Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық технологиялар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық технологиялар.

библиотека
материалов

Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық технологиялар.

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымының ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытатын орталық» делінген. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру ісін жақсартудың бір жолы- педагогикалық үрдісті жаңаландыру, педагог кадрларының шеберлігін арттыру. Мектепалды даярлық бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, тарату, оқу тәрбие үрдісін инновациялық технологиялармен ұштастыра отырып, ғылым мен практиканы байланыстыру, оларды мектеп пен балабақша өміріне енгізу. Қазіргі заманға сай жаңа технологиялар: компьютер, интерактивтік тақта, презентациялар, электронды оқулықтар, аудио және видео жазбалар және т.б. Аталып өткен инновациялық технологияларды балабақша өміріне қолдансақ, онда болашақ жас бүлдіршіндерді жан-жақты дамытуға болады. Бұл технологиялар баланың ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын оятады және білімін арттырып, жетілдіреді. Балалар қазіргі өмірге тез бейімделіп келеді, осы технологияларды тез ұғып алады. Себебі, балалардың ойлары ұшқыр және алғыр келеді. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалғанда алдымен, баланың жас ерекшелігіне көңіл аударады және осыған сай тапсырмаларды дайындайды. Кез-келген материалды алғанда, алдымен түсіндірілу жұмысы жүргізіледі. Мысалы: интерактивтік тақтамен қалай жұмыс жасауды және қаламын қалай қолдануды айтып өтеді. Содан кейін балалар, тақтаға шығып тапсырмаларды орындайды. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана оытырып, терең білімді, оқу барысында танымдық әрекеттерді бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Бұл ретте мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқыту, білім-біліктерін жетілдіру

135

жетекші мәселеге айналып отыр. Балаларды оқуға дайындау балалық шақтың барлық кезеңіне қарамастан мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді мектепке дайындау жүйесінде ерекше орын алады. Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, өйткені осы жас аралығында бала өзіндік тұлға ретінде қалыптасады. Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік және инновациялық технлогиялар арқылы қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру маңызды. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейіні тәрбие және оқыту деңгеінде бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтамасыз ету, баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетілді. Заман талабына сай сәйкес білім беру сапасын жүйелеп қарастыру, жаңа стандарттарға сүйене отырып жұмыс жасау, жаңа әдістемелік тәсілдер енгізу және оларды дамытуға жағдайлар жасау, психологиялық қолдау көрсету, тәрбиешілердің біліктілігі мен білімдерін арттыру осы мәселелерді шешудің негізгі жолдары. Білім үдерісінің сапасын балабақшаішілік басқарудың мазсұны және басшының негізгі мақсаты балалардың білім алуы үшін жағдайлар туғызуға ерекше мән беру болып табылады. Білім беру мазмұнының жоғары сапаға ие болуы үшін алдымен жоғары білікті педагогикалық кадрлардың болуы шарт. Яғни, балаларға білім беру және тәрбиелеу сапасын арттыруда жұмысқа жаңашыл шығармашылық идеяларымен әдістемелік тәсілдер әкелуде тәрбиешілердің шығармашылық шеберлігі мен кәсіби біліктілігінің орны ерекше рөл атқарады. Оқыту үрдісінде педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеруге біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде оқытылуы, семинарлар мен әдістемелік конференцияларға үнемі қатысып, өз бетінше білімін жетілдіріп отыруы әсерін тигізеді. Педагогтің ісінде қарым-қатынастың тиімді болуы бүлдіршіндерді құрметтеуге, қызықтыруға, білуге, ұмтылдыруға, сендіре білуге, олармен ынтымақтастыққа тәуелді болады. Яғни, тәрбиеші- педагог балаларға берілетін таным материалдарына мән беріп, баланың жеке басын құрметтеуі балалар мен тез тіл табысып, оларға қамқоршы бола алуы- бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық техникаларды кеңінен пайдалану- жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі» делінген. Оқыту үрдісінде оқытудың көрнекі құралдарын әзірлеуде компьютерлік техикасы пайдалануға негізделген бағыт. Осы заманғы ақпараттық технология балалардың көптеген ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, тәрбиешілердің өздігімен жұмыс жасау тиімділігін арттырып, шығармашылыққа, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Оқу процесінде түрлі әдістерді пайдалану баланың жан-жақты дамуы үшін қажет. Сонымен бірге, ақпараттық техникаларды пайдалану тәрбиешілердің сабақ мазмұнының ашылуын түрлендіре түседі. Заман ағымына қарай күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үстінде ақпарат құралдарын кеңінен қолдану айтарлықтай нәтиже береді. Бүгінгі таңда тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер қабілеті мен қабылдауы жағынан, болашағынан қор үміт күттіреді, сондықтан балабақша қабырғасындағы бүлдіршіндердің ой-өрісін, білім, дағды деңгейлерін кеңейту, сана сезімімен таным әрекетін дамыту, өз бетінше талпынып ақпарат жинау белсенділігін қалыптастыруда тәрбиеші-педагогтың сабақ өту үрдісіне ақпараттық-мультимедиялық техникаларды пайдаланудың пайдасы зор. Тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың әлемде бәсекеге қабілетті дамыған елу елдің қатарына ену саясаты оқу, тәрбиелеу саласында, оның ішінде мектеп алды даярлық ұйымдарында баланы тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді енгізу және оны жүйелендіруді міндеттейді. Балабақша қабырғасындағы балалық шақ- бұл мектепке дайындық қана емес, сонымен қатар адамның жеке тұлға ретінде дербес дамуының кезеңі. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін, білімін, мәдениетін, ұлттық құндылықтарды терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу- өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Жас жеткіншектердің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін мектепалды даярлық ұйымдарының орны ерекше. Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі- білім беру

үрдісін ақпараттандыру. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделген: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желіні, электрондық оқулықтарды, ойындарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Осы мақсатта балалардың ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды. Жас ерекшелігіне байланысты анимацияланған кейіпкерлер көмегімен баланың оқу мен білім-танымға деген қызығушылығын артатын, баланың ақыл-ойын дамытатын электрондық оқулықтар жетерлік. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін, анықтамаларын, сөздіктерді, теледидар бағдарламарының дұрыс пайдалана білу деген сөз. Баланың балабақшадан алған тәрбиесі оның дамуына ғана емес, сол сияқты ата-анасына, отбасының басқа мүшелеріне де ықпалын тигізеді. Сондай-ақ ата-аналардың, отбасының өміріндегі маңызды сәттер балаға, оның кішкента достарына және балабақшадағы үлкендерге де әсер етеді. Бұл өзара байланыс балаларға қамқорлық, мейірімділік, жайлылық, жылылық, сүйіспеншілік жағдайында қанағаттандырылады. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан тәрбиелік орта. Сондықтан тұлғаның қалыптасуы нәтижелігі ең алдымен отбасына тәуелді. Олай болса тәрбиешілер ата-анаға баласының болашақта бойынан көргісі келетін адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына көмектесуші, ықпал етуші. Балабақшаларды ата-аналармен өз салт-дәстүрлерін жаңғыртып, тәжірибелік семинарлар және тәрбие сағаттарын өткізу, ой-пікірлерін тыңдау, бала тәрбиесінде оң ықпалын тигізеді. Тәрбиеші балаларды балабақша табалдырығын аттағаннан бастап көркем сөздерді пайдалана отырып, бойларына адамгерлішілік қасиеттерді дарытса келешекте саналы, өз елі мен жерінің қадірін бойына сіңірген азаматтарды тәрбиелеп шығара алады. «Ақыл сөзде, мейір көзде» - дегендей балалардың жүзіндегі нұр, көзіндегі шуақ, шат күлкісі мейірімді істерімізден көріне берсін.

Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров233
Номер материала ДБ-030855
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх