Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ажарлы сұлу ғажап тым!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ажарлы сұлу ғажап тым!

библиотека
материалов

Ажарлы сұлу ғажап тым-

Қыздары қандай қазақтың!


Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршин Жылкайдаровна

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға 8 Наурыз туралы түсінік беру. Қыздарымызды ана тілінде сөйлей білуге үйрету. Ұлттық салт- дәстүрімізді, өнерді оқушы қыздардың бойына сіңіру. Халқын сүйе білуге үйрету.

Сабақтың шарты. Ұлттық киідерінің болуы. Ұлттық салт - дәстүрді білу. Ұлттық ою түрлерін білу, әнін, күйін, биін білу. Мақал - мәтел , жаңылпаштар білу. Түрлі ұлттық ойындарды білу.

«Қыз сынын» жүргізу.

І жүргізуші. Бар табиғат еміреніп, жан- жануар , жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге жарысып, олармен бірге жасарып, олармен бірге қуанған адамзат баласы да Ұлыстың Ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын туыс, дос – жаран, айналаның бәрі құшақ жая қарсы алып, төс түйістіріп, қол қусырып мәз –мейрам болысқан. Көктемнің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс – тіршілігі табиғат анамен тығыз байланысқан, зерделі ел Жыл басы – Наурыз құтты болсын, халайық! Заманымыз тыныш болсын! Ақ мол болсын!


ІІ жүргізуші. «Кішкентай арулар» сайысына қатысып отырған аруларымыздың жолдары ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп, Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың! атты байқауымызды ашық деп жариялаймыз, «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қыздарымыз қырық өнерлі болсын дейміз. Олай болса сәттілік тілеп, қыздарымызды ортаға шақырайық.

Таныстыру.

1. Қорғасындай мінезі бар салмақты.

Бар жұмыстың жайын білер жан - жақты.

Аз сөйлеп – ақ кқптеген іс тындырып,

Анар қыз сыныбында ардақты

2. Көңілінде шуағы бар көктемнің

Меруерттен естімейсің өктем үн

Көкірегінде көзі барлар біледі,

Меруерттің инабатты екенін.

3. Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабық, торсық шеке, томпақ бет,

Рыскүлдей ер жүрек қыз табылмас.

4.Жанарынан жастық оты шашырап,

Гүлге оранып кеткендей ме атырап,

Жұмыс қалай жүріп барлығын

Айнұр қыз отырады бақылап.

5.Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

6. Той да бүгін, күңіл шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Ауылымызда, бүгін болар сайыстың

Сөре жүйрік, жыршы бетін ашады, дей отырып, ән «Тойға шашу»

7. Ақыл – көрік бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

8. Кішкентай арулар келіп жетті танысуға.

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбы негізінде қыздарымыз өздерін таныстырып өтсін

І бөлім. Өзін таныстыру. ( Қыздарымыз кезектесіп ортада өздерін таныстыру).

ІІ бөлім. Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді,

Жасында оқып, жинап ал.

Тепкілесең кетпейді,

Өртіңе ол күймейді,

Ұрылар оған тимейді,

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді.

Білім жайлы ойларын жинақтап, тексеру мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алынады.

ІІІ бөлім. Шашақ жасау .

Зәуреш тыным таппайды,

Ине жіпке үйір – ақ,

Анасы көп мақтайды

Маңдайынан сүйіп ап

Мәз боламыз бәріміз.

Зәуреш біздің шебер деп,

Күтіп жүрміз бәріміз

Көйлек тігіп берер деп.

Ендеше қыздарымыз үйден дайындап әкелген жіптерінен шашақ жасап, қазылар алқасына тапсырады.

Ән «Анашым»

ІV бөлім. Көркем өнер – жас бөбек,

Сүйкімді болар баптаса

Тортасын алған бал қаймақ,

Бойына сылау жақпаса,

Үлпілдеген қызыл шоқ.

Басына үкі тақпаса, дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді,

Сізді сонша аңсап ел,

Би билеп, ән салып бер, -дей келе қыздарымыз өнерлерін көрсетіп өтті.

V бөлім. Дайын ою - өрнектен қиып, құрақ көрпе жасайды.

«Қол өнері –кілемде, сөз өнері -өлеңде » дегендей, кілемдерде, ұлттық киімдерде көп кездесетін, қазақ ұлтының ерекшеліктерін айшықтайтын белгіміз ою – өрнек. Олай болса, келесі бөлімнің шарты: Ою- өрнек қиып, әр түрлі параққа жапсырады. Мұнда қыздарымыз ептілігін, талғамын байқатады.

«Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» демекші қыздарымыз ою – өрнектен де ненде емес сияқты.

VІ бөлім. Ой толғаныс.

Таза, мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады

Таза , мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады, дегендей қыздарымыз 8 Наурыз аналар мерекесіне арнайы бес- алты сөйлемнен немесе төрт жолдан тұратын «Ана » деген тақырыпта ой толғаныстарын жазып, оқу.

Ән «Қыздар»

VІІ бөлім. Үй жұмысы.

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап тұрар бойында

Келесі сайыс – үй жұмысы. Бұл бөлімде үйден дайындап тігіп немесе жапсырып әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырып, қорғау.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата – баға жолынан,

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, дей келе қыздарымыз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғап өтті.

VІІІ бөлім. Салт – дәстүр. Мақал- мәтел сайысы.

« Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын өлтіреді» - демекші, «Мақал - сөздің мәйегі » деп атам қазақ айтқандай, сөз атасы- мақал айтып жарысайық.

«Мақал айтсаң - жол көрсеттің. Мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың » деп қыздарымызға кезек берейік.

ІХ бөлім. Қорытынды бөлім.

Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші,

Аруы деп сыныбымның жүрейікші,

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал қыздарға сәттілік тілейікші,

«Жүзден - жүйрік »өнерімен,

«Мыңнан - тұлпар » шықсыншы.

Құрметті өнер сүйер қауым. Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған қыздарымыздың сайысы да аяқталды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » демекші, бүгінгі байқауымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Бүгін аруларымыз «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың» байқауында тамаша өнер көрсетіп, әрқайсы өз білім, өнерлеріне сәйкес мақтау қағаздарымен марапатталды. Әрқашан сыналған шақта, қадамдарына нұр жаусын дейм

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік селосы.



















«Нағыз қазақ жігіті» байқауы.



Б.Сеитова.

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті » тақырыбы, мақал – мәтелдер, байқауға қажетті құрал – жабдықтар, музыкалық аппаратура және т.б.

Байқауға қатысатындар: 4 – сынып ұлдары.

Байқаудың қонақтары: мектеп әкімшілігі, оқушылар.

Ұйымдастыру кезеңі.

1 жүргізуші.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер байқауы өтпекші.

2 жүргізуші.

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті

Анықтайтын кез келді!

1 жүргізуші.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші.

Байқауға қатысушысайыпқырандардың ақыл – парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасы мен таныс болыңыздар!

1 жүргізуші.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат,

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, дей отырып, байқауымызды әдемі бір әнмен бастайық.

«Тойға шашу» әнін қабыл алыңыздар.

Рыскүл

Мылтығың түзу болсын өзі сырлы,

Сүйменді оғы болсын алты қырлы.

Қолыңда қызыл темір қалың ауыз,

Алысы мен талғамас жақын жерді.

Меруерт

Жігітке мықты дәулет амандығы.

Қанағат барға етпес надандығы.

Шарт жұмып жүргенменен екі көзін,

Көрінер қалайынша адамдығы.

2 жүргізуші.

Қайсысы әнші,кім биші,

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!

1 жүргізуші.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен жігіттер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Айнұр

Ақыл көрік бойларына жетеді.

Әлі талай сынақтардан өтеді,

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

І бөлім. «Мен атаның ұлымын» тақырыбы негізінде өзін таныстыру.

2 жүргізуші.

Таныс болдық жігіттер тегіменен,

Туып өскен мекені, еліменен

Ұлдарымыздың бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

1 жүргізуші.

Қазылар алқасынан осы бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

ІІ бөлім. «Жүйрік болсаң шауып көр» бірнеше сұрақтарға кезектесіп жауап беру, дұрыс жауапқа 10 балдан.

2..Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын сұраймыз?

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.

Келесі сайыс «Үй жұмысы»Бұл бөлімде үйден дайындап ,өрнектеліп,әшекейленген бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, жасаған заттарын қорғау.

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме,

Жұрт қарасын қызығып,



«Бәрекелді» деп шіркінге,- дей отырып сайысымыздың «Жігітке 7 өнер аз,70 өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.(

2 жүргізуші.Бұл бөлімде қазақтың дәстүрлі әнін,күйін, биін орындайды немесе бір шығарманы мәнерлеп оқиды.

1 ж .Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз айттқандай кезекті өнерлілерімізге берейік.

Кезек қазылар арқасында.

«Ақылына білімі сай» деп аталатын бөлімде мақал мәтел сайысы.

«Қылышынан қан тамған батырды,тілінен бал тамған ақын өлтіреді» демекші,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізіп, жүйелі ойыңды білдіресің.»Мақал сөздің мәйегі» деп атамыз қазақ айтқандай, сөз атасы мақал айтып жарысайық.

2 ж. Ей, ер жігіт,ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт,

Атыңа ерік бер, жігіт.

Біліміңді көрсет, ер жігіт дей келе сайысымыздың шарты мақалдың жалғасын табу;

Мысалы:Түстік өмірің болса,...............................

Кезек қазылар алқасында.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп,

Ата бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмасын антымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Салт дәстүріңді білесің бе?» атты бөлімді бастайық.Толық жауапқа 30 балл.

Толық емес жауапқа 10 балл.

(Асық таңдайды № 1,2,3,4,...............16)

Мысалы;Сүйінші.Шашу.Сыбаға.Ерулік.Қалау.т.б.

Ән: Әкешім

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныбымның жүрейікші,

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

«Жүзден жүйрік» күшімен

«Мыңнан тұлпар » шықсыншы.

Қорытынды бөлім.

1 ж. Құрметті өнер сүйер қауым. Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған жігіттеріміздің сайысы да аяқталды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі байқауымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

2ж. Оқушылардың ұпай саны белгіленіп, өз ерекшеліктеріне орай «Өнерлі жігіт», «Білімді жігіт», «Шебер жігіт», «дарынды жігіт», «Шапшаң жігіт», «Салмақты шымыр жігіт», «Нағыз қазақ жігіті» атағымен марапатталады.

Көріп, тамашалағандарыңызға рақмет. Еліміздің, Нағыз қазақ жігіттері көбейе берсін!



Бүгінгі сұлтандарымыздың, Нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз. Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!





Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік селосы.







Краткое описание документа:

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршин Жылкайдаровна

Қош бол, құтты Әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің  құттықтау сөзі.  Келесі сөз кезегін мектеп директоры Махметов А.К. беріледі.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Дильназ: 
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп. 
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата: Айсұлтан
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: Қуаныш
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

Армысыздар құрметті  ата-аналар, ұстаздар,  оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

1 - оқушы: Карима. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 І жүргізуші:Мың бұралған бишіміз Айшагүлді  қарсы алайық

2 - оқушы: Архат. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ән:  Мектебім (хормен)

ІІ жүргізуші: Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!

(сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)

Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
І жүргізуші:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Карима:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.

ІІ жүргізуші: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді тапсырмалар орындап, оқу сауатымызды көрсетейік .Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.

І жүргізуші: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. 
ІІ жүргізуші: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
І жүргізуші: :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

І  жүргізуші: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ІІ жүргізуші - Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
І жүргізуші: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
 Әліппе:Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
 Бәрі хормен - Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз. Біз - қазақ елінің болашағымыз.
І жүргізуші: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
3 - оқушы: Дильназ .Әліпбиді жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
4 - оқушы: Гульназ. Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?

Жанбота ,Айсұлтан,Зеренің орындауында: Ата зейін салдыңба?
5-оқушы: Айшагүл.А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Айшагүл  мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
6 - оқушы: Жанбота. Ж дегенің Жанбота
Жанбота деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
7 - оқушы: Нағима. Нағимамын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
8 - оқушы: Қуаныш. Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

ІІ жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен:Балаларға ақ тілек,
 Болашаққа бақ тілеп.
 Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.                                                                                              3
Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар кезекпен: математика, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
16 - оқушы: Қуаныш. 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
17 - оқушы:
Гульназ. 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
18 - оқушы:
Дильназ. 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
19 - оқушы:
Архат. 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
20 - оқушы:
Карима. 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
21 - оқушы:
Жанбота. 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
22 - оқушы: Ай
шагүл. 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
23 - оқушы:
Нағима. 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
24 - оқушы:
Айсұлтан. 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
25 - оқушы:
Зере. 10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
І жүргізуші: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған биш
іміз
Бименен кешті жалғасын.

Кариманың орындауында «Балапан» биі.
Қуаныш. Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Зере:  Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Жанбота:. Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз                                                                       4

Айшагүл: Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.

 Зере:Көркем сөз. Үйретеді әріпке.
Үйретеді жазуға, буындатып оқуға
Үйретеді мектепте, үлкендерді сыйлауға.
Кішілерді қорғауға, үйретеді мектепте

 Нағима:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Жанбота:Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Қуаныш: Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Зере:«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.

Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!

Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,
 Балаларға үйреткен.
 Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

 ІІ жүргізуші: Мың бұралған бишіміз Жанботаны қарсы алайық

Әліппе:Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.                                                    5

 Қош болыңдар, балалар!  Сабақты жақсы оқыңдар!
 Бәрі хормен:«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Ән: «Қош,қош Әліппе»
 Айсұлтан: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Нағима:. Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
ІІ жүргізуші: - сендерді  осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге  хормен: мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән «Ананың тілі –аяулы үні»

 Гульназ:Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Айсұлтан: Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға  тастаңдар.

Ән « Нан туралы жыр»

І жүргізуші: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

ІІ жүргізуші: мектепалды даярлық сыныбындағы алғашқы ұстазы Тұңғатарова Зипа Шәйкенқызына  сөз беріледі.

Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі: Наушина С.Е. сөз беріледі.

І жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.

Ән «Біз бақытты балдырған»   

     Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

 Бірлестік орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

 Сеитова Баршин Жылкайдаровна

                                                               

 

 

 

Автор
Дата добавления 12.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров662
Номер материала 290502
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх