Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны

«Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны

Скачать материал

Тақырыбы: «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың оқуға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.

 

Ойын барысы:

І Ұйымдастыру

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, біздің бүгінгі «Ғажайыптар

алаңы» атты ойынымызға қош келдіңіздер.

Ойын ережесімен таныстыру:

Плюс — ойыншы кез келген бір әріпті аша алады (егер бұл әріп бірнеше рет қайталанылса барлығы да ашылады).

х2 — ойыншының жиналған ұпайлары екі еселенеді.

Б – жиналған ұпайлары күйіп кетеді.

    — жинаған ұпайлары күйіп кетпейді, бірақ жүрісті келесі адам орындайды.

Приз — ойыншы жүлдеден бас тартып, ойынды жалғастыра алады және де жүлдені алып ойыннан шыға алады.

-         Балалар, егер ойын шартымен таныс болсақ, алғашқы іріктеу кезеңіне жол берейік

І іріктеу кезеңінің сұрақтары:

1.     Ұлы ақын Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)

2.     Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)

3.     Тұңғыш мектеп ашып, «Дала жұлдызы» атанған тұлға: (Ы.Алтынсарин)

-         Сонымен, балалар І іріктеу кезеңінің оқушыларын анықтап алдық, оларды ортаға шақырамыз.

Алғашқы үштік ойыншыдарымызға арналған сұрақ:

v Көбейтудің қасиеті? Т Е Р І М Д І Л І К (10 әріп)

-         Сонымен балалар І кезеңнің жеңімпазы ______________ құттықтаймыз!

-         Енді, екінші іріктеу кезеңіне көшсек:

ІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:

1.     Ұша алмайтын құс? (түйеқұс)

2.     Сөйлем мүшелерінің қанша түрі бар? (5)

3.     Шоқан Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммедқанапия)

Екінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

v Әлемнің жеті кереметінің бірі? С Е М И Р А М И Д А (10 әріп)

-         Балалар ІІ кезеңнің жеңімпазы _____________ қошемет көрсетейік!

 

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста, - дей келе, үшінші іріктеу кезеңін бастайық.

ІІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:

1.     «...Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған...» деген үзінді қай ертегіден? («Әйел-Ана)

2.     Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Рақымжан Қошқарбаев)

3.     Екі нүктені қосатын геометриялық дене? (кесінді)

Үшінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

v «Аққан жұлдыздар» деп нені атаймыз? М Е Т Е О Р И Т

 

-         Оқушылар, үш кезеңнен сүрінбей өткен дарындыларымызға сәттілік тілеп, ақтық сайысты бастаймыз:

-         Сонымен ақтық сайыстың қатысушылары:

·        _____________

·        _____________

·        _____________

 

«Ақтық сайыс» сұрағы:

v «Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал? Ф Л Ю Г Е Р

-         Оқушылар, бүгінгі сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңіске жеткен _____________ қошеметтейік және де «Ғажайыптар әлемінің Дарабозы» деген мақтау қағазын ұсынайық!!!

-         Бүгінгі ойынға қатысып, өз білімдеріңізді сынаған қатысушыларға алғыс білдіреміз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 890 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 3521
    • DOCX 20.2 кбайт
    • 80 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Далдабаева Аманкуль Бейсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13513
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой