Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Қазақтың ұлттық киімдері. Бейнелеу өнері 5 сынып

Қазақтың ұлттық киімдері. Бейнелеу өнері 5 сынып



  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақтың ұлттық киімдері .

5 сынып

Мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімін толықтыру, көне киімдері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың ой-қиялын дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу.

Тәрбиелігі: эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: шығармашылық топпен жұмыс.

Көрнекілігі: ұлттық киім түрлері салынған плакат, сөзжұмбақ, үйлестірмелі парақтар,жұмбақтар,слайдтер.

Құрал-жабдықтар: қарындаш,қағаз, сулы бояу, су құятын ыдыс, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қатты қағаз.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.


II. Кіріспе.

-Балалар! Астана қаласында, Есілдің сол жағалауында өзінің «бұтақтарын» жайып, «Астана- Бәтерек» монументі бой көтерді. Тамаша сәулетті ғимарат «Бәтерек» -өмір ағашы. Аңыз бойынша, қазақ эпосының кейіпкері Ер-Төстік Бәйтерек ағашын тапты.Бір жылда, бір рет қасиетті құс Самұрық оның бұтақтарында алтын жұмырқа салды.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Нарзабаевтың арқасында, бұл аңыз қайта тірілді.Біздің Бәтерек - үлкен күмбезі бар ағаш. Биіктігі - 97м, күмбезлің диаметрі - 22м. Елбасының айтуы бойынша - Бәйтерек - мемлекетіміздің символы, бейбітшілік символы, өмір ағашы болып табылады.

Бәйтерекке көтерілу - әр адамның арманы. Бүгінгі сабақта, сендер бірнеше сынақтардан өтсеңдер, армандарына жете аласындар.Әр бір сынақтан өткен топ Бәйтеректің бір белдеміне көтеріледі.


Топпен жұмыс.

1 топ. Қызыл жұлдыз.

2 топ. Сары жұлдыз.

3 топ . Көк жұлдыз.

4 топ. Жасыл жұлдыз.



III. Үйтапсырмасын тексеру.

1. Сәндік қолданбалы өнер дегенміз не?

2. Халық шеберлері деп кімді айтамыз?

3. Киіз үй жабдықтарын айтып бер?

4. Қолөнер туралы мақалдар?





IV. Жаңа сабақ.

« Ең әдемі киім- ұлтынның киімі»,-деген ұлы адамдар. Ат, шапан сыйлау-құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.Ертеде халық шебелері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған. Кемеңгер Абайдың «Ескілік киімі» өлеңімен бүгінгі сабақты бастайын.


Ойланып, ойға кетемін жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім- шидем шекпен.

Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеткен.


Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас, ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде, жез салдырған,

Шақпағым,дәндекуім жар-жұрқ етіп.


Күләпәра басымда пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,

Тобылғыдан кесіп ап, жіптен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ.


Киім-адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым.


hello_html_mf44d849.gif

hello_html_42fe760b.gifhello_html_m387b92dc.gif

hello_html_67b21f67.gif

hello_html_m10a1dc7f.gifhello_html_m19c3fe06.gifhello_html_m36d26b72.gif Киім







Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбірінің сырт көріністері мен атаулары өзбек, қырғыз ағайындылардың киімдеріне ұқсас болғанмен, біздің киім пішіндері мен нықыштары өзгеше.

Казақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталардан пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі.

Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек-жеңі мол, карапайым, жұмысқа және жүріп-тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді.


IV. Практикалық жұмыс.

1 топ. Ер адамның киімдерін бейнелеу.

2 топ. Әйелдердің киімдерін бейнелеу.

3 топ. Батырлар киімдерін бейнелеу.

4 топ. Қалындықтың бас киімін - сәукелені бейнелеу.


Ер адамнын киімі.

Шапан - қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол - арасына жүн немесе мақта салынып , сыртың шұға , барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін киім. Шапан тік немесе қайырма жағалы болады. Жағасы, өңірі, жеңі әсем ұлттық өрнектермен безендіріліп тігіледі. Әдемі болуы үшін кейде жиегіне бағалы аң терілерімен, зер, бұлық жұрын салынады. Шапанға түйме, немесе сыртынан белбеу буынады. Шапан үлгісіне қарай қаптал шапан, сырмалы шапан, қималы шапан болады. Бұл киімді барлық адамдар кие береді, өйткені ол тез киюге , отырып - тұруға аса ыңғайлы әрі жылы.

Тәуке ханның «Жеті жарғысында» тәртіп бұзған адамдарға ат немесе шапан айып тарттырып жазалауда шапанның қазақтың тұрмысында зор маңызы бар екенің дәлелдейді.

Тымақ - ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді.Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенің тымағына қарап та таныған. Торғай, семей тымағы деген үлгілері болған.

Тымақ - қасиетті бас киім.Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған.

Бұрынғы кезде қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып кереге басына іліп қоятын болған. Бұл - тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс.


Әйелдердің киімі.

Көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық матадан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Желбіршек және қос етек көйлек болған.


Камзол - әйелдердің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға маталарынан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, женді немесе женсіз тігіледі. Алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қапсырмалы, түймелі болады. Жағасына, етегіне өрнектер жүргізіледі.

Жаулық - ақ матадан жасаланатын әйелдердің ең негізгі бас киімі. Жаулықтар жоғары болғандықтан , әжелердің мәртебесі мен ажарын көтере түседі.

Жаулық - қазақ әйелдерінің ары, ажары, көркі мен беделі.

Әз әжелерді, асыл аналарды ардақтап , ақ жаулықты деп айтады.Әжелер иығынан асып тұратын кимешек те киеді. Оның алдынғы жағы түрлі - түсті ою - өрнекті болады.


Қалындықтың бас киімі - сәукеле.

Сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле биік, дөнгелек, жоғары қарай жіңішкере береді, жоғары жағына үкі тағылады. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, маржан , меруерт , іңжу сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі.Матасына шашақ, әшекей, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталанады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізіліп бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететің құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіңдей ақ желең тығылады.

Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдар қыздары ғана киген.

Сәукеле - тек бас киім емес, ол қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатынын,мәдениетінің мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік.


V. Сабақты пысықтау .

Жұмбақ шешу.

1.Адамның сәні онсыз жоқ мәні. (Киім)


2.Дорбаға тығып бас бағын

Байлай салдым бас жағын. (Тымақ)


3. Іші егіс, сырты тегіс. (Тон)


4.Әшекейлі күбіні,үюлі тұрған шөмелі,

Кигіздім биік төбеге.(Сәукеле)



«Қөлөнер» сөзжұмбағын шешу.


1. Дөңгелек шеңбер етіп илігін, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі.

2.Жеңсіз жеңіл киім.

3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бұйым.

4. Жеті түрлі дәнді-дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.

5. Сурет салып тоқылған кілем.

6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек.

7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс.







Ш

А

Ң

Ы

Р

А

Қ













К

А

М

З

О

Л














Б

І

Л

Е

З

І

К






Н

А

У

Р

Ы

З

К

Ө

Ж

Е









Г

О

Б

Е

Л

Е

Н
















Б

Е

С

І

К

К











Т

О

Р

С

Ы

Қ







V. Сабақты қортындылау:

-Топтардың жұлдыздарын «Бәйтерек» белдемелеріне қадау.

-Қорытындылау.

- Балалар жұмысын тексеріп шығару. Ең үздік салынған суреттерге талдау жасу, топ бойынша бағалау.


VI.Үйге тапсырма: Басқа да ұлттық киімдер туралы мәліметтер іздестіру.






Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров378
Номер материала ДВ-413876
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх