Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ"

"ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың музыкалық саз аспаптары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың музыкалық саз аспаптарымен таныстыру.Музыкалық аспаптар туралы түсінік қалыптастыру, аттарын білдіру. Ұлттық музыкалық аспаптарды , өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.Қазақ халқының ертеден келе жатқан күйші- композиторлары Қорқыт, Құрманғазы , Дина Нұрпейісованың  шығармашылық туындылырын айтып, олардың еңбектерін бағалай білуге, музыканы тыңдай білуге,музыкаға деген сүйіспеншілігін  арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық  аспаптардың  суреттері ,суретті  плакат , баян , домбыра аспаптары .

Қолданылған әдебиеттер: « Қазақтың  музыкалық  аспаптары », « Сазды аспаптар  сыры».

Сабақтың  барысы.

1.      Ұйымдастыру.

Мұғалім:  Бүгінгі  біздің  сабағымызға  қош келіпсіздер.Елімізде  болып  жатқан  өзгерістер білім  беру  саласында  да жаңа талаптар  қойылып, музыкалық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты – міндеттері де  қазіргі  таңда  өзгерді.

Музыкасыз баланың  қиялын  тәрбиелеуге  болмайды.Оқушының  музыкалық  мәдениетінің ,эстетикалық  талғамының,ұлттық  сана – сезім, имандылық  қасиетінің  қалыптасуында  сөздің  шамасы келмеген  жерде неғұрлым  әдемі  тіл – музыка құдірет алады.

 1.Айдана. Жетіген – шертпелі аспатардың  ең көне  түрінің  бірі. Аспап  тұтас  ағаштан  ойып  жасалған  ,терімен  қапталған .Ішектерді  қолмен  керіп  байлаған .Күйге  келтіру  үшін тиек  орнына  асықты  жылжытатын  болған .

 

2.Асыл.Қылқобыз. Осы заманғы  музыкалық  аспаптар  тарихи  дамудың  ұзақ  және  күрделі  жолынан  өткен. Біздің  халқымыздың қобызын Қорқыт  жасаған  және   ең алғашқы  күй  тартушы  болған  деген  аңыз  бар . ...Қобыз  ,шұңғыл  және  бос  ыдыс  сияқты .Үстіңгі  жағында  ағаш  сабы  бар , басы жүрек  бейнелес .Төменгі  жағынан  тізеге  тіреу  үшін  ыдыс  ұзын  таяққа  бекітілген .Қобыздың  қуыс  беті  ешқандай  аспаптарға  ұқсамайды .Жылқының  қылынан  екі  ішек  тартылған .Үстінен  ысқышпен  дыбыс  шы ,өлімне ғады

 

3.Айдос . Жыр  атасы – Қорқыт. 

Қазақ   музыка  мәдениеті  тарихында  қобыз  өнері  ерекше  орын  алады. Халық оның үнінде  адамды  қиыншылықтан ,қайғы - қасіреттен  құтқарушы құдіретті  күш  бар  деп  сеніп , қастерлеген.Бұл  наным- сенім  Қорқыттың  қобыз  арқылы  өлімнен  алысқаны  туралы аңызбен  сабақтас.Қорқыт  қобызы  күй  төгіп, өмір  жырын  толғап  тұрғанда , қған  ажал  батып келе  алмаған .Қобыз  үні  үзілісімен  Қорқыт  жүрегі  де  соғуын  тоқтатқан  екен .Содан  бері  халқымыз  қобызды  киелі  санған

                      Үнтаспадан « Қобыз – абыз »  әні  тыңдалады.

 

4.Дулат.  Қазақ халқының тұрмысында  кең  тараған  музыкалық  аспап  екі  ішекті  домбыра  болатын . Бұрынғы заманда ән, жыр ,ертегі – аңыздарды орындаған болса, қазір   жеке  шығарма  орындалады .Домбыраның  екі  шегі , екі  құлағы , тиегі  боады.

                                       «Домбырасыз  сән  қайда?»   әні  орындалады.

               5.Жадыра. Асатаяқ – халық  арасында  ерте  тараған , пайдаланып  келе  жатқан  көне му- 

зыкалық  аспап.Оған  әртүрлі  сылдырмақты   ,әшекейлі  қоңыраулар, қаңылтырлар 

ілінеді. Музыканың ырғағына  қарай  сілкіп  ойнағанда  .одан  біріне –бірі  ұласқан сыңғырлаған  нәзік  үні шығады.

6. Әсем.Дауылпаз.  Аспап  күрделі  көне  аспаптар  қатарына  жатады. Бұлардың  шанақтары  қазан  сияқтанып  жасалады  да , ашық  беті  көн  терімен  қапталған.

        Дауылпаз  соқса  астынан ,

        Желбегей  күрең  атпенен .

        Бауыры  шұбар  ,сырты  көк,

        Қаршыға  құсқа  жарасар .

7. Тұяқ – тас  немесе  тайтұяқ  деп   аталатын  бқл  аспаптың  тарихи  тегі  өте  тереңде .Ол  аттың  тұяғынан  жасалатын  үрмелі аспап . Бұрын  саятшылардың  құралы   болған .Бүгінде  фалькллорлық   ансамбль , оркестр құрамында  қолданылып  келеді .

8.Самат.  Сазсырнай. Үрмелі аспаптардың  бір  түрі сазсырнай. Ол уілдеуік  деп  үрмелі  аспаптардың да бір  тобын  атауға  болады .Аспаптардың  бұл  тобына  жататындары : сазсырнай ,қамыс  сырнай .Дауысының  бояуы  құсас  болғанымен  ,бұл  аспаптардың  сыртқы  құрылысы ,ойнау  тәсілдері  арқылы  бір-  бірінен  айыру  қиын  емес .Сазсырнай  балалардың  сүйіп  ойнайтын  аспабы. Қазіргі  уақытта  сазсырнай  нәзік  әуенімен  ,тек  өзіне  ғана  тән үндік  бояуымен  қазақ  музыка  өнерінде кеңінен  қолданылып, көпшіліктің  көңілінен  шығып жүр.

9.Анар. Сыбызғы.  Ел арасында кең  тараған  сыбызғының  түрі қурайдан  немесе  ағаштан  жасалады .Түп  жағына  3- 4 ойнау  тесігі  ойылады  .Кейбір жетілдірілген сыбызғыда  12 тесікке дейін  болады.

Сыбызғы  ерекше жаттығуларды  талап  ететін аспап .Түтігінің  жоғары  аузын  маңдай  тіске  тақап ,ерін мен тілдің  көмегімен  түтікке тербелген  ауа толқыны белгілі  бір  қысыммен  бағытталады.Осының нәтижесінде  ызыңдап үн  шығады .

Барлық белгілі адамдардың  барлығы да  музыка сырын жете  түсіне  білген. Абай  атамыздың өзі де  «Көңілге  түрлі  ой  салар,әнді сүйсең,  менше  сүй » деген екен.Енді Абай атамыздың  «Көзімнің  қарасы» әнін  бәріміз  бірге  орындайық.

9.Аян.Күй .қазақ  халқының  ертеден  келе  жатқан аспаптық  музыкасы. Халық  күйші – композиторлары  Қорқыт ,Құрманғазы ,Дина   артында  көптеген  күйлер  қалдырған .Күйді  тыңдағанда  оның  нәзік  дыбыстарына ,әуеніне  жете  көңіл  бөлу  керек .

10. Жанар. Қазақтың  ұлы  композиторы ,дарынды  күйші Құрманғазы  Сығырбайұлы жан  азығы домбырасын қолынан  тастамады .

Құрманғазының  күйлері  өте  жігерлі ,үлкен  шабытпен  ойналады .Құрманғазының  «Сарыарқа»,  «Адай» «,Балбырауын» , «Қайран  шешем» , т.б көптеген күйлері  бар.

11.Азат. Дина Нұрпейісова  домбыраны  әкесінен  үйренген  екен .Дина Нұрпейісованың  «Он  алтыншы  жыл» , «Әсем  қоңыр », « Той  бастар  деген»  көптеген  күйлері  бар.

12. Зере .Перне  қуған  сүйрік  саусақ  салалы,

                  Кейде  желіп ,кейде  орғып  шабады.

                   Сала  құлаш  шанағынан  сыңсыған

Аққу  ұшып ,қаздар қайтып  барады.

 

Тұлпарлардың  дүбір  қаққан  тұяғы ,

Көкірекке  сырлы  сарын  құяды.

Сыңғырлаған  сан  мың  әуен , япыр –ау,

Шанағына қалай  ғана  сыяды.

Міне, оқушылар  бұл ән  «Әгугәй , домбыра»  деп  аталады .Бәріміз  бірге  « Домбырасыз  сән  қайда ?»  әнін  бірге  орындаймыз.

Мұғалім:  Ертеде  Жошы  деген  хан  болыпты . Ханның  жалғыз  баласы  болыпты . Ханның  жалғыз  ұлы  аң  аулауға  жорыққа  шығыпты .  Жорықта  ханның   жалғыз  баласының  көзіне  киіктің  кішкентай  лағы    түсіпті.  Ханның  баласы  кішкентай  лақты  көздеп  тұрып,  атып  өлтіріпті .Жазықсыз  киіктің  лағы  өліп  қалыпты.  Ханның  баласы  еліне  қайтар  жолда  мерт  болады.

Ханның  баласының  қан  жоса  болып  жатқанын  көрген  нөкерлері   қиналыпты.Олар   ханға  баласының   өлімін қалай  естірту   керек  екен  деп  қиналыпты .

Хан  баласының  оралмағанынан ,  бір  жамандықтың   болғанын  сезіпті . Егер  кімде –кім  маған  жаман  хабар  әкелсе  , сол  адамның  басын  кесіп  аламын  деп  жар  салыпты .Бәрі де ханның алдына  баруға   бата  алмапты. Содан  домбырасын  қолына  алған бір  адам келіп , ханның  баласының   өлімін   естіртіпті. Домбыраның  зарлы   үні  сарайды  күңірентіп  кетіпті . Хан  ызадан  булығып, « Домбыраның  үнін  өшіріңдер, оған   қорғасын   құйыңдар », деп  әмір  беріпті.Осылай  домбыраның  құдіретті  күші  адамның  ауыр  қайғысына   ортақтасыпты .

Сабақтың  соңы. Қорытындылау .

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2016 1095
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолмагамбетова Валентина Тишканбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6523
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 946 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе