Инфоурок / Другое / Презентации / "Қазақтың салт-дәстүрі" тақырыбына презентация
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Қазақтың салт-дәстүрі" тақырыбына презентация

библиотека
материалов
1.Ұлттық салт-дәстүр. (түсініктеме беру) 2.Қазақ халқының шаруашылығына байла...
1.Ұлттық салт-дәстүр. Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тари...
«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәліме...
Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін қы...
Ел жайлауға көшкенде,әрбір ауыл көштерінің салтанатты,сәнді безендіруіне ере...
Көктемде күн күркіремейінше,өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген.Тек күн...
Бұл салт жайлауға барғаннан кейін бие байланып , қымыз ашытуды ұйымдастыру ке...
3.Отбасына және ұрпаққа байланысты әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. «Қалжа мен...
«Бесік тойы». Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бес...
Тұсаукесер[1] – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жаса...
«Баланы атқа мінгізу». Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жат...
«Сүндет тойы». Ислам дінінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаст...
«Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі». Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру д...
«Беташар» Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түске...
«Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болу...
«Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақ...
ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР  Қазақ халқының келін түсіріп, қыз ұзатып құдаласуы барысында ор...
Құда, құда дейсің-ау,  Құйрық-бауыр жейсің-ау.  Құйрық-бауыр жемесең,  Несіне...
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда...
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көр...
Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырл...
Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның...
Қарсы құда– туыстық атау.  Егер екі әулет өзара келісіп бір жағы қыз беріп, е...
Ат мінгізіп, шапан жабу (салт). Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға ж...
Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешес...
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ...
Сұрақтар 1.Салт-дәстүр дегеніміз не? 2.Отпен тазарту салт-дәстүрі қай мезгілд...
37 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 1.Ұлттық салт-дәстүр. (түсініктеме беру) 2.Қазақ халқының шаруашылығына байла
Описание слайда:

1.Ұлттық салт-дәстүр. (түсініктеме беру) 2.Қазақ халқының шаруашылығына байланысты әдет- ғұрыптар мен салт-дәстүрлері 3.Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар, салт-саналар. 4. Басқа да салт - дәстүрлер

№ слайда 4 1.Ұлттық салт-дәстүр. Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тари
Описание слайда:

1.Ұлттық салт-дәстүр. Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.

№ слайда 5 «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәліме
Описание слайда:

«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке – жеке тоқтала кетсек.

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін қы
Описание слайда:

Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін қыстаудың әр жеріне от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген . Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді . АРТҚА

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Ел жайлауға көшкенде,әрбір ауыл көштерінің салтанатты,сәнді безендіруіне ере
Описание слайда:

Ел жайлауға көшкенде,әрбір ауыл көштерінің салтанатты,сәнді безендіруіне ерекше көңіл бөлген.Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап,қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті “қарқаралы көш” деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша, қырғауылдың қауырсыны көшке көз тиюден немесе жол – жөнекей көшті анау-мынау қолайсыз жағдайдан сақтайды. АРТҚА

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Көктемде күн күркіремейінше,өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген.Тек күн
Описание слайда:

Көктемде күн күркіремейінше,өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген.Тек күн кіркірегеннен кейін тау жуасын немесе басқа жеуге жарамды жемістерді жеуге рұқсат етілген.Халықтың түсінігі бойынша, күн күркірегеннен кейін шөптің өсуі тездейді,малдың сүті көбейеді.Сол себептен, күн күркірегенде,Жетісуда әйелдер шөміш пен қысқышты бір-біріне ұрғылап: “Сүт көп болсын, от аз болсын”, - деп үй айналатын болған .Ал ,Орталық Қазақстанда мұны “от қағу” деп атап,үйдің сыртынан керегенің басын қағады. Космогониялық наным бойынша бұл әдет сүттің мол болуына септігін тигізген. Көктемде күн күркіремейінше,өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген.Тек күн кіркірегеннен кейін тау жуасын немесе басқа жеуге жарамды жемістерді жеуге рұқсат етілген.Халықтың түсінігі бойынша, күн күркірегеннен кейін шөптің өсуі тездейді,малдың сүті көбейеді.Сол себептен, күн күркірегенде,Жетісуда әйелдер шөміш пен қысқышты бір-біріне ұрғылап: “Сүт көп болсын, от аз болсын”, - деп үй айналатын болған .Ал ,Орталық Қазақстанда мұны “от қағу” деп атап,үйдің сыртынан керегенің басын қағады. Космогониялық наным бойынша бұл әдет сүттің мол болуына септігін тигізген. АРТҚА

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Бұл салт жайлауға барғаннан кейін бие байланып , қымыз ашытуды ұйымдастыру ке
Описание слайда:

Бұл салт жайлауға барғаннан кейін бие байланып , қымыз ашытуды ұйымдастыру кезінде өткізілген, құлын-биелердің аман болуына , қымыздың көп болуына тілек білдіріп қариялар қазық басына май жағып , қымыз ашытушыларға бата береді. АРТҚА

№ слайда 15 3.Отбасына және ұрпаққа байланысты әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. «Қалжа мен
Описание слайда:

3.Отбасына және ұрпаққа байланысты әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. «Қалжа мен шілдехана тойы». Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.

№ слайда 16 «Бесік тойы». Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бес
Описание слайда:

«Бесік тойы». Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды. Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.

№ слайда 17 Тұсаукесер[1] – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жаса
Описание слайда:

Тұсаукесер[1] – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.

№ слайда 18 «Баланы атқа мінгізу». Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жат
Описание слайда:

«Баланы атқа мінгізу». Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата – аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, «ашамай» деп аталатын екі қасы «Х» түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған – туысқандары мен руластарын аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл - өмілдірік, құйысқан, жырым – шеттік, шыбыртқы – қамшы сияқты ер – тұмандарын байғазыға береді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам баласына бірден ер – тоқым болады. Қазақ ішінде ат – көлік табу оңай, ер – тұман табу қиын. Атқа мінудің алдыңғы шарты ер – тоқым, атқа жайдақ мінуді жаяушылықтан жаман көреді. Сондықтан «ат табылады, ер табылмайды» дейді.

№ слайда 19 «Сүндет тойы». Ислам дінінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаст
Описание слайда:

«Сүндет тойы». Ислам дінінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүндеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып - әдетке айналған. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

№ слайда 20 «Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі». Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру д
Описание слайда:

«Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі». Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі толып жатқан той – томалақ, ырым – кәделері арқылы болады. Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті салтқа айналған. Ең алдымен қыз айттыратын жақ қыздың ата – анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі. Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі (қоржын) апарады. Осы жолы «өлтірі тойы» өткізіледі. Бұл күні ақ сойылып, ақ бата жасалады.

№ слайда 21 «Беташар» Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түске
Описание слайда:

«Беташар» Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түскен келін қайын атасының үйіне енгізіледі. Осы кезде сабына қызыл – жасыл әлем байлаған қамшы ұстаған бір жігіт келіннің бетін ашады. «Беташар» жыры арқылы жаңа түскен келін жиылған жұртқа таныстырылады, келінге ақыл – насихат айтылады, әзіл – қалжың араластырып, жұртты күлдіріп отырады, келін ата – енесіне, қайынағаларына сәлем етеді.

№ слайда 22 «Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болу
Описание слайда:

«Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген разылық болып есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.

№ слайда 23 «Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақ
Описание слайда:

«Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс – жұрағатттарына жасалған сый – құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма – кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды.

№ слайда 24 ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР  Қазақ халқының келін түсіріп, қыз ұзатып құдаласуы барысында ор
Описание слайда:

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР  Қазақ халқының келін түсіріп, қыз ұзатып құдаласуы барысында орындалатын тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің бірі – құйрық-бауыр. Бұл құдалық кезінде орындалатын рәсім болғанымен, оның ұлтымыздың салт-дәстүрінде алар орны ерекше. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда, оларға арнаулы сый ретінде құйрық-бауыр тартылады. Бұл ерекше тағамды салтанатты жағдайда табаққа салып әкелген әйел: «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар», — деп тілек білдіреді. Бұдан соң құдаласқан екі жақтың адамдарының барлығы құйрық-бауырдан ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжаты болып бекітілген. Халқымыздың: «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе?» деуі сондықтан. Құдалық кезінде әдет-ғұрыптарды орындау барысында құдалар бір-бірімен әзіл жарастырып, қалжыңдасып, әрбір дәстүрді ойын-сауыққа ұластырып жіберетіндігі белгілі. Сондай-ақ осы «Құйрық-бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпа сөздер айтылмай қалмайды. Сондай құйрық-бауыр ұсынылғанда айтылатын өлеңнің бір үлгісі төмендегідей:

№ слайда 25 Құда, құда дейсің-ау,  Құйрық-бауыр жейсің-ау.  Құйрық-бауыр жемесең,  Несіне
Описание слайда:

Құда, құда дейсің-ау,  Құйрық-бауыр жейсің-ау.  Құйрық-бауыр жемесең,  Несіне құда дейсің-ау.  Үлкен құда, бас құда,  Кіші құда, жас құда.  Құйрық-бауыр әкелдім,  Ауызыңды аш құда.  Үлкен құда ардақты-ай,  Кіші құда салмақты-ай.  Құйрық-бауыр асатам,  Тістеп алма бармақты-ай.  Үлкен құда әнекей,  Кіші құда мінекей.  Құйрық-бауыр асатам,  Кәделерің кәнекей.

№ слайда 26 Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда
Описание слайда:

Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

№ слайда 27 Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көр
Описание слайда:

Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі. Тыйым«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады. Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.

№ слайда 28 Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырл
Описание слайда:

Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі. Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі. Абысын асы (салт). Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын.

№ слайда 29 Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның
Описание слайда:

Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді. Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

№ слайда 30 Қарсы құда– туыстық атау.  Егер екі әулет өзара келісіп бір жағы қыз беріп, е
Описание слайда:

Қарсы құда– туыстық атау.  Егер екі әулет өзара келісіп бір жағы қыз беріп, екінші жақтан келін түсірсе, онда олар бір-біріне қарсы құда болады. Мұндай жағдайда қалыңмал төленбей, құдалар той-думанмен шектелген. Кейде өзара сыйластығы берік отбасылар да қарсы құда болып отырған. Қарсы құда болу ертеде көбіне тұрмысы төмен отбасылар арасында жиірек кездескен. Кимешек кигізу (салт). Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын тойға барғанда сәукелесін де киіп барады. (Қазақ әулетінде сәукелені ұзатар кезінде ғана киеді). Келін болып түскеннен соң шешіп алып қояды. Жас келін перзентті болған соң ауыл әйеледері, бәбішелер әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік жағында мұны «жаулық салды» деп те атайды. Кимешек те, жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі.

№ слайда 31 Ат мінгізіп, шапан жабу (салт). Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға ж
Описание слайда:

Ат мінгізіп, шапан жабу (салт). Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі. Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Мысалы, Ұлытауға келгенде қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа Торғайда ақын С.Мәуленовке, Шымкентте жазушы Ш.Мұртазаға ат мінгізіп, шапан жабылуы ұлттық мәдениеттімізідің, салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін көтере түскені сөзсіз. Әділін айтсақ, мұндай құрмет қазіргі күнгі «машина кілтін тапсырды» дегеннен әлдеқайда абыройлы да асқақ естіледі!

№ слайда 32 Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешес
Описание слайда:

Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

№ слайда 33
Описание слайда:

№ слайда 34
Описание слайда:

№ слайда 35 Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ
Описание слайда:

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

№ слайда 36 Сұрақтар 1.Салт-дәстүр дегеніміз не? 2.Отпен тазарту салт-дәстүрі қай мезгілд
Описание слайда:

Сұрақтар 1.Салт-дәстүр дегеніміз не? 2.Отпен тазарту салт-дәстүрі қай мезгілде жасалады? 3.Қарқаралы көш дәстүрі қашан өткізіледі? 4.Қазық байлау дәстүрі не үшін өткізіледі? 5. Қалжа мен шілдехана тойы өткізілгенде қандай тілек айтылады? 6. Бесік тойы болғанда баланың құлағына не деп айтылады? 7.Тұсауксер тойына қандай заттар дайындалады? 8.Қай кезде беташар дәстүрі өткізіледі? 9.Қазақтардың қандай тағы салт-дәстүрлерін білесіңдер?

№ слайда 37
Описание слайда:



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-480104

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Комментарии:

30 дней назад

Қандай қызықты мағлумат Рахмет сізге