Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Қазақстан-егемен ел

Қазақстан-егемен ел

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні:Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егемен ел.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, диалог, сахналық көрініс, рефлексия.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, карточка.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жоғары қарадым аспанды көрдім,
Төмен қарадым жерді көрдім.
Оңға қарадым,
Солға қарадым,
Егеменді ел көрдім.

ІІ. Жаңа сабақ: /бейнежазба /
Мұғалім: Отан
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сұрақ - жауап: 1. Осы естіген өлең жолдары, неге арналады?
- Балалардың жауаптары.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақстан – егеменді ел».
Қазақстан еліміз туралы не білесіңдер?

Балалардың жауаптарын, мұғалім кестеге қысқа жазады./1 баған - 2 баған/

Білемін Білгім келеді? Үйрендім

Сонымен бүгінгі сабақта біз басқарушы билік туралы, олардың қызметтері туралы оқып, үйренеміз.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін, сендер тапсырманы орындайсыңдар.
Енді үш топқа бөлінеміз. оқушылар топта жұмыс жасап, тақырыпты дәлелдейді.
І топ.
Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Қазақстан – егеменді ел.
16 желтоқсанда біздің елімізде ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Тап осы күні «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, жаңа Әнұраны, өзінің Конституциясы жасалды. Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды.
Балалар үлкендер тарапынан қамқорлық пен көмек алуға құқылы. Олар отбасында, бақыт пен сүйіспеншілік, түсіністік аясында өмір сүруге құқылы. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі ұлтаралық қарым – қатынас тілі.

ІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Президент.
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады. Үкімет құрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау үшін халық атынан сөйлейді.
Қазақстан Конституциясында елдің президенті болып 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын адам сайлана алады деп көрсетеді.

ІІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Парламент. Үкімет.
Қазақстан Республикадағы заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Ол екі палатадан, яғни құрамдас бөліктен тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады.
Президенттің Жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады.
Үкіметті Премьер – Министр басқарады. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Үкімет құрамына Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Қаржы, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т. б министрліктері кіреді.
Салалық министрліктерді министрлер басқарады. Олар – Үкімет мүшелері. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс қабілеті жоспарын жасайды.

ІІІ. Бекіту: Сахналық көрініс:
Мұғалім: балалар, жаңа тақырыпты талдап, бір - біріне түсіндірдіңдер.
Қазір, біз оны бекітеміз. Оны ойын түрінде өткіземіз. Жетондарды таңдау.
- Жетонға жазылған сөздерге қарап топқа бөлінесіңдер. Балалар, мәтіндерді оқып, бір - біріне түсіндіріп, тақтаға шығып, тақырып бойынша түсінгендеріңді рөлдік ойын арқылы көрсетіңдер.
Президент - 1бала
Парламент - 4 бала / Сенат - 2, Мәжіліс - 2/
Үкімет - 8 бала
Денсаулық сақтау министрлігі
Білім және ғылым министрлігі
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келсім министрлігі
Қаржы министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Сыртқы істер министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Премьер – Министр
Әрқайсыларын қызметтеріңді білесіңдер ғой?
Мұғалім: Біздің ауылымызды көркейюіне, дамуына заң шығару керек.
Оны кім шығарады? – Балалардың жауаптары.
Ойын көрсетіледі.

ІҮ. Тест: 1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс:
"Менің Отаным" тақырыбына эссе жазу.

Дарынды оқушыларға қосымша "Отан" туралы өлең шығару.

Төмен оқитын оқушыларға карточкамен жұмыс.
Сөйлемді жалғастыру. /төмен оқитын оқушылар/
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан ----
2. Қазақ тілі -...
3. Үкіметті...
4. Министрлікті министр...

V. Сабақ қорытындысы:
Үй жұмысы «Егер мен Президент болсам» эссе жазу.

"Инсерт" стратегиясын жалғастыру. Кестенің 3 бөлігін толтыру.
Не үйрендік?

Бағалау.
Сабақтың басында берілген бағалау парағының бөліктері бойынша білімдерін бағалап, қорытынды баға қояды.

Рефлексия
Оқушыларға күннің көзі бейнеленген суреттер таратылады. Балалар өз ойларын сол суретте бейнеленген күннің көзі бойынша көрсетеді. Сабақ ұнаса күннің көзін күлімсіретіп қояды, егер ұнамаса түзу сызық қойып, ұнамағанын білдіреді. Парақтың артына өздеріне немен ұнағанын немесе немен ұнамағанын ашық жаза алады.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров613
Номер материала 281426
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх