Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру-сапалы білім көзі.(баяндама)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру-сапалы білім көзі.(баяндама)

библиотека
материалов


Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби

деңгейін жетілдіру-сапалы білім көзі.

Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы

I-санатты, III- деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Атырау қаласы Еркінқала орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті адам. Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Бастауыш сынып мұғалімі - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатынас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Бастауыш сынып мұғалім – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қабілеті жоғара болу керек.

Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын ар- намысын, пікірін сыйлау әр ұстаздың міндетті. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім- тәрбие алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім- бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ- емес.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.

Бұл мынандай фактілерге байланысты.

-оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану

-топтық жұмыс дағдыларын дамыту

-әрекеттерге үйрету

-нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.

Кез келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.

Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.

Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «Жеткізуші» ал оқушы «Қабылдап алушы» қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айта алатындар қателеседі.

Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.      Бүгінгі күн  мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін  ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Мұғалім – бүгінгі  оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете  байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз.

Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Қ.Р   білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік  жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Әрине бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мұғалім үнемі өз білімін жетілдіру керек деген көзқарасты ұстанамын. Сол себепте заман талабына сай құзіретті мұғалім ретінде үнемі курстар оқып өз білімімді жетілдіруге тырысып келемін. 2013 жылы қыркүйек айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердідің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгейлік бағдарламасы бойынша курсты аяқтадым. Бұл курстың мен үшін берері көп болды. Өзімнің тәжірибелік қоржынымды, оқудың жаңа әдіс- тәсілдерімен толықтырдым десем де болады. Әрине бұл курста үйренген жеті модульді, тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаланып, баланың еркін білім алуына жағдай жасай бастадым. Әрине балаларым ойын еркін айтып, мұғалім алдында өзін еркін ұстай алатын, мұғалімге кері байланысқа шығатын, өзінің білімін, сыныптастарының білімін бағалай алатын дәрежеге жетті десек те болады. Мен бұл жетістік көре тура тоқтамай іздену үстіне іздену керек екенін ұғып, мектебімде «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» курсы болатынын естіп, енді оқушыларымды сыный ойлап, сындарлы сөйлейтіндей деңгейге жеткізу керек деп шешіп, сол курсты да оқып алдым. Әрине қазіргі күнде дамып отырған заманның ұстазы техниканы толық меңгеру керек, алдыңдағы оқушыларыңның сұранысын қанағаттандыру, ғаламторды жетік меңгеру, көштен қалмау керек екенін ойлап 2014 жылы 4 қараша мен 10 қараша аралығында Атырау қаласының «Ақпараттық Технология Дәуірінің Қоғамы» жобасы ауқымындағы ақпараттық коммуникациялық техникалар бойынша бастапқы курстан өтіп өз білімімді шыңдай түстім. Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», деген. Бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас  жүйе.

Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерекшеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс- тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Сол себепте мен сабағымда жеті модульді ықпалдастыра отырып,оқушыларды жаңа оқыту түріне қарай бағыттау, білім алуға оң көзбен қарауға ықпал ету және өз күшіне деген сенімділікті арттыру болды.

Әдебиеттік оқу пәнінен «Төрт түліктің кеңесі» тақырыбындағы сабағымда бірінші психологиялық ахуал қалыптастырудан бастадым.

Психологиялық ахуалды жақсарту үшін не істей алдым? Сабақтың басында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру үшін «Мен нені ұнатамын?» кіріспе ойыны ойналды: Менің атым –Хадиша, мен хабар арнасын қарағанды ұнатамын. Келесі оқушы: Оның аты –Хадиша, ол хабар арнасын қарағанды жақсы көреді. Ал менің атым –Аружан, мен ас ішкенді ұнатамын, т с с. Бұл ойын оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Жүздеріне күлкі үйіріліп, сабақтың қызықты басталуына әсер етті.

Содан соң сыныбымды қорапшаға салынған төрт -түліктің суреттері арқылы төрт топқа бөлдім.Топқа бөлудің маңыздылығы сонда: партаға орналасудың реті өзгеріп, орындарын ауыстыра бастауынан –ақ оқушылар қолына таңдап алған төрт түлігі туралы ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауға кірісіп кетеді , балалар әр топта жұмыс істей отырып, өз мүмкіншіліктерін аша түседі. 1- топта отырып қалған бала 2-топта ерекше жұмыс істей бастайды.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында оқушылардың осыған дейінгі алған біліміне сүйене отырып «Миға шабуыл» әдісімен олардың төрт -түлік туралы не білетінін сұрап нақтылап алдым. Төрт түліктің қандай түрлерін білеміз? Олардың қандай пайдасы бар? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын жеткізді. Сынып оқушыларына төрт - түліктің пайдасы, түрлері және өз жерімізде қандай малдың өсірілетіні, одан алынатын өнім түрлері туралы жинақтаған материалдарды жүйелеп, бір таныстырылымды дайындап келуге үйге тапсырма берген едім. Бұл тапсырманы сыныбымдағы талантты және дарынды балалар даярлап әкеліп, «оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» модулін пайдалана отырып қорғады. Әрине сабақта үнемі АКТ-ны пайдаланып отырса, оқушының сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы одан әрі дамып, тың ақпарат алуға жұмыстанатынына көзім жетті. Бұндай тапсырмалар оқушылардың ізденуіне, өтілген материалдарды одан әрі кеңейтіп, тың ақпараттар жинауына мүмкіндік береді. Бұл тапсырмамда талантты, дарынды балаларға арналған модуль ықпалдастырылды, себебі талантты, дарынды балалар қажеттілігін қанағаттандыру үшін кеңейтілген тапсырмалар берген тиімді, олар сол тапсырмаларды орындайды және өзгелерге де түсіндіреді. Осы кезде балалардың өз сыныптастарын ұйып тыңдайтыны мені таңғалдырды.

Орындаған жұмыстарының тек материал үлгісінде қалмауына жол бермеу үшін сұрақ қою техникаларын пайдаландым. Әңгімелесу арқылы негізгі ойды түйіндеп өттік. Бұл тапсырмада сонымен бірге диалог арқылы оқыту модулі де жүзеге асып жатты.

Мәтінді рөлге бөліп оқитынымыз туралы айттым.

-Оқушылар рөлге бөліне қойыңыздар,- деп рөлдерін айқындатып алдым. Себебі: біз топқа бөлінгенде әр топқа төрт - түлік сиыр, қой, түйе, жылқы ал бесінші оқушы автордың сөзін оқиды деп бөліп едім. Оқушыларға топ ішінде рөлге бөліп дайындалып оқып, отыруға мүмкіндік бердім. Содан соң әр топ мәтінді рөлге бөліп оқып шықты. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар диалог құру нәтижесінде білім алады деп ойладым. Әр тапсырманы орындаған соң оқушыларды формативті (қол шапалақтау) арқылы бағалап отырдым.

Сыныпты тағы да топқа бөлдім 1-топ Қой 2-топ Сиыр 3-топ Жылқы 4-топ Түйе Әр түлік иесі бір топқа жиналды.

«Сәйкестендіру» тәсілі «Төрт түліктің жайылымын білесің бе?»

Әр топқа жайылым жердің суретін таратып бердім. Төрт түліктің суретті салынған конверт таратып бердім. Әр түлік иесі өзінің тобына берілген суреттердің ішінен өзінің суретін тауып жайылымға жапсырды. Не себепте сол жерді таңдағанын дәлелдеп түсіндірді. Бұл тапсырмада оқушыларды сыни ойлауға үйрете отырып, диалог арқылы қарым- қатынас жасауға, талантты және дарынды балалардың тапсырма орындауда көшбасшы бола алатынына, бұндай тапсырмалар оқушылардың бірігіп жұмыс жасауына, бір- біріне көмектесе отырып үдіріске түсетініне көзім жетті.

«Иеңді тап» ойыны

Ортаға төрт оқушыны шығып, Тұрмыс жағдайы төмен адам, Еңбекқор адам, Өжет, батыл адам, Шаруасы жақсы, бай адамды бейнеледі. Содан соң басқа оқушылар өздеріне ұнайтын төрт- түлік малдың суретін таңдап алды да ,өздеріне ұнайтын кейіпкерге сыйлады. Мен оқушылардан суретті не себепті сол адамды таңдадың?- деп сұрадым. Сол кезде Тұрмыс жағдайы төмен адамды таңдаған Аян (жылқының суреті) мен бұл кісіге өзімнің қымызымды, етімді беремін. Оның жағдайын жақсарту үшін жыл сайын көбейемін, оған жылқы бітіп байысын деп. Оның жағдайын дұрыстау үшін таңдадым деді. Шаруасы жақсы, бай адамды таңдаған Толғанай(қой) мен ешқандай қиындық көрмей, жем,шөбім дайын, қорам таза әрі жылы болады,сондықтан сол адамды таңдадым деді. Батыл, өжет адамды таңдаған Бақдәулет(қой) ол мен үнемі қорғайды деп жауап берсе, Еңбекқор адамды таңдаған Жансая(түйе) ол мен үнемі бағады. Бастауыш сыныптың білім деңгейін жоғарлату үшін сабақ барысында ойната отырып, ойлануға, ынтымақтаса отырып, бір- біріне сұрақ қоюға, ұтымды жауап алуға, сөйтіп бір- бірінен білім алуға үйренетіне көзім жетті.

«Ойлан- Топтас- Талқыла» әдісі бойынша постер қорғату үшін әр топқа әр түрлі тапсырма бердім.

1-топ «Қойдың пайдасы , одан алынатын өнімдер»

2-топ «Сиырдың сүтінен алынатын тағам түрлері»

3-топ «Жылқы малы туралы мақал -мәтел жазу»

4-топ «Түйенің суретін сал және жақсы көретін шөбі туралы не білесің?» -деген тапсырмалар ұсындым. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларға әлдері келгенше орындауға кірісті.Себебі мен бұл тапсырманы оқушылардың «жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модуліне сүйене отырып, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бердім. Топта тапсырманы талқылады және ортаға шығып постерді қорғады. Әрине алғашқы сабақта бәрі бірден керемет болды дей алмаймын, сабақ үстінде кездескен кедергілер болды.

- оқушылардың барлығы бірден топтың жұмысын түсініп кірісе алмады,

-уақытты үнемді пайдалана алмады,

-топ мүшелері бірден ынтымақтасып жұмысқа кірісісіп кете қоймады.

-әр топта кейбір оқушылардың топпен жұмысқа араласпай отырғанын көрдім,

-оқушыларды бағалау да қиындық келтірді.

Кемшіліктерді жою үшін біршама ойланып, бірінші сабақта кеткен кемшілікті жою үшін оқушылардан алған кері байланысты да талдап отырдым

-оқушыға берілген тапсырма қиындық келтірді ме,әлде дұрыс түсінбеді ме? деген оймен келесі сабағымды жоспарлағанда басқа әдіс- тәсілдер пайдалануға тырыстым.

-Бағалау өлшемдерін жетілдіре бастадым.

Бұл сабағымда бағалау мақсатында бағалау өлшемдерін жасадым. Бағалау өлшемдеріне қарай отырып, бағалау бетшесіне, топ басшыларына топ мүшелерін бағалаттым. Бұл алғашқы сабағым болған соң топ басшылары топ мүшелерін нақты бағалады дей алмаймын, себебі: оқушылар бағалау өлшемдеріне толық түсінбеді , алдағы сабақтарымда оқушыларға нақты бағалауды үйретіп , толық нәтижеге жетемін деп ойлаймын.

Сабақ барысында оқушыларды мадақтап, ынталандырып, әр тапсырма соңында қол шапалақтау арқылы формативті бағалап, оқушылардың көңіл- күйін көтермелеп отырдым, жетістіктеріне ризашылығымды білдірдім. Бұл әрекетім оқушылардың білім алуға талпынуына, белгілі бір нәтижеге жетуіне, жоспарлаған мақсаттарымның жүзеге асуына септігін тигізді. Және де оқушыларымның өзіне деген сенімі артып, пікірлерін ашық, бүкпесіз айтуына қол жеткіздім.

«Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі оқушылар үшін де, мұғалім үшін де құнды. Психологиялық жайлылық әкеледі. Дәстүрлі бағалауда оқушы өз білімін өзі бағалай алмайды, мұғалімге тәуелді, оқушыны тек мұғалім бағалайды нәтижесінде өмірін, өмірдегі жеңістер мен жеңілістерін біреудің берген бағасымен өлшей бастайды. Сондықтан болашақта оқушыларым өз білімдерін өздері бағалай алатын, өздерінің деңгейін анықтай білетін, білім шыңына шығатындай тәуелсіз білімді ұрпақ тәрбиелеуге жұмыстанамын.

Орындаған тапсырмалар арқылы біз неге қол жеткіздік ? Бізді деуімнің мәні: мақсатқа жету жолында оқушы мен мұғалім- бірлесе отырып күш біріктіріп жұмысқа белсене араласқан болатынбыз. Бұл үдеріс кезінде оқушылар бір –бірін және мені оқытады. Қандай нәтижеге де бірлесіп жетіп келеміз. Оқушылар осыны түсінсе екен деймін.

Алдымен сабақтың мақсатына қол жеткіздік:

-топта, жұпта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдыландық:

- білімді саналы түрде игеруге бағыт алдық;

- бір –бірімізді оқыта алатынымызға көзіміз жетті;

- барлығының пікірі құнды екендігін түсіне бастадық;

- жауапкершілікті сезіне бастадық;

- қолдау көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті;

-өздеріне рефлексия жасады.

Қорыту: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен  тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз. Сол себепте әр ұстаз өзінің білімін, қоғамдағы өзгерістерден қалмай , өз білімін жетілдіру курстарын оқып отыру керек деп ойлаймын.

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту   Алматы – 2005, 208б.

2. Қазақстан мектебі № 8 2010 жыл 3. Ғаламтор «Google» cайты

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ (негізгі) деңгей (үшінші басылым)





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бастауыш  сынып  мұғалімі - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын  және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті  адам.  Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.

       Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен  қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана  білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

        Бастауыш  сынып  мұғалімі - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатынас тәсілдерін қолдана білу  яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық  жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

        Бастауыш  сынып  мұғалім – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты  игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қабілеті  жоғара  болу керек.

Автор
Дата добавления 29.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1458
Номер материала 549247
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх