Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Рабочие программы / Қазіргі дүниедегі Қазақстан 11 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Қазіргі дүниедегі Қазақстан 11 сынып

библиотека
материалов

М.Әуезов атындағы № 7 орта мектеп













Қолданбалы курстың

бағдарламасының құрылымы.













































Атырау-2014

































География пәнінен жаралыстану бағытындағы

11 «а» сынып үшін қолданбалы

курстын тақырыбы:

Қазіргі дүниедегі Қазақстан.











География пәні мұғалімі Қалиева Г.Ғ.











2014 оқу жылы

Жалпы білім беретін мектептің жаралыстану-математика бағдары бойынша оқитын 11-сынып оқушыларына арналған бағдарлама.



Қазіргі дүниедегі Қазақстан

Бағдарлама жаратылыстану-математика бағытындағы география пәніне бағдарланған 11-сыныптың оқу жоспарындағы қолданбалы курсқа арналған.




Қолданбалы курс бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі даму белестерін мектеп қабырғасында білім алып отырған балғын жастарға, еліміздің жан-жақты өркендеуін меңгертуге бағытталған.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілік,өмір сапасының жаңа жоғары стандарттарын құру және қуатты экономикалық өсудің нақты қадамдарын байыпты бағдарлауда.Сондықтан мектептің жоғары сатысында отырған шәкіртке болашақ мамандығында байындық ретінде көмекші құрал бола алады.





















Түсінік хат

Қазақстанның өазіргі дүниежүзілік аренадағы орны және басқа оң жағдайлары экономиканы реформалау міндеттерін табысты іске асыруда. Бүгінде бүкіл өңір Қазақстанға экономикалық дамудың үлгісі ретінде көз тігіп отыр. Жас Республиканың әлемдік қауымдастыққа сенімді кіруі, Қазақстанның зор әлеуетінің зор көрсеткішіне айналған тарихи кезеңдер, алғашқы қадамдар, қарқынды экономикалық өрлеу, көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың өсе түскендігі байқалады. Орта Азия өңірін тұрақтандыруда Қазақстанның өсе түскен ролі елдің, әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

Бүгінгі жас ұрпақ өткен күндердің келбетін көз алдына елестете отырып, қазіргі саясат туралы, Қазақстан жүріп өткен жолдың күрделілігі мен ауқымдылығы туралы да талқылай алатын болады. Сондықтан қажетті ақпарат алу үшін орта мектеп түлектерінің Дүниежүзіндегі көптеген елдердің алдында саяси тұрғыдан да, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан да Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел бола отырып, Орталық Азияда үлкен рөл атқаратындығын білуі басты міндет. Сонау бір замандарда Қазақ елі не қиындықты көрмеді. Сол қазақ бүгін өз егемендігін алған, тәуелсіз мемлекеттің иесі атанған. Міне жиырма жылға жуық ауқыт бұл күнде біз үшін бір ғасырға татитындай зор мазмұн мен шежіре. Қазақ елі ең алғаш рет тәй-тәй басып, тілерсегі майыса отырып, апыл-тапыл аяқ басып, еңсе көтерген сол бір тұста да көпті көрген көнекөз қария мен ақ сақалды ел ағалары өз тұңғыш Президентіне шын ниеттерімен баталарын берген болатын. Қазақтың «Батаменен ер көгерер, жауынмен жер көгерер!» дейтін аталы сөзі шындыққа айналды. Қазақ елі биік тқрғыдан көрініп, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Еліміз әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мемлекеттер шоғырына батыл жақындап, экономикасы мен әлеуеті жағынан мүлдем қуаттана түсті. Бұл күнде Астана туралы айтылар әңгіменің де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланыста болатыны анық. Ол түсінікті де. Елбасының алғыр ойы мен мейілінше алысты болжай алатын сара саясатының нәтижесінде өмірге келген бұл айшықты қала біздің бүгінгі дәуіріміздің дара бел баласы емес, ол тарихтың таңғажайып алтын қазынасына айналып отыр. Оны барша қазақстандықтар әрдайым да орынды мақтаныш етеді. Оны бүкіл Қазақстан болып көтерді. Оның бас сәулетшісі, авторы әрі ұйымдастырушысы, Елбасының өзі болды. Бүгінгі Елорда, айшықты Астана қаласының керемет келбеті, бүкіл Еуразия кеңістігінде орналасқан ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік жасап, олардың еш алаңсыз еңбек етуіне, ұрпақ тәрбиелеуіне, бақытты ғұмыр кешуіне оң жағдайлар туғызып отыр. Отандық ғарыштық қызметті тиімді дамыту және оған әлемдік деңгейдегі технологияларды тарту мақсатында «Қазғарыш» шет елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Еліміздің әл-ауқатын, экономикалық дамуын арттыратын негіз-табиғат пен оның байлықтары. Табиғатымыздың құндылығын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қазіргі таңдағы негізгі өзекті мәселенің бірі және ұлттық міндет болмақ.


































Курстың мақсаты:


  • Қазақстанның дүниежүзінің саяси картасындағы геосаяси орнына баға беруі.

  • Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа сенімді кіруі және қарқынды экономикалық өрлеудің маңыздылығына түсінік беру.

  • Қазақстан бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім елінің тқрақты көрінісінің қалыптастастыратындығын баяндау.

  • Жас табиғаттанушының табиғатқа, тұрмыстық эстетикаға көзқарасы, әсемдік талғамы мен көркемдік құштарлығының қалыптастасуы.

  • Елдер арасындағы достық қарым-қатынастың артуы, саяси экономикалық байланыстардың нығаюына оқушының жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыра алуы.



Міндеттері:


  • курсты оқу барысында оқушының номенклатуралық білім деңгейін арттыру.

  • оқушыларды Қазақстанның әлемдік және әлеуметтік – экономикалық мәселелеріне араласуға тарту.

  • экологиялық түсінік, қоршаған ортаны қорғау шаралары, елжандық және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

  • білім және біліктілікті жеке тұлғаның кәсіби бағыт бағдарына қолдана алуына мүмкіндіктер жасау.

  • оқушының жеке шығармашылық қабілетін арттыру, білім кеңістігіне бағыттау.

  • Ұлтаралық татулық пен келісімнің Қазақстандық моделін, республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін, кемелдігі мен тұтастығын паш етуіне оқушы бәсекелестігін арттыру.


Пәнаралық кіріктіру: тарих, математика, ағылшы және орыс тілдері,

география,химия, биология т.б.


Кәсіпке бағдарлау: Қаржыгер, мұнайшы, геолог, географ т.б.





Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау


Тәуелсіз Қазақстан (4 сағат)

1.Тәуелсіз Қазақ елі

Қазақ халқы егеменді ел болған шағында.

Әлем мен өркениет, ру мен тайпа, тек пен нәсіл, халық пен ұлт, жүз бен мемлекет, тұрмыс қарекеті мен ұлттық сана, уақыт пен тағдыр- көне түркі көшінің негізгі төл иелерін бірімен- бірін байланыстыра отырып әрбір белес туралы. Халқымыздың тарихи тағдыры туралы қысқаша ойлар, үзік сырлар баяндау. Жаңа заманда тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырған зиялы қауым өкілдері, еңбеккерлері Республиканы мекендеген көп ұлтты халықтар тату және ұлттық бірлік, ұлтаралық ынтымақ жағдайында өмір сүру жолдары баяндалады. Ұлттық тілдің қазақ халқының арасында пәрменділігін арттыру жолдары.


2.Қазақстанның әлемдік деңгейдегі орны

Еуразия материгінің кіндігінде орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы, жер көлемі.

Қазақстан Республикасының батыста Еділдің төменгі ағысынан бастап, шығысында Алтай тауларына дейін, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан бастап, оңтүстігінде Тянь-Шань тау жоталарына дейін созылатындығы қарастырылады. Қазақстан әлемде 9-орынды иеленді. Еуропалық аумақтың 12 елінен асып түсетіндігіне беру, картамен жұмыс жүргізу.

Оқушыларды Республика аумағының жер көлемі, тамылжыған табиғатынан бастап, қойнауындағы байлығын айта отырып, баға беруге үйрету.


3.Астана – дала төсіндегі зәулім елорда

Елорданы Алматыдан Астанаға көшіруі жөніндегі тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық шешімдері. Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты ұлтаралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған Астана мәртебесін сөз ету. Астананың ойдағыдай дамуына яғни экономикасына салынған инвестиция көлемі. Мәңгілік жинақылық, әсемдік, қазіргі заманғы дизайн, жоғары технология – Астана құрылыс индустриясының келешегі.

Жаңа елорданың экологиялық жағдайы, қала төңірегіндегі орман қорғау белдеуінің қанат жаюы. Астананың еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кіруі. Әлемнің саяси картасында Астананың берік орнығуы. (картамен жұмыс жүргізу)



4. Тәуелсіз Қазақстан және қазақ елі

Демографиялық дамудың деректері мен дәйектері.

Қазақстандағы демографиялық саясат. Демограф М.Тәтімов.

Қазақ халқының Қазақстандағы саны. Халық санағының жүргізілуі.

Мемлекеттік көші-қон саясаты, шетел қазақтарының атажұртқа оралуы.

Шетелдегі қазақ диаспорсы, менталитеті.


Экономикалық өрлеу (5 сағат)

5.Қазақстан экономикасы

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы ел мәртебесін алуы, Тұрақты тұрде өсу, Реформалардың жүзеге асуы, Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы өсу көрсеткіші Қазақстан экономикасына салынған инвестиция деңгейі, сыртқы сауда айналымының көлемі. Табиғи ресурстарды пайдалану, өндіру. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды дамуы.


6. Индустриялық –инновациялық даму жолы

Қазақстан экономикасының әртараптандырылуы. 2003-2015 жылдарға арналған елдің индустриялық –инновациялық даму стратегичсы.

6 негізгі класстер – құрылыс, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу энеркәсіптері, ақпараттық және биологиялық технологиялар, мұнай-химия индустриясын атап көрсету. Стратегияны іске асыруда ЖІӨ құрылымын 2015 жылы 1,5-1,7 – ға дейін жету жолдары.


7.Қазақстанның қаржылық-банк жүйесі

Қазақстандағы банк секторының өсуі. Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы байланыстар. Ұлттық қорлардың дамуы.

Оқушылардың тақырып бойынша жеке шығармашылық жұмыстар қорғауы тапсырылады.


8.Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені

Ауыл шаруашылығы саласында экономикалық өсудің тиімді жақтары

Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы. Ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясынң кезең бойынша жалғастырылуы. Қазақстан бидайының тиімді тасымалдану факторлары:

- Диверсификация. Бидайдың жоғары сапалылыгын сақтау әрі жақсару.

- Сату. Жаңа рынокторда берік позиция ұстану.


9.Қазақстанның мұнайы мен газы

Қазақ мұнайы көшбасшы державалар қатарында. «Ғасыржобасы» аталған «Теңізшевройл» компаниясының индустриалды болашағы. Қазақстандағы «ҚазМұнайГаз» тармақтары. Қашаған: теңіз түбіндегі алып кен орын. Мұнай кенорындарындағы экологиялық жағдайлар.


Аймақтағы қауіпсіздік, халықаралық байланыстар (5 сағат)

10.Қазақстандағы қауіпсіздікті нығайту жолдары

Ұлы даланың татулығы, көп ұлтты мемлекеттің бейбітшілікті тақтауы.

Қазақстан халықтарының арасындағы өркениет, дінаралық және ұлтаралық келісім, төзімділік пен өзара сыйластық принциптерінің орнығуы.


Қазақстан – бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім елінің әдемі үлгісін айқындауы. Ядролық қарусыздану және ғаламдық қауіпсіздікті сақтаудағы айрықша үлесін баяндау.


11. Кеден одағы – Еуразиялық экономикалық қоғамдастық

Кеден одағын құрудың бастаулары. Еуразиялық одақты (ЕАО) құру идеялары. Кеден одағаның басты мақсаттары, қадыптастыру тетігі, негізі.


12. Трансазиялық магистраль

Қазақстанның халықаралық және транзиттік тасымалдау жүйесі.

Автомобиль жолдарының инфрақұрылымы. Әуе жолдары. «Қазақстан-2030» стратегиясының басым бағыттары, көлік инфрақұрылымының дамуы.


13. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. Егемен мемлекеттердің дамуы. Саяси, экономикалық, әлеуметтік шиеленістер. Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым стратегиялық ұстанымдары.


14. Ғарыш айлағында зымыран- ғарыш кемелерін пайдалану кезеңдері. Экологиялық қауіпсіздік мәселелері. Ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей әріптестігі. Ресеймен бірлесіп «Байқоңыр» сатысындағы экологиялық тиімді зымырандарды әзірлеу. Қазақстанның жер серіктік байланыс пен байқау жер серіктерін дамыту мәселелері


Туризмді дамыту, табиғатты қорғау (3 сағат)

15. Халықаралық туризм. Қазақстандағы рекреациялық аудандар

Отандық туризмнің халықаралық стандарттар дәрежесіне көтерілуі. Қазақстанның мәдени-тарихи, этнографиялық мұралары, табиғаттың әсем жерлерінің жарнамалануы, насихатталуы. Бәсекеге қабілетті туризмнің дамуы, экономикалық өсу, өркендеу. Қазақстандағы туризмнің басты аудандарына оқушылардың жеке шығармашылық жұмыстары.

16-17. қазақстандағы экологиялық мәселелер

Ауа, су, топырақ, биосфера қабаттарының өзгеруі. Арал, Балхаш, Каспий экологиясы. Суды қорғау шаралары. Фауна мен Флораны қорғау шаралары. Жер қойнауындағы табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жолдары.

Оқушылардың туған жердің жағдайлары жөнінде ой толғаныстары.


Әлем таныған тұлға, белсенді ұйымдар (2 сағат)

18.Қазақ алыбы әлемге танылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев егемен мемлекеттің саясатын паш етуі. Мәдени мұра, қазақ тілін дамыту, халықтар мен діндер арасындағы диологты, сыртқы қатерге қарсы тұрудағы батыл қадамдары. Әлем таныған жасампаз көшбасшы.


19.Қазақстан және Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы

Еуро-Атлантикалық және Еуроазиялық біртұтас және ажырағысыз қауіпсіздік қауымдастығының басталу жолы. ЕҚЫҰ-ның жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысындағы бетбұрыстары. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы . қазақстанның жасампаздық жолындағы жарқын бейнесі.


Ынтымақтастық байланыстар (13 сағат)

20. Қазақстан және әлем елдері. Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы жетістіктері. Қазақстандағы қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы. Әлемдік қауымдастықта халықаралық терроризммен, экстремизммен, есірткінің таралуы, трансұлттық қылмыс, жасырын миграциямен күресудегі ШЫҰ қызметінің басты бағыттары. Қазақстанның берік ұстанымдары. Әлем елдерімен Қазақстанның ішкі, сыртқы достық қарым-қатынастары.


21-22. Қазақстан-Ресей, Украина қарым-қатынастары. Екі ел арасындағы мұнай-газ секторы. Электроэнергетикалық келісім. Ғарышты игеру аясындағы әрекеттестік. Әскери- техникалық, шекарадағы ынтымақтастық.


23-24. Қазақстан-Американ, Канада қарым-қатынастары. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.


25-26. Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары. Саяси қарым-қатынастары. Сауда-экономикалық ынтымақтастық.


27-28. Қазақстан – Жапония қарым-қатынастар. Батыс Қазақстандағы жол желісін қайта салу. Теміржол қуаттарын дамыту. Сауда – экономикалық ынтымақтастық. Гуманитарлық ынтымақтастық.


29-30. Қазақстан – Италия қарым-қатынастары. Саяси байланыстар. Сауда экономикалық қатынастар. Экспортқа шығарылатын өнімдер. Аймақтық қатынастар. Білім саласындағы байланыстар.


31-32. Қазақстан – Нидерланды қарым-қатынастары. Саяси қарым-қатынастар. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Мұнайгаз салсы. Транпорттық ынтымақтастық. Әскери және әскери – техникалық салалардағы ынтымақтастық.


Қорытынды (2сағат)

33. Қайталау


34. Қорытынды шығармашылық жұмыстарды қорғау. Бейіндік бағдарлы оқытудағы кәсіпке бағдарлауға баға беру.


























Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

  • Қазақстан экономикасының дамуына баға беруі.

  • Еліміздің кешенді шаруашылықтарды дамуына сипаттама бере алуы.

  • Қазақстанның, елдердің даму деңгейін көрсеткіштер бойынша анықтау.

  • Туризмнің басты аудандарын, бағыттары анықтауда қосымша ақпарат көздерімен байланыс жасай білу.

  • Қазақстан және Ресей шекарасының құрылықтық, теңіздік геосаяси жағдайларын меңгеруі.

  • Қазақстандағы халық тығыздығының әркелкілігін түсіндіруі, халықтың тығыздығына есептер шығару.

  • Елдердің жан-жақты дамуын Қазақстанмен салыстыру.

  • Еліміздің халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыстарын анықтай білуі.

  • Өтілген тақырыптарға қосымша шығармашылық жұмыстар жүргізу.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі


р/с

Оқушының

аты-жөні

Берілген білімді меңгеруі

Шығармашылықпен жұмыс жүргізе білуі

Болашақ мамандығына таңдау жасауы







Тақырыптық жоспарлау бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: 10 балдық жүйемен жекеленген тақырыптар бойынша қорытынды шығармашылық жқмыстарды қорғау. Бейіндік бағдарлы оқытудағы кәсіпке бағдарлауда оқушының балы есептелініп баға беріледі.















Курстың тақырыптық жоспары 11-сынып


р/с

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Мерзімі

1

Тәуелсіз Қазақстан (4 сағат)

Тәуелсіз Қазақ елі

1


2

Қазақстанның әлемдік деңгейдегі орыны

1


3

Астана-дала төсіндегі зәулім елорда

1


4

Тәуелсіз Қазақстан және қазақ елі

1


5

Экономикалық өрлеу (5 сағат)

Қазақстан экономикасы

1


6

Индустриялық-инновациялық даму жолы

1


7

Қазақстанның қаржылық-банк жүйесі

1


8

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені

1


9

Қазақстанның мұнайы мен газы

1


10

Аймақтағы қауіпсіздік,халықаралық байланыстар (5 сағ)

Қазақстандағы қауіпсіздікті нығайту жолдары

1


11

Кеден одағы-Еуразиялық экономикалық қоғамдастық

1


12

Трансазиялық магистраль

1


13

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

1


14

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық

1


15

Туризмді дамыту,табиғатты қорғау (3 сағ)

Халықаралық туризм.Қазақстандағы рекреациялық аудандар

1


16-17

Қазақстандағы экологиялық мәселелер

2


18

Әлем таныған тұлға,белсенді ұйымдар (2сағ)

Қазақ алыбы әлемге танылуда

1


19

Қазақстан және Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы

1


20

Ынтымақтастық байланыстар (13 сағ)

Қазақстан және әлем елдері

1


21-22

Қазақстан-Ресей,Украина қарым-қатынастары

2


23-24

Қазақстан-Американ,Канада қарым-қатынастары

2


25-26

Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары

2


27-28

Қазақстан-Жапония қарым-қатынастары

2


29-30

Қазақстан-Италия қарым-қатынастары

2


31-32

Қазақстан-Нидерланды қарым-қатынастары

2


33

Қорытынды (2сағ)

Қайталау

1


34

Қорытынды шығармашылық жұмыстарды қорғау.Бейіндік бағдарлы оқытудағы кәсіпке бағдарлауға баға беру.

1


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан; табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен.



  1. Н.Ә.Назарбаев. «Бейбітшілік кіндігі»



  1. У.Қалижан. «Ел мен ер» «Атырау» №44



  1. «Астана айшықтары» суреттер топтамасы және анықтамалығы.



  1. Әлем көшбасшылары Елбасы туралы «Атырау» №131



  1. Саламатты ой-ниет салтанаты «Егемен Қазақстан» 2.12.2010 ж.



  1. М.Молдабеков. «Байқоңыр». «Алаш айнасы» газеті



  1. А.Аманқұлова. «Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға тигізетін әсері». География және табиғат № 2. 2011ж



  1. Н. Б. Ермекбаев «Қазақстан және әлем елдері».



  1. Тайыр Мансұров. «Қазақстан Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде».



  1. И. Н. Тасмағанбетов. «Сәулет өнерінің асыл туындысы».



  1. «Мұнай экспорттау жобасы». Құрастырушы: «Атырау Медиа Групп» ЖШС маусым, 2006ж



  1. «Аджип ҚКО». Нидерланд-Қазақстан Гаага-Атырау



  1. Оразбай Қоспанов. «Экологиялық тәрбие бағыттары». «География және табиғат» №1, 2003ж



  1. Жібек Қожамқұлова «Ұлттық бақ және табиғи аймақ». «География және табиғат» №4, 2003ж



  1. Табылды Әдібай. «Эстетика және экология». «География және табиғат» №4, 2003ж



Краткое описание документа:

Жалпы білім беретін мектептің жаралыстану-математика бағдары бойынша оқитын 11-сынып оқушыларына арналған бағдарлама.

 

 

Қазіргі дүниедегі Қазақстан

  Бағдарлама жаратылыстану-математика бағытындағы география пәніне бағдарланған 11-сыныптың оқу жоспарындағы қолданбалы курсқа арналған.

 

 

 

Қолданбалы курс бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі даму белестерін мектеп қабырғасында білім алып отырған балғын жастарға, еліміздің жан-жақты өркендеуін меңгертуге бағытталған.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілік,өмір сапасының жаңа жоғары стандарттарын құру және қуатты экономикалық өсудің нақты қадамдарын байыпты бағдарлауда.Сондықтан мектептің жоғары сатысында отырған шәкіртке болашақ мамандығында байындық ретінде көмекші құрал бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

           Қазақстанның өазіргі дүниежүзілік аренадағы орны және басқа оң жағдайлары экономиканы реформалау міндеттерін табысты іске асыруда. Бүгінде бүкіл өңір Қазақстанға экономикалық дамудың үлгісі ретінде көз тігіп отыр. Жас Республиканың әлемдік қауымдастыққа сенімді кіруі, Қазақстанның зор әлеуетінің зор көрсеткішіне айналған тарихи кезеңдер, алғашқы қадамдар, қарқынды экономикалық өрлеу, көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың өсе түскендігі байқалады. Орта Азия өңірін тұрақтандыруда Қазақстанның өсе түскен ролі елдің, әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

         Бүгінгі жас ұрпақ өткен күндердің келбетін көз алдына елестете отырып, қазіргі саясат туралы, Қазақстан жүріп өткен жолдың күрделілігі мен ауқымдылығы туралы да талқылай алатын болады. Сондықтан қажетті ақпарат алу үшін орта мектеп түлектерінің Дүниежүзіндегі көптеген елдердің алдында саяси тұрғыдан да, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан да Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел бола отырып, Орталық Азияда үлкен рөл атқаратындығын білуі басты міндет. Сонау бір замандарда Қазақ елі не қиындықты көрмеді. Сол қазақ бүгін өз егемендігін алған, тәуелсіз мемлекеттің иесі атанған. Міне жиырма жылға жуық ауқыт бұл күнде біз үшін бір ғасырға татитындай зор мазмұн мен шежіре. Қазақ елі ең алғаш рет тәй-тәй басып, тілерсегі майыса отырып, апыл-тапыл аяқ басып, еңсе көтерген сол бір тұста да көпті көрген көнекөз қария мен ақ сақалды ел ағалары өз тұңғыш Президентіне шын ниеттерімен баталарын берген болатын. Қазақтың «Батаменен ер көгерер, жауынмен жер көгерер!» дейтін аталы сөзі шындыққа айналды. Қазақ елі биік тқрғыдан көрініп, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Еліміз әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мемлекеттер шоғырына батыл жақындап, экономикасы мен әлеуеті жағынан мүлдем қуаттана түсті. Бұл күнде Астана туралы айтылар әңгіменің де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланыста болатыны анық. Ол түсінікті де. Елбасының алғыр ойы мен мейілінше алысты болжай алатын сара саясатының нәтижесінде өмірге келген бұл айшықты қала біздің бүгінгі дәуіріміздің дара бел баласы емес, ол тарихтың таңғажайып алтын қазынасына айналып отыр. Оны барша қазақстандықтар әрдайым да орынды мақтаныш етеді. Оны бүкіл Қазақстан болып көтерді. Оның бас сәулетшісі, авторы әрі ұйымдастырушысы, Елбасының өзі болды. Бүгінгі Елорда, айшықты Астана қаласының керемет келбеті, бүкіл Еуразия кеңістігінде орналасқан ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік жасап, олардың еш алаңсыз еңбек етуіне, ұрпақ тәрбиелеуіне, бақытты ғұмыр кешуіне оң жағдайлар туғызып отыр. Отандық ғарыштық қызметті тиімді дамыту және оған әлемдік деңгейдегі технологияларды тарту мақсатында «Қазғарыш» шет елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

         Еліміздің әл-ауқатын, экономикалық дамуын арттыратын негіз-табиғат пен оның байлықтары. Табиғатымыздың құндылығын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қазіргі таңдағы негізгі өзекті мәселенің бірі және ұлттық міндет болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров757
Номер материала 320581
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх