Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Қазақтың ұлттық ойыны "Ханталапай"

Қазақтың ұлттық ойыны "Ханталапай"


библиотека
материалов

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары туралы, олардың маңызы жайлы мағлумат беру. Ата – бабамыздың  ертеден келе жатқан  салт – дәстүрін дәріптеу. Ұлттық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау, тапқырлық, ептілік, қабілеттерін дамытуға ықпал ету, сөз қорын молайту.

Міндеттері: Қазақтың  ұлттық ойындары  арқылы балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, салт-дәстүр арқылы ой-өрісін дамыту. Ойындар арқылы баланы ұлтжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, елін, жерін сүюге  тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін және Отанға деген,туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Көрнекіліктер: Теледидар, асықтар, қоржын, үнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі : -ойын ережесін түсіндіру -балаларды шеңбер бойымен отырғызу -балалардың көңіл-күйін ойынға аудару -ойын басталғанын жариялау (ойынды жүргізу 25-минут)

Ойын барысы: Балалар музыка ырғағымен кіреді. Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар үш тілде сәлемдеседі. Сәлеметсіз бе ! Здравствуйте! Good morning! «Әсем» атты бақшаның, Тәрбиелі баласы. Алдыменен үлкенмен, Амандасып алады. Амансізба! Есеңсізбе! Қайырлы таң, достарым! Доброе утро, мои друзья! Крепко за руки возьмемся! И друг другу улыбнемся!

Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерме? Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?(Арқан тарту, көкпар, қыз қуу,бәйге,орамал тастамақ, асық ойындары). Бүгін біз Ханталапай қазақтың ұлттық ойынын ойнамыз. — Теледидардан «Ханталапай» ойыны бейнетаспа түрінде ашылады. Қазақтың ұлттық ойыны «Ханпалапай» бейне-фильмі көрсетіледі .

Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйкі, бүк, шік деп аталады..

Балалар, мынау не? - Асық. Менде көп асық. Асықтар. Мынау жағы қалай аталады? - шик,бук,тәйке, алшы. Мы пойдем играть на джайлау.

Ханталапай ойынын бастаймыз. Балалар шеңбер бойымен отырады. Ойын жүргізуші: «Талапай-ау, талапай табылды ойын алақай!»деп қоржындағы асықтарды  шеңбер бойымен отырған  7-10 баланың алдына шашады, ал балалар оны жарысып «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып,бөліп алады. Жинаған асықтарды санай бастайды үш тілде, әр бала ойынға 5 асықтан тігіп оларды атады. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бастайды, атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда мұғалім тапсырмалар береді.Тапсырмаға дұрыс жауап берсе ойынды жалғастырады, егер тағыда тигізе алмаса өз кезегін келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса,басқа балаларға жауап берулеріне болады. Бұл жағдайда кезек дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды. «Ханталапай» ойынын ойнату. Тан қалдыру сәті: Хан теледидардан балалармен сәлемдесіп,балаларға тапсырма береді. Балалар жауап беруге тырысады. Қоржындағы сұрақтар.

1) Қазақстан Мемлекеттік туында қандай құс бейнеленген?

  1. Қыран бүркіт

  2. Қарлығаш

  3. Торғай

2)В каком государстве мы живем?

  1. России

  2. Великобритания

  3. Казахстан

3)What season do you see?

  1. Sprin g

  2. Summer

  3. Autumn

  4. Winter

4)Наурыз мерекесін қай кезде тойлаймыз?

  1. Қыста

  2. Көктемде

  3. Күзде

5)Біздің Елордамыз қай қала?

  1. Алматы

  2. Астана

  3. Тараз

6)Назови и покажи казахскую национальную игру?

  1. Арқан тарту

  2. Тығылспақ

  3. Қуыспақ

7)Үй жануарлары мен оның төлдерің ата?

  1. Сиыр оның төлі бұзау

  2. Түйе оның төлі бота

  3. Қой оның төлі қозы

  4. Жылқы оның төлі құлын

8)Мына оюлардың атын атап ,бояп бер?

  1. Шеңбер

  2. Қошқар мүйіз

  3. Тарақ

9)Can you name these shapes? What colors are these shapes?

  1. a blue rectangle

  2. a red triangle

  3. a green circle

10)Киіз үйдің жабдықтарын атап бер?

  1. Кереге

  2. Шаңырақ

  3. Уықтар

  4. Сықырлауық (есік)

11)Ұлттық киімді тап.

  1. Камзол

  2. Жейде

  3. Белдемше


Қорытындысы бойынша білімімен,тапқырлығымен,көп асық жинаған жеңімпаз балаларға «Ең үздік бала», « Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары беріледі.

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады.









Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-563086

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG