Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақстандық патриотизм және рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізілетін «Тағдыр сыйы» атты әдеби кештің әдістемелік талдауының жоспары. (Самиха Қоңырқызының «Қайсар рухты анам» кітабы бойынша)

Қазақстандық патриотизм және рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізілетін «Тағдыр сыйы» атты әдеби кештің әдістемелік талдауының жоспары. (Самиха Қоңырқызының «Қайсар рухты анам» кітабы бойынша)

Скачать материал

 

Ж а м б ы л   м е д и ц и н а л ы қ   к о л л е д ж і.

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық патриотизм және рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізілетін «Тағдыр сыйы» атты әдеби кештің әдістемелік талдауының жоспары.

(Самиха Қоңырқызының «Қайсар рухты анам» кітабы бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауапты:: Қазақ тілі пәнінің

оқытушылары:

Жунисова Д.М.

Мадимарова Ә.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз қаласы

 

 

Кештің жоспары:

 

 

 

І. Кіріспе:

       1.   Мұғалімнің сөзі.

 

ІІ. Негізгі бөлім:

 

1.      Сахналық көрініс: «Сол бір ауыр жылдары».

2.      Жұлдызды өмір.

а)Еңбекпен есейген жылдары.

ә)Ұрпағына көрсеткен тәлім-тәрбиесі.

 

      3.   «Ел анасы, ел данасы».

            а) Тілек-лебіздер.

            ә) Арнау, өлең-толғаулар.

            б) Сұхбаттар.

 

ІІІ. Қорытынды.

1.      «Тау тұлғалы  асыл ана».

а)Кітап авторы  Самиха Қоңырқызымен сұхбат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:           «Тағдыр сыйы».

 

Мақсаттары: 

                       

Білімділік:                              Елге сыйлы ардагер ана, Социалистік Еңбек Ері Дариға

апаның ерлік еңбекке толы өмір жолы, жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі істері туралы түсіндіру . Кітаптың авторы қызы Самиха Қоңырқызы  анасының ұрпағына көрсеткен тәлім-тәрбиесі , үлкен адамгершілік қасиеттері жайлы шерткен сырларының берер ғибраты туралы әңгімелеу.

 

Тәрбиелік:                             Аналардың ардақтысы, асылы Ұлы адам Дариға

Жантоқованың үлгісінде жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған перзенттік сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.

 

Дамытушылық:                    Білімгерлердің рухани ой-өрісін, рухани дүние танымын

кеңейту. Шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру.

 

Әдістемелік:                          Интерактивті тақта арқылы кештің мәнін ашып, мақсатқа

жету.

 

Сабақтың көрнекілігі:          Нақыл сөздер. Дариға Жантоқованың өмірінен алынған

слайдтар, бейнефильм.

 

Өткізетін орны:                    Колледждің мәжіліс залы.

 

Өткізетін мерзімі:                 28 қараша 2012 жыл.

 

Қатысатындар:                     Колледждің І, ІІ, ІV  курс білімгерлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ән.                                         Ш.Қалдаяқов.

«Ана туралы жыр » орындайтын 409 топ білімгері 

Омаров Қанатбек.

Мұғалім:                                Тұрады қашан да алда дара тұлғаң,

                                               Бұтақпын сенен өніп таратылған.

                                               Аспаннан түскен емес ұлылар да,

                                               Өмірге оларды да ана туған.

 

                                               Қаламым ана десем қозғалады,

                                               Көңілдің айдынына қаз қонады.

                                               Үш рет айға арқалап барсаң-дағы

                                               Ананың еңбегінен аз болады.

 

 – деп ақындар жырлағандай қазір ғана атақты вальс

королі, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әннен анасына орнатқан

 ескерткіш әнін тыңдадыңыздар.

Иә, ана өмірдегі ең аяулы, ең қастерлі, ең қадірлі сөз. Сондай

аналардың бірі – Социалистік Еңбек Ері, үш мәрте Ленин орденінің иегері, Байзақ ауданы, Жамбыл облысының құрметті азаматы, даңқты, қызылшашы Д.Жантоқова. Дариға апаның қызы Самиха Қоңырқызы да аяулы анасына кітаптан ескерткіш орнатты. Кітап «Қайсар рухты анам» деп аталады. Біз бүгін осы кітап желісімен «Тағдыр сыйы» атты әдеби – сазды кеш өткізгелі отырмыз. Кештің берер ғибраты мол болады деп ойлаймын, себебі Дариға апамыздың жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі істері жетерлік.

Кешті ары қарай алып бару үшін жүргізушілерді ортаға

шақырамын. 102 топ білімгері Маматаев Ержас және 109 топ

білімгері Абитаева Жанерке.

 

І жүргізуші:                           Ассалаумағалейкум қадірлі ұстаздар.

 

ІІ жүргізуші:                          Армысыздар, егемен еліміздің болашағы білімгер жастар!

«Тағдыр сыйы» атты кешімізге.

 

Екеуі хормен:                        Хош келдіңіздер!

 

Күй.                                       «Сарыарқа» - орындайтын  201 топ білімгері

Қалдығұлов Қуаныш.

 

Сахналық көрініс:

 

 

Дариға апа:                            Шіркін-ай. Шіркін – дәурен-ай! Шіркін, дүние-ай, өтеріңді

білмедім бе? Қандай күйге түсірдің? Өзгенің ала жібін аттап па

едім? Жазығым – бел жазбай еңбек еткенім бе?

(бар даусымен айқайлап).

(Көз алдына ауылы – Ақжар елестеді).

 

І жүргізуші:                           1952 жылдың соңғы күндерінің бірінде колхоздың бастығы

Мұхаметқали Нұрбаев қамалды. Ел іші дүр ете қалды.

Көп ұзамай Дариға апаны  Қазақ ССР  Жоғарғы Кеңесі Алматыға шақырды.

Сол жылдары Жоғарғы Кеңес Төралқасының мүшесі болатын Дариға апа қандай әңгіме қозғалатынын алдын ала сезген. Сондықтан астанаға келерде бұрынғыдай Алтын жұлдызы мен ордендерін жарқыратып таққан жоқ, орамалына орап сала салды.

 

ІІ жүргізуші:                          Көп әңгіме болған жоқ.

 – Сен партияны, Отаныңды, ел- жұртыңды алдапсың.

 Сенің ағаң Қадыр Жексенбиев фашистердің тұтқынында

болған. Ал, сен оны жасырғансың.

Сондықтан да Жоғарғы Кеңестің Төралқа мүшелігінен

шығаруға және атақ-даңқыңның бәрінен айыруға,

наградаларыңды алуға шешім қабылдады – деді. Дариғадан

куәліктерін және Алтын жұлдызы мен үш Ленин орденін

тапсыруды талап етті.

 

І жүргізуші:                           Дариға Жантоқова Жоғарғы Кеңестен есеңгіреп шықты.

Ешкіммен сөйлесіп,  пікірлеспей-ақ ауылға тартты. Таңға жуық үйіне келді. Анасы Науатбала еңіреп қарсы алды. Ертеңіне партия комитетінің хатшысы келіп, партбилетін алды. Атақты қызылшашы абыройдың бәрінен бір-ақ күнде жұрдай болып, бүк түсіп жатып алды.      

 

ІІ жүргізуші:                          1950  жылдың 1 маусымы күні прокуратураның үш қызметкері

әкіреңдей келіп, оның қамаққа алынғанын айтты. Табан астынан қайдан, қандай күш келгенін өзі де түсінбеген Дариға апа қуаттанып, жігерленіп, түрленіп шыға келді.  Ең қымбат ақ гребдешін көйлегін, әдемі туфлиін киді. Шешесі аяғына оралды.

 

І жүргізуші:                           Апа, қамықпаңыз, көп ұзамай келемін. Өзіңіз айтпаушы ма

едіңіз «Жақсыға шаң жуымас» - деп. Менің ішіп жеп қойғаным жоқ. Әлі-ақ таңымыз жарқырап атар – деп қасқайып барып, көліктеріне өзі барып мінді.

 

ІІ жүргізуші:                          Сол жылдың 1 шілдесі күні Жамбылда елді елең еткізер үлкен

сот болды. Бір колхоздың жеті адамы бір күнде сотталып кете барды. Оның екеуі – Социалистік Еңбек Ері болатын. Бірі – колхоз бастығы Мұхаметқали Нұрбаев – 25 жылға, екіншісі – атақты қызылшашы Дариға Жантоқова 15 жылға кесілді.

 

Д.Жантоқова:                        Апырма – ай, шынымен адасқаным ба? Бүгін бараққа бармай

қалсам, «қашты» деген кінә тағуы әбден мүмкін ғой. Неде болса тұманның ашылғанын күту керек.

 

 

 

 

І жүргізуші:                           Ой мен соқыр тұманның құшағында отырған Дариғаның көзі

ілініп кеткендей болды. Мойынқұмның жал-жал сарғыш құм жоталары неше түрлі гүлмен көмкерілген. Дариға Жанындағы құрбыларынан бөлініп, Көделіге қарай жүрді. Алға адымдап барады. Ақ басты Алатау анық көрінді. Алатау көрінсе аулына жету де қиын емес. Тағы алға адымдап еді, сары тышқандар-дың ініне тізесіне дейін түсіп кетті. Шыққысы келіп, ұмтылып еді көр тышқандар аяғынан тартып, қозғалтпайды. Қайта жерге сіңіріп барады.

 

Д.Жантоқова:                        Е..., Аруақ! (Жанында үлкен ақ айыр қалпақ киіп әкесі тұр.)

                                               - Көке, сіз мұнда қайдан жүрсіз?

 

Әкесі:                                     Дариғаш-ау, сен жүрген жерде мен неге жүрмеймін. Қабағың

салыңқы ғой. Кешегі күнді аузыңа сидырғандай нұр шашқан жарқын күлкің қайда? Езілме, қайрат-жігерің құм болса, басыңа мына көр тышқан ұя салар. Тұр орныңнан. Тездетіп жететін жеріңе жет. Сені жақсы хабар күтіп тұр.

 

Д. Жантоқова:                       Кө... ке... (ол өз даусынан оянып кетеді).

Апыр-ай көкесі не деп кетті. Тездетіп жететін жеріңе жет, ...

жақсы хабар күтіп тұр – деді-ау.

 

ІІ жүргізуші:                          Жүрегі езіліп, бойын ауырлық басты. Шынымен-ақ

жазықсыздан-жазықсыз  он бес жыл айдауда жүрмек пе? Дариға апаның жылағысы келді. Бірақ, қандай қиындық болса да мойымаған ол бұл жолы да, ернін тістелей жатын орнына жақындағанда алдынан інісі Қоңыр арсалаңдап шыға келгені.

 

Қоңыр:                                   Әпке, амансыз ба? Мен сізді бағанадан бері күтіп тұрмын.

Жақсылық хабар бар.

 

 

Д.Жантоқова:                        Қоңырым-ау, қозым-ау, амансыңдар ма? Апамның денсаулығы

қалай? Балатайдан хабар бар ма? (інісін құщақтап).

 

Қоңыр:                                   Бәрі жақсы. Бәрі аман. Бірақ жездемнен хабар жоқ. Әпкетай,

мен  қазір ауылға қайтуым керек. Мені сізге обкомның бірінші хатшысы Шолақ Артығалиев пен облаткомның төрағасы Махмұт Сапарғалиев жіберді. Сіздің атыңыздан Орталық Комитетке жазылған арызды сол кісілер ақылдаса жазса керек. Сіз қол қойсаңыз болды, абақтыдан шығарады. Сіздің Сталин жолдастың туғанына 70 жыл толу мерекесіне барғаныңызды ешкім еске алмаса керек. Олар оның жеңілдік беруге септігін тигізетіндігін алға тартады.

 

Д. Жантоқова:                       Сталиннің 70 жылдығына барғандардың жазасы жеңіл болады

дей ме?  Қызық – ә... .

 

І жүргізуші:                           Дариға апа  ойланып қалды. Ол бір ұмытылмас сәт еді. Ырғалып, жырғалып, жайқалып келгендер Кремльдің үлкен

Сарайына  жүрексіне кірді. Сол тойда Роза Бағланова шырқата ән салып, төбелері көкке бір-ақ елі жетпей қалған. Сонда Сталин Розаның әніне ғана орнынан тұрып қол шапалақтап еді-ау.

 

Қоңыр:                                   Әпке, ойланып кеттіңіз ғой. Маған облыс басшылары тез кел

деген. Тіпті жолқаражатты да сол кісілер берді.

 

Д. Жантоқова:                       Апыр-ай, щынында да бір жақсылық болатынын көкем айтып

кетіп еді. Сол шындыққа айналайын деп тұрса керек.

 

Қоңыр:                                   - «Көкем айтып кеттісі»  ... несі?

Д.Жантоқова:                        Түсімде, осыдан бірер сағат қана бұрын ... .

Қой, оны қояйық. Тамақ іштің бе?

 

Қоңыр:                                   Іштім. Мен жүрейін, мына жерге  қол қойсаңыз болды. Облыс 

басшылары мақұлдаған. Мен кетемін. Асығыспын.

 

Д. Жантоқова:                       Кәне, қай жерге қол қояйын?

 

І жүргізуші:                           Тамыздың тамылжыған күнінде Дариға апаға  қуанышты хабар да жетті. Он бес жылға жазықсыз сотталған Дариға апа Карлагта үш жыл қараңғы күндерін өткізіп, бостандыққа шықты.

 

ІІ жүргізуші:                          Па, шіркін! Бостандық! Еркіндік! Дүниеден еркіндіктен артық

не бар? Елге жеткенше асықты. «Аман-есен келгенің құтты болсын» деген бір ауыз сөз үшін өзегін жұлып беруге дайын тұрды.

 

І жүргізуші:                           Вокзалға кіреберісте Дариға Күләш Байсейітовамен бетпе-бет

келіп қалғаны. Әншінің даусы сыңғыр ете қалды.

-          Дариғамысың? Айналайын аман-есенсің бе?  Бір

жамандыққа ұшырады деп еді, одан құтылдың ба? Халқыңнан оқщауланба, ол тіреуің. «Ондай, ондай ханның қызында да болады» демекші,  өмірде не болмайды дейсің. Әлі шығар тауың биік болып, көрер жақсылығың көп болады. Елге өкпелеме. «Адалдың аты арып, тоны тозбас» деген айналайын – деп бұлбұл әнші бастырмалата жөнелді.

 

ІІ жүргізуші:                          Күләш әнші сіңлісінің маңдайынан сүйіп, мойнындағы ақ

орамалын иығына жауып тұрып:

-          Айналайын, торығып, қамығып келе жатқанда жолың ақ

болсын, деп орамалымды сыйладым – деген  Күләш  тағы да Дариғаның маңдайынан сүйді.

 

І жүргізуші:                           О, о, Дариғаш келіп қалдың ба деген «Қызыл жұлдыз»

колхозының бастығы Ғалымжан Ақатаев өзін құшақтай алды. Жолың ақ болсын, әлі шығар тауың биік болады! Мен оған анық сенемін.

ІІ жүргізуші:                          Дариға апаның көңілі босады. Жүрегі діріл қағады. Алдынан

шығып, арсалаңдап құшақтағандардың бірін көрсе, бірін көрмеді, көз жасына ерік берді. Ауылға келген күнгі қуаныш ерекше болды. Сәмихасын көтерген Қоңыры мен анасы Науатбала малын сойып, барын дастарқанға төкті. Дариға апаның түрмеден босанып келуін бүкіл ауыл тойлап, құттық-тады.

                                   

І жүргізуші:                           Басылған көңілі ашылып, көргенін де, білгенін де айтпастан,

елдің амандығын сұраумен болды. Ең алдымен Мұқаметқали Нұрбаевтың хабарын сұрады. Білетіндер абақтыдағы өтеу мерзімінің қысқарғанын, амандық болса жалған жаламен күйгендер елге аман-есен оралатындығын айтып жатты.

 

Ән.                                         «Тракторшы қарындас». – орындайтын Тұрмаханбет А.

                                               (Дариға апа).

І жүргізуші:                           Карлагтан келісімен Дариға апа  иығына қайтадан кетпенін

алып, қызылша алқабына келді. Сындыбала Оңғарбаева жеңешесі мен Қанымқыз Тортаева, Мәрзия Ибрагимова, тағы басқалар оны қуана  қарсы алды. Мұқаметқали Нұрбаев абақтыда болғанымен, оның әркімге бір гектардан қызылша алқабын бөліп беру тәжірибесі жойылмапты.

 

ІІ жүргізуші:                          Алғашқы жылы өзгеге көмекші болғанымен, келесі жылы оны

звено жетекшісі етіп қайта тағайындады. Бірте-бірте жазылатын жарадай көңілдегі көп кірбің  ұмыт бола бастағандай. «Еңбек бәрін ұмыттырады» деген рас екен. 1958 жылы ол әр гектардан 850 центнерден тәтті түбір жинады. Осылайша 47 – ші, 48-ші, 49-шы жылдардағы табыс кездейсоқ әрі жалған емес екенін тағы да дәлелдеді. Бұл табысын келесі жылы да қайталады.

 

І жүргізуші:                           Сол жылы ойламаған жерден ауылға Қазақстан Коммунистік

партиясының бірінші хатшысы Н.И. Беляев келді. Аудан, облыс басшылары республика басшысына Дариға апаның қызылша алқабын көрсетуге шешім қабылдапты. Түске жақын басшылар мінген машиналар алқапқа келді.Аттың басындай болып өскен қызылшаны көргенде Беляевтің таңданғаны ерекше болды.

 

Сахналық көрініс: 

 

Беляев:                                   Мұндай қызылшаны өсірген кім?

 

С.Оңғарбаева:                       Дариға Жантоқова.

 

Беляев:                                   Ол кім? О-ой,  молодец. Бұл кісіні биыл міндетті түрде

наградаға ұсыныңдар.

 

Д. Жантоқова:                       Менің де Алтын жұлдызым, үш Ленин орденім болған. Алып

қойды.

 

Беляев:                                   Кім алып қойған? Неге алып қояды?

                                               Тарихта талай ақтаңдақтар болған. Жеке басқа табынушының

салдары бұл. Қазір жағдай тіпті басқаша. Сіз қамықпаңыз, мен бұл іспен жеке өзім айналысам. Ал еңбектеріңе сәттілік тілеймін.

 

ІІ жүргізуші:                          Сол жылы әр гектардан ол тағы да жоғары өнім алды. Сондай

күндердің бірінде аудандық соттан хабар жетті: «Алматыға, Орталық Комитетке Д.Жантоқованың бүкіл құжаттарын  сұрап алды, ақталатын болды». Артынша партия комитетінің хатшысы келіп : «Партбилетіңізді қайтып алу туралы арызыңызды жазыңыз» деді.

 

І жүргізуші:                           Көп ұзамай Дариға апаны Алматыға Орталық Комитетке

шақырды. Көп тергемей, терлетпей-ақ, қайта кешірім сұрай партбилетін қайтарып берді. Енді Дариға апа үлкен қуаныштың алыс емес екенін сезді. Ақыры асыға күткен күн де келіп жетті.

 

ІІ жүргізуші:                          Алматы ақпан айы болса да ақ ұлпа қармен қарсы алды.

Бауыры Қоңыр екеуі біраз темір жол бекетінде тұрды. Ұлпа қарды басып, Орталық Комитетке қарай беттеді. Тәженовтің көмекшісі Әмреев бұларды қуанышпен қарсы алды.

 

Сахналық көрініс:             

 

-          Қазір мен Тәшенов жолдасқа айтайын. Ол кісі жаңа ғана сізді сұрап еді.

 

Ж.Тәшенов:                           Дариға келіп қалдың ба? Қуанышың қайырлы болсын! Указға

қол қойылды. Жұлдызың да, үш Ленин орденің де қайтарылады. Жүр, бірінші хатшыға барайық.

 

Беляев:                                   Жарайсың Жантоқова. Айтып едім ғой, әділдік жеңеді деп.

Партия ешкімді де орынсыз жазғырмайды. Қателігін түзеуді де ар санамайды. Міне Жұлдызың. Енді бұл наградаларды Жоғарғы Кеңестің Төрағасының өзі тағып береді.

 

 

 

 

Д. Жантоқова:                       Мен бұл күнімді бақытты сәттерімнің  біріне балаймын.

Әділдік үшін күресіп, жеңіске жетуден, өзіңе емес, өзгеге көмегің  тигеннен артық қуанышты сәт болмас.

 

Беляев:                                   Ал енді Жантоқова жолдас сен партияның сенімін ақта. Әлі

талай-талай жиындарда бас қосып, мінбелерге көтерілгенде осы сәтті ұмытпа.

 

Ж.Тәшенов:                           - Міне, арманыңа жеттің, айналайын қарындасым. Енді

басыңды көтеріп  жүр. Сен Алтын Жұлдызды бір емес, екі рет алдың. Мұндай бақытқа жеткен де, жетпеген де бар.

 

Дариға:                                  Аға, енді Мұқаметқали Нұрбаев ақталса, ол да Алтын

Жұлдызын қайта омырауына тақса, біздің ауылдың қуанышы шексіз болар еді. Алдымен абақтыдан шықса.

 

Тәшенов:                               Ой, айналайын- ай, жүрегің кең екен ғой. Сәті түссе, ол күнді

де көрерсің.

 

І жүргізуші:                           Өкінішке орай, оның сәті түспеді. Мұқаметқали Нұрбаев

түрмеден мерзімінен бұрын шыққанымен партбилетін де, Алтын Жұлдызын да алып үлгермеді. Абақтыда жабылған аурудан елге келгеннен кейін көп ұзамай ол қайтыс болды. Бір қуаныштысы, елінің алдында адал азаматтың аты да, ісі де өшкен жоқ. Мұқаңның есімін ілтипатпен еске алатын ұрпақ бар.

 

ІІ жүргізуші:                          Бір ғана кеште осы бір аяулы жанның өмір жолындағы қасірет

арқалатқан қапалы сәттері мен қызылды-жасылды күндерін жеткізу мүмкін емес.

 

 

 

І жүргізуші:                           Қолындағы кетпенін зейнеткерлікке шыққанша иығынан

тастамай, қант қызылшасы алқабын жалаң аяғымен жүріп өткен Дариға апа жалғыздық Жаратушымызға ғана жарасқанын мойындап, інісі Қоңырдың балаларын бауырына басқандығын айта кеткеніміз дұрыс. Өз тәрбиесіндегі сол балалардың бәрі де елге сыйлы ұл-қыздар боп есейді. Жары Балатайдың атын өшірмеді. Ерінің тегіне сөз келтірмеді. Дариға апа  Балатай Жантоқовтың өмірлік адал жары боп қала берді. Тағдырдың тауқыметіне төтеп беретін қазақтың тек осындай аналары екендігі ақиқат.

 

ІІ жүргізуші:                          Қашан да табиғаты таза, жаны жайсаң жақсы адам жайлы айту,

оның ғибратты да тағлымы мол өмірінен сыр шерту ғанибет емес пе?

 

І жүргізуші:                           Дариға апаның ұрпағына көрсеткен тәлім-тәрбиесі, өнегесі

әрине ұшан-теңіз.

 

ІІ жүргізуші:                          Бұл кісінің ең бірінші  айтатын сөздері: жалқаулыққа жол

бермеу, еңбекті сүйе біліңдер, бақыт та, атақ-даңқ та тек еңбекте, адал еңбек етсеңдер, жақсы оқысаңдар жетесіңдер мұратқа,   деп өзінің де осындай дәрежеге көтерілуі таза еңбегінің арқасында екенін үнемі айтып отыратын.

 

І жүргізуші:                           Айта берсек Дариға апамыздың қадір-қасиеті, ағайынға үлкен

бауырмашылдығы өте зор еді. Отырған ортада, жол жүргенде жан-жағына ақылмен қалжыңдап, әр уақытта жақсылыққа жорып, күлкімен жарасып отыратын. Дариға апа ұзақ және  абыройлы өмір сүріп, өзінің балаларына, немерелеріне, шөберелеріне және көптеген туыстары мен жақындарына еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп, тірегі болды.

ІІ жүргізуші:                          Дариға апа өжет, талапшыл  ғана адам емес, сонымен бірге өте

мейірімді туысты бауыр, алысты жақын ететін адам. Ол кісінің мейірімділігі жүрегінің жылылығы барлық адамға жетерліктей. Апа өмірінде көп қиыншылықты, көп  қуанышты да көрген адам. Ол әр сөзінде: «Қарақтарым, менің көрген қуанышымды көріңдер, көрген қиыншылығымды сендерге көруге жазбасын» деп отырады. Бұл да асыл ананың  көп жақсы қасиеттерінің бірі- балаға тек жақсылық тілеуі.

 

І жүргізуші:                           Ардақты да асыл, келешек ұрпаққа өнеге болған, тарихта

қалған дана ананың ғибратты сөздері де жетерлік. «Ар-Ай» жастар газетіне берген сұхбатында: «Ұрпағымыз төл тілін құрметтегені жақсы. Ал мен тілден де гөрі қыздарымызға, тым жалаңаштанып бара жатқан ботакөздерімізге қадағалау болса дер едім.  Балапандарым-ау, бұл қалай? Ертеңгі анасыңдар ғой дегім келеді. 88 жасар қарт ананың 18 жасар қазақ қызына алаңдап айтар ақылы осы. Қыздарым, тәрбиелі,өнегелі болыңдар. Сендер елдің ертеңі, елдің анасысыңдар ғой».

 

ІІ жүргізуші:                          Еңбегімен ел құрметіне бөленген, қазақтың қадірлі ұлы қызы

Дариға Жантоқованың  мына сөзі бәріміздің жүрегімізде болу керек деп ойлаймын. «Биік таудың басы болмасақ та, баурайындағы туған жердің тасы болуға ұмтылдық».

 

І жүргізуші:                           Дариға апаны барлық жай толғандыратын: саясат, президент,

әкімдер, тұрмыстық сұрақтар. «Еліміздің қанат жайып, дамып келе жатқанына қуанамын. Елбасымыз  Н.Назарбаев халқының жан дүниесін дөп басқанына ризамын. Қазақтың бақытына Құдай бере салған алтын ұл ғой. Талай қолын алып, батамды берген күндерімді еске алғанда бойымды бақыт кернейді. Сталиннен бастап, барлық компартияның көсемдерімен жүздесіп, қолын алғаным да бар. Бірақ Тәуелсіз Қазақстанның басшысымен жүздесу, қолын  қысу мен үшін орны бөлек бақыт! ».

 

І жүргізуші:                           Дариға апаның еліне, жеріне сіңірген еңбегі де мәңгі ел есінде,

ұрпақ санасында сақталады. Енді Дариға апаға арналған өлеңдерге кезек берсек.

1.      «Тарихта қалған ана» - Абсадыкова А. – 103 топ.

2.      Дариға апаның 85 жылдық мерей тойына арналған «Қуанышын өмірдің сүйе бергін» - Ниязбаева А. – 103 топ.

3.      «Екі ана – екі шырақ». Нұрхаева А. – 102 топ.

 

 

 

І жүргізуші:                           2011 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының және Байзақ

ауданының құрметті азаматы, қадірлі еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері Дариға Жантоқова өмірден өтті. Жақсыны адам ажалға қия ма? Бірақ амал жоқ.

 

ІІ жүргізуші:                          Көңіл айту жеделхаттарынан: Елдің бір аяулы адамы кетіпті-ау

өмірден. Орны ерекше еді. Аяулы, асыл, киелі апам еді, жарықтық. Бір ауылдың Дариғасы ғана емес, бүкіл елдің Дариясы еді сол Дария апа. Барлық дүниедегі ауыртпалық басқа түскенде де бір мойымай көтере білген барлық бақыт басқа қонып жұлдызы жарқырағанда да бір өзгермей көтере білген Дәкең-ай. Алла алдыңнан жарылқасын.

 

                                                           Астана. Өмірбек Байгелді.

 

Бейнекөрініс.                        Дариға апа туралы ой-пікірлер.

 

І жүргізуші:                           Дариға апаның еліне, жеріне сіңірген еңбегі де мәңгі ел есінде,

ұрпақ санасында сақталады. Бұған дәлел: Байзақ ауданында ашылған мұражайы, «Қызыл Жұлдыз» аулындағы бір көшеге атының берілуі және осы ауылдағы ашылған «Дариға апа» балабақшасы. Дариға Жантоқова Байзақ ауданының, Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Дариға апаның мүсіні облыстық тарихи өлкетану мұражайында орналасқан.

 

ІІ жүргізуші:                          Дариға апа, сіз мәңгіге кеткенмен, сіздің бейнеңіз, өмір

жолыңыз ешқашан өлмек емес. Сіз нағыз Әйел, нағыз Азамат,

нағыз Ер, нағыз Батыр ана ретінде көз алдымызда тұрасыз.

 

І жүргізуші:                           Сіз артта қалған ұрпақтарыңыз үшін Еңбексүйгіштіктің, Адамгершіліктің, Отансүйгіштіктің, бар Жақсылықтың Жаршысы әрі Символосыз! Біз сізді Пір тұтамыз.

 

Бейнекөрініс.                        «Дариға апа» балабақшасынан бейнекөрініс.

 

Ән:                                         «Рахмет, саған, туған ел». Орындайтын 409 топ білімгері

Омаров Қанатбек.

Мұғалім:                                «Орнында бар оңалар» - деп қазақ атамыз айтпақшы, Дариға

апамыздың өзі тәрбиелеп өсірген қызы Самиха Қоңырқызы анасының ойын, тірлігін жалғастыруда.  Самиха Қоңырқызы Қоңырова облыстағы айтулы адамдардың бірі. Байзақ ауданының құрметті азаматы, 22 жылдан бері Жамбыл медициналық колледжінің директоры п.ғ.к., Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Енді сөзді «Қайсар рухты анам» атты кітаптың авторы Самиха Қоңырқызына береміз.     

  

 

 

І жүргізуші:                           Осымен кешіміз де соңына жетті.

 

ІІ жүргізуші:                          Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстандық патриотизм және рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізілетін «Тағдыр сыйы» атты әдеби кештің әдістемелік талдауының жоспары. (Самиха Қоңырқызының «Қайсар рухты анам» кітабы бойынша)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 994
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунисова Дана Мусирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунисова Дана Мусирхановна
    Жунисова Дана Мусирхановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10488
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе