Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Қазақтың қара өлеңі-құдіретім" жазбасы 11 сынып

"Қазақтың қара өлеңі-құдіретім" жазбасы 11 сынып



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі






Ғылыми жоба




Облыстық «Жарқын болашақ»ҮІІ «КАТЕҮ» қазақ тілі олимпиадасы

Бағыты: «Жас ғалымдар»




Жобаның тақырыбы:

«Қазақтың қара өлеңі-құдіретім»








Орындаған: 11б-орыс сыныбының оқушысы Даракчян Артур Андроникович

Жетекшісі:Ісанатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баделова Лейла Адиетовна





2014-2015 оқу жылы


Ғылыми жобаның тақырыбы:“Қазақтың қара өлеңі-құдіретім”



Қара өлеңнің мекені Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді,қарап жүрмей жегенім.

Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқан қара балаң мен едім.

Қалқаман Сарин



Зерттеу бағытым: “Салт дәстүр және ұлттық өнер”

Халық арасында айтылып жүрген қара өлеңнің жоғалмай,сақталуы үшін халық мұрасын ел ішінен жинап,зерттеу


Зерттеудің мақсаты:


Жергілікті жерлердегі,ауыл-ауылдағы ата-әжелерден айтылып жүрген қара өлең үлгілерін жинап,орыстың частушкасы мен,татардың жырларымен салыстыра отырып,қара өлеңнің белгілі бір тақырыптық жүйемен салмақтай айтылатын мұра екендігін жас буын ұрпаққа жеткізу


Жобаны зерттеу барысындағы ғылыми болжамым:


Ел аузындағы қара өлеңнің тілдік тарихы көнеленіп бара жатқандығы;

Үлкендерден үлгілерін көптеп жинау қажеттілігі;

Жастардың қара өлеңге көп қызығушылықтары жоқ екендігі;

Өнер саласындағы жанашыр аға-апалардың,мәдениет саласындағы басшылардың қара өлеңнен байқаулар өткізулеріне көңіл аудару керектігін,солай ғана қара өлеңнің тарихилылығын сақтап қалуға болатындығы;

Әрі халық ауыз әдебиетінің бай түрі ретінде келер ұрпаққа қалар мол мұра болатындығы.


Зерттеу кезеңдері:

Ауыл- аймақтардағы үлкен ата- әжелердің тұратын жерлерін анықтау

Анықталған мекен жайлардағы үлкен кісілермен әңгіме сұхбат құрып , көне жәдігеріміз қара өлең туралы,орындап берулерін өтіну

Жинақталған материалдар бойынша зерттеу жасау,салыстыру

Жинақталған материалдарды мектеп қабырға газетіне шығару


Зерттеу әдістері мен зерттеудің қайнар көзі:


Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен,ауыл-аймақтық той -жиындарынан,жергілікті салт-дәстүр қорларынан

Тіл білімі саласындағы ғылыми -зерттеу жинақтарынан

Әдебиет теориясы бойынша ғылымилылығын, зерттелу құндылығының негізделуінен

Жергілікті өзге ұлт өкілдерінің салттары бойынша жиын- тойда айтатын частушки,жыр түрлерімен салыстыра отырып талдау


Зерттеу әдістері:

  • Ізденіс

  • Әдеби теориялық талдау

  • Салыстырмалы талдау

  • Жүйелі қорытындылау



Алғы сөз

Жобамен айналысу барысында қазақ фольклорының үлгілерін,әдебиет тарихын,туысқан әдебиет үлгілерін,орыс фольклорын салыстыра зерттеуді мақсат еттік.Қазақ ауыз әдебиетінен тұрмыс-салт жырла рын,қара өлеңдер мен қазіргі заман поэзиясын зерттедік.




Кіріспе


Қазақ әдебиеті сан ғасырлардан бері өзінің құндылығын жоймай, жас ұрпаққа үлкен үлгі өнеге көрсетіп келеді. Оның бастауы қазақ ауыз әдебиетінен бері сарқылмас қазына болып жалғасын тауып келеді. Қазақ ауыз әдебиеті қазақ әдебиетінің түп тамыры. Сонау ықылым заманнан бері ауызша таралып, осы заманға дейін ұмытылмай жетуінің өзі, оның құндылығында. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.Қазақтың шырылдап дүниеге келгеннен бастап, өмірден озғанға дейінгі ғұмыр сапарында қазақтың төл мәдениеті, әдебиеті көрініс табады. Ұлы Абай айтпақшы: «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең” – деген сөзінен көп нәрсені аңғаруға болады.


Міне, осы қазақтың салт-дәстүрімен бірге жасап келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – қара өлеңге тоқталмақпын.














Қазақ өлеңі-көркем сөздің жүйелі ырғақпен түзілуі.

Қазақ өлеңі ән сазына салып айтуға ыңғайлы,ерекшелігі әннің ырғағы қара өлең жолдарындағы бунақтардың орнын ауыстырып отыруға болады.

Әр шумақта жеке ой жатады,жеңіл әзіл-оспақтан бастап,өмірдегі, тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойға негіз етіп алып,ой толғайды.

Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі. Туысқан өзбек, қырғыз, карақалпақ, татар, түрікмен, башқұрт поэзияларында кездеседі. Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді.


Мысалы: Аралтөбе басында екі үй отыр,

Ақбөпе жоқ,ол жерде несіне отыр.

Бір сойқанды,дариға-ай, қылар едім,

Қу кедейлік қолымды кесіп отыр-,деп Меркі жерінде сүйгеніне қосыла алмаған Сауытбай деген кедей жігітінің сөзімен келтірсек,

"Қағаздың қасың сұлу сиясындай,

Тоғайдың мойның ұзын миясындай,

Қолымды саған қайтсем жеткіземін,

Сұңқардың жатқан жерік ұясындай",-деп ауыл арасына тарап кеткен өлеңдер үлгісінде де кездестіреміз.

Қара өлеңдегі ой жеңіл әзіл- оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді.

Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған. Оның үлгілері: "Оғызнамада" (9ғ.),

Ж.Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.):

«Тіл сыйлы етер,құтты қылар,өсірер,

Бас та жарар,қадір құтты ол өшірер»,

М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түркінде" (11 ғ.):

«Бар жақсылықтың басы тіл»,

А.Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.):

«Шын сөзі бал,жалған сөзің жуадай,

Жуа сасып бал иісін қуады ай!

Шын сөз шипа,өтірік сөз кесел ғой,

Ескі сөзден осындай ой туады ай!»деген құнарлы сөздер

кездеседі.

Шоқан Уәлихановтың зерттеуінше: «Қазіргі кезде бар суырып салма ақындар ескі жырлардың әуенін де,сөзін де айтқанымен, екі шекті домбырамен сүйемелдейді.Домбыра мен жаңаша өлеңдерескі жырлар мен қобызды ығыстырып тастады.“Қырда қазір мынадай поэзияның түрлері бар:

1.Жыр,мен осыған дейін сөз еткен.

2.Жылау-жоқтау өлең.Әйелдер жанынан суырып салып айтады.Шумақ,тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді.Барлық жылаулардың,адам жанын тебірентерлік ең жақсысы,ең әйгілісі Орта жүзде,ол:Айғаным Уалиеваның 1833жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мамекені жоқтап жылауы,кейіннен суырып салма деген атағы шыққан әнші әйел 14 жасында,өлген күйеуін жоқтап айтқан жылауы.

3.Қайым өлең,сұрақ пен жауаптан құралатын,тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі,алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады.Кейде бұл-қайым өлеңдер жұмбақ,эпиграммалар,әзіл-қақтығыс,тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.

4.Қара өлең әдеттегі,үйреншікті өлең,бұл өлең төрт шумақты,әр шумақта жеке жеке ой жатады.сондай ақ,бұл өлең дауысқа негізделеді.Көбінесе төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.

5.Өлең.Бұл форма,қазіргі кезде барлық жаңашыл ақындар тарапынан суырып салма өлеңдерге де,поэмаларға да,әсіресе Орынбай өлеңдеріне қатысты көбірек айтылады.Өлеңнің жаңа:Орынбай қарауыл ішіндегі атеке-...тармағынан,атығайдың жаңа қырғыз тармағынан шыққан Шөже ақындар насихаттап,салт-санаға дарытушылар болды. Шөже ақын үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын-ды. Осы өлеңдердің тақырыптарының көбісі діни сарында айтылады-, деп жіктейді.Сонымен бірге бұл өлең қалпын өздері үйреніп қалған суырып салма өлеңге де сәйкестеп,қолайы келгенде айта береді.Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»поэмасын,өлең формасында маған Жанақ ақын айтып беріп еді»,-деп ,татар поэзиясының формалары қазақтардың гармониялық дыбыспен ойға тұнып тұрған дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастағандығын,өлеңнің төрт шумақтан тұратынын,алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқасқа бітетінін,ал үшінші шумақтың ұйқаспайтынын келтіріп қара өлеңнің а-а-б-а үлгісіне келтіреді.


Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде:


Батырлар жырында: “Алпамыс”

Ғашықтық дастанда :“Айман- Шолпан”


Классикалық шығармаларда:


І.Жансүгіров “Күйші поэмасы”

Әндерде: “Зәуреш”, “Қайықта”


Кеңестік дәуірдегі әдебиетте:

С.Мұқанов “Майға сәлем”,

М.Мақатаев “Саржайлау”әндерінде т.б.


Қара өлеңнің тақырыбы:


  • махаббат,ғашықтық

  • достық,жолдастық

  • батырлық,ерлік

  • табиғат,сұлулық

  • мұң,тағдыр

  • тұрмыс,тауқымет


Қара өлеңнің тәрбиелік мәні:


  • адамгершілікке,парасаттылыққа;

  • еңбекқорлыққа,қиындықты жеңе білуге;

  • сүйіспеншілікке,елжандылыққа;

  • қарапайымдылық пен кішіпейілділікке;

жомарттылық пен имандылыққа




Қара өлең үлгілері


Ат көркем көрінеді тұрманымен, Дүние жеткізбейді қуғанменен Қарайып көкіректі кір шалғанмен, Не пайда су кетіріп жуғанменен


Ауылым көшіп барады кеуілімен, Көңілім қобалжулы желең-желең. Апырмай,жүрегімді қалай басам , Перизатты алып қашса жігіт-желең.


Қағаздың қасын сұлу сиясындай, Тоғайдың мойны ұзын миясындай. Қолымды саған қайтсем жеткіземін, Сұңқардың жатқан жерік ұясындай.


Қорадан қой өреді жосылып-ай, Айтады екеу өлең жосылып-ай. Өлеңді көп айтуға ақын емес, Балалар риза болшы осыныма-ай.



Орыстың частушкасының үлгілері


Мы давно уже не пели,

Берегли мы горлышко.

А сейчас начнем мы петь,

Частушечки по солнышко...


Все угоры,все угоры,

Все угоры да пески.

Никакого нет веселья,

Кроме горя да тоски.



Мы веселые частушки,

Пропоем для вас сейчас. О себе,о дружбе нашей,

И о кое ком из нас...



Орыс частушкалары ойнақы,жеңіл әзілге құрылған, қысқа,секіртпелі ұйқас түрімен би ырғағымен айтылатын фольклорлық жанрдың жаңарған түріне айналған





Татардың жыр үлгісі


Туган якка юл тотамын, Туган як,туган як. Ин гузел газиз якка. Туган як,туган як, Жир жилекләре пеикэн чак. Туган як,туган як, Ашыгам кояилыкка. Туган як, туган як


Ей,кизлярым,кизлярым, Буримына так гулиң. Жигитлярым караса, Колиңди устат кашпагин


Татар жырлары жеңіл,ойнақы әнге салынып айтылатын әзіл-оспаққа құрылған,орыстың частушкиіне ұқсастау келеді.Көбіне бимен бірге орындалады.

Салыстыру кестесі


hello_html_m72bea5e8.gif


Ел ішінде зерттелуі:



Қара өлең айту салты деген ұғымды ұмытпауымыз керек сияқты. Себебі, ертеде қазақтың жиын-тойында әйелдер де, ерлер де қара өлең айтуды дағдыға айналдырған.Зерттеу барысында ауылды аралап,жалпы ауыз әдебиеті үлгілерін,соның ішінде қара өлеңнің үлгілерін жазып алдық. Міне, осы ежелден келе жатқан қара өлең айту салты біздің Жалпақтал өңірінде сирек те болса бар екені көңіл қуантады. Мысалы,қазіргі Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Шапағат» әжелер ансамблінің мүшесі,зейнеткерлікке шыққан қадірлі ұстаз,ел ішіндегі жаңалыққа,өнерге,тәлім-тәрбие беруге етене араласып жүрген Мұғалбаева Светлана Хайредденқызы апайымыз ойын- тойда қара өлеңді шырқатып,отырғандардың көңілдерін желпіндіріп отырады.Апайдың қара өлеңді айту тәртібінде жер-суға,тәлім-тәрбиеге байланысты, құрбылардың әзілдесу,танысу,көптен көрмегендеріне амандасу ретіндегіүлгілерімен келтірген қара өлеңіне тоқталсақ:

«Жер-суға байланыстыөлеңінде»:

Ағады Жалпақталда Қараөзен,

Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген.

Өнеріңді аяма жастық шақтап,

Әр күнің бір жылға тең ойнап-күлген.

Жалпақтал жағасында Қараөзен,

Шомылып жағасында талай жүзгем.

Жер-суды атын білген өлең қылсам,

Жанға шипа,дертіңе дауа берген.

Қараөзен Сарыөзенмен қатар аққан,

Ел-жұртым ризықты малын баққан.

Адамдары жайлаған екі аңғарды,

Еңбекпенен бақыттың дәмін татқан,-десе,

« Тәлім-тәрбие өлеңінде»:

Үлкеннің тыңда сөзін болса зердең,

Ажалсыз пенде өлмейді қайғы-шерден.

Артыңа бір естелік қалдырмасаң,

Тірлікте не болады алған-берген.

Болғанда ақыл-дария, кеудең-кемең,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса талап ізде,

Талапсыз мақсатыма жетем деме.

Қол созады әрнеге әркім қалап,

Жетпес не бар жас шақта етсең талап.

Бәрінен болсыншы заман тыныш,

Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.

Уағда сөзге қазық боп лебізбенен,

Бір сөзді екі қайта дегізбеген.

Сарқылып сағасыз су тап болады,

Телегей тең болмайды теңізбенен.

Ойланбайтын кісіде ақыл болмас,

Ақылсыздың еш сөзі мақұл болмас.

Екі туып болса да бір қалғаның,

Еңбегіңдей өзіңнің жақын болмас.

Боларсың бірде артық,бірінде кем,

Біріңді бірің сүйе сүрінгенде.

Ынтымақ,ауызбірлік қып жүрсеңдер,

Татисың аз да болса рулы елге,-*деп ұлағатты ойдан шыққан үлгілі тәрбиені ұсынады.Ал танысу-амандасу үлгісінде елге кеңінен таралған қара өлең үлгісін ұсынады:

Өлеңді айт дегенде тіл айтады,

Тіліме қандай адам мін айтады.

Жерім кең,елім азат,заман бейбіт,

Өлеңді біздер айтпай кім айтады.

Шөп өсер өспес бірақ нөсерден ой,

Түбінде мал болмайды жөтелген қой.

Өлеңді еріккеннен біз айтпаймыз,

Көңілім көпшіліктің көтерген ғой-ай,-деп қайырады.

Қара өлеңнің қасиеті сол-адамның ішкі жан-дүниесіне ерекше әсер етіп,сезіміңді баурайды,еліктіреді,ішкі сезімнің иірімдеріне дөп тигенде екінші жанның да қосарлана,іліп алып өлеңді жалғастыратынын байқадық.Тыңдап отырғандар үшін ірі әуезді,әрі ойлы өлеңнің мәні мен мазмұндық ойының маңызы өздерінің ішкі сезімдерімен ұштасып жатқасын әрі ұнамды, әрі жағымды болып,қауқылдасып қолдап жатады. (бейнеролик)

Қазақтың жыраулары өмір сүрген кезеңнен бері қарай зерттеп қарасақ та,Абай шығармашылығын оқып қарасақ та,қазіргі қазақ ақындарының поэзиясына шолу жасасақ та поэзияның негізгі қайнар көзі қара өлеңде жатқандығын байқаймыз.Ел-елдің арасында, көршілес жатқан ауыл арасында, бір-бірімен араласып отырған ағайындар арасында қара өлең үлгілері ұқсас болып келеді.Ел ішінде айтылып жүрген қара өлең үлгілері Жаңақала,Бөкей Орда, Жалпақтал жеріне тән.Мысалы:

Сөйлемде ернім епті, көңіл жалқау

Кей адам сөз сөйледі теріс арқау

Итімді қаппасын деп байлап едім

Жібектен жараспас деп жіптен арқан.

Сұрасаң арғы атамыз болып өткен,

Ұсынса туған айға қолы жеткен.

Несіне айтар сөзді-ау іркілесің

Қара өлең таңдайымнан толып өткен.

Аршындап-ай артық сөйлеп асқан да бар

Жай сөйлеп көңілдегіні басқан да бар.

Алланың бергеніне шүкір етпей

Аяққа қызыл мақпал басқан да бар.

Ат көркем көрінеді тұрманменен,

Дүние жеткізбейді қуғанменен

Қарайып көкіректі кір шалғанмен

Не пайда су кетіріп жуғанменен

Қорадан қой өреді жосылып-ай,

Айтады екеу өлең қосылып-ай.

Өлеңді көп айтуға ақын емес,

Балалар риза бол осыныма-ай.


. Қазақтың қара өлеңін әдебиеттің төресі десең артық болмас.

Өлеңнің мағынасына көңіл аударсақ, қазақ қашанда бекерге өлең шығармаған. Артында ұлағатты, үлгі болар сөзін қалдырған.

Осыны жасынан тыңдап өскен жас ұрпақ дүниеқұмарлық, ашкөздіктен қашық жүруге тырысады. Жомарттыққа, имандылыққа тәрбиелейтін бұндай өлеңдердің жас ұрпақ үшін мәні зор. Өлеңде батырлықты дәріптеуде қарапайым сөзбен емес метафораларды да көркем пайдаланады.Мысалы:

Сұрасаң арғы атамыз болып өткен,

Ұсынса туған айға қолы жеткен, - деген сөзінен байқауға болады.


Енді қара өлең құрылысына назар аударсақ:


А-( уы)- лым кө- шіп ба -ра -ды ке –уі- лі -мен, Кө –ңі- лім қо- бал- жу -лы же- лең-же- лең. А- пыр- май,жү- ре –гім- ді қа- лай ба -сам , Пе- ри- зат- ты а -лып қаш -са ж-і гіт-же -лең.


11 буынды, 4 тармақты. а, а, б, а ұйқасты.

Яғни бұны қара өлең ұйқасы дейді.

Қазіргі заман поэзиясында осы қара өлең ұйқасын кеңінен пайдаланады. Демек, қазақ поэзиясының түп тамыры қара өлеңнен бастау алады.

Қара өлеңді ақындар да өздерінің шығармаларына арқау еткен. Ақындар қара өлеңді қасиет тұтады, пір тұтады, поэзияның атасы қара өлең екенін төмендегі ақындар өлеңінен көреміз.

 Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын-деп ақиық ақын Мұқағали жырлап,қара өлеңнің құдіреттілігіне басын исе:

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.

Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім, - деп Қалқаман Сарин да

өз өмірін қара өлеңмен тығыз байланыстырады. Міне, қара өлеңнің құдіреттілігі, қара өлеңнің құндылығы осындай биік тұлғаларды қалыптастырып,бүгінгі поэзияның бастау алар қайнар көзі екенін,қазіргі ақындарымыздың үлгі алар асыл сөздің тұңғиығы екені даусыз.Асыл сөздің зерделі ой-иірімдерінентәлім-тәрбие алар ұрпағымызды халық өнері қара өлеңнің нәрімен сусындатайық дегім келеді..





Зерттеудің қорытындысы:

  • Зерттеудің нәтижесінде қара өлеңнің мәнін тереңірек түсіне бастадым.

  • Халық қара өлеңмен әлеуметтік мәселелерін қозғап, өзінің мұң-мұқтажын,қайғысы мен қуанышын,сүйіспен- шілігі мен ғашықтығын жеткізетіндігін білдім.

  • Қара өлеңнің сөз өнері,тілі өте бай,тілдік байланысы өте шебер екенін байқадым.

  • Ата- бабаларымыздан қалған мұраның құндылығын,өмірлік тәлім-тәрбие беретін мол мұра екенін,жастарға үйреніп,бүгінгі үлгіде жалғастыру керектігін білдім.




Енді өзімнің ұсынбамды айтар болсам:

  • Балаларға өз өлкесін танып білуге демеушілік көрсету.

  • Жүйелі түрде мектепте өлкетану үйірмелерін ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу,жалғастыру.

  • Өз елім Жалпақтал аймағында экспедицияларға шығу, туған жер тарихымен, әдебиетімен танысуға кеңінен мүмкіндік алу, конференциялар өткізу.



Пайдаланған әдебиеттер:


Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы»

Алматы,1991 «Ана тілі»

Ш.Уәлиханов Таңдамалы Алматы,1985 162-165 беттер «Жазушы»

Қазақ әдебиеті “Көне түркі әдебиеті”үлгілері

Қазақ әдебиеті энциклопедиясы

Туысқан халықтар әдебиеті

WWW.bestreferat.ru

WWW.KK.wikipedia.ova

WWW. Adebiet.kz











Баделова Лейла Адиетовна

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Қара өлең


2014-2015 оқу жылында 11-сынып оқушысы армян баласы Даракчян Артурмен бірге жұмыстанып,облыстық «Жарқын болашақ» КАТЕҮ олимпиадасында «Алғыс хатқа»ие болған ғылыми жоба бойынша даярланды



Қара өлеңнің мекені Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді,қарап жүрмей жегенім.

Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқан қара балаң мен едім.

Қалқаман Сарин







Қазақ өлеңі-көркем сөздің жүйелі ырғақпен түзілуі.

Қазақ өлеңі ән сазына салып айтуға ыңғайлы,ерекшелігі әннің ырғағы қара өлең жолдарындағы бунақтардың орнын ауыстырып отыруға болады.

Әр шумақта жеке ой жатады,жеңіл әзіл-оспақтан бастап,өмірдегі, тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойға негіз етіп алып,ой толғайды.

Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі. Туысқан өзбек, қырғыз, карақалпақ, татар, түрікмен, башқұрт поэзияларында кездеседі. Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді.


Мысалы: Аралтөбе басында екі үй отыр,

Ақбөпе жоқ,ол жерде несіне отыр.

Бір сойқанды,дариға-ай, қылар едім,

Қу кедейлік қолымды кесіп отыр-,деп Меркі жерінде сүйгеніне қосыла алмаған Сауытбай деген кедей жігітінің сөзімен келтірсек,

"Қағаздың қасың сұлу сиясындай,

Тоғайдың мойның ұзын миясындай,

Қолымды саған қайтсем жеткіземін,

Сұңқардың жатқан жерік ұясындай",-деп ауыл арасына тарап кеткен өлеңдер үлгісінде де кездестіреміз.

Қара өлеңдегі ой жеңіл әзіл- оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді.

Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған. Оның үлгілері: "Оғызнамада" (9ғ.),

Ж.Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.):

«Тіл сыйлы етер,құтты қылар,өсірер,

Бас та жарар,қадір құтты ол өшірер»,

М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түркінде" (11 ғ.):

«Бар жақсылықтың басы тіл»,

А.Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.):

«Шын сөзі бал,жалған сөзің жуадай,

Жуа сасып бал иісін қуады ай!

Шын сөз шипа,өтірік сөз кесел ғой,

Ескі сөзден осындай ой туады ай!»деген құнарлы сөздер

кездеседі.

Шоқан Уәлихановтың зерттеуінше: «Қазіргі кезде бар суырып салма ақындар ескі жырлардың әуенін де,сөзін де айтқанымен, екі шекті домбырамен сүйемелдейді.Домбыра мен жаңаша өлеңдерескі жырлар мен қобызды ығыстырып тастады.“Қырда қазір мынадай поэзияның түрлері бар:

1.Жыр,мен осыған дейін сөз еткен.

2.Жылау-жоқтау өлең.Әйелдер жанынан суырып салып айтады.Шумақ,тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді.Барлық жылаулардың,адам жанын тебірентерлік ең жақсысы,ең әйгілісі Орта жүзде,ол:Айғаным Уалиеваның 1833жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мамекені жоқтап жылауы,кейіннен суырып салма деген атағы шыққан әнші әйел 14 жасында,өлген күйеуін жоқтап айтқан жылауы.

3.Қайым өлең,сұрақ пен жауаптан құралатын,тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі,алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады.Кейде бұл-қайым өлеңдер жұмбақ,эпиграммалар,әзіл-қақтығыс,тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.

4.Қара өлең әдеттегі,үйреншікті өлең,бұл өлең төрт шумақты,әр шумақта жеке жеке ой жатады.сондай ақ,бұл өлең дауысқа негізделеді.Көбінесе төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.

5.Өлең.Бұл форма,қазіргі кезде барлық жаңашыл ақындар тарапынан суырып салма өлеңдерге де,поэмаларға да,әсіресе Орынбай өлеңдеріне қатысты көбірек айтылады.Өлеңнің жаңа:Орынбай қарауыл ішіндегі атеке-...тармағынан,атығайдың жаңа қырғыз тармағынан шыққан Шөже ақындар насихаттап,салт-санаға дарытушылар болды. Шөже ақын үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын-ды. Осы өлеңдердің тақырыптарының көбісі діни сарында айтылады-, деп жіктейді.Сонымен бірге бұл өлең қалпын өздері үйреніп қалған суырып салма өлеңге де сәйкестеп,қолайы келгенде айта береді.Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»поэмасын,өлең формасында маған Жанақ ақын айтып беріп еді»,-деп ,татар поэзиясының формалары қазақтардың гармониялық дыбыспен ойға тұнып тұрған дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастағандығын,өлеңнің төрт шумақтан тұратынын,алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқасқа бітетінін,ал үшінші шумақтың ұйқаспайтынын келтіріп қара өлеңнің а-а-б-а үлгісіне келтіреді.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде:


Батырлар жырында: “Алпамыс”

Ғашықтық дастанда :“Айман- Шолпан”


Классикалық шығармаларда:


І.Жансүгіров “Күйші поэмасы”

Әндерде: “Зәуреш”, “Қайықта”


Кеңестік дәуірдегі әдебиетте:

С.Мұқанов “Майға сәлем”,

М.Мақатаев “Саржайлау”әндерінде т.б.


Қара өлеңнің тақырыбы:


  • махаббат,ғашықтық

  • достық,жолдастық

  • батырлық,ерлік

  • табиғат,сұлулық

  • мұң,тағдыр

  • тұрмыс,тауқымет


Қара өлеңнің тәрбиелік мәні:

  • адамгершілікке,парасаттылыққа;

  • еңбекқорлыққа,қиындықты жеңе білуге;

  • сүйіспеншілікке,елжандылыққа;

  • қарапайымдылық пен кішіпейілділікке;

  • жомарттылық пен имандылыққа

Қара өлең үлгілері


Ат көркем көрінеді тұрманымен, Дүние жеткізбейді қуғанменен Қарайып көкіректі кір шалғанмен, Не пайда су кетіріп жуғанменен


Ауылым көшіп барады кеуілімен, Көңілім қобалжулы желең-желең. Апырмай,жүрегімді қалай басам , Перизатты алып қашса жігіт-желең.


Қағаздың қасын сұлу сиясындай, Тоғайдың мойны ұзын миясындай. Қолымды саған қайтсем жеткіземін, Сұңқардың жатқан жерік ұясындай.


Қорадан қой өреді жосылып-ай, Айтады екеу өлең жосылып-ай. Өлеңді көп айтуға ақын емес, Балалар риза болшы осыныма-ай.

Орыстың частушкасының үлгілері


Мы давно уже не пели,

Берегли мы горлышко.

А сейчас начнем мы петь,

Частушечки по солнышко...


Все угоры,все угоры,

Все угоры да пески.

Никакого нет веселья,

Кроме горя да тоски.


Мы веселые частушки,

Пропоем для вас сейчас. О себе,о дружбе нашей,

И о кое ком из нас...

Орыс частушкалары ойнақы,жеңіл әзілге құрылған, қысқа,секіртпелі ұйқас түрімен би ырғағымен айтылатын фольклорлық жанрдың жаңарған түріне айналған

Татардың жыр үлгісі


Туган якка юл тотамын, Туган як,туган як. Ин гузел газиз якка. Туган як,туган як, Жир жилекләре пеикэн чак. Туган як,туган як, Ашыгам кояилыкка. Туган як, туган як


Ей,кизлярым,кизлярым, Буримына так гулиң. Жигитлярым караса, Колиңди устат кашпагин


Татар жырлары жеңіл,ойнақы әнге салынып айтылатын әзіл-оспаққа құрылған,орыстың частушкиіне ұқсастау келеді.Көбіне бимен бірге орындалады.

Салыстыру кестесі


hello_html_m72bea5e8.gifЕл ішінде зерттелуі:

Қара өлең айту салты деген ұғымды ұмытпауымыз керек сияқты. Себебі, ертеде қазақтың жиын-тойында әйелдер де, ерлер де қара өлең айтуды дағдыға айналдырған.Зерттеу барысында ауылды аралап,жалпы ауыз әдебиеті үлгілерін,соның ішінде қара өлеңнің үлгілерін жазып алдық. Міне, осы ежелден келе жатқан қара өлең айту салты біздің Жалпақтал өңірінде сирек те болса бар екені көңіл қуантады. Мысалы,қазіргі Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Шапағат» әжелер ансамблінің мүшесі,зейнеткерлікке шыққан қадірлі ұстаз,ел ішіндегі жаңалыққа,өнерге,тәлім-тәрбие беруге етене араласып жүрген Мұғалбаева Светлана Хайредденқызы апайымыз ойын- тойда қара өлеңді шырқатып,отырғандардың көңілдерін желпіндіріп отырады.Апайдың қара өлеңді айту тәртібінде жер-суға,тәлім-тәрбиеге байланысты, құрбылардың әзілдесу,танысу,көптен көрмегендеріне амандасу ретіндегіүлгілерімен келтірген қара өлеңіне тоқталсақ:

«Жер-суға байланыстыөлеңінде»:

Ағады Жалпақталда Қараөзен,

Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген.

Өнеріңді аяма жастық шақтап,

Әр күнің бір жылға тең ойнап-күлген.

Жалпақтал жағасында Қараөзен,

Шомылып жағасында талай жүзгем.

Жер-суды атын білген өлең қылсам,

Жанға шипа,дертіңе дауа берген.

Қараөзен Сарыөзенмен қатар аққан,

Ел-жұртым ризықты малын баққан.

Адамдары жайлаған екі аңғарды,

Еңбекпенен бақыттың дәмін татқан,-десе,

« Тәлім-тәрбие өлеңінде»:

Үлкеннің тыңда сөзін болса зердең,

Ажалсыз пенде өлмейді қайғы-шерден.

Артыңа бір естелік қалдырмасаң,

Тірлікте не болады алған-берген.

Болғанда ақыл-дария, кеудең-кемең,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса талап ізде,

Талапсыз мақсатыма жетем деме.

Қол созады әрнеге әркім қалап,

Жетпес не бар жас шақта етсең талап.

Бәрінен болсыншы заман тыныш,

Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.

Уағда сөзге қазық боп лебізбенен,

Бір сөзді екі қайта дегізбеген.

Сарқылып сағасыз су тап болады,

Телегей тең болмайды теңізбенен.

Ойланбайтын кісіде ақыл болмас,

Ақылсыздың еш сөзі мақұл болмас.

Екі туып болса да бір қалғаның,

Еңбегіңдей өзіңнің жақын болмас.

Боларсың бірде артық,бірінде кем,

Біріңді бірің сүйе сүрінгенде.

Ынтымақ,ауызбірлік қып жүрсеңдер,

Татисың аз да болса рулы елге,-*деп ұлағатты ойдан шыққан үлгілі тәрбиені ұсынады.Ал танысу-амандасу үлгісінде елге кеңінен таралған қара өлең үлгісін ұсынады:

Өлеңді айт дегенде тіл айтады,

Тіліме қандай адам мін айтады.

Жерім кең,елім азат,заман бейбіт,

Өлеңді біздер айтпай кім айтады.

Шөп өсер өспес бірақ нөсерден ой,

Түбінде мал болмайды жөтелген қой.

Өлеңді еріккеннен біз айтпаймыз,

Көңілім көпшіліктің көтерген ғой-ай,-деп қайырады.

Қара өлеңнің қасиеті сол-адамның ішкі жан-дүниесіне ерекше әсер етіп,сезіміңді баурайды,еліктіреді,ішкі сезімнің иірімдеріне дөп тигенде екінші жанның да қосарлана,іліп алып өлеңді жалғастыратынын байқадық.Тыңдап отырғандар үшін ірі әуезді,әрі ойлы өлеңнің мәні мен мазмұндық ойының маңызы өздерінің ішкі сезімдерімен ұштасып жатқасын әрі ұнамды, әрі жағымды болып,қауқылдасып қолдап жатады. (бейнеролик)

Қазақтың жыраулары өмір сүрген кезеңнен бері қарай зерттеп қарасақ та,Абай шығармашылығын оқып қарасақ та,қазіргі қазақ ақындарының поэзиясына шолу жасасақ та поэзияның негізгі қайнар көзі қара өлеңде жатқандығын байқаймыз.Ел-елдің арасында, көршілес жатқан ауыл арасында, бір-бірімен араласып отырған ағайындар арасында қара өлең үлгілері ұқсас болып келеді.Ел ішінде айтылып жүрген қара өлең үлгілері Жаңақала,Бөкей Орда, Жалпақтал жеріне тән.Мысалы:

Сөйлемде ернім епті, көңіл жалқау

Кей адам сөз сөйледі теріс арқау

Итімді қаппасын деп байлап едім

Жібектен жараспас деп жіптен арқан.

Сұрасаң арғы атамыз болып өткен,

Ұсынса туған айға қолы жеткен.

Несіне айтар сөзді-ау іркілесің

Қара өлең таңдайымнан толып өткен.

Аршындап-ай артық сөйлеп асқан да бар

Жай сөйлеп көңілдегіні басқан да бар.

Алланың бергеніне шүкір етпей

Аяққа қызыл мақпал басқан да бар.

Ат көркем көрінеді тұрманменен,

Дүние жеткізбейді қуғанменен

Қарайып көкіректі кір шалғанмен

Не пайда су кетіріп жуғанменен

Қорадан қой өреді жосылып-ай,

Айтады екеу өлең қосылып-ай.

Өлеңді көп айтуға ақын емес,

Балалар риза бол осыныма-ай.


. Қазақтың қара өлеңін әдебиеттің төресі десең артық болмас.

Өлеңнің мағынасына көңіл аударсақ, қазақ қашанда бекерге өлең шығармаған. Артында ұлағатты, үлгі болар сөзін қалдырған.

Осыны жасынан тыңдап өскен жас ұрпақ дүниеқұмарлық, ашкөздіктен қашық жүруге тырысады. Жомарттыққа, имандылыққа тәрбиелейтін бұндай өлеңдердің жас ұрпақ үшін мәні зор. Өлеңде батырлықты дәріптеуде қарапайым сөзбен емес метафораларды да көркем пайдаланады.Мысалы:

Сұрасаң арғы атамыз болып өткен,

Ұсынса туған айға қолы жеткен, - деген сөзінен байқауға болады.


Енді қара өлең құрылысына назар аударсақ:


А-( уы)- лым кө- шіп ба -ра -ды ке –уі- лі -мен, Кө –ңі- лім қо- бал- жу -лы же- лең-же- лең. А- пыр- май,жү- ре –гім- ді қа- лай ба -сам , Пе- ри- зат- ты а -лып қаш -са ж-і гіт-же -лең.


11 буынды, 4 тармақты. а, а, б, а ұйқасты.

Яғни бұны қара өлең ұйқасы дейді.

Қазіргі заман поэзиясында осы қара өлең ұйқасын кеңінен пайдаланады. Демек, қазақ поэзиясының түп тамыры қара өлеңнен бастау алады.

Қара өлеңді ақындар да өздерінің шығармаларына арқау еткен. Ақындар қара өлеңді қасиет тұтады, пір тұтады, поэзияның атасы қара өлең екенін төмендегі ақындар өлеңінен көреміз.

 Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын-деп ақиық ақын Мұқағали жырлап,қара өлеңнің құдіреттілігіне басын исе:

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.

Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім, - деп Қалқаман Сарин да

өз өмірін қара өлеңмен тығыз байланыстырады. Міне, қара өлеңнің құдіреттілігі, қара өлеңнің құндылығы осындай биік тұлғаларды қалыптастырып,бүгінгі поэзияның бастау алар қайнар көзі екенін,қазіргі ақындарымыздың үлгі алар асыл сөздің тұңғиығы екені даусыз.Асыл сөздің зерделі ой-иірімдерінентәлім-тәрбие алар ұрпағымызды халық өнері қара өлеңнің нәрімен сусындатайық дегім келеді..









Пайдаланған әдебиеттер:


Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы»

Алматы,1991 «Ана тілі»

Ш.Уәлиханов Таңдамалы Алматы,1985 162-165 беттер «Жазушы»

Қазақ әдебиеті “Көне түркі әдебиеті”үлгілері

Қазақ әдебиеті энциклопедиясы

Туысқан халықтар әдебиеті

WWW.bestreferat.ru

WWW.KK.wikipedia.ova

WWW. Adebiet.kz























































































































































































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

 

                                                        Кіріспе

 

 Қазақ әдебиеті сан ғасырлардан бері өзінің құндылығын жоймай, жас ұрпаққа үлкен үлгі өнеге көрсетіп келеді. Оның бастауы қазақ ауыз әдебиетінен бері сарқылмас қазына болып жалғасын тауып келеді. Қазақ ауыз әдебиеті қазақ әдебиетінің түп тамыры. Сонау ықылым заманнан бері ауызша таралып, осы заманға дейін ұмытылмай жетуінің өзі, оның құндылығында. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.Қазақтың шырылдап дүниеге келгеннен бастап, өмірден озғанға дейінгі ғұмыр сапарында қазақтың төл мәдениеті, әдебиеті көрініс табады. Ұлы Абай айтпақшы:          «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

  Өлеңмен жер қойнына кірер денең” – деген сөзінен көп нәрсені аңғаруға       болады.

 

        Міне, осы қазақтың салт-дәстүрімен бірге жасап келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің  бір түрі – қара өлеңге тоқталмақпын.

 

     

 

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров493
Номер материала 469760
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх