Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Қазақтың салт –дәстүрлері және ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды тәрбиелеу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қазақтың салт –дәстүрлері және ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды тәрбиелеу

библиотека
материалов

Жоспар

І. Кіріспе

Мектепке дейінгі мекемеде ұлттық тәрбие тәжірибесін енгізудің инновациялық жолдары

ІІ.Негізгі бөлім

Қазақтың салт –дәстүрлері және ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды тәрбиелеу

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер































Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім білім беру мекемесі, яғни баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланы сөзсіз жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді.

Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халыктың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ол үшін осы ұғымдардың мазмұнын түсіну керек.

«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көп түрлігі және бірлігі жинақталған. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үрдісінде халықтық педагогика идеяларын қолдануға көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де, осы салада ғылыми әдебиеттер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде тәрбие жұмыстарына талдау жасай келіп, ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің теориялық, тәжірибелік тұрғыда да өз дәрежесінде жүргізілмей отырғандығы көрінеді. Білім беруде халық ауыз әдебиеті үлгілерін, халықтық музыка, ұлттық ойындар, өнер, салт-дәстүрлерін тұтас қамтып, бірлікте жүргізу көзделді. Олар тәрбиленушілердің жасерекшеліктеріне сай мазмұндық деңгейі әркелкі болып жүзеге асырылуы тиіс. Балалардың әрбір іс-әрекетінде ұлттық ерекшелік қанық бояумен әрленіп, дараланып тұруы көзделеді.

Балабақша – тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, тәрбие жұмысын қалай кешенді ұйыдастыруға болатынына тоқталмақпыз. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтық тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшіліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің тәбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. 

Біз, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс.

Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығармай, ұстануымыз керек.

 Еліміздің ертеңгі болашағы балаларға ұлттық тәрбие беру – қазақ халқының басты міндеті. Ұлттық тәлім-тәрбиенің басты мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, әдемілік болып табылады. Балабақша – бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты мақсаты.

Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үрдісіне оның тәрбие көздерінің бірі – салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеу өте орынды. Балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.

«Ақшағала» мектепке дейінгі балалар мекемесі қызметкерлері жоғарыда аталған ұлттық үрдістерді оқу іс-әрекет барысында, серуен уақытында, ойын іс-әрекеттерінде үнемі пайдаланып, баланы ұлт жанды етіп тәрбиелеуде өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір балабақша. Жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында өткізілетін «Қош келдің, Наурыз, жеріме» атты апталық барысында ересек топтар арасында «Салт-дәстүрім - алтын қазынам» атты іш шара өткізіліп, ұлттық дәстүрді арқау етіп, ата-баба тарихын тереңірек танытып, мұрасын қадір тұту мақсатында «Бесікке салу», «Тұсау кесер» сияқты салт-дәстүрлерді балалар өздері сахналап, оның мәні мен мағынасын түсінуге тырысады. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ұлттық ойынның алатын орны ерекше. Бала ойын арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, мергендікке, еңбексүйгіштікке үйренеді. Осы мақсатта ортаңғы топтар арасында «Көкпар», «Қыз қуу», «Бес асық», «Арқан тартыс», «Тақия тастамақ», «Бәйге», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, балалар қызығушылықпен қатысады.

Халықтық педагогиканың бір саласы баланы шешендікке, ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады, осы орайда балабақша топтарында «Ұлттық бұрыштар» жасақталып, онда ұлттық бұйымдар мен ұлттық киімдер жинақталады, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Шебер қолды әжем» атты көрмелер ұйымдастырылады. Бұл көрменің мақсаты ата-аналар жасаған ұлттық бұйымдарды балаларға таныстыру. Күнделікті ас ішкеннен кейінгі бата беру, оқу іс әрекеттерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды қолдану арқылы халықтық педагогикасы насихатталады. Баланы шешендікке баулуда айтыс айтыс өнерінің маңызы зор. Балабақшамызда «Өнерің өрге жүзсін балақай» атты іс шара барысындағы ересек топтар арасындағы айтыс өте қызықты да тартымды өтеді. Қыз бен жігіт ролін сомдай отырып балалар «Қыз бен жігіт айтысы», «Өтірік өлеңдер айтысын» ортаға салады. Осындай іс шаралар арқылы баланың тілі мен ой өрісі дамып, қызығушылығы қалыптасады.

Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбилеу мақсатында «Тілім менің - тірегім» атты апталық ұйымдастырылып, апталық барысында ересек топтар арасында «Тіл – халық қазынасы» «Ана тілім – дана тілім», «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты интеллектуалды іс шаралар, II сәбилер тобы мен ортаңғы топтарда тіл дамытудан ашық оқу іс әрекеттері өткізіледі.

Ұлттық тәрбиенің негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақша өзара тығыз байланыста болуы тиіс. Біздің балабақшада да бұл іс әрекет дәстүрге айналған. Ата-аналар бала тәрбиесіне бағытталған іс шараларға белсенді түрде зор қызығушылықпен қатысады. Сондай іс шаралардың бірі «Әкелер мен ұлдар» атты ұлттық ойындардан эстафета, «Наурыз көже» наурыз көженің жасалуы, мәні мен маңызын түсіндіру, «Менің сүйікті әжем» әжелер сайысы.

Рухани адамгершілік тәрбиені бала бойына сіңіруде күнделікті оқу іс әрекеттерінде, іс шараларда ғажайып сәттерде ұлттық кейіпкерлер Ару ана, Қыдыр ата, Қожанасыр, Тазша бала, Алдар көсе, Қаңбақ шалдың рольдерін сомдау болып табылады.

Балабақша тәрбиесінде баланың ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас буынға дәріптеуге, оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыруға міндетті.

Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келекшекте оның өміріне қауып әкеледі»-деген екен. Олай болса, бала бақша болашақта бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен- кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтан оның мәні ерекше.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?»- деп айқындай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, тілінің дамуына құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы көрінеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бөбектерді тәрбиелеуде ұлттық ойындардың берері мол. Мысалы: «Ойна да ойлан» атты тәрбие жұмысында балаларға сан, пішін, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйретуде қазақтың ұлттық ойындары «Теңге алу», «Бәйге», «Көңілді керуен» ойындарын ойнатуға болады. Көрнекті құралдарға ұлттық бұйымдар мен ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланып, мысалы: «Киіз басу, құрақ құрау» ойындарын ұйымдастыру. Балалар ұлттық ою-өрнектердің бейнелеу нақыштарының сырын ұғынып, ойындар арқылы ою тармақтарының нені бейнелейтіні жайлы түсінік алады.

Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.

Бүгінде ұлттық ойынды балабақшаларда адамгершілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдыққа тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде балабақшаларда осыған байланысты кең түрде ұлттық ойындарды ойнату ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.

Қазақтың ұлттық ойындары ата – бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін ойын өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесінен оқу іс-әрекеті балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден –ақ халық дәстүрі.

Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеген қазақ ғалымы Ешмұхаммед Букинді – дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы деп айтуға толық негіз бар. Ол жергілікті мамандар арасында бірінші болып «гимнастика» деген терминге ғылыми тұрғыдан түсініктеме берді, демек адам баласы үшін жас ерекшеліктеріне қарамастан атқаратын рөлін баяндады. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар – балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл–ойынның жаттықтырушысы. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Түйілген орамал.

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

- ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр , қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар

- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін , алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде - бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантиметрдей бір –біріне қапталдас орналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабандоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұстасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағаш аттың құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Теңге ілу.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі сайыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Көп жағдайда балалар тез ұйымдасып кетпейді: яғни толып жатқан ұғымдары бірінші күннен бастап түсіндіре қою қиынға соғады. Мәселен, оның тәрбиеші үшін қиындығы емес, балаларды меңгеріп алуының күрделігінде. Сондықтан алғашқы бес – он минутты тәрбиеші ұлттық ойындардан бастап, балалардың қимыл – бірлігі қалыптасып, бір – біріне жақындасаған кезде, ойыннан оқу іс - әрекетіне біртіндеп көшкені жөн.

Балалардың назарын оқу іс - әрекетке аудару үшін тәрбиеші 5-10 минут қимыл – қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік – жігерлерін негізгі материалдырға аударады.

Балабақша балалары үшін демалыс уақыттарында ойналатын ұлттық ойындарын іріктеп балалардың жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс. Дене шынықтыру іс- әрекетінде халық ойындарын пайдалану жасөспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қана қоймай, олардың жан – жақты дамуына, сана – сезімінің өсіп, жетілуіне айтарлықтай әсер тигізеді. Тәрбие процесі кездерінде бір – бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі – ұлтық ойындар. Бос уақыттарында өтілетін, жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді.

Тәрбиешілер ұжымы осы белсенді балалардың көмегімен, оқу іс - әрекет үстінде, бос уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды.

Бос уақытта ойналатын ұлттық ойындары барысында





тынығады

бала өміртанымын кеңейтеді

бірлеседі

ұйымшылдыққа үйренеді



Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін - өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, бос уақытта балалармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады. «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе-түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Хан жақса ма?», «Күзетшілер», «Ұшты-ұшты», «Көрші-көрші», «Сақина жинау» тағы басқалары.







Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров1093
Номер материала ДБ-048519
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх