Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Бабалар салған даңғыл жол
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Бабалар салған даңғыл жол

библиотека
материалов

Тақырыбы: Бабалар салған даңғыл жол

Мақсаты: Туған жерін сүюге,оларға туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту.Егемендіктің мәнін түсіндіру,бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеумен оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар,Қазақ хандығының құрылуы және Ұлы Отан соғысы туралы бейнетаспалар,шарлар.

Сынып екі топқа бөлінеді: «Жеңіс» және «Самұрық».

Жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 және жеңістің 70 жылдық мерекелеріне байланысты елімізде үлкен шаралар өткелі отыр .Осы мерекелік шаралардың беташары ретінде өткізгелі отырған «Бабалар салған даңғыл жол» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Шаттық: Тарихқа көз жүгіртсек,қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда,қазаны теңде болып,көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол-ел,жер және ана тілі.Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп,даңқы жер жарып,аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

Жағалбайлы: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап,тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры,арманы мен аңсары,арпалысқа толы күресі жатыр.Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші,жеңістері мен жеңілістері жатыр.Бүгінде Алтай мен Атырау,Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің,ұлағатты дәстүрлердің,іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады.Әдетте,біз қазақ ұлысының қалыптасуын,Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз.Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнетаспа көрсетіледі (7 минут).

«Самұрық» тобы.Тарихи қойылым: Жәнібек,Керей сұлтандардың халықпен ақылдасуы.

Керей: О,халайық,халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді.Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде.Шығыстан төнген жауға әйел,бала-шағамызды құлдыққа бермейміз.Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып,өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді.Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең.Осы кезді пайдалана алмасақ,енді басымыз бірікпеуі мүмкін.Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр.Олардың қолына түсіп,талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін.Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп,талқылауда: Сұлтандардың айтқаны жөн.Иә,жеке мемлекет құрайық,мемлекет қазығын қазатын кезең –осы.

Жәнібек: Ендеше,қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар.Хан кеңесін өткізейік.Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын!

Мейірбек:

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақпейіл,дархан көңіл халқымыз бар,

Болғандабірі-батыр,бірі-сері.

Абзал:

Біз-қазақпыз!

Есігі-ашық,төрі –кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді,желпінейік,қрайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

Шаттық: Жеке хандық құрылғанымен,қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қоймағаны тағы белгілі.Әр ғасыр,әрбір дәуір қазаққа сыны мен сынағын қатар жіберуден танбады.«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» тұсында империялардың қыспағына түсіп,халқымыз ошағы мен Отанынан айырылып қалудың аз-ақ алдында қалды.Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп,тізе қосып,елін сақтап,жерін қорғап қалды.Сырым,Исатай,Махамбет,Жанқожа,Есет,Райымбек сияқты батырларымыз азаттық үшін күресті.Абылайдан кейін бодандық қамытын киген қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеп,тәуелсіздігі үшін тәуекелге бас тіккен Кенесары хан да осы жолда күресіп өткенін білеміз.Жалпы,сол заманда қазақ даласында 400-ге жуық ұлт-азаттық көтеріліс болды.

Жайлыханова Мәдинаның орындауында «Жұмыр қылыш» күйі.

Ұлы Отан соғысы туралы бейнетаспа көрсетіледі(5 минут).

«Жеңіс» тобы.Қойылым: Ұлы Отан соғысының басталуы.

Нұрболат: 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут.

Сырымбек: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!Бүгін-22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді.

Айгүл(1-келіншек): «Соғыс,соғыс» дейді естідіңіздер ме?

Перизат(2-келіншек): Сұмдық-ай соғыс дей ме?Енді қайттік?Күніміз не болар екен?

Баянсұлу(ана): Қойыңдар!Жамандық шақырмаңдар!Ел шетіне жау тисе,арқа сүйер азаматтар бар емес пе?

Алтынбек(қария): Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су кешер.

Ел басына күн туса,

Етігімен су кешер,-деген.

Дархан(жас жігіт): Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз!Ендеше,Отан үшін аттанайық!

Жағалбайлы: Ия, жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса,соның 27 млн Кеңес Одағынан,ал 650 мыңнан астамы қазақ болды.Барлығы майдан үшін,барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді.Кеңес Одағының Батыры атағын алған Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров,Т.Бигелдинов,М.Ғабдуллин,Р.Қошқарбаев,Қ.Қайсенов сияқты ағаларымыз болса,Әлия мен Мәншүк сияқты апаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.Осы соғыста 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Сонымен бірге біздің ауданымызда да соғыс ардагерлері жетерлік.Олар:

Қоғашев Әбіш,Меңдіқұлов Ізтұрған,Төлеуұлы Құлша,Ниязов Өтеулі,Орақов Алуадин,Құлжанов Медеш,Еламанов Күзембай,Көшеров Дүйсенғали,Нұржанов Жиенбай,т.б.Дегенмен олардың көбі арамызда жоқ.Бірақ біз олардың ерлігін ешқашан ұпытпаймыз,ұмытылмайды да.(Соғыс ардагерлерінің суреттері слайдтар арқылы көрсетіледі).

Нұрболат:

Біріктіріп үміті мен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін,жігерін.

Ана үшін,бала үшін,жер үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

Арайлым: «Менен сұра»

Мен соғысты көргенім жоқ,

Көргім де жоқ,көрмедім.

Соғыс ойынын ойнайтынмын,

(Балалардың ермегі).

Қару алып,қан майданда,

Қас жауыма төнбедім,

Көрдім бірақ жесірлердің,

Жетімдердің еңіреуін.

Мен соғыста болғаным жоқ,

Қатыспадым,бармадым.

Батыр ойынын ойнайтынмын,

(Батыр болу арманым).

Мұқағали Мақатаев

Сынып оқушыларының орындауында ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».

Екі топқа қойылатын сұрақтар:

1.Жау тылында жүріп Молдова,Украина,Чехословакия мен Румыния жерлерінде басқыншыларға қарсы ашық та астыртын шайқасып,аман-есен елге оралған жазушы? (Қ.Қайсенов)

2.316-атқыштар дивизиясы қандай орденмен марапатталды?(Қызыл Ту)

3.Қазақстан қай майданның ең жақын тылы болды? (Сталинград)

4.1944 жылдың ақпанында Днепропетровск облысының Ново-Юльевка ауылының маңында әскери тапсырманы орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры? (Б.Бұлқышев)

5.Львов операциясы кезінде оның эскадрильясы жаудың бір ұшағын,27 танкісін,42 автокөлігін,12 зеңбірегін жойған Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын алған қазақ ұшқышы? (Т.Бигелдинов)

6.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап солтүстік-батыс бағыттағы майданда шайқасқан қай дивизия? (316-атқыштар дивизиясы)

7.Бородино селосында жау штабына басып кіріп,5 офицердің көзін жойған,асқан ерлігі мен батылдығы үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (Т.Тоқтаров)

8. Гастеллоның ерлігін қайталап,1942 ж.19-желтоқсанда 17-ші жауынгерлік тапсырманы орындауда ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры? (Н.Әбдіров)

9.Ленинград үшін шайқаста жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры? (С.Баймағанбетов)

10.«Ресей кең-байтақ,бірақ шегінерге жол жоқ,артымызда-Мәскеу»-деген жалынды сөздердің авторы кім?(Клочков)

« Жеңіске-70 жыл», «Біз-бейбіт елдің ұрпағымыз» тақырыптары бойынша екі топ постер қорғайды.

Жайлыханова Мәдинаның орындауында «Жеңіс» күйі

Шаттық: Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені.Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Адамның бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отан деген сүйіспеншілігіне байланысты.

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Асқар тау да сенікі,

Бақша-бау да сенікі,

Қалтқысыз дос пенен,

Қатал жау да сенікі.

Барлығы бірге------------ Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суың да.

Жаса,Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Қорытынды сөз:Біз- қазақ, ата-бабамызды пір тұтқан халықпыз.Ата-бабамыз қасық қандары қалғанша елін,жерін қорғап,бізге осы ұлан-ғайыр байтақ жерді қалдырды.Ендігі жерде осы жерді қорғау да сақтау да біздің қасиетті борышымыз болмақ.Сондықтан Құдай халқымызды ауызбіршіліктен,тыныштықтан айырмасын.Әрдайым көк байрағымыз көкте қалықтап,мәңгі желбірей берсін!

Ән «Өз елім» орындайтындар: Сәңкібаева.Д,Қалмұратов.С




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Бабалар салған даңғыл жол

Мақсаты: Туған жерін сүюге,оларға туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту.Егемендіктің мәнін түсіндіру,бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеумен оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар,Қазақ хандығының құрылуы және Ұлы Отан соғысы туралы бейнетаспалар,шарлар.

Сынып екі топқа бөлінеді: «Жеңіс» және «Самұрық».

Жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 және жеңістің 70 жылдық мерекелеріне байланысты елімізде үлкен шаралар өткелі отыр .Осы мерекелік шаралардың беташары ретінде өткізгелі отырған «Бабалар салған даңғыл жол» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Автор
Дата добавления 04.06.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров528
Номер материала 299271
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх