Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Конспекты / "Қазақстанның өзендері мен көлдері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

"Қазақстанның өзендері мен көлдері"

библиотека
материалов

ЕРТІС ӨЗЕНІ

Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.

hello_html_m67fb94f3.jpg

Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдыңсолтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын ҚатынҚалбаНарынТарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25 – 30 км-ге жетеді. Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: ӨскеменСемейПавлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіссүйріксыланбекірешортаналабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазантабанкөксерке және байкал омулі жерсіндірілген.

Салалары

Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары



Ресей аумағындағы салалары

Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.



hello_html_m6048f637.png













































ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

1980 жылдардың соңында Ертіс өзеніне су бассейнін саламыз деп ұзындығы 15 метр, ал ені 2 метр болатын металды плиталардың 10 шақтысын ескі көпір маңына әкеліп тастаған. Ақырында аталмыш құрылыс нышаны белгісіз себептермен салынбай аяқсыз қалды. Ал зілдей темірлер мен дүмдей бөренелер өзеннің еркін ағуына кедергі келтіруде. Ұзын темір плиталар мен бөренелер алынып тасталмаса, 5 - 6 жылдан соң шыбын - шіркейге толы борсыған суға айналуы ғажап емес.
Осыдан 10 жыл бұрын Ертіс жағалауындағы Семипалатинка қала тұрғындарының демалыс орындарының бірі еді. Бүгінде осы алаңның жағасына Набережная көшесінің күл - қоқысы төгіліп, лас жерге айналып отыр.
Қорыта келгенде, Су - теңдесі жоқ табиғи байлық. Оны ұқыпты пайдалану керек. Қазақ ырымында түн ішінде су алуға тиым салынған., ал тіпті қажет болғанда, су атасы Сүлейменнен рұқсат сұрап жалбарынған.
Су атасы - Сүлеймен,
Айдыныңа тас аттым,
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңды ояттым - деп, 3 рет қайталап айтып су алатын болса, қазіргі күні су жоғарыда айтып өткендей, адамдардың ынсапсыздығынан, келеңсіз әрекеттерінен ластануда. Ертіс өзенінің ластануы мен қазіргі күндегі ластану жағдайын анықтау мақсатында жетекшіммен бірге Семей педагогикалық институтының экология және география кафедрасымен байланыс орнаттық. Ертіс өзені суының жыл маусымдарына байланысты температурасының өзгеруін,. жылдамдығын, ағысын бақылап отырдық. Былтырғы қыс өте аяз болғанына қарамастан, Семей Ертісі қатқан жоқ, себебі, Абай көшесінде орналасқан сыра зауытынан шыққан ыстық су ағып, өзенге құйылып жатты. Нәтижесінде, Семей Ертісінің температурасы да, суының құрамы да, су тығыздығы да өзгеріске ұшырағандықтан, судағы тірі организмдерге зиян келді. Ал құбырдан аққан су жерді жыртып, жыраға айналдырды.

Тек өндіріс орындары ғана емес, сонымен қатар, тұрғындар да Ертіс жағалауын қоқыстармен толтырып қояды. Өз кезегінде сол қоқыстар жаңбыр суының әсерімен өзенге ағып кетеді. Соның салдарынан өзен қазіргі күні таязданып келеді. Өзенді тереңдету үшін түбін қазып, су түбінен шыққан құмды үйіп қояды. Кейіннен сол жерлерге ағаш өсіп шығып, жасанды аралдар пайда болды. Жыл сайын Ертіс суының көлемі кішірейіп келеді. 2009 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша суға тасталынған сульфат мөлшері - 28 мың тонна, құрғақ қалдықтар - 57 мың тоннаға жуық, мыс 3, 8 тонна, қорғасын - 25, 53 тоннаға жеткен.. «Семей водоканал» зертханасында болып, судың құрамын, сапасын зерттеп, судың ластану индексін (СЛИ) анықтадым.

Мысалға, Ертіс өзеніндегі цинктың мөлшері өмірге залалсыз қалыптан 114
есе, мырыш 10, 6 есе, азот 2, 8 есе жоғары болды. Осыдан - ақ өзен суының қаншалықты ластанғанын байқауға болады. Сөзімнің соңында айтарым:
табиғи таза судың болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізілуі үшін суды ластамай, қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялай білуіміз керек.











ЕСІЛ ӨЗЕНІ

Есіл  Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады. Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады.

hello_html_m67f15822.jpg

Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.

hello_html_10b7b74.png



Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.

Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған. 
















ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Бас қаламыз Астананың қарқынды өсіп-дамуы Ақмола облысының аумағына техногенді жүктеменің артуын әкелді. Бұл өз кезегінде осы аймақтағы бірегей ірі су жүйесі - Есіл бассейніне түсетін салмақты да арттырды. Себебі, соңғы жылдары оның халық шаруашылығы үшін мән-маңызы арта түсуде. Оның суы сумен жабдықтау және суару үшін пайдаланылады. Өзен бойындағы ауылдық жерлердегі тұрғындар өзен суын шаруашылық мақсатында ғана емес, ауыз су ретінде де пайдаланады. Өзен суын реттеп отыру үшін 1969 жылы қала халқы ауыз суын алып отырған, қазір «Астаналық» аталған, бұрынғы «Вячеславка» су бөгені және Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Сергеев, қазіргі Шал ақын ауданында Сергеев, Петропавл бөгендері салынған. Өзеннің жоғарғы сағаларында «Астаналық» су қоймасы, ортаңғы ағысында Сергеев су қоймасы пайдаланылады, Булаев, Преснов, Мамлют аудандары мен басқа да ауыл шаруашылық су жүйелері пайдаланады.

1998 жылы Есілдің бойындағы қала ел астанасы атанғанда елорданың ерке өзенінің жағалауын көркейту қолға алынды. Есіл жағалауы қала халқы мен қонақтарының демалып, қайықпен серуендейтін жеріне айналды. Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Кенесары айлағынан басталып, сол жағалауға дейін 45 минутқа созылатын туристік су жолы ашылды. Әсіресе, жыл он екі ай Есілге қармақ салған балықшылар үшін өзеннің орны бөлек. Бұл тұрғыдан алғанда, Есіл өзені шортан, тұқы, сазан, ақ шабағымен бай. Есілдің балық ресурстарын молайту мақсатында жыл сайын өзен бағалы балық түрлерімен толықтырылып отырады. Балық демекші, 2013 жылдың көктемінде Астана тұрғындары салмағы 3-4 келіге дейін жететін алабұға, көксерке, шортан секілді өлі балықтардың Есіл жағасына шығып қалып жатқандарына куә болды. Оның себебін мамандар қыста қалың мұз астында қалған балықтарға ауаның жетпей қалуымен түсіндірді. Ал өзен арнасының астын қажетті ауамен қамтамасыз ету үшін мұзда скавжиналар мен арнайы құдықтар ою керек екен. Бірақ мамандар қыстағы қатты аяздың кесірінен бұл мүмкін болмады, себебі, кей жерлерде мұздың қалыңдығы 1,5 метрге дейін жеткен деген уәждерін жеткізді. Бұл жерде «қазіргі техника мен озық технологиялар күннен-күнге қарыштап жатқан заманда небәрі 1,5 метрлік мұзда ойық жасайтын, сөйтіп балықтардың алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ететін құралдың (техниканың) болмағаны ма?» деген ой еріксіз туындайды. Әлде бұл жаратқанның несібесіне бейжайлықтың, табиғат тартуына немқұрайдылықтың тағы бір көрінісі ме?! 

Экологтар еліміздегі ең көп ластанып жатқан өзендер қатарында Елек, Нұра, Іле, Ертіс, Сырдариямен қоса Есілді де атайды, оның жағдайы «орташа ластанған» дәрежеде деп бағалануда. Оған сеп те, себеп те болып жатқан тек өзіміз. Аймақта өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық секторының, тұрмыстық-коммуналдық саланың дамуы өзеннің осы салалардың қалдық суларымен ластануына әкелуде. Мәселен, биыл жазда Петропавл кәсіпорындары ластанған ағын суларын өз аймағындағы Есіл өзеніне ағызғаны анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген шығын 6,5 миллион теңгеден асқан. Тексеріс қызметі қалалық ағын суды тазалауы тиіс кәсіпорынның (!) су қоймасына жеткілікті тазартылмаған суларды ағызып, су ресурстарын өздері ластағанын көрсетті. «Тазартылған суды бөлістіру және су жіберу құрылғылары» мекемесінен 09.06. 2014 ж. алынған ағызылған ағын суды зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша фосфаттың нақты шоғырлануы белгіленген нормадан 2,36 есеге асып түскені анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген залал 1 млн. 180 мың 783 теңгені құрады», - дейді облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Вячеслав Банковский.





ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ

Жайық  Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

hello_html_6f8f1558.jpg

Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды.Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ , арасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Орсалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен(ұзындыға қырық бес км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар , Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Губейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады.Қаладан өткенен кейін өзенге Көшім бөгенсалынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған.Жайықтың 80%қар суымен толығады.

Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі – 220 мың км2 . Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.



Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесітартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында –қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.[1]

Салалары

Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық , сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау(Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды.

Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).hello_html_m27e737a4.png

Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.

Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.

Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.

Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.

Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.

Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.

Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.

Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.

Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².

Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ.

Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.

Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.

Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.

Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.

Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.

Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты.

Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:

- Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;

- Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады.

Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Барбастау, Емболат т.б. кіреді.

Бұдан басқа , Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтері де өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі.

Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтамасыз етпейді.

Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады.

Жайық өзені мен аңғарлардың суының азаюына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде.

Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес , Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.

Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.[2]

Білгенге маржан

Бұл қасиетті Жайық өзені! Осы өзеннің жағасында Қыз Жібек балғын шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген.

Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан.

Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған.

Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген!

Осы өзеннің суымен Александр Македонский де ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өзенді өтіп Батый Хан қыпшақ халқынын рухымен Русь әлемінің "ел боламыз" деген үмітін жүздеген жылдарға кейін шегеріп, отар қылып, Еуропаның жартысын жаулап алған.

Осы өзенді өтіп әйгілі Марко Поло Еуропаға Азия әлемін ашқан.

Осы өзеннің жағасында адамзат тарихындағы ең дарынды қолбасшылардың бірі Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген. Осы өзеннің бойға сіңген нәрімен Сұлтан Бейбарыс бүкіл Ислам әлемін Моңғол және Крест шапқыншылығынан сақтап қалған. Байтал түгіл бас қайғы заманда Мұстафа Шоқай да осы өзеннің бойымен шетел асқан.

Осы өзеннің бойында толғауын шегіне жеткізіп Құрманғазы құдіретті күйлерін шығарған! Осы өзенді қазақтың маңдайына біткен ұлы Әлкей Марғұлан да малтып жүріп Сарайшықты зерттеген! 







































СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ

Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.

hello_html_m7156e073.jpg

Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады. Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқанАрал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы -

28 км³ ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. 

Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.

Сырдария өзенінің атаулары

Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабы Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. Сырдарияның Шаш деп аталғандығын жазған. Жергілікті халық Шаш өзені десе әл-Мустауфа 14 ғасырда Моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді дейді. Арабтар Сейхун деп атаған . Ал түріктер Сырдария немесе Сырсу деп атаған. Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген . Абу әл-Ғазида осылай атаған. Ибн Хауқал Сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. Ибн Хауқалдың айтуынша таудан аққан бұл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун Жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. Осы себепті өзеннің үстінен арбалар жүре беретін .

Сырдария мен Амудария Сейхун, Жейхун болмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. Яһудилердің жазбаларында Писон және Гихон деген өзендер жайлы айтылады. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз . Моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолданыста шығып, Сырдария деп атала бастаған .hello_html_50c2dc13.gif

Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі және жерасты су қорларын, Арал теңізінің экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі) дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалды.

Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі.







































ТОБЫЛ ӨЗЕНІ

Тобыл (орыс. Тобол) - Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.

Бастауын Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды.

hello_html_6eb1ea55.jpg

Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары

– Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар.

Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізіненқар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір  маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м3/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады.

hello_html_m75236aed.png

Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов-Сарыбай кен-байытуЖітіқара асбестЛисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгеніҚаратомар бөгеніАмангелдіЖелқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында  ЖітіқараЛисаковскРудный және Қостанай қалалары орналасқан.

ІЛЕ ӨЗЕНІ

Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады.

hello_html_m3c5b3c76.jpg

Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.

Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км2, Қазақстан аумағында 77400 км2. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км2. Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.

Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км3, Балқашқа құятыны 11,85 км3. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мг/л.

Шаруашылықтағы маңызы

Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 – 4,5 км3/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн. м3/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қаласынан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.

Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.

Салалар

Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады.

hello_html_m257a8b1f.png

Елді мекендер

Өзен бойында Қапшағай, Бақанас, Құлжа, Бақбақты елді мекендері орналасқан















ШУ ӨЗЕНІ

Шу - Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 600 км), су жиналатын алабы 148000 км2 (Қазақстан аумағында 62500 км2).

hello_html_m5d4f4f79.jpg

Бастауы Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады.









Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөлқазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ. Қазаншұңқырдан шыға бере тағы да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына шығады. Одан әрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды.

hello_html_m36cb6251.png

Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған.

Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан  наурыздақатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы тұсында 77 м3/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзені суының 55%-ы пайдаланылады.





ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.



hello_html_6230097b.jpg

Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.



Каспий жағалауындағы мемлекеттер

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%,Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.

hello_html_m2742e904.png

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Қалыптасуы

Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.

Географиясы

hello_html_m1d4218e1.png

Каспий теңізінің су көлемінің азаюы Сары түстісі бұрын болған көлемі

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегібойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегінедейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской(65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.[1]

Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.

Климаты

hello_html_m2007b147.jpg

Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азияшұғыл континентті климаттар арасында жатыр. ЖаздаКаспийтеңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС.Қыстатемператураөзгеше. Солтүстігінде қысыаязды болып келеді. Қаңтарайының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі.

Теңіз деңгейі

Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км,Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы ҚарабұғазкөлШығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.

Судың тұздылығы

Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады.

Табиғаты

Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.

hello_html_544135b2.jpghello_html_m3914e03a.jpg

Арал Қаязы Бекіре

Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.









КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.



hello_html_m6e0d91ca.jpg

Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. [[|Балық уылдырығы|Балықтар уылдырығын]] тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір  тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктеріжамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыстеңіз шөбішалаңегеушөпарамотмүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның,топырақ жамылғысыныңсудың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.



hello_html_m68ed865c.jpg

Мысалы; 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенолхлорлы органикалық пестицидтераммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар менөсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы: 1900 жылмен салыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш,барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (ӘзірбайжанИранРесейТүрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭБ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты» дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

hello_html_m5d8d2f75.jpg

Еділ дельтасы

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, алТеректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.


Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.



Жағалауындағы қалалар мен құрылыстар

hello_html_31c109f6.jpg

Бақанас порты

Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флотықұрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілікбар.





БАЛҚАШ КӨЛІ

Балқаш  Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

hello_html_16dd7f8c.jpg

Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында

Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді.Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты.hello_html_m205ba644.jpg

 Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқашфаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы қала,Мойынты  Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. 



БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңт.-шығыс аймағында 20 ғ-дың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп — Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өз. арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш к-нің экол. тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км3-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 — 85 жылдардағы Балқаш к-не құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлш. жылына 7,0—8,0 км3-ке дейін өсті (1-сурет), оның 6,5 км3 суы егін суаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км3-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абс. биікт. 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылд. жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 — 46 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өз. атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығыны 1600 — 1800 м3/с-тен 700—800 м3/с-ке дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағыны жылдам өзгеретін (0—1000 м3/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш к-не құятын Іле өз-нің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалған Іле ғана қалды. Су шығынының 90%-і тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына симай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңт. жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4—5-і ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлш. 17—18 мың т-дан 10 — 11 мың т-ға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мыс., бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ін табан, жайын, көксерке, т.б. құрады (1997). Ал, аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды (2-сурет). 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералд. күрт өсті (3-сурет). Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың т-ға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералд. 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мыс., 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км2-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 — 90 ж. Іле — Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғыл. зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 м-ге төмендетілді, сөйтіп көлемі 2 есеге (28 км3-дің орнына 14,5 км3) кеміді де, жер суаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш к-нің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп — Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл — халықар. деңгейде реттелетін мәселе.







АРАЛ ТЕҢІЗІ

Арал теңізі (өз. Orol dengizi; қарақ. Aral ten'izi) — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні жәнежағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады.

Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөлқырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.

Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.

Арал қазба фаунасы

Мүйізтұмсықhello_html_md352e52.jpg

СОЛТҮСТІК АРАЛ ТЕҢІЗІ

Солтүстік Арал теңізі, Кіші Арал  Арал теңізінің шағын солтүстік бөлігі, бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы (мойнағы) арқылы (Көкарал бөгеті арқылы) бөлінген. Жер аумағы 0,9 мың км2.

hello_html_m77d14011.gif

Кіші Аралдың Шевченко, Сарышығанақ, Бутаков атты шығанақтары бар. Теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде Шұбартарауыз солтүстігінде Көктырнақ түбектері орналасқан. Көкарал жағалауы құмдақты, орталық бөлігіндегі абсолюттік биіктігі 161 м. Бөгеттің деңгейі 40 м. болған жағдайда бөгеттің орталық бөлігі мен Шевченко шығанағындағы су көлемі 21 км3 -ге дейін жетеді де Бутаков пен Сарышығанақ шығанақтарында су мүлдем болмайды. Сондықтан, Кіші Арал теңізінің су деңгейін 42 м-ге жеткізу көзделіп отыр.

hello_html_1f4f02e6.png

Сонда судың көлемі 27 м3 жетеді. Толық мәнді экология-экономикалық жұмыс істеу үшін Кіші Аралдың су көлемі 34 км3 -ден кем болмауы керек. Ол үшін келешекте Көкарал бөгетінің екінші, үшінші кезеңдерін салу көзделіп отыр. 



АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ



Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

hello_html_mf12a77a.gif

2000-2011 жылдардағы спутниктік түсірілім



Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.


Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; hello_html_m62d6926e.jpg

оң жақта - 2003 жж.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерініңқалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Арал экологиялық дағдарысы

Тастанды кемеhello_html_761de05e.jpg

Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

 Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

Теңізді құтқарудағы болжамдар

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров4653
Номер материала ДБ-046871
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх