Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / «Бабамнан қалған құт мекен » (6 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«Бабамнан қалған құт мекен » (6 сынып)

библиотека
материалов

«Бабамнан қалған құт мекен »

Мақсаты:оқушылардың бойында туған жеріне,еліне,ана тіліне саналық көзқарас , сүйіспеншілік сезім қалыптастыру;ата тарихымызды тану,оны өскелең ұрпаққа өнеге етіп қалдыру. Ата-бабасының мол мұрасы туралы білуге,кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,өз өлкесі туралы мәлімет жинап,оған әркез жанашыр болуға тәрбиелеу. Туған жердің тарихы туралы бағалау,атамекенге деген мақтаныш сезімін ояту.

Жоспар: 1. Имандылық нұрын сепкен- киелі әулиелер

2. Тасшағыл ауылының тарихы

3. Туған өлкені түлеткендер

4.Туған өлкем, көркейтуге міндеттімін мен сені (Г.Ермекова)

5.«Туған жер» (туралы көркемсөздер)

5. Әнім,саған туған ел!(ән шашу)

  1. жүргізуші: Армысыздар , құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қош келіпсіз бүгінгі іс-шараға,

Қасиетті білімнің ордасына.

1-жүргізуші: Мәз боламын,шуақтанам шаттанам,

Тасшағылда туғаныма мақтанам.

Кіндігімнің қаны тамған жеріме,

Еркінсимін,балқимын да,баптанам.

2-жүргізуші: Тасшағыл! Ұлылардың, ақындардың, арулардың мекені,

Беттен өпкен ыстық лебі шабыт сыйлап кетеді.

Сырға толы жырлардан Ойыл бойы тербеліп,

Таза ауаң, жұпар иісің жанға рахат себеді.

1-жүргізуші: Туған жерді кім сүймейді тамсанып,

Өлең айтқым кеп тұрады ән салып.

Сол мекенді жан тәніммен сүйемін,

Алыс кетсем көңіл қалар ортайып.

Дегендей осы кешімізді Әзидолла Ақжүністің орындауындағы «Туған жер» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер!



2-жүргізуші: Бас қосса әңгіме етер кәрі-жасы,

Әулие Мәтен Қожа сөздің басы

Сыйынып,сүйініп те еске алары-

Ризық болған елге қазынасы.

  1. жүргізуші: «Ауылымның аруақты аталары» слайдпен көрсету,оқу

(Мәтен ата , Тұрбек ата ,Серікқали аталар туралы оқу)

2-жүргізуші: Туған жер күркесі де саған сарай,

Гүлі де,шеңгелі де балаусадай.

Алты күн ауылынан ұзап шықса,

Тұра ма ел анасын ер аңсамай,-

Қобыланды Сандуғаштың орындауындағы «Туған жер»әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Әрбір белі құмға шомған тарихына қараңдар,

Тасшағылдай құмға қарық ауыл жоқ-ау жараңдар?

2-жүргізуші:Тасшағыл деген – ақшағыл мекен,аппақ нұр.

Ар- иманмен ақ босағасын аттап кір.

Не дегенмен тектіден туған талайлар

Атаның салтын,ананың тілін сақтап тұр.

жүргізуші: «Өткенге көз жібермей, болашақты болжау жоқ» демекші өз туған ауылымыз,Тасшағыл туралы біраз мәлімет беріп кетейік.

«Туған өлкені түлеткендер» слайдпен көрсету,оқу

(Алғаш ауылды құрғандағы азаматтар туралы оқу)

2-жүргізуші:Сен үшін от боп маздаймын,

Жыр ғылып сені толғаймын.

Ауылыма деген сезімді

Шын жүректен жолдаймын.

Тірегі болам өлкемнің,

Төсіңде өскен еркеңмін.

Менің де туған ауылға

Өлең боп соққан жүрегім

( «Туған жер» туралы көркемсөздер)

Ақ бәйтік

(1971жылы жазылған .Авторы:Оразғалиев Нұрқадір)

Ақ бәйтік суың тұщы төсегін саз

Көктемде келед саған үйрек пен қаз.

Қалың ел айналаңды мекен еткен,

Арылмас табаныңнан қыспенен жаз

Самалың жазды күні аялаған.

Қаз үйрек қамысыңа ұялаған

Айлы кеш маржан толқын айдыныңда

Сұлудай көлдеңендеп жымыңдаған. Қыс

(1978 жылы жазылған)

Боранды алай түлей қыстың күні,

Сары аяз сықырлаған жердің үсті.

Қоңырқай көрністер ажары жоқ,

Кең дала мызғығандай көрінісі.

Жұлдыздар кең аспанда мөлдіреген,

Шаң-тозаң ,кіреңке жоқ перделенген,

Көп күні ақ қыраумен таңданытып,

Тұнжырап қар ұшқындап қабақ түйген,

Әуелден үйреншікті кәрі қонақ,

Сыйлығы жер анаға болсын қомақ.

Қары не,жаңбыры не жер анаға

Көктемде өсімдікке қорек болат.

Анасы қар көп болса тасқын судың,

Қорегі алтын дәнмен қалың нудың.

Пайдасы жаз мезгілде аппақ қарды,

Нәр алып қоректенер жер азығы.

Қаупі жоқ ақ боранның күтін бірақ.

Жайлы орын құнарлы азық мол қамтып ап.

Мезгілсіз жаз болмайды жылынғанмен,

Қапыда соғылмаңыз болып олақ.

Ата қоныс

Қос оба бес күтірмен атамекен,

Мал бағып,егін егіп кәсіп еткен.

Мөлдір су тұнық құдық дала құдық,

Шипалы жанға жайлы суын ішкен.

Кіндік қан тамған жерім «сексен байым»

Қолға алып қаламымды мен жырлаймын.

Нәр алып топырағыннан өскен жерім,

Тіл жетпес топырағымнан немді аяимын.

Көктемде ауа қандай мөлдіреген,

Қызғалдақ,бәйшешегі желбіреген.

Көркіне Сексенбайдың лайықты.

Момын құс бозторғайлар мекендеген.

Қырлығы ақ селеумен,боз изенді.

Еріксіз жеген малы семіреді,

Бозғаны бетеге мен қара жусан,

Құлпыртып жер реңін көрсетеді.

Кең алқап сағым қуған Сексен байым,

Көргенде келбетіңді тояттаймын.

Көктемде жайған кілем секілденген,

Көрмесем келбетіңді мен аңсаймын.

Мөлдіреп сәнді сағым толқынданған,

Хош исі жусаныңның мұрын жарған.

Қалды іздер аталардың қонысында,

Әр жерде қазған құдық жер боп қалған.

Бабалар еленіпті жерді ежелден,

Шығысы жалғасады Арал,Бәйтікпенен.

Қауымы ата-баба осы жерде,

Әрқашан топырағыңа басымды ием.



Қоғалы көл

(1947 жылы жазылған)

Алтайы қызыл түлкі қоғалы көл,

Бәйтіктің отауы бір қасында ол.

Күзді күн толқындаған Қызылқоға

Ұқсатам алтын айға сіздерді көл.

Шақырады ақ Бәйтік

(1978ж.ж)

Толқиды айдын көлеңдеп

Жатасын мынау көсіліп,

Ортаңдағы қрймаңмын.

Келсеңдер менде нәсіп көп.

Бағыландай балықпын.

1-жүргізуші:Менің елім-Қазақстан , жүрегім,

Тек өзіңсің Отан-Ана,тірегім.

Аман болсын елім,жерім,ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

Менің елім-Қазақстан, Отаным,

Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсін абыройың атағың.

2-жүргізуші:« Туған өлкем, көркейтуге міндеттімін мен сені » оқитын Тасшағыл орта мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі-Ермекова Гүлайым

1-Жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғанына,

Бишілерге қызыға қарасасың.

Бишілер тобын ортаға шақырамыз.

«Шашу »биі

2-Жүргізуші: Күмбірлеп күй естілсе домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Ортамызға шақырамыз күйшімізді,

Шертіп берсін қос ішекті домбыраны.

Күй: «Еркесылқым»



2-Жүргізуші: Келетін болсаң біздің жаққа,

Қуана сені қарсы алып.

Шабытты күйді шертеді жігіт,

Қыздары түгел ән салып.

Ән: «Туған ел » орындайтын Рамазан Бекен

1-Жүргізуші:

Арта берсін байлығын мен дәулетің,

Бағын тапқан ата-бабам әулетім.

Күннен күнге өсе берші көркейіп,

Тасшағылым-менің атамекенім!

Жүргізуші:Балаң бүгін сенбейді баяғыңа,

Арман еді-ау газ мына,суда мына.

Бүкіл ауыл риза боп жатыр енді.

Ертегідей елестетіп көз алдыңа.

Жүргізуші: Сүйікті туған ел,шарықтап өсе бер!

Ардақты ата-ана ауылдық тірлікке ,бекініп буған бел.

Мақтауға тұрарлық сүйікті бар ма жер?!

Гүлденіп көркейіп,өсе бер,өсе бер!

Жүргізуші: Ауылым-алтын бесігім!

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде!

Ақ қанатты көгершін болып

Жырларым саған қалықтай ұшар

Жүргізуші: «Ауылымның кәзіргі келбеті»

Ауылдық әкімшілік, «Жазира» балалар бақшасы,Тасшағыл ауылдық дәрігерлік бөлімшесі, Тасшағыл селолық кітапхансы мен мәдениет бөлімшелері халыққа қызмет көрсетуде.

Жүргізуші:Ашық болсын менің байтақ аспаным

Туған жерім-бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не,керегі не басқаның?!

Туған жер күнім де сен,дінім де сен.

Тағдыр сендей сүйесе сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,басқа абырой.

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Тұрсаң болды туған жер көктеп кілең,

Арманымды асаудай ерттеп мінем.

Бағышталған өзіңе бір ауыз сөз,

Маған қарап атылған оқ деп білем.

Алдарыңызда жайнаған жүздері әні,

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі.

Ал ағайын,көрермен сау болыңдар!

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

Ұлтарақтай болса да

Атақоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып өскен ел қымбат,-дегендей туып-өскен,туған жерімізді аялай,қорғай,қасиетін қадірлей ,тарихын әсте біле жүрейік.

Ауылымызға арналған әдеби-музыкалық танымдық шарамызды «Атамекен» әнімен аяқтаймыз.

1-Жүргізуші: Туған жер –алтын бесік асыл ана,

Самғайды ақ жүрегін тасып әні.

Табысқан тәтті тірлік ерен күшің,

Сүйем сені осындай далаң үшін.

«Уа,менің дархан далам,бір ғанибет

Өзіңді мекенім деп атау маған...» деп шабыттана жырлаған ақынның жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.













Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров237
Номер материала ДВ-469259
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх