Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / Қазақстанның тәуелсіздігінің сара жолдары

Қазақстанның тәуелсіздігінің сара жолдары

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіз ел тағдыры


Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылып, тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді. Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған тәуелсіз елді әлем таныды.

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бірден аяққа тұрып кетпегеніміз бәрімізге аян. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені рас. Бірақ қазақ халқы еш уақытта мойыған жоқ, мойымайды да. Елбасы айтпақшы, «Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республика болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, қолда бар өндірістер мен зауыттар әбден ескірген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қияметтің қиыны болатын». Десе де қиын-қыстау шақты артта қалдырып, дамудың даңғыл жолына түстік.

Қаншалықты биікті бағындырғаныңды білу үшін, артыңа көз салсаң жеткілікті. 25 жыл ішінде Қазақстанның алған асуы мен жеткен белесі аз емес. Осы тұста Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы мен түрлі жиында сөйлеген сөзінде келтірілген деректер арқылы тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда жеткен жетістіктің бірқатарына шолу жасауды жөн санап отырмыз.

Қазақ тілі биік тұғырға қонды.Бүгінде тіліміздің деңгейі төмен, ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келген ана тіліміз жұтаң тартып барады, - деп жиі айтатынымыз рас. Ал аға буынның көпшілігі осыған да шүкір дейді. Себебі еліміз тәуелсіздік алғанған дейін, одан кейінгі жылдарда да он адамның жетеуі — өзге ұлт өкілі, үшеуі ғана қазақ боп қалған кездерде биік мінберді былай қойып, қоғамдық көлікте, қала көшелерінде туған анаңмен, туған балаңмен қазақша сөйлесудің өзі мұңға айналған заман болған. Ал қазір ше?

Тәуелсіздік алғаннан кейін тіліміз заң жүзінде елдегі басты тілге — мемлекеттік тілге айналды. Елбасының «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасы қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Президент жолдауында «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу» деп мемлекеттік тілге көп көңіл бөлу керегін баса айтты.

«Мемлекеттік тілді үйрену – міндет, ал оны білу – әрбір қазақстандық үшін абырой» деген Н.Ә.Назарбаевтың дана сөзі бүгінгі қоғамға, жас ұрпақққа игі әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекттік тіл – қазақ тілін үйренуді өзіне парыз санап, жақсы меңгергені абзал.

Қазақ халқының саны артты.Тәуелсіздік алған тұста еліміздегі қазақтың саны 40% ғана болатын. Ал бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғарылаған. Қазіргі таңда 17 миллионнан астық.

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне баса мән берілді. «Тәуелсіздіктің тірегі — ұлттық сана екенін білесіздер. Ал ұлттық сана тарих пен мәдениет арқылы қалыптасады», — деген еді Елбасы. Ата Заңның 37-ші бабына «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi» деген тармақ енгізілген; 1998 жылды Халық бірлігі және тарих жылы деп атап өттік; «Қазақстан-2050» стратегиясында да Отан тарихымыздың маңыздылығын және Отан тарихын паш ету арқылы әлемге Қазақстанды танытамыз деген көсемдік көзқарасын білдірген еді. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы осы бір тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы нақты қадам деп есептеуге болады.


Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасы турасында: «100-ге тарта тарихи-мәдени нысан жаңғыртылып, оның 73-інде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Шетелден тарих пен мәдениетімізге қатысты 5 мыңнан астам құнды деректер табылып, көшірмелері елімізге әкелінді. Әлемдік ақыл-ойдың ең озық үлгілері қазақ тіліне аударылып, олар том-том кітап боп жарыққа шығып жатыр. Бұл құндылықтар келешекте жастардың бойына ұлттық сананы сіңіруге жол ашады. Ұлттық фольклорымыз «Бабалар сөзі» деген атпен 100 томға жинақталып жарық көрді. Сонымен қатар әр қиырда шашылып жатқан ұлттық музыкалық мұрамыз да жинақталды» — деген дерек келтірді.

  Қазақстанның экономикалық әлеуеті жоғарылады.Егемендік алғаннан кейін еліміз жаhандық экономикада әлемдiк тауар нарығына мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн және қымбат металдар, уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде танылды. Ал ауылшаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi өз алдына алға жылжыды.

Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Елдегі өмiр сүру деңгейi жоғарылап, индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталды. Қазіргі таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындады. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 миллиардтан астам АҚШ доллары тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасты. 2001-2002 жылдары ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 пайызды құраса, өткен жылы ЖIӨ екi есе ұлғайды.

Әлемдік дағдарыстар Қазақстан экономикасын айналып өтті деп айта алмаймыз. Бүгінде Қазақстан экономикасының стратегиялық өзекті мәселесіне бәсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сыйымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сонымен қатар республиканың өндірістік және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.

Қазақстанның білім саласындағы мемлекеттік саясаты 1991 жылдан кейін заңнамалық базаларды реформалау бағытында жүзеге асырыла бастады. Білім саласын басқару мен оны қаржыландыру білім жүйесі сапасын арттыру міндеттерімен байланыстырылады. Ал еліміздегі білім саласын жеделдете реформалау 1995 жылдан бастау алады.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жоғары білім жүйесін реформалау кезеңін үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі (1991-1994 жж) – жоғары білім берудің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы жасалуы. Екінші кезең (1995-1998 жылдар) – жоғары білім жүйесін жаңарту, мазмұнын тереңдету. Үшінші кезең (1995-2000 жылдар) – білімді басқару мен қаржыландыруды орталықтан алу және білім ұйымдарына академиялық еркіндікті кеңейту. Төртінші кезең (2001-2007 жылдар) – Жоғары және орта білім беру жүйесін стратегиялық дамыту. Осы жүргізілген реформалар арқасында білім беруді басқаруда демократиялық сипаттар орныға түсті, білім мекемелерінің өкілеттіліктері кеңейді, мемлекеттік жалпы орта және бастапқы кәсіптік білімнің тегін жүргізілуі кепілдендірілді, білім берудің үштұғырлылығы жүзеге асырылып жатыр. ҚР азаматтарымен қатар басқа мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанында білім алуына мүмкіншілік ашылды, елімізге аса қажетті мамандықтарға мемлекет тарапынан білім гранттарының желісі ұйымдастырылып жыл сайын ұлғайтылып жатыр.

Елбасының бастамасымен 2005 жылдан бастап елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды. “Болашақ” халықаралық стипендиясы Елбасы Жарлығымен 1993 жылы 5 қарашада қабылданды. 1994 жылдан берi жылма-жыл қазақстандық жастар шетелдiң алдыңғы қатарлы оқу орындарына жiберiлiп келедi. Президенттiң бастамасымен ашылғандықтан, бұл бағдарлама түлектерiне қарата айтылатын “Президенттiң балапандары” деген бейресми атау қалыптасты. Ал Елбасының өзi “болашақтықтармен” бiр кездесуiнде оларды “менiң достарым” деп атады. “Болашақ” стипендиясының мемлекеттiк маңызы осы екi жайттан-ақ байқалса керек.

Тәуелсіз Қазақстаннның медицинасы да бірден аяқтқа тұрып кеткен жоқ. Кеңес дәуіріндегі жүйе жаңартылып, денсаулық сақтау саласы көптеген қиындықтарға ұшырады. Дәрі-дәрмек, медициналық құралдар жетіспеді. Әсіресе, жалақысы төмен болған медицина қызметкерлері басқа салаға ауысып кетіп жатты. Мамандар тапшы уақытта, қызметкерлердің өзге салаға ауысуы жығылғанға жұдырық болғаны рас. Десе де тәуелсіз елдің аяққа тұруымен қатар, денсаулық сақтау саласының да жағдайы бірте-бірте оңалды. Жыл сайынғы қаржыландыру мен мамандар саны едәуір өсті.

Соңғы жылдары Қазақстан денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуды бастан кешіріп, алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін орталықтар шоғырланған елге айналды. Халық бұрын күрделі ота түрлерін жасату үшін шетел асып ем іздейтін, бүгін республикалық медициналық орталықтар әлемнің үздік медициналық мекемелерімен бәсекеге түсуге қауқарлы. Астана қаласында уақыт талабына сай замануи емдеу технологияларымен жабдықталған ірі медициналық орталықтар жұмыс жасап, тіпті біздің елордаға алыс-жақын шетелдерден дертіне дауа іздеп, ауруынан айығып кетіп жатқан емделушілер қаншама. Бүгін медициналық туризмді дамыту, елімізде сақтандыру медицинасын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталады. Жаңа жылда денсаулық сақтау саласын жетілдіруде бағыт-бағдар берер жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданады деп күтіледі. Ұлт денсаулығы – табысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі ретінде еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бар болғаны маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде: «Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы — 14 пен 29 аралығындағы жастар. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар — Отанға», «Дипломмен — ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру соңғы 7 жылда 10 есеге артты.

Тек биылдың өзінде жас мамандар баспаналы болуына және оларды қолдау көмегіне 12 миллиард теңге жұмсалды» — деді. Ал 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есік пен жолды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» - деді.

Көзі қарақты жанға белгілі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағы кезінде салынып, пайдаланып  келген инфрақұрылымдар қысқа мерзімде не тозып, не қолды болып, спортымыздың дамуына пайдасын тигізе алмай қалды. Ал экономикалық ахуалдың күрделілігінен көптеген спорт нысандары жекешелендіріліп, әсіресе бұқаралық спорттың дамуында қиын да күрделі кезең орнады. Бірақ Елбасы елдік істердің бірі ретінде Қазақстан халқының болашағына тікелей тұтқа болатын бұл саланы назардан тыс қалдырмады. Тәуелсіздіктің үшінші жылы табалдырықтан аттаған сәтте-ақ Елбасының нұсқауымен Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасының «Қайрат» ауыл дене шынықтыру-спорт қоғамының жұмысын жетілдіру туралы» №556 қаулысын қабылдады. Бұл – ел спорты стратегиясының көрінісі болған қаулы еді.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет атанғаннан кейін Қазақстан өзінің бірінші Олимпиадасына 1996 жылы қатысты. Осы жолы әлемнің 197 елі арасында 24-орыннан бой көрсеткен еді. Сонда: «Бұл — КСРО кезіндегі спортты қолдауға бағытталған шаралардың шарапаты. Енді Қазақстанның спорттағы көрсеткіштері төмендейді» — деген пікірлер айтылған еді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы аса көрнекті оқиғасы болуы тиіс. Оның мақсаты – Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттау, тәуелсіздік жылдарындағы қорытындыларды шығару, сонымен қатар еліміздің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ел ішінде және одан тыс жерлерде көрсету.

2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформанының 100 нақты қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы - отыз ұлттың бірі болуға, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді.

Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

 


Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров26
Номер материала ДБ-355712
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх