Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Ғажайып алаң" сыныптан тыс жұмыс

"Ғажайып алаң" сыныптан тыс жұмыс



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерзімі:14.03.15

3- сынып оқушылары

«ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» ОЙЫНЫ «Сен білесің бе?»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Ойын шарты: Ойынға әр сыныптардан өз еріктерімен 9 оқушы қатыстырылады. Оларды 3 оқушыдан 3 турға бөлеміз. Олардың міндеттері; тақтада жасырылған сұрақтарды тауып, дұрыс жауабын беру (әріптеп немесе бірден). Ойын кезекпен жүргізіледі. әрбір турда жасырылған сұрақтың жауабын тапқан оқушы финалға өтеді. 3 тур аяқталғаннан соң көрермендерге де сұрақтар беріледі. Мәреге жеткен 3 оқушы мәре сұрағына жауап береді. Мәреден жеңіп шыққан 1 оқушы ақтық сынға қатысады.

Мұғалім сөзі

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

1-жүргізуші:

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

2- жүргізуші:

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағы

2- жүргізуші:

Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

1- жүргізуші:

1. 3 «а» сынып оқушысы

2. 3 «ә» сынып оқушысы

3. 3 «б» сынып оқушысы

2- жүргізуші:

1-кезеңнің сұрағы: Бұл – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады.Біреуін ойынды жүргізүге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» -деп бұйырады.

Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді  айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын  іздейді. Қалжың жыр да айтады.Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға қатынасушылардың аты әлгідей қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне төнеді.  Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы керек.

Келесі кезекті әнге берейік: «наурыз»

1- жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

2- жүргізуші:

2-кезеңнің сайыскерлерін таныстырып өтейік.

1. 3 «а» сынып оқушысы

2. 3 «ә» сынып оқушысы

3. 3 «б» сынып оқушысы

1- жүргізуші:

2-кезеңнің сұрағы: Бұл тағам семіз жылқының айналдырған жүрек қабына толтырып, аузын тігіп

пісірген май мен ет. Оны екі-үш бойына асқан етке қосып пісіреді. Себебі оның 2-3 сағатта пісуі қиын.

2- жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

1- жүргізуші:

3-кезеңнің сайыскерлерін таныстырып өтейік.

1. 3 «а» сынып оқушысы

2. 3 «ә» сынып оқушысы

3. 3 «б» сынып оқушысы

2- жүргізуші:

3-кезеңнің сұрағы Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды қалай атаған?Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билерсал-серілер салтанатқа киген.

Келесі кезекті әнге берейік: «Төрлет наурыз» клип қарау

2- жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс-досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды «Көрермен Жеңімпазға»

1- жүргізуші:

Ақтық ойынға жолдама алатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1. 3 « » сынып оқушысы

2. 3 « » сынып оқушысы

3. 3 « » сынып оқушысы

2- жүргізуші:

Ақтық ойынның сұрағы: Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.  Оны алғаш көргендер « ……келдің бе?», деп шақырады, жем шашады. Оны үркітпейді, оны «бақыт құсы» қатарына қосқан.

1-жүргізуші

Бүгінгі «Сен білесің бе?» тақырыбындағы ғажайып алаң ойынның жеңімпазы болып иеленді.















№8 жалпы орта білім беретін мектеп
















Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Сен білесің бе?

(Ғажайып алаң ойыны)






Өткізген:Сағынбаева.А.Ж
















2014- 2015 оқу жылы






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 31.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров230
Номер материала ДВ-111116
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх