Инфоурок Школьному психологу СтатьиҚaзіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Қaзіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Скачать материал

Қaзіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

 

 

 

Психологиялық мәліметтердің бaсқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дaмуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров /4/ ұсынған «сызықтық емесің жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі – бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылaй орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың /5/ айтуы бойынша, зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б.Г.Ананьев /6/ психология адам туралы мәліметтерді нақты ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

Психологияның аталмыш ғылымдар үшбұрышымен байланысының сипатына толығырақ тоқталсақ. Психологияның негізгі міндеті болып психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу саналады. Бұл заңдылықтар адам миындағы объективтік дүниенің бейнеленуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика объективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің объективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді.

Сонымен бірге адамдардың кез-келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін – оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әркетінің объективтік жадайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет.

Психолог өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы біржасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде тіршілік ететін көпжасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретін екенін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер дүниесінің арасындағы айырмашылықты жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.

Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлықының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағадайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді.

Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Егер жануарладың мінез-құлқының қалыптасуында биологиялық шарттар негізгі рөлді атқарса, адамның қалыптасуында осындай рөлге тарихи қоғамдық шарттар ие болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Адамның психикалық әрекетін қалыптастыратын қоғам жағдайларын тиянақты қадағалау ғана психологияның берік ғылыми негізге ие болуына мүмкіндік береді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қaзіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Психологиялық мәліметтердің бaсқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2019 614
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермаханова Феруза Абдиманаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 4 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6161
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детское и семейное консультирование в кризисных состояниях семьи

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Курс повышения квалификации

Диагностика и формирование пространственного представления у детей 5-9 лет

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 78 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе