Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Қазақстанның қорықтары сабақ жоспары

Қазақстанның қорықтары сабақ жоспары



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:


Сынып: 7

Күні: _____________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары (7 класс)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы мағлұматтар беру. Сөздік қорларын көбейту.

Білімділік: оқушыларға Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы толық мәліметтер бере отырып, олардың маңыздылығы жайында білім беру. Сөздік қорларын көбейту. Картадан оларды көрсете білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың мемлекеттік тілде оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту. Карта жайындағы біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеттері:












Сабақтың типі: жаңа сабақты мультимедиямен игерту

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ қазақ тілі мен география

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, әңгімелеу, аудирование,

өздік жұмыс

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Қазақстаның физикалық картасы, сызбалар,

қорықтардың суреттері, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Блиц турнир Қазақстан жері қандай?

  • Қазақстанның табиғаты туралы не айтасыздар?

  • Оның неше пайызын таулар алып жатыр?

  • Неше мыңға жуық өзендер, көлдер бар?

  • Жазық жер аймақтары туралы не айта аласыздар?

hello_html_m72f34ce1.gifhello_html_m4e4e9842.gif

Шалғын, дала, шөлейт, шөл, суқойма, орман, таулы жер – бұлардың барлығы өсімдіктер мен жануарларадың мекендейтін жерлері болып табылады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның қорықтары». Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Негізгі бөлім.

1. Сөздік жұмыс.

а) хормен оқиды

ә) сан алуан сөз тіркесінің синонимдік қатарын табады.

б) біріккен сөздерді атап, сөз құрамына талдайды.

в) қандай сөздер етістікке жатады?

г) «У» қай етістіктің жұрнағы?

hello_html_m596019c9.gif


2. Қазақстан қорықтары жайлы жалпы мағлұмат беру және картамен жұмыс

жүргізу.

hello_html_mecc4650.gifhello_html_m71dbb8b7.gif

Біздің Республикамыздың қойнауы әр түрлі табиғат байлықтарына бай. Кең – байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған екенін өздеріне белгілі. Міне қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат

байлықтарын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда елімізде «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» қатарына:

10 - Мемлекеттік табиғи қорық

10 - Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар

49 - Мемлекеттік табиғи қорықшалар

26 - табиғат ескерткіштері

3 - Мемлекеттік табиғи резерват

5 - қорықтық аймақ

6 - ботаникалық аймақ

3 - зоологиялық саябақтар жатады.

Бұл республикамыздың жалпы жер көлемінің 17 млн 874 мың га жерін алып жатыр, яғни 8% ғана құрайды. Бұдан еліміз үшін ЕҚТА аз екендігін көре аламыз. Өркениетті елдердің көпшілігінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, Германия – 31,5%, Нидерланд – 26,2%, АҚШ – 15,8%, Жапония – 15%, Ұлыбритания – 10,5 % жерлерін алып жатыр.

ТАБИҒИ ҚОРЫҚ – табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Ерекше қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.

Қазір елімізде 10 қорық жұмыс жасауда, олардың әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие болған Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Ең соңғы 10-ыншы қорық Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданына 2004 жылы «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды. Оның жерінің ауданы 34300 га жерді қамтиды. Қорғалатын табиғат нысандары Қаратау өңірінің экожүйелерінің табиғат байлығын сақтау.

Қазақстанда ең алғаш болып «Ақсу Жабағылы» қорығы 1926 жылы құрылған. Бірақ біз көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VІІ ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.

Қазақстанда болашақта мына қорықтарды ұйымдастыру ісі көзделуде.

Ерейментау, Бетпақдала, Торғай, Жоңғар, Кент, Қопылаңқыр, Зайсан көлі.

(Сұрақтар қою)

3. Аудирование: «Ақсу Жабағылы қорығы» мәтінін тыңдап, түсінгендерін әңгімелеп береді. (Оқулық 56-57 бет)

4. Аймақтық компонент.

Біздің республикамыздағы 10 қорықтың үшеуі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Марқакөл, Батыс Алтай және Алакөл қорықтары. Бұл сандар біздер үшін үлкен мақтаныш бола алады. Аталған қорықтарды картадан көрсету.

5. Ой алмасу сәті. Қорық деген не?

6. Берілген мәліметтерді пайдаланып, Алматы және Қорғалжын қорықтары туралы әңгімелейді.

hello_html_m60eeb622.gifhello_html_m504a8517.gif


ІV. Қорытындылау.

-Қазақстан жерінде неше қорық бар?

-Оның нешеуі ШҚО-да орналасқан?

-Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?
-Сіздер үшін Қазақстан жерінде әлі де қорықтар құрылуы керек пе?

-Қорықтардың құрылған жылын тауып, бағдармен көрсету


Қорықтардың аты

Құрылған жылы

Барсакелмес

1926

hello_html_m63ee7e40.gifМарқакөл

1939

Батыс Алтай

1992

Ақсу Жабағылы

1968

Қорғалжын

1976

Дұрыс жауаптардың саны

 


V. Бағалау.

Сабақққа белсенді қатысып және тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Сөздік жұмысы, деңгейлік тапсырмалар.

1. «Қазақстан қорықтары» туралы диолог.

2. Қорықтар туралы мазмұндау.

3. ШҚО қорықтары жайлы хабарлама дайындау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.08.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров1606
Номер материала ДA-013846
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх