Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Б дыбысы мен әріпі"

"Б дыбысы мен әріпі"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Б б дыбысы мен әрпі

hello_html_23e63382.gifhello_html_23e63382.gifhello_html_23e63382.gifhello_html_45edb77b.gifhello_html_m34761eae.gifhello_html_m364db15f.gifhello_html_55d80d77.gifhello_html_m19a2da8b.gifhello_html_55d80d77.gif

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Б б дыбысы мен әрпінің жазылуын, оқылуын, орнын меңгерту.

Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Көрнекілігі: әріптер, буындар, сызбалар,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Психологиялық дайындық.

ІІ.Өткенді пысықтау.«Сөз құрау» ойыны

ІІІ.Ой қозғау

Өлең оқылады.

Шөп-шөп, шөжелерім,

Сары алтындай, балапаным.

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алқаным.

-Өлең не туралы ?

-Балапан.

Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұрғанына назар аудара отырып, Б дыбысын анықтап, оның әрпімен таныстыру.

ІV.«Жасырынған сөз» ойыны

-Суреттегі заттың атын ата. Бірінші дыбыстарын қосып оқығанда суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануардың атын оқисың.

-Қане, кім айтады? Қандай сөз шықты?

-Бақа.

-Бақа дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі ?

-Б дыбысы қандай дыбыс ?

-Дауыссыз.

-Ендеше б дыбысы бар сөздер айтайықшы. Кәне, кім көп айтады екен ?

-Б дыбысының сөздегі орны туралы не аңғардық ?

-Б дыбысы сөздің соңында кездеспейді.

V. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 74-бетіндегі суреттерге сүйеніп, буындарды жалғастыра оқытып, сөздік жұмысы жүргізіледі.



ба бо бө


қа та бө


ба бо рік

лық лат кө





Сергіту сәті


Таң әлі атқан жоқ

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап,

Оятады баланы.

VІ. «Артық сөзді тап» ойыны

VІІ. Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 28-бетіндегі Б б әрпінің бас әрпі және кіші әрпін жазуға, сөздерді жаттығу жұмысы ұйымдастырылады.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгімелеу, әңгімеге ат қою.

(Оқушылар мәтінге «Көл жағасында», «Балық аулау», «Екі дос»деген тақырыптар қойды.)

Оқулықта берілген мәтінді дауыстап, жалғастыра оқу.

ІХ. Көркем жазу

Мәтіннің ішінен б дыбысы бар сөздерді көшіріп жазу.(Балғын, Берік, барды, балалар,бес, балық).

Х. «Шардағы буын» ойыны

Мұғалім бір әріпті айтады, оқушылар сол әріпке қатысты буындарды тауып оқиды.

ХІІ. «Жоғалған әріп» ойыны

ХІІ.Қортыңды. «Құстарға көмек» ойыны.

-Оқушылар, күн суытып, құстардың қорегі азайып келеді.Ендеше құстарға жем шашып көмектесеміз бе ?

-Ендеше сіздер алдымен бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді ортаға салып,сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы, өз көмектеріңізді көрсете аласыздар.

Сұрақтар:

-Б б дыбысы қандай дыбыс ?

-Б б дыбысының сөздегі орны туралы не айта аласың ?

-Дауысты дыбыстардың айтылу ерекшелігі қандай ?

-Неше дауысты дыбыс үйрендің ?

Жатқа айт.

-Неше дауыссыз дыбыс үйрендің?

Жатқа айт.

ХІІІ. Үйге тапсырма беру.

ХІV.Мадақтау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров90
Номер материала ДВ-496045
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх