Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыБабалар арманы -ғасырлар үні

Бабалар арманы -ғасырлар үні

Скачать материал

 

Бабалар арманы, ғасырлар үні.

1-жүргізуші:

    Қайран бабам тағдырымнан,

    Көп көрсе де азап, мұң.

    Кейін келер ұрпағына

    Шын тілепті ғажап күн.

    Өз көзімен көргендіктен,

    Айтады оны жасырмай,

    Домбыра ұл, қылқобыз – қыз

    Қос перзенті қазақтың!

 

2-жүргізуші:

    -Ел аузындағы аңыз бойынша, ең алғаш қобыз жасап, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам – Қорқыт атамыз болып табылады.  Қорқыт қобызын сарнатқанда табиғат  тына қалып, жер жиһан, ұшқан құс, жүгірген аң- барлық тіршілік иесі  үн-түнсіз таңдана да тамсана тыңдайды екен.

    Қорқыт жиярма жасқа толғанда түс көріп, 40жыл ғана жасайтындығы жайында бір құдірет аян береді. Содан ол адам баласы мәңгілік өмір сүретін жерді іздемекші болып, желмаясын мініп, ұзақ сапарға аттанады. Жолда Қорқыт жер қазып жүрген адамдарды жолықтырады.

-Не істеп жатырсыңдар? -деп сұраса ,

-Қорқытқа көр қазып жатырмыз-деп жауап береді. Бұл жерден де өлімнен қашып құтыла алмайтынын сезген Қорқыт әрі аттанып кетеді. Осылайша  дүниенің 4 бөлігін шарлап шығады, бірақ қайда барса да, алдынан қазулы тұрған көр шығады.  өлімнің құрығынан қашып құтыла алмайтынын білген Қорқыт Сырдарияға қайтып оралады. Ол тұңғыш қобыз аспабын ойлап тапқан, астындағы желмаясын сойып, оның терісінен шанақ жасаған. Қорқыт суда ажал жоқ деп, Сырдарияның жағасына кілем жайып, соның  4 шетіне отырып , күндіз-түні қобыз ойнай берген. Сол уақытта жер жиһан, ұшқан құс, тірішілік иесі дарияның жағасына анталап келіп, Қорқыттың күйін тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы  күй төгіп тұрған кезде оған  ажал да батып келе алмайтын.

     Қорқыт дарияда кілемнің үстінде, қобыз тартып отырған кезде, оған қарындасы Ақтамақ тамақ әкеледі екен, күндіз-түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші, бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін, бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дарбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады.  Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан ағасының тірі қалмасын  сезген қарындасы: «Аға, аға, алтыным» -деп жылағанда Қорқыт «жылама жаным, жылама, жылағанмен бола ма, өлімнен ешкім қашып құтыла алмайды екен» -деп жұбатып басу айтады. Сөйтіп Қорқытты жерлейді де, қобызын бейіттің үстіне қойыпты. Содан көп жылдар бойы Қорқыттың қобызы өзімен-өзі мұңды күй тартып «Қорқыт,Қорқыт» деп күңіреніп тұрыпты деседі.

 

Сұрақтар қояды: Домбыра демекші, қазақтың бұл аспабы туралы не білесің?

 

Жауабы: Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында Ежелгі хорезм қалаларының орнынан табылған мүсіндер бірінде  домбыра ұстаған музыкант бейнеленген. Мүсінге 2400ж. Қазіргі ұстап жүрген домбырамыздың түрі Ү-ІҮғ ел ішінде кең тараған. “Домбыра” атауы “Дембира” атты қыз есімінен шыққан деп топшалайды.Өйткені шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрестеге қыз есімін беру жоралғысы бүгінге дейін сақталған.

 

1-жүргізуші:

     Сөйтіп 9 ғасырда Қорқыт бабамыз халықтың өмірін, арман-тілегін қобыз арқылы жырласа, жылдар өте күй атасы Құрманғазы 19ғ халықтың реалистік көзқарасын, бодандыққа, құлдыққа  қарсы  күресін, олардың көздеген мақсатын, қазақ халқының тіршілік –тынысын шексіз кең даланың еркін ескен желінің сырлы үнін, желмен жарыса ұшқан тұлпардың шабысын сезініп,  күй арқылы  күмбірлеткен.

     Бірде Құраманғазы жолаушылап келе жатып, бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты-жөнін Құраманғазы ашық айып бере қоймайды, тек ат-көлігінің аман екендігін «құдайы қонақ» екекндігін айтумен тоқталады.  Үй иелері шаруаларымен далаға шығып кетеді. Осы кезде Құрманғазының көзі  керегенің басында ілулі тұрған үкілі сары домбыраға түседі. Домбыраның үкісі –оның иесінің не қыз, не сал мен серінің бірі екенін ескертеді. Қаншама ұзақ жол жүріп шаршап келгенімен домбыраны көрген соң оны ұстап қарағысы келіп, қолына алып, бір –екі қағып , әдейі «теріс бұрап» қайтадан бұрынғы орнына іліп қояды.

     Біраздан соң кемпір мен шал, 17-18жас шамасындағы  қыз кіреді. Қыздың  аты –Ақмаңдай екен. Ол келісімен –ақ, төрде отырған қонаққа көзінің қырын да салмай, бірден керегенің  басындағы  домбырасын алып тартуға айналады. 1-2 қаққасын-ақ бұрауының өзгергенін сезіп: «мынаған кім тиген?» -деп әке –шешесіне қарйды. Олар не дерін білмей, жазықты осы болар-ау –дегендей төр алдындағы күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қайталап сұрамай, бұрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақмаңдай күйдің аяғына шыққан  кезде Құрманғазы қызға қарап :

    -Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой. Домбыраны бері берші дейді.

     Күтпеген жерден мұндай әңгіме естіген Ақмаңдай, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынғанын сезбей де қалды. Кемпір мен шал ақ-таң болып, «бұл жерде Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім  бір ауыз сөз айтып  көрген жоқ еді, бұл «жер астынан екі құлағы тік шыққан  қандай  жіп» екен дегендей біріне –бірі қалай береді.

    Құрманғазы  бір күйді тартып  болған кезде үй адамдары біріне –бірі сыбарлап, бұрын-соңды  бұл айналада Ақмаңдайды  домбырадан сүріндірмей келгендердей емес-ау, тартыс шоқтығы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақ , баяғы ашудан тыс жылы шыраймен  күле қарап : «Шырағым домбыра тартасың біздің бұл араның тартысына  ұқсамайды, қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен соның өзі емеспісің, «аяқ алысың» жәй екен тым, -дейді.

    - Болсақ, болармыз- деген екен Құрманғазы  сондағы Құраманғазының адай руынан  қызы Ақмаңдай қызға тартқан күі ел арасында  «Адай» немесе  «Адай қыз» деген атпен таралып кеткен екен.    

Күй «Адай»

Күй «Айжан қыз»

 

2-жүргізуші:

-Иә, иә, иә !

Өнердің бесігі талмайды,

Бабалар іздерін жалғайды.

Өнері өркенде халқымның,

Қанаты мәңгілік талмайды.

     -Міне, 19ғ Құрманғазы арманын 20ғ Дина заман талабына сай одан әрі жетілдіре түсті.Дина –дәстүрлі халық профессионалдарының өнерінен сусындап, үлгі өнеге алған ұлы күйшілердің соңғы буыны. Оның творчествосы  аспаптық музыка мәдениетіміздің сан ғасырлық эволюциясын тәмамдай келе, күй формасының жаңаша өркендеп дамуына жол ашты.

Дина халық композиторларының күйлерін бізге жеткізген шебер орындаушы.

      Бірде, Динаның әкесі  Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда, қызының басқа жасауларына қоса үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген ат береді. Кенже сияқты Нұралының атқа құмарлығы болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап, бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны Нұрпеістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз аулын сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істегенін қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат аурады да, өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тілсіз куәсіндей Қарақасқа аттан айрылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады.

Күй «Сал күрең»

1-жүргізуші:

Өздеріңіз байқасаңыздар, Қорқыт, Құрманғазы аталарымыз да, Дина апамыз да қазақтың бойына біткен қасиетпен, туа біткен дарынмен халықтың мұң-мұқтажын ешқандай музыкалық сауатсыз, жігер арқылы жеткізген.

 

1- Ал би өнері ше?

Ол туралы Биші қыздардың өздерінен сұрайық.

Би элементтері туралы мәлімет беру

 

2- Ал сен атақты бишілер туралы білесің бе?

1- Арине, Шара Жиенқұлова, Болат Аюханов туралы атап өтпесек болмас.

Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. 1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті.

Ол қазақ өнерінің дамуына сүбелі үлес қосты. Ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеп, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық билеріне жаңа дем берді.  Ол «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» т.с.с. билерді дүниеге әкелді. Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады.

Болат Аюханов

Әлемге әйгілі биші өнертану ғылымының  профессоры, ҚазақстанныңХалық әртисі, Халықаралық “Фомгед” би фестивалінің жүлдегері (Стамбул).

Би «Аққу» Гүлдер тобының мүшесі, Алданбаева Дана.

2-жүргізуші:

    Уақыт өткелінен, жылдардың ағымынан ғасырдың жаңа ғасырға ауысуына  байланысты заман талабына сай сауатты, музыкалық білімі бар сазгерлер шыға бастады.

   Ең алғаш қазақ халқының халық арасында айтылып жүген әндерді, күйлерді қағаз бетіне түсіріп, жинақтаған Александр Викторович Затаевич. Ол Бояков –Орлов облысында дүниеге келген. Музыка этнографы, компазитор.  1920ж қазақ зиялыларының шақыруымен ҚазКСР –ң орталығы  Орынборға келіп, қазақ музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, қажырлы еңбек сіңіріп, бұрын соңды болмаған жинақтар дайындады.

«Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйлері». Халық әндері негізінде  «Балқаш зерттеу еңбектерімен» қатар Құрманғазы, Дәулеткерей, Абай, Біржан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса  т.б халық компазиторларының шығармаларына  кәсіби тұрғыдан эстетикалық талдау жасап, жоғары дәрежеде баға берді.

    А.В.Затаевич зерттеу жұмысында қырғыз, татар, ұйғыр, қарақалпақ, дұнған, т.б. халақтардың  да музыкалық фольклорын жинады.

 

   1-жүргізуші:

Бірнеше опера, бірталай пьесаға, көптеген фильмдерге музыка жазған -  Евгений Брусиловский. Ол жалпы қазақ өнерінің алға қадам  басуына  елеулі еңбек сіңіре отырып композиторлық жұмыспен қатар түрлі ұйымдастыру және музыканы зерттеу  қызметімен шұғылданды. Композитордың қажымай-талмай сіңірген еңбегінің арқасында ол қазақтың ешбір қол тименген тың музыкалық  мұрасымен танысып, түрлі музыкалық аспаптарға, дауысқа арнап жазған әндері мен күйлерін өңдей бастады. Ол 2жыл ішінде 250-дей  ән мен күй жазап, өңдейді. Ол мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жағын басқара жүріп, бірінші бесжылдық ішінде  4 қазақ операсын жазды. «Айман-Шолпан», «Қыз-Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералық туындылары арқылы Республика жұртшылығына танымал болды.

   Жеке ән романстары да, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиеді. Қай әндерін алсақ та қазақ әуенінің  лебі есіп тұрады. Ол бір ғана жамбыл өлеңдеріне 50-ден аса ән жазған: «Қос қарлығаш», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Шолпан» секілді классикалық әндер қайталанбас қалыппен халыққа ұсынылды.

Домбырашылардың орындауында «Папури»

  2-жүргізуші:

Қазақ  классикалық музыкасының негізін салушы –Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

    «Құнарсыз тақыр жерде шөп те өспейді» дейді қазақ. Бұл сөзді  толығымен кәсіптік музыканың негізіне жатқызуға болады, себебі мзыка халықпен бірге сол топырақта туып, сол топырақта өркендейді.

    Халақ әндеріне деген өзінің алғашқы қадамдарын халық әндерін үйреуден, яғни, сол кездегі халық аузындағы айталып жүрген  әндерден бастады.

Ахметтің әкесі ауылдың беделді адамдарының бірі, балаларының білім алуына көп көңіл бөлді.

    Х.Ашғалиев ауыл мұғалімі беткіұстар адам болған. Сонымен қатар, домбырада, басқа музыкалық аспаптарда өте тамаша ойнаған және Ахметті ең алғаш музыка мәдениетімен таныстырған адам. Музыкаға деген махаббатын Талым атты домбырашы оятты.

    Сол кезде шыққан А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітабы Ахметке үлкен әсер қалдырды.

- Мені ән туралы аңыздары, дыбыстардың үйлесімділігі мен жанға әсерлігі  қатты толқытты, менің де Затаевич сияқты музыканың қыр –сырын білгім келді.  Мен өзімнің музыкант болғым келетінін тек Чернюкомға айттым. Ол- өзі де табиғатынан музыкант, мені қолдап, көмектесуге тырысты.  Менің Затаевичпен сырттай танысқаным яғни оның жинақтары маған үлкен жігер, қайрат берген тәрізді.

    Оның ең алғашықы шығармашылық жұмысы – «Муыкалық әліпби» атты кітаптан басталады.

   Техникумда оқып жүрген кезінде студенттермен бірігіп домбыра ансамбльін құрып, бүкіл Қазақстандық бірінші слетта өз өнерлерін көрсетті. Сөйтіп қазақ музыкалық аспаптарының ансамбльі құрылды, және ол Құраманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптарының аркестірі деп аталды. Оның жетекшісі, әрі дерижеры А.Жұбанов болды.

  А.Жұбанов халықтық музыканы көзінің қарашығындай өмірінің соңғы сәтіне дейін оның болашағын ойлады.

2-ж Би туралы

XIX ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иесі ел аузында Ағашаяқ атанған Рахымберді шөктірілген тоғыз түйенің үстінде секіріп жүріп, би қимылдарын жасайтын болған. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылының бас кезінде Диуана атанған, ел жұртқа белгілі өнерпаз Зәрубай “Қоянды” жәрмеңкесінде қоян болып киініп, күлкілі “Қоян биін” орындаған.  Сондай- ақ кезінде драммалық театрдың артисі болған

Рахым Асылбекұлы да “Қаражорға”, “Қазақ биі”, “Ортеке”

билерін асқан шеберлікпен орындаған.

Би «Жаңа заман биі»

 

1-жүргізуші:

    Халықтың сүйікті компазиторы, және  халық әртісі Латиф Хамиди. Латифтың «Қазақ вальсы», «Соловья», «Лебедья», «Родины» атты музыкаларын бүкіл жұртшылық сүйсіне тыңдайды. Оның музыкалары өте танымал, теледидардан, радио-хабарлардан атақты артістердің орындауында тыңдап жүрміз. Латиф Хамиди көптеген әндердің, романстардың, опералардың, симфониялық және аспаптық туындылардың, драмалық спектакльдердің музыкасының, кинофильмдердің негізін салған Қазақстандағы бірінші композитор.

    Өнер жолында ол Затаевичпен дос болды.Алғашқы жылдары Қазақстандағы өнердің дамуына  музыкалық сауаты бар кадрлар қажет болды, яғни, композиторлар, дерижерлар, режисерлар тапшы болды. Партия қолдауымен Мәскеудің, Ленинградтың мәдени орталықтарынан өкілдер жіберіледі. Сол кезде оның арасында мен де Қазақстанға келдім. Қазақстан менің екінші отаным болды.

      Латиф Абай өлеңдерінен монументалдық музыкалық туындыларды операға салды. 1934жылы Л.Хамиди  А.Жұбановпен бірге «Абай» операсын жазды.

     Алғашқы қойылымы Абай атындағы  Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды.

    Жұбанов пен Хамиди өздерінің музыкалық өнерін өте жоғары дәрежеде көрсетті, халықтың өмірін де, салт-дәсүрін де, мәдениетін де «Абай» операсы арқылы жеткізді.

    Л.Хамиди вальс жанрының негізін салған композитор. 1922 жылы  аса танымал болған «Первый вальс». Кейінрек «Қазақ вальсін» жазады С.Мұқанованың сөзіне жазылған. «Қазақ вальсін» ең алғаш сахнада орындаған Кеңес Одағының атақты артісі Күләш Байсеитова.

Л.Хамиди қазақ музыкасының дамуына атсалысып оны әрі қарай жетілдіруден тайынбады.

2-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы, “Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегі-дауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.

Би «Үнді биі»

1-жүргізуші:

«Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер» -дегендей, әке өнерін жалғастырушы. Ғзиза апамыздың шығармашылығына әкесі зор ықпал етті.1934 жылы А.Жұбановтың  қолдауымен Қазақстанда алғаш рет «Ұлттық халық аспаптар оркестірі» ұйымдастырылды. Оркестрдің дайындық жұмыстары әрқашан біздің  үйде болатын деп еске алады Ғазиза. Сол сәтте  мен бір бұрышта  тығылып алып халық күйлерін тамсана тыңдайтынмын, міне сол сәттен –ақ музыкаға деген ықыласым, махаббатым оянып, оны жетілдіруге құлшына түстім,-деген екен. 

Әкесі Ахмет «Құрманғазы» операсын жазу ең бір көздеген мақсаттарының бірі еді. Ол осы мақсатына жетуге  шығармашылықпен өмір бойы жұмыс істеді, бірақ өмірдің соқтығына ұшырап, бұл еңбегі аяқсыз қалып еді.  Ғазиза әке жолын жағастырып, «Құраманғазы» операсын сәтті аяқтады.

 

Жас  домбырашылардың орындауында «Біз өмірдің гүліміз»

2-жүргізуші:

«Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра» -деп айтқандай ұлттық сезімімізді бағалайық достар!

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

"Бабалар арманы - 
ғасырлар үні"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Мұғалім: Тоқтарбекова А.Т.

 

І.Айтықов, 2012 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бабалар арманы -ғасырлар үні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Бабалар арманы, ғасырлар үні.

1-жүргізуші:

    Қайран бабам тағдырымнан,

    Көп көрсе де азап, мұң.

    Кейін келер ұрпағына

    Шын тілепті ғажап күн.

    Өз көзімен көргендіктен,

    Айтады оны жасырмай,

    Домбыра ұл, қылқобыз – қыз

    Қос перзенті қазақтың!

 

2-жүргізуші:

    -Ел аузындағы аңыз бойынша, ең алғаш қобыз жасап, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам – Қорқыт атамыз болып табылады.  Қорқыт қобызын сарнатқанда табиғат  тына қалып, жер жиһан, ұшқан құс, жүгірген аң- барлық тіршілік иесі  үн-түнсіз таңдана да тамсана тыңдайды екен.

    Қорқыт жиярма жасқа толғанда түс көріп, 40жыл ғана жасайтындығы жайында бір құдірет аян береді. Содан ол адам баласы мәңгілік өмір сүретін жерді іздемекші болып, желмаясын мініп, ұзақ сапарға аттанады. Жолда Қорқыт жер қазып жүрген адамдарды жолықтырады.

-Не істеп жатырсыңдар? -деп сұраса ,

-Қорқытқа көр қазып жатырмыз-деп жауап береді. Бұл жерден де өлімнен қашып құтыла алмайтынын сезген Қорқыт әрі аттанып кетеді. Осылайша  дүниенің 4 бөлігін шарлап шығады, бірақ қайда барса да, алдынан қазулы тұрған көр шығады.  өлімнің құрығынан қашып құтыла алмайтынын білген Қорқыт Сырдарияға қайтып оралады. Ол тұңғыш қобыз аспабын ойлап тапқан, астындағы желмаясын сойып, оның терісінен шанақ жасаған. Қорқыт суда ажал жоқ деп, Сырдарияның жағасына кілем жайып, соның  4 шетіне отырып , күндіз-түні қобыз ойнай берген. Сол уақытта жер жиһан, ұшқан құс, тірішілік иесі дарияның жағасына анталап келіп, Қорқыттың күйін тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы  күй төгіп тұрған кезде оған  ажал да батып келе алмайтын.

     Қорқыт дарияда кілемнің үстінде, қобыз тартып отырған кезде, оған қарындасы Ақтамақ тамақ әкеледі екен, күндіз-түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші, бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін, бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дарбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады.  Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан ағасының тірі қалмасын  сезген қарындасы: «Аға, аға, алтыным» -деп жылағанда Қорқыт «жылама жаным, жылама, жылағанмен бола ма, өлімнен ешкім қашып құтыла алмайды екен» -деп жұбатып басу айтады. Сөйтіп Қорқытты жерлейді де, қобызын бейіттің үстіне қойыпты. Содан көп жылдар бойы Қорқыттың қобызы өзімен-өзі мұңды күй тартып «Қорқыт,Қорқыт» деп күңіреніп тұрыпты деседі.

 

Сұрақтар қояды: Домбыра демекші, қазақтың бұл аспабы туралы не білесің?

 

Жауабы: Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында Ежелгі хорезм қалаларының орнынан табылған мүсіндер бірінде  домбыра ұстаған музыкант бейнеленген. Мүсінге 2400ж. Қазіргі ұстап жүрген домбырамыздың түрі Ү-ІҮғ ел ішінде кең тараған. “Домбыра” атауы “Дембира” атты қыз есімінен шыққан деп топшалайды.Өйткені шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрестеге қыз есімін беру жоралғысы бүгінге дейін сақталған.

 

1-жүргізуші:

     Сөйтіп 9 ғасырда Қорқыт бабамыз халықтың өмірін, арман-тілегін қобыз арқылы жырласа, жылдар өте күй атасы Құрманғазы 19ғ халықтың реалистік көзқарасын, бодандыққа, құлдыққа  қарсы  күресін, олардың көздеген мақсатын, қазақ халқының тіршілік –тынысын шексіз кең даланың еркін ескен желінің сырлы үнін, желмен жарыса ұшқан тұлпардың шабысын сезініп,  күй арқылы  күмбірлеткен.

     Бірде Құраманғазы жолаушылап келе жатып, бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты-жөнін Құраманғазы ашық айып бере қоймайды, тек ат-көлігінің аман екендігін «құдайы қонақ» екекндігін айтумен тоқталады.  Үй иелері шаруаларымен далаға шығып кетеді. Осы кезде Құрманғазының көзі  керегенің басында ілулі тұрған үкілі сары домбыраға түседі. Домбыраның үкісі –оның иесінің не қыз, не сал мен серінің бірі екенін ескертеді. Қаншама ұзақ жол жүріп шаршап келгенімен домбыраны көрген соң оны ұстап қарағысы келіп, қолына алып, бір –екі қағып , әдейі «теріс бұрап» қайтадан бұрынғы орнына іліп қояды.

     Біраздан соң кемпір мен шал, 17-18жас шамасындағы  қыз кіреді. Қыздың  аты –Ақмаңдай екен. Ол келісімен –ақ, төрде отырған қонаққа көзінің қырын да салмай, бірден керегенің  басындағы  домбырасын алып тартуға айналады. 1-2 қаққасын-ақ бұрауының өзгергенін сезіп: «мынаған кім тиген?» -деп әке –шешесіне қарйды. Олар не дерін білмей, жазықты осы болар-ау –дегендей төр алдындағы күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қайталап сұрамай, бұрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақмаңдай күйдің аяғына шыққан  кезде Құрманғазы қызға қарап :

    -Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой. Домбыраны бері берші дейді.

     Күтпеген жерден мұндай әңгіме естіген Ақмаңдай, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынғанын сезбей де қалды. Кемпір мен шал ақ-таң болып, «бұл жерде Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім  бір ауыз сөз айтып  көрген жоқ еді, бұл «жер астынан екі құлағы тік шыққан  қандай  жіп» екен дегендей біріне –бірі қалай береді.

    Құрманғазы  бір күйді тартып  болған кезде үй адамдары біріне –бірі сыбарлап, бұрын-соңды  бұл айналада Ақмаңдайды  домбырадан сүріндірмей келгендердей емес-ау, тартыс шоқтығы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақ , баяғы ашудан тыс жылы шыраймен  күле қарап : «Шырағым домбыра тартасың біздің бұл араның тартысына  ұқсамайды, қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен соның өзі емеспісің, «аяқ алысың» жәй екен тым, -дейді.

    - Болсақ, болармыз- деген екен Құрманғазы  сондағы Құраманғазының адай руынан  қызы Ақмаңдай қызға тартқан күі ел арасында  «Адай» немесе  «Адай қыз» деген атпен таралып кеткен екен.    

Күй «Адай»

Күй «Айжан қыз»

 

2-жүргізуші:

-Иә, иә, иә !

Өнердің бесігі талмайды,

Бабалар іздерін жалғайды.

Өнері өркенде халқымның,

Қанаты мәңгілік талмайды.

     -Міне, 19ғ Құрманғазы арманын 20ғ Дина заман талабына сай одан әрі жетілдіре түсті.Дина –дәстүрлі халық профессионалдарының өнерінен сусындап, үлгі өнеге алған ұлы күйшілердің соңғы буыны. Оның творчествосы  аспаптық музыка мәдениетіміздің сан ғасырлық эволюциясын тәмамдай келе, күй формасының жаңаша өркендеп дамуына жол ашты.

Дина халық композиторларының күйлерін бізге жеткізген шебер орындаушы.

      Бірде, Динаның әкесі  Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда, қызының басқа жасауларына қоса үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген ат береді. Кенже сияқты Нұралының атқа құмарлығы болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап, бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны Нұрпеістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз аулын сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істегенін қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат аурады да, өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тілсіз куәсіндей Қарақасқа аттан айрылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады.

Күй «Сал күрең»

1-жүргізуші:

Өздеріңіз байқасаңыздар, Қорқыт, Құрманғазы аталарымыз да, Дина апамыз да қазақтың бойына біткен қасиетпен, туа біткен дарынмен халықтың мұң-мұқтажын ешқандай музыкалық сауатсыз, жігер арқылы жеткізген.

 

1- Ал би өнері ше?

Ол туралы Биші қыздардың өздерінен сұрайық.

Би элементтері туралы мәлімет беру

 

2- Ал сен атақты бишілер туралы білесің бе?

1- Арине, Шара Жиенқұлова, Болат Аюханов туралы атап өтпесек болмас.

Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. 1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті.

Ол қазақ өнерінің дамуына сүбелі үлес қосты. Ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеп, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық билеріне жаңа дем берді.  Ол «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» т.с.с. билерді дүниеге әкелді.Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады.

Болат Аюханов

Әлемге әйгілі биші өнертану ғылымының  профессоры, ҚазақстанныңХалық әртисі, Халықаралық “Фомгед” би фестивалінің жүлдегері (Стамбул).

Би «Аққу» Гүлдер тобының мүшесі, Алданбаева Дана.

2-жүргізуші:

    Уақыт өткелінен, жылдардың ағымынан ғасырдың жаңа ғасырға ауысуына  байланысты заман талабына сай сауатты, музыкалық білімі бар сазгерлер шыға бастады.

   Ең алғаш қазақ халқының халық арасында айтылып жүген әндерді, күйлерді қағаз бетіне түсіріп, жинақтаған Александр Викторович Затаевич. Ол Бояков –Орлов облысында дүниеге келген. Музыка этнографы, компазитор.  1920ж қазақ зиялыларының шақыруымен ҚазКСР –ң орталығы  Орынборға келіп, қазақ музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, қажырлы еңбек сіңіріп, бұрын соңды болмаған жинақтар дайындады.

«Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйлері». Халық әндері негізінде  «Балқаш зерттеу еңбектерімен» қатар Құрманғазы, Дәулеткерей, Абай, Біржан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса  т.б халық компазиторларының шығармаларына  кәсіби тұрғыдан эстетикалық талдау жасап, жоғары дәрежеде баға берді.

    А.В.Затаевич зерттеу жұмысында қырғыз, татар, ұйғыр, қарақалпақ, дұнған, т.б. халақтардың  да музыкалық фольклорын жинады.

 

   1-жүргізуші:

Бірнеше опера, бірталай пьесаға, көптеген фильмдерге музыка жазған -  Евгений Брусиловский. Ол жалпы қазақ өнерінің алға қадам  басуына  елеулі еңбек сіңіре отырып композиторлық жұмыспен қатар түрлі ұйымдастыру және музыканы зерттеу  қызметімен шұғылданды. Композитордың қажымай-талмай сіңірген еңбегінің арқасында ол қазақтың ешбір қол тименген тың музыкалық  мұрасымен танысып, түрлі музыкалық аспаптарға, дауысқа арнап жазған әндері мен күйлерін өңдей бастады. Ол 2жыл ішінде 250-дей  ән мен күй жазап, өңдейді. Ол мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жағын басқара жүріп, бірінші бесжылдық ішінде  4 қазақ операсын жазды. «Айман-Шолпан», «Қыз-Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералық туындылары арқылы Республика жұртшылығына танымал болды.

   Жеке ән романстары да, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиеді. Қай әндерін алсақ та қазақ әуенінің  лебі есіп тұрады. Ол бір ғана жамбыл өлеңдеріне 50-ден аса ән жазған: «Қос қарлығаш», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Шолпан» секілді классикалық әндер қайталанбас қалыппен халыққа ұсынылды.

Домбырашылардың орындауында «Папури»

  2-жүргізуші:

Қазақ  классикалық музыкасының негізін салушы –Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

    «Құнарсыз тақыр жерде шөп те өспейді» дейді қазақ. Бұл сөзді  толығымен кәсіптік музыканың негізіне жатқызуға болады, себебі мзыка халықпен бірге сол топырақта туып, сол топырақта өркендейді.

    Халақ әндеріне деген өзінің алғашқы қадамдарын халық әндерін үйреуден, яғни, сол кездегі халық аузындағы айталып жүрген  әндерден бастады.

Ахметтің әкесі ауылдың беделді адамдарының бірі, балаларының білім алуына көп көңіл бөлді.

    Х.Ашғалиев ауыл мұғалімі беткіұстар адам болған. Сонымен қатар, домбырада, басқа музыкалық аспаптарда өте тамаша ойнаған және Ахметті ең алғаш музыка мәдениетімен таныстырған адам. Музыкаға деген махаббатын Талым атты домбырашы оятты.

    Сол кезде шыққан А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітабы Ахметке үлкен әсер қалдырды.

- Мені ән туралы аңыздары, дыбыстардың үйлесімділігі мен жанға әсерлігі  қатты толқытты, менің де Затаевич сияқты музыканың қыр –сырын білгім келді.  Мен өзімнің музыкант болғым келетінін тек Чернюкомға айттым. Ол- өзі де табиғатынан музыкант, мені қолдап, көмектесуге тырысты.  Менің Затаевичпен сырттай танысқаным яғни оның жинақтары маған үлкен жігер, қайрат берген тәрізді.

    Оның ең алғашықы шығармашылық жұмысы – «Муыкалық әліпби» атты кітаптан басталады.

   Техникумда оқып жүрген кезінде студенттермен бірігіп домбыра ансамбльін құрып, бүкіл Қазақстандық бірінші слетта өз өнерлерін көрсетті. Сөйтіп қазақ музыкалық аспаптарының ансамбльі құрылды, және ол Құраманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптарының аркестірі деп аталды. Оның жетекшісі, әрі дерижеры А.Жұбанов болды.

  А.Жұбанов халықтық музыканы көзінің қарашығындай өмірінің соңғы сәтіне дейін оның болашағын ойлады.

2-ж Би туралы

XIX ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иесі ел аузында Ағашаяқ атанған Рахымберді шөктірілген тоғыз түйенің үстінде секіріп жүріп, би қимылдарын жасайтын болған. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылының бас кезінде Диуана атанған, ел жұртқа белгілі өнерпаз Зәрубай “Қоянды” жәрмеңкесінде қоян болып киініп, күлкілі “Қоян биін” орындаған.  Сондай- ақ кезінде драммалық театрдың артисі болған

Рахым Асылбекұлы да “Қаражорға”, “Қазақ биі”, “Ортеке”

билерін асқан шеберлікпен орындаған.

Би «Жаңа заман биі»

 

1-жүргізуші:

    Халықтың сүйікті компазиторы, және  халық әртісі Латиф Хамиди. Латифтың «Қазақ вальсы», «Соловья», «Лебедья», «Родины» атты музыкаларын бүкіл жұртшылық сүйсіне тыңдайды. Оның музыкалары өте танымал, теледидардан, радио-хабарлардан атақты артістердің орындауында тыңдап жүрміз. Латиф Хамиди көптеген әндердің, романстардың, опералардың, симфониялық және аспаптық туындылардың, драмалық спектакльдердің музыкасының, кинофильмдердің негізін салған Қазақстандағы бірінші композитор.

    Өнер жолында ол Затаевичпен дос болды.Алғашқы жылдары Қазақстандағы өнердің дамуына  музыкалық сауаты бар кадрлар қажет болды, яғни, композиторлар, дерижерлар, режисерлар тапшы болды. Партия қолдауымен Мәскеудің, Ленинградтың мәдени орталықтарынан өкілдер жіберіледі. Сол кезде оның арасында мен де Қазақстанға келдім. Қазақстан менің екінші отаным болды.

      Латиф Абай өлеңдерінен монументалдық музыкалық туындыларды операға салды. 1934жылы Л.Хамиди  А.Жұбановпен бірге «Абай» операсын жазды.

     Алғашқы қойылымы Абай атындағы  Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды.

    Жұбанов пен Хамиди өздерінің музыкалық өнерін өте жоғары дәрежеде көрсетті, халықтың өмірін де, салт-дәсүрін де, мәдениетін де «Абай» операсы арқылы жеткізді.

    Л.Хамиди вальс жанрының негізін салған композитор. 1922 жылы  аса танымал болған «Первый вальс». Кейінрек «Қазақ вальсін» жазады С.Мұқанованың сөзіне жазылған. «Қазақ вальсін» ең алғаш сахнада орындаған Кеңес Одағының атақты артісі Күләш Байсеитова.

Л.Хамиди қазақ музыкасының дамуына атсалысып оны әрі қарай жетілдіруден тайынбады.

2-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы, “Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегі-дауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.

Би «Үнді биі»

1-жүргізуші:

«Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер» -дегендей, әке өнерін жалғастырушы. Ғзиза апамыздың шығармашылығына әкесі зор ықпал етті.1934 жылы А.Жұбановтың  қолдауымен Қазақстанда алғаш рет «Ұлттық халық аспаптар оркестірі» ұйымдастырылды. Оркестрдің дайындық жұмыстары әрқашан біздің  үйде болатын деп еске алады Ғазиза. Сол сәтте  мен бір бұрышта  тығылып алып халық күйлерін тамсана тыңдайтынмын, міне сол сәттен –ақ музыкаға деген ықыласым, махаббатым оянып, оны жетілдіруге құлшына түстім,-деген екен. 

Әкесі Ахмет «Құрманғазы» операсын жазу ең бір көздеген мақсаттарының бірі еді. Ол осы мақсатына жетуге  шығармашылықпен өмір бойы жұмыс істеді, бірақ өмірдің соқтығына ұшырап, бұл еңбегі аяқсыз қалып еді.  Ғазиза әке жолын жағастырып, «Құраманғазы» операсын сәтті аяқтады.

 

Жас  домбырашылардың орындауында «Біз өмірдің гүліміз»

2-жүргізуші:

«Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра» -деп айтқандай ұлттық сезімімізді бағалайық достар!

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Мұғалім: Тоқтарбекова А.Т.

 

 

І.Айтықов, 2012 жыл

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 589 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 2129
    • DOCX 71 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тоқтарбекова Аяулым Тоқтарбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4044
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе