Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Қазақтың ырым тыйым сөздері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қазақтың ырым тыйым сөздері"

библиотека
материалов

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

«Заңғар» жалпы орта мектебі


Ғылыми жоба


Тақырыбы: « Қазақтың ырым- тыйым сөздері»

Орындаған: Қонар Нұрболат

Жетекшісі: Шерова Ақмарал

Секция:



Ғылыми жетекші: Шерова Ақмарал







2015-2016 оқу жылы


Қонар Нұрболат Өктемұлы

28.03.2002 жылы

ҚР ОҚО Шымкен қаласында туылған.








Заңғар жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы




Үлгерімі : Өте жақсы




Сүйіп оқитын пәндері : Қазақ тілі,Әдебиет,Ағылшын.




Ұстанымы :

« Ата – салтымыздың асыл мұра, алтын қазынасын жас ұрпаққа базарлық етейік.»





Жоспар



I.Кіріспе


1.1 Қазақ ырым - тыйым сөздері.



II. Негізгі бөлім


2.1 Тыйым сөздер мен ырымдардың жалпы мағынасы.


2.2 Тыйым сөздер мен ырымдардың жүйеленуі


2.3 Қазақ ырымдары мен тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні.

а) Жер жаңғақ

ә) Ала жіпті аттама

б) Тоғыс есебі



III. Қорытынды.











Зерттеу жұмысының мақсаты:

Халқымыз ежелде ұрпақ тәрбиесінде жемісі үзілмей келе жатқан көне салт – дәстүрді, әдет – ғұрыптарды, шешендік өнерді, мақал – мәтел, ырым – тыйым сөздерді кеңінен пайдалаңған. Қазәргә кезде сол тілімізді, тарихымызды, әдет – ғұрыптарды, ұмыт бола бастаған ырым – тыйым сөздері мен шешендік өнерді жаңгыртуға ерекше көңіл бөлінуде.

Біздің мақсатымыз ұлттық тәлім – тәрбие мәселесіндегі ырым – тыйым сөздерінің алар орнын ашып қөрсету. Олар:

  • Тақырыптық ғылыми негізділігін арттыру

  • Дана халқымыздың ұлттық тәрбиесінің бірі – ырым, тыйым сөздерімен таныстыру.

  • Мағынасын түсіндіру.

  • Нақыл, ырым, тыйым сөздер арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оларды шешендік өнерге бейімдеу.

  • Дұрыс қолдана білуге үйрету.

  • Оқушыларды имандылыққа , мейірімділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

  • Балалар өсиетін өмірде жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

1. Ырым – тыйы сөздерді бала тәрбиесінде қалыптастыру.

2. Күнделікті өмірде жиі қолдану.

3. Ырым – тыйым сөздерін мектепте өткізілетін іс- шараларының күн тәртібіне енгізу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  1. Қазақ халқының ырым – тыйым сөздеріне зерделі шолу жасады; ала – жіпті аттамау, кіндік кесу, тоғыз есеп, жер жаңғақа қатысты ырым – тыйым сөздері енгізілді.

  2. Жобады қатысты ырым, тыйым сөздері жинақталды.

  3. Қарапайым түрде ырым, тыйым сөздеріне арналған кесте түзілді жүйеленді.

4. Бала тәрбиесінде ырым-тыйым сөздерінің маңызы зор екендігі көрсетілді.

5. Жас ұрпақтың тәрбиесінде зор үлесін табатын ырым-тыйым сөздері іріктелініп алынды.

6. Ырым-тыйым сөздерін қолдану арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, сол сөздерді күнделікті өмірде қолданылуы басты назарға алынды.

7. Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге, дұрыс оқуға, дұрыс сөйлеуге қалыптастырады.





















Мазмұны


Мазмұны.....................................................................................................


Аннотация..................................................................................................


Пікір............................................................................................................


Кіріспе.........................................................................................................


Тыйым сөздер мен ырымдардың жалпы мағынасы..........................


Тыйым сөздер мен ырымдардың жүйеленуі.......................................


Қазақ ырымдары мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәні..................


Қорытынды...............................................................................................


Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................

















Аннотация

Қонар Нұрболаттың «Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері» тақырыбында орындалған ғылыми жобасы үш бөлімінен тұрады:

Кіріспе бөлімінде жалпы ұлттық тәрбиеге , қазақ халқының ырым – тыйым сөздерінің жастар үшін тәрбиелік мәніне тоқталған .

Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Сонамен қатар жұмыстың мақсаты, міндеті, жаңашылығы берілген.

Негізгі бөлімінде Тыйым сөздер мен ырымдардың , қазақтың салт – дөстүрлерінің сызбанұсқалары мен жүйеленуі берілген . Әрине бұл өте пайымды жасалған дүние. Сонымен қатар тыйым сөздер мен ырымдардың туу себептері және олардың тәрбиелік мәні ашылған.

Ғылыми жобаның қорытындысында алдына қойған мақсаты мен мәселелерінің түйінін, шешілу жолдарын мәлімдеген.

Болашақ зерттеушінің зерделі шолуы аса ұқыптылықпен орындалған.












Аннотация.


Научная работа Конар Нурболата на тему «Казахские народные приметы и запретные слова» состоит из трёх частей.

Во вступительной части рассматривается и даётся общая характеристика национального и народного воспитания , в частности посредством народных примет ,запрет и о их воспитательном значении.

Казахский народ всегда осуждал непристойные поступки и в поведении девушек , парней, и назидательные правила были орудием в воспитании молодежи.

Во вступительной части так же отражены цели, задачи и новшество данного научного проекта.

В основной части приводится систематика, даётся характеристика примет, устойчивых словосочетаний и казахских обычаев.

Работа очень содержательная, грамотно выполнена. Мерей раскрывает причину возникновения народных примет и запрет, о их роли в воспитаний подростающего поколения.

В целом , заключительной части приведены пути решения поставленной задачи и проблемы.

Образ будущего исследователя выполнен с большим старанием.










Abstract.

The Scientific work of Konar Nurbolat on the topic Kazak folk sing and banned word consists from three parts.

In introductory parts are examined and given general characteristies national and folk upbrining (education) in specially folk sings. Banned and about their educational meaming.

Kazak people always blamed indecent actions and behavior girls fellows and instructive rules were instrument in upbringing of youth.

In introductory parts also reflected aims tasks and news these scientist project. In main (basic) parts are given characteristics of sings steady expressions and Kazak customs. The work is very serious literately fulfilled. Merey opens reason of beginning folk and bans about their rules in educational of the rising generation. In conclusive parts are given ways of decisions these tasks and problems.

Aspect future of explorer fulfilled with great deligentment.

















Шымкент қаласы

«Заңғар» жалпы орта мектебінің 8 сынып

оқушысы Қонар Нұрболаттың

«Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері»

ақырыбына арналған ғылыми жобасы.



ПІКІР



Қонар Нұрболаттың «Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері» тақырыбында орындаған ғылыми жобасы мазмұнды, тәрбиелік мәні зор және сауатты жазылған. Ырымдар мен тыйым сөздердің мәнін, мағынасын аша білген. Өз жасына ылайықты зерделі шолу жасап , мазмұнын жан – жақты қамтып , алдына мәселе қоя білген.

Қазіргі жастар арасында ұлттық әдет ғұрып, салт – дәстүрге айтарлықтай қызығушылық , оған құндылықпен қарау жоқтын қасы. Сондықтан Мерейдің алдына қойган мақсаты жас ұрпаққа ұлттық сана, тәрбие қалыптастыру ұстанымы болса, мақсатына жетті деуге болады.

Жұмыстың жоспарына сәйкес барлық сұрақтарының мазмұны толық ашылған , және ғылыми жоба талапқа сай, өз деңгейінде орындалған.

Мерейден келешекте жақсы ғалым болады деп үміттенуге болады.






Ғ.Ә.Ж. дир. Орынбасары Бисеева Г.З.



Шымкент қаласы

«Заңғар» жалпы орта мектебінің 8 сынып

оқушысы Қонар Нұрболаттың

«Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері»

тақырыбына арналған ғылыми жобасы.


ПІКІР


Қонар Нұрболаттың «Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері» сөздері тақырыбында орындаған ғылыми жобасында қазақ халқының әдет – ғүрпы, тілі, мінез- құлқы, дүниетанымының қалыптасуындағы, ырым – тыйым сөздерінің алатын орны айқын екендігі көрсетілген.

Ғылыми жобады ұрпақ өсіру , тәрбиелеу дәстүрі және қазақ халқының әдет- ғұрыптары жайлы ғылыми тұжырымындар енгізілген.

Жоба қазақи ұрпақ өсірудің дәстүрлі гұрыптарын игеріп, білуге септігін тигізеді.

Олай болса , Қонар Нұрболат алға қойған мақсатына жетті десек қателеспейміз.

Жоспар мазмұны толық ашылған жан – жақты ізденген; өз деңгейіне, талапқа сай орындалған.

Келешекте ғылыми жұмыстармен жүйелі үміт ақтайды деп сенуге болады.









Кіріспе


Кай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесіне , терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие – тәсілімдері мен тәжірибелері өте көп Қазақ халқы - әдет, әдеп – ғұрыпына өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М.Шайкенов: « Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдын ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрін, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен , әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық , жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

Халқымыздың өзіне тән салт – дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың ара – қатынасына берген философиялық тұжрымы, түйіндеген қағидалары.

Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік ұрығын, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.

Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие қөзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.

Орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский : «Ұлттың ең бастысы капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті» - деген. Яғни , тәрбие мен педагогикалық үрдістің негізі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарыту, оларды гуманистік өнегелі нормалдарға тәрбиелеу. Адамның адамгершілігінің оның айналасындағы әр нәрсені қадірлеп, қастерлей білуінен, қатыгездік пен көргенсіздіктен аулақ.

Ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптей ,,,,,, , баланың бойына озық әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді сіңіретіндей имандылыққа , ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздерді кеңінен қолданып, ырым – тыйым , сөздерінің дағуыларын қалыптастырсақ:

  1. Ана тілін сүйюге, ана тілінде шешен сөйлеуге тәрбиелейді, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

  2. Отанын сүюге , қоргауға, тілін, ділін сақтауға, қадірлеуге, рухани байлығын арттыруға батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелейді.

  3. Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелейді және дұрыс оқуға , дұрыс сөйлеуге үйретеді.

  4. Ғылыми шығармашылық жоба жұмыстарды орындау нәтижесінде оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, ойын тұжырымдату, ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын дамытуға дағдымендырады.

Жас ұрпақтың ырым – тыйым сөздері арқылы өз елінің , ата – тегінің дәстүрі және мұраларымен танысуға мүмкіндік алады.





Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі:

Ырым - Халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт – дәстүрлермен, әдет – ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор.Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым – тәрбиелік мәні бар сенім – наным, жосын жоралғылар көп.

Ырым- ешқандай ерсілігі , оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін ,істерге психологиялық – эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.

Тыйым - Халықтың тәлім – тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал осыған байланысты шыққан.

Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.









hello_html_m1865e7f5.gifhello_html_m26e02f22.gifhello_html_m51700350.gif


hello_html_597cc14e.gif


hello_html_m71bfb46f.gif



hello_html_3018ecbd.gif

hello_html_2a1d9c93.gif

hello_html_m64e0590.gif


hello_html_2817e174.gif

hello_html_m2722ed1e.gif


hello_html_m57669a00.gif


hello_html_224eb9e7.gif



hello_html_m7fb769c2.gif


hello_html_7330fade.gif



hello_html_28991729.gif





Адам – халықтың тарихи дамуының барысында қарын – қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды.Адамдарға қатысты ырым – тыйым сөздер:

Кісіге қарап есінеме

Есеп бер әр ісіңе,білу керек түсіне.

Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.

Ондай – ондай баланы, ақыл – есі шамалы-

  • Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.

  • Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол қөзі тартса – ренжиді.

  • Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.

  • Адамның иегі қышса , бір жерден дәм татады.

  • Адам түшкірсе «әлһәмдулә» дейды.

  • Мойын құянның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.

  • Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.

  • Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе , оның несібесі көп болады.

  • Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.

  • Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.

  • Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.

  • Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.

  • Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.

  • Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.

  • Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.

  • Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.

  • Жас адамдар «басым ауырды» десе , «басына бас қосылады екен» дейді.

  • Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса , ол адам «көп жасайды екен» деп ырымдайды.

  • Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.

  • Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.Сейсенбі «сәтсіз күн» деп, іс бастамайды.

  • Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, «Түс – түлкінің боғы» деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Мұнысы – тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені.

  • Қазақ мүшелжасын жасырады, оны басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас.Тіл мен көз сұғынан сақтасын деген оймен жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады.

  • Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.

  • Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.


hello_html_m311356f2.jpg

Сәби, бала Қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Балалы болуды қалайтын халық. Баласыз болуды үлкен кемістік, кемшілік деп көреді. Қазақ халықта «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп атайды. Қазақ бала туралы «Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жүмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас» дейді.Баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен ұлағатты іс болмақ. Қазақ халқында балаға қатысты ырым сөздер көп. Олардың бала тәрбиесіне, оның өсіп - өнуіне зор ықпал бар деп көріледі.

Бос бесікті шайқама

Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма?

Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама.

Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда.

Өліп - өшіп таңданып, нәрестеге сұқтанба.

  • Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.

  • Жаңа туган сәбиді емізбестен бұрын таза суға малыңған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.

  • Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп , баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып , аластап шығарады.

  • Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.

  • Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 -39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнге қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалындығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.

  • Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса - елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса ойшыл болады. Егер аяқ – қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгер болады.

  • Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

  • Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.

  • Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді, немесе екінші рет тұрмысқа шығады.

  • Шөбересінің алақанынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.

  • Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.

  • Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.

  • Балаға қарсы өтпеу үшін кемпірдің бұтынан өткізіп алады.

  • Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне киім кигізеді.

  • Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алады.

  • Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.

  • Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсау кесіледі.

  • Нәрестені тіл көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланбас, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Сәбиге «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.

  • Баланы асырап алған ер балаға – асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.

  • Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келді деп қуанады.

  • Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді.

  • Бала тумай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.

  • Әйелдің кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді.

  • Әйел, не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде , қолғабыс жасамаса, баласының белі бүкір болады.

  • Бала алғаш жолға шыққанды тоқымқағар жасап тойлайды.

  • Сәби анасынан ұстап отырып емсе – сараң, еркін отырып емсе мырза, жомарт болады.

  • Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады.

  • Есіктің тұтқасын жуғаг сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.

  • Көзіне жара шыққан балаға сойған малдың немесе кұстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.

  • Бала тілін шығарса, яғни, хабар келеді деп жориды. Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.

  • Сәби алақанын шапалақтаса, куанышты хабар келеді.

  • Перзентсіз ерлі – зайыптылар мойнына көгеннің бұршағын салып бала тілейді.

  • Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.

  • Баланың мойны тез және беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.

  • Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.

  • Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыбай, Қалдыгүл, Меңдігүл, Анарбай, Анаргүл» деп ат қояды.

  • Сәби өз үйіне «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді.

  • Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.

  • Жіліктің майын жеген бала боқмұрын болады.

  • Бастың миын жеген бала өскенде мидай былжырайды.

  • Табалдырыққа шыққан баланың бойы өспейді.

  • Ойнағанда жылаған баланың басы таз болады.

  • Жасында нәжісін жеген бала өскенде жоқ тапқыш болады.

  • Тарғақтың жұмырқасын жеген баланың бетіне дақ түседі.

  • Құлықты езіп табанына жыққан бала жүйрік болады.

  • Тігілген көйлектің етегі бүгілмесе сәбидің тілі тез шығады.

  • Баланың жыңы бас киімінің байғазысына үкі қадау – ақ тілек.

  • 4-5 жасар баланы шідерге сигізсе ол малжанды, еңбекқор болым өседі.

  • Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей – ақ білдірген.

  • Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, саудаласуға, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда – санда отпен аластап , жын – шайтаннан қорғаған.





















hello_html_5e857724.png









Қыз – келіншек – Қай ата – ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.

Ауыр сөз айтпа

Егескенді ер деме, есіктен кіріп төр деме.

Қайтып көрер досыңды, қатты сөзбен жерлеме.

Досың қалар мұңайып, кәне , кіріп шығайық.

Қайта ашатын есікті , қатты жаппау лайық.


  • Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ- жаулықтың, қара – қайғының белгісі.

  • Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйуеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.

  • Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.

  • Жүкті әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойынына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.

  • Бала шымыр болсын деп жүкті әйелге сағыз шайнатады.

  • Түсік тастамасын деп жүкті жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.

  • Аяғы ауыр әйелге пышақ, ара, қайшы сияқты өткір нәрселерді ұстатпайды.Ұстаса, мезгілінен бұрын босанады деген ырым бар.

  • Баласы кіндігіне оралып қалады деп, жүкті әйелге ине–жіп ұстатпайды.

  • Жүкті әйелдің күні жақындаған кезде «жер – ана, қуат бер!» деп оны жалаңаяқ жүргізеді.

  • Жүкті әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады деген ырым бар.

  • Адамның келіншек отырған жағындағы аяғы ұйып қалса, ол жүкті екен дейді.

  • Жас келіншек бір үйден дметсе, сол үйден дәм әкеліп беру керек.Өйтпесе, көкірегі ісіп кетеді.

  • Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қойса, ол қиналмай тез босанады деп айтады.

  • Аяғы ауыр әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болады деген ырым бар.

  • Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.

  • Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.

  • Әйелге шашын отқа тастауына болмайды,О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.

  • Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.


hello_html_2611c2c.jpg


Жол – Қазақтың кең – байтақ жерінде жолға шығу , жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман – есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. «Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жақсы жол бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр» – деп жаратқанға жзалынған.

Басып кетпе кір суын, тигізер ол қырсығын.

Жарылады табаның, сырқырайды ұршығың.

Таза жерде он аунап, ойнасаң да алаулап.

  • Лас, кірден, қоқыстан, айналайын бол аулақ!

  • Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.

  • Сейсенбі күні алыс жолға шықпайдын Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.

  • Жолда кездескен адамнан «кайда барасың ?» деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек.

  • Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.

  • Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін ада «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілек тілегенде , жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.

  • Жұма күні көшуге болмайды.Жұма – қасиетті күн.Бұл күні ата – баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.

  • Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенң басын кездестірсе , бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.

  • Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды.Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.

  • Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

  • Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.

  • Сапарға шыққан адам тұз алып шықса, жолы ауыр болады.

  • Сапарға шығып бара жатқанда артынан су шашу керек.
















hello_html_42ae00d4.png










Үй тұрмысы- Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады.Соған орай ата – бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.

Үйді айналма

Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.

Жұрт тынышта – ел аман, срінерсің түбірге.

Халық берер бағасын,сен әзірге баласың.

Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.

  • Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.

  • Егер үйге байғыз қонып , бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.

  • Үйге кіріп кележатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.

  • Үйге жүгіріп кірмейді.

  • Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады , содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қоқостан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын – шайтаннан сақтану үшін жасалады, өткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.

  • Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.

  • Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.

  • Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

  • Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.

  • Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса , ол үйге түскен келін өркөкірек болады.

  • Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.

  • Пәле – жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.

  • Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».

  • Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.

  • Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.

  • Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.

  • Жазда үйге құйын келе жатса үлкен – кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар , пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.

  • Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.

  • Біруедің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.





hello_html_284624aa.jpg

hello_html_5f4007c1.png

Ас – тағам – Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен , дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас – адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас», «ас қадірін білмеген аштан өледі». Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспандар

Теріп алып қастерлеп

  • Торғайларға тастаңдар

  • Нанды шашуға, жерге тастауға , басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ.Датарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса , алып, адам баспайтын жерге қою керек.

  • Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.

  • Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.Беті ашық қалса, шаң – тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіріді.

  • Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.

  • Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.

  • Сүт сауатын шелекті су басына апрмайды, кұты кетіп қалады.

  • Ақтың жуындысына адам жүретін жергетөгуге болмайды.

  • Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.

  • Қазанжарыс - Әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазаңға жеңіл – желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.

  • Таңертен нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығысып, нан ауыз тиейін», «Ең құраса, нан ауыз ти» деген.

  • Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм.Онымен ойнауға болмайды.Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.

  • Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.

  • Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай әрбір сауағын жеке – жеке жуады.

  • Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынана бастап қойылады.

  • Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдында «Бисмиллиһи рахмани рахим» деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді.

  • Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.

  • Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды.Тамақтың құты кетеді.

  • Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын қүйінде ішуге болмайды.Тмақты аз –аздан алып , асықпай шайнап жейді.

  • «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б.сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды.Нанды , тамақты сынау – ашаршылықты шақыратын жаман ырым.

  • Тамақты шыньақтап жатып, түрегеп тұрып немесе еңкейіп отырып жеуге болмайды.Тамақты отырып жеген дұрыс.

  • Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.

  • Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жеген дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.

  • Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген.

  • Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды.Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі.

  • Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.

  • Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.

  • Тамаққа қарай түшкіру ге болмайды. Тамақ пісірген асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.

  • Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.

  • Ішіп отырған шәйға сәме түссе қонақ келеді.








hello_html_7109b07b.jpghello_html_m13923c9c.jpg


Ыдыс-аяқ – Қазақ халқында ыдыс – аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт – дәстүр, әдет – ғұрап, сенім – наным, ырымдар көп. Қазақ халқы ыдыс – аяқты ас ішетін жабдық – бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.

Пышақ шалқасынан жатпасын

Шаңырақты – отбасын, алла аман сақтасын.

Пышақ жүзі жоғары, шалқасынан жатпасын.

«Қасапшының қолында, көрінсін де соғымға...»

Қағидасын халықтың, қалт жібермей орында.

  • Ыдысқа ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын – шайтан жалап кетеді деп санайды.

  • Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

  • Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдірелі.

  • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

  • Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс – несібе кетеді.

  • Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын – шайтан жалап кетеді деп саналады.

  • Қазанды төңкеріп қойса , ырыс – несібе кетеді.

  • Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.

  • Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

  • Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.

  • Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.

  • Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

  • Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

  • Жақын адамға пышақ сыйламайды . Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап алады. Немесе пышақтасып қалады дейді.

  • Ошақты , ыдысты аттамайды.

  • Ыдыс түбіндегі тамақ біреудің кесе не аяғына құйылғанда тура толатын болса , сол адамның жары сұлу болады.
















hello_html_m50361959.pnghello_html_2a54cba2.pnghello_html_m4f0d4454.jpg



Киім – кешек – Қазақ халқы адамның денесіне, бас, аяғына киетін киім – кешекті қастерлеп, құрметтейді. Оған байланысты салт – дәстүр, сенім – наным, ырым көп. Қазақ киім – кешекті мұқият таза сақтап, киіп қажетке жаратады.

Теріс киме

Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді.

Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді.

  • Теріс кисе не етеді ? Оған дәлел жетеді.

Алға басқан аяғың , кейін қарай кетеді.

    • Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

    • Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

    • Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

    • Көпшіліктің алдында жалаңаш – жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

    • Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

    • Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

    • Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

    • Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

    • Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

    • Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

    • Бас киімді тебуге, лақтыруға , теріс киюге болмайды.Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киымды әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

    • Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

    • Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

    • Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

    • Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады..

    • Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.

    • Ит көлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.

    • Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

hello_html_37df7649.jpghello_html_m18de51c2.jpg


Денсаулық – Қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» - деп тегін айтпаған «Дені саудың – жаны сау»- демекші адамның дұрыс өмір сүруі үшін жұмыс жасауы мен , ұрпаққа тәлім – тәрбие беру үшін , алдымен оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені сау ата – анадан, дені сау ұрпақ тарайды.Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе,қазіргі таңда ұрпақ денсаулығының алаңдататын тұстары көп, сондықтан, тәрбие мәселесінде ырым – тыйым сөздерді қолданудың мәні зор – деп есептеймін.

Дұшпаныңа жарылма, достарыңа тарылма.

Мүгедекті мұқатпа, денсаулығың барында.

Тіл тигізбе анаңа, қамшы үйірме балаңа.

Атыңа ауыр жүк артпа, қап қоярсың далада.

  • Күйікке шалынған адамы бар үй сирақ үйітп пейді, өйткені күйік ішке түсіп кетеді дейді.

  • Кешке ауру адамның көңілін сұрамайды: ауруы қатты шаншиды. Көпіртіп кір жумайды: жарасы жазылмай, көпіршіктене береді.

  • Судан шошынған адамды қырық үйдің қырық қазанының құлағын тістесе, жазылады дейді.

  • Ауруы асқынған адамды қара қойдың өкпесімен қағады.

  • Ескі жұртты, қабірді басқан адамдардың аяғы сырқырайды.Аурудың көзінше өлім, мола, қаза деген сөзді айтпайды.

  • Аттан құлап не жаяу келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде ұшықтайды.

  • Буыны , сүйегі сырқырап ауыратын адамға әр ауылдан қырық сирақ жинап әкеліп, қайнатып, майын ішкізсе, жазылады.

  • Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.

  • Өлітірі кәдесі бірілмесе, келін ауру болып қалады.

  • Кемтарға, ауруға күлмейді.

  • Ауру адамға қайғылы хабарды айтпайды.

  • Кемтар алдында дене мүшесінің кемдігі туралы әңгіме айтпайды.

  • Денесінде ұсақ қалы бар адамның қызы көп болады.





















hello_html_mdb82029.pnghello_html_7cf4fbf8.jpg


Табиғат – Біздің ата – бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып , оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан – жануарлардың іс - әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырымдар пайда болды.

Отпен ойнама тыйым

Салып шектеге , ырымдар бар көптеген.

Соның бірі- ойнамау, жанып жатқан отпене ,

Тамыздықты кеппеген, үрлеп жандыр еппенен.

Өміріңді өшірмес, киелі ғой от деген.

  • Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.

  • Отқа түкірмейді.Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.

  • Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.

  • Түнде үйден күл шығармайды.Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.

  • Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.

  • Жұлдызды қолмен көрсетсе , қолға сүйел шығады деген ырым бар.

  • Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып , ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру – сырқау жоламайды.

  • Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.

  • Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.

  • Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.

  • Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.

  • Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.

  • Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.

  • Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.

  • Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.

  • Бақаны өлтіруге болмайды , жыңбыр жауады.

  • Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады.

  • Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім – жетім шақыратын жаман ырым.

  • Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам «Менің жұлдызым жоғары» дейді.

  • Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап,ырымдайды.










hello_html_6666cd59.pnghello_html_m416b3bc5.pnghello_html_6f189b40.png




Төрт түлік – Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін әбден танып білген.Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс.

Малды теппе құлындайды биесі,

Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.

Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп – тегін.

Айуанды тепкенің- ырысыңды төккенің.


  • Мал айдап бара жатқан адам кездекен «айдар көбейсін !» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген ырмдаған.

  • Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер бөтен адам ботаны көріп қалса , өған жалма – жан « тіл – көзім тасқа» дегізіп , ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.

  • Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.

  • Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегінде сүт азаяды.

  • Мал сойған төс шеміршігін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол аты жүйрік болады.

  • Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.

  • Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.

  • Мал ұстайтын құралдарды ( құрық, бұғалық т.б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.

  • Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды , олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.

  • Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта – жүген, бас жібі берілмейді, ырыс – несібе олармен бірге кетеді.

  • Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді аттамайды.

  • Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап , жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.

  • Ер – тұрман үй – ішіндегі арнайы жерге қойылады.

  • Түнде мал санамайды , ол жаман ырым.

  • Ит ұлыса, жамандық болады.

  • Ат жер тарпыса, жолға шығады деген сөз.

  • Ат жолға шығарда тезек тастаса, жол болады дейді.

  • Ат сүрінсе, олжаға жолығады дейді.Кендірмен байлаған, жыңғылмен айдаған малдың саны өспейді деп ырымдайды.

  • Жақын адамға ит сыйламайды.

  • Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.

  • Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.

  • Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек.

  • Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.

  • Мал үш не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.

  • Тышқан нанның батін қажап жее, астық мол болады, астына жақын жесе, астық аз шығады.

  • Әтештің мезгілсіз шақырғаны- жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды.

  • Әтештер төбелессе , үйге қонақ келеді.

  • Адам келе жатқанда көкек даусы оң жағынан естілсе, бай болады.

  • Мысыққа тамақ бергенде « ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.

  • Атып алған аңды, құсты сыйлыққа тартпайды, егер бергісі келсе: « Байладым» - дейдін

  • Аңға шыққанға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.

  • Атып алған құланның немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.

  • Ит – жеті қазынаның бірі.Сондықтан оны өлтіруге , азаптауға, қанғыртып жіберуге болмайды.Олай етсе, иесінің басына жаманшылық келеді.

  • Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.

  • Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімінде ғана аулау керек.

  • Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.

Емес сенің еркіңде,бүлдірем деп желпінбе.

Жұмыртқаны шайқама , өсімдікті өлтірме.

Айтуға ауызым бармайды, құста сені қарғайды.

Зәбірлесең торғайды, ол былайша зарлайды.

«Торғай деген атым бар, бір жапырақ етім бар.

Ұя бұзған балалар ,мен сияқты жетім қал».

  • Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.

  • Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа – райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.

  • Көкектің дауысы сол жағынан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың , денсаулығың жақсы болады.

  • Тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.

























hello_html_dfe266.pnghello_html_m5505bea.jpg


Су, егіншілік – Су - өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер - құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек.Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болған десек, су барлық тірінің бастау қөзі. Су жағасында қоныстаған қазақ халқы біртіндеп егіншілікке үйренді.Қазіргі кезде бүкіл қазақ халқының көптеген алқаптары, Әсіресе, менің тұған жерім оңтүстік өңірінде егіншілік – мақта өсіру, көкөніс, дәмді- дақылдары, жеміс – жидектерді өсіру шаруашылықтары кең жолға қойылған. Сондықтан егіншіліктің басты көзі су болғандықтан, судың қадірін ,маңызын халық жақсы біледі. Суға байланысты, суды қастерлеп, қадірлейтін ырым – тыйым сөздері халық арасында көптеп кездеседі.


Құдыққа түкірме

Қойныңа тас тығып, өсек құма бас бұғып.

Жасаған жөн әрқашан, жақсылыққа – жақсылық.

Ақыл – есің бүтінде, бол ұнамды пікірде.

Суын ішкен құдыққа, қайтып келіп түкірме.


  • Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: «Бір дәнің мың дән берсін» - деп амандасады.

  • Егер диқаннан біреу – міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді.

  • Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға кіріседі «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр – садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жаласады.

  • Жаңа өсіп кележатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.

  • Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.

  • Жар басына , суға өте жақын жерге үй тікпейді.

  • Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.

  • Түнде су алуға бармайды. Егер бара қалса: «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» , деп сүға үш рет кесек лақтырып барып алу керек.

  • Шелектегі суға ауыз батыруға болмайды.

Көк жемісті жұлма. Айға қарап дәреттенбе. Жалғыз ағашты кеспе.Жұлдызды санама.Айды қолыңмен көрсетпе.

Мал қораға дәрет сындырма.Малға зәбір жасама.Малды аттама. Жылқыға теріс мінбе.Малды теппе. Қамшыны аттама. Малдың, қойдың арасынан бойлап өтпейді

Шәкірттеріңді өз балала рыңдай сүй. Қызғаншақ болма. Еріншек, жеңілтек болма.Дұшпанға сенбе. Жақын адамыңды өкпелетпе. Уақытыңның көбін оқуға, ойыңды кобін тоқуға жұмса.

Көп сөйлеме. Ата-анаңа карсы келме. Орынсыз күлме.Жұрт көзінше кекірме, қасынба.Жаман әдетті үйренбе.






hello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gif

Экология

Шаруашылық

Танымдық

Этикалық


hello_html_3b5566a0.gifhello_html_2396ce79.gifhello_html_455e6d7f.gifhello_html_m50be16c6.gif


Қазақтың тыйым сөздері


hello_html_mf28b250.gifhello_html_m44a9392a.gifhello_html_m15c9244.gifhello_html_4a7033fd.gif

Адамгершілік

Ар-намыс

Тазалық

Тұрмыстық



hello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gifhello_html_52877ae.gif

Кісі мініне, кемтарға күлме. Жақын адамға пышақ, тұз сыйлама. Әйеліңе күш көрсетпе. Маңдай -ыңды, басыңды ұрма. Бей уақытта кісіге көңіл айтпа

Ұйятсыздан аулақ жүр. Шақырмаған жерге барма. Рұқсатсыз үйге кірме.Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.Бей уақыт ұйықтама.Досыңды сатпа.

Нас, лас болма. Итке ожаумен ас құйма. Ақты төкпе. Бетіңді сызба.

Саусағынды ау-зыңа салма. Тырнағыңды тіс-теме. Сол қолмен тамақ ішпе.

Сыпырғыны тік койма. Пышақ жүзін жалама. Түнде қоқыс шығарма.Үйді сыпырма. Босағаны керме, құшақтама. Бос бесікті тербетпе.






Адамға қару, мылтық кезенбе. Ақты жерге, суға төкпе.

Адамды шошытпа. Адамды айналма.

Адалды араммен араластырма. Асты қорлама, үрлеме.

Ант ішпе, әбес сөлеме. Амантқа қиянат жасама.

Адамды, малды аттама. Ауру тілеме.

Арамдық ойлама, істеме. Ауруға күлме.

Аузыңа ие бол. Аспанға қарай түкірме.

Арыңды сатпа. Арамтамақ болма.

Аруаққа тіл тигізбе. Әдепсіз болма.

Әлсізге күш көрсетпе, зәберлеме. Әйелге өктем сөлеме.

Басыңды шайқама, соқпа. Босағада отырма.

Босағаны керме. Бас киімді аяғыңа киме.

Бос бесікті тербетпе. Білмесең айтпа.

Бейуақытта жылама, ұйықтама. Бөркіңді теріс киме.

Баланы бсқа ұрма. Бетіңді сызба, қисайтпа.

Баланы шошытпа. Біреуге жамандық тілеме.

Біреудің еңбегін, ақысын жеме. Біреудісқарғама, сөкпе, тілдеме.

Басыңды шайқама. Басыңа ие бол.

Дініңе тіл тигізбе. Дұшпаңға сенбе, жалынба.

Досыңды өкпелетпе. Дүние қор болма.

Дәстүрге қарсы келме. Дәмге түкірме, жамандама.

Дініңді сатпа, айырбастама. Дастарқанды аттама, баспа.

Досыңды сатпа. Ердің сөзін екі етпе.

Еңбектен қашпа. Еріншек болма.

Ерніңді шығарма. Есікті қатты жаппа.

Ер – тұрманды аттама. Зорлықшыл болма.

Зинақор болма. Жамандыққа дол берме.

Жақсының жолын кеспе. Жаман ырым жасама.

Жала жаппа. Жаман жерді баспа.

Желмен жарыспа. Жаман тілек тілеме.

Жамаңға ерме. Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.

Жеңілтек болма. Жәндікті өлтірме.

Жерді теппе, сабама. Жүреңнен отырма.

Желге қарсы түкірме. Жатып тамақ ішпе.

Жаман іске үйренбе. Жамандыққа жақындама.

Опасыз болма. Орынсыз ойбайлама.

Отпен ойнама, шалқытпа. Отқа түкірме, су төкпе.

Отты аттама. Орынсыз іске араласпа.

Ошақты , жерощақты аттама. Өзімшіл болма.

Өз үйіңде кісімсіме. Өтірік, өсек айтпа.

Өтірікшіге ерме, құптама. Өтірік күлме, жылама.

Өткенге өкінбе. Өтірік куәлік берме.

Өлген адамды тілдеме. Өлімге күлме.

Өлім тілеме. Өр көкірек болма.

Пышақ кезенбе. Пышақ жүзін жалама.

Сұрамсақ болма. Сабырсыз болма.

Салақ болма. Сұқтанба.

Сәбиді ұрма ,теппе. Сараң, пайдакүнем, ұсақ болма.

Саусағыңды базама. Саусағыңды танауыңа сұқпа.

Саусағыңды аузыңа салма. Суға дәретке отырма.

Тамақты жерге төкпе. Тілазар болма.

Тамақты аттама, жамандама. Табалдырықты баспа.

Түнде үй сыпырма. Түнде тырнағыңды алма.

Тырнағыңды тістеме. Тұзды баспа.

Тамақтың , дастарөанның үстіне отырма.

Тіліңді шайнама, бұрама. Тамақты сораптап ішпе.

Таңдайыңды қақпа. Табаныңды тартпа.

Тізеңді құшақтама. Түнде ысқырма.

Тісіңді қайрама. Таңертеңгі асты тастама.

Тентек болма. Түкірігіңді, қақырығыңды жұтпа

Теріс сөлеме. Иесіз үйге кірме.

Итке ожаумен ас құйма. Иегіңді таяңба.

Инені тістеме. Көптің жолын кеспе.

Көпке топырақ шашпа. Кірдің суын баспа.

Көкірегіңді керме. Күш көрсетпе.

Кісі мініне күлме. Кемтарға күлме, мазақтама.

Кісіге саусағыңды шошайтпа. Кісіні сыртынан жамандама.

Күлді шашпа. Көп сөйлеме, көп күлме.

Көкті жұлма. Кеудеңді соқпа.

Күншіл болма. Кешкі асты баспа.

Көп ұйықтама. Қолыңа ие бол.

Қолыңды сілікпе, сермеме. Қайықты теңселтпе.

Құдайға тіліңді тигізбе. Құдайды ұмытпа.

Қабірді баспа. Қабірге қол шошайтпа.

Қарт адамға күлме. Қызғаншақ болма.

Қызға қол жұмсама. Құдыққа түкірме.

Қақтың суын ішпе. Қонаққа қатты сөз айтпа.

Құйынды қума. Қулық жасама.

Малды үркітпе. Малға зәбір жасама.

Малды ұрма, боқтама. Менмен болма.

Маңдайыңды ұрма. Мақтанышқа болма.

Мойныңа жіп, белбеу салма. Мезгіліз жатпа.

Мезгілсіз ұйықтама. Мезгілсіз жүрме.

Нанды бір қолымен үзбе. Нанды жерге тестама.

Нан үстіне зат қойма. Нас, лас болма.

Намазды бұзба. Намысыңды таптатпа.

Наданмен дос болма. Уһілеме.

Үйге сыртыңмен кірме. Үлкеннен бұрын сөйлеме.

Үлкеннен бұрын отырма. Үлкеннен бұрын жатпа.

Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма. Үлкенді мазалама.

Үлкенге қатты сөйлеме. Үйге жүгіріп кірме.

Үйге жылап кірме. Үйді сабама.

Үйді айналып жүгірме. Үйде ысқырма.

Ұрысқаққа тіл қатпа. Ұрлық қылма, ұсақ болма.

Ұрыншақ болма. Шақырмаған жерге барма.

Шалбар жастанба. Ысырапқор болма.

Ыдысты аттама, теппе. Ішегіңді тартпа.

Ішімдікке бой ұрма. Халқыңды жамандама.

Халыққа қарсы сөйлеме. Рұқсатсыз кірме.

Рухыңды түсірме.

Жер жаңғақ

Адам табиғаты естіген, көрген нәрселерінен бір мағына шығарып, оны жорамалдауға құмбыл тұрады. Қазақ өте ырымшыл халық.. Жақсы нәрсе естіп немесе көңіліне хош нәрсені көрген сәтте оны жақсылыққа жорамалдап, ырымдай бастайды. «Ас- адамның арқауы » демекші қарапайым ас тағамдарының кейбір түрлерінің өзін қазақ халқы сауабы тисін, жақсылық болсын, деніміз сау болсын деп ырымдап пайдаланған. Сондай ас мәзірінің біріне жер жаңғағы жатады. Бұл тағамды қазақ халқы неге ырымдап пайдаланады? Бұл сұрақтың жауабы тереңде жатыр.

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бұл отбасының перзенті болмады. Күндер өтіп, кемпір қайтыс болады. Жалғанда жалғыз қалған шал жабығып жүріп жаңғақ ағашын егеді. Артында қалған ұрпағы, ол өлгеннен кейін құран бағыштайтын, еске алатын бауыры болмағандықтан осы еккен ағашының жемісін жеген адамдар рахметін айтып, еске алып жүрсін, жеген жемісінің сауабы тисін деп ниет қылып сол ағашты баласындай мәпелеп, сол ағаштың түбінде намаз оқып, жаратқанға жалбарынып, дұға етеді. Шалдың шын ниетін, адал көңілін көрген Алла тілегін қабыл етіп, осы дақылды жеген адамның сауабы шалға тиетін болған. Бұл оқиғаның айғағы ретінде жер жаңғағын алып екіге бөліп көруге болады. Оны қалай бөлсеңізде бір бөлігінің жоғарғы жағында сәжде қылып тұрған шал бейнесі шығады.

Міне сондықтанда қазақ халқы сонау көне заманнан бері жер жаңғағын ырым етіп пайдаланады.











Ала жіпті атгамау — халкымыз табиғатынан таза, адал өмір сүрген әлдебір адам нақақтан қараланып, жазықсыз жазалана калса, халкымыз «Ол, өмірде біреудің алажібін ат-тамаған», — деп актап, реніш білдіріп жатады. Бұл тұракты тіркестің астарында кандай сыр жатыр?

Тіршілік бар жерде адамдар арасында өкпе-наз болмай тұрмайды. Ел арасы каншалықты тыныш дегенмен, бұрын ру ішінде, ауыл арасында кикілжің, араздық жиі ұшыраса-тын. Сондықтан да Кдзак халкынын тіршілігінде мал, кұн, кыз, жесір, жетім даулары ешкашан үзілмеген.

Осындай даудың ак-қарасын анықтап, әділ шешімін беру — ауыл аксақалдарынын үлесіне тиетін. Егер дау үлкендердін сөз токтамымен түйінделіп, шешімін таппа-са, даугерлер биге жүгінеді. Дау-шараға төрелік айтып, казылык кұру үшін болған отырысты «дау жиыны» дейді. Дау мәселесі өте маңызды болса, бір мал құрбандыкка шалынып, жиналғандар колдарын канға малып, тілек-дұға-лар окылады. Салт бойынша дау сонында карсы жактар ала жіп алып, оны керіп отырады; осы ала жіп ортасынан шарт кесіледі. Бұл ғұрыптың орындалуын — даудың аякта-луын, қарсы жактардың мәмілеге келуін, казылыкка ра-зылығын анғартады. Егер «ала жіп кесілмей» таркаса -даугерлер үкімге разы болмағанын, жанжалдың әділ шешімі кейінге калдырылады дегенді білдіреді.










ТОҒЫС ЕСЕБІ

«Тоғыс» деп есепшілер түнп аспанда Үркер шоқжүпдызы мен Ай табзғының қәтар көрінуі-нен немесе бір жаңасындағы Айдың үркерді басып өтуін айтқан. Есепшілер Ай мен Үркердің тоғысуын үш күнге бөледі:

1. Ай мен Үркердің бір-біріне жақын келген 1-ші күнін «тоғам» деп атаған Кей жағдайпар-да «тоғам» кезеңі де айдың басы бопып есеп-телген.

2. Бір жаңасындағы Ай табагының дәл ал-дына келіп Үркер тоқтаған 2-шІ күнін «ауыл-үй қонды» деп атаған. Көбінесе осы кезең тоғыс айы басталғанын біпдіретін қүбылыс ретінде қолданылған.

3. Ай табағы ҮркердІ басып өткен 3-ші күнді «өріп шықты» деп атаған. Бул күні Үркер Ай та-бағының артқы жағында жарқырал түрады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ал-дыңғы екі тоғысты көре алмаған есепші осы құбылысты көріп. тоғыс ай басталғанын біліп отырған. (1-сурет).

Еселшілер мен қарапайым жай халық тоғы-су кезіндегі Ай мен Үркердің орналасуынә қарай түрлі болжамдар жасаған. Бір қызығы, кәріқүлақ, көнекөз қариялардың айтуы бойын-ша бүл болжамдардың көбісі расқа шығып оты-рған. Қазіргі күні бүл болжамдардың үшеуі ғана біздерге жетіп отыр.

1. Егер тоғыс кезінде Ай мен Үркердің бір-біріне жақын орналасқанын көрсе, «мына екеуі бір-бірімен әмпей-жәмпей бола қалыпты, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп қуанысыпты.

2. Егер тоғыс кезінде Ай мен Үркер бір-бірінен алыс болса, «бүл екеуі бір-біріне қыр-бай болған екен. қырсығы мал мен жанға тиме-се болар еді» деп қауіптеніпті. Әсіресе «жут» болатын жылдардың алдында осындай құбы-лыстар бірнеше рет қайталанады екен.

3. Егер тоғыс кезінде Ай мен Үркер бір-біріне жақын орналасқанымен, Ай сәл шалқайып тоғысса да халқымыз «бул тоғыс Айға жайлы, мал-жанға жайсыз» болды деп ренжіскен.

Есепшілерден қалған азды-көпті мағлүмат-тәр бойынша шаруа халық ушін ең ауыр тиетін «тоғысу» — 9-тоғыс айына сөйкес келеді Бул айды есепшілер «екі ағайынды айы немесе Ақпан мен Қамбардың тоғысы» деп атаған. Сондай-ақ шаруа халқымыз бүл тоғысты «білмесең сілдірем, білсең бүпдірем» деп атап кеткен. Жүлдыздық жылға негізделген он екі шоқжүлдыздық (зоодиак) күнтізбе бойынша бул кезең жуық түрде сәйкес келетін «Хүт» айын «білсең Хутпын, білмесең жүтпын» деп атайды. Ақиқатында бұл «тоғыс» ақ бораны мен аязы екі бүйірден бірдей қысқан қақаған қыс ортасына сәйкес келеді Бүл шынында да «жуанның жіңішкеріп. жіңІшкенің үзілетін» тоғы-сы болып табылады.

Жүлдыздық-күндік жылдың 91-92 күндік төрт мәусымда Үркер шоқжүлдызын асланның мынадай бөліктерінен іздеу керек немесе ас-пан жарты шарының мынадай бөліктерінен түнде немесе іңір қараңғысында көрініп түра-ды. Олар:

1. Жазғытүрым наурыз-көкек (жаңа тоғыс) айларында Үркер күнбатыстан іңір жарығымен қоса-қабат көрінеді. Бүл табиғат кезеңі «жаңа тоғыс» деп аталып, осыдан бастап жаз есебі жүргізіледі. (Көктемп күн теңелу).

2. Жазды күні маусым айында Үркерді ас-паннан көре алмаймыз. Бүп кезеңді есепшілер тілінде «Үркер 40 күн жерде жатады» дейді. Ал ғылыми тілмен айтар болсақ — Үркер бүл кезде Қәзақстан жеріне көрінетін солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауыса-ды. Осы қүбылысқа орай есепшілер тілінде «Үркер жерге түссе қой қырқылады» деп мал-шы қауымды және «Үркер жерге түспей, жер

қызбайды» деп диқан қауымды ескертетін түрақты сөз тіркесі пайда болған. (Жазғы кун тоқырауы)

3. КүздІ куні қыркүйек айында Үркер аспан-ның шығыс жағында түрады. Есепшілер бүл табиғат кезеңін «мизам түскен кез» деп атап. осыдан бастап — қыс есебін жүрпзген. Муны есепшілер өз тілінде «Үркер туса, сорпа ас бо-лады» деп атаған. Яғни, қыркүйек айында жаз бойы оттаған малға шыр бітіп және шөп қуаты дәніне жиналған уақытта оны жеген малдың етінің қүнары артқанын дәл басып айтқан. (Күзгі күн теңелу).

4. Қыс ортасында. ақпан әйында күн баты-сымен тас төбеде Үркер шоқжулдызы (Торпақ шоқжүлдызының қүрамындә) жарқырап көрініп турады. Осыған орай еселшілер тілінде және халық аузында «Үркерлі айдың бәрі қыс» де-ген сөз қалыптасқан. Бүл сөздің төркінінен қара-пайым халықтың қыс айларында Ай мен Үркердің «тоғысу» қүбылысын өз көздерімен көре алатынына орай айтыпғанын уғу қиын емес. (Қысқы күн тоқырауы).

Қазақтың каіз үйі

Қазақтар - Қазақ жалпы баспананы "Киіз үй" деп атайды. Көшпелі халық болғандықтан қазқтар ерте заманнан бері қысы-жазы киіз үйде тұрып келген. Қазірдің өзінде де киіз үй олар үшін бас-панының негізгі түрі десе де болады, әсіресе ауылды жерлерде.

Киіз үйді түрғызу, оның ішінде үй мүліктерін орналастыру, адамдардың кіріп-шығу, отырып-түру, жалпы үйді пайдалануға байланысты ұлттық салт-дәстүр қалыптасқан. Ал оны бүзу әдепсіздік, сәтсіздікке үрындыратын жаман ырым деген сенім халық санасында сақталған.

Үйдің есігі міндетті түрде оңтүстікке қарайды да, ал төрі солтүстікте болады. Төрге дінге қатысты заттар қойылады Мысалы, қүдайдың ("бурхан") кішкентай мүсіні. Жасы үлкен, қадірлі кісілер төрден орын алады. Үйдің батыс (оң) жағы ер адамдарға, шығысы (сол) әйелдерге арналған. Сонымен қатар, үйдің оң бөлігіне еркектерге тән заттар: ер-түрман, мылтық, қамшы, мес сияқты мүліктер, ал сол бөлігіне ыдыс-аяқ, азық-түлік, отын-су, яғни әйел жұмысына байланысгы затгар қойылады.

Киіз үй көшіп-қонуға ыңғайлы, жеңіл, жалпы салмағы 250-300 келі, яғни бір түйелік жүк. Мүндай үйді жығып-жинау, құрастырып-тігу оп-оңай шаруа және жер сілкінісі, қатты жел сияқты қүбылыстар ешқандай қауіп-қатер туғызбайды.

Үйдің дәл ортасында пеш не ошақ орналасады. Ошақ -ата-бабаларының үрім-бұтақтарымен байланысатын түйіні, мирасқорлықтың рәмізі іспетті. Ошаққа пайдаланылған тастар ұрпақтан үрпаққа өтіп отырған. Әкенің тасы әкенің ошағы деп қастерлеп, көшкенде жүртқа қалдырмай өздерімен бірге жаңа қонысқа ала барады.

Ошақ, отқа байланысты көптеген ырым-дәстүрлер бар. Мысалы, ошақ пен отқа тіл тигізіп, балағаттауға болмайды. Бұл отбасы мүшелерінің бақытсыздығына (ауру-сырқау, өлім-жітім және т.с.с.) әкеліп соғады деген үғым бар. Отқа су қүюға да болмайды, ал отқа сүт тамызу үлкен күнә. Қыл-қыбыр, қоқым-соқым тастамайды, әсіресе адам шашын отқа жағуға әсте болмайды.

Ертеден келе жатқан дәстүрдің бірі -ошақтың, пештің отын ешірмей сақтап отыру. Отты сендіру - отбасын тіпті бір рулы елді жамандыққа бастайды деп есептелген. Ошақтағы от өзі сөнуі керек, оны қолдан сөндіру әдетте жоқ.

Қазақтар үйдің табалдырығы мен босағасын өте қадірлейді. Босаға мен та-балдырық үй ішіне жын-шайтанды йргізбейді деп санайды. Сондықтан табалдырыққа отыруға, оны басып түруға болмайды. Әсіресе, үйден сыртқа шығарда табалдырықты басу жаман ырым, үйден қүт-береке қашады екен. Егер аяқ табалдырыққа тиіп кетсе, ол адам үйге қайта еніп, отқа отын (ағаш, тезек) тастап шығуы керек. Сонда ошақтың пірі кешірім жасап, үйдің қүт-берекесін сақтайды деген сенім бар. Батыс аймақтардың қазақтар үйге жын-шайтан кірмес үшін босағаның жоғарғы жағына өткір зат (пышақ, балта, ара сияқты) іліп қояды. Қайтыс болған адамның денесін есік арқылы шығаратын болса, үйді басқа орынға кешіреді. Кейбір жағдайларда мәйітті үйдің керегесінің оң жақтағы бір қанатынан шығарса үй бүрынғы орнында тұра береді. Мәйітті жерлеген соң үйдің алдына от жағып барып, табаддырықтан атгау керек.

Шаңырақ орнықты болу үшін оган тіреу ("багана") қояды. Тіреудің саны үйдің үлкен-кішілігіне (қанатының саны-на] байланысты, бірақ екеуден кем болмады. Тіреудің жогарш ұшы шаңырақтың шеңберіне, ал төменгісі еденге тіреліп бекітіледі. Тіреуге де байланысты әдеттер қалыптасқан. Толғатқан әйел баласын аман босану үшін тіреуге сүйенеді. Егер дуниеге егіз бала келсе, үй отағасы тіреудің жоғарғы жағына пышақпен сызықша жасап қояды. Бүл - жатырда жат-қанда егіздің өмірі бірге болса, енді әрқайсысының өмірі бөлек дегені. Егер үйде бір адам қайтыс болса, сол жақтағы тіреуді алыптастап, орнына басқаны қояды.


















Қорытынды


Халқың сүйген адам, салтын да сүюге тиіс. Әр халықтың өзінде, тарихында ұлт салт- дәстүрдің ортасы мен қызметінің орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу сатқындардың белгісі дейді батыр Бауыржан Момышұлы. Не істейсің қазір өз ұлтын силамайтын , салт-дәстүрден ада қазақтар өте көп.

Маскүнем еркек жартылай жалаңаш қыз – келіншек, жастар .

Жастарда патриоттық сезім аз . Басқа ұлттың тәрбиесіне, үлгісіне құмар. Болашақ ұрпақ өз елін, жұртын сүймесе, болашақта жоқ деген сөз. Сондықтан , жасөспірім балалардың бойында патриоттық сезім , елін , халқын сүйе білуге тәрбиелеуде, қазақ халқының әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері,мақал – мәтелдері, тыйым сөздерінің мәні зор.

Халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазыналарын ұрпақ санасына жеткізуде, мектеп пен ата – аналардың қарым – қатынастары, ынтымақтастық , мектепте өткізілетін тәрбиелік мәні жоғары іс – шаралардың орны ерекше.

Бастауыш сынып оқушылары Ана тілі сабақтарында, Наурыз мерекесынде, сынып сағаттарында, ұлттық тәлім – тәрбие мәселелеріне байланысты, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер , тыйым сөздерді көбірек пайдалану керек.

Әсіресе салт – дәстүрлерге арналған ырым – тыйым сөздері мен сенімге арналған ырым сөздерінің тұрмыста молырақ пайдалануын көздеген жөн.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіндегі кемшіліктерді, ұлттық сананы қалыптастыруда ырым – тыйым сөздерінің алатын орны ерекше.




Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақ менталитеті : кеше, бүгін, ертең - Алматы «Ғылым» 1999ж.

  2. Қазақ халқының салт – дәстүрлері – Алматы «Руан» 1994 ж.

  3. Дала өрнектері – Алматы «Баллауса» 1994ж.

  4. «Жеті қазына» Сейт Кенжеахметұлы - «Ана тілі» ЖШС Алматы 2005ж.

  5. Қазақ халқының туыс туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі – Алматы «Өнер» 2005ж.

  6. Жыл – он екі ай №4 (15) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2006 ж.

  7. Жыл – он екі ай №6 (25) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2008ж.

  8. Жыл – он екі ай №2 (27) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2009ж.

  9. Балдырған – шілде 7 2009ж.

  10. Қазақы тыйымдар мен ырымдар/ Құрастырушы авторы

Құралұлы А. – Алматы «Өнер» 1998ж

  1. Үй тұрмысындағы тыйым сөздер Әуесбай Т. – «Ана тілі» газеті

49 , 8 маусым 1995ж.

  1. Тыйым Сейдімбеков А.– «Ана тілі» газеті №51 , 21 желтоқсан 1995ж.

  2. Халықаралық « Сейтен тағылымдары» - интернет 2009ж.

  3. Ата дәстүр – Қазақстан әйелдері 1996ж.

  4. «Балқаймақ» - № 11 2009ж.

  5. Сейіт Кенжнахметов / Абай. Ақпараттық порталы – интернет 2009ж

  6. Ізгілік – интернет 21.10.2009ж

58



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2972
Номер материала ДБ-174283
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх