Инфоурок Биология Другие методич. материалыҚазіргі кездегі экологиялық проблемалар және оны шешеу жолдары

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және оны шешеу жолдары

Скачать материал

Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимзания










Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары»



Класы: 7«а»-8 «а»



Өткізген: Иманова М.Н.

















2015-2016 оқу жылы


Тақырыбы: Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары.

Мақсаты: Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарын талдауда 7 – 8 сынып аралықтарында пікір-талас есебінде өткізу. Пікір-таластың мақсаты – оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру. Олардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

Білімділік: Экологиялық проблемалардың мәнін ашу арқылы оқушыларды тың мәліметтермен таныстыру. Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалардың пайда болуы адамзат қауымының іс-әрекетінің салдарынан болатындығын айта отырып, оқушылардың бойында қоршаған ортаға, табиғатымызға деген сүйіспеншілік көзқарас қалыптастыру. Оқушылардың білім деңгейін шыңдай түсу.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, қоршаған ортаны аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту, ізденушілік белсенділігін арттыру, ақыл - ойын жетілдіру, топ алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, бірізді білім қалыптастыру.

Сабақтың типі: Сабақтан тыс сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, ойындар.

Сабақта қолданылатын құралдар: Интерактивті тақта, буклеттер.

Сабақтың құрылымы:

1) Ұйымдастыру - 2 мин.

2) Экологиялық проблемалар слайд - 5 мин.

3) Командаларға кезек - 26 мин.

А) Тақырып бойынша проблеманың негізгі көздерін айту – 7 мин.

В) Қорытынды – 3 мин.

С) Ұсыныстары – 3 мин. «SWOT» әдісі S – күшті жақтары, W – әлсіз жақтары , O – қауіп – қатер ,T – мүмкіндіктері

4) Көрермендер кезеңі – 9 мин.

А) «Сұрақ бізден – жауап сізден» ( сұрақтар) - 3 мин.

В) Сергіту сәті. 3 мин. А) Ситуациялық сұрақтар

5) Жалпы қорытынды – 3 мин.

6) «Атамекен» әні.

  1. Сабақ барысы:

Кіріспе : Саламатсыздар ма, мұғалімдер мен оқушылар! Бүгінгі біздің 7-8 сынып арасында ұйымдастырылып отырған «Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» атты пікір-таласымызға қош келдіңіздер! Пікір-таласымыздың негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, қоршаған ортаны аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту, ізденушілік белсенділігін арттыру, ақыл - ойын жетілдіру, топ алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Олай болса қара қылды, қара жаратын «тура биде тұрған жоқ» әділ қазылармен таныс болыңыздар.

Енді қазір ортаға кешіміздің негізгі қатысушыларын шақырамыз. Негізінен пікір-таласқа 2 команда қатысады. Осы жағдайларды тудыратын, бүлдіретін, есі шығып «қалпына келтіремін...» дейтіндер кімдер?, яғни «Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемаларды» даттаушылар 8 «А» класы. Команда аты «Болашақ». Ал «Табиғатты бағындыру» деген теріс көзқараспен келіп отырған, яғни «Қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемаларды» жақтаушылар 7 «А» класы. Команда аты «Табиғат». Пікір-талас төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. Командаларға кезек.

А. Тақырып бойынша проблеманың негізгі көздерін айту – 7 мин.

В. Қорытынды – 3 мин.

С. Ұсыныстары – 3 мин. «SWOT» әдісі S – күшті жақтары, W – әлсіз жақтары , O – қауіп – қатер ,T – мүмкіндіктері

2. Көрермендер кезеңі – 9 мин.

А) «Сұрақ бізден – жауап сізден» ( сұрақтар) - 3 мин.

В) Сергіту сәті. 3 мин. А) Ситуациялық сұрақтар

Б) Жанкүйерлер сайысы- «Қазақстан»

  1. Егер сіз көршіңіздің үйінен шығарған қалдығын көшеге лақтыра салғанын көрсеңіз. Сіздің іс-әркетіңіз?

  2. Табиғат аясына шыққан бір топ оқушылар пайдаланған қалдықтарын өзенге лақтыра салды. Бұл жағдайды сіз сырттай бақылап көріп тұрсыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?

  3. Көшеде өтіп бара жатқан кішкене балалар қалаға көрік беріп тұру үшін отырғызылған әдемі көшеттерді қолдарымен сындырып бара жатыр делік. Сіздің іс-әркетіңіз?

  4. Бір топ демалушылар орманға барды олардың арасында сіз де барсыз. Бір мезгілде отын жағу барысында сіздің достарыңыз отты сөндірмей кете барды. Сіз оларға ескерттіңіз, бірақ олар тыңдамады. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

  5. Сіз көшеде келе жатып шөлдеп, жолдан дүкенге кіріп сусын сатып алдыңыз. Оны лақтырайын десеңіз жақын жерде қалдық салатын жәшік көрінбейді.Ондай жағдайда не істейсіз?

  6. Сіз бір жерге баруға асығып шықсаңыз алдыңызда түнде шығарылған исі әбден сасыған қалдық тұр. Оны төгуге сізге 5 мин уақыт керек. Себебі қалдық салатын жәшік қашықта орналасқан. Ал сіздің бабар жеріңізге 15-ақ мин уақытыңыз бар. Сіз не істеген болар едіңіз?

  7. Бірде сіз аялдамада автобус күтіп тұрсаңыз, бір қыз бала ішіп тұрған сусынын жерге білдірмей лақтыра салды. Оны сіз байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?

  8. Үзіліс уақытында сіз парталасыңыздың сыныптағы гүлді сындырып жатқанын көрдіңіз. Оған не айтар едіңіз?

  9. Бір топ ойнап жүрген кішкене балалар сіздің үйіңіздің егіп қойған көшеттерін доппен теуіп сындырып тастады. Сіз оларға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

  10. Бірде сіз көшеде сыныптасыңыздың темекі тартып тұғанын және оны жерге лақтыра салғанын көрдіңіз. Сіздің оған айтар ақылыңыз?

  11. Болашақта еліміздің қай қаласында білім алғың келеді?

  12. « Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...»

Әділқазылар алқасы белсенді қатысқан спикерлерді анықтағанша жанкүйерлерге сұрақтар қоямын.

Жанкүйерлер сайысы- «Қазақстан»

Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл-шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып-өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен жанкүйерлерге қояр сұрағымыз.

1.Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын- мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан таулағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)

2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай- химия кәсіпорындары орнааласқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық-географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)

3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)

4. Бұл облыс қатты ластануға ұшыраған, мұнаймен ластанған қара топырақ 3-15 жылға дейін өнім бермейді. Қазіргі кезде мұнайлы ласьанушылардың 66% теңізге өзен арқылы түсетін болса, 24 % қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Бұл қай облыс? (Атырау облысы)

5. Су бармайтын жөнді
Көлге қауіп төнді
Ластанудан тағы
Қорғау керек көлді.
Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз. (Арал мен Балқаш)

6.Расул Гамзатов былай деп жазады:
«Ғалым басын шайқады назаланып,
Ақын күрті, жазушы мазаңды алып,
Қашып барады жағалаудан
Етек жеңін қусырып, азаланып.
Бұның бәрі, менінше, құр байбалам,
Кәрі..... аралар тозаланып.»
Ақын өз өлеңінде еліміздің қай көлі туралы уайымдап отыр? (Каспий)

7.Айтыңдаршы, жасыл бақтан не көркем!
Көз тойғандай көркейіпті кең өлкем,
Отанымның өрлей түскен өркені,
Сол ғана тек көркемдердің көркемі!
Орманды шабу минутына 20 га жылдамдықпен жүріп жатыр. Сұрақ: осы жағдайды қолға алатын бағдарламаны атаңыз.(Жасыл ел)

8.Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бл жер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан,ауға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойыншы 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)

9.Қазіргі адамдардың жер бетінді өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірімен және егіншілікпен осыдан тек 10 м ың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ пен киімнің көзі т ек аңшылық болды. 20 жыл ішінді жер бетінді жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:
Отыра алмас ұл шыдап,
Қызың шыдап,
Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.
Не?-
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ. (Қызыл кітап)

10.Өткен ғасырда Қазақстанда ең кең таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30- жылдары жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмес жерсіндіру ісі қолға алыды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының үлкен, басының салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын ерекшілігі- басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы, мықтылығы, төзімділігі. Бұл қандай Қызыл кітапқа енген аң? (Құлан)

11.Бір машина сағатына ауаға 60-70 м³ жуық улы газ бөліп шығарады. Олай болса, Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күндіз- түні жүріп жатыр. Сұрақ: Ең машинасы көп Қазақстанның бір кездері астанасы болған қала. (Алматы)

12.Ауа бәрімізге ортақ, сондықтан республикада шығарылатын зиянды заттардың жартысы осы облаысқа тиесілі:- 1 млн 142 мың тонна. Көлемі бойынша ең үлкен облыс. (Қарағанды)
Әділқазыларға сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады

Қорытынды: «Табиғат – туып өскен тал бесігім,

Мен үшін қымбат сенің нұрлы есімің» - дей келе Республикамыздың табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар атсалысуы тиіс. Табиғат – тұнған асыл қазына, оны қорғап қамқорлық жасау, игеріп ел игілігіне жұмсау – баршамызға ортақ іс, өйткені табиғат – баршаның ортақ үйі.

Оның ішінде бар байлық қожасы да тек Адам. Табиғатты қорғау – Отанды қорғау деген сөз.

«Атамекен» әні орындалады. (ҚР табиғаты туралы видео-ролик жүріп жатады)


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және оны шешеу жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 2732
    • DOCX 66.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманова Мархабат Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманова Мархабат Нурлыбаевна
    Иманова Мархабат Нурлыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8315
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 164 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе