Инфоурок Другое Конспекты«Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағаты.

«Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағаты.

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Колледж  директорының

әлеуметтік және тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_________  Б.Ж.Бахтиярова

«____» __________  2016 ж.

 

 

 

 

 

 

«Қазақстандағы толеранттық» атты актив

 сағатының материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

«Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағаты

 

Актив сағатының өту  уақыты:  19 мамыр 2016 жыл.

Сағат:  13:30 

Өткізілу  орны: Колледждің  мәдениет  залы

 

Мақсаты:

         Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан
Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып,  оқушылар бойына мейірім мен шыдамдылық қасиеттерін қондыру, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

         І жүргізуші: (Диляра) Кайырлы күн, құрметті оқытушылар және оқушылар!

         ІІ жүргізуші: (Надежда) «Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағатына хош келдіңіздер!

         І жүргізуші: (Диляра)  Қазақстан – көпұлтты ел бол­ғандықтан татулықты, қоғам­дағы саяси тұрақтылық пен толеранттық қатынасты қалып­тас­­тыруда

Қа­зақ­стан халқы Ассам­блеясы игі­лікті жұмыстар жүргі­зіп келеді. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық.          Толеранттылық (латынша. tolerantia — «төзімділік» деген мағынаны білдіреді) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.     Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. Қо­ғамдық дамуда толеранттылық, тө­зімділік үлкен роль атқарады.

         ІІ жүргізуші: (Надежда) - 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мүше-мемлекеттерге жыл сайын 16 қараша күні «Халықаралық толеранттылық, мейірімділік, төзімділік» күнін атап өтуді ұсынды. Декларацияда толеранттылық - «біздің әлеміміздің аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну» деген мағына көрсетілген. Декларацияға сәйкес, «адамдар табиғатынан сыртқы келбеттерімен, беделімен, сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру, өзінің даралығын сақтап қалу құқығына ие».

         І жүргізуші: (Диляра) (Экранға назар аударыңыздар!)

1-слайд, видео

         І жүргізуші: (Диляра)  Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мы­салы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан "біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, "досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, ас­қақтаған хан болса, хан ордасын тап­тай білген елміз”, деген сөздері өзара төзімділікке, сыйластыққа шақырады. Қазақ билері "Төремін деп тепсінбе. Төре мен құл май­данда, кәрі мен жас ақылда, бай мен кедей мырзалықта, барлық адам көр мен қаза жауабында теңеледі”, – деп, адамдардың намыс, ақыл-парасатпен теңесетінін айтқан.

         ІІ жүргізуші: (Надежда)  - «Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты болып келді. Бұл ретте мен толеранттылықтың бассыздық емес екендігін атап өткім келеді. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

І жүргізуші: (Диляра) (Экранға назар аударыңыздар!)

2-слайд, видео

І жүргізуші: (Диляра) 1 негізгі ВТ – 1 тобының оқушыларына сөз беріледі. (Сахнаға шығады)

1 – оқушы: Біләлхан Ильяс

         Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңызды факторына толеранттық жатады. Толеранттық ұғымы Антика дәуірінде бастау алған.

          Толеранттылық – бұл бейбітшілік, сүйгіштік, этникалық, діни,  тұлғааралық әралуандылыққа төзгіштік, «басқаның» теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау.

2 – оқушы: Елибекова Гүлнүр 

         «Толеранттылық» сөзі ең алғаш рет 1361 жылы ұғым ретінде пайда болған.  ХҮІІ ғасырда француз филологы, педагогы Пьер Ларусстың энциклопедиялық сөздігінде жазылған. «Толеранттылы», «толеранттылық» сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Сөздің мәні «рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын» дегенді білдіреді.

3 – оқушы: Есен Нұрлан

         Толеранттылық (латынша. tolerantia — «төзімділік» деген мағынаны білдіреді) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.

4 – оқушы: Кәденов Дархан

          Толеранттылық – адамның жан – жақты құқықтарымен негізгі бостандықтарын мойындау негізінде қалыптасқан белсенді қарым – қатынас. Бізді қоршаған әлемдегі мәдениеттің сан алуандығын, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсінуді білдіреді.

5 – оқушы: Ерғалиұлы Ерболат

          1995 жылы 19 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен «Толеранттықтың принциптері Декларациясында» толеранттылық былай қарастырылады:

         Біріншіден: әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу;

         Екіншіден: наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі «қонақжайлық» ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді

6 – оқушы:  Смагулов Ержан

         Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Бұл – халықтың сана - сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі.  Толеранттық қатынас түрі бұл -  ынтымақтастық.

7 – оқушы: Жанбауов Еркебұлан

          Елбасы өзінің «Қазақстан- 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында: «Біз, қазақстандықтар адамдардың ара­сындағы өзара байланыс пен қатынас­ты күшейту үшін ұлттық ынтымақ­тас­тығымызды нығайта түсеміз және өзі­міздің ұлттық әлеуметімізді кеңейте береміз», деп атап көрсеткен болатын.

8 – оқушы: Мұсаханов Шыңғыс

          «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» Нұрсұлтан Назарбаев.

         І жүргізуші: (Диляра)  Қазақстан көпұлттық мәдениет пен бірлікті дамытуға бағытталған ішкі саясатты ұстанып келеді. Мұнда әр халықтың өз мәдениеті мен дәстүрін көркейтудің мүмкіншіліктер аясы кең.

         ІІ жүргізуші: (Надежда) Ендігі кезекте көрермендердің ой – пікірлерін тыңдасақ.

(Экранда сұрақ беріледі соған жауап берсеңіздер)

         1 сұрақ. Қай күні «Халықаралық толеранттылық, мейірімділік, төзімділік» күні атап өтіледі. (16 - қараша)

         2 сұрақ. «Толеранттылық» қай сөзден шыққан, қандай мағына білдіреді. (Толеранттылық  - латынша. tolerantia — «төзімділік» деген мағынаны білдіреді)  

         3 сұрақ. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады. (130 дан астам ұлт өкілдері бар)

         4 сұрақ. Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтіледі.  (Жаңа жыл, Иса пайғамбардын тууылған күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан Қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Құрбан айт, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні)

         5 сұрақ. Толеранттылық түсінігі. (Бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Бұл – халықтың сана - сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі.  Толеранттық қатынас түрі бұл -  ынтымақтастық.)

         І жүргізуші: (Диляра) (Экранға назар аударыңыздар!)

3-слайд, видео

         І жүргізуші: (Диляра) ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды», – деген еді. Тәуелсіздік жылдарында өзінің серпінді күш-қуатымен әлемдік интеграцияға бет алған Қазақстан өзге мемлекеттерді қол жеткізген жетістіктерімен таң қалдыруда.

         ІІ жүргізуші: (Надежда)  Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуында «бірлік» категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

         І- жүргізуші: (Диляра)  «Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағатының қорытынды сөз кезегін колледж директорының әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанузаққызына беріледі.

         ІІ жүргізуші: (Надежда)  Осымен «Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағатына аяқталды, көріскенше  күн  жақсы!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақстандағы толеранттық» атты актив сағаты."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 903 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2016 1458
    • DOCX 69.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Меллатова Мадина Даулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Меллатова Мадина Даулетовна
    Меллатова Мадина Даулетовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68904
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой