Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

библиотека
материалов


ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Гулжанат Аманбаевна Жолдасова

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің экономика және құқық пәні оқытушысы


Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына білім мен ғылым жетістіктері ықпал ете отырып, мемлекеттің болашағы оның ұрпағының білімділігімен өлшенеді.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі қадап айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, Интернетті және электрондық почтаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет .

Әлемдік-ақпараттық білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген білім беруге көшудегі негізгі нысана - адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, құзыреттілігі дамыған, тәжірибелі ұрпақ қалыптастыру. Ол үшін мұғалім қазіргі ақпарат ғасырында кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, құзыреттілігін дамытып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Ақпараттандыру – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс.

Білім беруді ақпараттандыру - бiлiм беру жүйесінің барлық қызметiне АКТ-ны енгiзу, оны пайдалану, білім берудегі ұлттық модельдi дамыту, Қазақстанда бiлiм берудi сапалы деңгейге көтеру және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында оның мүмкiндiктерiн қолдану үрдісі.

Бүгінгі күні білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеруге қатысты, қоғамдық ақпаратты пайдалану және мойындаумен байланысты құзыреттіліктер, өмір бойы оқуға қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бара бағалай алу, проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. Бұл мақсатты білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған маман болу талап етілуде.

Білім беру жүйесі қызметкерлері мен болашақ мұғалімдерді даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттырудың жалпы педагогикалық проблемалары Б.А.Әлмұхамбетов, Я.С.Бенцион, Ш.Таубаева, А.А.Жайтапова, Б.А.Тұрғынбаева, Л.И.Колесниченко, М.С.Керімбаева, В.Н.Белолюдцева, Т.М.Баймолдаев, В.П.Топоровский, Е.Т.Гаевская және т.б. ғалымдардың ғылыми жұмыстарында зерттелген.

Білім беруді ақпараттандыру процесі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, мектеп мұғалімдерін АКТ-ны пайдалануға дайындаудың мақсатын, мазмұнын, принциптерін, психологиялық-педаогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруда бағалау ынталарының жүйесін дамытуды Ж.А.Қараев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Г.Қ.Нұрғалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.М.Кеңесбаев, М.Қ.Қаламқалиев, А.Тәжіғұлова және т.б. қазақстандық ғалымдар жан-жақты зерттеген.

Елімізде қазіргі заман талабына әр түрлі ғылымдар бойынша оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, А.Х.Аренова, И.В.Роберт, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Ы.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, В.Я.Ляудис, Ж.Ж.Нұржанова, Н.Ғ.Даумов, А.Б.Медешова т.б., сонымен қатар компьютерлік оқыту құралдарын енгізу бағытындағы жұмыстар Т.О.Балықбаев, Д.К.Сулеев, Н.Т.Ермеков, Н.Т.Данаев, К.Халықова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Білім саласында компьютерлердің қолданылуының алғашқы кезеңінің теориясы мен практикасы бағдарламаланған оқытуға негізделген. Бағдарламаланған оқытудың негізін салушы ғалымдар американдық дидактиктер және психологтар Н. Краудер, Б. Скиннер, С. Пресси. Бағдарламаланған оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану мәселесі В.П. Беспалько, А.И. Кузнецов, Г.К. Селевко және т.б. еңбектерінде ұсынылған. Компьютерлерді қолданудың психология-педагогикалық мәселелері Е.И. Машбиц, В.В Рубцов, Н.Ф. Талызина, О.К. Тихомиров және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Техникалық құралдарды қолданудың ортақ әдістемелік аспектілері, әсіресе, компьютерлік және олардың педагогикалық тиімділігі А.А. Андреев, В.П. Беспалько, И.Е. Вострокнутов, Б.С Гершунский, В.А. Извозчиков, П.И. Образцов, Е.С. Полат, И.В. Роберт, Т.В. Ежова, O.K. Филатов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Я.А. Ваграменко, В.И. Васильев, А.С. Демушкин, X. Зайнутдинов, В.И. Игнатов, И.Г. Карлащук, А.В. Соловов, Т.Н. Тягунов, Чурилов А.Н. және т.б. ғалымдар компьютерлік оқулықтарды және оқытушы жүйелерді әзірлеудің проблемаларын, компьютерлік тестілеудің бейімдік мәдениетін, оқуға байланысты бағдарламалық құралдардың сапасын бағалаудың нормативтік базасының дамуының келешегін зерттеген.

Оқыту үрдiсiнде АКТ-ны пайдалану мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын елеулі өзгерiстерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесiнде мұғалiм-оқушы-оқулық түрiнде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм-оқушы-компьютер-оқулық жүйесi пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқу-тәрбие үрдісінде компьютердi қолдану мұғалімнің бiлiмі мен бiлiктiлiгіне, ақпараттық құзыреттілігіне қойылатын талаптарды қайта қарап, жүйелеудi және жетiлдiруді талап етедi.

Өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Оның шешімі – оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды ендіру болып табылады.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты - ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары, тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім мазмұнына көшу болып табылады. Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты, қазіргі уақытта ерекше атап өтетін мәселе, зерттеулердің көптігіне қарамастан, электрондық оқытуды техникалық және кәсіптік білім беру үрдісінде қолдануға байланысты дидактикалық аспектілерінің толыққанды өңделмегені, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі орын алып отыр. Сондықтан студенттердің ғылыми негізделген «E-learning» электрондық оқыту технологиясын ұйымдастырудағы шынайы қажеттілігі мен оның колледждегі кәсіби дайындық барысындағы тиімді қолдануындағы педагогикалық шарттардың жеткіліксіз өңделуі, АКТ-ның білім беру жүйесіне кеңінен енуі, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуды іске асыруға негізделген жұмыстарының жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық орын алып отыр.

Осыған орай, зерттеудің негізгі мәселесі жоғарыдағы аталған қарама-қайшылықты шартты түрде шешуге және студенттердің кәсіптік даярлығында «E-learning» электрондық оқыту, АКТ қолдану арқылы ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін анықтауға бағытталған. Осы аталған қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және тақырыпты:

«Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ мұғалімдер педагогикалық колледждің оқу-тәрбие үрдісінде «E-learning» электрондық оқытуды енгізу арқылы АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланса, онда техникалық және кәіби білім беру жүйесінде білім сапасы артады, өйткені «E-learning» болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

  • болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың «E-learning» электрондық оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін нақтылау;

  • болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және құрылымдық моделін жасау;

  • болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруды эксперименттік- тәжірибе жолдармен тексеру және нәтижесін анықтау;

  • болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы: педагогикалық оқу орындарында «E-learning» электрондық оқытуды енгізу арқылы АКТ-ны пайдалану болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы, адамды ең жоғары құндылық ретінде танитын тұлғалық бағдарлы білім беру тұжырымдамалары, ғылыми танымдағы теория мен практиканың бірлігі мен диалектикалық өзара әсері қағидасы, педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістерінің негізгі ережелері, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, ақпараттық үрдістерді білім беру жүйесіне енгізудегі танымдық процестер мен философиялық көзқарастар, АКТ арқылы оқыту үрдістерін дамыту жолдары, ақпараттық құзыреттілікті дамыту теориясы, оқытудың ақпараттық технологиясының мәні және оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.

Зерттеу кезеңдері:

1- кезеңде (2007-2010жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, АКТ-ны ТжКБ жүйесіне қолдану мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалынды. Талдау негізінде АКТ-ны пайдаланып болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту мүмкіндіктері айқындалды. Педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге және ғылыми еңбектерге талдау жасалына отырып, зерттеу жұмысының тақырыбы және ғылыми аппараты анықталды.

2-кезеңде (2011-2014жж.) АКТ-ны пайдалануға байланысты жүргізілетін арнайы курстың оқу жоспарлары, «Экономика негіздері» оқулығы, «Экономика негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары, электрондық әдістемелік құралдар құрастырылып, оқу бағдарламалары, педагогикалық мүмкіндіктері зерделеніп, нәтижелері мен тиімділігі талданды. АКТ-ны пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту моделі құрастырылып, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеу нәтижелері бойынша болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған АКТ-ны оқу үрдісіне пайдалану жолдары туралы әдістемелік материалдар құрастырылып, жетілдірілді. Зерттеу жұмысының әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді. Жұмыстың қорытындылары негізінде әдістемелік құралдар мен арнайы курс бағдарламалары жасалды, диссертацияның рәсімделуі аяқталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • республикалық деңгейде педагогикалық колледж студенттеріне арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Экономика негіздері» оқулығы, «Экономика негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары, электрондық әдістемелік құралдар құрастырылып облыстық деңгейде тәжірибеге енгізілді;

  • «Бiлiм беру үрдісiне АКТ енгiзу», «Экономика негіздерінен АКТ қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыптарындағы арнайы курстардың оқу бағдарламалары құрылды;

  • АКТ-ны жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мақсатында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауға арналған курстардың бағдарламалары құрастырылып, сынақтан өткізілді.

АКТ-ны пайдалану арқылы ұйымдастырылатын педагогикалық колледждегі сабақтар мен электронды дәрістер жинағы және оған сәйкес таңдап алынған қолданбалы программалық құралдарды әдіскерлер, білім беру мекемелерінің басшылары мен барлық пән мұғалімдеріне пайдалануға болады.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бүгінгі күні білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеруге қатысты, қоғамдық ақпаратты пайдалану және мойындаумен байланысты құзыреттіліктер, өмір бойы оқуға қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бара бағалай алу, проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. Бұл мақсатты білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған  маман болу талап етілуде.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров971
Номер материала 306961
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх