Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Қазақтың ұлттық киімдер- практикалық жұмыс

Қазақтың ұлттық киімдер- практикалық жұмыс


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Бейнелеу 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толтыру, көне киімдер жайында түсінік беру;

б) дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;

в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, әдебиет

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: шығармашылық топпен жұмыс

Көрнекілігі: ұлттық киімдер түрлері салынған плакат, сөзжұмбақ, үлестірмелі парақтар, жұмбақтар, шекпен, тымақ, етік.

Қажетті құрал - жабдықтар: қарындаш, формат, субояқ, қылқалам, акварель бояуы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардың білім жетілдіру мақсатында қойылатын парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

1 топ. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

2 топ. Киіз үй жабдықтарын ата?

3 топ. Ісмер дегеніміз не?

4 топ. Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.

Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық - сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек - жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп - тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашады.

2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою – өрнек туралы баяндау.

Қазақтың ұлттық ою - өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою - өрнек түрлері. Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

Қазақ оюы, қазақтың ою - өрнегі — үй - жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т. б. мүшесіне ұқсас ою - өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Жануарлар тектес ою - өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою - өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Жануарлық тектес өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.

1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою - өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т. б.), сондай - ақ қару - жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім - кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

2. «Қосмүйіз» ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою - өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.

3. «Арқармүйіх» деп аталатын ою - өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр - мақ, кесте, киім - кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

IV. Практикалық жұмыс: оқушыларды төрт топқа бөлу, бөлінген топқа тапсырма беру.

1 топ. Ер адамның сырт киімдерін бейнелеу.

2 топ. Әйел адамның сырт киімдерін бейнелеу.

3 топ. Батырлар киімдерін бейнелеу.

4 топ. Қазақтың ұлттық бас киімдерін бейнелеу.

Тапсырманы орындай отырып төмендегі жұмбақтарға жауап берейік.

1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/

2. Дорбаға тығып бас жағын,

Байлай салдым бас жағын. /тымақ/

3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/

4. Аузы бір құбыр. /шалбар/

5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,

Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/

6. Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

Сергіту сәті: «Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.

1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?

2. Жеңсіз жеңіл киім?

3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бұйым?

4. Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас?

5. Сурет салып тоқылған киім?

6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?

7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?

ҚОЛӨНЕР

V. Сабақты қорытындылау: оқушылардың жұмысын тексеріп шығу. Жақсы салынған суреттерді үлгі етіп көрсетіп, талдау жасау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер туралы мәлімет іздестіру.




Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров251
Номер материала ДВ-097903
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх