауында Ұлжан ықшам ауданында орналасқан.2006 жылы Археология Институтының қызметкерлері № 4 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған тоналған, дегенмен қарақшылардан қалған бірнеше алтын қапсырма табылған. Бұл сақ қорғандарының барлығы дерлік тоналған деп айтуға болады.Тек заттардың фрагметтері, шашылған адам және мал сүйектері, қыш ыдыстармен ағаш қалдықтары қалған.







































Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер

Жетісу өңіріндегі ескерткіштерді негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші тобы Бесшатырлық және екінші тобы Есіктік типтегі ескерткіштер. Бесшатыр қорымы іле өзенінің оң жағасында, шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршақ тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады. Орташаларында тиісінше 25-18 және 5-6 м, кішілерінде 6-18 м және 0,8-2 метр.

Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоңалып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген бұл орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың ені 2 м, ізі байқалды. Үйіндінің айналасынан 5-7 м қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2м және сақталып қалған биіктігі 50-60см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар сақталған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-шығыс жағында тағыда осындай 7 қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал.

[ 8, 15-18 ].

Бесшатыр үш үлкен обадан тұрады. Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды. Бірінші бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан 8,93 м. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені-екінші қабаты, ол қалындығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршық тастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астында жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер бетіндегі құрылыс. Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады олар: дәліз (дромос) қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өнделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне тығыз қиюластырылған, бүкіл құрылысты мейілінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырылып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес. Бөренелерде қашау мен Пышақ іздері жақсы сақталған-олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын төбесі жалпақ шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. 14 обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі - ұсақ қиыршық тастар араластырып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар Бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жете бөренелер. Бөренелермен жабылған төбесінде таспен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған. Қабірдің шығыс жағында есігі болып есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген мейлінше берік болуы үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен болған екі қабат төсенішпен жапқан қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөренің кесіндісі қойылған. Лақыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр [9, 2-4 ].

Бесшатыр қорымы б. з. б. I мың жылдықтың орта шеніндегі Жетісу ескерткіштері жөнінде неғұрлым толық түсінік береді. Ол Іле езенінің оң жақ жағасында Шылбыр қойнауында орналасқан және 31 обадан түрады; олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас және топырақ үйінділерімен жабылған.

Үйінділерінің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып белінеді. Үлкендерінің диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін өзгеріп отырады орташаларынікі - соған сәйкес 25- 38 м және 5- 6 м, кішілерінікі - 6- 18 және 0,8- 2 м диаметрі 104 м және биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Қорғанның қиық конус түріндегі тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында ені екі метрлік орлар байқалады. Үйіндіні айналдыра тас дуал тұрғызылған. Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Қейбір тік тұрған тас бағандарға ру-тайпа таң-балары қашап салынған. Қүл қалдықтарына, қыш ыдыс сынықтарына қарағанда, қоршаулар отқа табынушылық пен құрбан шалу ғұрпына байланысты болған.

Бесшатырда үш үлкен, үш орташа оба және кішкене обалардың бәрі қазылып ашылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м., биіктігі 7,6 м. Үйінді астынан аршылған Бесшатыр қабірі бірнеше бөліктерден: дәлізден (дромостан), қабірдің алдыңғы кірер аузынан және жерлеу бөлмесінен тұратын, өз заманындағы жер бетіндік күрделі ағаш құрылыс болып табылады. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер бір-біріне тақап қиюластырылған бүкіл құрылысты барынша орнықты ету үшін бөренелердің жуан түп жағын ерсілі қарсылы кезектестіріп қалаған.

Жерлеу бөлмесінің бірқатар бөренелерден тұратын жалпақ төбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған.

Жерлеу жоралғысынан кейін бөлмеге кіретін ауыз ірі тастармен бекітіліп, ал дәліздің бөлінген жерлері төбесіне дейін жабайы тастарды қиыршық тастармен араластырып толтырылған болуы ықтимал. Тек осыдан кейін барып жерлеу құрылысының үстіне ірі тастар мен қиыршық тас аралас орасан зор үйінді үйілген.

Екінші бір үлкен обаның тас үйіндісі астында сол кездеп жердің бетінің деңгейінен 2 метрдей тереңдікте жер асты жолдарынын жүйесі болды. Олар жердін негізгі жынысында қазылған және негізгі бағыттаушы кірер аузы мен жанама тармақтардан тұрады. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жер асты жолдарының биіктігі метрден астам, ені 75—80 см. Қабыр-ғалардың кей жерлерінде кішігірім кертпеше ойықтар жасалған, олардың жанындағы ыс іздері бұл ойықтарда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық түсіретін май шырақтардың тұрғандығын дәлелдейді, жанама тармақтарда құрбандық шалудың қалдығы - мал сүйектері табылған. Негізгі жолдың жанама тармақтарды қосқандағы жалпы ұзындығы 55 м.

Бесшатыр қорымында (№ 14 оба) жерлеудің жаңа түрі ашылды. Обаның қабір құрылысының негізі — майда қиыршық тас араласқан топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар төменгі екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғарғы -қатары жидеден үш қатар бөренелермен жапқан тәбені тіреп тұр. Бөренелі тебенің үстіне тастың, бұтаның және сексеуілдің жас бұтақтарының кезек алмастырылған он алты қабатынан тұратын жаппа жасалған. Қабірдің шаршы табаны және күмбезделіп жасалған жаппасы болды.

Қабірдің шығыс жағында, екі жағына екі жұптан бағандар қазылып орнатылған кірер аузы бар. Жұп бөренелер қазықшалармен қосылған, оған қоса берігірек болу үшін жуан ши арқандармен байланған. Қірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі қабат қамыс тесенішпен жапқан.

Бесшатыр хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісінің астындағы үлкен қабір шұңқырында басы батысқа қаратып, созылған күйінде шалқасынан жерленген екі қаңқа жатты. Әрбір қаңқаның оң жағында көбелек тәрізді бәйегі бар қысқа темір семсер ақинақтар қойылған, ал сол жақтарында жебелердің қола ұштары бар қорамсақтардың қалдықтары (қорамсақтарда барлығы 50 қысқа сапты және ұңғылы жебе ұштарының он екі түрі бар) жатыр. Солтүстік жағындағы қаңқаның сол жағында темір умбон (қалқанның орта бөлігінің қаптырмасы) және шағын ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші куыс алтын түйіршіктерден жасалған екі моншақ табылды.

Бесшатыр қорымы б. з. б. V ғасырға жатады. Бұл қорымнық аумағы екі шаршы километрге жетеді. Алайда, Бесшатыр обаларына байланысты ескерткіштер қорымның өз территориясынан анағұрлым кең жерде бытырай орналасқан. Оларға обалы қорымның төңірегіндегі тас қоршаулар жатады.

Шамасы, Бесшатыр комплексі Іле өзені аңғарын мекендегеи жетісулық сақтардың қасиетті орны болған болуы керек. Жүздеген жылдар бойына сақтар мұнда кұдайға құлшылық етуге келіп тұрған, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас берген және әр түрлі діни жоралғылар жасаған, бата қылған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындар менгирлер мен қой тастардан ұлан-ғайыр қоршаулар тұрғызылып белгіленген.

Бесшатыр қорымының барлық обаларына үйінді тұрғызудың біртектілігі тән. Ол тастардан және ірі қиыршық тастардан үйіледі, төбесі жалпақ (тілігінде — трапеция), етегінде тастар тығыз қиюластырып қаланған. Үлкен обалардың құрылымдық ерекшеліктері - үйінділердің баурайларындағы терең орлар, оба үңгіріне осы орлардан кіретін болған. Сірә, жерлеу жоралғылары аяқталып, оба тұрғызылғаннан кейін, бата қылу, құлшылық ету және құрбандық шалу ушін жер астына кірер ауыз біраз уақыт ашық қалдырылатын болған болу керек, ал кейін кірер ауыз үстіндегі оба үйіндісінің біразын құлатып көмілетін болған.

Бесшатыр комплексінің үлкен және кіші обалары б. з. б. V ғасырда - ақ сақтар тайпаларында архитектуралық-құрылыстық әдістер: төрт бұрыштап және дөңгелектеп салу, тас қалау, ағашты өңдеп қырнау және ағаштан құрылыс салу әдістері, құрылыс салуда ағашты, қамысты, тасты пайдалану және үйлестіру әдістері қалыптасқандығын керсетеді. Шамасы, мұндай құрылыстық тәжірибе тек діни ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, тұрғын және шаруашылық жайларды салу кезінде де жинақталған болуы керек.

Бесшатырдың діни құрылыстары тайпаластарының көсемді мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Тек Үлкен обанын үйіндісін тұрғызу үшін ғана елу мың текшеметрден астам топырақ, тас және қиыршық тас пайдаланылған. Бұдан басқа, қорымнан үш шақырым жердегі ең жақын таулардан мыңға жақын тақта тас пен қой тас әкелінген.

Үйінділердің үш тобына мола құрылыстарының әр түрлі формалары: үлкен және орташа үйінділерге бөренеден қиылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, барлық кішілеріне — жер шұңқыр (кейде олардың ішіне тас «жәшіктер» тұрғызу) сәйкес келеді. № 14 обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейіт басқа жерде кездеспейді.

Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50-де 2м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа қаратып қойылған. Жерленгендердің әрқайсының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсаптардың қалдықтары жатыр. Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүгілген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе, сірә кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық мойыншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршіктерден жасалған екі мойыншақ табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б.з.б. Ү-ІҮ ғ.ғ деп белгілеуге мүмкіндік береді. Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағынадағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр [52, 477-493 ].

Қорымның төңірегіндегі бұл құрылыстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі обьектіні толықтыратын сияқты.

Сірә, Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген Жетісу сақтарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалық обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындарға Менгирлер мен қойтастардан үлкен қоршаулар тұрғызылған [5, 154-156 ].

Бесшатыр қорымының барлық обаларына-үлкендері мен орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршық тастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі-үйінділер етегіндегі ордың терең болуы,обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек.

Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы құрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы құрылыс-тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегінде менгирлермен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияқты жалпақ төбелі үшкіл үйінді. Үйінді архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары-ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.

Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар салынғанға дейін-ақ архитектуралық-құрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өндеу дағдырлары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.

Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерің мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейтіндей (тоңалмайтын) ету ғана емес, сонымен бірге ”мәңгі” тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің құдыреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды [ 8, 15-18 ].

Бесшатыр обалары өздерінің көрнектілігімен зор әсер қалдырады. Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас, қиыршық тас пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан үш шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақта тастармен қой тастар тасып әкелінген.

Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен қорғандардың әрқайсысы тастар мен топырақты жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, қайта құрылымды алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенің көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш құрылысқа қажетті микроклиматты қалыптастырып, ескерткіш обаның өз саның ұзақ уақыт сақтауына да әсер еткен.

Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарың әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына-бөренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді биік, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. Обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс [17, 210-215 ].

Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан орыннан шамамен 200-250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде ағаш кесілген, бұтақтары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған.

Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен жүргізілген болса керек.

Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көп жылдық тәжірибенің жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары ”таза” көшпелі болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған [23, 110-131 ].

Келесі бір ірі ескерткіш «Есік» обасы болып табылады. Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обанын диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты қиыршық - сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қой тастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйіріндегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь-шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде 2,9 х 1,5 м, сырты 3,3 х 1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-1,5 м.

Лақыттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар қойылған, ал солтүстік бөлігінде лақыттың тура тақтай еденінде жерленген адамның сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға қарағанда, өлік ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басын батысқа қаратып, шалқасынан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см.

Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә былайша тұрғызылған болса керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима-лақыт жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей бөренелерді көлденен лақыттың қабырғасы болатындай етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып шығарылған.

Лақыттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол үстінен де ұзын қабырғаларына көлдененінен қойылған бөренелермен жабылған. Түбіне жақсылап өңделген бір-біріне жақсы қиюластырып еден төселген. Еденге өлікпен неше түрлі нәрселер қойылған.

Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалармен әшекейленіп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бесқаруы түгел асылған өлік қойылған. Орныққан салт бойынша, өлік аяқ-қолы созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен төмен қойылып, сол қолы бір жағына созылып жатыр [ 4, 142-145 ].

Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар өткерме шегеленген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма- тоға ерекше көз тартады.

Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ- ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.

Лақыттың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың ыдыстар қойылған. Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырақ тұрған алтынмен апталған қола тегененің де соларға жататыны аңық. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың бірде-біреуінен жануарлардың сүйектері ет тағамының қалдықтары табылған жоқ [8, 15-18 ].

Ыдыстардың орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және ағаш ыдыстар, бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында-екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында-тегенелер мен ожау тұр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың алдыңда тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында тұр. Лақыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә, лақыттың есігі оның шығыс жағында болса керек.

Жерлеу ғұрып жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де, сонан соң топырақ үйілген. «Есік» обасы Жетісудың «патша» сақтарының ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ол 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйінді астында екі қабір бар: ортада және бір бүйірінде (оңтүстігінде). Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шеккен. Бүйірдегі қабір сол күйінше сақталған. Аумағы 2,9X1.5 м және биіктігі 1,5 м қабір Тянь-Шань шыршасының өңделіп қырналған бөренелерінен қаланған.

Қабірдің оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар қойылған, ал солтүстік жартысында жерленген өліктің сүйектері бар.

«Есік» обасындағы қабір құрылысы, сірә, былай тұрғызылған болуы керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тік бұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима — лақыт жасаған. Оның құрылымы өте қарапайым: ұзындықтары бірдей бөренелерді бес қатар етіп көлденеңінен лақыттың қабырғасы болатындай қылып қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек бір-біріне тиіп қана тұр, лақыттың ұзын және келденең қабырғаларындағы бөренелердід ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындыра шығарылған.

Лақыттың үсті көлденең бөрене жаппамен жабылған. Жақсы қырналып, бір-біріне тақай қиюластырылған он тақтайдан төселген еденге өлік пен неше түрлі нәрселер қойылған.

Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалармен әшекейлеп тігілген мата тесеніш теселген болуы керек. Оның үстіне сол кездегі жерлеу салты бойынша, барлық киімі түгел кигізілген және қару-жарағы түгел асылған өлік басын батысқа қаратып, шалқасынан салынған.

Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белбеуге алтын қаптамалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар еткерме шегеленген. Белбеудің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белбеудің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма тоға ерекше көз тартады.

Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралғак қамшы, одан жоғарырақ — ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.

Лақыттың еденінде өлік тамағы салынған ыдыстар қойылған. Салттық ыдыстардың құрамына жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырақ тұрған алтын жалатқан қола аяқ та кірген. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатты.

Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш ыдыстар мен ағаш ыдыстар бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында — екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында — аяқтар мен ожау қойылған. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне тақай, бір қа-тарға тізіліп қойылған, олардың алдында аяқтар, бұлардың арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында тұр. Лақыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден белігі заттардан бос.Сірә, Бесшатыр обаларындағы сияқты лақытқа кірер есік шығыс жағында болса керек.

Жерлеу жоралғыларынан кейін лақытты қысқа бөренелермен жауып, шұңқырды топырақпен толтырып, сонан соң үйінді тұрғызған.

Жас жауынгердің киімі де ерекше назар аударады, ол өткен тарауда сипатталған болатын. Бұл арада тек оның киімінде, телпегінде және аяқ киімінде 4000-нан астам өте көркем алтын қаптырмалар мен тіліктер түріндегі әшекейлер болғанын айта кету керек. Басқа да сирек кездесетін заттардын арасында өзіне назар аудартатыны — сәнді бас киім киіп, қырын қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын жүзік-мөр. «Есік» обасындағы жерлеу орны б. з. б. VIV ғасырлардың аяғына жатқызылады.

Сақ заманындағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі жөнінен, бейіттік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен бесшатырлық және есіктік үлгідегі «патшалық» қабірлерден мүлдем өзгеше.

Сақ мәдениеті әуелгі кезеңінің (б. з. б. VIIVI ғасырлар) жерлеу орындары Қарғалы I және Алтынемел II қорымдары болып табылады. Қарғалы I қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Қорғандардың сфералық үйінділері астында тас жәшіктер болды. Олардың ішіндегі қаңқа сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Ескерткішті зерттеушілер оны б. з. б. VIIIVII ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі кезеңге жатқызады.

Шолақ тауларының Алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары әуелгі сақ заманына жатады. Мұндағы тас жәшіктер қырынан көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытталған. Олардың уакыты ежелгі мола құрылыстарына қарап белгіленеді.

Жуантөбе қорымындағы обаларды да сақ мәдениетінің ерте кезеңінің ескерткіштері деп санауға болады. Олардың көлемі шағын. Үйінділері өзеннің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Адамдардың қаңқалары көлденең қойылған ағаштармен жабылған ендік бағыттағы жер шуңқырларда жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, қола пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар, моншақтар, тартпа-лардың қола айылбастары, шашақтар және керамикалық ыдыстар Жуантөбені б. з. б. VIIV ғасырларға қатысты деген пікірге келтіреді.

Б. з. б. V—IV ғасырларға (сақ заманының соңғы кезеңі) Қадырбай III, Қарашоқы және Кызылауыз сияқты ескерткіштер де жатады.

Шолақ тауларында, Іле өзенінін оң жағасында орналасқан Қарашоқы (Қара-Чоко) қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршық тас араласқан шағын үйіндісі болды. Үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жер шұңқырға жерлен-ген. Қабірдің ішінен б. з. б. VIV ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола ұштары табылды.

Қадырбай II (Іле аңғары) қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақ. Обалардын іргелерін белдеулей тас қаланған. Жер шұңқырдың түбінде тұрған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы батысқа, не солтүстік-батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б. IVIII ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Дәл сол заманның жерлеу жоралғылары мен материалдық мәдениеті туралы басқа да қорымдар бойынша пікір айтуға болады.

Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттар да сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі деректемелердің бірі болып табылады. Барынша назар аудартатындары — қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы. Олардың арасында белгілі Жетісу алтарі (құрбан шалатын) —төрт аласа аяғы бар, жиегіне жиырма бес қанатты арыстандардың мүсіндері орналасқан тік бұрышты стол бар. Басқа кембеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген.

Тағы да бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген.

Каменское плато маңынан (Алматы қаласының теңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар, он қола қазаннан тұратын кембе табылды. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығандығын және олардын мәдениетінің телтумалылығын көрсетеді.

Антропологтардың анықтауынша, есік обасына жерленген адам 17-18 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады ол алтынмен мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түріде, көлемі де әртүрлі алтын қаптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік ( 65-70 см дейін ) бас киім киген. Бас киім жылқы барыс, таутеке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік жауынгерінің мойындаушы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында - Перузадан жасалған салқыншақтары бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырылып, әшекейлеп, кестеленген көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары бешпеттің өң бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен қапталған құрама белдік табылған. Белдіктің оң жағына қызыл қыңға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлаң мен жылқы бейнеленген алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сұғыңдырылған. Сақ жауыңгері саусағына екі алтын жүзік таққан, олардың біреуі-сәңді бас киім киіп қырыңа қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын (жүзік мөр). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б. ІҮ ғасырдың аяғы ІІІ ғ деп белгіленіп отыр [5, 154-156 ].

Сақ заманыңдағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі биіктік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен Бесшатырлық және Есіктік үлгідегі патшалық қабірлерден мүлдем өзгеше.

Сақ мәдениеті алдыңғы кезенің ( б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар) мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтын емел-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Мұңдағы обаларға да тас үйінді тұрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Ескерткіштерді зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімің б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге жатқызады.

Шолақ тауларының алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары алдыңғы сақ заманыңа жатады. Мұңдағы тас жәшіктер қырынаң көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытталған.

Жуантөбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеніне жатады. Олардың көлемі шағын өзенің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденен қойылған ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шұңқырлар да жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар Жуантөбе мерзімің б.з.б. Ү-ҮІ ғғ деп белгіледі [ 22, 47-49 ].

Соңғы сақ заманының б.з.б. Ү-ІҮ ғғ біршама жақсы мәлім Қадырбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға жатады. Шолақ тауларында Іле өзенінің оң жағасында орналасқан Қарашоқы қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршық тас араласқан шағын үйіндісі, үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден қазылған шұңқырға жерленген. Қабірдің ішінен б.з.б. Ү-ІҮ ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола ұштары табылды.

Қадырбай-2 іле аңғары қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерің белдеулей тас қаланған. Жерден қазылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мерзімі б.з.б.ІҮ-ІІІ.ғғ деп белгіленеді. Тұрақты жерлеу ғұрпы мен құрал-саймандар Қызылауызға да тән [ 23, 110-131 ].

Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттары сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөнінде жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары олжалар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аударатындары-қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен қару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп құю бұйымдары. Бұлар-төрт аласа аяғы бар, жиегіне қанатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай-ақ төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген [31, 56-59 ].

Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген.

Каминское плато маңынан (Алматы қаласының төңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың қою тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығаны және олардың мәдениетінің төл тумалығын көрсетеді.

Жалпы алғанда Жетісу өңірінің сақ ескерткіштері одан әрі зерттелуде. Қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясында өзекті мәселелердің бірі қоныстарды зерттеу. Осыған байланысты жыл сайын археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қазба жұмыстарды одан әрі толықтыруда. Дегенмен бұл өңірдің ескерткіштерін әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді.






















ІІ - тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштер


Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі

Сырдария өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың басында басталды, олар негізінен ежелгі антикалық деректер мен ортағасырлық географтары мен саяхатшылардың, және сонымен бірге көпестердің арнайы хаттарында айтылады. Яғни ХҮІІІ ғ Бұқара жерін зерттеу үшін Сырдария өңірінен өткен зерттеушілердің деректері болып табылады. Ежелгі Сырдария аңғарынын сақтарын зерттеулер КСРО ҒА Этнография институтының Хорезм экспедициясының көп жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарының жиынтығы негізінде анықталған. Ежелгі Сырдария жерінен неолит бастап соңғы ортағасырға дейінгі ескерткіштер зерттелген,оның ішінде ежелгі сақ ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ. Бұл жұмыстарды С.П.Толстов, М.А.Итина сияқты белгілі ғалымдар бастады.

Ежелгі Сырдарияның атырауы оның қазіргі салалары арасында орналасқан және ең оңтүстігі Інкәрдария өзенінің бастауының құрғақ жерлерімен аяқталады. Бұл үлкен ұшбұрышты аймақ негізінен Оңтүстігі Қарақұм мен батысы Арал теңізімен шектеліп, ендік бойымен және меридиандық бағытпен созылған. Өзендердің атыраулары әртүрлі бағыттармен ағуына сәйкес, жалпы су режимінің ерекшеліктерін анықтау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерге байланысты. Іңкәрдария жүйесі (оңтүстігінде) және Қуандария жүйесі (солтүстікте) неолитпен қола дәуірінде қалыптасты. Інкәрдария өзеніңде кейінгі сақ кезенінің ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ табылды. Жаңадария мен Қуандария өзендері бойынан б.з.б І мыңжылдықтың ортасы мен б.з І мыңжылдықтың ортасына жататын ескерткіштер тобы ашылды. Бұл табылған археологиялық заттар адам баласының 1000 жыл бойы осы жерде өмір сүргеннің көрсетеді. Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс бойынша б.з.б. І мыңжылдықтың алғашқы жартысына жататын ескерткіштер тобы, кейінгі қола дәуірі және ерте темір дәуіріне қатысты қоныстар Сырдария атырабының оңтүстік бөлігінде ашылды. Өзендердің жағалауларында орналасқан көптеген қоныстардан керамикалық бұйымдар б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ жататын қола садақ оғының сақ-скифтік типтік заттары табылды [ 55, 125-129 ].

Бірақ негізгі материалдарды жер асты ескерткіштері берді, оған қорғандар мен зираттар және мавзолейге ұқсас жер асты құбырлары болып табылады. Осы аталған барлық қорғандар мен қоныстар ішкі жазықтарда немесе таулы қыратта тізбектеліп орналасқан. Ал кейбір жағдайда қорғандар қала тәріздес түрінде табылып жатты, мысалы Шырық-рабат – С.П.Толстов, Т.А.Жданко сияқты ғалымдардың деректеріне негізделді. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА Хорезм экспедициясы оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы Экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы өңірде көптеген ескерткіштер жиынтығы табылды. 1957-60 жж Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты қоныстарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа ескерткіштер ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 54, 210-212 ].

1960-63 ж Түгіскен үстіртінде оңтүстік және солтүстік Түгіскен қорғандары ашылды. Сонымен оңтүстік өңірде Сыр бойымен Арал маңындағы ескерткіштерді қазіргі уақытта одан әрі зерттеуде, бірақ бұл өңірдің сақ ескеткіштері аз зерттелген.

Қазақстандағы аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезенің материалдық мәдениетін Оңтүстік түгіскен және ұйғарақ қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар қару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетердің материалдық мәдениетінің денгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар-қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше көп шаруашылық және мол табынышының түр құрамы туралы, құнды мәліметтер береді.

Қорымдардың материалдарын көптеген кездей-соқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, құрбандық ыдыстары, шырақдандар, еңбек құралдары, қару және, ер-тұрман заттары, едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың құю техникасы мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өңдірісінің ірі орталығы болғаның дәлелдейді [ 55, 151-175 ].

Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан қаланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ.

Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өнірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандардың массагет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарьяның төменгі бойындағы Ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл - Солтүстік Түгіскен б.з.б. ІХ-ҮІІІ ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы- Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кезеңге бөлінеді біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік түгіскеннің барлық саң обалары б.з.б ҮІІ-Ү ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа шығыс, орталық, және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.

Сырдарияның көне арңалары Жаңадария, Қуандария және Іңкардариялардың бойларын, Страбонның айтуынша, аралдар мен батпақты жерлерді мекендеуші массагет тайпалары қоңыстанған. Кейін гректегі Александр Македонскийдің жорығымен байланысты жазылған деректерге тағы төрт тайпаның:аппасиактар, тохарлар, аугастар және сакаравактардың аттары аталған.Аса қуатты мемлекет құрған бұл тайпалардан ғажайып ескертікштері мол сақталған, олар Шірік-рабат, Баланды, Сеңгіртам, Қабылдың қорғаны қалаларымен сол қалалардың төңірегіндегі жерлеу рәсімі және ғұрыптық салттар өткізілген зәулім ғимараттар.

Олардың ішіндегі ең ірісі Шірік-Рабат қаласы. Бұл қала жұртында тұрақты қазып зерттеуді 1946 жылы профессор С.П.Толстов басқарған СССР Ғылым Академиясының Хорезм археология-этнографиялық экспедициясы бастады. Шірік-Рабат қаласы Жаңадарияның оң жақ жағалауындағы көлемі 850-600 м, сопақша келген төбе үстінде салынған. Сырты екі дуалмен және ені 40 м болатын ормен қоршалған. Ішкі дуал жақсы сақталған қалындығы 4,5 метрдей дуал бойына 50-ге жуық мұнарлар сақталған.Қаланың іші әр кезеңде үш рет осындай қорғандармен бөлінген. Қалаының оңтүстік биік бөлігінде төртбұрышты ғимарат орны бар.Бұл қаланың цитаделі болса керек.Одан солтүстікке қарай алты оба орналасқан. С.П.Толстов бұл қаланы аппасиактардың астанасы деп есептейді.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шірік-Рабат қала жұртында археологиялық зерттеу жұмыстары үш нысанға жүргізілді. Баяндама 2-ші нысандағы 2004-2007 жыл аралығындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі жайлы болмақ.

1946-1980 жылдардағы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмыстарының нәтижелерімен сипатталады. Онда табылған құнды мәдени мұралар мен заттай деректер Ресей асып, жоқ болды. Ғылыми тұжырымдары Қазақстан тарихы тұрғысынан сарапталмай, ғылыми айналымға енбей ұмытылып барады.

Сондай-ақ, 2007 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты археологиялық экспедициясы ( жетекшісі т.ғ.к. Ж.Құрманқұлов ) Қызылорда қаласыанан 300 км, елді мекенен 100 шақырым қашықтағы ертедегі Шірік-Рабат қаласы маңындағы 5 нысанда археологиялық қазба жұмыстарын атқарды. Мұнда зерттеушілер ескерткіштердің мәдени қабаттарын және қазбаларын сипаттады. Мұнда ХҮІІІ ғасырға дейін Қарақалпақтардың үлкен қамалды қаласы болғандығы баршамаызға мәлім.Қазақстанның бірқатар аймақтарында 1950-жылдардан бастап кешенді археологиялық экспедициялар зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Сондай экспедициялардың бірі А.Н.Бенрштам жетекшілік еткен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу археологиялық экспедицияларының осы өңірлерде ірі көлемде қазба жұмыстарын жүргізуі. Г.И.Патцеевич Сырдария өзенінің сол жағалауы ауданындағы көне ескертікштерді зерттеп, Ақтөбе-1 қалашығының қысқаша сипаттамасы мен оны кезеңдеуге қатысты өз ойларын білдірді.Осы жылдары И.Е.Агеева аталған қалашықтан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерден бірнеше қорғандар тобына қазба жұмыстарын жүргізді.[ 3, 192-199 ]

Шардара өңірінің археологиялық ескерткіштерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуі Шардара археологиялық экспедицияның атқарған жұмыстарымен тығыз байланысты. Бұл экспедицияның құрылуына 1959 жылғы Сырдариядағы Шардара СЭС-ның құрылыс жұмыстарының басталуы себеп болды.Шардара археологиялдық экспедициясының негізгі мақсаты бүліну жағдайында тұрған, тез арада зерттеуді талап ететін Ақтөбе-2 қоңысында , Шәушіқұмтөбе қалашығында, Ақтөбе-1 және басқа қорымдарда қазба жұмыстары жүргізу болды.Осы мәселеге қатысты басы ашылмаған сұрақтардың қатарына Талас аңғарындағы Кеңқол мәдениетінің таралуын жатқызуға болады. А.Н.Бернштам Кеңқол мәдениетін аша отырып, осы мәдениеттін ескерткіштерінің аналогиясын жасады. Бірақ кейінгі кездерде осы мәдениеттін таралу аймағын Талас аңғары, тіпті, Ташкент оазисіндегі ескертікштерімен салыстырушы ғалымдардың ғылыми мақалалары жарық көрді.Алайда, ғылыми негізде үлкен еңбектердің жарияланбауы себепті, Кеңқол мәдениеті туралы ірлегі зерттеулер жоқтын қасы.Көріп отырғанымыздай, Шардара аумағындағы қоңыстар мен қорымдар өзіндік ерекшеліктері жайлы айтарлықтай кең ауқымды мәлімет берді.Яғни, мұндағы есекрткіштер мәдени және ғылыми дәрежесі жағынан еліміздің мәртебесінің асқақ тауына қызмет етеді деп ойлаймын.Алайда, аймақты зерттеу жұмыстары 60- жылдардың басымен шектелген.

Қазіргі танда Отан тарихында зерттеуді қажет ететін тақырыптар аз емес. Солардың біріне Арал өңірі тарихи ескерткіштері жатады. Бірақ осы өңірді мекендеген халықтар тарихын жазуда жаңа тұжырымды пікірлер бір жақты қарастырылған.Әсіресе Ресей және Кеңес заманында жүргізілген археологиялық – этнографиялық экспедиция материалдары көбіне бұрмаушылыққа ұшырады.Арал өңірі тарихына шынайы зерттеулер тәуелсіздік алғанан кейін белен алды. Археология Институтының экспедициясы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен ескі Қуандария мен Жаңадария бойындағы Шірік-Рабат қаласын зерттей бастады. Бұған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқушылар мен студенттері көптеп қатысуда.Қола, темір дәуірінен бастау алатын Арал өңірі тарихын зерттеуде қазіргі кейбір отандық тарихшылар мен өлкетанушылар да Кеңестік комунистік тарих ғылымы сияқты біржақты принціптер баршылық. Яғни, Сыр бойындағы ескерткіштерге қарап, бұлар тек қазақ халқының, Сыр бойының тарихы деп тұжырым жасайды.Бұл бір жағынан дұрыс болғанымен, екінші жағынан тарихи әдіснамалық тұрғыдан обьективтік қағидалары байқалмайды.Себебі, Арал өңірі тек Сыр бойы ғана емес Әмудария, Жайық, Жем, Маңғыстау тарихымен тікелей байланысты.Арал өңірі Орат Азиядағы көптеген халықтардың тарихы деп пайымдауға болады. Арал өңірінің солтүстігін зерттеумен бірге оңтүстік аймақтарды да басшылыққа алу керек.Бұл кешенді алғашқы қазба жұмыстары 1948-1949 жылдары жүргізіліп, 1957-1958 жылдары жалғасын тапқан жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін кешендегі зерттеу жұмыстары қайтадан жанданды. Ол мемлекетіміздің 2004-2006 жылдарға арналған «мәдени мұра» бағдарламасының аясында іске асып отыр.Аталмыш бағдарлама бойынша 2007 жылы Шірік-Рабаттың фортефикациялық жүйесінің салыну әдісі мен стратиграфиялық құрылымын анықтау үшін қалашықтың батыс бөлігіндегі қорғаныс қабырғасына барлау траншеясы салынды.Шығыстан батысқа бағытталып салынағн траншеяның ұзындығы 8 метр, ені 1,5 метр.

2004 жылдан бастау алған бұл зерттеу нысаны әлі де толық зерттелмегенің, болашақта толықтай зерттеуді қажет ететіндігің атай кеткім келді.




















Түгіскен мен ұйғарақ қорымдары Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққары-адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркеннің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.

Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі- өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара - өлікті өртеу салты.

Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі - жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағыталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақыттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсақ бұтақтар қабаты төселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 1 метр, кейде 5 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған [ 13, 14-18 ].

Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездезеді. Кейбір қабірлерде лақыттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер ”үстел” үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай “үстелдер” де солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.

Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетің обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдар мен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала от жағылатын болса керек.

Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлерін Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тік бұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеу жақындастыратын белгі-сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы [ 16, 189-206 ].

Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ, мүліктердің құрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік бергісі-күрзінің және салттық айбалта-қаңжардың табылуы дәлел. Бұл жерде де жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тік бұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.

Түгіскенде б.з.б.ІҮ-ҮІ ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тәң нәрсе-кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуы мен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа-солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде бастары шығыс – солтүстік - шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған [ 14, 10-12 ].

Сонымен б.з.б.ҮІ ғасыр обаларына бұрынғысынша тәң нәрселер лақыттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы. Табылған көптеген және алуан түрлі заттар б.з.б.ҮІ ғасырларда Аралдың шығыс өңірің мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық ыдыстары мен жануыштар, ат әбзелдері мен қару-жарақтар жатады. Ағаш өнделгенде қолданылған, жер өңдеу жұмыстарына және қару ретінде пайдаланылатын қола шапашоттар сирек кездеседі. Басқа сақ тайпаларында мүлде кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың қызметің қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бұымдар да бар.

Керамиканың материалдық мәдениет ерекшеліктерін мейлінше айқын көрсететіні және түрі ұқсас болған жағдайда түрлі аймақтардың металл бұйымдарының, керамикалық түрлерінің ерекшеліктері елеулі болуы мүмкін.

Түгіскен мен Ұйғарақта керамика барлық жерлеу орындарында кездесе берген жоқ. Биік тік мойыны бар және жайпақ түпті, көбінесе жылтыратылған, алмұрт бітімдес ыдыстар керамиканың негізгі түрлері болып табылады. Мұның өзі қөңіл аударарлық жай, өйткені савромат ескерткіштерінде алмұрт бітімдес ыдыстар б.з.б.ІІІ ғасырда ғана пайда болады және оларға тән емес. Олардың Орта Азиядан шыққан болуы неғұрлым ықтимал [ 55, 151-175 ].

Әуелгі темір дәуірінде Шығыс Арал маңы территориясын және Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ жәңе Түгіскен қыраттарындағы обалы қорымдар болып табылады.

Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Оңтүстік Түгіскендегі барлық сақ обалары б. з. б.VII—V ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманнын 80 обгсы үш топка: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды.

Екі қорымда да жерлеу құрылыстары әр тектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей және оның өзіне тән ерекшелігі — отқа табыну.

Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің кұм үйінділері астынан б. з. б. VIIV ғасырлардың жерлеу құрылыстарының екі үлгісі қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққаны — адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстың не күркенін ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тік бұрышты болған. Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі — өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара — өлікті өртеу салты.

Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі — жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен Оңтүстік Түтіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тік бұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақыттар ағаш бөренелермен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсақ бұтақтар қабаты төселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15—20 м, кейде 30 метрге дейін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабаттарынан тұрғызылған.

Қабірдің түбінде, бұрыштарында тіреудің орындары тектес кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лақыттьң түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «столда» жатқандай көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты мұндай «столдар» да — Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің мавзолейлерінен белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.

Оңтүстік Түгіскенде жерлеудің басқа да түрі бар. Діни құрылыс ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршаған топырақ дуалдан тұрады. Дуалға қажет топырақ белдеулей қазылған ордан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалмен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құры-лысты айнала от жағылатын болған болуы керек.

Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тік бұрышты тар шұңқырлар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Үйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы.

Жерлеу құрылыстарының әр түрлі болуы, шамасы, сақ қоғамының ру-семьялық және әлеуметтік құрылымының күрделілігі мен қарама-қайшылығын көрсететін болуы керек. Бұл, әсіресе, Ұйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып дәстүрлері айқынырақ байқалады. Бәрінен де ықтимал нәрсе, бұл қабірлер сақ қоғамының жалпы рулық діни қызметтермен байланысы бар нағыз кертартпа бөлігіне тән болған болса керек.

Ұйғарақ обаларының орталық комплексін қалдырған рулық топ, мүліктерінің құрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең күшті топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған биліктің символы — күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Үйғарақтың батыс жақ шетіндегі тік бұрышты тар қабірлерге атағы мен байлық ерекшеліктері көзге түсе бермейтін рулық қауым мушелерін жерлеген.

Оңтүстік Түгіскеннің ең соңғы кезеңдердегі обалы ескерткіштерінің қатарына б. з. б. V ғасырдың бай молалар тобы жатады. Олардың құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромрс. Қабірлер өте терең болып келеді. Шүңқыр әлемнің төрт жағына неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, әдетте, бұрыштарымен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс-солтүстік-шығысқа қаратылып (кейде оларды лақыт шүңқырларын қиғаштай жатқызған), аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатыр. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара.) тегіс етіп жабылған.

Б. з. б. V ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер лақыттардың бұрыштарындағы шұңқыршалардың сақталуы, әжептәуір анық байқалады. Хорезмнің сақтар мәдениетіне ықпалы сондай-ақ керамикалық өндіріс саласында да көрінеді.

Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байқалады, ол әсіресе жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жоспарлануында ете-мете анық көрінеді. Ол былай тұрсын, соңғылардын айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғысындағы жоспарлау принципіне ұқсас құрылыстар Хорезмнен кездеседі. Сірә, бұл жерде біз сақтардьщ өз көршілерінің мәдениетіне кері ықпалын көреміз.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, б. з. б. II ғасырдың ортасында сақ әскери бірлестігі тайпаларының біразы Арал маңынан кетіп, сонау шалғайдағы Бактрия мен Үндістанға жасалған жаулап алу жорықтарына қатысқан.

Қазақстан территориясын ежелгі мекендеушілерден қалған ескерткіштер, мұнда шаруашылық және әлеуметтік дамудың біркелкі болмағанын, бұл ұлан-ғайыр территорияның бірқатар региондарында, әсіресе оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алғашқы қауымдық құрылыстың және жазба деректемелерге қарағанда, тайпалық ұйымның күшті қалдықтары мен сарқыншақтары бар әуелгі таптық қатынастардың қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Түтікше шүмегі бар ыдыс та орта азиялық түр болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Ұйғарақтағы б.з.б. ғасырдағы қабірлерден табылды, Қазақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ұшыраспады. Сонымен бірге Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақта бір не екі тұтқасы бар жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бүйрі шығыңқы тостағандар кездесті- ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтар дүниесінде, сондай- ақ Қазақстанның ертедегі көшпелілердің жерлеу орындарында жақсы белгілі.

Арал өңірінің жерлеу кешендерінен қару-жарақтар, көбінесе жебе ұштары мен ат әбзелдері табылды. Олар Евразияның алдыңғы сақ заманындағы шығыс аудандарында- Қазақстанға, Сібірге, Алтайға тән. Мұнда да жебе ұштарының басты-басты екі түрі-қысқа сапты және ұңғылы түрі қатар қолданылған. Қысқа мойынды жебе ұшының орнына б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысында қанды басы үш қанатты немесе үш қырлы ұңғылы жебе ұшын қолдану басқа аудандарға қарағанда ертерек басталды, мұның өзі бұлардың солтүстік-батыс көршілері-Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарымен байланыстары мен жер жағынаң жақындығының арқасында болғаң еді [56, 125-129 ].

Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа жерлерде аз тараған ромб тәрізді ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қаңды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылғаң жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф- сақ әдісі басым болған.

Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынаң ең көп табылатын заттардың бірі-ат әбзелдері. Ұйғарақтағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгенің қалдықтары- ауыздықтар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ақ тартпалардың айылбастары табылған.

Ұйғарақтағы ат ер тұрманы-Орталық Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нұсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз құрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ, үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түбіндегі шығыршықты ауыздықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен көзге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың Арал өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.

Сырдарияның төменгі бойындағы ескерткіштерді савромат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Ұйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш құстың басы түріндегі “құстұмсық тәрізді” деп аталатын құрбандық ыдыстарының ерекше түрі де кең таралған. Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасындағы бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетің скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді [37, 59-63 ].

Жинақтарда осы өңердің тым ертедегі үлгілерінің,ең алдымен І Петр коллекциясындағы дөңгелене бүктеліп жатқан барыс не қабылан түріндегі қола қаптырмалардың болуы мәнді.

Құйрығының ұшы мен аятары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрыны бір сызық бойында жатқан концентратциялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары - Евразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өңері заттарына ұқсастығы байқалады. Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін еңгізу ғана байқалады.

Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өміріндегі тұрақты тақырыптардың бірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің №45 обасындағы б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнелі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Ұйғарақта да бар), басы артына қарай бұрылу тырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басы онша ұқсамайды, сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды. Арыстанның құйрығы ширатылған, бірақ аятары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысық көзді және жалы бар. 53 обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінің орналастыруда өзгеріс аз, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа - Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасында тұмсығын аяғынан үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі өте табиғи түрде берілген [41, 60-64 ].

Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтыннын жалпақ тілігі (Онтүстік Түгіскен б.з.б. ҮІІ ғасыр) Арал өңірі сақтарынын бейнелеу өңерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсықтары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мөрлеріндегі бейнелерге өте-мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманындағы Қазақстандық-Сібірлік мәдени ортамен жақындастырады.”Тұйағының ұшымен” тұрған бұғынын қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді (Ұйғарақ б.з.б. ҮІ ғасыр).

Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш құстын басы түріндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың өзгеше бір үлгідегі бітімін осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп бейнелейді.

Аң стиліне кенінен мәлім әуен-таутеке мен қабанды бейнелеу де Ұйғарақ пен Түгіскеннен кездестірілді. Ұйғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған алқада және Түгіскендегі 6-обадан табылған киік мүсіні түріндегі алтын қаптырмада жергілікті сюжеттің бейнелгені сөзсіз. 53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жасалған Түгіскен қаптырмалары Қазақстан аумағы мен Минуса ойпатынан табылған, аяқтары бүгулі бұғылардың бейнелеріне өте қатты ұқсайды [24, 197-208 ].

Б.з.б. Ү ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Онтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өңеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінің артында бірі ”жер бауырлап” жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олардың жоңы мысық тұқымдас хайуанға ұқсайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына үшбұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялық өрнектер салынған. Түгіскен мен Ұйғарақтың обаларынан табылған барлық өңер заттары. Арал өңірі ауданын скифтік-сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларын шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңейтті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлармен, бірқатар жағдайларда тіпті б.з.б. ҮІІ ғасырдың басы мен белгілейтіні оның жекеленген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктерімен пайда болғаны айқын көрсетіледі. Мысалы, Тува, Алтай, Оңтүстік Сібір және Қазақстан аумағынын дені Европалық скифтік-сарматтық және Жайық өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ құратыны анық. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ Азиялық төлтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері әлдебір аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарынын өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтын мәдени жалғастырушылары болуы мүмкін [25, 170-172 ].

Алдыңғы Азиядан шыққан кейбір бейнелеу үлгілері Орта Азия арқылы скифтер заманындағы Алтай мен Оңтүстік Сібір өңеріне үйлесіп, сол арқылы орнығуы мүмкін деген жорамал расталып отыр. Бұл Оңтүстік Орал өңірінің савроматтық ескерткіштеріндегі кейбір бейнелер жөнінде де сондай дәрежеде дұрыс.

Сырдарияның төменгі бойындағы сақ тайпаларының тарихы ең әуелі қола дәурінің соңғы кезеңіндегі аймақ тұрғындарының жергілікті этникалық-мәдени ортасынан басталады. Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскенің жерлеу құрылыстарының ежелгі беткі қабаттағы құрылыстары, топырақ лақыттардың бағанды құрылымдары, ”жер столдар” деп аталатындар, жерлеу салтындағы кең тараған отқа табынушылық секілді өзіне тән белгілері нақ содан, Солтүстік Түгіскеннің кесенелері мен басқа да ескерткіштерінен басталады. Бірақ Арал өңірі сақтарының этникалық-мәдени дамуы жергілікті бағытпен ғана шектеліп қалған жоқ [32, 12 ].

Жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктер Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік-Батыс Қазақстандағы савромат тайпаларының мәдениетімен де көп жағынан ұқсас.

Қола дәуіріндегі Орынбор далалары мен Арал өңір тұрғындарының арасындағы белсенді байланыстар, андронов мәдениетінің Батыс Қазақстан нұсқасының Орталық Қазақстан немесе Солтүстік Қазақстан нұсқасынан айырмашылығы, қималық компоненттің Жайық өңірі мен Оңтүстік Арал өңірі далаларының қола дәуріндегі мәдениетінің дамуына қатысуы-осының бәрі Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтары мен Оңтүстік Арал өңірі сақтарының мәдениеттерінде ұқсастық болуына себепші болды. Мұнда, сірә, халықтың біріне-бірінің араласуы, жекелеген тайпалардың екі жақтың да тайпалық одақтарының құрамына енген болуы мүмкін.

Алайда Арал өңірі сақтарының географиялық жағдайы сақтар дүниесінің батыс шегі болуы мен олардың ”батысқа бағдар алуы” олардың мәдениетін басқа да сақ тайпаларының мәдениетінен ерекшелендіретін белгілері әліде толық айқындалмаған. Арал өңірі даласының тұрғындары Орта Азияның егіншілік оазистерінің тұрғындарымен сонау соңғы қола заманынан-ақ тұрақты қарым-қатынас жасап байланыста болған.

Сырдария сағасының табиғи жағдайлары, сол сияқты б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлардың өзінде-ақ суармалы егіншілік дамыған Әмударияның төменгі ағысының жері жағынан жақын егінші халқымен мәдени байланыстары да Арал өңірі сақтарының шаруашылығында егіншілік рөлінің артуына және оларда жартылай көшпелі шаруашылықтың дамуына себепші болды. Бір ғажабы, Арал өңірі сақтарының қабірлерінде ат жүгенінің міндетті түрде болуы жағдайында, оларда мал шаруашылығы неғұрлым көшпелі түрдегі тайпалардан мәлім болған малды қоса көму салты іс жүзінде байқалмады. Сақтардың Шірік-Рабат қаласы мен одан солтүстіктегі Бәбіш-Молдаға жақын жерде су жүйесі желісінің болуы мұнда суармалы егіншіліктің де өз тарихы болғанын көрсетеді [56, 125-129 ].

Арал өңірі сақтарының орта азиялық және алдыңғы азиялық елдермен байланыс жасағаны Ұйғарақтағы жерлеу орындарынан шеттен әкелінген ыдыстардың табылуымен, бейнелеу өңерінде арыстан мен қабылан бейнелерінің пайда болуымен, перуза мен ақықтан жасалған, үнділерден шыққан бау-бақ өрнекті моншақтар сияқты әшекей бұйымдардың табылуымен дәлелденеді.

Сірә, Арал өңірінің сақтары Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарына орта не алдыңғы азиялық мәдениетінің кейбір элементтерінің енуіне едәуір себепші болса керек. Олар, шамасы, Қазақстан-Сібір тобындағы сақ тайпалары жөнінде де осындай қызмет атқарған сияқты.

Сырдарияның төменгі бойындағы ертедегі сақтардың этникалық және байланыстарының кең өріс алуы, олардың шаруашылығының ерекшелігі, антропологиялық пішінінің кейбір өзіндік ерекшелігі оларды бір тайпа емес, үлкен тайпалық одаққа кірген туыстас бірнеше сақ тайпаларының ерекше тобы деп есептеуге негіз береді.

Сырдария сақтарының мәдениеті б.з.б. І-мыңжылдықтың екінші жартысында гүлденген денгейіне жетті. Бұл кезде, тегінде, Інкәрдариядан біршама солтүстікке таман тармақталып ағып жатқан Жаңадария негізгі су жолы болса керек. Бұл орайда Інкәрдария арнасының кей тұстары құрғап, оларда аз уақыт қана, ең алдымен су тасыған кезде ғана сақталған.

Б.з.б. І-мыңжылдықтың екінші жартысы - Әмударияның төменгі ағысында Хорезм мемлекетінің қалыптасып, нығайған кезі. Ежелгі егіншілікті оазис пен оның көшпелі шет аймақтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар бұл кезде ерекше маныз алды. Сырдария сақтарының жерінде тек бекіністі ірі қоныстар ғана емес, қалалар да пайда болды. Олардың қатарына, мысалы, Шірік-рабат қаласы және Жаңадариядағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру жүйелері бар, көлемі кішірек бекіністі Бәбіш-молда қаласы жатады. Осы тектес тағы бір ескерткіш-Іңкәрдариядағы кішігірім бекіністі Баланды қалашығы. Оларға жақын маңда зәулім жерлеу құрылыстары бар, оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және алуан түрлі жерлеу мүліктері қойылған [53, 151-175 ].

Аты аталған қалалардың жоспарлануында және әскери-инженерлік құрылыстарында, архиткетуралық-құрылыстық тәсілдерінде Хорезм оазисінің неғұрлым кемелді мәдениетінің әсері әжептәуір анық байқалады. Хорезмнің сақтар мәдениетіне ықпалы керамикалық өндіріс саласында да көрінеді.

Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байқалады, ол әсіресе жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жоспалануында анық көрінеді. Ол былай тұрсын, соңғылардың айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғысындағы жоспарлау принціпіне ұқсас құрылыстар Хорезмнен кездеседі. Сірә, бұл жерде біз сақтардың өз көршілерінің мәдениетіне аз ықпалын тигізгенін де көреміз. Қазба жұмыстары кезінде нысаның ортасынан 2,5 м тереңдікте диаметірі 15 м болатын қабір шұңқырының және оңтүстік жағынан ені 3 м болатын дромостын шекарасы анықталды. Шұңқыр ішінен адам, жануар сүйектерінің ұсақ бөлшектері, қыш құмыра сынықтары, темір бұйым бөлшектері табылды. Қабір шұңқырының 4 м тереңдікте оңтүстік-шығыс жақ қабырғасынан төмен түсетін жері бар, ені 1,32 м, ұзындығы 4 м. Шұңқырдың орта тұсынан осы тереңдікте өлшемі 47х45х5 см болатын кесек кірпіштерден қаланағн тікбұрышты болып келген қабір камерасы анықталды.Қабір камерасының оңтүстік жағындағы қабырғасының ұзындығы 3,73 м, батыс қабырғасы 1,87 м, ал шығыс жақ қабырғасы 2,63 м өлшемдерін құрайды. Камераның қабырғаларының ені 1,16 м құрайды. Камераның ішінен пішіні үшбұрышты болып келген темір пластина, қыш құмыраның сынықтары, адам сүйектерінің қалдықтары табылды.

Қалаларды, қоныстар мен қорымдарды ескерткішке қалдырған Арал өңірінің сақ тайпалары, сірә, мүлік теңсіздігін білген болса керек, бірақ алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары әлі де толық жойылмады. Бұл мал шаруашылығымен де, су жүйесі бар егіншілікпен және әр түрлі үй кәсіптерімен де айналысатын тайпалардың әскери одағы болатын. Жалпы айтқанда оңтүстік өңірде сақ ескерткіштері өте аз зерттелген. Қазіргі таңда археологтар бұл өнердің қоныстар қалдықтарын зерттеуде. Келешекте Қазақстанның басқа аймақтары сияқты бұл өмірдің де ерте темір дәуірінің ескерткіштері зерттеліп, жаңа ғылыми жаңалықтар әкеледі деген үміттеміз.








ІІІ - тарау. ШығысҚазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері

Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі

Шығыс Қазақстан аумағын орналасу аймағынан қарайтын болсақ, бұл аудан негізінен үш негізгі бөлікке бөлінеді. 1) Ертіс аңғарындағы далалы аймақтар. 2 ) Алтай ландшафтық аудандарының құрамына кіретін жоғары бұқтырма су қоймасы мен таулы аудандары. 3) Сауыр Тарбағатай тауларының қыраттары. Соңғы бөлігі оңтүстік-шығыс пен Орталық Азияның Шығыс бөлігін Саян-Алтайы мен Жетісу және Орта Азияны біріктіріп тұрған таулы жүйе.

Бұл аудандарды зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасырдың басында саяхатшы ғалымдардың зерттеулерінен басталды, яғни Д.Г.Мессершмедт, Г.Ф.Миллер, Г.И.Гмелин, және кейіннен Ф.К.Флоров сияқты ірі ғалымдардың бастауымен жүзеге асты. Олардың негізгі көздеген мақсаттары әртүрлі ежелгі материалдарға сипаттама беру еді. Ең алғашқы археологиялық қазба жұмыстары В.В.Радловтың есімімен байланысты (Берел) ол Саян-Алтай аймақтарын зерттей келе ежелгі ескерткіштерге алғашқы кесте түріндегі кезеңдеуді ұсынды, яғни осыдан темір дәуірінің ескеткіштерін бөліп шығарды. 1911 жылы В.А.Адрианов жоғарғы Бұқтырма аймағында бірнеше қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді (Майәмір ескерткіштері), осының негізінде Шығыс Қазақстан аймағының ерте көшпелі мәдениетінің кезеңдерін анықтады. Сонымен қатар қазба жұмыстарымен басқа да ғалымдар шұғылданды [ 58, 153-157 ].

Кеңес үкіметі кезінде, яғни 1935 жылдан бастап 40 жыл бойы дерлік Ертіс пен тарбағатай жерлеріндегі ескерткіштерге көптеген археологиялық қазба жұмыстарды С.С.Черников жүргізген болатын. Ол негізінен ежелгі көшпенділердің ескерткіштеріне баса назар аударды. КСРО ҒА Археолгия Институтының Ленинград бөлімінің Шығыс Қазақстан экспедициясының жан-жақты жиналған материалдары, осы ауданның көшпенділерінің қоғамдық құрылыстағы ерекшеліктерін және ескеткіштер тобының хронологиялық уақытын анықтады. Осы жұмыстардың негізінде Шығыс Қазақстанның археологиялық картасы жасалды. Ескерткіштерге көптеген қазба жұмыстары жүргізіліп жатса да, әлі де көптеген аймақтарға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мәселесі тұрды. Тарбағатай аудандарында қазба жұмыстары негізінен екі бөлікке бөлінеді: Шілікті жазығы (Шілікті мен Шаған оба Ескерткіштері) және Алакөл ойпаты. Шілікті жазығын зерттеу 1949 жылдан 1971 жылға дейін С.С.Черников жүргізді. Ол осы өңірден скиф-сақ кезеңіне жататын түрлі мәдениеті мен өнеріне қатыстаы материалдар мен көшпенділердің жерлеу ғұрыптары жайлы бай мәлімет алды. Осы ауданда сонымен бірге Қазақ ССР ҒА Тарих, Археология және Этнография институтының Жетісу экспедициясы да бір мезгілде жұмыстар жүргізген, ол экспедицияны Г.А.Кушаев басқарған, зерттеу жұмыстары Лепсі, Аягөз өзендерінің жазықтары мен Алакөл ойпатындағы жер асты ескерткіштерінің құрылыстары қаралды. Бірақ, ерте көшпенділер жайлы бірнеше ғана мақалалар жарық көрді. Г.А.Кушаев 1968 жылы Ертіс жазығын зерттеу сонымен бірге С.С. Черниковтың есімімен байланысты. Ол ежелгі сақтардың ескерткіштерін (Славянка, Юпитер) зерттеп қана қоймай осы ауданның мәдениеттеріне сипаттама беру үшін әртүрлі материалдар жинақтаумен айналысты, яғни, б.з.б. І мыңжылдықтың екінші жартысына жататын ескерткіштер тобы анықтады (Қызылту, Құлажорға, Түсқайың, Баты ) [57, 65-66 ].

С.С.Черников ерте көшпенділерді көп жылдар бойы зерттеуінің нәтижесінде «Ранние кочевники Восточного Казахстана» атты еңбегін 1972 жылы жазып бітіреді (КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөлімінің архивінде сақтаулы). Бұл еңбекте қорғандарға сипаттама беріліп, б.з.б. І мыңжылдықтағы Шығыс Қазақстан көшпенділері мәдениетінің хронологиясы мен кезеңделу мәселелеріне талдау жасалынады. С.С.Черников өз зерттеулерінде Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймақтарының (Тарбағатай) аз зерттелгенін айта келе тек б.з.б. ҮІІ-Ү ғасырларға жататын қорғандар ғана анықталған, ал қалғандарының хронологиялық кезеңдері әлі белгісіз. Керісінше солтүстік ескерткіштер тобы жақсы зерттелгендіктен, С.С.Черников бұл аудандарды үш хронологиялық кезеңге бөлді, басқа жерлердегі жаңа материалдарға, оның ішінде Аржан қорғанына сүйене келіп келесі кезеңдеуді ұсынды: 1) б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғғ – Майәмір түріндегі ескеткіштер (Славянка, Қорған - 19, Юпитер, Қорған-1, Қанай, Қорған -7). 2) б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ Пазырық ескерткіштері (Малокрасноярка, Қызылту, Қорған 2-4). 3) б.з.б. ІІІ-І ғғ Құлажорға мәдениетінің ескеткіштері (Славянка, Баты, Құлажорға, Түсқайың) [ 58, 153-157 ].

С.С.Черниковтан кейін Ертіс аңғарында археологиялық зерттеулер 1960-70 жылдары Ф.Х.Арслановтың басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы жалғастырды. 1977 жылы Шүлбі СЭС –інің салынуына орай Қазақ ССР ҒА Тарих; Археология және этнография институтының экспедициясының археологиялық жұмыстары атқарды (К:А:Ақышев, Х.А.Алпысбаев, Г.А.Максимова 1978, Ю.И.Трифонов 1981, 1985,С.М.Ақынжанов 1983-1985, А.С.Ермолаева 1983-1985, З.С.Самашев 1981-1983 зерттеушілерінің негізінде Шығыс Қазақстан көшпенділердің мәдениетінің тарихнамасын одан ары дамыта түсті. Сонымен қатар Ертіс аңғарының қызықты жер асты құрылысының қорғандарын Шығыс Қазақстан облыстық экспедициясы жалғастырды [ 58, 153-157 ].

Шығыс Қазақстанның ерте көшпенділерінің қорытынды жұмысы «Қазақ ССР тарихы» оқулығының бір тарауында жазылды, ол жұмысты М.Қ.Қадырбаев жасады. Ол Шығыс Қазақстанды жеке аудан ретінде қарады, бірақ солтүстік таулы аудандарының халқына көрші Алтай тайпалары, ал оңтүстікке Жетісу өңірінің халқы әсер еткендігін көрсетеді. Осыған қарамастан Шығыс Қазақстан көшпенділердің мәдениеті біртұтас ретінде қаралады. Әсіресе Бұқтырманың жоғарғы жағы Алтаймен байланысты таулы аудандар көзге түседі. М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстанға – Павлодарлық Ертіс маңы аймағын да қосады . Ол өзі жазған «История казахской ССР» тарауында Алтай кезеңдеуін пайдаланған, және алғашқы екі кезеңі Майәмір б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ мен Берел (Алтайдағы Пазырық) б.з.б. Ү-ІҮ ғғ негізінен Алтай материалдары бойынша сипатталған. Шығыс Қазақстан бірінші кезеңінің сипаттағанда Шілікті қорғанынан да мәліметтер алынған, екіншісінде Усть-Буконь қорғаны, үшінші кезеңге Құлажорға қорғаның пайдаланды. М.Қ.Қадырбаевтің еңбектерінде Шығыс Қазақстан көшпенділерінің мәдениетінің кезенделуіне жалпы сипаттама беріледі. С.С.Черников пен М.Қ.Қадырбаевтің кезеңдеулері негізінен алғанда ұқсас. М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстан ескерткіштерін Алтай қорғандарына ұқсастығын атап өтеді. Ескерткіштерді талдау мәселесі, енді Тарбағатай мен Ертіс аңғарына назар аударылады, себебі таулы аудандар мен Павлодарлық Ертіс маңы басқа мәдениеттермен байланысты [ 48, 111-115 ].

Осы аталған кезеңдемелерді ескере отырып, сонымен бірге жаңа археологиялық материалдардың негізінде,үш ірі кезеңді бөліп қарастырамыз:

І. кезең бастапқысы (Зевакин-Шілікті) б.з.б ҮІІІ ғ басы мен ҮІ ғ.

ІІ. кезең орта (Букон) б.з.б ҮІ-ІҮ ғ соңы. Алтайдағы Пазырық кезеңнің материалдары негізінде алынған.

ІІІ. Кезең (Құлажорға) б.з.б ІІІ ғ - б.з І ғ. Мұндағы да ескерткіштер хронологиясы жаңа материалдар негізінде алынған.

Әуелгі темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлегі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтарма жағалауларына және Бұқтарманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады.

«Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтарма өзенінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның жабайы тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Қатон, Күрті, Майәмір). Жоғарғы Ертіс маңы аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде тіпті алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтарма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Иртышское, Боброво, Леонтьевка).

Шығыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары б. з. б. VIIIV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстан және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті. Жағынан көптеген ұқсастықтары болғанмен, олар этникалық жағынан біртектес емес еді. Солтүстік таулы аудандарды мекендеушілерге көршілес Алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалы болды.

Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері көбінесе Жетісу ескерткіштеріне ұқсас екені археологиялық мәліметтерден басқа палеоантропологиялық материалдармен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болған павлодарлық Ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала қауымдарына, соның ішінде саргат мәдениеті деп аталатын кешпелі угор тайпалары мәде-ниетіне бейім болды.

Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жетпеген. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстанға және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға ежелгі грек-рим авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын рудниктері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл рудниктер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.

Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың аттарымен байланыстырылады. Солай болғанмен, Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтары көп болды деуге келмейді. Жалпы алғанда, бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған.

Әуелгі темір дәуіріндегі Шығыс Қазакстан тайпаларының материалдық мәдениеті дамуының үш кезеңінің: б. з. б. VIIVI ғасырлардағы майәмір, VIV ғасырлардағы берел, IIII ғасырлардағы құлажорға кезеңдерінің ескерткіштері кебірек зерттелген.

Сонымен Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштеріне қысқаша сипаттама беретін болсақ, бұл өңірді зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасырдан басталып, қазіргі уақытқа дейін жалғасуда, оның ішінде ірі ғалымдарға тоқталатын болсақ, В.В.Радлов, В.А.Адрианов, С.С.Черников, Г.А.Кушаев, К.А.Ақишев, Х.А.Алпысбаев сияқты ғалымдарды атап өтуге болады. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштеріне жалпылама сипаттама беріліп өтті.

Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең) басты су артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыс тауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің онтүстігінде олар Зайсан ойлымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады [50, 208-236 ].

Патша” обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзеннінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Мәйәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтырма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Лионтьевка).

Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі темір ғасырында да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі, ”керемет” кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын өңдірілген . Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды.

Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б.з.б.ҮІІ-ІҮ ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан бір тектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес Алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалын қабылдады [49, 57-59 ].

Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері Жетісу ескерткіштеріне неғұрлым жақын болды, бұл археологиялық деректерден басқа палеантропологиялық материалдар мен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болған Павлодарлық ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәденитіне, атап айтқанда, саргат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды.

Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған аримаспалар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик авторларынын аримаспалар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өңдіру орталықтары айтылған деп болжанады.

Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Сірә, бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі бөліп көрсетіледі, олар: б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырлардағы Майәмір, Ү-ІҮ ғасырлардағы Берел, ІІІ-І ғасырлар дағы Құлажорға кезеңдері.

Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан территория- Шығыс Қазақстан біздің еліміздің қызықты аудандарының бірі болып табылады. Бұл территория әрқашанда адам өмірі үшін ерекше қолайлы болды. Құнаолы топырақты кең алқап, көк майса жайылым, мыс, қалайы, және алтынның көптеген кең орындары, орман, байлықтың көзі, түрлі-түрлі аң, құстарымен ерекшеленетін аймақ.

Шығыс Қазақсатн тек табиғи байлығымен ғана емес, сонымен бірге әр түрлі ежелгі ескерткіштері мен де белгілі.Осы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан Шілікті жазығы ежелгі ескерткіштерінің көптігі жиелігі, ірілігі жағынан ерекше көзге түсетін өңір. Ұзындығы 75-80 км, ені 25-30 км болатын Шілікті жазығының оңтүстігі мен батысында Тарбағатай тауы, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр.

Осы өңірден бұрын белгісіз болып келген қола дәуірі мен ерте көшпелілердің 500-ге тарта ескерткіштер кешені ашылды.Әрбір кешенде оннан бастап,қырық – елуге дейін жеке ескерткіштердің сан мөлшерін бағамдауға болады. Аталмыш өңірдегі зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың басында басталып, қазіргі күнге дейін өз зерттеушілерінен қол үзбеуде.

Шілікті жазығындағы сақ заманының ескерткіштерін алғаш ғылыми түрде зерттеу, өткен ғасырдың алғашқы ширегінде басталды. 1909 -1910 жылдары бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н. Бокий Шаған обалы қорымдарын қазды.

1935 жылы С.С.Черниковтың басшылығымен КСРО ҒА Заттық мәдениет тарихы институтының экспедициясы Шығыс Қазақстаның ежелгі ескерткіштері жүйелі түрде зерттей бастады.

В.Г.Никитин мен С.С.Черников алғашқы рет Жоғарғы Ертіс ауданында ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштерді тіркеуге алды. С.С.Черников әртүрлі көптеген ескерткіштерді тапқан болатын.

1949 жылы алғаш рет КСРО ҒА АИ Ленинград бөлімшесінің Шығыс Қазақстан экспедициясы Шілікті даласында арнайы археологиялық зерттеулер жүргізді. Осы жердің орталық қорғанынан б.з.д V ғасырына жататын аң стилінде жасалынған алтын қапсырма және тағы да басқа материалдар табылды.Осы экспедиция 1952, 1961-1962 жылдары да қазба жұмыстарын жүргізген, бірақ аса бұйымдар болмады.

1960 жылы С.С.Черниковтың басшылығымен жүргізілген КСРО ҒА АИ Ленинград бөлімшесінің Шығыс Қазақстан экспедициясы жұмыстары барысында бағалы көне деректердің тобы алынды.Бұл шағын археологиялық экспедиция болатын.Қазба жұмысына экспедиция басшысы С.С.Черниковпен бірге Репин атындағы архитектуралық институтының, Өскемен педагогикалық институтының 15 студенті мен 2 оқушы қатысты. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде Шілікті ауылының маңынан 51 қорғаннан тұратын обалар тобы ашылды. Оның солтүстік-батысынан, оңтүстік-шығысқа дейінгі алып жатқан көлемі 8 км. Соның ішіндегі 13 қорғанның диаметрі 100 м, ал биіктігі 8-10 м. Қалған қорғандардың диаметрлері 20-дан 80 м-ге дейін жетеді. Биіктігі 2,5 м төрт ірі қорған үстінде қазіргі қазақ мазары орнап кеткен. С.С.Черников «Шілікті даласында молалар жоқ, бұл жердегілер тек сансыз ұзақ қорғандар, үлкен молалар, тек Тарбағатайдың солтүстік баурайымен Жоғарғы Ертіс алқабында орналасқан», -дейді.

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы Шілікті алқабындағы ескерткіштердің кеңінен танылуына және жариялануына үлкен мүмкіндік туғызып, әлемдік деңгейде аталған ескерткіштерге қызығушылықты артырып отыр.

2003 жылдан бастап Шілікті жазығында зерттеу жұмыстарын т.ғ.к., профессор Ә.Т.Төлеубаев жетекшілігіндегі экспедиция жалғастыруда. Негізгі жұмыстар Жалши ауылынан оңтүстікке қарай созылып жатқан обалар тобына «Шілікті-2» қорымында жүргізілуде.Қазба жұмыстарына Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология институтының ғылыми қызметкерлері, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ мен Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің студенттері және магистрантары, одан басқа архитектор мамандары мен топографтар қатысып келуде.



Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер

Майәмір кезені Нарым өзеннің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымнын аты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақыттары тік бұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат бөренелермен жабылды. Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығынқы және дөңгелегінің ортасында тұзағы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды.

Майәмір заманының қолданбалы өңеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылығы Шығыс Қазақстанда б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырларда –ақ ертедегі темір заманы мәдениетінің қалыптасқаның көрсетеді. Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығыңқы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңберлердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді [11, 63-67].

Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымдағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі ертеректегі андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынын ”ауыздықтаулы” күйінде ертеректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, ”ауыздықсыз” деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б.з.б ІХ-ҮІІІ ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақстаның далалық аудандарынан да табылған.

Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеніңе ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майәмір кезенінің аяқ кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты,

мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл-жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты [12, 45-47 ].

Майәмір кезеңінен де бұрын өте көне ескерткіштер болған деген пікір айтылып жүр. Осыған байланысты Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысыңда Күртінің салаларынан табылған жер бетінен шеңбер тәрізді қоршаулары шығып жатқан молаларға назар аударылады . Шеңбердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламадан басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктеліп жатқызылған қаңқалар табылған. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді.

Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен көмкеру конструкциясы да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі - одан ертеректегі Андронов мәдениетінің қалдығы. Күрті молаларына өліктің аяқ жағына арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де тән. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынан «ауыздықтаулы» күйінде ертерек-тегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, «ауыздық-сыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Кейбір зерттеушілер осы тектес ескерткіштер б. з. б. IXVIII ғасырларға жататын Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениетінің өте ертеректегі кезеңіне тән деп топшы-лайды. Мұндай ескерткіштер түрлері Шығыс Қазақстанның далалық аудандарынан да табылды.

Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол сирек кездеседі. Майәмір кезеңінің аяқ кезінде алғаш жалпы жерлеу камерасына иесін атымен қоса жерлеу пайда болады (№4 оба, Черновая дер. маңы).

Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөрелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жағында, жонылған қалын тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғанан кейін дромос бөнелерімен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды [15, 58-60 ].

«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында соңғы 2-3 жылда Шілікті даласында сақ дәуірінің 2 үлкен 3 кішкене обасы зерттелді. 2- Шілікті қорымының N1 –обасынан көп алтын қаптырма –түймелер табылды.

Бұл қорымдағы N1-оба басқа обалардан өзінің көлемі жағынан ерекше, оның диаметрі 100 метрге жуық, биіктігі- 7,9 м . Оба үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты топырақпен құм қиыршық, екінші қабаты тас үйінді, оның астында қабырғасын екі қатар самырсын қарағайынан өрген ағаш қабірхана.Қабірхана ұзынша келген төртбұрышты құрылыс, ол ұзына бойымен шығыстан батысқа қарай созылып жатыр.Қабірхананың ішкі пошымы жатқан бөшке сияқты, оның қабырғасы ортан беліне қарай кеніп, төбесіне қайта тарылады Қабірхананың еденінің аумағы 33,6 кв.м. Ағаш бөренелерден салынған қабірхананың шығыс жақ беті перамидаға ұқсап келген.

Оба заманында тоналып кеткен. Тонаушылар обаның төбесінен құдық сияқты апан қазып түскен. Жерленген адаммен бірге қойылған ірі заттарды түгел, ұсақ алтын әшекей заттардың біршамасын алып кеткен.Шамасы тонаушылар бір тұтқиыл жағдайынан қорымды түгел тонап кете алмаған.

Алтын әшекей заттар қабірхананың шығыс бөлігінде, мөлшермен 12 кв. м аумақта, қалындығы 1,8 м топырақтын әр қабатынан шықты.

2- Шілікті қорымының № 1 – обасынан барлығы 4262 дана алтын заттар табылды . Оның 153 данасы мәлінің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ бейнесі, 20 данасы бұғылар, 38 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме- қаптырма бес жұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 8 дана алтын сым, 107 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2793 дана миниатюралық кесеге ұқсас құлақшалы салпыншақтар, 143 ұсақ кенірдекше тізбе, 859 шығыршық тізбе табылды.

Шілікті жазығында жалпы біздің топтың зерттеулері бойынша екі ірі сақ «патша» обасы және төрт кіші қорған қазылды. Зерттеу барысында сақтың «Шілікті алтын адамы» осында табылды. Таза құйма алтын заттардың табылған саны 4303 дананы құрайды. Барлығы аң стилінде жасылынған арқар бейнесі, бұғы, бұркіт-грифон, барыс, қасқыр, қонжық бейнелерінде.

Солардың ішінде айрықша назар аудартатыны, мызғымас билікті көрсететін «бес жұлдызды» түйме.

Бұл ашылу теңдессіз жаңалықтар қатарында екендігін айтпай отырып, сол ескерткіштің сыртқы сипатына, архитектурасына, дүниетанымына тоқталып жан-жақты зертеу негізгі басты бағытымыз болып отыр.

Зерттеу бағытымызда сонымен бірге біздің зерттеулерге дейін жүргізілген зерттуелерді қайта қарастырып, тың деректермен салыстыра отырып толықтау.

Қазіргі таңда табылған адам сүйегі, арнайы зертханада өңделіп, бас сүйегі бойынша бет бейнесі және толық келбетін жасау шарасы Ресей Ғылым академиясында «Герасимов» зертханасында атқарылуда.

Ал жалпы Шілікті даласында орналасқан патша обаларының архитектурасын ашу, дүниетанымына көз жүргірту біздің басты назардағы жұмысымыз.

Қазір біз Шілікті «патша» обаларының жай ғана үйінді топырақ емес екендігін, оның сол көне заманға сай дүниетанымдық түсініктер негізінде салынған құрылыс екендігін анық айта аламыз. Осы көне құрылыс беріктік қызметін сақтай отырып жергілікті жердің топырағы, құмы, тасы, шымы, ағашын пайдаланған. Сонымен бірге өлікке арналып сойылған мал сүйектері де осы оба құрылысына араластырып қоса көмген. Бұдан табылған мал сүйектері арнайы мамандардың зертханаларында жылдағысы жылда сарапталып, олардың саны анықталуда.

Осы мал сүйектері, айнала орналасқан тас шеңбер тізбектері, от орындары көне түсініктерден хабар беретін этноқайнар көздермен қазақ халқымен сабақтастық негізі қарастырылуда. Шілікті патша обасынан табылған алтын заттардың жергілікті жерде өңделіп жасалғандығы жөніндегі ғылыми жаңалықты ашуға Ғылым Академиясының академигі Т. Жаутиков бастаған ғалымдар тобы еңбек етуде. 2005 жылдан бастап осы зерттеулер нәтижесінде Шілікті өңірінен үш алтын кенішінің орыны табылды. Сонымен бірге биылғы жылы маусым айында алтын қорытылған көне пеш орыны табылып соны қазу жұмыстары жалғастырылуда. Көне пеш орыны патша обалары орналасқан жерден шығысқа қарай 20 шақырым жерде алтын кенішіне жақын орналасқан. Пеш тастан қаланып, сырты сазбен сыланғандығы әзірге бізге белгілісі.

Пеш айналасында және терең шұңқырының ішінде түрлі қесектегі темір қалдықтары, шлактар көптен кездесті. Өткен жылы осы пеш айналасынан ешқандай өрнегі жоқ қыш ыдыстың сынығының қалдықтары табылған болатын. Биылғы жылы Шілікті патша обаларының архитектурасы мен және түсініктеріне бойлай түсіну үшін және Шілікті алтын адамын толықтыратын заттай деректер табыла ма?- деген мақсатпен 1 үлкен оба, 1 кіші обаға қазба жүргізілуде. Қазба жүргізілген үлкен патша обасы биіктігі 4,53 метр ғана болғанымен оның топырақ үйіндісінің өзі 113 метр диаметр құрайды. Ал сыртын қоршаған орды қосып есептегенде 178 метр диаметр. Ордың жалпақтығы 3 метр 70 см көлемде. Оның іші сәл ойыңқы болып жатқандықтан көк шөп өсіп көгеріп анық көрініп жатыр. Ор қорған айналасын толық қоршап келіп тек шығыс жағында есік тәрізді ашық жер қалдырылған. Есіктің көлемі 6 метр шамасында. Қорған қазбаға дейінгі тағы бір көңіл аудартатыны айнала ірі тастардан тас шеңбер жасаған. Тастарды тігінен қойғандығы байқалады, көпшілік тастар құлап қалған. Қорғанның ең үстінде тонау белгісі воронка пішіндес ойығы бар. Бұл ойықтың өзінің диаметры 20-25 метр. Тереңдігі 170-200 см жуық. Осы ойылған воронка пішіндес тонау белгісінен бастап оңтүстік шығысқа қарай ойылған сілем қорған шетіндегі ордың есігі деген жерге дейін барады. Соған қарағанда бұл қорған ортасынан қорған шетіне дейін баратын дромостың сілемі болуы әбден мүмкін. Бұл жағдай бұған дейінгі қазбаларымызда да байқалған болатын.

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады. Ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Мұнда үсақ обалар жоқ. Қорымның он үш үйіндісінің әрқайсысының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8—10 метрге, қалғандарының көлемі - соған сәйкес 20 метрден 60 метрге, биіктігі 2 метрден 5 метрге дейін жетеді. Бұл, шамасы, жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты болса керек.

Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 м2, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөренелерінен шаршы қима жасалған. Оның қабырғалары екі, ал төбесі бірқатар бөренелерден тұрады. Бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөре-нелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш қиманыц ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 45-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді табытқа шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті-балшықтан үйінді тұрғызылып, одан жоғары майда малта тас араласқан топырақ үйіліп, үйіндінің беті ашық сұр түсті малта тастармен қапталған. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйіндісі болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды. Шілікті обасы "өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды және оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 км жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс бөлігіндегі 40 шақырым жердегі балқарағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да көптеген «патша» обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаның ортасынан үңгіп қазған, қима тебесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені шауып тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген.

Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің ассиметриялы ромб формалы деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар, басы бүрулы бүркіттердің, шығыршықтала бүктетілген қабыланның бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері, балық бейнесі, перуза тас еткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршік-термен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.

Шілікті обасы б. з. б. VIIVI ғасырлар аралығына жатқызылады.

Қазба бұл ірі қорғанға диаметрі үлкен болғандықтан және бірнеше жерлеу орыны болуы мүмкін деп жеті траншея қалдыра отырып қаздық. Қазу әдісі шығыстан батысқа қарай қорған үйіндісінің шетінен, яғни тас шеңберді қамти отырып 10 м ендікте қазылды. Ортадан 5 метр ендікте бровка қалдырып екінші 10 метр траншея. Сонымен бірге осы әдіспен үшінші траншея биылғы қазба маусымының үлесінде. Қалған төрт траншея келесі жылға қалдырылды. Қазба барысында шеткі тас шеңбер арасынан ұсақ мал сүйектері кездесуде. Бұл шеткі № 1 қазба салынған траншея матеррике дейін жеткізілді. Ал қалған екі траншея 1 метр тереңдік сайын фиксация жасалуда.

Арқар түріндегі қаптырма. Бұл әшекей түрі жалғыз ақ. Құйылған сап алтын. Табылған заттардың ішіндегі ең ірісі де, салмақтысы да. Бұл киімге тағылатын қаптырма-әшекей. Оның арт жағында үлкен екі ілгегі бар. Арқардың көзі, құлағы, тұмсығы, аузы, тұяқтарына көкшіл ақық тас орнатылған. Кеудесінің аса салбырамай, мүйізі жарты айналып біткеніне және бұдырларының аса томпақ болмағанына қарағанда бұнда жас құлжа бейнеленген. Мойының, алдыңғы екі қолының, санының, жағының бұлшық еттері теуіп тұр. Тұяқтары тігінен қадалған. Бірдеңеден секем алып, ытқып кетуге дайындалып тұрған жануардың түрі. Өте әдемі скульптура, дене арасалмағы ( пропорция ) жақсы сақталған.

Сақ- скиф өңерінде арқар жиі кездеседі. Ол бізге Алтайдағы Пазырық обасынан, Минусин ойпатындағы тағар мәдениеті заттарынан, Солтүстік және Орталық Қазақстан ескерткіштерінен, Тува жеріндегі Аржан обасынан белгілі.

Бесжұлдыз түріндегі әшекей қаптырмада бір ақ дана. Алтыннан жасалған дөңгелек тінге бес жұлдыз орнатылаған. Бесжұлдыздың жан- жағы және ортасы сүйек пен мүйізден, жұлдызшалары лазуриттен ( минералды көк тас ). Жұлдызшаның шеттері мен дөңгелек тіннің айналасына алтын жіпсе салынған. Бесжұлдызы бар дөңгелек түймешенің артқы жағының ортасында түймелік бар. Біздіңше сақ-скиф ескерткіштерінің бірнешеуінен ақ бесжұлдыз белгілі. Оның бірі Ольвиядан табылған сырғаның ортасындағы, екіншісі Симфирополь түбіндегі, үшіншісі таштық кезенінің Уйбат қорымынан табылған бесжұлдыз. Дегенмен бұл бесжұлдыздар өзінің жасалған материаллының қымбаттығы, әшекейдің әдемілігі жағынан Шіліктінікіне жетпейді.

Әшекей алыстан қарағанда мәлін (мысық ) тектес жыртқыштын бет бейнесі елестетеді. Сондықтан біз бұл әшекейді шартты түрде «мәлін бейнелі әшекей» деп атадық. Ал енді әшекейге жақынан үніліп қараса оның бір-біріне тұмсығын түйістіріп, беті мен мүйізі анық көрініп тұрағн екі таутекенің бейнесінен құралғандығын байқауға болады. Таутекелердің көзіне, тұмсығына, аузы мен құлағына көк ақық тас ( бирюза ) орнатылған. Таутекелердің мойыны мен бетінің бұлшық еттері сыртқа теуіп тұр, жануарларда бір ішкі күйзеліс, шиыршық ату белгісі бар. Сондықтан да олардың көздері өте үлкейіп, дөңгеленіп, шарасынан шығып, танаулары желбіршектеніп кеткен. Бір ішкі арпалыстың, экспрессияның белгісі бар. Таутекелердің мүйіздеріндегі белдеулер өте анық, олар әр мүйізде жетеуден. Ал, енді құйма алтыннан жасалған әшекей затты бір қырынан қарасаңыз тұра қалықтап ұшып келе жатқан алып бүркітті ( құсты ) елестетеді. Бүркіттің басы, көзі, тұмсығы аңық бейнеленген.Таутекелердің бұлшық еттері тарам-тарам болған мойындары бұл әшекейді қырынан қарағанда құстын қанатына айналады. Бүркіттін қанаттары жайылған, басы мен топшысының арасы –желкесі томпайып біткен, асқан қайраттылықты танытып тұр.

Әшекейдің арт жағында үш түймелік бар. Екеуі таутекелердің басының тұсында да, ал үшіншісі құстың кеуде тұсында. Осы үш түймелік арқылы әшекей өзінің тағылған қалпын өзгертпейді. Бұл әшекей сақ-скиф өнер бұйымдарында бұрын сонды кездеспеген.

Бұғылар деп аталатын әшекейлер, саны 20. Құйма әшекей. Әшекейдің тінің екі бұғының мойыны, басы және мүйіздері құрайды. Екі бұғы мойынынан бір-бірімен жымдасып кеткен, бастары екі жаққа қарап тұр, өзара жымдасып қосылып кеткен мүйіздері бір композиция құрап тұр, бейне бір мәуелі талдың бұтақтары сияқты. Бұғылардың аузы, мұрны, құлағы көк ақық таспен безендірілген. Екі бұғылардың денесінің түйіскен жерінде ұрғашылық белгісіне ұқсас ойық бар. Оған да берюзадан көз орнатқан. Әр бұғының мүйізітөрт саладан тұрады. Мойындарын көтеріп, тұмсықтарын аспанға шанжылта, құлақтарын қаға тұрағына қарағанда бұғылар бірденеден қиналып, бірденеге құлақ түріп, тосып тұрғанға ұқсайды. Оның үстінде жануарлардың дене бұлшық еттері сыртқа теуіп, сіресіп тұр. Ә.Т.Төлеубаевтің пікірінше бұл әшекейде сақтардың туу, өсіп өнумен байланысты дүниетанымы бейнеленген. Бұғылардың денесінің түйіскен жеріндегі ойық ұрпақ тарайтын мүше қосылған мүйіздер- мәуелі өмір бәйтерегі. Жалпы сюжет туу, және өсіп-өну идясын марапаттайды. Әшекейдің артқы жағында үш түймелігі бар. Бұған ұқсас екі бұғынын мүйіз түйістіріп тұрған бейнесіндегі алтын әшекей кезінде Жетісудан табылған Жалаулы көмбесінің ішінде бар. Осы уақытқа дейін жалаулы көмбесінің көп заттарының мезгілі белгісіз болып келген. Енді біз Жалаулы көмбесіндегі алтын бұғылардың мөлшерлі заманын анықтай аламыз.

Бүркіт түріндегі әшекей –қаптарма, 36 дана, құйма сап алтын. Қанатын жайып- қомдап, мойнын ішіне алған бүркітті елестетеді.Тұмсығының үсті дөңестеу,көздері дөңгелек, үлкен. Денесінің үстінгі жағы және қанаты мөлшермен жалпы ұқсастырып ғана бейнеленген, ол томпайып келіп, сүйірленіп бітеді. Жыртқыш құстын денесінің төменгі жағы, аяғы, құйрығы да нобайлап ғана берілген. Құстын аяғы мен тырнақтары да нобаймен берілген, оның ұшы дөңгеленіп біткен.Зер сала қараған кісіге құстың аяғын шағып жатқан жыланның басын, денесін тануға болады.Жыланның иірілген денесі бір жағынан құстың бауыр жақ бөлігін де құрап тұр.

Сонымен, бұл әшекейде жылан шаққан жаралы жыртқыш құстың өлер алдыңдағы қанатын сабалап, өмір үшін күрескен сәті сияқты бейнеленетін сияқты. Құстың бір қанаты көтерілген, басы жылан шаққан аяғына қарай қарманған, құйрығы түсіп кеткен, жаралы аяғын денесіне қарай жиыруға әрекеттенеді. Бұл сюжеттен сақтардың көк тағысы бүркіт пен жер улысы жыланның арасындағы күресті көреміз.

Бұндай бүркіт бейнесіндегі тоғыз әшекей 1960- жылдардағы Шіліктідегі С.С.Черниковтің қазбаларынан да шыққан, бірақ олар біздікі сияқты құйма алтыннан емес, алтын қанылтырдан қалыпқа салып бастыру арқылы жасалған еді. Қалыптар болғандықтан бұл әшекейлердің сақталуы нашарлау. Оның үстіне Черниковтің бүркітінде жылан бейнесі аңық көрінбейді, оның орнында әншейін ойық ғана қалған. Бұрын табылған бүркіттін де көзіне ақық тас орнатылған, бірақ оның артына түймеліктері жоқ.Оны киімге тесік жерінен қадай салған. Оның үстіне егер біздің бүркіттер мойынын тек оң жаққа бұрып жатса, бұрынғы табылған бүркіттердің жартысының мойны оң, жартысыныкі сол жаққа бұрылып жатыр. Қазақстаның басқа аумағынан бұндай әшекейлер кездеспейді. Тарбағатайдан тыс жерде осыған ұқсастау бүркіт бейнелері Сібірдегі Минусин ойпатында табылған. Кейінгісін А.В.Сбруева б.з.д. ҮІ ғасырмен мезгілденген. Сақ-скиф дүниесіндегі бізге белгілі бүркіт-грифон бейнелі әшекейлерді салыстыра келіп, мынадай қорытынды жасауға болады. Сақ –скиф мәдени-этникалық бірлестіктерден белгілі әшекейлердің ішінде (Зивис, Темир-гора, Тұяқты-1 қорымдары т.б.). Шілікті -2 қорымының №1 обасынан табылған бүркіт бейнесі ең көне, ең әдемі және өнер туындысы ретіндегі ең бағалысы.Осы суреттен маған кейде М.Горкийдің «сұнқар туралы анызына» негіз болған ертеде скифтер жайлаған өңірдегі бір кәрияның аңыз-әфсанасы елестейді.

Қасқыр (қонжық) түріндегі әшекейдің 38 данасы табылды. Сол техника құйып жасалған, бұл әшекейде жыртқыш хайуанатын шақалақ баласы бейнеленген. Көне заман зергері бұл бейнені жасап жатып нені ойлады екен, белгізсіз? Бір детальдарына қарасан, әсіресе басы, тұмсығы, әшекей жаңа ғана туған қасқырдың күшігіне ұқсайды. Ал енді жалпы денесінің бітімі, табаны, құйрығы аюдың қонжығына ұқсайды. Жалпы сақ-скифтердің бейнелеу өңерінде қасқыр мен аюдың бейнесін бір-біріне ұқсатып жасау, кейде осы екі жыртқыштың қасиеттерін ұштастыру кездесетін жағдай, көбірек қасқырға ұқсас. Әшекейде бейнеленген хайуанаттың басы жерге енкейіп, алдыңғы аяғына тиіп тұр көзі үлкен, дөңгелек, құлағы жұмырықтау, жағы сом, қарсы тұр. Жыртқыштың басы мен мойыны бүкіл денесінің үштен бірін құрап тұр. Қол етінің бұлшық еттері бұртиып шығып тұр, алапат күштін белгісі. Құйрығы қысқа ғана табаны үлкен, тырнақтары ірі. Әшекейдің арт жағында екі түймелігі бар. Бұл затқа тура ұқсас әшекей бұрын сонды табылған.

2-Шілікті қорымынан табылған тағы бір әшекей зат-ол кенірдек түтікше әшекей. Мұндай алтын бұйымдар адамның киімінің өнірперін әдептеп-әшекейленген сияқты. Дәл осы сақ дәуірінің әшекейіне өте ұқсас алтын кеңірдкешелер қола дәуірінің соңғы кезеніне жататын (ХІІІ-ХІІ ғғ). Тарбағатайдың теріскейіндегі Тебіске қорымынан да табылған. Бұл дегенініз біздің әшекейлеріміздің дәстүрі сонау қола дәуірінен келе жатқандығының дәлелі.

Алтын заттардың металлографиялық сараптамасы бойынша бұл алтындар өте жоғарғы сапалы, яғни 940-960 сыныптағы алтындар екендігін көрсетті.

Әшекейлердің алтын түймеліктері және құлақшалары олардың тініне дәнекер арқылы бекітілген. Зерттеулер көрсеткендей, дәнекерлеу үшін жеңіл еритін қоспалар пайдаланылмаған. Дәнекерге алтынның сыныбы азғана төмен мыс- күміс –алтын қоспасын пайдаланған. Мұндай қоспамен дәнекерлеу үшін өте үлкен температура және жоғарғы білік қажет. Шілікті сақтары б.з.д. ҮІІІ ғасырда микропайканы білген деп айта аламыз.

Алтын заттардың ішінде тарыдай оданда кішкене әшекей бұйымдар бар. Оларға да түйместік-құлақша орнатқан. Мұндай заттарды жасау өнердің асқан жетістігі, және де мұндай заттарды міндетті түрде асыл әйнек (үлкейткіш) қажет. Үйткені онсыз өзін ажырату, көру қиын. Бұл дегеніміз сақтар мәдени – техникалық жетістігінің тағы да бір қырын ашады.

Шілікті алтын заттары сақ-скиф дүниесінің басқа аудандарынан (Тиллия-Теппе, Әмудария күмбезі, Қара теңіз жағалауы) табылған алтын заттарға қарағанда көнелеу. Бұл жағдай скиф-сақ аң стилі өнерінің алғашқы шыққан отаны жөніндегі біздің түсініктерімізге өзгеріс енгізуі мүмкін.

Сақ-скиф дүниесінің басқа көпшілік алтын әшекейлернен Шілікті алтынның ерекшелігі- ол құйма алтын және сыныбы өте жоғары. Бұл алтын заттар әшейін өлген адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі.

Қазіргі кезде патшаның бұл киімі ғылыми қайта қалыпқа келтіру, оның сематикалық- семиотикалық мәнің анықтау жұмысы жүріп жатыр.

Басқа да көптеген ”патша” обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгенен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген.

Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар ертеректегі жебелердің ассиметриялы - ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланың (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері 12 дана , балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.

Шілікті обасы б.з.б ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі ”патшалық” оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі өңерінің алғашқы үлгілеріне жатады.

Берел кезеңінде Шығыс Қазақстаның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарында обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырына ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белгілі тұрақты түрі таралады [46, 53-60 ].

Ескерткіштердің бұл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың басқа жерлерінде де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір тарихи кезең аталған.

Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен көтеріліп, Бұқтырма жайылмасы үстінде асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде 1000 м шамасында ірі тас қажет болғандығы есептеліп шығарылған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м және диаметрі 30 метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 метрге жеткен. Лақыт жерден барынша тереңдете қазылған: оңтүстік жартысы 7 метрге, ал солтүстік жартысы 5,5-5,7 метрге дейін жетеді.

Шұңқырдың оңтүстік жағының қабырғасы тақтаймен тіреле қапталған. Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайың қабығымен жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш-бағандар тұрғызылған. Лақыттың еденінде қарағайдың жуан (диаметрі бір метрден астам) діңгегінен қақ жарып, қашап жасалған астау - саркофаг жатыр. Саркофагтың сыртқы қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы қанаттары жазулы ғажайып құстардың төрт қола мүсіншілері салынып безендірілген.

Шұңқырдың солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау - саркофагтың жанында. Өлтірілген аттар қабық төсеніш үстіне белгілі бір тәртіппен - әр қатарға төрт аттан төрт қатар етіп орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен жабылған. Аттардың үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейленген ер-тұрман қалдықтары мен темір ауыздықтары және жапырақша алтынмен қапталған мүсінді ағаш қаптармалары бар қаиыс жүгендер сақталған.

Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайын қабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысық тұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бұлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді.

Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қауымның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.

Қарапайым жерлеу құрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болғаң жоқ, орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғұрпы да сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының екі-обасында бес ат, ал үшінші обасында - үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстаның басқа таулы аудандарын да белгілі [50, 208-236 ].

Мұнда б.з.б Ү-ІҮ ғасырларда Ертіс бойымен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері-ареалы Алтай және Тува аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттің етене бөлігі. Шығыс Қазақстаның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б.з.б. ІІІ ғасырдың басында бір жерлерде атты қоса көмудің тоқтатылғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек.

Далалық қазба жұмыстары басталмас бұрын Алтай өңірі ежелгі көшпелілерінің жерлеу-ғұрыптық жер үсті құрылыстарының конструкциялары бойынша мәліметтер бар жазба, архивтік, құжаттық деректерге талдау жүргізілді. Әрбір құрылымдық бөлшектің функционалдық міндетін, оның кешендегі практикалық әрі мән-мағыналық ролін анықтау үшін жер үсті де, қабір іші де құрылыстарының негізгі элементтерін анықтау жоспарлануда. Бұл жерлеу-ғұрыптық кешеннің тұрғызылу ретін теориялық қалпына келтіру үшін, ғұрыптық және салттық әрекеттер циклін және кейбір негізгі діни-мифологиялық көзқарастарды анықтау үшін қажет.

Уақыты жағынан едәуір кейінгі жерлеу-ғұрыптық, сиыну құрылыстарының архитектуралық сипаттамаларымен салыстырмалы талдау негізінде көшпелі мәдениеттің бір көрінісінде сабақтастық элементтерін анықтауға болады.

Біз дайындап іске асыратын далалық археологиялық зерттеулердің әдістемесі жер үсті құрылысын қолмен қабат-қабатымен және секторлар бойынша бөліп қазуды қарастырады. Зерттеуге 2008 ж. таңдалған №№ 16 және 16а нысандарында жер үсті тас құрылымның екінші қабатын қолмен алу, анықталған деңгейді тазарту, нивелирлік белгілерді алу жұмыстары жүргізілді; зерттелу процесі құжатты түрде түсірілді, сызбалық құжаттау, зерттелу кезеңінің фотофиксациясы жүргізілді.

Пазырық мәдениеті тұрғындарының практикасында ғұрыптық, еске алу қоршауларын, тас бағандар тұрғызу тараған болатын. Берел обаларының пазырық археологиялық мәдениетіне жататындығына байланысты, сонымен қатар салт-ғұрыптардың барлық циклін реконструкциялау үшін мүмкіндігінше толық ақпарат көлемін алу мақсатында күрделі жерлеу-ғұрыптық циклдің барлық заттай қалдықтарын анықтау қажет. Сондықтан №№ 16, 17, 18 обалардың тізбегіне жапсарлас екі жақтан ені 5 м тұтас қазба салынды.

№№ 16, 16а нысандарының жер үсті құрылыстарында тахеометрлік түсіру басталды, бұл оларды одан арғы үш өлшемдік графикалық реконструкциялау және олардың салыну ретін, осыған сәйкес жерлеу-ғұрыптық салттар циклінің негізгі кезеңдерін анықтау мақсатында жүргізілді.

Сақ дәуірінің № 16 және анағұрлым кейінгі № 16а нысандарының арасындағы байланыс ерекше қызығушылық туғызады, ол көне түркі заманы халқының өздерінен бұрынғы малшылар мәдениетімен белгілі бір сабақтастығын және олармен ішкі, рухани байланысын білдіреді.

Берел кезенінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі-жайпақ түпті қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойыны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған кебежелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктер мен, таға тәрізді білікпен көмкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды бояу мен ангобтың үстіне салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық қызыл түске боялған.

Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан тұрғызылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұқтырмада ағаш пен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған.

Ү-ІҮ ғасырларға тән заттар-құрсауының шетінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар, қола қанжарлар азайып олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады.

Соғыс жебелерінің ұштары бұрынғыша қоладан құйылып жасалынады және олардың екі түрі: қысқа сапты үш қалақты немесе қанды басы қырланып, төмен қарай созыла керітілген ұңғылы болды.

Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған ”аң” стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді. Берел кезенінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.

Б.з.б ІІІ ғасырға таман Шығыс Қазақстаның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатың жерлеу құрылыстары таралады. Тас жәшіктер қырынан көміліп, үстін тақта тастармен жапқан төрт және одан да көбірек қашалмаған көлемді тақта тастардан құрастырылған. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті [51, 79-81 ].

Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кренке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөнгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ұқсайтын тік және көлденең құлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбұрышты астаушы, тік және кесе сияқты, кейде тұтқасы болатын тостағандар түріндегі ағаш ыдыстар Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан ыдыстарына жақын. Ағаш ыдыстарының сыртын көбінесе қызыл бояумен бояған. Қыш көзелер де көбіне осындай бояумен боялады (Құлажорға, Баты, Катон, Зевакино). Негізінен құмыралар мен көзелердің түрлері Шығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін дәстүрлі болып табылады, ал олардың шығу тегі пазырық үлгісіндегі ескерткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақстаның оңтүстік-шығысынан алынғаны айқын аңғарылады.

Құлажорға мәдениетінің жасаушылар Жетісудің ежелгі тұрғындарына туыстас жергілікті этникалық топ болған. Этникалық-мәдени байланыстары бірнеше бағыттардан: қыш және ағаш ыдыстардың түрлерінен басқа, тізбектеле орналасқан молалар топографиясының ұқсастығынан, үйінділердің құрылымы мен бейнесінен, жерленгендегі еңдікке бағдарлауынан, молаға қой етінің мүшесін (көбінесе жамбас жағың) қою салтынан байқалады.

Ақырында, жерленгендердің сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп отырғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антропологиялық тұрпаты да ұқсас. Оның негізі аздаған монголоидтік қоспасы бар европеиодтік тұрпатта болды, орта азиялық өзен арлық түрге ауысатын андроновтік түрдің белгілері басым келеді. Қола бұйымдарының құрамынан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр.

Қазақстан аумағының шығысы мен оңтүстік-шығысының этникалық және мәдени жағынан жақын болуына саяси жағдай да себепші болды. Б.з.б ІІІ ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес аумақтарға, атап айтқанда, солтүстік-шығысқа ықпалдың таралу үрдісі жүріп жатты [ 48, 111-115 ].

Ғұндардың (гундардың) мемлекеттік бірлестігі сол кезде өзара қырқысулар мен халық көтерілістерінен әлсіреген Қытай империясымен күрес жүргізеді. Ғұн одағының ықпал өрісі орасан зор аумақты-Байкалдан Енисейдің жоғарғы бойына дейінгі аралықты және Шығыс Түркістанды қамтыды. Ірі саяси оқиғалар қытай деректемелерінде көрініс таппай қалған жоқ, оларда Орталық Азияның көптеген тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер пайда болды. Мәселен, б.з.б ІІ-І ғасырлардағы саясы жағдайды бейнелейтін ертедегі тарихи карталардың бірінде (Дзинь-Дань-Хуан-юй, 1-шығарылым, 1-карта) Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы ағысына у-ге (у-цзе) тайпасы орналастырған. Оның орналасу ареалы Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштер тараған аумаққа сәйкес келеді. У-ге б.з.б.ІІІ-І ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің халқы болуы да мүмкін.

Сонымен Шығыс Қазақстан өңірін сонау XVIII ғасырдан бастап зерттеп келеді. Алғашқы кезде Черников С.С., Сорокин С.С., Грязнов М.П. сияқты ғалымдар бұл өңірдің археологиялық картасын жасап, көптеген обаларды қазды. Қазіргі таңда бұл өңірдің ескерткіштерін зерттеп, жинақтап, топтау мәселемімен, Самашев, Төлебаев сияқты тағы басқа ғалымдар айналысуда. Бұл өңірдің ғылыми зерттеуін болашақтан күтеміз.




























ІҮ-тарау. Орталық Қазақстан сақ ескерткіштері


Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі

Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанның территориясын негізінен көшпелі тайпалар мекендеген, осы уақытқа дейін бұл аймақтан көптеген қорғандар мен зираттар тобы жетті.Оған дәлел ретінде таулы аудандардан табылғанәр түрлі металдардан жасалған із қалдықтары мен тастағы суреттерді айтуға болады.Қорғандардың негізгі монументалды құрылысы ретінде мұртты обаларды атауға болады.

Мұртты обалар мен қорғандар жайлы алғашқы мәлімет ХХ ғасырдың 20- шы жылдардың соңымен 30-шы жылдардың басына сәйкес келеді.1927 жылы өлкетанушы Л.Ф.Семенов Ақмола облысында археологиялық ескерткіштерді зерртеу кезінде тасты құрылыстардың шығысқа қарай беттегеніне көңіл аударды.Үш жыл өткен соң ол қаратал деген елді мекеннен осыған ұқсас қорғандар тобын табады.Мұртты обаларға қазба жұмыстары 1930 жылы М..Артамонов ГАИМК-ның нұра экспедициясының құрамында болғанда, ол Шерубай-Нұра өзенінің бойынан тағы бір мұртты обаны табады.Жердің астынан оттың қалдығы табыды [39, 140-142]

1940 жыы Қарағандының маңынан Бес-оба ескерткішін зертегенде, Л.Ф.Семенов және С.В. Киселев мұртты обалар бар екенің айтып, қазба жұмыстарын жүргізді.Орталық Қазақстандағы қазба жұмыстарының негізгі мәліметтері осындай жағдайда болды.1946 жылға дейінгі зерттеуер, ерте темір дәуірі бойынша , бұл Қазақ ССР-дің ҒА Орталық Қазақстан экспедициясы археология және этнография институтының,осы жылдардан бастап экспедцияны А.Х.Марғұан басқарды.Орталық Қазақстан археологиялық ескерткіштерін жоспары түрде зерттеу, оның ішінде ерте темір дәуірінің қорғандары мен обалары болды [40, 71-74].

Мұртты обаардан алынған қазба жұмыстары мен матерадар негізінде А.Х.Марғұлан Орталық Қазақстандағы Шыңғыс тауынан бастап Тобыл өзеніне дейінгі жерлерде мұртты обаларға ұқсас ескерткіштер тарағаның қорыта айтты.Бұл қорғандар негізінен діни-ғұрыптық бағытта қолданса керек деген пікірер де болды.Заттай матерадардың жоқтығынан оның уақытын аңықтау қиынға түсті.

М.П.Грязнов өзінің мақаласында басқа материалдарға сүйене келіп, әлі белгісіз мұртты обаар тураы , геоог Б.Н.Жуковпен бірге жазып шығарды.Ол екі қорғанды зерттеді, ондағы қорғандар Чечабье көлінің Көкшетау облысының Шучинск жерінде болды.Солтүстік қорғанда сазбашықтан жасағанқыш ыдыстын қалдығы мен жылқының сүйектері табылды.Ал оңтүстік қорғаннан, грунттық шұңқырдан табыған әйедің қадығы , оны тас птамен жапқан, Бұл қорғандардан сонымен бірге еңбек-құрадары, және домалақ қола айна сияқты заттар табылды.М.П.Грязнов бұл ескерткіштерді б.з.б.Үғасырдың соңы деп мерзімдеді, ол өзінің қорытынды ойында мұндай типтегі ескерткіштерді скиф типтес мәденеттер мен тайпаар қадырды деген [ 39, 140-142 ].

1957 жылы Ортаық Қазақстан экспедициясы ұйымдастырылды, бұл экспедиция ерте темір дәуірінің кезенінің археологиялық жұмыстардың нәтижесінде олардың қолдарында бұ кезең бойынша ерте темір дәуірініңтайпалық мәдениетің анықтайтын ескерткіштердің ерекшелігін және т.б. құнды материадар жиналды.Павлодар облысының жерінен табылған Тасмола мәдениетінің топталған қорғандары мен обаларынан қазба жұмыстары кезінде әр түрлі еңбек құралдары мен діни-ғұрыптық ерекшеліктері анықталды.Ол М.Қ.Қадырбаевқа Орталық Қазақстан жерінде жеке бір археологиялық мәдениетті бөлуге жол ашты, оны тасмола мәдениеті деп атады.Оның жері батыста Ұлытау тауларынан және Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, солтүстікте Көкшетау облысының оңтүстік аудандарына дейін, яғни Шушинск және Бурабай көлдерінің жерін қамтиды, шығысында Паводар облысының ұсақ шоқыларынан, Шыңғыс тауларына дейінгі жерлерді қамтды.Оңтүстік шекарасы Балқаш маңы мен Бетпақдаланың солтүстік аудандарына дейін созылып жатыр.Мұндай мұртты обалар сонымен бірге Алматы және Жамбыл облыстарының жерінен де кездестіруге болады.

Скиф-сақ ортасы мәдениетінің қалыптасуы мен гүлдену заманы Қазақстан тарихында маңызды роль атқарды. Б.з.б І-мыңжылдықтың бірінші жартысында қола заманының жартылай отырықшы-бақташы тайпалары шаруашылығының орнына келген, жайылымдар мен су көздерін белгіленген мөлшермен пайдалануға бағындырылған көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы ұзақ уақыт бойы Қазақстан тұрғындарының негізгі кәсібі болды.

Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениетін ғалымдар «тасмола мәдениеті» деп атады.

Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі тұрғындарының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен тұрмысының әр қырынан негізгі мәліметтер беретін зерттелген ескерткіштер толық дерлік осы аймақтың шығыс бөлігінде шоғырланған.

Бүгінде Шығыс Сарыарқа аумағындағы тасмола мәдениетінің екі негізгі топқа бөлінетін 180 обасы зерттелген. Біріншісіне екі мерзімдемелі сатыны: ерте немесе бірінші (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ) және кейінгі немесе екінші (б.з.д. Ү-ІҮ ғғ) сатыларды қамтитын Тасмола кезенінің 150-ден астам обасы кіреді. Басқалары ерекше 3-ші сатыны құрады [34, 141-143 ].

«Мұртты» обалар жерлеу ғұрпына арналған ескерткіштерден тыс, деректемелердің ерекше тобына біріктірілген.Бүгінде Қазақстан аумағынан табылған 300-ден астам «мұртты» обалар қорымы туралы мәліміттер жинақталды. Бұл ескерткіштердің негізгі бөлігі Шығыс Сарыарқа аумағында.

Тасмола тарихи-мәдени қауымдастығы тайпаларының мәдениетінің өзіндік ерекшелігі генетикалық тұрғыдан алғанда Қазақстанның орталық далаларында осының алдында өмір сүрген қола заманы тұрғындарының мәдени-шаруашылық жетістіктеріне негізделген. Сонымен қатар, мәдениеттің айрықша түрінің қалыптасуына Ежелгі дүниенің отырықшы-егінші Қытай, Иран, Грекия қоғамдарының тікелей ықпалынан аулақ, алыста жатқан аумақтың табиғи-географиялық жағдайлары да әсер еткен.

Орталық Қазақстанның ертедегі көшпелілерінің мәдениетің жоспарлы түрде зерттеудің басталғанына жарты ғасырдан асты.

Осы мерзім ішінде жүргізілген жұмыстарды негізгі үш кезенге бөлуге болады. Зерттеулердің алғашқы сатысы 1949-1959 жж кезенін қамтиды. Ол ОҚАЭ-ның Орталық Қазақстанның батысында Ұлытау ауданындағы тас тізбекті («мұртты») обалар шоғырына қазба жұмыстарын жүргізуінен бастау алады. Ескерткіштерден адам мүрдесінің табылмауына қарап, зерттеуші Ә.Х.Марғұлан сол кездің өзінде олар діни-ғұрыптық әрекетке арналған деген ой түйіндеді.

Ә.Х.Марғұлан соғыстан кейінгі жылдарда бірінші болып тас тізбекті обаларға діни-ғұрыптық құрылыстар деген анықтама ғана беріп қоймай, қолдағы бар материалдарға сүйене отырып бұл ескерткіштердің таралу шегінде көрсетті. Кейіннен М.К.Қадырбаев атап кеткендей, Ә.Х.Марғұлан ОҚАЭ-дағы қызметінің бастапқы кезенінде-ақ, Орталық Қазақстандабасқа жерлерде дәл осы мөлшерде ұшырыспайтын ескерткіштердің ерекше түрлерінің бар екендігі жөніндегі пікірін ұсынды [ 39, 140-142].

ОҚАЭ-нің Ұлытау жеріндегі алғашқы жұмыстарын қоспағанда, ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттеудің барлық негізгі шаралары Орталық Қазақстаның шығыс аудандарында жүргізілді.

Бірінші кезеңнің зерттеулері Шығыс Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде (Ақтоғай, Шет) жүргізілді. Бұған Қарабие, Қарасай, Толағай, Елшібек, Киіксу, Егізқойтас, Сарша, Сыпыраоба, Санғыру сияқты, тағы да басқа оба ескерткіштері жатады.

Алғашқы кезеңнің жұмыстарында зерттелуші мәдениеттің жекеленген-аумақтық өзгешеліктеріне қатысты маңызды пайымдаулар жасалды. Сол жылдардың өзінде-ақ М.К.Қадырбаев-«жинақталған мәліметтер көлемі батыс бөлік (Ұлытау ауданы және одан ары батысқа қарай) пен солтүстіктегі (Ақмола облысы мен жапсарлас аудандар) және Орталық Қазақстаның шығысындағы Шет, Қонырат, Қарқаралы аудандарын қамтыған аумақтардағы өзара айырмашылықтарды көруге мүмкіндік береді- деп көрсетті.

Бірінші кезеңнің басты нәтижесі нақты археологиялық материалдарға негізделіп алғашқы түсініктер мен қорытындылардың қалыптасуы мен түсіндіріледі. Шығыс сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі ескерткіштерде жүргізілген қазбалар нәтижесінде зертелуші мәдениетке қатысты нақты мәліметтер алынып, Орталық Қазақстан ерте темір дәуірін мерзімдеу мен кезеңдеу, сондай-ақ жерлеу ғұрпының заттық мәдениетінің, шаруашылық дамуының мәселелері, т.б. қарастырылды [18, 217-218].

1958-1968 жылдары жүргізілген екінші кезеңге қарасты жұмыстардың басты орталығы Шығыс Сарыарқаның солтүстік және орталық аудандарын қамтыды. 1957 жылдан бастап ОҚАЭ-ның құрамындағы ерте темір дәуірінің жеке отрядың басқарған М.Қ.Қадырбаев 1959-1963 жж аралығында солтүстік топқа жататын Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзенінің бойындағы Тасмола-1,-2,-3,-5,-6, Қарамұын-1,-2, Нұрмамбет-1,-2,-4, обалар сынды керемет ескерткіштер ашты.

М.Қ.Қадырбаев қазбалар материалдарын жоғары кәсіби деңгейде зерттеп алысымен бірден жариялады.

1964-1966 жылдардағы жұмыстар Шығыс Сарыарқаның орталық аудандардағы ескерткіштерді зерттеуге бағытталды. Шет ауданныңдағы Талды өзенінің аңғарында Қызылқой, Талды-2, Ақсу-2 қорымдары қазылды. Павлодар облысының Баянаул ауданында Қорғантас қорымы, Қарқаралы ауданында Қараоба қорымы зерттелді. Кезінде тоналғандықтан, ескеркіштерден мәнді дәйектер алынбады, осы себепті үш жыл зерттеулері ( 30-дан астам обалар қазылған) жарияланбады, бұл ескерткіштердің тек қысқаша сипаттамасы ғана сақталынды.

1967-1968 жж аралығында, сондай-ақ, Шығыс Сарыарқаның оңтүстік шегіндегі Балқаш өңірінің солтүстік-шығысындағы қорымдарды зерттеуге көңіл бөлінді. Қотанемел-1,-3, Жалғызтау, Тесіктас-1,-2, т.б. қорымдарының бірқатар обалары ашылды. Осы жұмыстар нәтижесі 1975 жылы жарияланды. Жерлеу орындарын сипаттау, олардың белгілі бір мәдениетке жататындығын аңықтаумен қатар, М.Қ.Қадырбаев табылған қола құралдардың химиялық құрамын зерттеуге және оның солтүстік топтың (Шідерті) металлмен салыстыруға көп көңіл бөлді.

Екінші кезең зерттеулерінің қорытындысы бойынша Тасмола мәдениетің зерделеудің басты тұжырымдары мен нәтижелері бір қалыпқа келтіріліп жарияланды. Мұнда солтүстік топ ескерткіштерінде жүргізілген қазбалардан алынған материалдар негізгі дерек көзі болып саналды.

М.Қ.Қадырбаевтің Шідертідегі қазбалары нәтижелерінің қомақтылғы сонша, бұдан кейінгі уақытта барынша мол да көрнекті бұл материалдар «Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениеті» деген ұғымның тұтас сипатын анықтайтын негіздеме ретінде қалыптасты. Күні бүгінге дейін шідертілік материалдар Тасмола мәдениеті бойынша басты дерек болып саналады.

1970 –жылдардан үшінші кезең басталды. Аумақтағы ерте темір дәуірінің ескерткіштерін тұрақты зерттеу ісінің 1980 жылдардың аяғына дейін тоқтап қалуы себепті, осы уақытта тек жекелеген ескерткіштер, оның ішінде бірнеше «Мұртты» обалар зерттелді.

1980-жылдардың аяғында қазіргі Археология институтының Шығыс Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге бағытталған жеке экспедиция (қазіргі Сарыарқа экспедициясы) өз жұмысын бастады. Экспедиция жұмысын Баянауыл ауданы жеріндегі ескерткіштерді зерттеуден бастады. Ғылым тілімен айтқанда «авариялық» деңгейдегі, яғни бүлінген немесе сақтаумау қауіпі бар ескерткіштерді зерттеуге арналған бұл жұмыстар барысында көптеген обалар ашылды, бірақ, олардың дені қатты бүлінген, тоналған болып шықты. Кейінірек, 1990 жыладр соныңда экспедиция Қарағанды облысының аумағындағы ескерткіштерді зерттеуге кірісті. Жалпы осы жұмыстардың барысында б.з.д. ҮІІ-І ғғ кезенінің ондаған ескерткіштері зерттелді. Орналасуы жағынан алып қарағанда ескерткіштердің дені Баянауыл ауданына қарайды, соңғы жылдар материалдары Қарқаралы ауданынан да алынған. Ақтоғай ауданы археологиялық қазбаларға бай шежірелі жер. Ақтоғай археологиялық - этнографиялық мұра - жайының ашылуына себеп болған аудан жеріндегі тарихи археологиялық қазбалардың мол байлығы және қола дәуірінен бергі ғасырлардан зерттелмеген біздің заманымызға дейінгі VII, VIII  ғасырлардағы қорғандар, таулардағы, жартастағы жазбалар, суреттер, балбалдар, көптеген қорымдары мол өлкесі екендігі.
Халқымыздың белгілі ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1947-52 жылдар аралығында жүргізген  қазба жұмыстарының нәтижесінде атақты «Бегазы-Дәндібай» мәдениеті деген еңбегін Ақтоғайдағы Бегазы тарихи қорымдар кешенін тиянақты зерттей отырып жазғаны белгілі. Осы жылдары жергілікті ұстаз
сызу, бейнелеу пәнің мұғалімі  Мұсатаев Аманқұл Марғұланмен кездесіп, оның қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан экспедициясына жиі барып тұрған. Осы Марғұланмен сыйласып, араласып жүрген кездерінде  көптеген қазбадан табылған көне ғасырлар мұраларынан ескерткіш заттар жинаған. Қорымдардың  кездесетін жерлерін, мүсін  тастар, таңбалы тастар, балбалдар орнатылған жерлерді тізімдеп, фотосуретке түсіріп жинаған.
Ұлы ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Ақтоғай ауданы жеріндегі  тарихи археологиялық қазбалар байлығының молдығы ескеріліп 7-ші шілде 1988 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің № 91 қаулысымен Жезқазған  облыстық өлке тану мұражайдың филиалы болып Ақтоғай археология-этнография мұражайы ашылды.  Мұражайға жұмыс жүргізу үшін директорлық, кіші ғылыми қызметкер, қараушы деген 3 штат құрамын берді. Директорлыққа Мұсатаев Аманқұл алынды.
Жасынан көркем табиғат жаратылыстарына зер салып, суретке түсіру портреттер салу, тарихи мұраларды  жинау мен шұғылданып, айналысқан Мұсатаев А мұражайға директор  болғаннан кейін көптеген еңбек құрал саймандарын, үй тұрмыс мүліктерін құнды құжаттар тапсырып, жинаған. Мұражайға  мүсін тастар, ұсталық құралдар, ат ер-тұрмандары, егіншілік құралдары жиналды.
1987 жылы Республиканың халық суретшісі жерлесіміз Сахи Романовтың мұражайға сыйға берген 44 портретін әкелді. 1987 жылы 9-шілде де мұражайға Жезқазған облыстық өлкетану  мұражайынан сыйға берген 27 құстар мен аңдардың тұлыптары  әкелінді. Ол кезде  облыстық мұражайдың  директоры А.Д.Лобас болған. Осы 1987 жылы Алматы мемлекеттік мұражайынан 11  аңдардың тұлыптары әкелінді. Бұл жылдарда мұражайда экспонаттар қорын толықтыру жұмыстары жүргізілді.
Ақтоғай аудандық атқару комитетінің 24 қыркүйек 1987 жылғы № 334/18 шешімімен Ауданда облыстық мұражайдың филиалының ашылып  құрылғанына байланысты почта-телеграф үйінің ескі құрылысын Аудандық Мәдениет бөлімінің балансына Мұражайға пайдалану үшін берді.
Осы жылы телеграф үйінің  құрылысы жаңартылып экспозициялық көріністер үшін 2 зал археологияға  және этнографияға 1 қор жинау бөлмесі жасалды.  Ішкі көлемі барлығы 265 шаршы метр. Мұражай үйінің төбесіне өрнекті күмбез жасалынды.
Бұл жылдары ұлтымыздың мұра-мұраттарына баса назар аударып, өз ұлтымыздың халқымыздың асыл қасиеті мен салт-дәстүрлерін қадірлеу, көрсету, кейінгі ұрпаққа таныта білу мақсатында археологиялық-этнографиялық заттар қорын жыл сайын толықтыру жұмысы жүргізілді.
1988 жылдары ауылымыздан шыққан ұлы адамдар, дана билер, батырлар, жер атауларына байланысты тарихи деректер, өнер иелері туралы деректер, фотолар жиналды. Ел қолында сақталған бұрынғы кездердегі ел ішінде  ағаш шеберлерінің, ұсталардың жасаған заттары жиналды. Олар бояуы, өрнегі өз қалпында сақталған.  Асадалдар, сырлы, оюлы ағаш төсек, мүйізден,  сүйектен өрнек салған ағаш төсек, өрнекті  кебеже, ет табақтар, оюлы түс  киіздер, көріктер, күмістелген ер, ат әбзелдері, егіншілік құралдары соқалар, мала тастар, атақты ұсталардың құралдары жиналды. 1990 жылы Алматыдағы  «Мирас» кооперативіне аттың ер  тұрмандарының жезден әшекейленген толық құрамы жасатқызылып алынды. Ер тоқым, қоржын, жүген, құйысқан, өмілдірік. Қымыз құятын ыдыстар шараяқ, қос ұялы ожау тостағандар және оюлы асадал, балдақ т.б. Қазақ ССР  Министрлер Кабинетінің 7-ші маусым № 91-р 1991 жылғы шешімімен Халық депутаттары  Жезқазған облыстық Совет атқару комитетінің № 116-п 1-ші маусым 1991 жылғы шешімі бойынша, облыстық тарихи өлкетану мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің базасында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы өз алдына  жеке мұражай болып ашылды. Осы негізде Жезқазған облыстық Мәдениет жөніндегі комитетінің 18 шілде  1991 ж  №27-П  бұйрығы берілді.
Осы негізде Халық депутаттары Ақтоғай ауданы Совет атқару комитеті № 203 1 тамыз 1991 жыл Ақтоғай ауданы орталығында  археологиялық-этнографиялық  мұражай ашу жөнінде № 203 Министрлер кабинетінің 1991 жыл 7 маусымдағы № 91-р жарлығына  сай өкім етті.
1991 жылы 1-ші шілдеден аудан орталығында облыстық өлке тану мұражайының ғылыми зерттеу бөлімінің базасында археологиялық-этнографиялық мұражай ашты.
Мұражайдың штаттық кестесі 1992 жылдан 1-ші қаңтарына дейін 5 бірлік болып берілді.  1992 жылдың 1-ші қаңтарынан 15 бірлік болып берілген шешім берілді.
1991 жылдың 1-ші шілдесінен Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайдың директоры болып Жезқазған облыстық мәдениет  жөніндегі комитеттің № 61 25 қыркүйек 1991 жылғы жарлығы бойынша Мұсатаев Аманқұл тағайындалды.
Осы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып 1991 жылы 1-ші шілдеден Сүлейменова Бибігүл тағайындалды. 1991 жылдан күз айларынан Мұражай залдарына экспонаттарды орналастыратын экспозициялық көріністерін жасау үшін Алматы Мемлекеттік мұражайдың суретшілерімен көркемдеу, ағаш шеберлері арнайы шақыртумен  келіп жұмыс жасады. 1-ші археология залына экспозициялық көрінісін 1992 жылдың  22-ші тамызына бітіріп тапсырды. Бұл күндері ауданда «Алаштың  үш арысына» ас беру мерейтойы болып жатқан. Туған халқы, ата мекені үшін жан аямай күресіп өткен қоғам  қайраткерлерін бүгін ұрпақтары мәңгілік есте қалдыру парыз. Туған жерінде Әлихан Бөкейхановтың 125 жылдығы, Жақып мырза Ақбайға 115 жыл, Әлімхан  Ермековке 100 жыл толу мерей тойы жасалып ас берілді. Бұл тойға осы арыстардың жан-жақтан, үлкен қалалардан туыстары, жақындары келді, Ғалымдар, қайраткерлер келді. Бұл күндері Мұражайға алаш көсемдерінің туыстары естеліктер берді. Көптеген ескерткіш заттары жиналды.
Бұл жылдары еңбек ерлерінің құнды құжаттары мен фотолары, еңбек ардагерлерінің құжаттары, соғыс ардагерлерінің құжаттары, фотолары, үй тұрмысы мүліктері жиналды. Аңдар мен үй малдарының тұлыптары жасаттырылды, экспонаттар қоры молыға  түсті.
1993 жылы 10-шы шілдеден мұражайдың директоры А. Мұсатаевтің зейнеткерлікке кетуіне байланысты орнына 1993 жылдың 26 шілдесінен Орынбетов Қасым директор болды.
1994 жылы мұражайдың екінші этнография залынан экспонаттар орналастырылатын экспозицияларын жергілікті суретші Бишаев Саят пен ағаш шебері Сембек жасады. Экспонаттар 8 бөлімге топталады.



Археологиялық қазбалардан табылғандар:

  • Еңбек құралдары;

  • Тұрмыс тіршілік мүліктері;

  • Ұсталық құрал саймандар;

  • Ат әбзелдері, ер тұрамандар;

  • Киіз үй ағаштары мен жабдықтары;

  • Батырлық қару-жарақтар;

  • Ұлттық музыка аспаптары.

Жыл сайын жиналған экспонаттар актіленіп, тіркеу кітабына жазылып, есеп карточкалары жүргізіледі. 1995 жылдың қараша айынан мұражай директоры  Орынбетов Қасымның басқа жаққа ауысып кетуіне байланысты 1996 жылдың 6-шы қаңтарынан мұражайға Торғай Бейсекова директор болып тағайындалды.
Бұл жылы мұражайдың іс жоспарына  үшінші  өлке тану бөлімі қосылып, онда атқарылатын істер жоспарланды. Зерттеу, жинау жұмыстары жүргізіліп  жұмыстар түрі кеңейтілді. Аудан ардагерлерінен мұражай кеңесі құрылды. Кеңес мүшелеріне аудан тарихынан деректер жинау, зерттеу жұмыстары тапсырылды. Археологиялық қазбалардан жинастырылған заттар толықтырылды. Этнография саласы бойынша өткен ғасырдағы қазақ халқының күн көріс еңбек құралдары, тұрмыстық дүниелер зергерлік бұйымдар, музыка аспаптары тарихи маңызы бар фотолар, аудан жетістіктерінің дипломдары, тулары, грамоталары жиналды.
1988-2004 жж жұмыстар нәтижесінде алынған жаңа деректік материалдар біздің Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениеті жайлы түсінігімізді біршама толықтыра түсті. Осы ретте Қарқаралы ауданның аумағынан ерте темір дәуірі қоныстарының табылуын айрықша атап өтуге болады.

Осылайша, Шығыс Сарыарқа жерінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеулер ерте темір дәуірінің қазір белгілі ескерткіштері негізінен алғанда Қарғанды облысының Шығыс аудандарында, Павлодар облысының Екібастұз, Баянауыл аудандарында және ішінара бұрынғы Шұбартау (бүгінде ШҚО Аягөз ауданның құрамында) ауданда шоғырланғандығын көрсетеді. Әлі зерттеулер мен қамтылмаған өлкелер аз емес, зерттеулер болып өткен аудандардың өзі де ешқашан толығырақ тексерілген емес.





Тасмола мәдениеті


Әуелгі темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларының тарихы жөнінде ең маңызды, ал кейде бірден-бір нақты деректеме археологиялық ескерткіштер болып табылады. Нақ осы ескерткіштер Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың жеке топтарының сипаттамасын және олардың мәдени-шаруашылык бейнесін нақтылауға мүмкіндік береді.

Б. з. б. I мың жылдықтың екінші жартысындағы Қазақстан территориясын, Аралдың шығыс өңірін ерекше бөліп қарай отырып, Орталық, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан региондарына бөлуге болады.

Мәліметтер онша толық болмаса да, мұндай региондық сипаттама тарихи процестің әр алуандығы мен жан-жақтылығын едәуір дәлдікпен бейнелеп бере алады.

Әуелгі темір дәуірінде Қазақстанның ең ірі географиялық аймағы — Қазақтың қатпарлы өлкесін (Орта-лық Қазақстан) мал шаруашылығымен күнелткен тайпалар мекендеген, бұлар болжамдардың бірі бойынша исседондармен теңдестіріледі. Тегінде, исседондар массагет тайпалары бірлестігіне кірген болса керек, кейбір ғалымдардың бұл тайпаларды тиграхауда-сақтармен салғастыруы негізсіз емес.

Бізге әуелгі темір дәуіріндегі орталық қазақстандық тайпалардан археологиялық ескерткіштердің негізінен үш түрі: обалы қорымдар, мыс, алтын және басқа да металдар қазылып адын-ған кен орындарының қалдықтары және жартастағы бейнелер жетті.

Бұл кезеңдегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп бол ды. Мұндай ескерткіштер Қазақ ұсақ шоқылығынан тыс жерлерде де кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі — Орталық Қазақстан болып табылады [40, 71-74].

Ең ірі обалар топтары Бұғылы, Қызылрай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Ку, Ортау тауларының аңғарына шоғырланған. Батыста олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бектерінде, оңтүстікте Желдітау, Тайатқан, Шұнақ таулы жазықтарын алып жатыр.

Балқаш көлі маңының шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорға, Көксеңгір таулары маңына топтасып, шығыста Шыңғыс жоталарына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауларындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің бастамасында орналасқан.

«Мұртты» обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас ғұрыптық архитектуралық комплекске кіреді. Үйілген топырақ астында елікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді екі қатар тас тізбектері қаланған. Ені 1—2 м, ұзындығы кейде 200—300 метрге дейін баратын тастар тізбегі тас жәшіктер немесе дөңгелектер тізбегі түрінде ірі тастардан салынды.

«Мұртты» обалардың архитектуралық комплексі қола дәуірі тайпаларының табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын бейнеледі, бірақ сонымен бірге бұл б. з. б. VIIVI ғасыр-ларға және онан кейінгі кезеңдерге де тән жаңа құбылыс.

Б. з. б. I мың жылдықта Қазақстанның және көршілес аудандардың далалық тайпаларында өлікке ат арнайтын өзінше бір үлгідегі ғұрып кең тараған. Аттардың және қойлардың кесіп алынған бастарын терісімен өліктің аяқ жағына қою сияқты өзгеше түрінде бұл ғұрып Орталық Қазақстанды мекендеушілерде де болды.

Мұнымен қатар тасмолалық тайпаларда басқа бір ғұрыптық дәстүр — ат пен қыш ыдысты қоса жерлеу де болды. Ол тек «мұртты» обаларда ғана кездеседі. Атын құрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа байланысты болды [36, 303].

Аспан аттары мен күнді бірдей деп санайтын ежелгі діни ғұрыптың болғанына көптеген жазба деректемелер айғақ бола алады. Мәселен, Ригведада атқа жерлеу гимндері арналып, онда олар күнге теңеледі немесе күннің қос доңғалақты арбасын тартып жүреді. Авестада жүйрік атты күннің сюжеті онан әрі да мытылады.

Бұл мәліметтердің бәрі тайпалық одақтарына, ілгеріде айтылғандай, Орталық Қазақстан тайпалары да кіруі ықтимал массагеттердің діни нанымдары жөніндегі Геродот мәліметтері мен тығыз ұштасады. Ол былай деп жазды: «Олардың жалбарынатын жалғыз ғана құдайы — күн. Олар күнге арнап құрбандыққа ат шалады, ал мұндай құрбандық шалудың мәнін ең жүйрік құдайға арнап дүниедегі ең жүйрік тіршілік иесі шалынуы керек деп пайымдайды». Әйел патша Томиристің Ахеменид державасының басшысы Кирге жазған хатын келтіре отырып, Геродот массагеттердің әміршісі есебінде күнді тағы да еске салады.

Тасты тізбектері бар обалар комплексінің элементтерінен күн құдайға атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі «кірер аузы» шығысқа, таңертеңгі күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты күнге табынушылықтың ерекше белгілері көрінеді деп топшылауға негіз бар. Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас құрылыстар ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардың іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбәсыз.

Өлікке ат арнау және атты күн құдайға құрбандыққа шалу ғұрыптары көбінесе діни ұғымдардың негізі ретінде Орталық Қазақстанның мал өсіруші ежелгі тайпаларында кең тараған.

Тасты тізбектері бар құрылыс комплекстері салынуына еңбектің көп жұмсалуы, байлығы, сәнділігі жағынан ру-тайпа ақсүйектерін тайпа көсемдерін, ру ақсақалдарын, атақты жауынгерлерді жерлеуге арналған. Әрбір рулық зиратта ондай кұрылыстар онша көп емес, ал олардың жандарында қатардағы тайпаластары жерленген көптеген қарапайым обашықтар бар. Ескерткіштердің бұл түрлерінде адамды жерлеу ғұрпының неғұрлым мәнді-мәнді сипаттары үқсас үстін тақта тастармен жапқан сопақша жер шұңқырға кісіні басын солтүстікке қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Бұлар — этникалық-тайпалык құралымы бір, бірақ әр түрлі әлеуметтік топтардың ескерткіштері [ 34, 141-143].

Бұл территорияда бұрын белгісіз болып келген, мәйіттің басын солтүстікке қаратып салу фактісі осы кезге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Солай болғанмен де, сырттан басқа тайпалар келіп қосылды деуге негіз жоқ. Халықтың антропологиялық типі мен материалдық мәдениеттің маңызды-маңызды элементтері әуелгі темір дәуіріндегі Орталық Казақстан тайпалары мен олардан бұрын өмір сүрген Андронов тайпаларының арасында сабақтастық бар екенін көрсетеді. Мәселен, тас тізбекті обалар ішіне тастан жәшіктер мен дөңгелектер салуда, б. з. б. VIIV ғасырлардың кейбір обаларында тақта тастарды жалпасынан қалап, тас лақыттар тұрғызу тәсілдерінде андроновтық құрылыс дәстүрі сақталған. Жапсыру тәсілімен жасалған ыдыстардың кейбір түрлері қола дәуірінің керамикасына ұқсас. Дамудың бірыңғай желісі қос қалақшалы ұңғылы және үш қанатты сапты жебе ұштары сияқты қарулардан да байқалады. Сабақтастық, мәселен, Сыпыраоба моласынан табылған алтын қалақшасындағы сияқты геометриялық өрнектерден де көрінеді. Ақырында антропологтар тасмолалықтардың бет бітімінде Орталық Қазақстанның андроновтық тайпаларымен тікелей байланыс барын анықтады.

Әуелгі темір дәуіріндегі орталық қазақстандық, тайпалардан бізге келіп жеткен мыс шығарылған кен орындарының іздері Балқаштың солтүстік өңірінде (Тесіктас, Қенелі, Саяқ, Ақоба, Қызылтас, Сорқұдық), Нұра өзенінің басталар жерінде (Алтын-су, Бесшоқы), Атасу өзені бойында, Баянауыл мен Қарқаралы далаларында, Ұлытау және Имантау тауларында, ақырында, Жезқазған рудалы аймағының көптеген кен орындарында кездеседі. Қалайы өндірген жерлер Есіл езені бойында, Қөкшетау тауларында және Бетпақдаланың солтүстік аудандарында табылды. Ал алтын өндірудің негізгі орталығы Степняк, Бестебе, Майқайың, Жосалы аудандарының кен орындары болды.

Б. з. б. VIIIII ғасырлардағы Орталық Қазақстан тайпаларының экономикасы мен мәдениетінің гүлденуі кезеңінде Балқаштың солтүстік өңірі мен Жезқазғанның кен металлургия ошақтары онан әрі жұмыс істеді.

Қотанемел, Тасмола қорымдарынан табылған археологиялық бұйымдардың спектрлік анализ мәліметтері дәлелдегендей, Қазақтың таулы өлкесінің шығыс аудандарын жоғары сапалы күшалалы мыспен, шамасы, Саяқ мыс кенді орталығы жабдықтап тұрғаң болуы керек. Орталық Қазақстанның ежелгі тайпалары өз бұйымдарьна қажет қалайыны Қалба кен орнынан алып тұруы ықтимал. Күшалалы қола да қалайы рудасы сияқты жүздеген шақырымнан тасылды. Балқаштың солтүстік өңірінің Саяқ кен орындарынан Шідерті өзені жағалауындағы тасмолалық тайпаларға шикізат бес жүз шақырымдық жолмен жеткізілетін болған.

Орталық Қазақстанның әуелгі темір дәуіріне тән көрнекілік — жартасқа салынған суреттер — петроглифтер. Олардын көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс беттеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың ар түрлі тұлғаларын бейнелейді. Қөптеген петроглифтер — аңшылықтың, садақшылар шайқасының күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері. Бұл суреттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі гравюралар Ұлытау таулары өңірінен, Қалмаққырылған тауларынан, Сарысу өзенінің оң жағалауынан, Абралы, Шұнак, Дегелең тауларынан, Нұраның жоғарғы және Өлеңтінің орта ағыстарынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш манынан және Солтүстік Бетпакдаланың басқа аудандарынан табылды [45, 110-112].

Археологиялық мәліметтер бойынша, Тасмола мәдениеті тайпалары дамуының шартты түрде үш кезеңін атап көрсетуге болады.

Бірінші кезең б. з. б. VIIVI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола IV, Қарамұрын I, Нұрманбет IV қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді.

Екібастұздан солтүстік-батысқа қарай Шідерті өзенінің оң жақ жағалауларындағы, әр түрлі уақыттардағы жерлеу құрылыстарының Тасмола I тобындағы № 19 обадағы бейіт неғұрлым назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір шұңқырындағы қамыс төсеніш үстіне әйелмен бірге қола айна, темір пышақ және қайрақ тас көмілген. Мұнда аттың басы мен жауырыны, екі қойдың бас сүйегі үйіліп қойылған. Аттың басында жүгені бар, ал қайыс жүген әр түрлі қола бұйымдармен сәнделген.

Енді бір обада (Тасмола V, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылқының басы мен терісі қойылған. Осы жерден аттың ауыздықтарының, тау текелердің мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекейлердің мол жиынтығы, шомбал қоңыраулар табылды. Бүл жай ғана кұрбандық шалу немесе арнау ырымы емес, жеті ат жегілген қос доңғалақты «аспан» арбасын жабдықтау салты.

Б. з. б. VIIVI ғасырларға тән жебелер жиынтығы Қарамұ-рын қорымынан табылды. Жылқы терісінен жасалған былғары қорамсақта екі түрлі екі қанатты, ұңғылы және үш қалақты келте қола ұштары бар қайың сапты 46 жебе шықты. Қазақстан территориясьнда кейінгі кезде кең тараған, шұңқырдың бір бүйірін үңгіп қою деп аталатын жерлеу құрылысының ең ежелгісі де осы арадан шықты.

Нұрманбет IV қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте тасмолалық ескерткіштерге тән жер лақыт ішінен тақта тастармен шегенделген. Бұл арадан бір бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ-қанжар мен сабы сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған құрастырмалы шомбал белдік табылды.

Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді ұңғылы, қос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан немесе мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән [28, 66-68 ].

Қолданбалы өңерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстардың алтыннан соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған тау текелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен ұрғашы бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тән болып келеді. Б. з. б. VI ғасырдың аяғына таман «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Оған марал мүйізінен жасалған мүсінді тоға мысал бола алады. Таңғажайып бүркіттің стильге келтірілген басы түрінде жасалынған оның бетіне күрделі сурет бедерлеп салынған. Біз көлемі 15 шаршы см кеңістікте жүгіріп бара жатқан қабан мүсінін, үш текенің, қасқырдың және бұғының бастарын көреміз. Ертедегі суретші бұл мүсін-дерді бір суреттің біткен сызығы екінші жаңа бейненің бастамасы болатындай етіп, әр түрлі бұрыш жасай үйлестірген. Тасмола V қорымындағы № 3 обадан табылған мүйіз тоғадағы бұл сюжет Евразияда өте-мөте сирек кездеседі және бұған алыстағы Туваның сол уақыттардағы Алды-бел ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұқсас келуі мүмкін.

Орталық Қазақстанда және көршілес аудандарда түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан I). Кейінірек Тынық мұхиттан Шығыс Европаға дейінгі орасан зор территорияға тараған полихромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады.

Археологиялық материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәдениетінің бастапқы кезенінде-ақ жаңа металл — темірмен таныс болғандықтарын көрсетеді. Темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.

Б. з. б. V—III ғасырлардағы (екінші кезең) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу құрылыстарының негізгі түрлері бұрынғысынша тас тізбекті обалар және екінші, әдеттегі түрлері — тасты үйінділер болып қала береді. Меридиандық бағытта қазылған жер шұңқырларда жерлеу ғұрпы сақталып қалды. Салттық жоралғылардың кейбір бөліктері ғана өзгерді, соның ішінде елікке ат арнау ғұрпы жойылды.

Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садақтың күрделірек және алысқа ататын конструкциясына байланысты жебелердің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасалған, үңғылы, қанды басы үш қырлы стандартты жебе ұштары шықты. Жаңа металл — темірден бәйегі мүйізше сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп дөңгелетілген ауыздықтар жасалынды. Б. з. б. IIIII ғасырларда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Дөңгелегінің кенересінде биік жиекшесі бар, коладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын да ыңғайлы айналар шықты. Айналардың саптары мен басқа да іс қажеттеріне арналған заттар «аңдық» деп аталатын стильде жасалынған жануарлар бейнелерімен безендірілген [20, 6-8].

Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі — аңдардың таласуы, жыртқыштардың шеп қоректілерді талап жеуі бола бастады. Жануарлар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан саралап бейнелеу тереңдей түсті. Қорғантас қойнауынан табылған тік бұрышты қола тоғадағы барақ иттің бұғыға бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық өрнекке айналған.

Солай болғанмен де, жерлеу комплекстерінде Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңіндегідей бұйымдар сақталып қалды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық құралдары және қайрақ тастар ерекше көрінеді.

Ежелгі мал өсірушілердің тұрмысында ағаш және металл ыдыстар кең орын алған болуы ықтимал. Мұнда қыш ыдыстар тас тізбекті обаларда ғана кездеседі. Мұндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан территориясының басқа аудандарының сол уақыттағы керамикасынан мүлде өзгеше және сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезеңдері үшін дәстүрлі. Таспалап жапсыру әдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыстар ғүрыптық ыдыстар болған және жереу әдет-ғұрпы үшін арнайы жасалған деп топшыланады.

Тастан жасалған құрбандық ыдыстары мен жануыштар Тасмола мә дениетінің бірінші және екінші кезеңдеріне тән. Олар тек әйелдердің қабірлерінен ғана шығады, әдетте, оларды жерленгендердің бас жағынан табады. Құрбандық ыдыстары сопақша бітімді, аласа жиекті құмдақ тастан істелген шағын табақ түрінде қырналып жасалады, тегіс келген түбінде ешқандай тұғырлары, не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі бар құмдақ тас қайрақтардың бітімі тік бұрышты және ірі келеді.

Б. з. б. I мың.жылдықтың аяқ кезінің ескерткіштері жете зерттелмеген. Сондықтан IIII ғасырларды шартты түрде ғана Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі деп атауға болады.

Обалардың дәстүрлі бітімі сақталған. Алайда, жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрманбет I, Қарамұрын II қорымдарындағы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып салу, түбі жайпақ, бітімі домалаңқы керамикалық ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері — бұлардың барлығы б. з. б. IVII ғасырларда Оңтүстік Приуралье мен Батыс Қазақстанды мекендеген сармат тайпаларының материалдық мәдениетіне жақын.

Сармат тайпаларының топтары, кейбір зерттеушілердін топшылайтынындай, тек қана Орта Азияға ғана емес, Солтүстік Қазақстан территориясына да жылжуы мүмкін. Ол кезде Орталық Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандарына Жетісудағы усун тайпаларының ықпалы болды. Жетісу усундерінің қабірлер-ді ендік бағытта қазып, еліктердің бас жағына қыш ыдыстар, қой еті мен темір пышақтар қойып жерлеу ғүрпы Балқаштың солтүстік-шығыс өңірінің кейбір ескерткіштерінде (Қайрақтас, Қүрбақанас, Жалғызтау) байқалады. Бұл ескерткіштерден Жетісуды мекендеушілерге тән қыштан жасалған кеселер және алмұрт бітімдес құмыралар табылған.

Б. з. б. IIII ғасырлардың бірқатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу тегін көрсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлегін қүрбандыққа шалынатын малдардың сүйектеріне арнап бос қою.

.Региондағы жерлеу ғұрыптарындағы соншалықты ала-құлалық пен қарама-қайшы көрініс — б. з. б. I мың жылдықтың соңғы ғасырларындағы Орталық Азияның батысы мен шығысындағы мал өсіруші тайпалардың ірі-ірі миграцияларымен байланысты болған күрделі де, әлі де болса бәрі бірдей анық емес саяси жағдайдың бейнесі. Бүл көшіп-қонымдардың басы ғүндар мен юечжылардың күресінің шиеленісуінен, б. з. б. 174 жылы юечжылардың жеңіліп, олардың Орта Азия территориясына кетуінен басталады [35, 303 ].

Қазақстанның қазіргі археология ғылымында Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі Тасмола мәдениетінің ескерткіштері бірнеше категорияға бөлінеді.

Ескерткіштердің бірінші тобына (түрі ) кәдімгі обалардағы жерлеу орындары жатады. Бұл категория Тасмола мәдениетінің қабір үстіне тұрғызылған құрылыс ретіндегі жерлеу ескерткіштерін шолады. Тасмола тайпаларының жерлеу ғұрпына қатысты мәселелер осы обалар негізінде қарастырылып, оның ерекшеліктерін зерделеу осы деректемелерге жүгіне отырылып іске асырылады.

Тасмола мәдениетінің қазіргі мерзімдік және кезендік схемалары аталмыш негіздемені басшылыққа ала құрылған.

Жерлеу ескерткіштерінің материалдары бойынша тұжырымдасақ, Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениеті үш мерзімделік сатыны қамтиды. Бірінші (б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ) және екінші (б.з.б. Ү-ІҮғғ ) мерзімдемелік сатылардың мәдени белгілері бір-біріне өте жақын, сондықтан да олар бір тасмола кезеңіне біріктіріледі.

Шығыс Сарыарқаның тасмола кезеңінің жерлеу ескерткіштері дөңгелектенген тас, аракідік топырақ үйіндісі түрінде кездеседі. Шамамен алғанда оларға төмендегідей өлшемдер тән: диаметрі 5-тен 10-15 метрге дейін, биіктігі 1-1,5 метр.

Бірінші сатыға жататын обалардың үйінділері аласа тас қоршаумен, сирек жағдайда орлармен қоршалады.Үлкен үйінділер сирек кездеседі. Үлкен обалар қатарына Нүркен обалары, Талды, Шопа, Қараменде т.б. зерттелмеген обалар кіреді. Оба астында бір қабір болады. Көбіне ол қарапайым шұңқыр түрінде болып келеді, кейде осы шұңқыр ішінде тас жәшік орнатылады немесе лақыт шығарылады. Осыған қарап, жерлеу түрі 3- ке ажыратылады: қарапайым шұңқыр қабірде жерлеу, шұңқыр ішіндегі тас жәшікте жерлеу және лақытта жерлеу. Сонымен қатар, үлкен обаларға сирек жерлеу түрлері де тән. Мысалы Нұкен-2 қорымының 1- ші обасында шаршы пішіндес жартылай жер үстіндегі (яғни терең шұңқырдың түбінде емес) тас жәшік ашылды, ал мұндағы 2-ші обада киіз үй пішіндес үлкен тас қабірхана ашылды. Мәйіт солтүстікке, солтүстік-батысқа бағытталып, жазылған қалыпта шалқасынан қойылады.

Құрылымдық жағынан алғанда барынша көрнекті күрделі жерлеу құрылыстары бірінші мерзімдік сатыға тән.

Үлкен обалардың кейбір ерекшеліктері Қарқаралы ауданының Нүркен-2 қорымының тоналған 1,-2- обалары (биіктігі -4-5м, диаметрі 40 м- ден жоғары) зерттегенде анықталды. Бұл обалардың құрылымдық- архитектуралық шешілімі күрделі, аздаған табылымдар арсынан қыш фрагменттері, тас дәнүккіштер, ахеменид стиліндегі салт атты бедерленген қола жапсырманың сынығы ( түрлі –түсті суреттерге қараңыз ) кездесті. Болжам бойынша обалар б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ шеңберіне жатады. Екі үйіндіден де бұрындары кездеспеген шикі кірпішті қалап қолдану әдісі анықталды, үйінді астынан көлемді жерлеу құрылыстары ( жоғарыда айтылған шаршы жәшік пен үлкен көлемді қабірхана), олардан оңтүстік –шығысқа бағытталған ұзын дәліздер табылды.

Екінші сатыда обалы жерлеу орындарының көлемі кішірейіп, құрылымы қарапайымдалады. Ескерткіштер бірте-бірте су көздерінен аулағырақ орналасып, кеңістікке сіңіп кетеді, сондықтан да алдыңғы сатымен салыстырғанда олар біршама «таптырмайтын» сипат алды.

30 жерлеу орны б.з.д. ІІІ-І ғғ қамтитын Қорғантас сатысына жатады, (үшінші мерзімдемелік саты). Қолдағы бұл қорғантас ескерткіштері әлі аздау, сол уақыттағы тұрғындардың мәдениеті қырларын жан-жақты анықтау үшін деректемелік негіздемелерді кенейту қажет. Қорғантас кезенінде Тасмола археологиялық мәдениеті өзінің соңғы сатысына аяқ басады. Ескі дәстүрлердің сақталуына қоса, бірқатар жаңа мәдени ерекшеліктер көрініс береді.

Осы кездегі кішігірім үініділер орсыз, қоршаусыз болып келеді. Жерлеу қуысының үстін жай тастармен жапқан. Кейде қабір шұңқырын айнала тас қаланған. Мәйіттерді қарапайым шұңқыр қабірде (тереңдігі 1 метр), тас жәшіктерде (шұңқыр тереңдігі 1-2 метр) жерледі. Мәйіт ұзынынан шалқасынан жатқызылып, басы солтүстік-шығысқа (ССШ,СШШ) бағытталды. Мүрденің кеудесіне үй жануарының (қой, жылқы ) бір жауырыны көлдененінен қойылған. Қабір шұңқырының бас жағында мәйіттен тас жәшік қабырғасы немесе көлденен орнатылған үлкен тас тақта арқылы бөлінген айырықша құрбандық кеңістігі қалдырылды. Кейде олардың табаны қабір еденінен биігірек, яғни саты түрінде болып келеді. Бұндай құрбандық орындарда жылқының, қойдың бас сүйектері, жіліншіктері кездеседі. Әдетте жылқының бір бас сүйегі жүген әбзелдерімен (ауыздық,сулық қалдықтары) қойылады. Қару-жарақтан жебенің жергілікті түрлеріннің-ұңғылы сүйек, шыбықты темір жебе ұштықтары салынған. Өзге құралдар арасында темір пышақтар, біздер, қола әшекейлер, тізбелер, жапсырма түймелер т.б. кездеседі. Ер адамдардың антропологиялық бет –бітімі европалық болғанымен, моңғолойдтық нышандар байқалды, әсіресе әйелдердің бет-бітімінде осы монголоидтық нышан басымдау. Тұтастай алғанда, зираттардың ғұн-сармат дәуірі ескерткіштерімен ұқсастығы мол. Бас тұсында қойылатын құрбандық орындарын ғұн, сармат, сарғат, үйсін, жетіасарлықтардың т.б. «құпия орындарымен» (тайник), «бөліктерінің» (отсек), «қуыстарымен» (ниша) салыстыруға болады.

Ескерткіштердің екінші тобы (түрі) –бұл мұртты обалар. Олар жерлеу орындарынан тыс, діни-ғұрыптын нысаны ретінде қарастырылады. Ескерткіштердің бұл тобына қатысты мәліметтер Тасмола тайпаларының діни-ғұрыптық түсініктерін аңықтауға қолданылады.

Ә.Х.Марғұланның болжауы бойынша, «мұртты» обалар «ас беру» немесе еске алу орындарында тұрғызылған ғұрыптық-құрылымдар. А.М.Оразбаевтің болжауына келсек, «мұртты» обалар кешені түгелдей жылқыны құрбандыққа шалу ғұрпы мен шамандық күнге табыну наным-сеніміне байланысты. Тасмола мәдениетін алғаш ашқан М.Қ.Қадырбаев та 1950-1960 жж осы обаларды зерттеді. Ол қолдағы материалдар негізінде сол жалдарда-ақ ескерткіштердің төрт түрін қамтыған алғашқы типологиясын жасады.

М.Қ.Қадырбаевтің пікірінше «мұртты» обалар кешенінің шығыстағы обасы «тек ғұрыптық сипатта» болып күнге табынуды білдірсе, кешенді тұтас алып қарағанда, «үлкен обада» «тайпаның беделді кісінің мүрдесі»: көсемдер, рубасылары, т.б.жерленген [36, 303-305].

С.С.Сорокин «мұртты» оба кешенінің екі құрамдас бөлігінің-үлкен оба мен оның серігі кіші оба бір мезгілде тұрғызылмаған деп топшалайды. Оның пікірінше, үлкен обаға қарағанда астына ат жерленіп, қыш ыдыс қойылған кіші оба мен шығысқа қарай жатқан сыртқы тас тізбектер кейінірікте қаланған, ал,кешен түгел дерлік ас беру, теске алу рәсімдеріне лайықталған.С.С.Сорокин Орталық Қазақстандағы тас тізбекті обаларды көне дәуірдің мәйіт жерленбейтін бұғыстары, ортағасырлық балбалды қоршаулары,т.б.сияқты құрылыстар тобына жатқызады.

А.З.Бейсенов «мұртты» обалар жөніндегі материалдарды біршама жинақтап,қорытындылады. Бұл ескерткіштерді ол өлген адамды жөнелту-еске алу жоралғыларына лайықталып салынған ғұрыптық орындар деп тұжырымдайды. Осы орайда,бұл көзқарастың С.С.Сорокин білдірген пікірге жақын тұратынын айта кетуіміз керек [19, 112-113 ].

Қазіргі уақытта шартты болса да, «мұртты» обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі тандағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санының 80% астамы осы аумақта шоғырланған. «Мұртты» обалардың бұл географиясы Тасмола мәдениетінің шеңберімен байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан. Жалпы «мұртты» обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы «мұртты» обалардың таралым аясы Қазақстаның ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.

Сондай-ақ, Қазақстаның тыс бұл ескерткіштер Оңтүстік Оралда, төменгі Еділ бойында, Далалы Алтайдың оңтүстік- батысында, ал мұның ішінде басым бөлігі оңтүстік Орал сырты далаларында кездеседі. Бұдан да қашығырақ батысқа таман, Шығыс Европа жерінде де осындай бірқатар ескерткіштер аңықталған.

«Мұртты» обалардың Қазақстанның казіргі аумағынан тыс жерлерде таралуы тасмола мәдениеті тайпаларының сыртқы өлкелерге жасаған күшті этномәдени ықпалымен, соның ішінде, шығу тегі тасмолалық топтардың сақ заманы мен одан кейінгі кезеңдергі сыртқа қарай қоныс аударуымен түсіндіріледі.

Қазақстандық «мұртты» обаларды зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, «мұртты» обалар кешеніне шамамен төмендегідей сипаттама беріледі.

«Мұртты оба» кешені әдетте батыстағы «үлкен» және шығыстағы «кіші» деп ажыратылатын 2 обадан, кіші обадан шығысқа қарай тартылған тас тізбектен (« мұрттардан») тұрады.

Бұл ғұрыптық кешеннің негізгі бөлігі – шығыстағы «кіші» оба мен тас тізбектер.

Кіші оба. Кәдімгі оба бейнесіндегі үйінді, аракідік қоршау немесе тас жайма іспетті дөңгелектенген ( кейде сопақша, тік бұрышты) қарапайым, кішігірім құрылыс кешеннің басты элементі болып саналады. Бұл құрылыс астындағы табылымдар жылқы сүйектері мен қыш ыдыстарынан, от жаққан орынның қалдықтарынан (іздерінен) тұрадыды. Мұның астында адам мүрдесі жерленбейді.

Тас тізбектер шығысқа (СШ,ОШ) бағытталған, жартылай доға тәріздес иіліп келетін бұлардың ұзын бойынан екі тізбектің өзі, олардың шеттеріндегі оба тәріздес шағын құрылыстар, олардың үстінде немесе жанында байқалатын тас бағаналар (тақталар), сондай-ақ, тізбектердің әр жерлерінен байқалатын тігінен тұрған кішкене бағаналар ажыратылады.

Ұзындығы бірнеше ондаған метрден 200 м-ге жуық, тіпті одан астам тас тізбектер («мұрттар») кіші обадан бастап шығысқа бағыттала салынған. Тас тізбектер ретсіз қалана салған жолақтар емес екені анықталды.Олардың негізінде көптеген кіші құрылыстардың жүйесі жатады. Қазба жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, бұл шағын құрылыстардың өзі бірнеше түрлі болып келеді. Кей обалардың «мұрттары» дөңгелек немесе сопақша келген оба тәріздес құрылыстардан түзіледі. Кейде тізбектер астынан дөңгелек, тікбұрышты, бірақ оба сияқты үйінді түрінде емес, қоршаулар немесе тас жаймалар түріндегі құрылыстардың жүйесі аңықталады. Бірақ, мұның бәріне тән қасиет – олардың өлшемі шағын болып келеді (дәңгелек болса, диаметрлері шамамен 0,5- 1,5 м,т.с.с.) және олар қайталанып отыратын біртекті элементтер жүйесі тәртібімен тізіледі. Тас тізбектер астында, яғни жаңағы шағын құрылыстардың астында жануарлардың ұсақ сүйектері, от орындарының іздері ұшырасады [19, 112-113].

Әр тізбектің екі шетіндегі шағын оба бейнелі құрылыстардың астында да жануарлар сүйектері, от іздері кездеседі. Мұның үстінде, жанында тұрған тас бағаналар көп жағдайда құлап, жартылай көміліп қалған немесе мүлдем сақталмаған. Тас тізбектерді бойлай орналасып, қайталанып отыратын элементтер жүйесінің орналасуын аңғартатын кіші көлемдегі тақталар да көп жағдайда аңғарылмайды. Бұл олардың тас тізбектер отырған, шашылған кездерінде сақталмауына ғана емес, анағұрлым кішірек өлшемдеріне де байланысты.

Үлкен оба. Кешеннің орталық құрылымында, яғни кіші обада адам жерленбегені айтылып өтті. Адам мүрдесі осы «үлкен обаға» қойылған. Бұл обаға келсек, оны үлкен деп тек шығыстағы кіші обамен салыстыра атайды. Іс жүзінде бұл тасмола мәдениетінің кәдімгі, жоғарыда айтылған 1-топтағы жерлеу ескерткіші. Оның қоршауы, оры болуы немесе болмауы мүмкін, ондағы қабір түрі, жерлеу ғұрпының басқа элементтері де басқадай көптеген жерлеу ескерткіштеріне тән.

«Мұртты оба» кешені дегеніміз іс жүзінде кіші обамен тас тізбектерді қамтитын жүйе дегеніміз дұрысырақ болады. Дәл осы кешен астына адам жерленген жерлеу ескерткішімен, яғни үлкен обамен байланыса орналасады. Ал басқадай көп жағдайда ол үлкен обасыз, яғни жерлеу құрылымынан «оқшау» да тұрғызыла алады.

«Мұртты» обалар кешені күнге табыну, жылқыны құрбандыққа шалу сияқты ертедегі діни наным- сенімге толы жөнелту- еске алу жоралғыларын атқаруға лайықталған. Қайталанып отыратын буындардан тұратын ескерткіштер тізбегі – қасиетті рәсімді атқаруға әр тараптан келіп ат салысқан отбасылық- рулық ұжымдардың осында қатысқаның білдіреді деп санауға болады. Жылқының бұл дүние ғана емес, о дүниедегі де «көлік» сынды рәсімдік жетекші рөлін орталық құрылыс, яғни кіші оба астынан шыққан табылымдар (жылқы сүйектері) айқындай түседі. Кіші обаның астынан шығатын қыш ыдыс сынықтары рәсімдік (ғұрыптық) ас, сусын ішудің маңызды орын алғанын білдіреді. Тас тізбектердің жекелеген буындарында от тұтатылып, бұл отты жол, отты көпірдің символикалық бейнесін беруі мүмкін. Яғни тас тізбектер марқұмның жанын шығысқа – шығып келе жатқан күнге, көкке, құдайлар әлеміне (тәңірлер мекеніне) апаратын отты баспалдақтарды, отты жолдарды меңзейді.

Сақ заманының бас кезінде Қазақстанда «мұртты» обалардың пайда болуы көшпеліліктің жүйе ретінде туындауы мен кемелдену уақытына сәйкес келеді. Тұра осы кезеңге тән тірі басшыларды дәріптеу олардың «жанын тәңірге жөнелту» үшін көк жерді дәнекерлеуші ерекше құрылымдар тұрғызу қажеттілігін туындатады.

Осы ескерткіштердің шығу тегі жайлы олардың шығыс идеясын аңғартатын қола дәуірі құрылымдарымен, оның ішінде Орталық Қазақстанның кейінгі қола ғасырының беғазы- дәндібай мәдениетінің шығысқа бағытталған ұзын дәлізді мавзолей – кесенелерімен байланыстылығы туралы пікір айтылған.

Аракідік, қазбалардан тыс жалпылама сипаттамаларды қоспағанда, «мұртты» обалардың көп мәселелері барынша терең ізденістер мен зерттеулерді қажет етеді.

Оларды табысты зерттеу (шығу тегі мәселелері, семантикасы, т.б.), мәліметтерді әлеуметтік – мәдени үлгілеуге қолдану үшін деректемелік қорды мәнді түрде кеңейту мен жаңа нысандарды кең көлемде қазу қажет. Бұның бәрі көп жылғы арнайы еңбекті талап етеді.

Осы ескерткіштердің жоғарғы мерзімі туралы сауал ашық қалып отыр. М.Қ.Қадырбаев өз қазба жұмыстары материалдары негізінде «мұртты» обаларды жасаудағы тасмолалық (сақтық) дәстүрлер б.з.б. 1- мыңжылдықтың ортасына дейін сақталды деген пікірді ұстанды. Соңғы уақытта олардың сақ заманына жататындығын терістейтін пікір пайда болды (С.Г.Боталов, И.Э.Любчанский, А.Д.Таиров, Челябинск қ-сы). Осы көзқарастағы ғалымдар «мұртты» обаларды сақ дәуіріне емес, ерте орта ғасырлар заманына, яғни, түркітілдес халықтар ескерткіштеріне жатқызады.

Бұндай пікірталастардың негізінде ескерткіштердің толық зерттелмегендігі жатыр.

Ескерткіштердің үшінші тобын қоныстар құрайды. Ескерткіштердің бұл категориясы көпке дейін белгісіз болып келгендіктен, тақырып тоқталып өтуді талап етеді. Бұл жағдайдың,яғни қоныстық ескерткіштердің көпке дейін зерттелмеуінің басты себебі жалпы далалық аймақтардың ерте темір дәуірінің зерттелу тарихының ерекшеліктеріне саяды. Евразияның ерте темір дәуірі археологиясының тарихи – бұл оба зерттеу археологиясының тарихы. Ерте темір дәуірінің жерлеу құрылымдарының, әсіресе, «патша» обалары материалдарын қола заманғы табылымдарымен салыстырғанда тартымдылығы, көркемдігі сонша, олар осы бағыттағы бүкіл әдістемелік шешімдер мен өлшемдер топтамасының қалыптасуына тікелей ықпал етті. Зат жиынтықтары, обалардың құрылымы мен сәулеті – ерте темір дәуірі археологиясы әдістемесін қалыптастырып жетілдірген басты айғақтар еді. Қазіргі таңда ерте темір дәуірінің оба зерттеу археологиясының көптеген оңды қырлармен қатар, біржақтылығы да байқалады [34, 141-143].

Ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу ісі Орталық Қазақстанның шығыс аумағында қазір тұнғыш рет жолға қойылып отыр. Бүгінде Қарағанды облысының Қарқалы ауданы аумағында шартты түрде ерте темір дәуіріне жатқызылған 21 қоныс орны табылды. Бұған тұрақты және барлығына ортақ белгілерімен (топографиялық, планиграфиялық мәліметтер, құрылыс техникасының сыртқы ерекшіліктері, сондай – ақ қазбалардан алынған стратиграфия мәліметтері, үйді жобалау заңдылықтары, заттық материал негіз болды. Төрт қоныстан алынған қышты алдын – ала зерттеу (ыдыстар пішінінің ерекшелегі, өрнек) кейінгі қола қоныстарынан алынған ыдыстардан бөлек (бұнда салыстырма үшін доңғал қышы алынған) дербес кешен ретінде қарауға жеткілікті негіз береді.

Қолдағы материалды далалық скиф – сақ мәдениеті таралған (Солтүстік Қазақстан, Алтай, т.б.) басқа аумақтардағы ерте темір дәуірі қоныстарының танымал қыш кешендерімен салыстыру нәтижелері де осындай түйінге әкеледі.

Ашылған қоныстардың басым бөлігі, жалпы алғанда 16 нысан Едірей елді мекені маңында ықшамдана шоғырланған. Бұл осындағы бір – біріне бойлас, меридиан бағытымен созыла жатқан Едірей және Керегетас атты екі ұзын, әрі биік тау тізбектерінің болуымен түсіндірілсе керек. Бұлақтар бастау алатын тізбектердің шығыс беткейіндегі желден қорғайтын табиғи ық ерте темір дәуірінің кішігірім қоныстары үшін өте қолайлы болды, ал созылып жатқан жоталар тұрғындардың оны бойлай етене орналасуына мүмкіндік берді.

Едірейдің шығыс бойынан 9 қоныстың қалдықтары табылды: Есенбай- 1, Шолақбұлақ-1,-2,-3, Едірей-1,-3,-4,-5,-6. Керегетас жоталарының шығыс беткейінде ерте темір дәуірінің томендегідей 7 қонысы ашылды: Керегетас- 1,-2, Қарпық- 1,-2,-3, Құлжан- 1,-2, осы қатардан Керегетас -2 қонысы қазылып зерттелді.

Нұркен ауылы маңында ерте темір дәуірінің 5 қонысы ашылып, оның 3-і зерттелген : Сарыбуйрат, Түйетас, Қызылсүйір-2.

Топографиялық жағынан алғанда Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары тау беткейлерінде жатыр. Олардың барлығы дерлік ашық даладағы су көздерінен жарықта. Бұл ескерткіштер ұзын тау жоталарының немесе дербес төбелердің жоғары беткейлерінде орналасқан. Көбіне күнгей,яғни шығыс, оңтүстік –шығыс жақтар тандалған, әдетте бұл беткейлерде кішігірім бұлақтар кездеседі. Көп жағдайда үйдің артқы төбе басына, алдынғы беті шығыс жаққа бағытталды. Бұл көрініс қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда үнемі болатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады (таудың жоғарғы беткейлерінде қар жатпайды,бұл әсіресе ұсақ мал үшін керек) [39, 140-142].

Тұрақтар көлемі кішірек болып келеді. Олардың арасындағы ең көлемдісі Сарыбұйрат қонысы 10 000 шаршы метрге дейінгі аумақты алып жатыр. Бұлардың көпшілігі қора- қопсылы 2-3 кішігірім дөңгелек, сопақша үйлі қоныстар болып келеді. Қабырғалардың тас іргесі екі құрылымдық әдісте: 1) екі қатар болып қойылған ірі тастардың арасы толтырғыш материалдармен (ұсақ тас, топырақ) тығындалған; 2) тігінен екі қатар болып қойылған ірі тастардың арасы тығыздалған. Көбінесе қабырғалар іргесі шомбал тастармен, сыртқы биіктігі кейде 0,5- 1 метр болып келетін биік те жалпақ тақталармен құрылған. Кейде қоныстар бертіндегі құрылыстар сияқты әсер қалдырады, мәселен олар кейінгі қазақ қыстауларының қирандыларына да ұқсайды.

Орналасуына қарай ескерткіштер 19- 20ғғ. Басындағы қазақ қыстауларының дәстүрлі орындарына жақын келеді. Олардың біразы тіпті осы қазақ қыстауларының астында қалған. Зерттелген ескерткіштер мәліметтері тұрғынжайлардың тереңдетілместен жер үстіне салынғанын көрсетеді. Мәдени қабаттың қалыңдығы шамалы, сирек діңгек шұңқырлары аракідік ұшырасады. Дөңгелектенген, сопақ, тікбұрышты тұрғынжайлар (үйлер), түрлі жанама құрылымдармен, дәліздермен төңіректелген. Табылымдар барынша «ысырылған», олар қабырғаға таяу, көбінесе қабырға тысында жатады. Кейінгі қола заманының қоныстарымен салыстырғанда қыш аз, кешенде құты (банка) пішінді ыдыстар басым, сондай- ақ, пішіні көмескі (бүйірлері онша шығарылмаған) көзелер, табақтар да ұшырасады. Сирек кездесетін нұсқаларға шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың фрагменттері жатады. Ыдыстар ерекшелігінің бірі «маржандар» мен батырыңқы шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтандығына. Тұтас қарағанда қоныстардан табылған қыш мерзімдік ерекшеліктеріне қарай (ыдыстардың пішіні, ернеу ерекшелігі, өрнек) генетикалық жағынан доңғалдық ыдыстарға (доңғал- қола дәуірінің ең соңғы, аяқталар сатысы) жақындау. Сонымен қатар, тастан жасалған көптеген кетпендер, келсаптар, дәнүккіштердің сынықтары кездеседі [45, 110-102].

Тасмола мәдениетінің ескерткіштерінің 4-ші, 5- ші түрлерін ежелгі кең алған орындар мен петроглифтер құрайды. Ерте темір дәуірінде де аймақ тұрғындары алдынғы қола заманының кеншілері сияқты мыс, алтын, т.б. металлдарды өндіру орындарын пайдаланды. Бұл нысандардың бірқатары солтүстік Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.) Нұра өзенінің жоғарғы сағасында (Алтынсу, Бесшоқы) т.б. аумақтарда белгілі. Қашау әдісімен орындалған петроглифтер аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағылар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйелер керуенін бейнелейді. Петроглифтер Солтүстік Балқаш өңірінде, Абыралы- Дегелең таулары маңында, Нұраныңжоғарғы бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда кездеседі.

Ескерткіштердің осы соңғы екі тобын М.К.Қадырбаев 1960-1970жж. Барлау кезінде ашты. Оларды іздестіру, зерттеу жұмыстары бұдан кейінгі жылдарда тоқтап қалды. Бүгінгі күні аймақтың ерте темір дәуірінің кен орындары мен петроглифтерінің зерттеуі мүлдем мардамсыз.

Жалпы алғанда, Тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген күйіндеқалып отыр.

Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.

Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1- сатының (б.з.б. 7-6 ғ) өзінде-ақ пайда болған.

Ерте сатының (б.з.б. 7-6 ғ) екі қанатты және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы – дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай «хайуанаттық шытырман» деп аталып кеткен стильде дайындалған көпфигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс- алыстағы Туваның «алдыбел» ескерткіштеріне ұқсап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.

Екінші сатыда (б.з.б. 5-4-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.

Үшінші қорғантас сатысымен (б.з.б. 3-1-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаналықтар көрініс берді.

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Оның М.К.Хабдуллина (1992) зерттеген, ұлыбай-тасмола аталған жергілікті нұсқасы Солтүстік Қазақстанда кең таралған.

Зерттелген ескерткіштер бойынша, мәдениеттің батыс шегі Ұлытау таулары аумағын, оңтүстегі Солтүстік Бетпақдала мен Солтүстік Балқаш өңірін қамтыса, шығысы-Шідерті, Баянауыл далаларын бойлай одан ары оңтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениеттінің бізге белгілі. Яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар [33, 251-268 ].

Бұл ұланғайыр- өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды.

Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстауының әркелкілігі оңын батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.

Тасмола мәдениеттінің зерттелген ескерткіштерінің негізгі бөлігі Шығыс Сарыарқада (солтүстігінде Шідертіден бастап, Баянауыл, Қарқаралы, Шет арқылы оңтүстікте Балқаш өңіріне дейін) орналасқан.

Табиғат жағдайларына байланысты, Шығыс Сарыарқа ерте заманнан-ақ Орталық Қазақстанның негізгі тығыз қоныстанған бөлігі болған. Бұл жерде қола заманының орталыққазақстандық ескерткіштерінің басым бөлігі орналасқан. Ертедегі қоныстанудың бұл дәстүрі ерте темір дәуірінде де сақталды.Шығыс Сарыарқада тұрғындардың тығыз қоныстануының басты себебі сол жердегі ыңғайлы табиғи ықтың, яғни аласа таулар жүйесінің, малды суық маусымдарда ұстауға қолайлылығымен түсіндіріледі. Бір аймақ шеңберінде қыста да, жазда да мал жаюға жарамды жайылымдардың болуы Шығыс Сарыарқа тұрғындардың тым алыстап көшпеуге септігін тигізді. Аса маңызды тағы бір алғы шарт –мұнда металл кендерінің де көп болуы.

Қолдағы материалдар Тасмола мәдениетің жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипаттайды. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізгі көшпелі мал шаруашылығы болды. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратың кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Табылған қоныстар сипатынан бұндай кішігірім қоныс- қыстауларда жылдың қыс мезгілінде кішігірім қауымдар тұрақтағандығы байқалады.

Бір қарағанда, тасмола мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшіліктері беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде тұындаған тенденциялардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді.

Беғазы-дәндібай заманында отырықшы малшылар мен металлургтер қоғамының дамуы арнасында, құрғақ аймақ жағдайында өмір кешкен Шығыс Сарыарқа тұрғындары мәдени-экономикалық дамудың отырықшы үлгісінің шарықтау шегіне («мәдени-экономикалық максимум») жетті (қоныс-кенттер, металлургия, қалыптасқан айырбас жүйесі, т.б.). Сол кездің өзінде-ақ жайылымдық түрдегі жаңа шаруашылық жүйесінің негізгі қаланды (кітапта, 2-бөлім, 3-тарау).Осыдан келіп, өздерін қоршаған экологиялық жағдайда тұрғындар тіршілік пен тұрмысты жолға қоюдың жаңа түрі-көшпелі малшылыққа ойысты. Ерте темір дәуірінің мәдениеттері қалыптасқан бұл кезең қым-қуытты қақтығыстарға, соғыстарға, тұрғындар топтарының орын ауыстыруы мен ығысуына толы болған сияқты.

Бұл күндері Шығыс Сарыарқаның ерте темір дәуірінің мәдениетің зерттеудегі қол жеткен жетістіктермен қатар, шешілмеген мәселелер де баршылық. Аталмыш кезеңнің кен орындары, петроглифтері, қоныстары әлі толық зерттелген жоқ. Әсіресе қоныстардан алынған материалдар ғылыми зерттеулер мазмұнына мәнді жаңалықтар енгізуі мүмкін. Қоныс деректерінсіз Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениетінің сипаттамасы толық та мазмұнды бола алмайды.

Жалпы археологиялық кезеңдеуде ерте темір дәуіріне ғұн-сармат кезеңін (б.з.б.-ІІІ-б.з.б. Ү-ғ.) де кіргізеді. Бұл кезең Орталық Азияның шығысындағы ғұн тайпаларының және батыстағы сармат тайпаларының тарих аренасына шығуымен сәйкес келеді. Сарыарқаның ғұн-сармат заманы археологиялық ескерткіштерінің мәселелері өте аз зерттелген. Осы кезеңнің, әсіресе б.з.б І-мыңжылдықтың басы мен бірінші жартысының ескерткіштері өте аз. Қорғантас кезеңінің(б.з.б. ІІІ-Іғ.) жерлеу ғұрпы ескерткіштерінің кейбір элементтері ертедегі ғұндар мәдениетімен байланыста болуы ықтимал. М.К.Қадырбаев 1957-жылы Ақтоғай ауданының Қанаттас қорымының 19-обасын зерттеген болатын (Қадырбаев 1959). Бұнда екі баласымен бірге жерленген әйел мүрдесі ашылған. Қабірден көптеген әшекейлер мен басқа да заттар табылған. Бұлардың арасында алтын тәж, баланың құрамалы күміс белдігі де бар. Оба б.з.б ҮІ-Ү ғасырларымен мерзімделіп, нақты ғұндар ескерткіштерінің тобына кіреді.


















Қорытынды



Сонымен Оңтүстік, Жетісу, Шығыс, және Орталық Қазақсатан өңірінде өмір сүрген сақ тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама берілді. Жетісу өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды, мұны ең алғаш болып зерттеген орыстың ғалымы В.В.Радлов болды, ол кездейсоқ табылған олжалар арқылы Жетісуды мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер жинады. Осы жылдары Жетісу өңірінің алғашқы археологиялық картасы жасалды, сонымен бірге қорғандар мен обаларды сипаттау жұмыстары жүргізіліп, археолог ғалымдардың еңбектерінде жарияланып отырды.

Ал соғыстан кейінгі жылдары осы өңірде Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерді одан әрі жалғасын тапты. К.А.Ақышевтың Іле алқабы сақтарына арналған монографиясында сақ мәдениеттерінің этногенезін қарастырса, келесі ғалым Г.А.Кушаев Жетісу мәдениетінің кезеңдемелерімен айналысты. Бұл археологиялық қазба жұмыстарының ірі нәтижесі «Алтын адамның» табылуы ерекше бір тарихи оқиға болды. Сақ мәдениеті арқылы олардың өнері, жазуы, мифологиясы, әлеуметтік құрылысы және т.б. дүние танымы жаңа деңгеиде зерттелді. Жетісу өңірінде орналасқан Бесшатыр мен Есік қорымдары ғалымдардың назарын ерекше аудартты, әсіресе олардың көлемі қызықтырды. Бұл өңір тәуелсіздік алғаннан кейін де өз зерттеулерін тапты.

Әсіресе 2003 жылы елбасымыз тарихи құнды ескерткіштер мен туризм бағытына арналған « Мәдени мұра» бағдарламасы сай бүліну деңгейінде тұрған және жоғалып бара жатқан ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оған дәлел ретінде 2003-2006 жылдары ҚР БҒМ Археология институты Алматы қаласы мен қала төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге зерттеу жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде Шаңырақ және Ұлжан 2 археологиялық қазбалар жүргізілді.

Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу XVIII ғасырдың басында басталды, оған Г.И.Гмелин, Г.Ф.Миллер сияқты ғалымдарды айтуға болады. Олар негізінен осы өңірдің ескерткіштеріне жалпылама сипаттама жүргізді. Ал алғашқы қазба жұмыстары В.В.Радловтың есімімен байланысты, ол ежелгі ескерткіштерді зерттей келе, қорымдарды кесте түрінде кезеңдеуге бөлді. Кеңес үкіметі кезінде Черников С.С. бастауымен Шілікті жазығындағы ескерткіштерге қазба жұмыстары жүргізілді, және осы зерттеулердің қорытындылары бойынша бірнеше мақалалар жарық көрді. Сонымен бірге Черников С.С. Шығыс Қазақстан өңірінің ескерткіштерінің кезеңдемесі мен хронология мәселелерімен де айналысты, осыған сәйкес, бұл өңірде жаңа ескерткіштер тобы пайда болды. 1960-70 жылдары археологиялық қазба жұмыстарды Арсланова Ф.Х. жалғастырды. Бұл өңір бойынша қорытынды жинақ Қ.М. Қадырбаевтың «Қазақ ССР тарихы» бір тарауында толық жинақталып шықты.

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы Шілікті алқабындағы ескерткіштердің кеңінен танылуына және жариялануына үлкен мүмкіндік туғызып, әлемдік деңгейде аталған ескерткіштерге қызығушылықты артырып отыр.

2003 жылдан бастап Шілікті жазығында зерттеу жұмыстарын т.ғ.к., профессор Ә.Т.Төлеубаев жетекшілігіндегі экспедиция жалғастыруда. Негізгі жұмыстар Жалши ауылынан оңтүстікке қарай созылып жатқан обалар тобына «Шілікті-2» қорымында жүргізілуде, сонымен бірге Шілікті обаларының бірін қазып, ел тарихында ірі ашылым жасады. Қорымдағы № 2 обалар тізбегінің оңтүстігіндегі б.з.б. 690-644 жылға жататын «елбасылардың» бірі жерленген. № 1 оба (Бәйгетөбе) күрделі архитектуралық құрылысты ( бөренелерден айқастырыла салынған жерлеу камерасы, тас құрылым мен саз топырақ пен шымнан тұратын үстінгі үйінді ) және аң стильндегі әр түрлі әшекйлердің молдап табылуымен ерекше.Тағы бір айта кететін жайт, ерте темір дәуірінің обалары мен қорғандары айтарлықтай зерттелген, енді осы дәуірдің қоңыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет болып отыр.

Қазба жұмыстарына Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология институтының ғылыми қызметкерлері, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ мен Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің студенттері және магистрантары, одан басқа архитектор мамандары мен топографтар қатысып келуде.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан өңірін Қазастандық археологтар зерттеуде, 2005 жылы Шығыс Қазақстанға «Шілікті экспедициясы» қазба жұмыстарын жүргізді. Осы өңірдің мәдениеттері зерттелді. Бұл өңірде әлі де көптеген ескерткіштерді зерттеу мәселесі күн тәртібінде тұр, ол болашақ жас археологтардың қолында.

Қазақстанның Оңтүстік өңіріне келетін болсақ, бұл өңірдің ерте темір дәуірін зерттеу соғыстан кейінгі жылдары қолға алына басталды. Бұл өңірді зерттеуде Адрианов Б.П, Итина М.А, Толстов С.П сияқты ғалымдардың еңбектері зор. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА-ның Хорезм экспедициясы ұйымдастырылып Сырдың орта ағысымен Арал маңына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 1957-60 жж осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде көптеген ескерткіштер жиынтығы табылды. Ал, 1960-63 жылдары Түгіскен үстіртінде Солтүстік және Оңтүстік қорғандары ашылды. Бұл өңірде ерте темір дәуірінің ескерткіштері өте аз, олардың ішіндегі белгілілері Ұйғарақ пен Түгіскен қорымдары болып табылады.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шірік-Рабат қала жұртында археологиялық зерттеу жұмыстары үш нысанға жүргізілді. Баяндама 2-ші нысандағы 2004-2007 жыл аралығындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі жайлы болмақ.

Сондай-ақ, 2007 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты археологиялық экспедициясы ( жетекшісі т.ғ.к. Ж.Құрманқұлов ) Қызылорда қаласыанан 300 км, елді мекенен 100 шақырым қашықтағы ертедегі Шірік-Рабат қаласы маңындағы 5 нысанда археологиялық қазба жұмыстарын атқарды. Мұнда зерттеушілер ескерткіштердің мәдени қабаттарын және қазбаларын сипаттады.

Жалпы айтқанда Оңтүстік өңірдің сақ ескерткіштері аз зерттелген, және қорымдары да жоқтың қасында, сондықтан келешекте әлі өз зерттеуін күтіп тұрған ескерткіштер ашылады деген сенімдемін.

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының Ұлытаудағы ескерткіштерді зерттеуден басталады. Бұл өңірлерді алғаш Ә.Х.Марғұлан зерттеді. 1950 жылдардың басында Ә.Х.Марғұлан «мұртты» обаларға діни ғұрыптық құрылыстар деген анықтама берді және сонымен бірге ескерткіштердің орналасу аймағын көрсетті. Одан кейін Орталық Қазақстанның ескерткіштерін М.Қ.Қадырбаев зерттеп, жалғастырды. Жалпы алғанда бірінші кезеңнің негізгі жетістіктері Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің мерзімдемесі мен кезеңдемесі жасалды, және көптеген қорымдардың ашылуының негізінде, Орталық Қазақстанның сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мәліметтер жиналды.

1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясының құрамындағы ерте темір дәуірінің жеке отрядын М.Қ.Қадырбаев басқарды. Ол 1959-63 жылдары Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Шідерті өзенінің бойындағы Тасмола 1-2, 3-5-6, Қарамұрын 1-2 Нұрмамбет-1 сияқты қорымдарды ашты. 1967-68 жылдары солтүстік-шығыс Балқаш өңірінде көптеген қорымдар ашылып, зерттелді. Бұл кезеңнің басты нәтижесі Орталық Қазақстан өңірі бойынша көптеген ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылымда Тасмола мәдениеті ашылды.

Бұл кезеңнің бас кезінде (1970-1980 жж. ) аймақтың ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеу ісі саябырлады тек жекелеген ескерткіштер, оның ішінде бірнеше «мұртты» обалар ғана зерттелді. 1980 жылдардың аяғында Археология институтының Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге бағытталған А.З.Бейсенов басқаруындағы жеке экспедиция (қазіргі «Сарыарқа» экспедициясы) өз жұмысын бастады. Экспедиция жұмысы Баянауыл ауданы жеріндегі бүлінген обаларды зерттеуден бастады. Ал, 1990 жылдардың соңында Қарағанды облысының аумағындағы ескерткіштерді зерттеуге кірісті. Осы жұмыстардың барысында Баянауыл, Қарқаралы өңірлерінен б.з.б. 7-1 ғасырлар кезенің ондаған ескерткіштері зерттелді.1990-шы жылдардағы үзілістен соң, 1998 жылы зерттеулердің жаңа, қазіргі кезеңі басталды. 1998-2007 жылдары алынған жаңа деректік материалдар Орталық Қазақстан ерте темір дәуіріндегі мәдениеті жайлы түсінікті біршама толықтыра түсті. Осы ретте ерте темір дәуірі қоныстарының табылуын айрықша атап өтуге болады.

Жалпы ойымызды қорта айтатын болсақ, Орталық Қазақстан ерте темір дәуірі мәселесі зерттелуде, әсіресе қазіргі таңдағы басты мәселе осы аймақтын қоныстарын зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Болашақта бұл аймақтың қоныстары зерттеліп, сақ кезеңіне ірі ғылыми жаңалықтар әкеледі деп ойлаймын.

Бүгінгі күні ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің материалдық мәдениеті, жерлеу ғұрыптары, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары жайлы мәліметтер толығымен қаралған десек болады, сондықтан археологтардың алдында сақ тайпаларының қоныстарын зерттеу мәселесі тұр. Бұл мәселемен қазіргі кезде археолог ғалым А.З.Бейсенов, Ә.Т.Төлеубаев, З.С.Самашев сияқты ғалымдар айналысуда. Келешекте бұл мәселе де өз шешімін табады деген сенімдемін.





















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Абаев К.И. Скифский быт и реформы Зорострзма.-«Архив ориентан».ХХІҮ. Фраха, 1956, номер 1.11 c.

2 Агеева Е.И. Курганные могильники ранних кочевников северо-восточной части Алма-Атинской области.// Изв. АН Каз. ССР, Сер. истор., археологий, этнографий 1959 вып. 3 ( II), 83-85 сс.

3 Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М., 1969, 192-199 сс.

4 Акишев А.К. Курган Иссык. Москва, 1978, 142-145 сс.

5 Акишев А.К. Искусство и идеология саков.А., 1984., 154-156 сс.

6 Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963, 140-141 сс.

7 Акишев А.К., Алпысбаев Х.А., Максимова А.Г.,1978. Исследование в зоне Шульбинского водохранилища // АО 1977 г.24-26 сс.

8 Акишев А.К.,1956.Отчеты о работе Илиской археологической экспедиций 1954 г.// ТИИАЭ АН КазССР.Т.1.15-18 сс.

9 Акишев А.К.,Археология в Казахстане за советский период // СА.номер 4.2-4 сс.

10 Артамонов М.И. Сокровище саков. М., 1973. 55 с.

11 Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана. Сб. « В глубь веков», А., 1974, 63-67 сс.

12 Арсланова Ф.Х. Работы в Восточном Казахстане // АО 1971.45-47 сс.

13 Археологческие исседования на северных сконах Каратау. Труды ИИАЭ АН КазССР.т.14. Алма-Ата, 1962.14-18 сс.

14 Археологические исседования в Казахстане. Алма-ата, 1973.10-12 сс.

15 Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.58-60 сс.

16 Бабанская Г.Г.-Берккаринский могильник.-ТИИАЭ АН КазССР, 1955, Т.1. 189-206 с.

17 Бартоьд В.В.-Очерк историй Семиречье- соч., т.11,ч.1.М., 1963.210-215 сс.

18 Бейсенов А. З. Ранний железный век // Восточная Сарыарка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. А., 217-218 c.

19 Бейсенов А.З. К Вопросу о выделении памятников коргантасского типа в Восточной Сарыарке (вторая половина - конец 1тыс.д н.э.). / Этнокультурные процессы на территории Казахстана (древность, средневековье, современность).А., 1995 112-113 сс.

20 Бейсенов А.З. Погребальные памятники и культово - ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана (7-1 вв.д н.э.). Афтореферат дисс..... канд. ист. наук. А., 1997, 6-8 c.

21 Бейсенов А.З, Ломан В.Г Вопросы изучения поселений раннего железного века Центрального Казахстана /серия Общественных наук 1.2006.А., 36-38 с.

22 Бернштам А.Н. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алтая.- МИА.47-49 сс.

23 Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья

и Тянь- Шаня // СА. Т. XI. Москва, 1950. 110-131

24 Вишневская О.А., Итина М.А. Ранние саки Приаралья. // Проблемы сакской археологий.- МИА. М., 1971, 197-208 сс.

25 Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв д.н.э. М., 1973, 170-172 сс.

26 Григорьев В.В.-О скифском народе саках. Спб., 1871.36-39 сс.

27 Грязнов М.П. Памятники майэмирского этапа эпохи ранних кочевников на Алтае. // КСИИМК, XVIII, 1947, 60-63 сс.

28 Грязнов М.П. Памятники Карасуского Этапа в Центральном Казахстане. СА, 1952, ХҮІ.66-68 сс.

29 Грязнов М.П. Раскопки на Алтае // СГЭ. Вып, 1.,1940.31-36 сс.

30 Жетісу энциклопедиясы. А., 2004.56-59 бб.

31 Итина М.А. История степных племен Южного Приаралья, ІІ- начало І тысячелетия до.н.э. М (тхэ,Т.10 ).12 с.

32 Исманкулов О.И.-Черепа из курганов с каменными выкладками. – мына кіт.: По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970.251-268 с.

33 Дебец Г.Ф. О физихеских типах людей скифского времени. Мына кіт.: Проблемы скифской археологий. МИА, номер 477. М.,1971.44-47 сс.

34 Маргуан А.Х., Акишев К.А.,Кадырбаев М.К.,Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Ама-Ата, 1966. 140-142 с.

35 Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.А.,1979.71-74 сс.

36 Максимова А.Г. Курганы сакского времени могильника Жуантобе. КСИИМК, 1960, вып. 80, 60-64 сс.

37 Максимова А.Г. Подбойные захоронение скифского времени // Куьтура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. Алма-Ата. 1969.88-90 сс.

38 Мартынов Г.С. Иссыкские находки. // Краткие сообщения ИИМК, вып. 59, 1955, 150-156 сс.

39 Оразбаев А.М. Курган с «усами» в могильнике Джанайдар как архитектурный памятник,/Культура древнних скотоводов и земледельцев Казахстана А.,1969, 110-112 с.

40 Кадырбаев М.К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразий в скифо-сарматское время. Москва, 1984, 141-143 сс.

41 Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры. /Древняя культура Центрального Казахстана. А., 1966, 303 c.

42 Кадырбаев М.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана /ИАН КазССР, 1958. Серия истории, археологиии этнографии , Вып. 1 (6), 104, 303 с.

43 Қазақстан тарихы. 1 том, А., 1996 ж.96-99 сс.

44 Копыов И.И.-Сакские племена Сырдарьи и Семиречье по археологическим данным.Автореф. на соиск. Учен. Степени кандидата исторических наук. Л., 1953.59-63 сс.

45 Новое в археоогй Казахстана. Ама-Ата, 1968.72-75 сс.

46 Поиски и раскопк в Казахстане. Алма-Ата, 1972.53-60 сс.

47 По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970.83-86 сс.

48 Сорокин С.С. Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы. АСГЭ, 8, 1966, 57-59 сс.

49 Сорокин С.С.-Большой Берельский курган (полное издание раскопок 1965-1969 гг.).- Тр.Гос.Эрмитажа. Л., 1969, т.Х, 208-236 с.

50 Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. Москва, 1982.79-81 сс.

51 Стрелков А.С.-Большой Семиреченский алтарь.- мына кіт.: С.Ф.Ольденбургу к пятидесятилетью научно-общественной деятеьности, 1882-1932 гг. Л.,1934, 477-493 с.

52 Руденко С.И. Искусство Алтая и Передней Азий. М.,1961.111-115 сс.

53 Толстов С.П., Итина М.А. Саки низовьев Сыр-Дарьи ( по материалом Тагискена ). – СА, 1966, № 2, 151-175 сс.

54 Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962. 210-212 сс.

55 Толстов С.П. Итина М.А. Саки низовьев Сырдарьи (по материалам Тагискена). –СА, 1966, 151-175 с.

56 Толстов С.П. Жданко Т.А., Итина М.А.,- Работы Хорезмской археолого-этнографической экспедиций АН СССР в 1958-1961 гг.- МХЭ. М., 1963 .125-129 сс.

57 Черников С.С. Загадка золотого кургана. 1965, 65-66 с.

58 Черников С.С. Отчет о работах Восточно-Казахстанской экспедиций в 1948 г.-« Изв. АН КазССР,сер. Археол.!, 1951, вып. 3.153-157 сс.




104



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-511484

Похожие материалы