Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / «ҚАЗАҚТЫҢ ҰРАНЫ – БІРЛІК»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰРАНЫ – БІРЛІК»

библиотека
материалов

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰРАНЫ – БІРЛІК»

Қатысушылар:

Тәуке хан,-Қазақ ханы

Төле би- Ұлы жүздің биі

Қазыбек би - Орта жүздің биі

Әйтеке би -Кіші жүздің биі

Көкім би

Сасық би

Қатаған жайма би

Жауынгерлер Жалғас, Нұржан

Барысы:

Автор сөзі оқылады.

Әскерлер сахнада тұрады. Осы кезде Тәуке хан мен билер ойланып отырады. Кенеттен:

Ерсұлтан

Тәуке хан:-Уа, қара қылды қақ жарған билерім, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан-жай жиылып отырған жоқпыз, бабаларымыз – Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын жалғастыра отырып, ел тыныштығын сақтайтын, тентекті тезге салатын Жарғы қабылдап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманға жетуімз керек. Бабадан мирасқа қалған жерді сақтап, нығайту үшін, ең алдымен,дау-жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Белгіленген жер межесінің шеңбері, рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшыларымен билер әділ шешім шығаратын болсын. Олай болса, бірінші Жарғы жер дауын шешетін заң болсын.(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі,Төле би, сен не айтасың?

Жеткіншек

Төле би: Жыртық үйден жел гүлесе-сол жаман

Өлім-бесік әлдилеген-сол жаман.

Ұрлық,қарлық,барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған сол жаман.

Олай болса, екінші жарғымыз-ұрлық,қарлық барымтаның жолын қиып, ел тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі,Қаздауысты Қазыбек биге сөз берейік

Асыл

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі тақан елміз,

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан:Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі, Әйтеке биге берейік.

АЛИ

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін,ең алдымен, бет-бетімен ру-руға бөлініп, бір-бірімен қырқысып,ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің ұлттық бірлігін сақтаумыз керек.Алты алаштың баласы бір-біріне жау болса,елдің ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан:Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.

Бақдәулет

Қырғыз Көкім би:«Аға өлсе – жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» дегендей,жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек,келесі жарғымыздың бірі – жесір дауы болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би,жарғыға қосарыңыз бар ма?

Азат

Сасық би. Балаң жаман болса,

Көріңгеннің мазағы емес пе?!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе?!

Туған балаң жаксы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе?!

Алғаң жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?!-деп Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.

Тәуке хан:Ал қатаған Жайма би,

Сөз кезегі саған да келді,не айтарың бар?

Елбек

Қатаған Жайма би:Төрені қара өлтірсе,құнын оның кім бермек?

Азаматың өлтірсе, ақысын оның кім бермек?

Жерін жөнсіз иеленсе,есесін оның кім бермек?

Әйелі ерін сыйламаса,ері елін сыйламаса, елі әдет-ғұрыпын сақтамаса,ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын. .(«Әділ сөз, дұрыс айттыңыз, көреген шешім» деп билер қостайды.)

Тәуке хан:(қол жайып) Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» темірқазығымыз болсын!

Күй орындалып тұрады.

Рамазан

Автор: «Төле бидің тарихы» атты дастаннан үзінді оқиды.

Жер дауы баяндайтын – біріншісі,

Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған екен заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір халықпен басқару болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесіншісі,

Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.

Иә, содан бері үш ғасыр уақыт өтсе де,бұл өсиет әлі де көкейкесті, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуге Қазақстанның күн тәртібінде тұрған мәселе.







Шапса тұлпардың тұяғы сынатын, ұшса сұңқардың қанаты талатын Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақ даласының терроториялық тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай тер төгіп, қасық қаны қалғанша ішкі сепаратистік әрекеттер мен сыртқы шапқаншылыққа тойтарыс бере білген данышпан бабамыз әз Тәукенің қазақ халқына сіңірген еңбегі, атқарған қызметі өлшеусіз.

Соңы.











Автор
Дата добавления 29.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров215
Номер материала ДВ-297261
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх