Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / "Қазақстанның Ресейге қосылуы" (10 сынып) сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

"Қазақстанның Ресейге қосылуы" (10 сынып) сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның Ресейге қосылуы»

Күні: 13.05.2011ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру

алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің отарлық

саясаты барысындағы саяси оқиғаларды, Ресейге қосылудың

салдарлары мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлер туралы

қолда бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана

отырып, тереңірек түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін

пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру

арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын

терең оқып тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз

білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру,

қорытынды шығару машықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам

жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен

қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

  • Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын

еске түсіру;

  • ХҮІІІғғ. тарихи тұлғаларды тану;

  • Қазақ жүздерінің Ресей қарамағына ену кезіндегі басты

оқиғаларды білу;

  • Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологияларының стратегиялары,

сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның Ресейге қосылуы» картасы,

кітаптар көрмесі, слайд-шоу.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын түсіне біледі, Ұлы жүздің Ресейге қосылуымен 1,5 ғасырға созылған процестің мәнін түсініп, сол кезеңнің мемлекеттік қайраткерлерінің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ойтолғаныс кезінде іске асыра алады.

Сабақтың кілт сөзі: «Тарих – бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын»

(Ж.Молдағалиев)





С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:


Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

Сабаққа қатысын тексеріп, зейінін сабаққа аудару;

Шаттық шеңбері

Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Достарым саған мың сәлем.

Ендеше тілек тілейік,

Баршамыз ізгі ниетпен

Тарихтың зерттеп қойнауын

Тәуелсіз елдің өрені

Жетейік биік белеске

Оқушылардың тілегі


Сабақтың мақсаты хабарланып, сәйкесінше міндеттер айқындалады.

«Естігенімді – ұмытамын,

көргенімді – есте сақтаймын,

өз істегенімді – меңгеремін» Конфуций

Қызығушылықты ояту

  • Құлақ салып көрейікші, қандай әуен естіледі? «Елім-ай» әні

  • Аталмыш ән қай кезеңде дүниеге келген? Жоңғар шапқыншылығы

  • Дұрыс айтасыздар, өткен сабақта біздер Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы туралы жан-жақты талқылаған болатынбыз.

  • Олай болса, сұмдық сипатымен қазақтың есінде өшпестей болып қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін», «қайын сауған» кезеңін еске түсіріп, төмендегі тапсырмаларды орындайық.

Бағалау парағы үлестіріледі.


Миға шабуыл

Дұрыс жауабын табыңыз

1. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:

A) Үш жүздің басын біріктіру

B) Хан сайлау

C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру

D) Руаралық тартыстарды шешу

E) Заңдар жинағын шығару

2. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:

A) Абылай

B) Тәуке

C) Әбілқайыр

D) Тәуекел

E) Сәмеке

3. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:

А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді

С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді

D) Жетісу өңірі толық азат етілді

Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді

4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер:

А) Сырдария маңы

В) Шығыс Түркістан

С) Ташкент

D) Қаратау маңы

Е) Жетісу

5. Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары:

А) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет

В) Сәмеке мен Әбілқайыр

С) Сәмеке мен Әбілмәмбет

D) Батыр мен Тақыр

Е) Әбілқайыр мен Батыр


Жауаптары:

1. С

2. С

3. А

4. Е

5. В


«Ой ашар»

Сәйкестендіру жұмыстары орындалады

1

ХҮІІІғ. қазақ жеріне шығысынан қауіп төндірген мемлекет

А

Қанжығалы Бөгенбай

2

Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алған жыл

Ә

Жоңғария

3

Бүкіл қазақ жасағының қолбасшысы болған батыр, дипломат

Б

Сәмеке

4

Алакөл, Бұланты шайқастарында найман жасағын басқарып, «Дарабоз» атанған батыр

В

1724-1725жж

5

1724-1738жж Орта жүздің ханы

Г

Қаракерей Қабанбай

1-Ә / 2-В / 3-А / 4-Г / 5-Б


  • Ендеше, кезекті ойынға берсек....

««Иә» ма, «Жоқ» па» ойыны

Кел, баршамыз жиналып,

Иә ма, жоқ па ойналық

Мен бастайын ойынды

Түрлі сауал қоюды

Сұрақ қойған кезімде

Сен «иә» де, не «жоқ» де

Қалмау үшін жаңылып

Сұрағымның мәнін ұқ!

р/с

Мазмұны

Иә

Жоқ

1.

«Қазақ даласының Ликургі» атанған, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды» негіздеген билеуші Тәуке хан болды.

+


2.


1635, 1643, 1652жж. қазақтарға қарсы жорықты басқарған жоңғар қоңтайшысы Батыр еді.

+


3.

1710 жж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді

+


4.

Жоңғарлар қазақ жеріне 7 бағытта 700мың әскермен кірген


+

5.

1723-1727жж қайғылы көріністі Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінің қайғылы әуенімен жырлайды

+


6.

Цинь императоры Кансидің өлімінен кейін жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен қазақтарға шабуылды күшейтті


+

7.

Қара сиыр деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды.


+

8.

Аңырақай шайқасында үш жүздің бірлескен жасағына Әбілқайыр хан қолбасшылық жасады

+


9.

Ш.Құдайбердіұлы: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары қазақ халқының үштен бірі қырғынға ұшырады»- деген деректер келтірген.


+

10.

Шыңғыс ұрпақтарының тақ үшін таласуы нәтижесінде қазақ жасақтары Аңырақай шайқасындағы жеңістен туындаған қолайлы жағдайларды пайдалана алмады

+


Тарихымның тарауын

Қайталадық әп-сәтте

Айтыңдаршы білейін

Ұнады ма бұл ойын? Иә


«Суреттер сыр шертеді» айдары

  • Экранға назар аударып, көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білетінімізді ортаға салсақ.

hello_html_mbc9f84e.pnghello_html_60d767a1.pnghello_html_m3c49a435.jpg


  • Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып «Қазақстанның Ресейге қосылуы»

Мағынаны тану

  • Бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып сіздерге жақсы таныс, сондықтан қазір еске түсіріп, пікір алмасатын боламыз.


Жоспар:

    • Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі

    • Қазақстан жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі

    • Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.

    • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.


«Тарих тағылымы» айдары

Тарихнамалық шолу

«Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы»

Сөздің ұлысы, сөздің сипаттысы – тарих. өмірде бәрі өткінші, бәрі тозады, ғылым ғана мәңгілік бәрінен озады демекші тарих тағылымы әрбір халықтың дамуының басты факторы болып табылады. әрбір мемлкеттің тарихы оның халқының тәуелсіздікжолындағы күрескерлік жолымен өзектес келеді. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда Қазақстанның Ресейге қосылуының кезеңдері мен саяси күрделі өзгерістерді уақыт пен кеңістік аралығында серуен жасап қарастырамыз.

Ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен кеңестік тұжырымдама біраз өзгерістерге ұшырады. Ғалымдарымыз Орталық Азиядағы халықаралық қалыптасқан жағдай мен Ресейдің империялық саясаты туралы зерделеп, жаңашыл, тың туындылар дүние келуде. Осы орайда сабағымызға жасақталған кітаптар көрмесі сын ғасырлар сарынын аңғартуға көмегін тигеді.

Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін М.Әуезов айтын көрсеткен.

М.Әуезов: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір

жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса,

екінші: Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшінші: орыс

үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, сонымен

бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы»

Ә.Бөкейханов: «Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау(ерікті түрде

және үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады»

П.Г.Галузо: «Қазақстанның империя құрамына кіруі; біріншіден – халықтарды

саяси дербестіктен айырудың, екіншіден – экономикалық жағынан

кіріптар етудің, үшіншіден – дүние жүзін болашақ отарларға бөлу

жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды»

С.Асфендияров: «Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік

әкелген жоқ, күйзеліс, талап-тонаушылық әкелді»

Н.Г.Аполлова: «Патша өкіметінің даланы бейбіт жолмен жаулап алуы және

қазақ халқының мәңгілік бодан болуы дейтін кең көлемді

агрессиясын жүзеге асырды»

Н.Назарбаев: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді.Отарлық

кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттігін

қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен

суға байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын

ала ойластырылған зұлым саясат болды»

Әбілқайыр мен Абылайдың сол кезеңдегі әрекетін заңды құбылыс деп санаймыз. Себебі халық қаһармандары заман талабымен, халық қалауымен дүниеге келетіні ойымызды анықтай түспек. Қандай да болмасын халықтың, қоғамның басына қиын күн туғанда сол заманда ғұмыр кешкен ұрпақ өмірі де күрделі болмақ.

ХҮІІІғ.30жж басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы ХІХ ғ.60жж аяқталып, 1,5 ғасырға созылған болатын.

Қалай болғанда да, шаруашылық пен әскери отарлау салдарынан Қазақстан саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай қол үзіп қалғаны тарихи шындық болып табылады. Тарихты жаңарту, саралау – бүгінгі ұрпақ сіздердің пешенеңізге жазылмақ.

Кітаптар көрмесіне шолу. Дәптермен жұмыс

Оқиғалар желісін айшықтау жүзеге асырылады.

Ойтолғаныс

Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?

РАФТ стратегиясы

Р-Абылай

А-жас ұрпақ
Ф-
бұйрық
Т-
Тәуелсіздік туын биік ұста!

Дискуссиялық карта

Он-лайн сабаққа қатысушы мектеп ұстаздары мен оқушылары назарына ұсынылады.

Қазақстанның Ресейге қосылуының қазақ халқы

үшін қандай ерекшелігі болды?


«Тапқыр болсаң тауып көр »

Хронологиялық кестенің бос орындарын толтыру

қыркүйек

Кіші жүздің елшілері С.Құндағұлұлы мен Қ.Қоштайұлы Ресейдің құрамына кіру туралы құжатты тапсырды

19 ақпан

Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы Әбілқайыр хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.

10 қазан

Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді


Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның ант беруі


Сұлтан Сүйік Абылайханұлының қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды.


Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді

20-30жж

Азия комитеті” құрылды


Қапал бекінісінің салынуы

10 қаңтар

Ұлы жүзге Ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.

7 шілде

Қоқан хандығының басты тірегі Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді


Ақмешіт бекінісінің Ресейдің қол астына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты.


Алматы қонысының орнына Верный бекінісі салынды


Ұлы жүз приставының резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды


Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды


Алатау округінің билеушісі Г.Колпаковский әскері Ұзынағаш щайқасында қоқандықтарды жеңді.


Ресей құрамына 4 мың қоңырат, 5мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.


Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Мерке, Әулиеата, Түркістан, Шымкент бекіністерін алды


Ташкентті үш күндік шайқастан кейін алды


Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап алып, 1867ж хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды


Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына енді

11 шілде

«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді

10 қазан

«Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді


«Ойды аяқта»

1.1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына ...................бекінісі тұрғызылды.

2. .................. ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілері С.Құндағұлұлы, Қ.Қоштайұлы болды.

3.1863жылы Ресейдің құрамына 5000 шаңырақ ............................... руы енді.

4.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып Ұлы жүздің ....................... руы қабылдаған.

5.................. бекінісі 1847 жылы салынды.

6.Ұлы Жүзді басқаратын пристав ...............жылы тағайындалды

7.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын ................. хандығы билігінде ұстады

8.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі, ......................... өзені бойындағы Таушүбек бекінісін орыс әскерлері 1851 жылы 7 шілдеде қантөгіссіз басып алды.

9.1960 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері ...........................түбінде шайқасты.

10. Қазақ хандығының Ресейге қосылу процесі саяси-құқықтық қатынастары жағынан ............жылдай уақытқа созылды.


Кhello_html_20993ce2.gifhello_html_m2be4a88b.gifhello_html_ma933df7.gifhello_html_64905550.gifhello_html_m5e4340d2.gifілт сөздер:


hello_html_m7fcb86b6.gifhello_html_7c6b0993.gifhello_html_6c17004d.gifhello_html_624af552.gifhello_html_m456a0634.gif




«Жұмбақ санды тап»

І.ХІХғ.басында Ресейге қосылмаған Қазақстан жерлері:

ІІ. Абылай хан жерленген қала:

ІІІ. 1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады:

0. Шығыс Қазақстан

0. Алматыда

0. Ресейдің

1. Орталық Қазақстан

1. Созақта

1. Сефевидтік Иранның

2. Жетісу

2. Таразда

2. Қытайдың

3. Солтүстік Қазақстан

3. Ташкентте

3. Башқұрттардың

4. Маңғыстау

4. Сығанақта

4. Жоңғарияның

5. Үстүрт

5. Қарқаралыда

5. Цинь империясының

6. Тарбағатай

6. Атбасарда

6. Хиуаның

7. Батыс Қазақстан

7. Әулиеатада

7. Қоқанның

8. Еділ мен Жайық

8. Түркістанда

8. Бұхар хандығының

2

8

0


  • Жұмбақ санның құпиясын кім ашып береді?

  • 2011жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен бірге биыл Қазақстанның Ресейге қосылғанына 280 жыл.


Дискуссия жүргізу

Тиімді

Тиімсіз

1.Қазақ елі жоңғар тепкісінен құтылды

2.Патриархалдық-феодалдық қатынастар ыдырап, капиталистік бағыт қалыптаса бастады.

3.Қазақ халқы отырықшылық өмір салтына көшіп, егіншілікпен айналысып, ағаш үйлер сала бастады.

4.Орта Азия хандықтарының

озбырлығынан құтылды.

5. Батыс мәдениеті мен

ғылымын игерді

1.Қазақ халқы ұлан-байтақ жерінен айрылды

2.Орыстандыру, қоныстандыру саясатынан жапа шекті.

3. Табиғи байлығын сарп етті.

4. Дәстүрлі шаруашылығы күйреді.

5. Ұлттық тұтастығын жоғалтты.

6. Ата-баба аңсаған тәуелсіздігінен айрылды, тәуелділікке түсті.



Қорытындылау

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті.

«Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес.
Өткеннің өкінішін айтқанда елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес, тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек»

Н.Ә.Назарбаев

«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың өскелең ұрпағы ертеңге көз жүгіртіп, бүгінмен өмір сүрсе дейміз.

Бүгінгі қоғамның жарқын кепілі көк байрақ астындағы 20 жылымыз баянды болғай демекпін.

Б.Тілеуханның «Елім менің» әні тыңдалады.


Бағалау

Үйге тапсырма беру:§30 оқу, Қазақстанның Ресейге қосылуы аясында

тарихшы ғалымдар пікірлерін саралау





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров3594
Номер материала ДВ-132651
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх