Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау

библиотека
материалов

Ақтоғай станциясы. «№ 8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ.





Шебер сынып сағаты

Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау



































Ракишева. З.Х 2015-2016 оқу жыл





Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау

Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолдана отырып, құрақ құрау тақырыбы бойынш ұстаздар арасында «шебер қол» сайысын өткізу. Жеті модульді кіріктіре отырып, қатысушылардың өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін өз күшіне сенушілігін қалыптастыру.Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыруға дағдысын қалыптастыру.Тәжірибе алмастыру.



Сабақтың жүру жоспары:

1 Сергіту сәті (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)

2 «Миға шабуыл» (инерактивті тақтадан бейне көрініс көріп, талқылау)

3 «Кластер» құру . Тақырыбы құрақ және оның өмірдегі маңызы.

4 «Постер даярлау» Алты бұрышты құрақты құрау алдарына таратып берген ресурсты қолдана отырып орындау

5 «Ақылдын алты қалпағы» Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау.

6 Кері байланыс .Шебер сынып сағатынан алған әсерлерін смайликтер арқылы «даналық ағашына жапсыру»





















1Сергіту сәті ( ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)

2 «Миға шабуыл» (инерактивті тақтадан бейне көрініс көріп, талқылау)

3 «Кластер» құру . Тақырыбы құрақ және оның өмірдегі маңызы.

4 «Постер даярлау» Алты бұрышты құрақты құрау алдарына таратып берген ресурсты қолдана отырып орындау

5 «Ақылдын алты қалпағы» Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау.

6 Кері байланыс .Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы «даналық ағашына жапсыру»

Сабақтың барысы: Қатысушылармен амандасып, түгендеу, құрақтың түрлеріне қарай топқа бөлу. 1.Сергіті сәті (ынтымақтастық атмосферасын құру)

«Қағаз бетіндегі саяхат» алдарына берілген ватман қағазға топ мүшелері ынтымақтаса отырып, маркерді қағаздан алмай отырып, бүгінгі сабаққа сәттәлік эмбемасын салады. ( ол сурет өз қиялдарыңнан шығады, смайлик,күн,гүл).Салып болған сон топтар бір-біріне сәттілік тілейді. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнері- құрақ құрау

Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолдана отырып, құрақ құрау тақырыбы бойынша ұстаздар арасында «шебер қол» сайысын өткізу. Жеті модульді кіріктіре отырып, ұстаздардың өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін өз күшіне сенушілігін қалыптастыру.Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыруға дағдысын қалыптастыру.Тәжірибе алмасу.

Сабақ түрі : жарыс сабақ

Сабақтың типі: іздену ,бақылау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қатты қағаз, қайшылар, А4формат, желім, маркерлер, сызғыш ,циркуль, қарындаш,ватман,смайликтер.

Сабақтың көрнекілігі: слайд « Қазақтың ұлттық өнері- құрақ құрау» ,

Алты қалпақ (6түсті), дайын үлгілер жиынтығы.

Сабақтың жүру жоспары:

1 Сергіту сәті (ынтымақ

Бағалау критериилерімен таныстыру. Топтар бір-бірінің жұмысына қарай смайликтер беріп отырады. ( ұнаса көңілді ,жартылай ұнаса , ұнамаса ашулы)

2 «Миға шабуыл» интерактивті тақтадан Қазақтың ұлттық өнері-құрақ құрау слайд көрсету

3 «Кластер» бейне сюжетті қортындылай отырып , құрақтың маңыздылығы туралы дайындайды.

4 «Постер» даярлау . Алдарындағы ресурстармен нұсқау карталарды пайдалана отырып, алты бұрышты құрақты қатты түсті қағаздан қиып орындайды.

5 «Ақылдың алты қалпағы»

-Ақ қалпақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.

- Қызыл (от) -ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.

-Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы «бұл орындалмайды ,қиын, зиян..»

- Сары ( күн) -оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге , бұл міндетті түрде орындалады!»

-Жасыл (дала)- жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

-Көк (аспан) – жоғарғы деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қортындылайды.

6 Кері байланыс. (Музыка қойылып тұрады, көздерін жұмып бүгінгі сабақтың басында көңіліңіз қалай болды, сабақтың соңында қалай болды, өзгердіме) қатысушылар стикердің бетіне өз көңілдерін көрсетеді, рефлексия жазады, «даналық ағашына» іледі.









Алты бұрышты құрақтың схемасын дайындау

Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі- түсті қатты қағаз, қарындаш, шеңберсызар, сызғыш , ватман .

Ескерту: құралдармен техникалық қауіпсіздікті мұқият сақтау керек.

Дайындалу технологиясы

1. Қалауларын бойынша түсті қатты қағаздан түс үйлесімділігін сақтай отырып, үш түс таңдап алу.

2.Қатты қағазға шетінен бастап көлденең 120мм осьтік штрихпунктирлі сызық жүргізу, ортасын тауып, тік сызық жүргізу 12 0мм

3. Диаметрі 60мм шеңбер жүргізу.

4 Тік сызықпен қиылысқан жоғарғы нүкте А , төменгі нүкте В белгілеу.

5. А және Внүктесінен жарты шеңбер жүргізу. Шеңбер бойында қиылысқан нүктелерді санмен белгілейміз .1,2,3,4,5,6 нүкте табамыз

6 Табылған нүктелерді түзумен қосып алты бұрыш аламыз .

7 Алынған алты бұрышты қиямыз .

8.Ортасына 1 түс, келесі түстен 6, үшінші түстен 12 дана қиып, жапсыру.

9. Қағаз бетін үнемдей орналастырамыз .

10.Құрақты аяқтағанда шеткі алты бұрыштардың шеті қиылады.















Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған.

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған.









Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді: 1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы); 2. Жапсырмалау (аппликация). АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б Жасалу жолдары:

а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;

ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;

б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау. 
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. 
Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр.











Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Құрақтан тігілген тұрмыста қолданылатын бұйымдар:
• көрпеше
• төсеніш
• сырмақ
• жастыққап
• қоржын
• түрлі кәдесыйлар
Құрақ құрауға пайдаланылатын геометрикалық формадағы қиындылар:
Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үш бұрыш




























































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-375056

Похожие материалы