Инфоурок Химия Конспекты"Ғажайып химия" - танымдық ойын

"Ғажайып химия" - танымдық ойын

Скачать материал

«Ғажайып химия»- танымдық ойын сабақ.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық білімін тереңдетіп,теориямен байланыстыра отырып, іскерліктерін дамыту.

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушылармен сәлемдесу

1-жүргізуші:Әлима

Химия-жыр ,әніміз шаттанамыз

Табысын пайдаланып,мақтанамыз

Кең байтақ- кенге толы Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс,жатқан аңыз

2-жүргізуші:Адыл

Химия-ел ырысы, ғасыр үні

Ғылымға қазіргі зор басын иді

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

1-жүргізуші: Әлима

Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз

1-топ «Бейметалдар» тобы және «Бейметалдар» тобының жетекшісі Нұрмәдиева Карина және Сайысқа қатысушылар:

1- 9- сыныптан Нұрмәдиева Карина

2- 9- сыныптан Садыкова Айдана

3- 9- сыныптан Тойбазаров Айдос

4- 8- сыныптан Аконов Диас

5- 8- сыныптан Эйберт Виталий

6- 8- сыныптан Тойбазарова Әйгерім

7- 8-сыныптан Мерикенев Думан

8 -8-сыныптан Капсан Әрсен қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:

2-топ «Металдар» тобы және «металдар» тобының жетекшісі Мұсақан Олжас және Сайысқа қатысушылар:

1- 9- сыныптан Мұсақан Олжас

2- 9- сыныптан Серікжанова Анара

3- 9- сыныптан Мұхтарбекова Әмина

4- 9- сыныптан Мұхамеджанова Мадина

5- 8- сыныптан Ауталипова Әмина

6- 8- сыныптан Исаханова Мөлдір

7-11 сыныптан Көшеров Нұрсұлтан

8-8-сыныптан-Мыркасымов Әділ қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:

Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі

Қайғырмаңыз қалсаңыздар ұтылып,

Жеңерсіздер кездесуде келесі

Болсын дейміз жарысымыз жемісті

Озып шықсын кім білімді,кім күшті

Әділ қазы,ақ қазыға жүгінсек,

Берер дейміз әділдікпен жеңісті

1-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

2-жүргізуші:

«Ғажайып химия » сайысының әділ бағасын беретін Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Гульбарам Можайновна-биология пәнінің мұғалімі

Мауле Жасииновна-химия пәнінің мұғалімі

Айнура Алыбековна-физика пәнінің мұғалімі

Гульира Берікбосынқызы-математика пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Құрметті «Ғажайып Химия» сайысына қатысушылар,сонымен сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысайық, топтар өздерінің тобының аты,ұранымен таныстырады.сөз топтарға беріледі.

(топтардың таныстыруы) Біздің топ: «Бейметалдар»

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Біздің топ: «Металдар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Металдар» тобынан қарсыластарға сәлем!

1-жүргізуші: :

1-сайыс «Бәйге» деп аталады,бұл сайыста сіздер сұрақтарға тез және нақты,толық жауап берулеріңіз қажет,әр топқа 12 сұрақтан қойылады. Егер дұрыс жауап болса әр сұраққа 1 ұпай қойылады.

2-жүргізуші: «Бейметалдар» тобына сұрақ мұқият болыңыздар!

  1. Оксидтер деген не (Оксидтер дегеніміз – біреуі оттек болып келетін екі элементтен тұратын бинарлы қосылыс.

  2. Қышқылдық оксид деген не (Сумен әрекеттесіп қышқыл түзетін бейметалл оксидтерін қышқылдық оксидтер деп атайды.)

  3. Тұздар деген не (Металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.)

  4. Бейтараптану реакциясы деген не- (нәтижесінде тұз және су түзілетін қышқыл мен негіз арасындағы реакция)

  5. Қоспалар нешеге бөлінеді, ата, біртекті қоспа деген не,бөлу әдістері (біртекті және әртекті, біртекті қоспа дегеніміз-құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспаларды айтамыз,бөлу әдістері-суалту,кристалдандыру,айдау)

  6. Химиялық құбылыс деген не, мысал келтір ( нәтижесінде белгілі заттардан басқа заттар түзілетін құбылыс немесе химиялық реакция, отынның жануы, темірдің тот басуы,сүттің ашуы)

  7. құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым кім? (Жозеф Луи Пруст)

  8. Эндотермиялық реакция деген не (энергия сіңіре жүретін реакция)

  9. Табиғи ұяластарды ата:-1топ,2-топ (1-сілтілік металдар,2-сілтілік жер металдар)

  10. Д.И.Менделеев периодтық жүйені қай жылы ашты –(1869 жылы)

  11. Молекулалар мен атомдар туралы ілімнің негізін қалаған ғалым (М.В.Ломоносов)

  12. Химия ғылымы нені зерттейді (заттар мен олардың қасиеттері, заттардың бір-біріне айналуы және осы айналумен қатар жүретін құбылыстар туралы ғылым)

  13. Химиялық элемент (ядро заряды бірдей атомдар түрі)

  14. Қанша топ бар, нешеге бөлінеді? 8 топ,негізгі және қосымша

  15. Оксидтерінің жалпы формуласы . R2О болатын элементтер қатары

  16. P-элементтер

  17. Топ бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? (бейметалдық қасиет кеміп,ме қасиет артады)

  18. . элементтің реттік нөмірі арқылы нені сипаттауға болады? (ядроның оң заряды,электрондардың жалпы саны,протон санын)

  19. топтың нөмірі – негізгі топшадағы сыртқы электрондық қабаттағы электрондар саны,оксидтегі жоғары валенттілік,қосылыстардағы жоғары оң тотығу дәрежесі

  20. реттік нөмірі 15ке тең элементтің аты,салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең

  21. Сұйық металл (сынап)

  22. Жазылуым бойынша оқысаң,элементпін

Ал керісінше оқысаң, өткізгішпін

Ойлаңдаршы сонда мен кіммін?

(мыс-сым)

  1. Сүйекті қаптайтын элемент ( кальций)

1-жүргізуші: Металдар тобына сұрақтар

  1. Әртекті қоспа деген не және қоспаларды бөлу әдістерін ата ( әртекті қоспа дегеніміз- құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен немесе микроскоп арқылы көруге болатын қоспаларды айтамыз, бөлу әдістері-тұндыру,сүзу,магнитпен тарту)

  2. Негіздік оксид деген не (Сумен әрекеттесіп сілті түзетін металл оксидтерін негіздік оксидтер деп атайды.)

  3. Негіздер деген не (Құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар.)

  4. Қышқылдар деген не (Құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.)

  5. Өршіткі деген не (химиялық реакцияларды тездететін, өздері реакция кезінде жұмсалмай қалатын заттар өршіткі деп аталады)

  6. Құбылыстар деген не ,нешеге бөлінеді,физикалық құбылыс деген не (құбылыстар 2-ге бөлінеді, физикалық және химиялық, физикалық құбылыс дегеніміз- белгілі заттардың агрегаттық күйі немесе пішіні ғана өзгеретін құбылысты айтамыз)

  7. Экзотермиялық реакция деген не (жылу бөле жүретін реакциялар)

  8. Заттар массасының сақталу заңы деген не (химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең болады)

  9. Табиғи ұяластарды ата: 6-топ,7-топ,8-топ

(6-халькогендер,7-галогендер,8-асыл газдар немесе инертті элементтер)

  1. Д.И.Менделеев қашан және қайда дүниеге келді ( 1834 жылы 27-қаңтар немесе 8-ақпан Тобольск қаласында)

  2. Изотоптар деген не ( ядросында протондар саны бірдей,бірақ массалары әртүрлі бір ғана әлемент атомдарының түр өзгешеліктерін айтамыз)

  3. Генетикалық байланыс деген не (бір кластың заттарынан екінші кластардың заттарын алуға болады, грекше «генезис»-шығу тегі)

  4. Барлығы қанша период бар? Нешеге бөлінеді? 7,үлкен,кіші

  5. қандай табиғи ұяластарды білесің? 1-сілтілік ме,2-сілтілік жер ме,6-халькогендер,7-галогендер,8-топ бағалы асыл газдар

  6. RH3 – типіндегі үшқыш сутекті қосылыс түзетін химиялық элементтер- азот,фосфор

  7. . S1 , S2 –элементтер тобы

  8. F - элементер

  9. 3 D-элементтер

  10. Период бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? (реттік нөмір артқан сайын металдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет артады)

  11. энергетикалық деңгейді қалай анықтаймыз? (период нөмірі)

  12. Қай элемент таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (S-күкірт)

  13. Электр шамының қылын жасайтын,ең қиын балқитын металл

Жауап: вольфрам

  1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент бізге бұрын танылды

Өрт болып еді,сөндіруге көп адам

Қосылысын алып, соған қарай ағылды

Жауап: сутек.оттек,су



2-жүргізуші: «Элементтер химиясы» - туралы қысқаша мағлұматтарды естеріңе ұстаңдар, элемент атауларының шығу тектері әр түрлі болады, олар: елдер мен құрлықтардың атауларынан-мысалы: латын тіліндегі Ресей атынан рутений, Еуропа және Америка құрлықтары атынан-европий мен америций элементтері шыққан

Белгілі химиктер аты-жөніне байланысты- менделеевий, нобелий, резерфордий, ал ғаламшар атына- уран, нептуний, плутоний, өзен атына- рений, барлық белгілі элементтердің таңбалары бар,оны белгілеуді алғаш 1814 жылы Берцелиус ұсынған.

1 тапсырма: Адасқан элементтер – 1 минут ішінде элементтерді екі топқа жіктеңдер,металдар және бейметалдар тобына (1 қорапқа 20 элемент таңбаларын салып оны араластырып оқушыларға таңдату. Таңдалған элементтеріне қазақша ,латынша,орысша аттарын айту.)

Ca,Fe,F,Na,K,Mg,Mn,Cl,S,Si,Hg,Ba,O,H,Br,I,Ag,Au,C,Cu,Zn,P

2-тапсырма : Алдарыңдағы бетке реттік нөмірі берілген элементтерге периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама бер

1.Бейметалдар тобына- №20 элементке сипаттама бер

2.Металдар тобына- №8 элементке сипатама бер



3-тапсырма:

1.Кестені толтырыңыз:

Химиялық элемент

таңбасы

Оқылуы


1.

натрий



2.


К


3.



аргентум

4.

фосфор



5.



хлор

6.

алтын



7.


Zn


8.



цезий

9.

оттегі



10.


Mg


11.

темір



12.



күкірт



4.Ғажайып шеңбер

Мына шеңберден элемент аттарын құрастыр.

hello_html_4df1c625.png

5.Жұмбақ аралы

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

4)Ең жеңіл элемент саналаы, Периодтық жүйе осыдан басталады. (сутек)

5)Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар екен ортада оны білмес.(ас тұзы)

7.Құпия сөздің сырын құлпын аш.

Мәтінде «жасырылған» оксидтердің формулассын тауып, оларды атаңыз.

K2OSNHP2O5Mg2SiO2SNH3H2OMgSOF2SiH4NO2SAl2O3O22ONH3ClPSO2

Қышқылдардың формулаларын тап

H2OSOHBrNa23MgBaH2CO3SO4KOH

H3PO4P2O5CaH2SKPHNO3CS2NH3O3C

HClBaSHKSHH2Na2OH2SiO3NaClH2SO4

Ғажайып химия сайысының келесі тапсырмасы- “Полиглот”-яғни «Тіл өнері»- деп аталады, мұнда сендерге жұмбақ түрінде тасталған сөзді тауып, қазақша,орысша және ағылшынша немесе химия тілінде латынша атын айту керек.3-еуін де айтса 30 ұпай қойылады.



2-жүргізуші:

Бейметалдар” тобына:

  1. Нені көрсе періште жолдан таяды?

Алтын-золото-аурум

  1. Нені қызған кезде соқ?

Темір-железо-феррум

  1. Ag-қай элемент таңбасы

Күміс-серебро-аргентум

  1. Pb-қай элемент таңбасы

Қорғасын-свинец-плюмбум



1-жүргізуші:

«Металдар» тобына

  1. Сыйлап берген ....... да тәтті

Су-вода-уота

  1. Ауаның негізгі құрам бөлігі

Оттек-кислород-оксигениум

  1. Hg-қай элемент таңбасы

Сынап-ртуть-гидраргирум

  1. Cu -қай элемент таңбасы

Мыс-медь-купрум

1-жүргізуші:

Келесі сайыс «Қызықты сұрақтар» деп аталады, бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдарыңыздағы сұраққа дұрыс жауап берсеңіз сол ұпай сіздікі болады. Ендеше сәт сапар ,достар!

2-жүргізуші:

1. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, сонда бұл қай элемент? - неон

2. бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. Бұл қай элемент?- азот

3. Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменің өлшемі. Ал өзі химиялық элемент. Бұл қай элемент?- Селен

4. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? -фтор

5. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қандай дәрі – активтелген көмір

6. бұл заттың 0,9 пайыздық ерітіндісін адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады,ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауда қолданады, бл заттың химиялық атауы қандай- натрий хлориді

7. бірінші бөлігі «Алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, шипалы газ деп де есептеледі. Ойлаңызшы, бұл қандай газ?- озон

8. өзі химиялық элемент, егер алғашқы әрпін алып тастасаңдар,шаруашылық заттар салатын ыдыстың аты шығады, бұл қандай элемент?- фтор-тор

9. бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші бөлігі «шараппен улану» деген мағынада . ал өзі улы тұз. Бұл қай тұз?-алмас

10. қандай сүтте сүт жоқ?- әк сүтінде

11. Ауада неліктен кесілген алма сарғаяды – темір 2+ темір 3+ ке айналады

12. Қандай су дем шығарудан лайланады?-әк суы

13.Денесінде қышқылы бар жәндік-құмырсқа

  1. Қандай сүтті ішуге болмайды – әк сүтін

  2. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды - көміртек

  3. Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент-йод



1-жүргізуші-

«Адасқан формулаларға көмек

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

2-жүргізуші:

«Жолды қышқыл қалдығынан тазалайық!»

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

1-жүргізуші-

Химияны оқу парыз әркімге

Оқиды оны барлық елде,әр тілде

Химияны оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз-химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден , әр өңірден.

2-жүргізуші –

Химияның әлемі-қызық әрі тартымды

Өз сырымен химия қызықтырар әркімді

Оқысаңдар ғылымға көз ашып,

Танырсыңдар табиғаттың ғажабын.

Химияда болады көп ертегі

Салт-дәстүрмен келе жатқан ертелі

Химия-біздің жас кеме ғой,

Болашаққа бағытталған желкені

Күшейтеміз химияның сапасын!

Берер бізге болашақ ақ батасын.

Ғылымдардың негізгі бір саласы-

Химиямыз мәңгі-бақи жасасын!







Біздің топ: «Бейметалдар»

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


Біздің топ: «Металдар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Металдар» тобынан қарсыластарға сәлем!


Біздің топ: «Бейметалдар»

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


Біздің топ: «Металдар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Металдар» тобынан қарсыластарға сәлем!
















3-тапсырма:

1.Кестені толтырыңыз:

Химиялық элемент

таңбасы

Оқылуы


1.

натрий



2.


К


3.



аргентум

4.

фосфор



5.



хлор

6.

алтын



7.


Zn


8.



цезий

9.

оттегі



10.


Mg


11.

темір



12.



күкірт





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғажайып химия" - танымдық ойын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 9147
    • DOCX 64.8 кбайт
    • 214 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабылбаева Мархаба Сейтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59992
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 463 человека из 70 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 28 регионов

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе