Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақстаным қара шаңырағым 4 сынып

Қазақстаным қара шаңырағым 4 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы слайдтар, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

 Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші-алтын бесік», «Өз елім-өлең төсегім», «Отан-елдің анасы».

 

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

                                   

 

                                    Сабақтың барысы:

Слайд бейнефильм Мақпал Жүнісова «Қазағым»

Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

 

Жүргізуші I:   Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп

тұрған Солтүстік Қазақстан! Жұмыр жердің солтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке — менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

Слайд: бейнефильм «Қазақстан»

 

Жүргізуші II:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар

тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға

сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Жүргізуші I:   Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Жүргізуші II:  Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей мандай терін төккен жер!

  Жүргізуші I:   Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

Жүргізуші II:   Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты  сан ғасырлық шерімен!

Жүргізуші II:   Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла

шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

( «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)

Оқушы:       Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

 

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!

 

Жүргізуші II:    16 желтоқсан ҚР-ның  Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).

 

Біз жас ұлан- Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.   – демекші, Қазақстан Республикасының  рәміздері және Отан туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

1-оқушы:

Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі  ай – күнін.

Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.

2- оқушы:

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Елтаңбасы елімнің.

3- оқушы:

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Бір қазақ боп өзіңе мен бас ұрам.

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

4- оқушы:

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Жүргізуші I:

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

       («Егемен    елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі ) 

 Жүргізуші I:    Даңғыл … Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–20 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз жиырма жылда өттік.

Жүргізуші II:    Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің  отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

      Жүргізуші I:    Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

Жүргізуші II:   Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды  шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім — байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.

Елміз  өркениетті замана ағысына қосылды.

(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.)

  • Мұғалім:

Шаңырақ дегеніміз не?

«Үлкен шаңырық» деп нені айтамыз?

Ол-Атамекен,Отан.

Отан дегеніміз не?

Отбасы-осы Отанның кішкентай бөлшегі.

  • .Отан,туған жер, отбасы туралы мақал-мәтел айтқызу.

  • Әңгіме.

-Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті ,тапсырған жұмысты атқарып,тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:

-Біз бір үйдегі 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасындар?-депті.

-Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсындар?

  • Өзара түсіністік.

  • Сыйластық.

  • Еңбексуйгештік.

  • Мейірімділік.

  • Қайырымдылық.

Мұғалім: Ендеше,біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

Сөзжұмбақ шешу.



Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров108
Номер материала ДВ-368728
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх