Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / «Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысы

«Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысы

Мақсаты: 

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. 
Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады.

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысы интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

Бағдарлама кезеңдері: . Ойын V айналымнан тұрады.

I-айналым «Білгенге маржан»

II-айналым «Құрастырма сурет»

III-айналым «Бәйге» ойыны Логикалық есептер

IV-айналым «Бейне сұрақ» Екі топқа бірге

V-айналым “Мың бір мақал»

  • Бүгінгі ойнымызға 3 «А» сыныптан 4 оқушы және 3 «Ә»сыныптан 4 оқушы қатысып отыр. 3 «А» сыныпты «Сұңқар» тобы, 3 «Ә» сыныпты «Тұлпар» тобы деп атадық.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие ,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I-айналым «Білгенге маржан»

Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады.

«Сұңқар» тобына

1. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)

2. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? 30 литр

3. 1 ғасырда неше жыл бар ? 100 жыл

4. Үш бұрыштың периметрі 17 см болса ,екі қабырғасы 6см болса ,үшіншісі неше см ? 5 см

5. 5 санының 8-ге көбейтіндісі? 40

6. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 30см. 40дм.



«Тұлпар» тобына

1. 7 сиырдың мүйізінің саны? 14

2. Ұзындық және оның бірліктерін ата.

3. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең? 78 мин

4. Аулада 4 тауық және олардан 3 есе артық үйрек жүр.Ауладағы үйректердің саны неше ? 12

5. Периметрді қалай табамыз

6. 7 санының 8-ге көбейтіндісі? 56

II-айналым «Құрастырма сурет»

 Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек.

«Сұңқар» тобына Жемістер

«Тұлпар» тобына Кірпі

IІІ-айналым «Бәйге» ойыны

Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.
Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек, екі топқа 7 ден логикалық есептер беріледі.
«Сұңқар» тобына
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян
2. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг
3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік
4. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам
5. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
6. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

«Тұлпар» тобына

1. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
2. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
3. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
4. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
6. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)





ІY   «Бейне сұрақ»

Екі топқа ортақ есеп оқылады.
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалмажан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас» үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер (Бес торғай)
V-айналым «Мың бір мақал»

Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал-мәтелден беріледі.

Өз ойыңды ашық айтып ,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал-мәтелден беріледі.

Қорытынды: Мадақтау

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз

Краткое описание документа:

Тақырыбы:«Ғажайыпстанға саяхат»білім сайысы


Мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасыменқатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады.

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінсіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ғажайыпстанға саяхат»білім сайысыинтеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

Бағдарлама кезеңдері:. Ойын V айналымнан тұрады.

I-айналым «Білгенге маржан»

II-айналым «Құрастырма сурет»

III-айналым «Бәйге» ойыныЛогикалық есептер

IV-айналым «Бейне сұрақ» Екі топқа бірге

V-айналым “Мыңбірмақал»

  • -Бүгінгі ойнымызға3 «А»сыныптан 4 оқушы және 3 «Ә»сыныптан 4 оқушы қатысып отыр. 3 «А»сыныпты «Сұңқар» тобы, 3 «Ә»сыныпты «Тұлпар» тобы деп атадық.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие ,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I-айналым «Білгенге маржан»

Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады.

«Сұңқар» тобына

1.Шаршыдегеніміз не? (барлыққабырғасытең фигура)

2. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз?30 литр

3. 1 ғасырда неше жыл бар ? 100 жыл

4. Үш бұрыштың периметрі 17 см болса ,екі қабырғасы 6см болса ,үшіншісі неше см ? 5 см

5. 5 санының 8-ге көбейтіндісі?40

6. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 30см. 40дм.

«Тұлпар»тобына

1. 7 сиырдың мүйізінің саны?14

2. Ұзындық және оның бірліктерін ата.

3.1 сағ. + 18 мин. Дегенімізнешеминутқатең?78 мин

4. Аулада 4 тауық және олардан 3 есе артық үйрек жүр.Ауладағы үйректердің саны неше ?12

5. Периметрді қалай табамыз

6. 7 санының 8-ге көбейтіндісі?56

II-айналым «Құрастырма сурет»

Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуыкерек.

«Сұңқар» тобынаЖемістер

«Тұлпар»тобынаКірпі

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров231
Номер материала 284477
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх