Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен...» ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен...» ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен...»


Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.

1 жүргізуші : 
- Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебірентіп толғанатын кез келді.
Қан төгісті көрсек те кешегі,
Айтамыз біз естігенді сезгенді

2 жүргізуші :
- Соғыс берді аналарға жесірлік, 
Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41- де көрмеді жұрт не сұмдық?

1 жүргізуші :- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты.
2 жүргізуші :- Ендеше, Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған 5 В сыныбының «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1 жүргізуші : Тақпақ (Жұлдыз, Марат, Қанағат)

2 жүргізуші : Көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі.

«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» -

деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде,

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз. Ендеше Бауыржан атамыздың соғыс туралы естелігін өз аузынан естейік. ( видеоролик бауыржанның өз даусы)

1 жүргізуші : 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері батыс шекараларына ене бастады. Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.
2 жүргізуші : Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты
шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды.

1) Көрініс; Бейбіт өмір

1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!

Қария :
- Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, 
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, атттан, аттан!
2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.



1 жүргізуші : Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.
Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылды. ( осы уақытта Священная война әні орындалып жатады).

2 көрініс;

Рота командирі; Батальон орнында. Тоқта. Солға бұрыл.

Жолдас аға лейтенант , сіздің бұйрығыңыз бойынша батальон сапқа тұрғызылды.

Бауыржан; Сәлеметсіздерме жауынгер жолдастар.

Рота; саулығыңызды тілейміз.

Бауыржан; Мен батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлымын. Осы сәттен бастап менің әрбір сөзім сіздер үшін бұйрық және заң болып табылады. Бұйрықты орындамаған және тәртіпке бағынбағандарды қатаң түрде жазалаймын. Бұл құқықты маған біздің Отанымыз және Еңбекші халық берді. Сіздер осы сәттен бастап қызыл әскер жауынгерлерісіздер, сіздердің басты міндеттеріңіз отанға деген адалдық және бұйрықтың уақытылы орындалуы. Естерізде сақтаңыздар командир бұйрығы ешқашан талқыланбайды. Жауынгер жолдастар бізді алдымызда үлкен сын сағаттар күтуде, мүмкін біреуіміз туған жерге оралармыз мүмкін оралмаспыз, бірақ біз отан алдындағы борышымызды ақтық деміміз таусылғанша орындауға міндеттіміз. Жеңіспен оралайық жолдастар Отан үшін алға!

Рота; Алға! Алға! Алға!

2 жүргізуші : Отан Ана еліміздің ер азматтарының қолына қару, бойына қуат беріп жауға осылай шығарып салды.

3 көрініс;

Рота командирі Рахимов; Саулығыңызды тілеймін Бауке.

Бауыржан; Отыр Рахимов. Жағдай қалай.

Рота командирі Рахимов; Бәрі тыныш. Мүмкін шәй ішерсіз.

Бауыржан; Рахмет. Мен жаңа ғана бір мәселе жайында полк командирімен ақылдастым

Рота командирі Рахимов; құпия болмаса ол қандай мәселе екен

Бауыржан; Бүгін түнде 100 шақты жауынгермен жақын жердегі ауылдарға барлау жүргізіп жауға тиесілі заттардың барлығының көзін жою керек. Жолдарды миналап және сол жерден тез арада ізімізді суытып отыруымыз қажет.

Рота командирі Рахимов; Батыл қадам Бауке. Мұндай батыл қадамды олар бізден күтпес сірә. Бұған полк командирі қандай жауап қатты.

Бауыржан; Мақұлдады. Бірақ маған баруға рұқсат бермеді. Сіздермен бара алмайтыным өкінішті. Бақылауды өз қолыңа алуың керек Рахимов. Соққыны бүгін түнде жасаймыз.

Рота командирі Рахимов; Мен тапсырманы орындауға баратын жауынгерлердің тізімін жасайын.

Бауыржан; Жақсы.

Рота командирі Рахимов; Батальон сап түзе. Батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлының бұйрығы бойынша, бүгін түнде жақын жердегі ауылдарға барлау жасап жауға тиесілі заттардың көзін жойып, жолдардың барлығына мина төсеуміз керек және жауға білдірмей тез арада ізімізді суытуымыз қажет.

Бауке барлауға баратын жауынгерлер тізімі жасақталды. Тапсырманы орындауға дайын.

Бауыржан; Ал ендеше жігіттер жолдарың болсын. Жеңіспен оралуларыңа тілектеспін.

Рота командирі Рахимов; Рахмет Бауке.

4 көрініс

Бауыржан өз бөлмесінде ой үстінде ( видеоролик Бауыржанның отбасын еске алуы)

5 көрініс

Есік қағылады. Кіруге рұқсатпа жолдас комбат.

Бауыржан; Кіріңіз. Шәй ішесізбе

Иванов; Шайдан бас тартпас едім. Кеткен жауынгерлерден хабар жоқпа

Бауыржан; Әзірге ешқандай хабар жоқ. Таңға дейін күтеміз

Иванов; Жолдас комбат Мәскеуге дейін 60 шақырым жол қалды, қалай ойлайсыз жауды әлі қанша уақыт бөгей аламыз.

Бауыржан; Сіздің сұрағыңыздын жауабын озімде білсем ғой. Бар білетінім жақын арада бізге сырттан қосымша қол келмейді, сондықтан барлық күшімізді салып, қасық қанымыз қалғанша жаудың бетін Мәскеуге жетпей қайтаруымыз керек.

6 көрініс

Бір топ жауынгерлер штабта отырады. Кейбіреулері автоматын тазартып, біреуі хат жазып , ал енді біреуі радио тыңдап отырады ( осы кезде радиодан Жамбыл жабаевтың Ленинградттық өренім өлеңі беріліп жатады. Сол кезде бір солдат бұның кімнің өлеңі екенін сұрайды. Сонда қазақсжауынгері орнынан тұрып бұл ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңі екенін түсіндіріп ары қарай өзі жалғастырып кетеді)

7 көрініс

Солдат; Баяндауға рұқсат етіңізЖолдас комбат біздікілер келді

Бауыржан; Баяндаңыз

Солдат; біздікілер келді.

Рахимов; Жинақталыңдар. Сап түзе! Жолдас аға лейтенант баяндауға рұқсат етіңіз!

Бауыржан; Баяндаңыз

Рахимов; Тапсырма орындалды. Отряд 200 жуық жау әскерінің көзін жойды, жау қоймалары, шеберханалары өртелді. Біз жақтан қаза тапқандар жоқ 17 жауынгер жеңіл жараққаттанды звод командирі лейтенант Рахимов.

Бауке біздің сізге кішкене сыйлығымыз бар. Мурин

Солдат; Мен

Рахимов; Алып кел

Бауыржан; Фамилияң қалай

Неміс; Хен Краузер

Бауыржан; Командирлерің сендерге не бұйырды, қайда бағыт алдыңыздар

Неміс; таңғы асты Волоколломда ішу, кешкі асты Мәскеуде ішу

Солдат; түсіңде ішерсін

Бауыржан; Алып кетіңдер.

Жарайсыңдар! Жарадыңдар! Демалуға рұқсат

8 көрініс

  • Ал жігіттер бүгінгі жеңісіміз құтты болсын бүгін бір тойлатайықшы оның үстіне жеңісімізді бөлісуге көрші штабтан жауынгер қыздарымыз да келіп қалыпты

  • Онда не тұрыс ән – салып би билеп көңіл көтерейік

  • Билесек билейік жігіттер

1 би Сарбаздар

2 би Смуглянка

  • Енді бір жан тебірентетін ән тыңдайық

Ән; Журавли

  • Қанекей жігіттер еңсемізді түсірмейік, бізді әлі талай сынақтар күтіп тұр. Қане қыздар билейік

1 Би Катюша

9 көрініс

Радиодан кеңес одағының жеңіске жеткендігі туралы хабарлап жатады. Барлығы бірін – бірі құттықтап қуанып жатады сол кезде день победы әні шырқалады.

1 жүргізуші

69 - жыл бейбіт көктем таң атқалы,
69 - жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 69 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.




2 жүргізуші;

Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.


1 жүргізуші

69 жыл - үзілмеді құстар әні
кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
69 жыл - жауымыздың ажал оғы
біздің ел үстіменен ұшпағалы..

2 жүргізуші

Осымен 5 в сыныбының 9 мамыр жеңіс күніне арналған мерекелік концерті аяқталды келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!



















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров161
Номер материала ДВ-464990
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх