Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

"Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сынып: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазқстанның экономикасы, майдандағы қазақстандықтардың ерлігі және олардың соғысқа қосқан үлесі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың саяси көзқарасын, тарихи танымдылығын, сапалық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, елін,  жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Карта, флипчарт, бүктемелер, тест сұрақтар.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Топпен жұмыс

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І- тапсырма.  Ағарту ісіне үлес қосқан ғалымдардың есімдерін атаңдар.

ІІ-тапсырма. Мына жылдары Қазақстанда қандай оқу орындары ашылды?

1928 ж.                                        1932 ж.

1929 ж.                                        1934 ж.

1930 ж.                                         1934 ж.

1931 ж.

1920-30 жылдардағы мәдениет

Жағымды жақтары                                                    Жағымсыз жақтары



 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:
1. Психологиялық дайындық (Леветанның дауысы, оқушы әсері)
2. Тақырыпқа арналған кинофильмнен үзінді
3. Ой толғаныс (ҰОС-дағы батырлар)
4. Қорытынды
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Елбасына кун туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Міне осындай соғыс бұлтын үйірген фашизмнің соғыс жоспарын мына төмендегідей тірек схемалар арқылы баяндаймыз.
“Барбаросса” (қауырт соғыс) 1940ж. 18/ XII
«Солтүстік» → Барлық теңіздегі порттарды басып алып, Шығыс Пруссиядан Даугавпилс, Псков, Ленинград бағытында.
«Орталық» → Смоленск арқылы Москваға.
«Оңтүстік» → Батыс Украина мен Днепрден Киевті басып алуға.
Германия → КСРО → 1941ж. 23/VI. Баскомандование
Ставкасы төрағасы С. К: Тимошенко
1941 жылы 22/VI → 1941ж. 10/VII Жоғарғы командование Ставкасы төрағасы И. В. Сталин
1941ж. 30/VI. Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасы И. В. Сталин

Қазақстан — майдан арсеналы (1 миллион 200 мың)
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін»
Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар 1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев


Соғыс бағыты батыс
Берлин операциясы — 2, 5 миллион әскер, 41мың 600 зеңбірек, 6250 танк, 7500 ұшақ
1945ж. 16/IV. → Жеңіс. 1945ж. 02/V.
Р. Қошқарбаев
500-дей Кеңес одағының батыры, 98-і қазақ, 1998 жылы 11/XII Б. Момышұлы

2. Ой қозғау
Оқушылар назарын экранға аудару. Көрген фильмдер туралы қорытынды шығару.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

1-тапсырма: «Кім тапқыр?»

I топ.
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? /1941ж. 22. 06/
2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? /1910-1982 жж./
3. Ідіріс Үргенішбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді? /1967ж. 4 мамырда/
4. Соғыс жылдарында майдандағы әскери бөлімдерге Қазақстан өнер қызметкерлерінен құрылған қанша концерт бригадасы барды? /11/
5. Қай күнді жеңіс күні деп тойлаймыз? /9 мамыр/
6. 1941 жылы Совет Одағы соғыс самолеттерін шығару жөнінен нешінші орынға шықты? /3-інші/
7. «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы заң қашан қабылданды? /1939. 01. 09/
8. Ұлы Отан соғысында одақ бойынша қанша адам Кеңес Одаға Батыры атағына ие болды? /11мың 600 ден аса/
9. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37/
10. «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар қанша жауынгерлік машина Сталинград майданына табыс етілді? /45/

II топ.
1. Екінші дуниежүзілік соғыс қашан басталды? /1939 жылы/
2. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945 жылы/
3. Ідіріс Үргенішбаев қай жылдары өмір сүрген? /1912-1943 жж./
4. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? /1990 жылы/
5. Қанша Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды? /500-ден аса/
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында мамандарды дайындау мақсатында Қазақстан қанша жасөспірімдерді әскери училищеге жіберді? /42 мың/
7. Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды? /316-атқыштар дивизиясы/
8. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең ең жас Жәнібек Елеусізов нешеде еді? /18 жаста/
9. Соғыс уақытында Қазақстан бүкіл одақтың қорғанысының қанша пайызын берді?
10. 1943 жылы республикадан заводтарды қалпына келтіру жұмыстарына қанша комсомол жіберілді? /1439/

2-тапсырма: «Сіз кімсіз?» ойыны
Сіз кімсіз?

Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақсыз. (Б. Момышұлы)
Сіз кімсіз?
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің шоғырына құлаттыңыз. Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз. (Нүркен Әбдіров)
Сіз кімсіз?
Сіз Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегісіз, ұшқышсыз, Кеңес Одағының батырысыз. (Иван Кожедуб)
Сіз кімсіз?
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойдыңыз, атып түсірдіңіз. (Луганский)
Сіз кімсіз?
Сіздің әкеңіз 1938 жылы 15шілдеде Қазақ КСР кеңесінің 1 сесиясын ашты, қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, сіз Синельников қаласының түбінде соғыстыңыз. (Алғадай)
Сіз кімсіз?
Сіз қолыңызға гранат алып, танк астына түстіңіз, ерлік жасадыңыз, Кеңес Одағының батырысыз. (Әбу Досмұхаметов)
Сіз кімсіз?
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» (Мәншүк Мәметова)
Сіз кімсіз?
Сіз Сталинград түбінде шайқастыңыз, жау дзотын өз кеудеңізбен жауып А. Матросовтың ерлігін қайталадыңыз. (Сұлтан Баймағанбетов)
Сіз кімсіз?
II-дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы оныншы тамызда капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған аты аңызға айналған ұшқышсыз. (Янко)

3-тапсырма:


hello_html_40c32ceb.gif


Жауаптар:

Нұрмағанбетов, Луганский, Мәметова, Хұсайынов, Қошқарбаев, Елеусізов, Молдағұлова, Қараманов


4-тапсырма:


А) « Біз-кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темір болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қарауымыз ол-Отанға деген сүйіспеншілік»-деп кімнің қай жағдайда айтқан сөзі?

А) Москва үшін шайқастарды еске ала отырып, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Б.Момышұлының жазғаны.


Ә)«Неміс оккупанттарына өлім келсін, Ленин қаласы үшін» деп кімнің айтқан сөзі

Ә)372-ші атқыштар дивизиясының 5-ші ротасының бөлімше командирі комсомолец Қойбағаровтың Ленинград қаласы үшін шайқаста айтқан сөзі

Б) «Россия кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ,артымызда Москва» кімнің,қай жағдайда айтқан сөзі?

Б)Москва түбіндегі Дубосеково разъезі түбіндегі ұрыста рота жетекшесі В.Г.Клочковтың жауынгерлерге айтқан жалынды сөзі

В)«Осы бір толғауды көзіне жас алмай және тебіренген қуаныш сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл хаттытың күш келіп жеткендей бағаладық. Қазақстан халқы бізге туысқандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады, ол біздің күшімізді еселей түсіп, жаумен шайқасқа кірістік » деп кімнің, қай жағдайда айтқан сөзі.

В)Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы жазушы Всеволод Вишневскийдің жазған сөздері



5-тапсырма: Тест жұмысы.

1 .Кеңес Одағы мен Германия арасында өзара шабуыл жасамау туралы пактіге қол қойылған күн

а)1939, 23 тамыз; ә)1939, 1 қыркүйек;

в)1940, 9 мамыр.

2. КСРО-ны тез арада тізе бүктіру үшін жасалынған "Гитлер жоспары".

А)"Барбаросса" ә)"Тайфун" б)"Сунами"

3.Ұлы Отан соғысы басталған күн?

А)1939 ж. 1 қыркүйек; ә)1941 ж.22 маусым; б)1940ж.1 қаңтар

4. 1941 ж. 6 желтоқсанда кеңес әскерлері:

А) Москва түбінде; ә)Ленинградта; б)Сталинградта қарсы шабуылға шықты.

5.Гитлерлік жоспар Кеңес Одағына соғыс бастарда:

А)Кеңес әскерінің төмендігіне; ә) ұлтаралық қақтығыстың болатынына; б) экономиканың нашарлығына арқа сүйеді.

6.Кеңес Одағын қорғауға:

А) 50 ұлттық дивизия; ә) 60 ұлттық дивизия қатысты. Б) 80 ұлттық дивизия қатысты

7.Соғыс кезінде Қазақстанға өнеркәсіп орындарын көшіру мерзімі.

А)1941 ж.маусым және 1942 ж.қаңтар. ә)1941ж желтоқсан және 1942 ж.қыркүйек: б)1942 ж. қаңтар және 1943 ж. қаңтар.

8."Ленинградтық өренім" жыры кімдікі?

А)Жароков; ә)Тоқмағамбетов; Б)Жамбыл

9.Әрбір:

А)3-ші ә)4-ші б)5-ші қазақстандық Отан қорғауға қатысты.

10.Ұлы Отан соғысы жылдары:

А)1939 ж., 1-қыркүйек – 1945 ж., 2-қыркүйек.

ә)1941 ж., 22-маусым-1945 ж., 9-мамыр; б)1941 ж.,

22-маусым - 1945 ж., 2-қыркүйек


Жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

а

ә

а

ә

б

ә

б

б

ә

Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ж. Жабаевтың ұлы Алғадай да майданға аттанды. Ол 7-гвардиялық атты әскер дивизиясының 19 гвардиялық атты полкіне пулемет расчетін басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.
Жеңіс те жетті. Қаһарман Ленинградтықтар өз қалаларын сақтап қалды. 1944 жылдың қатарында біздің әскерде шабуылға шықты. Қала қоршаудан құтылды. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін майрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.
Жеңіс қымбатқа түсті. Еліміздің 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам ауыл мен деревняны өртеп жіберді. Басқыншылар 18502 завод пен фабрикаларды жойды. 1135 мың шахтаны су астында қалдырды. 65 мың темір жол торабын бұзып, істен шығарды. Ауыр шаруашылығындағы 368 миллионға жуық жер бүлінді, 27 миллионға жуық адамнан айырылды. Ересек адам үлесі азайды. Ересектердің тұтас бір ұрпағын жойып жіберді. Соғыс үмітсіз жесірлікпен балалардың жетімдігіне әкелді. Фашистердің істеген қылмысын совет адамдары ешқашан ұмытпайды. Соғыстан кейін бірнеше қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіш орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз-біздің халқымыз қайғы-қасіретті адам баласы ұрпақтарымыз, енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Рефлексия

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ» тақырыбында эссе жазады.


 


Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров533
Номер материала ДВ-321645
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх