Инфоурок Начальные классы Конспекты"Қазақстаным- менің Отаным" тақырыбына арналған сынып сағаты

"Қазақстаным- менің Отаным" тақырыбына арналған сынып сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Қазақстаным- менің Отаным.\1 слайд\

 

Сабақтың мақсаты:

 “Оқушылар мен ата-аналардың туған

жерге деген сүйіспеншіліктерін

арттыру”

Міндеттері:

1.Жарық дүниеге әкеліп,тіршілік сыйлаған  анаға деген

 баланың немесе балаға деген ананың шексіз, өлшеусіз

махаббаты, сүйіспеншілігі туралы түсінік беру

2.Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.  

3.Ананы сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.   \2 слайд\                            

 

 

Сабақ барысы:

Мұғалім: \Ата-аналармен, оқушылармен амандасу. \

   (кіріспе сөз)  \3 слайд\

    «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан» деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр.Қазақстан- егеменді, тәуелсіз, байтақ, жері шұрайлы, астығы мол, кенге бай, суы мөлдір, тұнық, таза, бейбітшілігі мен татулығы берік ел. Байтақ жері, аспанмен теңескен асқар таулары, шуылдасқан өзен, көлдері бар елімді мақтан тұтамын.Бұл жерде тұратын адамдарға еліміздің тауы да, тасы да, мекендеген жануарлары да, төрт түлік малдары да-бәрі оларға ыстық.

«Қазақстан –менің Отаным» атты  сынып  сағатын бастайық.

Анель: \4 слайд\

Әйнегі – күн, шатыры – аспан,

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістен шашқан

Қазақстан Республикам  менің!

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға бермей намысты елін,

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан Республикам менің!

Нұрдәулет:

Мен қазақпын, қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам басына моланың да

Мұрагермін бүгінге иемін мен.

Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім,

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

 

 

 Мұғалім:

   Біздің мемлекетіміз – дербес мемлекет. Бүгінде Қазақстан елі дүниежүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан, әлемге танымал елге айналды. Мен біздің туған жер туралы мақалды бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар.

1. Отан оттан да қандай?... \5 слайд\

2. Туған жердің күні де ыстық... \6 слайд\

3. Отансыз адам... \7 слайд\

4. Туған жерге... тік. \8 слайд\

5. Ит тойған жеріне, Ер... \9 слайд\

6. Туған жердей жер болмас... \10 слайд\

7. Ел іші алтын... \11 слайд\

 

Хор: Менің елім \12 слайд\

 

Мұғалім:

 (Қара қорапта түрлі-түсті фишкалар бар. Оқушылар фишкаларды біреуден алады. Қызыл түс: бірінші топ, жасыл түс: екінші түс, сары түс: үшінші топ, көк түс: төртінші топ болып бөлінеді. Ата-аналар өз балаларының жанына  барады. ) \13 слайд\

  Қазақстан туралы не білесіңдер? (топтардың жауабы) Одан да көбірек білу үшін, білетіндерімізді еске түсіру үшін біз қазір сендермен мынандай жұмыс жасаймыз.

Төрт топ төрт бағытта жұмыс жасайды.Оларға тақырыпқа байланысты алдын ала дайындалған суреттер, ақпараттар беріледі.

Бірінші топ: Қостанай қаласы

Екінші топ: Біздің елордамыз –Астана қаласы.

Үшінші топ: Ел рәміздері

Төртінші топ: Қазақтың салт – дәстүрлері.

  Берілген материалдарға сүйене отырып әр топ бірігіп  коллаж жасайды және оны қорғайды.

  (15 минут уақыт)

Би: Қазақ биі 4сынып қыздары

 

Бірінші топ: \14 слайд\

Қостанай қаласы

   Ерте замандардан келе жатқан аңыз бойынша ұлан-байтақ жеріміздің Солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі-Қостанай.Өмірі байға жалшы болумен өткен Қос және Танай деген кедейдің егіз қыздары болған екен. Көшпелі тірліктің қиыншылығын көтере алмай жарық дүниемен қоштасқан қос қышқынның есімі ел узында сақталып, уақыт өте осы аймақ ҚОСТАНАЙ деп атаныпты. Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Қостанай облысында 5 қала, 16 аудан бар. Қалалары: Рудный, Жетіқара, Арқылық, Лисаковск. Облыс орталығы — Қостанай қаласы. Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің жағасына салынған. Біздің қалада жалпы білім беретін бірнеше мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары және көптеген мәдениет орталықтары бар.

 

Біздің жерлестеріміз: Б.Майлин, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов. Қалада А.Байтұрсынов атында мемлекеттік университет және Ы. Алтынсарин атында мектеп-интернатыбар. Қостанайда өлкетану мұражайы және Ы. Алтынсарин атындағы мұражай бар. Орталықта Толстой атындағы үлкен кітапхана бар. Қостанайда мәдениет орындары: Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры және М.Горький атындағы орыс драма театры. Қаладағы өнеркәсіп орындары: «Баян-сұлу» кондитер фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы. Қостанайда әдемі, зәулім ғимараттар көп.  Мұнда алғашқы мешіт 1893 жылы салынған. Кейіннен жұмысшылар клубы, кинотеатр, филармонияның концерт залына айналған бұл ғимарат 1898 жылы сәулет ескерткіші деп жарияланды. Тек содан он жыл өткенде ғана ғимарат өзінің бастапқы болмысына еніп,қайтадан мешіт ретінде пайдалана бастады.

Екінші топ:

Біздің елордамыз –Астана қаласы. \15 слайд

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.1.Орынбор (1920-1924 жылдары).2.  Қызылорда (1924-1929 жылдары).3.  Алматы (1929-1997 )жылдары.4.  Астана(1997жылдан).Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы барҚаланың назар аударарлық орындары:

·         Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше.

·         Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

·         Бәйтерек — Астананың басты символы.

·         Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады

·         Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.

·         Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

Үшінші топ:

Ел рәміздері \16 слайд\

Описание: http://egov.kz/wps/wcm/connect/5e801ccc-a4bc-474a-846b-4518fedcb097/flag.png?MOD=AJPERES&CACHEID=5e801ccc-a4bc-474a-846b-4518fedcb097Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан

 

 

 

және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы Описание: http://egov.kz/wps/wcm/connect/1b651057-0a98-47a1-9a43-9331d87747ff/Coat_of_arms_of_Kazakhstan.svg.png?MOD=AJPERES&CACHEID=1b651057-0a98-47a1-9a43-9331d87747ffқабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

 

Төртінші топ:

Қазақтың салт – дәстүрлері. \17 слайд\

Қазақ –көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.

Сурет бойынша салт – дәстүрлермен  таныстыру.

 

Мұғалім: \18 слайд\

   Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып, адам болып қалыптасады, сол ортадан тәрбие алады. Сол себепті, өз елінің, өз Отанының азаматы ретінде Отанына сүйіспеншілікпен қарайды. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласы № 8 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты

 

 

 

 

"ҚАЗАҚСТАН- менің Отаным!"

 

 

 

                                             Өткізген: Нургазина А.Ж.

 

 

 

 

2015 оқу жылы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақстаным- менің Отаным" тақырыбына арналған сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 931
    • DOCX 10.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургазина Айгерим Жумагазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7812
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 841 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов